Микрорганизмдер физиологиясы. Прокариоттардың химиялық құрамы


Бактериялардың көбеюі деп –



бет8/15
Дата18.02.2023
өлшемі1,3 Mb.
#69016
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Бактериялардың көбеюі деп – көлденең бөліну арқылы (бинарлы) екі бірдей құрылым пайда болып, популяцияда жасуша санының көбеюі. Бактериялар екіге бөліну арқылы(жыныссыз) және жынысты көбейеді.
Екіге бөліну арқылы көбею кезінде клетканың ортасынан біртіндеп қалқанша пайда болып, клетка ішіндегі заттарды екіге бөледі. Микробактериялардың кейбір түрлерінде бұл байқалмайды. Бөлінудің соңғы түрі, ересек бактерияларда байқалады.
Егер таяқша тәрізді клеткалар бөлінгенде өз ара тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты бөліну деп, ал клетка бірдей тең екіге бөлінбей бөліктері әр түрлі болса -гетероморфты бөліну деп атайды.
Бактерия жасушасының бөлінуі, бактерияларда жартылай консервативті механизммен өтетін хромосоманың репликациялану циклі біткеннен соң біраз уақыттан кейін басталады. Бұл кезде хромосоманың ДНҚ-ның әр жіпшесі туынды ДНҚ үшін матрица ретінде пайдаланылады. Бактериалық хромосоманың репликация процесіне 20-дан астам ферменттер қатысады. Нативті бактериалдық ДНҚ екі спиралді болғандықтан, репликация алдында матрицалық ДНҚ-ның аналық тізбегі бөлінуі керек. Бұл процеске энергияны сіңіретін реакция кезінде қосарланған спиралді ажырататын хеликаза ферменті, қайта бұрамалануды болдырмайтын топоизомераза (гираза) ферменті қатысады. SSB-белогы біршынжырлы ДНҚ-мен байланысып, спиралдардың қайта қосарлануына жол бермейді. Соның нәтижесінде репликативтік айырша түзіледі, ДНҚ-ның жаңа тізбектерінің түзілуі ДНҚ-полимераза ферментімен жүзеге асырылады. ДНК-полимераза ДНҚ-ның жаңа тізбектерін жасауға (инициациялауға) қабілетті емес.
Бактериялардың ДНҚ репликациясы барлық ДНҚ екі еселенгенше жүреді. Репликация тек қана бір таңдаулы аймақта ғана басталады, ол аймақты origin (origin- ағыл. бастамасы) деп атайды, бұл жерде нуклеотидтер белгілі бір ретпен орналасады. Origin-де бір немесе екі репликативті айыршалар түзіле алады.



Ғылымда бактериялар көбеюінің бірнеше фазаларын ажыратады.

  1. Әуелгі (1-2сағат) – бактериялардың клетка саны өзгермейді.

  2. Көбеюдің кідірілуі (лагфаза) физиологиялық бейімделу кезінде жаңа ферменттер индукциясын рибосоманың синтезі мен жиынын қосады. Бастапқы интенсивті жасушаның өсуі, бірақ бөліну жылдамдығы жоғары.

  3. Экспоненциалдық (логарифмдік) фаза. Жасушалардың тұрақты түрде максималдық жылдамдықпен бөлінуімен сипатталады. Бұл жылдамдық бактерия мен қоректік орта түріне байланысты болады. Бактериялардың арту уақыты генерациялану уақыты деп аталады, бұл уақыт бактерия түріне байланысты әртүрлі болады: Pseudomonas түріне жататын бактерияларда бұл уақыт 14мин, ал Mycobacterium түріне жататын бактерияларда 24 сағатқа тең. Экспоненциалдық фазада жасушалар көлемі мен құрамындағы ақуыздар саны бір қалыпта болады. Бактериялық дақыл бұл фазада стандартты жасушалардан тұрады.

  4. Өсу жылдамдығының азаю фазасы. Бактерия жасушаларының белсенділігінің төмендеуі, генерация кезеңінің ұзаруы қоректік заттардың азаюынан болады. Онда метаболизм өнімдерінің көбеюі және дақылдың ескіруі болады.

  5. Тұрақты немесе Стационарлы фаза. Жасушалар саны көбеюді тоқтатқан кезде болады. Өсу жылдамдығы қоректік заттардың концентрациясына тәуелді болғандықтан, соңғылардың қоректік ортада азаюына байланысты өсу жылдамдығы да төмендейді. Өсу жылдамдығының азаюы бактерия жасушаларының тығыздануына, парциалдық қысымның төмендеуіне, зат алмасудың токсикалық өнімдерінің көбеюіне де байланысты болады. Стационарлық фазаның узақтығы бірнеше сағатқа созылады, ол бактерия түріне және оларды дақылдандыру ерекшеліктеріне байланысты болады.

  6. Өлімнің жылдамдауы. Зат алмасудың қышқыл өнімдерінің салдарынан немесе өзіндік ферменттердің аутолизінің нәтижесінде болады. Бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін.

  7. Логарифмдік өлу кезеңі. 3 сағат ішінде.

  8. Өлім жылдамдығының тежелу фазасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет