Микркезз алматы


 Қазақ хандығының құрылуы жэне нығаюы



жүктеу 22.67 Mb.
Pdf просмотр
бет8/24
Дата02.01.2017
өлшемі22.67 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

1. Қазақ хандығының құрылуы жэне нығаюы
Қазак  хандығы  туралы  бізге  жеткен  нақты  жазба  деректердің 
бірі  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  «Тарих-и-Рашиди»  атты  еңбегі. 
Жалпы  бұл  еңбек  Моғолстан  хандығы  тарихына  арналған.  Алайда 
сол  кездегі  саяси  жағдайға  байланысты  Қазақ  хандығы  туралы 
да  кеп  мэлімет  келтірілген.  Абулғазы,  Қадырғали  Жалайыри  өз 
еңбектерінде Қазақ хандығы,  оның  билеушілері туралы  мэліметтер 
қалдырды.  Сонымен  қатар  Қазақ  хандығы  кезеңіне  байланысты 
шығыс деректерінің маңызы  зор.
Қазақ хандығы  —  шаруашылықтың дамуы,  өндіргіш  күштердің 
өсуі,  феодалдық  қатынастардың  қалыптасуы  нәтижесінде  ерте 
заманнан  бері  Орта  Азияның  ұлан-байтақ  өңірін  мекендеген 
көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ —  қазақ халқының 
негізінде  бірігуі  арқылы  ХҮ-ғасырдың  орта  шенінде  құрылды. 
Қазақ  хандығының  құрылуына  1457  жылдан  кейін  Керей 
мен 
Жэнібек  сұлтандардын  Әбілхайыр  хан  үстемдігіне  қарсы  күрескен 
қазақ  тайпаларын  бастап  шығыс  Дешті-Қыпшақтан  батыс  Жетісу 
жеріндегі  Шу мен Талас  өңіріне  қоныс аударуы  мүрындық болды.
Ол  кезде  Жетісуді  билеген  Моғолстан  ханы  Есенбұға  (1434— 
1462 жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға 
қарсы пайдалану үшін  қарсы алып, қоныс берді.  Осы  оқиға жөнінде 
тарихшы  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  «Тарих-и-Рашиди»  атты 
еңбегінде  былай  дейді:  «Ол  кезде Дешті  Қыпшақты  Әбілхайыр  хан 
биледі.  Ол  Жошы  эулетінен  шыкқан  сұлтандарға  күн  көрсетпеді, 
Нэтижесінде  Жэнібек  хан  мен  Керей  Моғолстанға  көшіп  барды. 
Есенбұға  хан  оларды  құшақ  жая  қарсы  алып,  Моғолстанның 
батыс  шегіндегі  Шу  мен  Қозыбас  аймақтарын  берді.  Олар  барып 
орналасқан  соң,  Әбілхайыр  хан  дүние  салды  да,  езбек  ұлысының 
шаңырағы  шайқалды.  Ірі-ірі  шиеленістер  басталды,  Оның  үлкен 
бөлігі  Керей  хан,  Жэнібек  ханға  көшіп  кетті.  Сөйтіп,  олардың 
маңына  жиналғандардың  саны  200  мыңға  жетті.  Оларды  езбектер
75

«қазақтар»  деп  атады.  Қазак  сұлтандары  870  жылдары  (1465
1466)  билей бастады...».
Жетісу
өзені  мен Талас өзенінің алабы еді.  Ежелден осы  алапты  мекендеген 
тайпалар  Дешті-Қыпшақтан  қоныс  аударған  казақ  тайпаларымен 
етене  араласып  кетті.  Әбілхайыр  хандығындағы  аласапыран  соғыс 
салдарынан  күйзелген  қазақ  тайпалары  бұл  араға  келіп  ес  жинап, 
етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле  бастады.  Мұны көрген 
Дешті-Қыпшақ  қөшпенділері  Әбілхайыр  хан  қол  астынан  шығып, 
бөгеуін  бұзған  судай  ағылып,  Қазақ  хандығына  қеліп 
жатты. 
Алайда жаңадан  құрылған  Қазақ хандығының экономикалық негізі 
элсіз  еді  жэне  бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр  хандығының, 
Моғолстанның,  Ноғай  Ордасының  және  Батыс  Сібір  хандығының 
қол  астында  терт  хандыкка  белшектеніп  отырған  болатын.  Ал 
Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы  шығып,  Жетісуға  қоныс  аударған 
қазақтардың  өз  алдына  хандық  құрып  отырғандығына  жэне  оған 
кептеген  тайпалардың  ағылып  барып  жатқанына  азуын  басып.
қылышын  қаирап  отырды.
Жаңа  кұрылған  Қазақ  хандығы  құрамына,  яғни  батыс  Жетісу 
өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі 
тайпалардың жиналуы кең еріс-қонысты  керек  етті. Сонымен қатар 
кешпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе 
қоленері мен саудасы дамыған экономикалық орталық —  Сырдария
жағалауындағы қалалармен сауда-саттык қарым-қатынасқа қолаилы 
жағдай  жасау  маңызды  мэселеге  айналды.  Бұл  қарым-катынастың 
оңалуына  тек  көшпелі  ел 
ғана  емес, 
отырықшы  аймақтардағы 
халықтар  да 
мүдделі  болды.  Осы  жоғарыдағы  жағдайлардың 
талабына сай, Қазақ хандығының алдында  үлкен тарихи  міндеттер 
тұрды:
1.  Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшак даласында 
бұрыннан қалыптасқан дэстүрлі тэртібін қалпына келтіру (бұл тэртіп 
Әбілхайыр  хандығындағы  аласапыран  кезінде  бұзылған еді);
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған  Сырдария 
жағасындағы 
Сығанақ,  Созақ,  Отырар,  Яссы 
(Түркістан)  т.  б. 
қалаларды  Қазақ  хандығына  қарату.  Себебі,  Сырдария  бойындағы 
бай  калалар  бұдан  бұрынғы  мемлекеттік  бірлестіктердің  —   Ак 
Орданың,  Әбілхайыр  хандығының  саяси-экімшілік  жэне  сауда- 
экономикалық  орталықтары  еді.  Сырдария  бойындағы  қалаларды 
езінің  экономикалық  жэне  эскери  тірегіне  айналдыру  Дешті- 
Қыпшак 
даласын  билеудің  басты  шарты  болып  келген.  Сондықтан
76

бұл  қалалардың  саяси-экономикалық  жэне  соғыс-стратегиялық 
маңызы зор еді;
3. 
Қазак  тайпаларының  басын  қосып,  қазақтың  этникалық 
аумағын  біріктіру.
Сырдария  бойындағы  қалалар  мен  Дешті-Қыпшақ  даласы 
үшін  күресте  Қазак  хандығының  басты  бэсекелесі  жэне  ата  жауы 
Әбілхайыр  хан  болды.  Қазақ  хандығы  Әбілхайырға  қарсы  күресу 
үшін  ең  алдымен  Моғолстан  мемлекетімен  тату  көршілік,  одақтық 
байланыс  орнатты.  Бұл  одақ 
жоңғар  тайшысы  Амасанжының 
Моғолстанға  жэне  Әбілхайыр  ханның  Қазақ  хандығына  қарсы 
шабуылдарынаң  біріғе отырып  қорғануға  мүмкіндік берді.
1468  жылы  қыста  Әбілхайыр  хан  Қазақ  хандығын  киратпақ 
болып,  Жетісуға  жорыққа  аттанды,  бірақ  сапары  сэтсіз  болып, 
осы  жорық  кезінде  каза тапты.  Әбілхайыр  хан  өлғеннен  соң  өзбек
Ч ./
ұлысының  шаңырағы  шаиқалды,  ішкі  шиеленістер  күшеиді. 
Әбілхайырдың  қаза  болуы  Қазақ  хандығының 
нығаюына  жэне 
оның  көлемінің  кеңеюіне  үлкен  жағдай тудырды.  Өзбек ұлысының 
үлкен  бөліғі  Қерей  мен  Жэнібек  ханға  көшіп  кетті.  Қазақ  хандары 
Әбілхайыр  ханның  мұрагерлеріне  қарсы  күресте  олардың  ішкі- 
сыртқы  кайшылыктарын  толық  пайдаланды.  Әбілхайыр  ханмен 
билікке таласып келген Жошы ұрпақтары —  Ахмет хан мен Махмұд 
хан,  батыс  Сібірдің  билеушісі  Ибақ хан  және  Ноғай  мырзалармен 
одақтаса отырып  күрес жүргізді.
Әбілхайыр  ханның  мұрагері  Шайх  Хайдар  осы  күресте  қаза 
тапты.  Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте  Қазақ хандары 
Әбілхайыр  хан  40  жыл  билеген  Шығыс  Дешті-Қыпшақ  даласын 
жэне  ондағы  көшпелі  тайпаларды  бірте-бірте өзіне  қосып  алды.  XV 
ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас 
Қаратау  өңірінің  бірсыпыра  аумағын  басып  алды.  Сейтіп  қазак
V /  
Ч >
хандығының  аумағы  элдеқаида  кеңеиді,  оған  тұс-тұсынан  қазақ
таипалары  келш косылып  жатты.
Алайда  Сырдария  жағасындағы  қалалар  үшін  Әбілхайырдың 
немересі  Мұхаммед  Шайбани  ханмен  күрес  отыз  жылдан  астам 
уақытка  созылды.  Сонымен  қатар  бұл  қалаларды 
Түркістан 
аймағын  билеген  Әмір  Темір  эулетіиеи  шықкан  Әмір  Мұхаммед 
Мэзит Тархан  мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге 
дэмелі  болды.
Сыр  бойы  қалалары  үшін  Қазақ  хандары  ете  қажырлы  қайрат 
жұмсады.  Әбілхайыр  ханның 
немересі  Мұхаммед  Шайбани 
Түркістан  аймағына  келіп,  Мұхаммед  Мэзит  Тарханды  паналады.
77

Мұхаммед  Мэзит  Тархан  Мұхаммед  Шайбаниды  колдап,  Қазак 
хандығына  карсы  аттандырмак  болды.  Бірак  Мұхаммед  Шайбани 
онын  бұл  үмітін  актамады,  керісінше  оның  қолынан  Түркістан 
аймағын  тартып  алды.  1470  жылы  қыста  Қазак  ханы  Керей  кол 
бастап  Түркістанға  шабуыл  жасады.  Қазак  ханы  Әз  Жәнібектін 
үлкен  баласы  М ахмүд  сүлтан  Созак  каласын  бағындырды,  екінші 
баласы  Еренжі  Сауранды  иемденді.  Сауран  түбінде  казактардан 
соккы жеген Мұхаммед Шайбани Бүхараға кашты. Сөйтіп, Сырдария 
жағасындағы  —  Созак жэне  Сауран  калалары  Қазак хандығының
кұрамына  кірді.
Екі  жылдан  соң  Мүхаммед  Шайбани  Түркістанға  кайта  оралып,
Ноғай  Ордасының  эмірі  Мүса  мырзаның  көмегіне  сүйене  отырып, 
Аркөк  бекінісі  мен  Сығанак  каласын  басып  алды.  Бүл  уақытша 
жеңіс  еді.  Бүрындық сүлтан  мен М ахмүд сүлтан  бастаған қазактың 
біріккен  эскерлері  Қаратаудағы  Соғынлық  асуы  түбінде,  Созак 
пен  Сығанак  аралығында,  Мүхаммед  Ш айбанидың  эскерлерін 
талқандады.  Бүрындық  сүлтан  Сығанақ  қаласын  кайтарып  алды. 
Бүл  шайкаста  күйрей  жеңілген  Мүхаммед  Шайбани  Маңғыстауға 
кашты.  Сырдария жағасындағы  қалалар қайтадан  Қазақ хандығына
өтті, бірак аумалы-төкпелі жағдай сақталды.
Бүл  күрес  Керей  ханның  баласы  Бүрындық  хан  болған  кезде  де
(1480— 1511)  толастаған жоқ. XV ғасырдың сексенінші жылдарында
Әмір  Темір  эулетінің  окілі  Сүлтан  Ахмет  мырза  мен  Моғолстан
ханы  Сүлтан  М ахмүд  арасындағы  соғыста  Мүхаммед  Шайбани
Моғолстан  ханына  болысып,  оның  қолдауымен  тағы  да  Аркөк,
Сығанақ  калаларын  басып  алды.  Бірак  қазак  ханы  Бүрындык
кырдан  келіп  Сығанак  каласын  қоршады.  Қаланың  түрғындары
қазақ  эскерлеріне  қала  бекінісінің  қакпасын  ашып  берді.  Сонымен,
бүл аймак Бүрындықтың қолына өтті.
Б
улян
 
сон
  казактао  Мухаммед  Ш айбанидың  туысы  М ахмүд
Сүлтан  билеген  Яссы  (Түркістан)  каласын  қоршауға  алды.  Қа- 
зактардын  біріккен  эскери  күшінен  қорғанған  Шайбани  эскерлері 
Аркөк  қаласына  қырық  күн  бекінді.  Алайда  үш  жыл  бойы 
қазақтармен  соғысқан  Мүхаммед  Шайбани,  Бүрындық  хан  мен 
Қасым  сүлтан  бастаған  қазақтардың  кысымына  төтеп  бере  алмай, 
1486 жылы Түркістанды тастап, Хорезмге  кетуге  мэжбүр болды.
Қазақ  хандығы,  Шайбани  эулеті,  Әмір  Темір  эулеті  жэне  Мо- 
ғолстан  билеушілері  арасындағы  тайталаста  Қазақ  хандығы  мен 
Мүхаммед  Шайбани  арасындағы  жауласу  жэне  Әмір  Темір  эулеті 
мен  Моғолстан  билеушілері  арасында  арпалыс  асқына  түсті.  Осы
78

күрес  барысында  Моғолстан  ханы  Жүніс  1482— 1485  жылдары 
Ташкент пен Сайрам  қалаларын басып алды.
Моғолстан  билеушілері  Мүхаммед  Шайбаниды  Әмір  Темір 
әулетіне  карсы  жүмсау  үшін  колдады,  ал  Әмір  Темір  эулетінен 
шықкан  Әмір  Мүхаммед  Мэзит  Тархан  оларға  қарсы  Қазақ 
хандығымен  одақтасты.  XV  ғасырдың  аяғында  Моғолстан  ханы 
Сүлтан  Махмүд  Отырар  қаласын  басып  алды  да,  оны  Мүхаммед 
Шайбаниға  берді.  Моғолстан  ханының  қолдауына  жэне  Отырар 
сынды маңызды стратегиялық орынға ие болған Мүхаммед Шайбани 
тағы да Сауран  мен Яссы  қаласын  басып  алды.
Қазақ  ханы  Бүрындық  пен  Қасым  жэне  Жэдік  сүлтандар  Мү- 
хаммед  Мэзит  Тарханмен  күш  біріктіріп,  Мүхаммед  Шайбаниға 
қарсы  Созақ  қаласына  шеру  тартты.  Созақтың  түрғындарының 
көбі  Бүрындық  ханға  тілектес  жэне  онымен  байланыста  еді, 
сондықтан Созақ қазақтардың колына кешті.  Ал Сауран қаласының 
халқы  қазактың  біріккен  қалың  колын  қерісімен-ақ  Мүхаммед 
Шайбанидың  қаланы  билеуге  қалдырған  туыстарын  үстап  қамады 
да  қазактарды  қалаға  кіргізді.  Бүрындык  хан  Сауранды  қайтарып 
алған  соң  Мүхаммед  Шайбанидың  түрағы  Отырар  қаласының 
камалын  қоршады.  Алайда  Моғолстан  ханы  Сүлтан  Махмүд 
Ташкенттен Мүхаммед Шайбаниды қүтқаруға көмек жібергендіктен 
қазақтар Отырар қамалын коршауды тоқтатты. Мүхаммед Шайбани 
хан қазактармен бітім  жасады.
XV  ғасырдың  ақырында  Отырар,  Яссы,  Аркөк,  Бозкент  қала- 
лары  мен  Түркістан  аймағының  бір  белігі  Мүхаммед  Шайбаниға 
қарады  да,  Сығанақ,  Сауран,  Созак  қалалары  мен  Түркістан 
аймағының  солтүстік  бөлігі  Қазақ  хандығының  иелігінде  қалды. 
Ташкент  пен  Сайрам  қалаларын  Моғолстан  ханы  Сүлтан  Махмүд 
биледі.
Қазақ  хандығы  езінін  шаңырағы  кетерілген  батыс  Жетісудағы 
иеліктерін,  Сырдария  бойындағы  отырықшы-егіншілік  аудандар 
мен сауда, қоленер жэне мэдениет орталығы болган Сығанақ, Созақ, 
Сауран  қалаларын  иемденіп,  өз  иеліктерін  едэуір  үлғайтты  жэне 
билігін  нығайтты.  Қазақ  хандарының  билігінің  нығаюы  Шайбани 
ханды  Дешті-Қыпшақ  тайпаларының  біраз  белігімен  Мэуеран- 
нахрғаығысуғамәжбүретті. Мүхаммед Шайбани  ІЗООжылы ондағы 
Әмір  Темір  эулетін  талқандап,  Мэуераннахрды  жаулап  алды  да, 
Шайбани  эулетінің  негізін  қалады.  Бүл  кезеңде  ішкі  қырқыстардың 
күшеюі,  толассыз  соғыстардың  халық  шаруашылығына  тигізген 
зардабы  салдарынан  ауыр дағдарысқа тап  болып  отырган  Мэусран-
79

нахр  билеушілері  (Әмір  Темір  эулеті)  пэлендей  қарулы  карсылык 
көрсете  алмады.  Мұхаммед  Шайбани  ханға  ілесіп  Мэуераннахрға 
келгенкөшпелітайпалардабірте-бірте жергіліктіотырыкш ыхалыкка
сіңіп,  олардың  тілі  мен  мэдениетін  қабылдап,  ездерінің  бұрынғы 
(Дешті-Қыпшақтағы)  өзгешеліктерінен  бірте-бірте  айырылды.  Бұл 
көшпелі  тайпалар  Дешті  Қыпшақтан  ала  келген  «езбек»  деген  атау 
бірте-бірте  Мэуераннахрдың  байырғы  тұрғындарына  сіңісіп  кетті. 
Бірақ  олар  «езбек»  деген  атау  ғана  болмаса,  жергілікті  халыктың 
тұрмыс-тіршілігіне  ықпал жасай  алмады.
XV 
ғасыр  мен  XVI  ғасырдың  арасында  (1500  жылы)  Мұхаммед 
Шайбани  ханның  Дешті  Қыпшақтан  ығысып  барып  қос  езен 
аралығын  (Мэуераннахрды)  жаулап  алуы  Орта  Азия  тарихындағы, 
әсіресе  қазақ  пен  езбек  үшін  елеулі  оқиға  болды.  Бұл,  ең  алдымен, 
Қазақ  хандығының  жерін  кеңейтіп,  беделін  арттырып,  елдігін 
нығайтты.  Бұрынғы  дэуірлерде  бытыраңқы  болып  келген  қазақ 
тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық аумағын 
біріктіруге,  сонау  VI— VII  ғасырлардан  басталған  қазақтардың 
халық болып қалыптасу үрдісін біржолата аяқтауға мүмкіндік берді. 
Бүрын  Ак  Орда  мен  Әбілхайыр  хандығында  қолданылған  «езбек- 
қазақ»  деген  жалпы  атау  бір-бірінен  ажырады.  «Қазақ»  термині 
бірте-бірте  Дешті-Қыпшақ  пен  Жетісуда  қалыптасқан  халықтың 
түрақты  атына  айналды.  «Өзбек»  термині  Мүхаммед  Шайбаниға 
еріп  кеткен  тайпалардың  этникалық  атауы  ретінде  Орта  Азияда 
ғана  қолданылды.
Қазақ  хандығы  Қасым  хан  түсында  (1511— 1521  жж.)  нығая 
түсті.  Қасым  1445  жылдар  шамасында 
туған.  Қасымның  1513 
жылы  күзде  Шу  езені  жағасында  Шағатай  үрпағы  Саид  ханмен 
жүздесуі  болғанда, олардың замандасы  Мырза  Хайдар  Дулатидың 
айтуы  бойынша:  «Қасым  ханның  жасы  алпыстан  асып,  жетпіске 
жақындаған  еді».  Бүрындық  ханның  түсында  Қасым  эскери  қол- 
басшы  болды.  Хандықта  беделі  жоғары  болса  да,  үлкенге  бағыну 
дэстүрін  үстанып,  Бүрындық  ханның  айтканынан  шықпады. 
Шайбани  ханның  1504  жылы  кектемдегі  Әндіжанға  жорығы  тү- 
сында  Қасым  хан  маңғыттардың  кемегімен  бүкіл  Қыпшақ  дала- 
сына  үстемдікті  қолына  алды.  Сейтіп,  оның  Ташкент  пен  Түркіс- 
танға шабуыл  жасауға мүмкіндігі  болды.
Қасым  хан 
феодал  ақсүйектердің  қарсылығын 
элсіретіп, 
хандықтың  эскери  куатын  арттырды.  Өзіне  қарасты  қазақ  жерін 
кеңейте  түсті.  «Тарих-и-Рашиди»,  «Шайбанинама»  жэне  т.б.  дерек- 
терге  қарағанда  XVI  ғасырдың  екінші  он  жылдығында  Қасым
80

хан  қазіргі  қазак  жерінің  далалық  аймағын  түгел  бағындырды. 
Бұл  кезде  хандыктың  шекарасы  оңтүстікте  Сыр  жағалауы  мен 
Түркістанның  маңызды  калаларын,  оңтүстік-шығыста  Жетісудың 
көп  бөліғін,  солтүстік-батыста  Жайық  өзені  жағалауын  қамтыды. 
Қасым  ханның  Қазақ  хандығын  күшейту,  қазақ  тайпаларын  жэне 
қазақтардың  этникалық  аумағын  біріктіру  жолындағы  жеңістері 
елдің  іші  мен  сыртындағы  беделін  арттырды.  Мұхаммед  Хайдар 
Дулати:  «Қазақ  хандары  мен  сүлтандары  арасында  Қасым  хандай 
қүдіретті ешкім  болған емес» деп  жазды.
Бүл түста Қазақ хандығы сол кезеңнің халыкаралық қатынасына 
да  кең  тартылды.  Қасым  хан  ¥лы   князь  Василий  III  (1505— 1533) 
кезіндегі  Мэскеу  мемлекетімен  дипломатиялық  қатынаста  болды. 
Осы кезенде  қазақ халқы туралы мэлімет батыс Еуропаға да белгілі 
болды.  Мэскеуге бірнеше рет келген (1517,1526) Австрия дипломаты 
Сегизмунд  Герберштейн 
езінің 
дипломатиялык  жазбаларында 
Қазақ хандығы туралы  баяндаған.
Қасым  ханның  билігінің  соңғы  кезеңінде  Шайбанидтермен 
қарым-қатынасы  өте  күрделі  болды.  Деректер  бойынша  олардың 
арасындағы  негізгі  күрес  Ташкент  қаласы  үшін  болды.  Қасым  хан 
өзінің  замандастары  Рузбихан,  Бабырдың  еске түсірулері  бойынша 
жылқы  малының  өте  білгірі  жэне  эскери  талантты  қолбасшы 
ретінде  суреттеледі.  Хан  билігі  өте  күшті  болған  жэне  де  халық 
саны  осы  кезде  бір  миллионға  жеткен.  Қасым  дэстүрлі  эдет- 
ғүрыптарды  үстанған  хан  болды.  Осы  дэстүрлі  эдет-ғүрыптарды 
заңдар жинағы етіп, елді басқаруда кең қолданған.  Бүл заң сол кезде
мүсылман  елдерінде  жаппаи  қолданылып  жүрген  ислам  дінш щ  
(шариғат)  заңынан  өзгеше,  көшпелі  қазақ  өміріне  үйлесімді  заң 
болды.  Сондықтан  да  халық  арасында  бүл  заңдар  жинағы  Қасым 
ханның  атымен  байланыстырылып:  «Қасым  ханның  қасқа  жолы» 
деп аталды.  Бүл заңға  кірген ережелер мынадай:
1.  Мүлік  заңы (мал,  мүлік, жер дауын  шешу ережелері);
2.  Қылмыс  заңы  (кісі  елтіру,  ел  шабу,  мал  талау, үрлық қылмыс- 
тарына жаза);
3.  Әскери  заң  (  қосын  күру,  аламан  міндеті,  ердің  қүны,  түлпар
ат);
4.  Елшілік  жоралары  (шешендік,  халықаралық  қатынастарда 
сыпайылық, эдептілік);
5. Ж үртшылык заңы  (ас, той,  мереке үстіндегі  ережелер).
Қасым хан  кезінде  Қазак хандығы біраз күшейді.  Алайда хандық
бір  орталыққа  бағынған  мемлекет  деңгейіне  көтеріле  алмады.
81
198-6

Қасым  хан  қайтыс  болған  соң  Қазақ  хандығындағы  ішкі  жағдай 
бірден  айқындалды.  Оның  мұрағерлері  арасында  билікке  таласкан 
дау  басталды.  Соның  нэтижесінде  ішкі  тартыс,  қайш ылық  пен 
қырқыстар қүшейді. Қазақ хандығы осы ішкі феодалдық қырқыстар 
нэтижесінде ыдырап,  бөлшектенді.
Қорыта  айтқанда,  Қазақ  хандығының  құрылуы  қазақ  халқының 
тарихында  тетенше  маңызды  оқиға  болды.  Ол  ұлан-байтақ  өңірді 
мекендеғен  қазақ  тайпаларының  басын  қосып  шоғырландыруда, 
қазақтың  этникалық  аумағын  біріктіруде,  қазақтың  байырғы 
заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата 
аяқтатуда аса маңызды жэне түбегейлі  шешуші рөл  атқарды.
2.  Қазақ халқының  қалыптасуының  аяқталуы
Халықтың  қалыптасуы  өте  күрделі  және  ұзақ  үрдіс  болып 
табылады.  Халық  болып  қалыптасу  үшін  төмендеғідей  жағдайлар 
қажет:
1.  Белгілі деңгейдегі мэдениеттің дамуы;
2.  Шекаралары  белгіленген  аумақ;
3.  Белгілі деңгейде қоғамдык-этникалық сананың  қалыптасуы;
4.  Біртүтас  қалыптасқан  ортақ тіл;
5.  Этникалық  өкілдердің  көпшілігіне  тэн  белгілі  сипаттағы 
сыртқы пішін;
6.  Этностың  неғізгі  этносаяси  немесе  тарихи-географиялық 
белгілерін  көрсететін  мемлекеттің атауы.
Қазақ  халқының  қалыптасу  үрдісін  окып-үйренген  кезде 
Қазақстан  жерін  мекендеген  ертедегі  тайпалардың  өмір  тарихына 
көңіл  аудару  кереқ.  Дэстүрлі  түрде  Қазақстан  жерін  мекендеген 
тайпаларды  зерттеу  қола дэуірінен  басталады.  Біздің  заманымызға 
дейінгі  2— 1  мыңжылдықтарда  Қазақстан  жэне  оған  шекаралас 
жерлерді  мекендеген  тайпаларды  олардың  мэдениетіне  қарай 
андроновтықтар  дейді.  Андроновтықтар  туралы  толық  мэлімет 
жоқ.  Алайда  ғалымдар  қазақ  этносы  езінің  расалык-генетикалық 
бастауын  осы  қола  дэуірінен  алады  деп  есептейді.  Оны  қазақтың 
үлтты қ  мэдениетімен  андроновтықтардың  мэдениетінің  ұқсастығы 
дэлелдейді. 
Мысалы,  андроновтықтардың  қыштан  істелінген 
заттарындағы 
өрнектер 
қазіргі 
қазақ 
қілемдеріндегі 
өрнек 
нақыштарымен сэйкес келеді. Отқа, ата-баба рухына  табыну, көптеп
кои,  жылқы  малдарын  өсіру  жэне  оны  тамақ  ретінде  паидалану 
82

андроновтықтар  мен  қазақтардың  өмір  салтының  ұқсастығының 
белгісі  болып табылады.
Қазақстан  жерін  мекендеген  үйсін,  сақ,  ғұн,  қаңлы  жэне 
сармат  тайпалары  қазақтардың  арғы  тегі  болып  табылады.  Кейбір 
ғалымдардың  пікірі  бойынша  үйсін  тайпалары  мен  кейінгі  қазақ 
этносының арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар. Оларда 
көшпелі  емір  салты  мал  шаруашылығымен  байланысты,  киіз  үйді 
кең  пайдаланған,  ет-сүт  өнімдерін  тамаққа  пайдаланған,  бидайдан 
нан пісірген жэне т.б. айқындаушы үқсастықтар көп.  Сонымен қатар 
қоғамдық-элеуметтік қүрылымда да  үқсастық бар. Үйсін мемлекеті 
үш  бөлікке  бөлінген:  сол  қанат,  оң  қанат  жэне  орталық  қанат.  Осы 
бөліністер  олардың  қазақ  жүздерімен  сэйкестігін  көрсетеді.  Бүл
этногенетикалық үқсастықты  дэлелдеиді.
Ғалымдар  қазақ  халкының  қалыптасуын  түрік  этногенезінің 
басталуына  жаткызады.  Түркі  кезеңіндегі 
шаруашылық-мэдени 
емір  кейін түркі халықтарының  кебіне тэн болды.  Қазақстан жерін 
мекендеген  түркі  тайпалары  монғол  шапқыншылығы  қарсаңында 
біртүтас  халық  болып  қалыптасуға  даяр  еді.  Оған  қимақ-қыпшақ 
конфедерациясы  мысал  болады.  Олардың  Алтайдан  Еділге  дейін 
алып жатқан аумағын парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қып- 
шақ даласы»  деп  атаған.  Алайда  монғол  шапқыншылығы  бүл  жер- 
дегі  тайпаларды  басқару  жүйесіне  жэне  де  шаруашылық  жағдай- 
ына, эдет-дэстүрге өзгеріс экелді. Монғолдардың жаулап алу саясаты 
этникалық  қүрамға  біршама  езгеріс  жасады.  Қазақстан  аумағы 
эртүрлі этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды.
Үлы  қоныс  аудару  кезеңінде,  сосын  түркі  жэне  монғол  шап- 
қыншылығы  дэуіріндегі  этникалық  араласу  қазақтардың  сыртқы 
түріне  үлкен  өзгеріс  экелді.  Сонымен  бірге  этномиграциялық  про- 
цесс  нэтижесінде  жергілікті тайпалар  басқа тайпалармен  араласып, 
оларды  ассимиляциялады.  Сондықтан  да  қазақтардың  арғы  тегіне 
Қазақстан аумағы езіне Отан болған  тайпаларды жатқызуға болады. 
XIV—^ХҮ  ғғ.  Қазақстан  жэне  оған  шекаралас  аймақтарда  Ақ  Орда, 
Моғолстан,  Әбілхайыр  хандығы,  Ноғай  Ордасы  деген  мемлекеттер 
болғаны  белгілі.  Ол  мемлекеттер  түрғындарын  езбектер,  езбек- 
қазақтар, моғолдар жэне ноғайлар  деп атаған.  Бүл атауларда езіндік 
этникалық  жэне  саяси  мэн  болған.  Егер  де  «халық»  деген  түсінік 
этникалық  қүрылым  түрғысынан  қаралса,  онда  оны  «этноним» 
терминімен  белгілейді  (езбектер,  қазақтар,  қырғыздар).  Халық 
езінің атымен мемлекетке ат берсе, онда ол «политоним» терминімен 
анықталады  (моғолдар  Моғолстан  мемлекетінің  халқы,  ноғайлар
83

Ноғай  Ордасының  халқы),  яғни  бұл  этносаяси  ұғым.  Тарихи- 
этнографиялық  эдебиетте  тарихи-этнографиялық  өңірде  кұрылған 
мемлекеттің тұрғындарын этносаяси  қауымдастык деп  атайды.
Халық  этникалық  жэне  саяси  жағынан  да  тұтас  болу  үшін  ең
алдымен  өзінің  тэуелсіз  мемлекеті  болу  керек.  Біртүтастыкк^
ұмтылған  тайпалар  саяси  жағынан  Ақ  Орда,  Әбілхайыр  хандығы,
Ноғай  ордасы  және  Моғолстан  сияқты  мемлекеттерге  бөлшектенді.
Алайда  осы  мемлекеттер 
қазақ  мемлекеттілігінің 
құрылуына,
өзіндік  этникалық  кеңістіктің  қалыптасуына  негіз  болды.  Қазақ
тайпалары  мен  рулары  әр  мемлекеттің  кұрамына  кеткенімен,  олар 
бір тілде сөйледі.
Қазақ халқының рулық-тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден 
және  төмендегідей  тайпалардан  түрды.  Ұлы  жүздің 
тайпалык 
қ р а м ы :   Жалайыр,  Дулат,  Албан,  Суан,  Қаңлы,  Ш апырашты,  Сары 
үйсін,  Ошақты,  Ысты.  Орта  жүздің  тайпалық  күрамы:  Арғын, 
Найман,  Қыпшақ,  Қоңырат,  Уақ,  Керей.  Кіші  жүздің  тайпалық 
қүрамы:  Жетіру,  алты  а іа   Әлімүлы,  он  екі  ата  Байүлы.  Сонымен 
қатар Қазақ халқының қүрамына төрелер  мен  қожалар  кіреді.
Қазақ халқының  қалыптасуы  XV  ғ.  екінші  жартысы  мен  XVI  ғ.
бас  кезінде,  тәуелсіз  Қазақ хандығы  қалыптасқан  кезде  аяқталды.
Сөйтіп,  халықтың  қалыптасуының  тағы  бір  жағдайы  —   ез 
мемлекетінің  аты  қалыптасты.
Қазақ  хандығында  біртіндеп  ру-тайпалық  сана  әлсіреп,  жалпы 
қазақтарға  тән  этникалық  сана  күшейді.  «Қазақ  жері»,  «қазақ 
мемлекеті»,  «қазақ  елі» деген  түсініктер  кең  өріс  алды.  Этникалық 
тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, 
үлт.  Бүл әр  бірлестікте  өзіндік этникалық сана  болады.  Этникалык 
сана 
бүл  адамның  езін  белгілі  этникалық  бірлестіктің  мүшесі 
деп  санауы.  Халық  болып  қалыптасуының  алғашқы  кезеңінде 
қазақтарда  халықтық  этникалық  сананың  орына  ру-тайпалық  сана 
басым  болды.  Мысалы:  «Сен  қай  рудансың?»  деген  сүраққа  жауап 
беруші  ең  алдымен  өзінің  руын,  сосын  тайпасын,  сосын  жүзін
айтатын  болған.  Олар  езін  қазақпыз деп  елден  тыс  шыққанда  ғана 
айтады.
«Қазақ»  (этноним)  деген  атаүлын 
Ш К І Г Л / Ы   Т ^ п я п и і   ІІ-СІГТ  гті'ь-іг\
Ғылыми тұрғыдан  жазба эдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы 
туралы  толық  тұжырым  жоқ.  Енисейде  табылған  VIII  ғасырдағы 
түрік  ескерткішінде  «қазғақ  үғылым»  —   «қазақ  үлым»  деген  сөз 
тіркесі  кездеседі.  IX  ^Х  ғасырларда  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақ- 
станды  мекендеген  үш  қарлық  тайпаларының  жалпы  «хасақтар»
84

деген  аты  болған.  Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей  қатысы 
болганы  белгілі.
X—XI  ғасырларга  қатысты  араб  құжаттарында,  сонымен 
бірге  орыс  жылнамаларында  Қара  теңіздің  солтүстік  шыгыс 
жағалауындагы  Касаг қаласы туралы,  касагтар елі туралы деректер 
бар.  Кейбір  галымдардың  пікірінше  бұл  жерде  қазақтардың  үлкен 
қонысы болған, олар  бірігіп,  Х Ігасы рдаД онм енД непрж агалауы на 
орныққаң.  X  ғасырда  билік  құрған  Византия  императоры  Констан- 
тин  Багрянородныйдың  айтуы  бойынша  Кавказдың  солтүстік-ба- 
тысында  «қазақтар  елі»  бар.  Азербайжанның  батысында  бүгінгі 
күнге дейін  Қазақ ауданы бар.
Ең  алгаш  “Қазақ”  сезі  мүсылман  жазба  деректеріндегі  авторы 
белгісіз 
түркі-араб  сөздігінде  кездеседі.  Ол  сөздік 
мамлюктік 
Қыпшақ  елінде  қүрылган  деген  болжам  бар.  Сөздік  1245  жылғы 
қолжазба түрінде жеткен жэне 1894 жыл ы Германияның Лейден деген 
қаласында  басылып  шыгарылган.  Бүл  сездікте  қазақ  терминінің 
«үйсіз»,  «кезбе»,  «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары беріл- 
ген.  Сонымен  бүл  сездікте  қазақ  термині  элеуметтік  магынага 
ие  болып  отыр.  Осылай  руынан,  тайпасынан  бөлініп,  өз  заңдары 
бойынша өмір сүрген  адамдар тобын атаган.
«Қазақ»  сезінің  осы  мағынасынан  шыға  отырып,  жоғарыда 
көрсетілген  деректерде  еркін,  үйсіз-кезбелердің  керсетілген  аудан-
дарда  қоныстануы  туралы  аитылған  деген  қорытынды  жасауға 
болады.
XV 
ғасырдың  екінші  жартысында  «қазақ»  термині  өзбек  ханы 
Әбілхайырдан  Шу  мен  Талас  өңіріне  кешкен  тайпалар  тобына 
бекиді.  Жэнібек  пен  Керейдің  Өзбек  үлысынан  Жетісуға  кешуі 
қазақ  халқының  этногенезінде  шешуші  рел  атқарды.  Бірақ  негізгі 
рөл  халықтың  қалыптасуында  емес,  оның  қазіргі  кездегі  атауында 
болды.  Үдере  кешу қазақ  халқының  қалыптасуын  айқындаған  жоқ, 
тек  калыптасып  келе  жатқан  үрдісті  тездетті.  Бүл  үрдістің  етпелі 
сипатына  «өзбек-қазақ»  термині  дэлел  болады.  Қазақ  халқының 
қалыптасуының  аяқталу  кезеңі  белгілі  тайпалар  топтарының 
көптеген факторлардың ықпалымен әртүрлі даму сатысында түрған 
Шығыс Дешті-Қыпшақтүрғындарынан беліну үрдісімен  сипаттала- 
ды.  Қазақ хандығының  қүрылуы  жэне  нығаюы  түрлі  хандықтарға
қарап  келген  қазақ  таипаларын  қазақ  хандығына  топтастырды. 
Қазақтың  этникалық  аумағын  біріктірді,  осы  арқылы  қазақтың 
халық болып  калыптасу барысы  біржолата аяқталды.
85
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет