Микроорганизмдерден



бет1/13
Дата31.12.2021
өлшемі43,66 Kb.
#21677
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

МАЗМҰНЫ

Кipicпe 9 12

    1. Фототрофты микроорганизмдерден сутегі өндірудің әлеуеті 15

    2. Биосутегі өндірісінің механизмдері 17

      1. Тікелей биофотолиз 18

      2. Жанама фотолиз 19

      3. Қараңғы ферментация 19

      4. Фотоферментация 20




    1. Биосутегіні өндіруге арналған биомасса 20

    2. Культивирлеу шарттары 22

      1. РН әсері 22

      2. Температура әсері 23

    3. Сутегі өндірісінің ферменттері 23

      1. Гидрогеназалар 23

      2. Нитрогеназалар 24


        1. Әдебиетке шолу

Цианобактериялар – метаболиттік ерекшеліктері негізінде табиғатта кең таралған және топырақ пен тұщы сулардан мұхитқа дейінгі әртүрлі экологиялық аймақтарда өмір сүретін микроорганизмдердің үлкен тобына жатады. Қазіргі таңда цианобактериялардың активті штаммдары қалпына келетін энергия көздерін (биодизель, биосутек, биоэтанол, т.б.) алуда белсенді түрде қолданылады. Цианобатериялар биожанармай алу үшін Күн сәулесінің негізінде жүзеге асатын фотосинтез процесін қолданады және нәтижесінде пайда болған энергияны АТФ және НАДФ түрінде қорға жинап, клеткалардың тіршілігіне қолданады. Солардың ішінде цианобактериялармен биосутек өндіру процесі – осы күнге дейін қалыптасқан әдістердің ең маңыздысы болып табылады. Соңғы таңдағы зерттеулер көрсеткендей, цианобактериялардың барлық түрлері сутек бөлуге қабілетті. Дегенмен, олардың тіршілік ету ерекшеліктеріне сай қалыптасқан морфология-генетикалық айырмашылықтары негізінде сутек бөліну мөлшері мен уақыты әртүрлі болып келеді. Цианобактериялар Н2 молекулаларын екі фермент – гидрогеназа және нитрогеназа белсенділігі арқылы бөліп шығарады. Нитрогеназа – азот фиксациясына жауап беретін, күрделі фермент және олар көбіне гетероцисталарда орналасып, сутек бөлуге қабілеттілік танытады. Ал, гидрогеназа тек қана вегетативті клеткаларда шоғырланып, қарапайым химиялық реакцияны, яғни, протондар мен электрондардан сутек түзілуін катализдейді.



Клеткалардың сутек бөліп шығаруы тікелей биофотолиз процесіне байланысты болып келеді. Биофотолиз – бұл суды молекулалық оттегі мен сутекке бөлу үшін биологиялық жүйелерде жарық энергиясы қолданылатын процесс. Ал биофотолиз процесі пайдаланылатын энергия көзіне байналысты тікелей және жанама деп екі бөлінеді. Тікелей фотолиз - цианобактериялар клеткалары арқылы фотосинтез негізінде алынған энергияны суды оттегі мен протондарға ыдырату процесі болып табылады. Ал, жанама биофотолиз– сутегі алу процесі, онда электрондар цианобактериядағы гликоген сияқты сақталған органикалық қосылыстардан алынады. Қазіргі таңда жүргізілген зерттеулер дәлелдегендей, екі түрлі процесс те цианобактериялар үшін маңызды болып табылады, себебі клеткалардың тіршілік етуіне байланысты олардың қабілеттіліктері әр түрлі болып келеді.



          1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет