Микробиология тарихында Рим профессоры



бет1/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

Билет 1

  1. Микробиологияның ғылым ретіндегі даму тарихын талдап, әр түрлі кезеңдерін ондағы микробиолог ғалымдардың ролін көрсетіңіз.

Микробиология- жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Микробиология тарихында Рим профессоры Афанасий Кирхердің (1601-1680) есімі ерекше орын алады. ХVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты құрастырғаны мәлім. Әрине, бұл өте қарапайым аспап еді.Соны пайдалана отырып,Кирхер сасыған ет- те,шарап сіркесінде,сүтте түрлі «құрттардың» кездесетінін байқады.Оба ау- руымен ауырған адамдардың қанын зерттеу үстінде Кирхер одан ерекше «құртты» көрді.
Микроорганизмдерді алғаш рет ашу голландия әуесқойы Антон Ван Левенгуктың есімімен байланысты. Ол заттарды 160-300 есеге дейін үл- кейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған.Осы «қарапайым» мик – роскоптың көмегімен ол жай көзге көрінбейтін микробтар әлемін ашты және оларға сипаттама жазды.
Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісіМ.М. Тереховский еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады. Ол табиғатта микробтардың шығу тегін зерт- теуде тұңғыш эксперименттік әдісті қолданды және микроорганизмдерді адамның күнделікті тұрмыс – тіршілігінде пайдаланудың мүмкіндігін дәлел деді.
Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылымның негізін қалаушы франсуз ғалымы Луи Пастер табиғатта және өнеркәсіп- те кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатынын дәлелдеді. Ашу процесіндегі оттегінің рөлін,онсыз бұл құбылыстың жүр- мейтіні жайында пікір айтып,ашудың химиялық теориясының негізін сал- ды.Пастер 1861жылы ашудың басқа түрі – май қышқылы ашу процесін тапты.
Микробиология ғылымының дамуында неміс ғалымы Роберт Кох ең- бектерінің маңызы зор.Ол туберкулез,тырысқақ ауруларын қоздырушы микроорганизмдерді тауып,зерттеп,олармен күрестің нақты жолдарын көр- сетті.
Микробиология ғылымына елеулі үлес қосқан орыс ғалымы И.И. Меч- никовтың еңбегі зор.Оның әсіресе иммунитет және бактериология жай – ындағы еңбектері өте бағалы.И.И.Мечников «фагацитоз және оның им –
мунитеттегі рөлі»туралы тыңғылықты ілім жасады.Фагацитоз деп зиянды микробтарды жоятын организмдегі ерекше обыр клеткалардың қасиетін айтады.
Микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше.Ивановский бұдан бұрын ешкім байқамаған темекі теңбілі және рябуха деген ауруларды зерттей отырып,олардың әрқайсысы өз ал- дына жеке ауру екенін және бұл ауруларды қоздырушылардың өзі осы аурулардан бөлек болатынын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет