Мына жарық дүниеге сән беріп, жылу мен мейірім төгіп, шуақ шашып



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата15.03.2017
өлшемі14,91 Mb.
#9855
1   2   3   4   5

иегері

Х

алық  әндері  мен  халық  компо-



зиторларының  ән-күйлері  –  ұлт-

тың  ұлы  туындылары.  Қазақ 

ән-күй  өнерінің  шарықтау  шегіне  жеткен 

кезі  –  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы 

мен  ХХ  ғасырдың  басы.  Кең  тынысты, 

сан  түрлі  жанрлы,  асқан  әншілік  қасиет 

пен  домбыра  тарту  шеберлігін    талап 

ететін  дала  көшпелілерінің  ерекше 

орындаушылық  шеберліктері  шетел  мен 

орыс  зерттеушілерін  таңқалдырды.  Аз 

халықтың  ән-күй  қоры  алдыңғы  қатарлы  

дамыған  батыс  елдерінің  өзін  жолда 

қалдырып кететінін олар сол кездің өзінде-

ақ мойындап қойған. 



Әйгілі музыка зерттеуші 

ғалым, қазақ өнерінің жанашыры 

Александр Затаевич алғаш 

қазақтың 500 әнін, кейін 1000 

әнін жинап, нотаға түсіргенде, 

оған тәнті болған М.Горький мен 

М.Гатаулин: “Қазір алдыңғы 

қатарлы Еуропа елдерінің қай-

қайсысынан да 100 халық әнін 

тауып алу қиын, ал мың халық 

әнін сақтап, сан ғасырдан бүгінге 

дейін жеткізген қазақ халқы ән 

арқылы-ақ 30 мың сөзін сақтап, 

дамытып келген. Осындай 

халықты революцияға дейін 

сауатсыз болды деу, ашық қиянат 

жасау,”- деп Сталинге хат жазған.

Тарихи сурет: (Оңнан солға қарай): 

Күлəш Байсейітова, 

Мұқтар Əуезов, Қаныш Сəтбаев 

(ортада) жəне Ғабит Мүсірепов

композиторлардың 

шығармашылығы 

туралы алғаш рет жазылды.

“500  қазақ  әні  мен  күйлері”  жинағына 

Қ.И.Сәтбаевтың  айтуымен  (№324-348) 

25  ән  енгізілді.  Бұл  туралы  А.В.Затаевич 

осы  жинақтың  алғы  сөзінде  былай  деп 

жазады:  “1926  жылы  Семей  облысы  мен 

Қарқаралыға бірнеше рет барған сапарда 

280-ге жуық әндер жазылып алынды. Олар 

кітаптың Семей бөліміне енгізілді. Оларды 

мен Мәскеуде жүріп, Әміре Қашаубаевтың 

орындауы бойынша және әуесқой зерттеуші 

Қаныш Сәтбаевтан жазып алдым.”

Осы кітаптың № 267 талдауында Томск 

технология  институтында  оқыған  жас 

инженер  Қаныш  Сәтбаев  туралы  айта 

келіп,  оның  Баянауыл  әндерінің  білгірі 

мен тамаша орындаушысы екенін айтады 

және  сол  әндерді  тамаша  орындап  қана 

қоймай, орысша аудармасын да келтіргені 

жазылған.

Қ.И.Сәтбаев пен А.В.Затаевич тек қана 

жұмыс  бабында  кездесіп  қана  қоймай, 

сонымен қатар, достық қатынаста болғаны 

да  сөзсіз.  Алайда  олардың  кездесулері 

туралы  ешқандай  жазбалардың  жоқты-

ғына байланысты, олардың әндерді жазып 

алулары  қандай  жағдайларда  өткені 

белгісіз.

А.В.Затаевичтің 

айтуы 

бойынша, 



оның  Қ.И.Сәтбаевпен  шығармашылық 

кездесулері  жас  инженердің  инсти-тутты 

бітіріп, 1926-1929 жылдары “Атбасцветмет” 

тресінің  Москвадағы  КСРО  Халық 

шаруашылығы  жетістіктері  көрмесіндегі 

геологиялық бөлімнің басшысы қызметінде 

жүргенде болған.

Қазақстанның  түкпір-түкпірінде  жүріп, 

халық  әндері  мен  халық  композитор-

ларының ән-күйлерін жинаған А.Затаевич 

қазақ  халқының  ерекше  дарынына, 

асқан талантына, орындаушылық шебер-

ліктеріне жоғары баға берді. Қазақ ән-күй 

өнерінің тарихта қалуына, кең таралуына 

ерекше  көңіл  бөліп,  халық  әндерін 

орындаушыларға  ерекше  қамқорлық 

жасап,  көтермелеп  отыру  қажеттілігін 

жақсы  түсінген  Қаныш  Сәтбаев  ән 

өнері  туралы  да  құнды  дүниелер  жазып 

қалдырды.

Жалпы  қазақ  әндері  кең  байтақ 

қазақ  жерінің  әрбір  аймақтарында  түрлі 

тәсілдермен  орындалады.  Әр  аймақтың 

өзіне тән әуені, мақамы, әуезі, тіпті, тұтас  

бір  мектебі  қалыптасқан.  Сонымен  бірге 

көрші халықтардың да әуен-мақамдары ән 

мен термелерге пайдаланылып отырғанын 

көреміз.


Қазақ  ән  өнерінде  Алтайдың  әншілік 

мектебі,  Арқаның  әншілік    мектебі, 

Жетісудің  әншілік  мектебі,  Сыр  бойының 

терме  жырлары,  Батыстың  әншілік 

мектебі, Шығыс Түркістан әншілік мектебі, 

Қаратаудың  әншілік  мектебі  деп  бірнеше 

топқа  бөліп  қарауға  болады.  Осынау  ән 

өнерінің  бай  қоры  жиналған  әр  аймақта 

сол  мектептің  негізін  қалаған  дарынды 

тұлғалар  мен  олардың  шәкірттері  ұзақ 

жыл  халықтың  рухани  өміріне  қалтқысыз 

қызмет етіп, ән-күй өнерін бүгінге жеткізді. 

Қазақтың  күй  өнері  Шертпе  күй,  Төкпе 

күй  деп,  үлкен  екі  топқа  бөліп  зерттеліп  

жүргенін білеміз. Осы әншілік мектептердің 

ірі  өкілдері  әр  жылдары  ел  аралап,  ән 

салып,  басқа  аймақтан  келген  әнші-

жыршылармен  тәжірибе  алмасып,  бір-

бірінен  ән  үйреніп,  жыр  жаттап  отырған. 

Мысалы,  Алаштан  ән  оздырған  Әсет 

Найманбайұлы  Арқа  жерінен  шығып, 

бүкіл Шығысты шарлап, одан Алтай асып, 

Шығыс Түркістан жеріне жетіп, сол жақтағы 

қандастарымызды  Арқаның  кең  тынысты 

әуендерімен сусындатқан.

Сонау  Көкшеден  қуғын  көріп,  Жетісу 

жеріне  келген  әнші-сері  Балуан  Шолақ 

Жетісу  халқын  әнге  қарқ  қылып  қана 

қоймай,  Кенен  сияқты  дарынды  әнші-

композитордың  талантын  ашып,  елге 

танытып  кеткен.  Сол  Арқаның  әнші-

серілерінен  сырнай  мен  ән  салу  үлгісін 

үйренген  Нартай  сол  Сыр  мен  Қаратау 

өңіріне  өзінің  ешкімге  ұқсамайтын  тың 

тәсілдегі әншілік  мектебін қалыптастырды. 

Аралдың  екі  шетінде  жатқан  қазақ  пен 

қарақалпақ жыршылары да бір-біріне ән-

жырлары ауысып, дамып отырды. Қазіргі 

Сыр бойы жыр термелерінде қолданылып 

жүрген ерекше тәсілдегі әуен Сыр бойының 

өзіне  тән  бір  күрделі  институт.  Ал,  бүкіл 

Еділ-Жайық  пен  Үстірт,  Маңғыстау  мен 

Астраханьға  дейінгі  ұлан-ғайыр  өлке 

қазір  Мұхиттың  әншілік  мектебін  сақтап, 

дамытып отыр.

Сазды  да  сағынышқа  толы  Алтай 

әндерінің  иірімі  жанды  баурап,  көңілге 

сағыныш  пен  мұң  ұялатса,  Мұхит  әндері 

желпінтіп,  арқаны  қоздырып,  қанды 

ойнатады.  Сыр  бойының  ән-жырына 

жаның  жайбарақат  тауып,  демала 

отырып,  маңғаз  тербелсең,  Арқаның  кең 

тынысты  асқақ  әні  жүректі  де,  жанды  да 

толқытып, қалай үн қосып, қалай қосылып 

кеткеніңше  тыным  бермейді.  Бірақ,  Арқа 

әндерін әншінің әншісі ғана бабына келтіріп 

орындай  алады.  Арқаның  әні  –  асау  ән, 

бап керек, айла-тәсіл мен асқақ үн керек.

Қаныш  Сәтбаев  –  Арқа  әндерінің 

Баянауыл  төңірегіндегі  әндерін  орындап 

жаздырушы.  Әміре  Қашаубаев  Қаныш 

туралы: “Егер Қаныш ғалым болмай, әнші 

болғанда,  бар қазаққа танымал керемет 

әнші болар еді,”- деп баға берген.

Қаныш 

Сәтбаевтың 



Александр 

Затаевичке  жаздырған  әндерінің    кең 

тынысты,  асқақ  дауысты  әнші  болмаса, 

анау-мынау  әншілер  орындай    алмайтын 

қиын  әндер  болғанын  музыка  зерттеуші 

ғалымның  өзі  де  жазады.  “Бүркітбай”, 

“Алтыбасар”,  “Гауһар  тас”  секілді  және 

“Баянауыл”, “Жалғыз арша” сияқты әндер 

–  әншінің  әншісі  ғана  шырқай  алатын 

күрделі    туындылар.  Домбырада  шебер 

ойнайтын Қаныш әнді де асығып-аптықпай, 

еркін  отырып,  кең  тыныспен  жүректен 

қозғап  айтатын  болған.  Тыңдаушысын 

өзіне  баурай  тартып,  елітіп,  елжіретіп 

жібереді  екен.  Күннің  шыжыған  ыстығы 

мен қыстың қақаған аязында геологиялық 

экспедицияда  жүрген  ғалым  өзі  білетін 

халық әндерін  ыңылдап айтып жүрсе, кеш 

батып,  ас-ауқат  ішіп,  әлденіп  алғаннан 

кейін  домбыраны  ала  салып,  даланы 

жаңғырта жағымды қоңыр үнімен шырқай 

жөнеледі  екен.  Әсем  әнді  тамсанып  дала 

тыңдайды, бесікте жатқан бала тыңдайды, 

бесік  тербеткен  ана  тыңдайды,  сол 

даладағы құс пен аң тыңдайды, барлық тірі 

жан  тыңдайды.  Әрқайсысы  өз  үндерімен 

бірге  жырлайды,  бірге  толғайды.  Дала 

көгінде  шарықтап  ән  қалқиды,  көңілдер 

әнге шалқиды, жігіт желпініп, қыз балқиды. 

Міне,  Арқаның  арқалы  әнін  шырқап 

отырған танымал әнші сері емес, инженер-

геолог, ол бір сәт  қолына ауыр қайланың 

орнына  жеңіл  домбырасын  ұстағанда 

өзінің туған даласына осылай әсер етеді. 

Қасиеті күшті қазақтың қай әні шырқалса 

да,  жел  тынып,  су  тұнып,  жұлдыз  бен 

ай  байланып,  құс  жолы  ойланып,  тау 

тебіреніп,  жер  еміреніп  қалатыны  көкірек 

көзі бар әркімге аян.

А.Ә. Өмірбеков, М.Ж. Сүлейменова,

Қ.И.Сәтбаев атындағы 

Орталық қызметкерлері


6

Əйел кґркі — ќылыєында

Мұнай  ғимаратының  конференц-залында  университеттің 

Тәрбие  жөніндегі  кеңесінің  кезекті  мәжілісі  өтті.  Мәжіліске 

ғылым, халықаралық ынтымақтастық және жоғары оқу орнынан 

кейінгі  білім  беру  жөніндегі  проректор  Н.Б.  Қалабаев,  Тәрбие 

жұмысы  департаментінің  директоры  М.Қ.  Тілесбаев,  институт 

директорлары және олардың орынбасарлары, сонымен қатар, 

Тәрбие жұмысы департаментінің қызметкерлері қатысты.

Тәрбие  жөніндегі  кеңестің  жоспарына  сәйкес  күн  тәртібінде 

мынадай мәселелер қаралды:

1.  2016  ж.  «Үздік  эдвайзер»  байқауын  ұйымдастыру  және 

өткізу туралы.

2.  51-ші  «ҚазҰТЗУ  көктемі»  көркемөнерпаздар  фестиваль-

байқауын ұйымдастыру және өткізу жайлы.

3. Әртүрлі мәселелер.

Кеңес  барысында  институт  директорлары  мен  олардың 

орынбасарларына “Үздік эдвайзер” және 51-ші “ҚазҰТЗУ көктемі” 

байқауларының  Ереже  жобалары  таратылып,  көркемөнерпаз-

дар  ұжымдарының  байқау-фестивальға  қатысу  ретін  анықтау 

үшін  жеребе  өткізілді.  Сонымен  қатар,  спортклубтың  іс-

шаралары  туралы  (В. Лактионова),  студенттік өзін-өзі  басқару 

жұмысы туралы (А. Есбосынова), студенттік кампустың ағымдағы 

әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері туралы ақпарат тыңдалды.

 

Құндыз КӨБЕГЕНОВА,

Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы

Тәрбие жөніндегі 

кеңес мәжілісі 

БАБАДАН 


ЌАЛЄАН 

БАПТАРДАН



Қазақ бала тәрбиесіне үлкен мән берген. 

Бұл тақырыпқа қатысты мақал-мәтел, үлкен 

ой саларлық сөз тіркестері жетіп артылады. 

Ал, қазіргі алмағайып заманда кейбір ата-

аналар күйбің тірлікпен бала, әсіресе, қыз 

бала тәрбиесін назардан тыс қалдырғаны 

жасырын емес. “Қызға – қырық үйден тыйым” 

дейміз. Осы мақалдың мән-мағнасын тарқатып 

айтар болсақ, төмендегідей. Оны білген артық 

болмас әркімге. Сонымен, қыз бала әркез нені 

еске сақтауы тиіс.

1.Жарыса сөйлеуге

2.Жалғыз қыдыруға

3.Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге

4.Орынсыз ұрынуға

5.Басқаларға қол тигізуге

6.Өтірік, өсекке

7.Суық жүріс, сумаң қылыққа

8.Кісіге қарай керіліп есінеуге

9.Талтайып отыруға

10.Шалқайып жатуға

11.Тамақты обырлана асауға

12.Ұрлық-қорлыққа

13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге

14.Бұраңдап қылымсуға

15.Қызыл іңірде жатуға

16.Түске дейін ұйықтауға

17.Кісі алдында киім ауыстыруға

18.Салт-дәстүрден аттауға

19.Елді ғайбаттауға

20Үлкендердің жолын кесіп,атын атауға

21.Ішімдік ішу мен шылым шегуге

22.Ұрыс-керіске

23.Беттен алып, бет жыртысуға

24.Қараулыққа, ысырапқа

25.Рақымсыздық пен қатыгездікке

26.Түнде суға жалғыз баруға

27.Жат жыныстылармен араласып жатуға

28.Күйеуге қашып тиюге

29.Әдепсіз сөзге

30.Дөрекі жауап беруге

31.Адам мен жануарларды тебуге

32.Кісіні қорлап жәбірлеуге

33.Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға

34. Айқай-сүреңге

35.Шектен тыс сыланып жасануға

36.Қызғаншақтық пен күншілдікке

37.Менмендік пен өзімшілдікке

38.Алдап-арбауға

39.Көрсеқызарлыққа

40.Нәсіпқұмарлыққа тыйым.

КЕРЕК КЕҢЕС

Women like silent men.  They think they’re listening.

Every girl should use what Mother Nature gave her be-

fore Father Time takes it away.

Women are always beautiful. Women get the last word 

in every argument.  Anything a man says after that is the 

beginning of a new argument. A man’s face is his autobi-

ography.  A woman’s face is her work of fiction.

If women didn’t exist, all the money in the world would 

have  no  meaning.  Men  will  always  delight  in  a  woman 

whose voice is lined with velvet.

A  woman  should  soften  but  not  weaken  a  man.  The 

girls that are always easy on the eyes are never easy on 

the heart. A woman asks little of love:  only that she be 

able to feel like a heroine.  A woman’s whole life is a his-

tory of the affections.

The man’s desire is for the woman; but the woman’s 

desire is rarely other than for the desire of the man. There 

are three things men can do with women:  love them, suf-

fer for them, or turn them into literature.

Beauty is the first present Nature gives to women, and 

the first it takes away.

Women speak two languages - one of which is verbal.

Good-looking girls break hearts, and goodhearted girls 

mend them.

Quotations about Women 

 «Ah, women.

They make the highs higher

and the lows more frequent»

(Friedrich Wilhelm Nietzsche) 

When God was creating the wom-

an Angel asked:

-  What  took  you  so  long  on  that 

one?

-  Woman must be washable, but 



not  made  from  plastic,  have  more 

moving parts,

and they must be replaceable and 

she must function on all kinds of

food,  be  able  to  embrace  several 

children at once, give a hug heal

everything from a bruised knee to 

a broken heart, and she has to do

all, having only one pair of hands, 

- answered God.

The angel was astounded.

- Only two hands ... it’s impossible! 

Is it a standard model?

- Yes, this creation will be my favor-

ite one. She cures herself when

she is sick and she can work fifteen 

hours a day.

The  angel  touched  that  creation 

and said:

- But she is so gentle.

- Yes, she is soft and also strong, 

- said God, - you can’t imagine

what  she  can  endure  and  over-

come…


- Can she think? - asked Angel. 

- Not only think, she can also per-

suade and negotiate. Turning on the 

tears is the only way she can express 

her grief, doubt, love, loneliness, suf-

fering and joy. It’s her only deficien-

cy…

-  You’re  genius.  The  woman  is 



indeed  a  wonderful  creation  in  the 

world!


And indeed it is!

Woman  consists  of  happiness, 

love and understanding. She smiles 

when


she  wants  to  scream,  sing,  when 

she  wants  to  cry.  She  cries  when 

she

is  happy  and  laughs  when  she  is 



afraid of something. She doesn’t say

‘no’  when  sees  a  better  solution. 

Her love is absolute. She can

sacrifice herself for her family. Her 

heart is torn by grief when her

relatives  or  friends  die.  But  she 

finds the strength to continue to

live. She knows that a kiss and a 

hug can heal a broken heart. 

She  has  only  one  drawback:  She 

forgets about her merits. 

 

Saule MUSSABEKOVA



About Woman

 *  Қазақ әйелдері өздерінің әдейілеп 

бастарына салып жүрген арнаулы 

жаулығын басқаларға бермейді. Олай 

етсе, басындағы бақ басқаға көшеді деп 

ырымдалады. 

*  Жаңа босанған әйелге ақ сарыбас 

қой сойып, ақ тілеу айтып, қалжа 

жегізеді. Қалжа жемеген әйелдің баласы 

ынжық болады. 

*  Бала емізіп отырған әйел омырауын 

бөгде кісілерге көрсетпеуі тиіс. Баланы 

қалқалап отырып емізеді, бұл кезде 

сөйлемейді. Басқаның көзі омырауға 

түссе, емшегі ісінеді. Ал, сөйлесе 

бала шашалып, қолқасы 

қабынады.

* Жаңа босанған әйел 

үйге кірген итке: «Кет!» 

- демейді. Бұлай істесе, 

әйелдің тісі түсіп қалады, 

бойының қайраты 

жойылады делінген. 

* Жаңа босанған әйел 

қырық күнге дейін қолын суық 

суға малмауы, салқын заттарға 

қол тигізбеуі керек. Әйтпесе жаңа туған 

нәресте суық жүрек, тасбауыр болып 

өседі деседі. 

*  Сәби шалқасынан алаңсыз 

ұйықтаса, елге белгілі азамат болып 

өседі, етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл 

болады. 

*  Егер аяқ-қолын еркін созып 

ұйықтаса, батырлықтың, кемеңгерліктің 

белгісі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, 

жігерсіз болып шығады.

*   Сәби көзін ашып ұйықтаса, жары 

сұлу болады.

*  Сәби тоңқайып, екі аяғының 

арасынан қараса, жолаушы кеткен адам 

немесе қонақ келеді. 

Əйелдер мен сəбиге ќатысты ырымдар

Пейілді əйел 

көрікті де, тек

ті 


ғой:

“Əйел көркі – 

қылығында, – депті ғой.

 

Жүсіп



 Баласағұн.

УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫ

7

Мəдени кґп ќўндылыќтар — ґнерде



Соңғы үш жылдан бері 

университетте «Тәлімгерлер 

институты» жұмыс істеп 

келеді. Ол кәсіби білікті, 

азаматтығы мол мамандар 

тәрбиелеуге мол үлес 

қосуда. 

Тәлімгерлер  институтының  басты 

мақсаты  –  1  курс  студентінің  ортаға 

бейімделуіне 

ықпал 

ету. 


Барлық 

институттарда  тәжірибелі  ғалымдар, 

оқытушылар  тәлімгерлік  етеді.  Олар 

1-курс  студенттеріне  кәсіби  бағыт-

бағдар  беріп,  ғылыми  жұмыстарға 

баулып,  бос  уақыттарын  тиімді  ұйым-

дастыруға  көмектесіп,  кәсіби-ғылыми, 

шығармашылық,  спорттық,  тағы  басқа 

бағыттағы  клубтарға  тұрақты  мүшелік 

етуіне  ықпал  етуде.  Тұлға  болып 

қалыптасуына 

ақыл-кеңес 

береді, 

ұжымдық  мәдениетке,  университеттік 

дәстүрлерге баулыйды. 

Осындай нәтижелі жұмыстың бір көрінісі 

ретінде 25 қаңтарда Т.Бәсенов атындағы 

Сәулет  және  құрылыс  институтының, 

сондай-ақ  Жоғары  технологиялар  және 

тұрақты  даму  институтының  тәлімгер-

лері  өздеріне  бекітілген  студенттер-

мен  жақынырақ  танысу  мақсатында 

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік 

академиялық балалар мен жасөспірімдер 

театрында    белгілі  жазушы-драматург 

Дулат Исабековтың «Құстар фестивалі» 

фарс-комедиясын тамашалап қайтты.

Тәлімгерлер мен студенттер өз 

ойларымен бөлісті:

Гүлшат Мұрзалина: «Театр – халыққа 

эстетикалық,  рухани  және  патриоттық 

тәрбие  беретін  киелі  мәдениет  орны. 

Тәрбие жұмысы департаментінің басшы-

лығымен,  институт  тәлімгерлері  Балжан 

Тұрысбекова,  Айнұр  Ашықбаеваның 

ұйымдастыруымен 1-ші курс студенттерін 

алып келдік. Көңіл-күйімізді сөзбен жеткізу 

мүмкін  емес!  Себебі,  теледидардан 

көрген  бір  басқа,  театрға  арнайы  келіп 

тамашалау  бір  басқа.  Бұл  іс-шараның 

тәрбиелік мәні өте зор. Студенттер мәдени 

орындарда өздерін қалай ұстау керектігін 

үйренеді. Сондай-ақ, тәлімгер мен студент 

арасындағы  қарым-қатынасты  одан  әрі 

дамытып, нығайтады. 



Гүлзира  Нұрахметова:  Мен  жылу 

энергетика  мамандығында  оқитын  1-

курс  студенті  Шамшатова  Ақниеттің 

тәлімгерімін.  Оқу  жылы  басталғалы 

Ақниетпен  киноға,  мұражайға,  театрға, 

басқа  да  мәдени  орындарға  бірнеше 

рет  бардық.  Бүгінгі  қойылымнан  алған 

әсеріміз  шексіз.  Бір  үлкен  рухани 

байлық  алдық  десек  те  болады. 

Ақниет  сабағын  өте  жақсы  оқиды,  топ 

старостасы.  Жатақханада  өз  тобында 

оқитын қыздармен тұрады. Жатақханада 

студенттер ұйымының мүшесі. 

Айгерім  Имаш,  1-курс  студенті: 

Менің  тәлімгерім  Мұстафина  Гүлайым 

Қабдуалиқызы  театрға  баруды  жиі 

ұйымдастырады.  Жастардың  рухани 

қорын,  мәдени-эстетикалық  деңгейін 

кеңейтуде театр ерекше рөл атқаратынын 

түсіндірді.  Театр  мәдениетінен  өнер 

құндылықтарын  түсініп,  әдепті  сөйлеуді 

үйреніп, өзімізге керекті тәлім-тәрбиелерді 

бойымызға 

сіңіріп, 

шығармашылық 

қабілетіміз  артып  жатыр.  Осындай 

тамаша  кеш  сыйлаған  тәлімгерлерімізге 

алғысымыз шексіз.

Сая РЫМҒАЛЫҚЫЗЫ,

Тәрбие жұмысы  бөлімінің 

бас маманы 

КЕРЕК КЕҢЕС

ТӘЛІМГЕРЛІК – ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

ШЫН ЄАШЫЌПЫН

Ғашықпын мен өзіңе шын ғашықпын,

Қолдасып бір жүретін күнге асықпын.

Сағынып сені ойлаумен көз ілмеген,

Талай таң елесіңмен сырласыппын.

Көктемде махаббаттың жырын айтып,

Келеді өзіңменен қырға шыққым.

Мен сені мәңгі сүйем сенесің бе?

Толқимын түскен сәтте сен есіме.

Жабықса жалғыздықтан жас жүрегім,

Елітем еріксізден елесіңе.

Аман сау алып ұшсам шарықтатып,

Жауыздың ұшыратпай жебесіне.

Таусылмас махаббаттың әлегі шын,

Жаулайтын жүрегімді бар әдісің.

Жандырған жалындаған жүрегімді,

Жаралдың сұлулықтың әлемі үшін.

Аңсаған арманымсың, аяулымсың,

Сен әйтеуір әдемісің, әдемісің.

БОЙДАЌ ДОСЫМА

Өкініш боп туындап санамыздан,

Ұшып жатыр ұядан бала қыздар.

Бүтін етіп кетілген көңілдерін,

Кетіп жатыр алыстап арамыздан.

Бірге өскен балауса 

                     бала қыздар,

Олар берген бөлекше 

                            бағамыз бар.

Қол ұстасып көзіңше 

                                кетіп қалса,

Көктеміне көңілдің салады 

                                         ызғар.

Табыстырмай бақытқа 

                                 кенде бізді,

Жолықпай жүр армандар 

                                   сенген ізгі. 

Ұялатын боп алдық сол 

                                                   қыздардан,

Таныстыр деп жабысса жеңгемізді.

Жүргеніңде жолықпай көк етікі,

Кетіп жатыр қолдасып көн етікті.

Оңнан келмей қыздардан тәлейіміз,

Жанбай кетті бағымыз неге тіпті?

Сәулеленіп махаббат күші бізде,

Жар болса деп бір алла ісімізге.

Бізді есіне алды-ау деп қуанамыз,

Көріп жатсақ қыздарды түсімізде.

Айнығамыз жоқ әлі қалпымыздан,

Інілер де кеп қалды артымыздан.

Жанымыздан жақындап бір қыз өтсе,

Кете алмайды құтылып талқымыздан.

Базарынан бақыттың бақ сынайық,

Ақ арманның ақ таңы атсын лайық.

Құлыптанған жүректің жалғыз кілтін,

Бір сұлуға болды енді тапсырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет