Мінездегі типтілік пен индивидуалды ерекшелік жайлы мэселені дұрыс шеше білу зор педагогикалық мәнге ие



бет1/10
Дата19.06.2022
өлшемі121 Kb.
#37043
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ЖОСПАРЫ


І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1 Қабілеттер концепциялары
ІІ.2 Нышан және қабілет
ІІ.3 Педагогтық қабілет және оның құрылымы
ІІ.4 Қабілеттердің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара
байланысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басьшан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.
Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен түрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда - адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған.
Адамның психика туралы нақтылы көзқарасын оның жеке өмір тәжірибесі қалыптастырады. Қоғамдық жэне жеке тәжірибелерден алынған психологиялық қарапайым мәліметтер, бірлесіп еңбек ету үрдісінде, бірлесіп өмір сүру кезінде басқа адамның әрекеттері мен қылықтарына дұрыс жауап қайтаруға қажетті шарттар болып саналатын, ғылымға дейінгі психологиялық ілімдерді құрайды. Бұл ілімдер қоршаған адамдардың мінез-құлықтарына бағыт-бағдар беруге дұрыс ықпал етуі мүмкін. Алайда, олар дәлелсіз, тереңдетілмеген жүйесіз болып табылады. Біз оларды тек өз тәжірибеміз арқылы ғана емес, сонымен қатар көркем әдебиет, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, мысалдар арқылы меңгереміз. Міне, осылар қазіргі заманғы психологияның барлық психологиялық теориялары мен салаларының бастаулары болып саналады.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бүл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология кене әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пэн ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі.
XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нүхқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау жэне жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Бұл XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы және зерттеудің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне үлдтасты. Бірақ XIX ғасырдың соңындағы теориялардың барлығы және XX ғасырдың теорияларының бір белігі сананың интероспективтік психологиясының теңірегінде жасалды. Бұл теория психологиялық зерттеулер пәнінің шынайы қоршаған ортадан және адамдардың практикалық әрекеттерінен тыс қаралатын, адамға түсінікті уайымдар аумағының шектелеуімен сипатталады. Сана мен мидың ара қатынасы туралы мәселе дуализм ұстанымының басымшылығымен осы теориялар арқылы шешімін табады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет