Мына жарық дүниеге сән беріп, жылу мен мейірім төгіп, шуақ шашып



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата15.03.2017
өлшемі14,91 Mb.
#9855
1   2   3   4   5

Серікбол НАСЫРҰЛЫ,

Машина жасау 

институтының түлегі 

Аруларды көз бұзады,

Ағайынды сөз бұзады.

 

 



***

Қаһарын төгіп келген ері 

жеңбейді,

Жарқылдап қарсы алған жары 

жеңеді.

 

 



***

Әйел – әлсіздігімен жеңеді.

 

 

 



***

Екі әйел бар үйде еден 

жуылмайды.

 

 



***

Әйелінен жалыққан жігіт үйіне 

ерте қайтпайды.

 

 



***

Киім – әйелдің куәлігі.

 

 

***



Әйелдің қамшысы – тілі.

 

 



***

Жақсы жар – жарты ғұмырың.

 

 

***



Адам – әйелден туады,

Кейде әйел үшін өледі.

 

 

***



Жабайы жеміс дәмдірек 

болады.


 

 

***



Әйелдер жеңілу үшін 

күреседі.

 

 

***



Әйелің – күнтізбеңе кірмеген 

мейрам.


 

 

***



Әйел алу оңай,

Күйеу болу қиын.



Қадыр Мырза Әлі

ӘЙЕЛ – ӘЛСІЗДІГІМЕН 

ЖЕҢЕДІ

ТАЗАРҒЫҢ КЕЛСЕ — ТЕАТРҒА БАР

8

Ґкінбес їшін не істеу керек жастарєа?

“Дайын асқа – тік қасық” бо-лып, анасы 

әзірлеген асқа жәудіреп көз тігіп 

отырғаны баяғы. “Ей, балам-

ау,  не  болды  саған?! 

Неге  үйленбейсің?  Ана 

бәленшенің  сенен  әл-

деқайда  кенже  баласы 

әлдеқашан 

отбасын 

құрды  емес  пе?    Әне, 

әке-шешесіне  енді  немере 

де сүйгізіп отыр. Сол  құрлы 

жоқсың ба?!” деп, сүрбойдақ 

баласының 

ертелі-кеш 

құлақ етін жейтіні де кәміл 

ата-анасының. Енді қайтсін. 

Масыл  ұлының  әлі  күнге 

жанына  жар  таппай  жалғыз 

жүргенінің  күйігі  өтіп  бара  жатыр 

ғой.  Мұндайда  ата-анасының  таныс-

тамырлары,  ет  жақындары  жүдеген 

көңілге медеу болып: “Әй,  қойыңдаршы 

осы,  балаңның  миын  ертелі-кеш  жей 

бермей.  Ұл  балаға  қашан  үйленсе  де 

кеш емес. Мұндайда қыздарға қиын ғой. 

“Отырып қалған қыз” атанады. Әне, ана 

пәленшенің  қызы  жасы  қырықтан  асса 

да әлі үй бағып отыр. Бәлі, оны енді кім 

алады? Ешкім де! Шыққан күннің өзінде 

бала  да  тауып  бере  алмас    байына. 

Өйткені  буыны  бекіп,  белі  қатып 

кетті.  Енді  бала  туу  дегенің  оңайға 

соқпас оған” деген сөздерді әркімнің 

жүрген ортада естігені де сөзсіз.

Шынында  да,  ер  жеткен  жігіт  неге 

уақтысында үйленбей жүріп алады? Қыз 

бала неге кезінде тұрмыс құрмайды? 

Былай  ойлап,  осы  өзекті  мәселеге 

талдау жасап қарасаң, қыз да, жігіт 

те өмірлік сыңарын көп таңдап жүріп 

қалатын  сияқты.  Ондайлар  сөйтіп 

жүріп уақыттарының қалай өтіп кеткенін, 

алдымен  отызды  аттап,  одан  қырықты 

алқымдағанын  сезбей  де  қалады.  Бұл 

анық.  Мұндайлардың  арасында  кейбірі 

“Қарын  тоқ,  көйлек  көк”  болып  жүріп, 

қызық  қуалап,  қыз  қуалап,  уақытын 

өткізіп  алса,  енді  бірі  отбасын  құрудан 

себепсіз  жалтарады.  Бала-шағасын 

асыраудан,  оның  машақаты  мен  толып 

жатқан  тауқыметінен  қашып,  жалғыз 

жүріп  өмір  сүргенді  қалайды.  Жалғыз 

жүріп,  жан  күтіміне  әбден  еті  үйренген 

ондай  кісінің  енді  бара-бара  бойын 

эгоизм  билей  бастайды.  Кәрі  қыз  болса 

“қойшы,  маған  енді  қырықтан  асқанда 

біреудің  шұлығын  жуып  отырғаным 

жараспас.  Одан  да  жалғыз  жүргенім 

жақсы.  Бас  ауыртып,  сөз,  не  таяқ  жеп 

отыратын  байдың  енді  маған  қажеті  не, 

тәйірі”  дейтіні  де  анық.  Өстіп  өмір  бақи 

тік  тұрып,  тік  жүріп  өтемін  өмірден  деп 

ойлайды  ондайлар.  Ал,  жасың  ұлғайып, 

қолың қалтырап, қарттық келіп жеткенде, 

немесе аяқ асты “бас ауырып, балтырың 

сыздай” қалған кезде, аузыңа бір тамшы 

су  тамызатын  өз  тума-тұқымыңның, 

яғни, ұрпағың, ізбасарларыңның, ұл мен 

қызыңның  болғанына  не  жетсін,  шіркін! 

Десе де, отбасы болуыңды он ойланып, 

мың  толғанып,  мейлің  қыз,  мейлің  ұл 

болсын, кейін “қап, мұнысын білмегенім-

ай!”  деп,  саныңды  соғып,  өкінбесің  үшін 

тұрмыс  құратын  сәтте 

таңдаған 

қосағың 

туралы, оның мінез-құл-

қы,  отбасы,  ата-анасы 

жайлы  қысқаша  болса 

да  мағлұматыңның  бол-

ғаны  сені  адастырып, 

уақытша    асыл  сезімге 

бой алдырмас.

Кездейсоқ  кездесіп 

барып 


танысып, 

б а л а л ы - ш а ғ а л ы , 

үйлі-баранды  болып, 

жарасымды 

отбасын 

құрған  шаңырақтар  да 

жоқ  емес,  әрине.  Бәлкім, 

сәтін  салған  шығар.  Алайда,  “сырын 

білмегеннен сырт айнал” дегенді 

естен  шығарып,  асығыстық 

жасап,  опық  жеп 

отырған жанұялар мына қоғамда аз емес. 

Оған мысал да жеткілікті. 

...Әке-шешесінің жақсы тәрбиесін алып 

өскен Әлфия оқу-оқу деп жүріп, жасының 

отызға тақаған шағында бір жиын кеште 

Әлқос  деген  жігітпен  танысады.  Тұрмыс 

құру  туралы  ойында  болмай,  уақыт 

оздырып алғандықтан, арада көп мерзім 

өтпей  жатып,  екеуара  көңіл  қосқан 

еді.  Басында  танысқан  сәтте  “Алматы 

энергетика 

институтын 

бітіргенмін. 

Мамандығым электрик. Бәлен деген жерде 

жақсы  қызметім  бар”  деген    Әлқостың 

сөзінің  бәрі  желсөз  болып  шықты.  Әрі 

екі  сөзінің  бірі  өтірік,  нағыз  суайт  екенін 

Әлфия  кейін  білді.  Әлқос  ешқандай 

институтта  оқымапты.  Тіпті  жоғары 

білімі  де  жоқ  екенін  тұрмыс  құрған  соң, 

арада екі ай өткен соң бірақ естіді. Әке-

шешесімен алғаш таныстыруға апарғанда 

“Жоғары білімім бар” деп, беті бүлк етпей, 

шімірікпеген Әлқостың бұл қылығына енді 

не дерін білмей дал болып отырған жайы 

бар.  Алғаш  атын  естіген  әке-шешесінің 

қуанғанын көрсең сол сәт. “Қара, Әлфия, 

Әлқос. Сендердің есімдерің де, өздерің де 

жарасып  тұрсыңдар,  балапандарым-ау! 

Аллаға шүкір, Тәңіріме мың тәубә!” деп, 

көңілдері  шат  болған.  “Әлфия,  Әлқос” 

деп,  әке-шешесінің  екеуінің  есімдерін 

қайта-қайта  қайталай  қуанған  үні  әлі 

күнге  құлағында  жаңғырып  тұр.  “Сенген 

қойым  сен  болсаң...”  дегендей,  сенген 

Әлқосы  нағыз  жатыпішер  жалқаудың 

өзі болып шықты. Сөйтіп, арада екі жыл 

уақыт та зымырап өте шыққан. Әлқостың 

“жұмысқа әне шығам, міне, шығамымын” 

күнде естіп жүріп, жеті жүз күнін жабырқау 

өткізген  Әлфия  ақыры  бір  шешімге 

келіп,  жалқау,  жатыпішер  күйеуінен  өзі 

ажырасып  тынды.  Жай  кеткен  жоқ,  бір 

жасар  ұлы  Асылын  құшақтай  қайтып 

оралды  үйіне.  Әке-шеше  байғұс  қайтсін 

енді. Қабылдады қызын. Ұят та болса өз 

балаларын сыртқа тастар ма енді!

“Үміт күткен ұлы оңбаған болып шықса, 

әке сорлы, үміт күткен 

қызы  оңбаған  болып 

шықса,  шеше  сорлы” 

деген  дана  халқымыз. 

Маңдайына  жел  қақтырмай,  гүлі  де  күні 

де  болған  қызы  ерке  өсіп,  жүгендеуге 

көнбейтін асау аттай болып, алдына келсе 

– тістеп, артына келсе – теуіп, тарпынған, 

“тәйт!”  дегенге  көнбейтін  кереағар  қыз 

болса, оның сырын алмай үйленген жігіттің 

де соры дей беріңіз. Бұған да бір мысал. 

Әлгі  ер  мінезді,  одан  да  асып  түсетін 

әйелдер  болады.  Сыбангүл  соның  дәл 

өзі еді. Жоғары білімді. ҚызПИ-ді бітірген. 

Өзі  мұғалім.  Осы  өткірлігі  ойқас  мінезге 

ұласып,  бетқаратпайтын.  Соның  әсері 

ме,  институтқа  оқуға  түскеннен  бес  жыл 

бойы  өз  курстастарының  “старостасы” 

болды. Қыздарды шырқ үйірді, айтқанын 

істеткізіп,  екі  етпей  орындайтын  халге 

жеткізді. Бесінші курстың соңына жетпей 

құрбы-қыздары  шетінен  тұрмыс  құрып 

жатқанда,  бұл  көңілі  құлазып,  іштей 

налитын.  “Осы  маған  да  бір  бұйырғаны 

бар шығар” деп, өзін өзі талай жұбатқан 

кезі  болған.  Сөйтіп  жүргенде  ауылына 

мектептегі  кластас жігіттің үйлену тойына 

келген  оның  Базарбай  есімді  курстас 

замандасымен  жақынырақ  танысқан. 

Ол  Алматыға  кеткен  соң  да  бір-бірімен 

хат  алысып,  жиі  хабарласып  тұрды. 

Үзілмеген  екеуара  байланыс  “ауылдың 

қызын  алсам,  үй  шаруасына  икемді 

болады.  Өзім  де  ауылға  кетсем,  көк 

түтінді  қаланың  мынау  күйбең  тірлігінен 

жалықтым  әбден”  деп  жүрген  ойымен 

мына  жағдай  сабақтаса  кетпесі  бар  ма. 

Онсыз  да  әкесіз,  шешесіз  өсіп,  өмірдің 

ащы  дәмін  татқан  Базарбай    Аграрлық 

университеттің  агроном  факультетін 

бітіріп  шыққан.  Жақын  тума-туысы 

жоқ,  жалғызсырып  жүргенде  Сыбангүл 

кездесті.  “Ақыр  ешкімің  жоқ  екен.  Кел!” 

деді ол. Бірге тұратындығын, жас  маман 

ретінде  өзіне  совхоздан  берілген  үш 

бөлмелі  үйдің  екеуіне  жететіндігін 

айтып, қосылған соң бірге тұрып жатқан. 

Басында  “бақытымды  таптым,  енді 

екеуара  сыйластық  болса,  бәрі  болады” 

деп жүрген Базарбай қатты қателескенін 

кеш ұқты. Тұрмыс құрғандарына төрт ай 

өтпей  жатып,  басы  бітпес 

дауға  қалды.  Совхоздағы 

өзімен  қызметтес  кісінің 

үйінде  болып,  жұмыстан 

кейін  екі-үш  сағат  өзі 

қатарлы 


әріптестермен 

карта 


ойнап, 

аздап  ащы 

судан  ұрттап 

үйіне  келгені 

де  сол  еді, 

екі 


бүйірін 

таянып  әйелі 

тұр 

қарсы 


алдында.  Көрген 

бойда  кәрі  жыландай  жиырыла 

қалыпты. Мұндайын бірінші рет көріп тұр. 

Көзі аларып, төбесіне түйген орамалының 

бір  ұшы  ағытылып,  қамыр  илеген  ұн-ұн 

қолымен  табалдырықты  аттай  берген 

Базарбайдың  кеуде  тұсынан  “Е-е-й, 

жапалақ,  сүмелек!”–  деп,  қатты  итеріп 

кеп жіберді. Бұл шалқалақтап құлап бара 

жаздап,  әзер  есік  тұтқасынан  ұстап  тік 

тұрып қалды.

–Әй,  жаман  немене,  сен  біліп  қой, 

кімнің үйінде тұрып жатырсың? Қайда 

жүрсің өзің? – деп аузынан қара ит 

кіріп,  көк  ит  шығып,  айтпаған  сөзі 

жоқ,  әй  мұны  әбден  балағаттады-

ай  келіп.  Базарбай  болса  ештеңе 

түсінбеді. Не бүлдіргенін де ұқпады. 

Тек Сыбангүлдің бетпақ әйел екеніне 

сол сәт көзі жетті. Ләм-мим деместен 

бөлмеге  кіріп,  басын  құшақтап, 

екі  құлағын  екі  қолымен  жапқан 

күйі  “естімейінші  сөздерін”  деп, 

жатып  қалды.  Қанша  жатқаны 

белгісіз, оянып сағатқа қарап еді, 

түнгі  11-ді  көрсетіп  тұр  екен.  Қасында 

Сыбангүлі  жоқ.  Жайлап  тұрып  қарап 

еді,  Сыбангүлдің  ас  бөлмеде  жалғыз 

отырғанын көрді. Жалғыз демей қайтсін. 

Бұлар  үйленгелі  жылы  қабақ  шырай 

танытып,  “Қалайсыңдар  көршілер!”  деп, 

іргелес  қоныстанған  көрші-қолаңның 

бірде  біреуі  кірген  емес.  Көрмепті  де. 

Басында бұған дейін еш зейін салып, ден 

қоймапты да. Енді ұғып тұр, көп жайттың 

сырын енді түсінгендей.

Сол  күннен  бастап  Базарбайдың 

құлағынан  шу,  басынан  былайша 

айтқанда,  әңгір  таяқ  кетпейтін  болды. 

“Отырса  –  опақ,  тұрса  –  сопақ”  болды. 

Соның қабақ-қасына қараумен күн өткізді. 

Жастайынан  еркетотай  өскен,  айтқанын 

істеткізіп  үйренген  Сыбангүл  отбасын 

құрған кезде ол мінезін өзгертуі тиіс еді. 

Ол  өйтпеді.  Күйеуін  илеуінде  ұстағысы 

келді.  “Айттым  бітті,  орындайсың!” 

деп. 

Орынды-орынсыз 



Базарбайды 

түртпектеп,  оның  ар-ожданына  тиді.  Бұ 

қылығы  оның  кешірілмес  күнә  де,  үлкен 

қателік еді. 



Әсіресе, “О, қу жетім, о, қу жетім” 

деуінен күйеуінің кетіп, өзінің 

өмір бақи қу бас болып жалғыз 

қалатынын ол сезбеп еді. Не одан 

бала да сүйе алмағаны өзегін өртейді 

бүгін.

Марат ӘБДІХАЛЫҚ,

Қазақстанның Құрметті журналисі,

ҚР Мәдениет қайраткері

Стат

истик

алық  

дерект

ерге 

көз 

жүгіртсек, 

әйел 

заты 

Қазақст

анда 

ер  азам

аттарға 

қараған

да  әлд

еқайд

а  көп 

екен. 

Соның 

өзінде 

үйленб

еген жігітт

ер жетіп 

артыл

ады. Ол

ардың 

арасын

да жасы 

отыз 

тұрм

ақ қырыққа 

келген, 

тіпті 

одан 

да  асқан 

сүрбойд

ақтар 

аз  еме

с. 

Мұндайл

арды 

не  деу

ге  бо

лады?! 

Үйленб

ей, 

өз  алдын

а  от

ау  құрм

ай,  ш

аңырақ 

көтермей, 

тек 

уақыт 

оздырумен 

жүрген 

сүрленг

ен 

бойдақт

арды 

ата-ан

асының 

мойнын

а  масыл 

болып отырған

дар демег

енде ен

ді кім д

ейміз? 

ШАҢЫРАҒЫҢ   ШАЙҚАЛМАСЫН

9

ЖЫР ТҰЛПАРЫ — МҰҚАҒАЛИ

Актёрды демеген — Димекеѕніѕ бір сґзі

“...АУЗЫМДАЄЫ 

ТЇСІП ЌАЛДЫ 

ЄОЙ”

Әуезов театры “Қозы Көрпеш – Баян сұлуды” 



алып  Францияның  Нанси  қаласына  баратын 

болды.  Париждің  маңындағы  қала  екен.  Бұл 

сапарға  барудың  тарихы  қызық...  Нансиде 

өтетін  фестивальдің  президенті  Қырғызстанға 

ұшып бара жатады. Жолда (қыс мезгілі болатын) 

дауыл болып, ұшағы Алматы әуежайына қонады. 

Бірер  күн  осында  аялдауға  тура  келеді.  Содан 

әлгі  президент:  “Бұл  жерде  қандай  театр  бар, 

қарап  жатқанша,  сонда  барып,  спектакльдерді 

тамашалайық”,  –  дейді.  “Мұнда  атақты  Әуезов 

атындағы  академиялық  театр  бар”,  –  дейді 

жанындағы көмекшілері. Дәл сол уақытта бізде 

“Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” спектаклі Әзірбайжан 

Мәмбетовтың  сахналауымен  қойылып  жатқан 

кез  еді.  Олар  сол  қойылымның  үстінен  түседі. 

Спектакль қатты ұнайды. “Біз енді Қырғызстанға 

бармаймыз.  Осы  спектакльді  апарамыз.  Нағыз 

осы  заманға  лайықталып  қойылған  шығарма 

екен”, – дейді.

Сонымен Нансиге баратын болдық. Қонақтар-

ға  сый-сияпат  көрсетіп,  Парижге  шығарып 

салдық. Осы хабардан кейін Димекеңнің өзі келіп, 

соңғы  дайындығымызды  көрді.  Айналасындағы 

атқамінерлері  де  келді.  Халық  көп.  Ыдырыс 

ағам  Қарабайды, біз Әнуар Молдабеков екеуміз 

кезектесіп  Жантықты  ойнаймыз.  Сол  күні 

кезек  менікі  болатын.  Аяқастынан  “Ойбай,  не 

дейсің,  Ыдырыс    ауырып  қалыпты,  дене  қызуы 

40  градусқа  көтеріліп  кетіпті”  деген  сөз  тарап 

кетті.  Мәмбетов  бізге  Ғабдош  Сүлейменовті 

табуды  тапсырды.  Ол  Қарабайды  ойнайтын, 

бірақ,  Нансиге  баратын  тізімде  жоқ  еді. 

Қонақта  отырған  жерінен  таптық.  Ептеп  ішіп 

қойғанын, сөзден жаңылысып кетсе үлкен кісінің 

алдында  ұят  болатынын,  кейіпкердің  сөздерін 

қайталамағанын  айтып,  ойнаудан  бас  тартты. 

Әрі-беріден  соң  жалынып  жылады  да.  Бірақ, 

бірбет  Мәмбетов  “Ничего  не  знаю,  ойнайсың” 

дейді ғой баяғы.

Ғабдош  маған  келді.  “Сәбитжан,  егер  бір 

жерінде мүдіріп, кідіріп қалып жатсам, ары қарай 

өзің алып кетерсің”, – деді. “Жарайды”, – дедім 

мен.  Сонымен  спектакль  басталды.  Ойнап 

жатырмыз.  Димаш  ағамыз  Зухра  жеңгеймен 

бірге келіпті. Қызықтап қарап отыр.

Спектакльдің  басында  Қарабайдың  “Жау! 

Жау!”  деп  ұйқысынан  шошып  оянатын  жері 

бар.  “Қарабайдікі  дегенде  қызықпайтыны 

болсайшы  бұл  жұрттың.  Айналаның  бәрі  жау, 

торлап  тұрған  бір  жау!”–  дейді.  Спектакльдің 

өзі содан басталады. Мен жоғарыда бәрін көріп 

Жантық  болып  жатырмын.  Ғабдош  алғашында 

“Жау!”  деп  жақсы-ақ  айтты.  Бір  кезде  жарқ 

етіп  аузынан  бірдеңе    ұшып  кеткендей  болды. 

Ғабдоштың  даусы  өзгеріп  “Фау!  Фау!”–  деді 

де  қалды.  Мәмбетов  “Үндеме,  аузыңды  жап, 

молчи!”–  деп  ымдап  әрі  ақырын  дауыстап  тұр. 

Зухра  жеңгей  шек-сілесі  қатып  күлді.  Димекең 

зайыбын  ақырын  ғана  түртті.  “Күлкіні  тоқтат, 

жаңылыстырасың”  дегені  болар.  Мәмбетов 

жарық  түсірушіге  “Ғабдоштың  аузынан  бірдеңе 

түсті,  тісі  болуы  керек,  жарықты  түсір,  тауып 

бер”  деп  ымдады.  Түскен  жарықтан  Ғабдош 

тісін көрді де шөп-пөбімен аузына салып жіберіп: 

“Жау!” – деді. Даусы өте жарқын естілді. Димаш 

аға  сол  кезде  кеңкілдеп  тұрып  күлді.  Ғабдош 

одан әрмен сөзін жалғап: “Атың өшкір, Жантық, 

қайдасың?”– деді. Мен “Жәй ме, Қареке!” – деп 

жүгіріп  келдім.  “Жәй  болушы  ма  еді?  Жәй  

болушы ма еді... Аузымдағы түсіп қалды ғой”, – 

деді. Көрермен естіп отыр. Бәрі жапырыла күлді. 

Қыран  күлкі...  Мен:  “Ештеңе  етпейді,  Қареке, 

түсіңізді  айтайын  деп  пе  едіңіз?”–  дедім.  Түсін 

айтты.  Түсін  жамандыққа  жорыдық.  Сонымен 

не  керек,  спектакль  бітті.  Бәрімізде  үрей  жоқ. 

Әсіресе,  Мәмбетов  күйіп-пісіп  жүр.  “Енді  бәрі 

бітті,  ешқайда  бармайтын  болдық”,  –  деп, 

қайта-қайта  Ғабдош  Сүлейменовті  балағаттап 

қояды. Ол болса “Бұрын мұндай жағдай болған 

емес,  осы  бірінші  рет”  –  деп  ақталып  жатыр. 

Министріміздің де (аты-жөні есіме түспей отыр) 

қабағы түсіп кеткен. Қабағы тұнжыраулы...

Спектакльден  кейін  Димаш  ағамен  кездесу 

болды.  Үлкен  кісі  не  дер  екен  деп  жым-жырт 

отырмыз. Димаш аға:

–Қарабайды  мына  інішек  өте  жақсы  ойнады, 

–  дегені.  Біз  аң-таң  болдық.  Әзірбайжан 

Мәмбетов:

–Димеке,  бұл  жігіт  Парижге  бармайды. 

Ноғайбаев ауырып қалып, соның орнына ойнады. 

Бұл  екінші  кезекте  ойнайтын  әртіс.  Бүгін  ептеп 

қателік  жіберді.  Аузындағы  тісіне  ие  болмай. 

Кешіріңіз, – деп бәйек болып жатыр.

Димаш аға:

–Жоқ,  бұл  жігіт  өте  жақсы  ойнады,  –  деді 

алғашқы сөзін нығырлай түсіп. Біз әлі аң-таңбыз. 

Үлкен  кісінің  бұл  шыны  ма,  әзілі  ме,  білмей 

далмыз. 


Димаш аға Мәмбетовке тесіле қарап:

–Бұл неге Францияға бармайды?– деді.

–Тізімде жоқ, – деді басшылардың бірі.

–Ол  сендерді  қиын  жағдайдан  құтқарады. 

Сендер 

оны 


сапардан 

қалдырасыңдар. 

Бұлай  жарамайды.  Қаражат  қажет  болса, 

қарастырамыз.  Кіргізіңдер  тізімге,  –  деп  қадап 

айтты.  Ұжымның  сапарға  бару-келу  мәселесін 

де сол жерде толық шешіп берді.

Осылайша  Ғабдош  Сүлейменов  Парижге 

барды.  Сол  уақытта  ол  қалада  футболдан 

чемпионат  өтіп жатқан еді, соны тамашалады. 

Нансиді әбден аралап көрді. Бірақ, спектакльде 

ойнаған  жоқ.  Ыдырыс  Ноғайбаев  ойнады. 

Ғабдош  екі  сөзінің  бірінде:  “Айналайын  Димаш 

ағам не деген данышпан еді”, – деп айтып жүрді. 

Өзімізде үлкен кісіге керемет риза болдық.

“Это мой 

собственный нос”

Мәскеуге  “Қобыланды”  спектаклін  көрсетуге 

апардық.  Ол  кезде  біздің  театрдың  дүркіреп 

тұрған  кезі.  Бас  режиссеріміз  Мәмбетов. 

Серағаңның 

(Қожамқұлов) 

өзі 


ешкімге 

ұқсамайтынын  айттым  ғой.  Мінезі  де  шатақ 

болатын.  Бетін  әрлеп  жатқан.  Бәріміз  қатар 

отырғанбыз.  Бір  жастау  режиссер  Серағаңның 

қасына келіп: “Вот такой нос не годится”, – деді. 

Серағаң  ала  көзімен  бір  қарады  да,  бетін  бояй 

берді.  Әлгі  жігіт:  “Теледидарға  көп  бояудың 

қажеті жоқ”, – деді де кетіп қалды. Серағаң ол 

кеткесін:  “Жаңағы  бала  не  деп  кетті.  Нос  деп 

айтты ғой”, – деді. “Ол бірдеңені түсінбеген ғой”, 

–  дедім  мен.  Бір  кезде  әлгі  режиссер  қайтып 

келді  де,  Серағаңның  қасында  тұрып  алып:  “Я 

же  вам  на  русском  языке  говорил.  Вот  такой 

нос не годится. Половину надо убрать”, – деді. 

Серағаңның  көздері  шатынап  кетті.  Орнынан 

тұрды  да:  “Это  мой  собственный  нос”,  –  деп, 

мұрнын  қолымен  періп  жіберді.  Мұрны  дір-

дір  етіп  барып  тоқтағанда,  әлгі  режиссер  жігіт 

шалқасынан құлады. “Ой, извините пожалуйста, 

извените”,  –  деп  қайта-қайта  жалынып  бәйек 

болды. Бұл енді  кішкентай ғана деталь.

Баяғыда  Құрекең  Серағаң  спектакльдердің 

кестесін  оқып  тұрғанда:  “Әй,  Серке,  мұрныңды 

жинашы,  біз  өтіп  кетейік”,  –  деп  қалжыңдайды 

екен.

  САХНА САҢЛАҚТАРЫ

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік 

сыйлықтың лауреаты, белгілі актер, сахна саңлағы 

Сәбит  Оразбайдың қазақ театры мен кино өнері 

тарландарының сахна сыртындағы әзіл-оспағын, театрдан тыс тіршілігін, қарапайым өмірдегі 

әртүрлі қызық оқиғаларын және өнер жайындағы өз ой-толғамын арқау еткен «Өмірдің өзі 

– театр» атты кітабынан. (2014 жылы «Алматы ақшамының» кітапханасы негізінде жарық 

көрген эсселер, естеліктер, ой-толғамдары). 

Сахна саңлағы, танымал актер Сәбит Оразбай осы таяуда 80 жасқа толды. Мерейтой иесін 

шын жүректен құттықтаймыз біз де.     

Сәбит  Оразбай, 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

ƏЙЕЛДЕР-АЙ!

Əйелдер-ай!

Əйелдер-ай!

Қандайсың?!

Əдемі боп кетіпсің ғой əрқайсың.

Біреу жеріп тұрса дағы қалмайсың,

Біреу сүйіп тұрса дағы бармайсың.

Əйелдер-ай!

Əйелдер-ай, қандайсың?!

Əйелдер-ай!

Əйелдер-ай, қулар-ай,

Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай!

Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,

Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай.

Əйелдер-ай!

Əйелдер-ай, қулар-ай!

…Əйелдерді еркектерден көп дейді.

Ойбай,

Ойбай!..


Бола берсін көп  мейлі!

Əйел деген əдемі ғой, əдемі,

Əдемілік бізге көптік етпейді…

Ақиық ақын, жыр тұлпары МҰҚАҒАЛИ 

МАҚАТАЕВ тірі болғанда 9 ақпанда 

85 жасқа толар еді. Бүгінде ақынның 

көп өлеңіне ән жазылған. Халық 

ақынның өлеңдерімен қоса, сол әндерді 

де сүйеді. Таяуда Астанада ақын 

шығармашылығына арналған «Жыр 

тұлпары – Мұқағали» атты ән-жыр 

кешінің өтуі соның айғағы. 

     ***


Ґткінші жаѕбыр

Өткінші жаңбыр өрекпіп барып өткенде,

Үздік те создық тырнаның үні жеткенде,

Киіз үйлерге қараймын-дағы бөктерде,

Ырза боламын осы бір ырғын көктемге.

Тау бастарына тамаша бұлттар шөккенде,

Ұшырып бұлтты ескек жел алып кеткенде.

Қараймын дағы мұрты өсіп қалған көктерге,

Ырза боламын ырыс әкелер көктемге.

Лайсаң болсын, оқыстан кейде қар жаусын,

Абырда-сабыр шаруа қайта қамдансын,

Адамдар, мейлі, алдамшы күнге таңдансын,

Сонда да, көктем, сонда да маған армансың.

Көктемнің күні көңілім менің тәрізді,

Көктемнің аты – көктем ғой, досым, жаны ізгі.

Бүрін жара алмай бусанып жатқан жусаннан

Шырылдап шығып бозторғай, әне, ән үзді...

Апырау, мынау аңсатып жеткен көктем бе?!

Аспан да, жер де, айнала тегіс көкпеңбек.

Толассыз сағым толықсып ағып барады,

Аймалап жерді, аймалап тауды бөктерлеп...


10

Если вы заболели, лечение может назначить только врач

Келгенбіз  бұл  өмірге  өлуге”  деп,  ақиық 



ақын  Мұқағали    айтқандай,  тірі  пенденің 

бәрі, бәріміз бір-бірімізге қонақпыз. Алайда, 

өкінішке  орай,  мына  жалған  дүниеде  уақытша 

жер  басып  жүргенімізді  ұмытып,  дүние  қуып, 

сол  үшін  бір-бірімізбен  көрместей  болып  бет 

жыртысып  жататынымыз  да  ақиқат.  Жалғанда 

жүрегі  жараланбаған  жан  жоқ  шығар,  сірә.  Сен 

біреуді  ренжітпегеніңмен,  сені  біреудің  күтпеген 

жерден  көңіліңе  қаяу  түсіретіні  хақ.  Ол  өзінікін    

дұрыс  деп  санайды.  Өзінің  іс-әрекетіне  бек 

сенімді сенің бет-жүзіңе қарамайды, балағаттап, 

айбат көрсетуі де кәміл. “Сыбырлағаныңды құдай 

естімейді ме?” деген сөз бар. Кімнің ақ, кімнің қақ 

екені ондайда бір Аллаға ғана аян.

Біреулер  бала  сүюге  зар  болса,  енді 

біреулердің айтқан тілін алмайтын зар қақсатқан 

өз  баласынан,  тіпті,  тізгінді  тартқанға  көнбей, 

тағы  боп  өскен  барлық  балаларынан  да  жеріп 

жатқанды естіп, көріп те жүрміз. Қартайған ата-

анасына  қарамай  кеткен  тасжүректерді  мына 

өмірде жоқ дей алмаймыз. Баласы ауқатты бола 

тұра келіні мен баласының теріс айналуынан да 

өмірінің  соңғы  күндерін  “Қарттар  үйінде”  өткізіп 

жатқандар  қаншама.  “Келіп  қалар  ма  екен?” 

деп,  күнде  жолына  қарап,  өз  кіндігінен  шыққан 

баласын  немесе  одан  туған  немересін  көзі 

қарауыта күтіп жүрген қарттарды теледидардан 

көрсеткенде,  жүрегің  сыздайды.  Осындай 

деректер  негізінде  түсірілген  телефильмдер 

соңғы  кездері  көрермендерге  телеарналардан 

жиі  көрсетіліп  жүргенін  мен    құптаймын.  Оның 

тентек  те  тәкәпбар  пенделердің  ойлануына, 

қартайған  қауқарсыз  ата-анасына,  ет  бауыр 

жақынына  қамқор  қолын  созып,  мүшәпір 

жанның көңілін аулауына септік жасауына түрткі 

болар деймін. Әрине, онда да “Бұқаға туған күн, 

бұзауға да туады” деген о заманнан келе жатқан 

тәмсілден  сабақ  алар  санасында  титтей  де 

болса ойландырар сәуле болса. Ал, 

болмаса ше?! Онда үміттің үзілгені.

Жақында  теледидардан  “Өмірдің 

өзі  –  новелла”  атты  телефильмді 

көрдім. Мына өмірде бар деректерге 

сүйеніп түсірілген. Қысқаша мазмұны 

төмендегідей. Зайыбы қайтыс болып, 

қартайған  қауқарсыз  жалғыз  қалған  әке  бір 

өзі  ауылындағы  үйінде  тұрады.  Үш  ұл,  бір 

қызды  дүниеге  әкелген  еді,  олар  ержетіп,  бәрі 

де  дерлік  қалада  тіршілік  жасайды.  Ең  кенже 

ұлы  университетте  оқиды.  Сөйте  тұра  әлгі  екі 

бауыры мен әкпесі онымен еш байланысы жоқ, 

не  істеп,  не  қойып  жүргенінен  тіпті  хабарсыз 

десек  те  болады.  Ауылдағы  үйіне  әкесінің 

бәріне  жеке-жеке  хат  жазып,  “келіңдер, 

қалған 500 малды сендерге бөліп берейін 

деп  едім,  қартайған  менде  енді  хал  жоқ”, 

дегенінен  соң  барып,  бірінен  кейін  бірі  әке 

үйіне жамырай келеді ғой баяғы. Әкелерінің 

жалғыз 

қалғанына, 



оның 

хал-жағдайын 

сұрап,  білу  дегеннен  еш  шаруалары  жоқ 

ешқайсысының. Тіпті, үлкен ұлы ең кенже інісінің 

университетте  оқитынын  осы  жерде 

жаңа  естіп  біледі.  Бәрі  жиналған  сәтте  қуанған 

әке  дидарын  көрсеңіз.  Бәрін  ауыл  маңына, 

кеткелі  ат  ізін  салмаған  балаларын  табиғатты, 

малын көрсетуге ертіп шығады. Бір кезде таяққа 

сүйеніп  әзер  жүретін  әкесінің  бір  өзін  айдалаға 

жалғыз тастап, “біз шаршадық” деп, бірінен кейін 

бірі  үйді  бетке  алып  жүгіре  жөнеледі.  Міне,  осы 

бір қысқа детальдан ғана көп ой түюге болады. 

Біріншіден,  қазақ  ешқашан  үлкен  болсын,  кіші 

болсын  беталды  үйіне  қарай  жүгірмеген.  Ол 

–  жаман  ырым!  Жүгіргендерді  “жаманшылықты 

шақырма!” деп, тыйып тастаған. Екіншіден, өзінен 

тараған төрт баласы, ерген бір келіні және жалғыз 

қызынан дүниеге келген жетінші сынып оқушысы  

Мәдина есімді жиен немересі бар бәрінің қартты 

қолтығынан  демеп,  сүйемей,  айдалаға  бір  өзін 

жападан жалғыз тастап кетуі – үлкен қатыгездік 

еді.  Осы  көріністің  өзінен-ақ  қарттың  қатыгез 

балаларына деген көңілің бірден суый бастайды.

Төрт баласы бар қартқа қарағанда күнде ішіп, 

арақтан аузы бір босамайтын көршісі әлдеқайда 

бақытты  еді.  Анда-санда  кіріп,  хал-жағдайын 

сұрап тұрады. Ол бір перзент сүймедім деп қайғы 

жұтып  ішеді.  Іргеде,  әйелі  екеуі  ғана  тұрады. 

Дастархан  басында  әкелерінің  “Жалғыз  тұра 

алмаймын,  шаршадым,  мені  өздеріңмен  бірге 

алып  кетіңдерші!”  деп  жалынғандай  болған  бір 

ауыз сөзін естісімен, бірінен кейін бірі түрлі сылтау 

айтып, шаруамыз бар еді деген желеумен, қалаға 

тайып  тұрған  безбүйрек  балаларынан  соңғы 

үмітін үзіп, жалғыз өзі төсек тартып, теріс айналып 

жатып  қалған  қартқа  қолында  бір  шиша  арағы 

бар әлгі көршісі кіреді. “Оу, көрші, балаларыңыз 

қайда?  А-а,  бау-бақшада  қыдырып  жүрген  ғой. 

Сіз  қандай  бақыттысыз”  дейді.  Бұған  ләм-мим 

демей үнсіз жатқан қарт бір кезде ауыр күрсініп, 

“Сен балам жоқ дейсің. Сол  балаларымды сен 

алшы. Саған беремін” дейді әзер тілге келіп.

–Қалай?! – деп, таңқалады көршісі.

–Солай... Қайта баласы жоқ сен бақыттысың 

маған  қарағанда.  Бақытты  сенсің,  көршім. 

Мұндай балалар бергенше... Өтінем, сен ішпеші. 

Сен  бәрібір  бақыттысың,  –  дейді.  Көршісі  бәрін 

іштей түсініп: “Мен енді ішпеймін!” деп, бір шиша 

арақты жерге атып ұрады.

Міне, өмір. Міне, тағдыр!

Қарттың  ақыры  көзі  жұмылған.  Қатты  қайғы 

жұтып, өмірі осылайша өкінішпен өтті. Жерленген 

зиратының  басына  жиылып,  бірі  ойланып,  енді 

бірінің көзіне сәл үйіріліп келіп қалған бір тамшы 

жасты сүртіп, сүреңсіз кейіпте селдірей отырған 

балаларына әкелерінің айтқан соңғы сөзін айтып, 

жеткізуші  көршісі  бүккен  тізесін  жазып,  бедеу 

келіншегінің қолынан демеп, көтеріле берген еді. 

Екеуі үйлеріне қарай бет алып бара жатты. Иә, 

күрсініп  өткен  қартқа  қарағанда  олар  сол  сәт 

әлдеқайда бақытты еді.

Қатыгез  сол  балалар  расында  қартаймай 

ма?  Есейеді,  қартаяды.  Кімді  өмірінің  алдында 

не  күтіп  тұр?  Ол  бір  тәңірге  ғана  аян.  “Әкеңе 

не  істесең,  алдыңа  сол  келеді”  деген.  Өйткені, 

жанары  жабылмайтын  мына  өмірде  ешкім  жоқ. 

Ешкім де мәңгілік емес.

Қазіргі нарық кезеңінде ауыл ауылда, қаланың 

іргесінде  сатуға  жарайтын  жерлердің  бәрі  де 

сатылды.    Оны  қалың  қалталылар  иемденді. 

Алсын,  кәдесіне  жаратсын.  Бау-бақша  ексін, 

бала-шағасына үй салып берсін. Бірақ, сатылым, 

сауда жүрген жерде дау да жүреді. Оған өмірден 

алынған бір мысал.

Мен  білетін  бес  ағайынды  жігіттің  әкесінің 

отбасында үйінде қалған сүт кенжесі бар, ол да 

үйлі-баранды, жасы елуден асты қазір. Әкесінен 

балаларына пайға мұра болып қалған, қосалқы 

шаруашылық жұмыстарын жүргізу мақсатындағы 

құдайым-ау, жаңылыспасам, бес гектардай жерді 

сол осы Алматыдан барған бір қалталы азаматқа 

бақандай бес миллион долларға кезінде сатқан 

екен.  Әрине,  мұны  жергілікті  тұрғындардан 

естідік.  Күндердің  күнінде  әлгінің  бірге  туған 

бауырларына сауда жасаудағы шикілігі аяқасты 

белгілі болып, арты ағайындылардың ақша үшін 

араздасқан  үлкен  дауға  айналғанынан  жұрт 

хабардар.  Сөйтсек,  қолға  тиген  бес  миллион 

доллардың  орнына,  пендешілік  қой,  әлгі  жігіт 

бауырларына  төрт  миллион  долларға  саттым 

деп жалған айтыпты. Бір миллионы қалтасында 

қалған  ғой,  оның  үстіне  қалған  доллардан  да 

оның  алатын  үлесі  тағы  бар.  Міне,  көрдіңіз  бе, 

ақша дегеніңіз не істетпейді? Бес ағайындының 

қолдарына  тигендері  де  аз  ақша  емес  қой, 

тәйірі.  Әрқайсысына  800  мың  доллардан 

келеді. Әкелері де, шешелері де өмірден  озды. 

Адамның  көзі  тойған  ба?!  Уақыт  озар,  бұл 

жігіттердің бәрі де қартаяр. Ал, сеңдей бұзылған 

көңіл жыртығы қайтсе жамалады енді! Жамалған 

күннің өзінде тігісі келіспей,  көзге көрініп тұрары 

хақ.  Бұрынғыдай  бүтін  қалып  енді  келмеске 

кетті,  көңілде  мәңгілік  кірбің  қалды.  Сондықтан, 

жақыныңмен де, жан-жағыңмен де дауласпағаның 

дұрыс.  Өйткені,  бәрінің  де  баратын  жері, 

кездесетін жері – біреу. Ол – көпірдің арғы беті. 

Жанары  жабылмайтын  жан  жоқ  дейтініміз  де 

сондықтан,  ағайын.  Өмір  сабақтарынан  дәріс 

алайық. Кем көрмейік өзімізді, тең көрейік!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет