Микроскоптың жалпы құрылымы



Дата04.11.2022
өлшемі6,66 Mb.
#47469

Микроскоптың жалпы құрылымы
Х.Досмұхмедұлы атындағы Атырау университеті
Жаратыластану және ауылшаруашылық ғылымдар факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
Дайындағандар:Қайырберген Жұлдызай,Досай Аружан
химия биология 48-топ
Тексерген:Тапешова Ш.Ж
Атырау 2022ж.
Жоспар:
І. Кіріспе:Микроскоптың шығу тарихы.
ІІ. Негізгі бөлім:
  • Микроскоптың құрылысы.

  • 2) Микроскоптың түрлері.
    ІІІ. Қорытынды.
    ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және грек. skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор.
Микроскоп бактериялар, органикалық жасушалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты.
Оптикалық
    • Окуляр және объектив жатады. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза.Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі.

Механикалық
    • Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады.

Жарық қабылдайтын
    • Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.

Микроскоптың құрылысы:
Оптикалық микроскоп
Жарық қабылдайтын микроскоп
Микроскоптың
механикалық бөлігіне: 
  • штатив
  • заттық үстел 
  • тубус 

Окуляр
Тубус
Бұрандалар
Объектив
Заттық үстелше
Штатив
Айнасы
Микроскоптың түрлері: 
Стереоскопиялық бинокульды микроскоп объектінің үш өлшемді кескінін алу үшін
пайдаланылады. Ол екі жеке микроскопиялықжүйеден тұрады, оның үлкейтілуі 100-ге дейін,ол хирургиялық операцияларда пайдаланылады.
Поляризациялық микроскоп микрообъектілердің поляризацияланған жарықпен
өзара әсерін оқып үйрену үшін қолданылады. Онда оптикалық рұқсат етудің шегінің сыртындағы объектілерді көруге (бұлшықет ұлпасы) болады.
Электрондық микроскоп объектіні жарықтандыру жарық сәулесін емес, электр тогымен қыздырылған вольфрам жіптерінен электрондардың ағынын қамтамасыз етеді. Электронды микроскоптың ажыратымдылығы 0,2 - ден 0,4 нм - ге дейін, орташа жұмыс үлкейтуі 100 000 есе. Электрондық микроскопты 1930-1960 жылдары неміс ғалымдары Девиссон мен Калбин құрастырған.
Люминесценттік микроскоп ультракүлгін немесе көк жарықпен үлгіні жарықтандырады. Бұл жарықты жұта отырып үлгі люминесценцияның көрінетін жарығын шығарады. бұл микроскоп медицинада диагностика үшін пайдаланылады.
Қараңғы өрістегі микроскопия. Нысанның неғұрлым нәзік құрылымдық ұйымдастырылуын қараңғы өрістің фонында бүйірлік жарықтандыруды қолдана отырып қарастыруға болады. 
Фазалық-контрасттық микроскопия. Барлық дерлік тірі жасушалар мөлдір болады, өйткені олар арқылы өтетін жарық сәулелері фазада өзгерсе де, олардың амплитудасын өзгертпейді.
Қорытынды:
Қорытындылап айта кететін болсақ, біз жалпы микроскоптың қайдан шыққанын, оны ең алғаш кімнің ашқанын, қандай ғалымдар зерттеу жасағандарын білдік. Генетика,медицина, клондау, микроағзалардағы бактерияларға әсер ету және машина жасау, электроника, т.б. өндірістерге арналған жаңа материалдар алу, техника мен өндірістің барлық түрлерін жаңа сапа деңгейіне көтеру мәселелерін нанотехнологияны дамыту арқылы ғана шешуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
↑ Қазақ энциклопедиясы, 6 том
↑Медициналық биофизика
Бират Көшенов
↑Биологиялық физика
Б.Арызханов
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет