Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы



бет2/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Жұмыс үстелі. Гистологиялық жұмыс үшін қолданылатын, өндірісте шығарылатын зертханалық үстелдердің бірнеше түрі болады. Арнаулы үстелдер болмаған жағдайда, кез-келген, көлемі 60 х 120 см-кем емес, жәшікті, үстел ретінде пайдалана беруге болады. Үстелдің беті арнаулы жабынмен жабылмаса, су өткізбейтін материалдың бірімен қаптап қойған жөн. Осы мақсатқа сай келетін үстел үсті немесе терезелік қалың шыны. Линолеумді, пластикті немесе кәдімгі пленканыда қолдануға болады. Үстелдің препараттар дайындауға арналған жерін шынымен жауып, астына кішірек (9 х 12 см) ақ және қара қағаздарды қойып қойған дұрыс. Осылай боялған (ақ парақ) және боялмаған (қара парақ) қағаздарды пайдалану жұмысты әжептеуір жеңілдетеді.
Сонымен қатар, екі параққа да заттық шынының нұсқасын сызып, жабынды шынының орны мен көлемін көрсетіп қойған жөн. Осы қарапайым тәсіл заттық шыныға препаратты ыңғайлы орналастыруға мүмкіндік береді. Шынының астына қолданыста көбірек болатын ерітінділер мен әдістердің қолжазбасын да орналастыру керек. Үстелдің бетін органикалық шынымен жабуға болмайды, ондай шынылар ерітінділердің зиянды әсеріне ұшырайды, беті тез сызылып қалады, мөлдірлігін жоғалтады. Реактивтер, ерітінділер және ыдыстар тұратын керекті құралдарды қолайлы орналастыру үшін арнайы жасалған екі қабатты сөре қажет. Осындай сөре үстелдің жұмыс атқарылатын аумағын едеуір ұлғайтып, керекті заттарды тез табуға мүмкіндік береді. Сөрені жұмыс істеуші адамның алдына не жанына күн сәулесінің бағытын ескере отырып орналастырады. Жұмыс орнының жарықпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі маңызды талаптардың бірі, әйтпесе гистологиялық препараттарды әзірлеу көз талдыратын іс. Мұндай жұмыстарға күндізгі жарықты барынша пайдалану үшін үстелді терезенің алдына қою керек.
Күндізгі жарық жеткіліксіз болса, жұмыс орынды жасанды жарықпен қамтамасыз ету керек. Жарық жеткілікті жағдайда да микроскоптар мен препараттарды қарау үшін арнайы жарықтандырғыштар мен үстел үсті шамдары болуы керек. Металдан жасалған құралдар мен шыны ыдыстарды бөлек жәшіктерде сақтайды, электр қондырғылары өшіріліп қойылуы тиіс.

1.1 Микротехника жұмысына арналған материалдар мен реактивтер. Зертханалық ыдыстар мен құралдар


- Шаналы микротом МС-2. Микротомның негізгі бөліктері- 1-станина, 2- көтеру механизмі, 3- кесекше (блок) ұстағыш, 4- пышақтар және 5- пышақ ұстағыш; (2-сурет)



2-сурет. Микротомның құрылысы.

- Микротом пышақтары (3-сурет).



3-сурет. Микротом пышақтарының схемасы (А,В,С). А - көп таралған түрі, Б - кесінділердің тізбегін алу үшін, С - целлоидин кесекшелерін кесу үшін.

- Заманауи микротомдар арнайы бірнеше рет қолдануға арналған, қайралатын және бір рет қолдануға арналған микротом пышақтарымен жабдықталған (4-сурет).





А

Ә

4-сурет. Микротом пышақтарының түрлері (А,Ә). А - бірнеше рет қолдануға арналған микротом пышағы, Ә - бір рет қолдануға арналған микротом пышақтары

- Кесінділерді жаятын қызуы +40°С көтерілетін үстелше;


- Қызуы +100°С жететін термостат;
- Гистологиялық препараттарды қоятын жұқа тақтайдан немесе картоннан жасалған планшеттер;
- Мөлшері мен пішіні әртүрлі қысқыштар: анатомиялық (қысқыштарының ұштары жалпақ және кертілген), хирургиялық (қысқыштардың ұштары үшкір, домалақ арнайы, жіңішке, имектелген);
- Скальпельдер (ұштары түзу, жіңішке және иілген);
- Препараттық инелер (кесінділерді жылжытуға және іліп алуға арналған түзу немесе иілген, тұтқалы);
- Скальпельдер (ұштары түзу, жіңішке және иілген);
- Препараттық инелер (кесінділерді жылжытуға және іліп алуға арналған түзу немесе иілген, тұтқалы);
- Корнцанг - ұзын тұтқалы қысқыш;
- Сыйымдылығы әртүрлі, аузы үлкен тығыз тығынды (50-ден 200 мл) көлемді, әртүрлі ерітіндіні құюға арналған гистологиялық тізбекті құрастыру үшін қолданылады;
- Үлкендеу банкілер: ұлпа кесінділерін фиксатор сұйықтықтарында сақтау, фиксациялау, заттық шыныларды таза ұстау, бейтарап формалинді дайындау және басқа мақсатта қолданылады. Банкіге ұлпаға спирт, ацетон және басқа сұйықтықтарды құймас бұрын, тығынның тығыздығын тексеру керек. Бұл үшін тығынның ішкі жағына эфир жағып, банкіні жауып тексерсе жеткілікті. Егер тығын жақсы жабылған болса, эфирдің иісі сыртқа сезілмейді;
- Бюкстер: кішілеу, диаметрі мен биіктігі әртүрлі, қақпақты шыны стакандар (5-сурет).

5-сурет. 1, 2 - Бюкстер, 3 - Петри табақшалары, 4, 5 - диаметрі мен биіктігі әртүрлі өлшемді шыны стакандар

Бұлар гистологиялық препараттарды әзірлеуде сиректеу қолданылады. Биологиялық кіші стакандар: домалақ, сопақ немесе төрт бұрышты болып келеді


- Хеллендейл ыдысы: төртбұрышты, қақпағы бар шыны ыдыс (6-сурет).





6-сурет. Гистологиялық препараттарды бояуға арналған Хеллендейл ыдысы.

Оның ішкі жағында қарама-қарсы бекітілген заттық шыны қойылатын кетіктер бар. Олар шыныға жапсырылған бірнеше кесіндіні бір мезгілде бояу үшін қолданылады;


- Петри табақшалары: қақпақты, кең, жалпақ шыны табақшалар. Олар әртүрлі жұмыстарды жасауға қолданылады;
- Өлшеуіш ыдыстар: цилиндрлер, мензуркалар (сыйымдылығы 10-нан 250-500 мл), көлемдері әртүрлі ұралар;
- Химиялық стакандар: қақпақсыз, сыйымдылығы 50-100 мл болып келетін домалақ шынылар;
- Колбалар (жалпақ табанды қолбалар) сыйымдылығы 500 мл-ден 2 л- ге
- Қалың шыныдан жасалған дөңгелек терең, сыйымдылығы әртүрлі табақшалар.
- Кәдімгі тамызғыштар (дәрі тамызуға арналған) кесінділерге әртүрлі бояулармен сұйықтықтарды тамызу үшін қолданылады;
- Қырлы (сыйымдылығы 0,1 - 10 мл) тамызғыштар;
- Ерітінділер дайындау кезінде әртүрлі сұйықтықтың мөлшерін өлшеп алу үшін қолданылады;
- Сағат шынылары (диаметрі әртүрлі, микроскоппен бақылап отыруды қажет ететін жүйке ұлпаларын зерттеу кезінде және басқа жағдайда) суда қалқып жүрген кесінділерді салуға қолданылады;
- заттық шыны-өлшемі 76 х 26 мл, қалыңдығы 1-2 мм тұрақты препараттарды дайындау кезінде гистологиялық кесінділерді орналастыруға арналған тік бұрышты пластина;
- Жабынды шыны - көлемдері әртүрлі жұқа (қалыңдығы 0,15-0,2 мл) келген пластиналар. Заттық шыныға орналастырылған өңделген кесінділерді жабу үшін қолданылады;
- Монокулярлы микроскоп, кесінділердің бояуын бақылау үшін қолданылады.
Зертханалық ыдыстарды дұрыс этикеткалау және орналастырудың маңызы зор. Жұмыс кезінде ыдыстардағы заттарды шатастырып алмау үшін, алдын-ала қажетті таза ыдысты таңдап алып, мақсатқа сай этикеткалау және орналастыру керек. Ыдыстарды дер кезінде этикеткалауға ерекше көңіл бөлу керек. Жұмыстарды меңгеру үшін, ыдыстарға заттарды құймас бұрын, оған құйылатын заттың атын жазып қоюды әдетке айналдыру маңызды. Бұл заңдылықты орындамау жұмысқа кедергі келтіретін жағдай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет