Микротехника негіздері (Әдістемелік оқУ ҚҰралы) Алматы


Реактивтермен және қышқылдармен жұмыс істеген уақытта қауіпсіздік техниканы сақтау



бет4/41
Дата19.02.2023
өлшемі2,96 Mb.
#69321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
1.3 Реактивтермен және қышқылдармен жұмыс істеген уақытта қауіпсіздік техниканы сақтау

Ксилолмен, парафинмен, хлороформмен және бутил спиртімен жұмыс жасағанда белгілі бір сақтық шараларын сақтау керек, өйткені бұл заттардың буларымен ингаляциялау ағзаға зиянды.


Медициналық қолғабынсыз жұмыс істегенде, ол қолға тамса, тері қатайып кетеді, ал жиі қолданған кезде құрғақ экзема дамуы мүмкін. Формалинмен, ауасын желдетіп отыратын бөлмеде немесе ауа тартатын шкафтың ішінде ғана жұмыс істеуге болады. Формалин көзге тиген жағдайда оны бірнеше рет жақсылап сумен жуу керек.
Реактивтермен жұмыс істеген кезде міндетті түрде қауіпсіздік техникасын сақтау керек. Зертханалық ыдыстарды дұрыс этикеткалау және дұрыс орналастыру қажет, кейбір реактивтерді темір шкафта ғана, не болмаса шыны қоңыраудың астында, ауа тартатын шкафта ұстауға болады. Микротом пышағымен жұмыс істегенде сақ болу керек. Жұмыс кезінде дененің бір жері кесілсе, ұзақ уақыт жазыла қоймайды.
1.4 Микротехникаға қатысты материалдарды дайындау.
Материалдарды фиксациялау немесе бекіту.

Материалдарды фиксация дегеніміз (лат. «фикус» қатты, мықты, өзгермейтін) материалды өңдеу кезеңінде, объектінің тіршілік процестерінің ағымын тез тоқтатуға мүмкіндік береді және клеткалар мен ұлпалардың тірі организмерде болған құрылымын өзгертпей сақтайды. Тұрақты күйде сақтаумен қатар, фиксациялайтын қоспалар объектілердің кесуге кажет тығыздылығын жоғарылатып, препараттар бояуын жеңілдетеді. Егер фиксация дұрыс жасалынбаса ол түзетілмейді, сол себептен фиксациялаудың негізгі ережелерін сақтау керек.


Формалин. Жиі қолданылатын - 10 % ерітіндісі. Ол 40% формалиннің 1 бөлігіне 9 бөлік су қосқанда шығатын қоспа. Формалинде құмырсқа қышқылы болуы мүмкін, оны жою үшін қара түсті ыдысқа формалин құйып, оған ұнтақталған қалыңдығы 1-2 см борды (СаСО) салып, қатты сілкіп жіберу керек. Сол қышқыл 24 сағаттың ішінде борға сіңеді (бейтараптау процессі).
Ірі нысандарды фиксациялау үшін, мысалы жануарды тұтас сақтау керек болғанда, қолданылатын формалиннің күші жоғарырақ болуы керек. Сол үшін формалиннің бір бөлігіне 4 бөлік су қосу керек. Жануардың ішкі қуысына формалинді инъекция түрінде жіберген соң, фиксациялау уақыты 24 сағаттан кем болмауы керек.
Әр фиксатордың көлемі бекітілетін материалдан 20-40 еседей артық болуы тиіс. Пайызы жоғары формалинде материалды көп уақыт сақтауға болмайды, жас ұлпаның протоплазма құрылымы өзгереді. Күшті фиксаторды 1-2 күннен кейін (1:9) формалин сұйықтығына ауыстыру керек.
Ұсақ нысандарды, паренхимді кесінділерді (бауыр, бүйрек), және жамылғы - бұлшықет ұлпалары (ас қорыту жолы), тек 10% формалинде бекітіледі. Бұл кесінділердің көлемі 1 х 1 см-ден аспауы керек. Фиксациялау уақытының ұзақтығын 2-3 сағаттан ұзаққа созуға да болады.
Формалинді, кесінділер керек уақытта, басқа да фиксациялаушы сұйықтықпен өзгертуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет