«Микробиология және вирусология» кафедрасы



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі1,35 Mb.
#14894
  1   2   3   4   5
  • Алматы, 2020
  • АТФ-АДФ циклі тірі жүйелердегі энергия алмасудың негізгі механизмі болып табылады.
  • Катаболизм немесе диссимиляция (лат. dissimilis—үйлеспеушілік) — экзотермиялық құбылыс, ол кезде энергия бөліну арқылы заттардың ыдырауы жүреді. Бұл ыдырау қорытылу және тыныс алу нәтижесінде жүзеге асады.
  • Қорытылу ірі молекулалардың біршама кіші молекулаларға ыдыруы нәтижесінде жүретін процесс болып табылады.
  • Тыныс алу қарапайым қанттардың, глицериннің, май қышқылдары мен дезаминденген аминқышқылдарының катаболизмінің тотығу процесі болып табылады, оның нәтижесінде тіршілікке қажетті химиялық энергия босалып шығады.
  • Бұл энергия аденозинтрифосфаттың (АТФ) қорын толықтыру үшін жұмсалады, ол биологиялық жүйелерде әмбебап энергиялық «валюта», клеткалық энергияның тікелей доноры (көзі) болып саналады.
  • АТФ қорының толығуын фосфаттың (Ф) аденозиндифосфатпен (АДФ) реакциясы қамтамасыз етеді:
  • АДФ+Ф+энергия=АТФ
  • АТФ аденин, рибоза және трифосфат (үшфосфатты топтар) қалдықтарынан тұратын нуклеотид, ал аденозиндифосфат (АДФ) тек екі фосфатты топқа ғана ие. АТФ энергиясы АДФ энергиясынан 7000 ккал/моль артық.
  • АТФ АДФ+Ф+энергия
  • Анаболизм/ассимиляция — микроорганизмдердің өсіп-көбеюіне және басқа да клеткаішілік құбылыстарға қажетті белоктар мен нуклеин қышқылдарының синтезі.
  • Биосинтез кезінде қарапайым ізашар молекулалардан нуклеин қышқылдары және т.б. жасушаның макромолекулалары синтезделеді. Биосинтез молекулалардың көлемі өсіп күрделенгендіктен, оған энергия жұмсалады. Энергия алу жолы бойынша барлық бактериялар екі топқа бөлінеді.
  • Хемоаутотрофтар энергия көзі ретінде химиялық заттарды пайдаланады (нитрификация бактериялары, темір бактериялары, күкірт бактериялары т.б.).
  • Фотоаутотрофтар энергия көзі ретінде күн сәулесін, көміртегі көзі ретінде көмірқышқыл газын пайдаланады (пигмент түзетін бактериялар).
  • МЕТАБОЛИЗМ
  • КАТАБОЛИЗМ/диссимиляция
  • (қоректік заттардың ыдырау)
  • АНАБОЛИЗМ/ассимиляция
  • (биосинтез)
  • Қоректік заттар
  • Полимерлер
  • (белоктар,
  • полисахаридтер,
  • полинуклеотидтер)
  • Мономерлер
  • (қанттар,
  • органикалық қышқылдар,
  • фосфор эфирлері)
  • Торшаның полимерлері
  • (белоктар,
  • полисахаридтер,
  • полинуклеотидтер
  • клетка қабырғасының заттары,
  • Қосымша қоректік заттар)
  • Құрастрыру блоктары
  • (қанттар,
  • органикалық қышқылдар,
  • фосфор эфирлері)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет