Мінез жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерек



бет1/5
Дата29.04.2022
өлшемі52 Kb.
#32823
  1   2   3   4   5

Мінез - жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.

Мінез нақты адамнык шыншыл, адап, ақкөңілдігіне орай сипаттапмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс берегін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.

Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал солардың бәрі де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші - адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын тандаулы қасиеттері. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекілік көрсетсө, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиеті деу жөн емес. Жайдары мінезді, көңілді адамның өзі кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен бастауын алып, мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады. тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамнын ойлау, сезім, сипатын бірлікті анықтап барады. Мұнда адамның бл өмірін жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. Дегенмен. мінездің нақты қалыптасуы әртүрлі деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қапыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда аодакталатын адамгершілік, қоғамдық құндылықтарға тәуелді мүшелерінің мінез ерекшеліктері орнығады. Мінез бітістері, сонымен бірге тұлғаның отбасындағы абройы басқа мүшелерімен арақатынасына байланысты , аса қажет болса, өзгеріске түседі. Жоғары денгейлі дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де ұнатады бітістерінің қалыптасуына оң әсер етеді. Жақсы мінезді адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейін арттыра түседі.

Қоғам әсерлері мен ықпалдарын бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның заттай және рухани қажеттеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мұраттарына ж.т.б. негіз бо-лады. Бағыт-бағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жоспарды іске асыруда қажет белсенділік деңғейін белғілей апады. Мінезге орай адамның дүние тапғамы, өмір мәні, белгіленғен мақсат-мүдделерінің, әдекет қылықтарының себептері ашылады. *

Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешуші мәнге ие. Әр қоғамның өзіне сай маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне осы міндеттерді іске асыру барысында мінез қалыптасады. Кейін солар түрғысынан тексеріледі, бағаланады. Сондықтан да мінез қандай да адам қасиетінің (төзімділік, өжеттік т.б.) көрінісі ғана болып қоймастан, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке болған бағыт-бағдар сипатын аидатады. Осыдан мінездің тыңғылықтылығы, біргелкілігі адамның өмірлік бағыт-бағдары негізінде нақты бір қалыпқа келеді. Мінез қалыптасудағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы - босбелбеулік, мінезсіздіктің белгісі. Солайда болса, жеке адам мінезі мен оның бағыт-бағдары екітапай нәрсе. Алдыңызға ақ көңіл кейіппен келген адамның бірі - ізгі ниетті де, ал екіншісі - жауыз болуы мүмкін. Жеке адам бағыт-бағдары оның барша әрекет-қылығына із береді. Әрдайым қылық "осылай болсын" деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының біртұтас жүйесіне неғізделеді, ал бүл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мінезіне белгілі сипат ендіреді.

Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштерше өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас Жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез- құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым- қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет