Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет15/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   90

 

Мұның  өзі  Исламға  дейінгі  діндердің  бірін-бірі  толықтырып  отырғандығына,  бәрінің 

қайнар көзі - бір Жаратушыға мойынсұну екендігіне дәлел бола алады. Біз християндар мен 


 

98 


яһудилерді кітап иелері деп танимыз. Ендеше, бәрімізіе ортақ «Иман келтіреміз» деген сөзді 

тілмен  айтып,  жүрегімізбен  бекіту  арқылы  Жаратушы  иемізге  баршамыз  шынайы 

сүйіспеншілікпен  бой  ұсынайық!  Жаратқан  иемізден  біздің  сенімімізді  күшейтіп, 

жүректерімізге  кіршіксіз  адалдық  ұялатып,  баршамызды  хақ  тура  жолынан  адастырмауын 

сұрайық. 

Жалпы,  ертеректегі  ғұлама-ғалымдардың  пайымдауынша,  ел  болып  қалыптасу  үшін 

бірқатар  тіректердің  болу  қажеттілігі  айтылады.  Олар:  діні,  тілі,  жері,  тарихы,  ұлттық 

тағамы,  ұлттық  салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары.  Сондай-ақ,  әр  ұлттың  өзіне  тән 

ерекшелігі тағы бар.  

Қазақ  халқының  ұлттық  салт-санасы  мен  әдет-ғұрыптары  Ислам  дінімен  тығыз 

байланысты.  Дін  мен  ділдің,  салт-сана  мен  шариғи  ғұрыптардың  өзара  астасуы  елдің 

бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды. 

Қазақтың  киелі  топырағынан  қаншама  ғұламалар  шықты.  Аты  әлемге  мәшһүр,  екінші 

ұстаз атанған әл-Фараби, ақын-шайыр, сопы Қожа Ахмет Иассауи,  атақты ғалым Сүлеймен 

Бақырғани, т.б.  Олар үлкен ғалым  болумен қатар барлығы діннің аса білгір маманы да еді.  

Біз  өскелең  ұрпақ  осындай  ұлы  адамдардың   жерлесі   болғандықтан,  олардың  атына  кір 

келтірмеуге тиіспіз.     

Ұлттық  мәдениет  халықтың  ертеден  келе  жатқан  өзіне  тән  өнері,  әдет  -  ғұрпы,  салт  - 

дәстүрлері негізінде жетілгені айқын. Ғасырлар бойы електен өтіп, ұрпақтан – ұрпаққа мұра 

болып келе жатқан халқымыздың мәдени салт - дәстүрлерін жан - жақты зерделеп, оның сан 

қырлы  тәлім  -  тәжірибесін  кәсіптік  мектептің  жас  буынын  тәрбиелеуде  кеңінен  пайдалану 

қажет. 


Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2030  стратегиялық  бағдарламасында    жас 

ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  берудің  негізгі  идеялары  туралы  «…Олар  бабаларының  игі 

дәстүрлерін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық, экономика жағдайында жұмыс істеуге 

даяр болады» деп көрсетілген 

Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі  басты мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыту, соның 

ішінде  менің  тоқталатыным  кәсіптік  білім  беруде  оқушылардың  имандылық  тәрбиесін 

қалыптастыру.    Кәсіптік  білім  беру  мектептеріндегі  оқушылардың  өзінің  өмірдегі  орнын, 

атқаратын  міндетін,  қазірігі  және  болашақ  ұрпақ  алдындағы  жауапкершілігін,  дүниенің 

күрделі  құрылымын  түсіну  және    өзін-өзі  үздіксіз,  бірқалыпты  жетілдіруге  тәрбиелеу 

маңызды  шара.  Адамның  тәндік,  физиологиялық,  психикалық  және  әлеуметтік  дамуын 

рухани дамудың өлшемі ретінде алуға болады. 

Жалпы  даму  дегеніміз  –  адамның  тәндік,  жандық  және  рухтық  сипатының  біртұтас 

үйлесімділікте  өрбуі,  яғни  дүниедегі  адам  болмысының  көздеген  мақсаты.  Егер  әр  түрлі 

ғылым  салалары,  мәселен,  тәнтану,  физиология,  психология,  әлеуметтану  адам  дамуының 

мүмкіндігін, оның тетігін анықтаса, педагогика дамудың қалай, қандай жағдайда, не арқылы 

жүзеге  асырылатынын  сипаттап,  көрсетеді.  Даму  күрделі,  қозғалмалы  үрдіс  болғандықтан, 

тәрбие арқылы ұрпақты жетілдіру тәжірибесі өзара 

Рухани даму тұлғаны қалыптастырудың өзегі болып табылады. сабақтасады. Ал рухани 

даму  дегеніміз  –  өзінің  өмірдегі  орнын,  атқаратын  міндетін,  қазіргі  және  болашақ  ұрпақ 

алдындағы  жауапкершілігін,  дүниенің  күрделі  құрылымын  түсіну  және  өзін  –  өзі  үздіксіз, 

бірқалыпты жетілдіру болып табылады.    

Тәрбие  бір  ұрпақтың  тәжірибесін  екінші  ұрпаққа  жалғастырушы  үрдіс,  осы  арқылы 

адамды  дамытады.  Тәрбие  барысында  адамның  дамуына  басшылық  жасалады,  оны  тәрбие 

арқылы  жеделдетуге    немесе  өзгертуге  болады.  Нәтижелі  тәрбие  тұлғаны  дамытады.  Осы 

орайда  ХХI  ғасырдың    алғашқы  жылдары  діни  –  имандылық    мәселелеріне  байланысты              

А.  Елемесова  «Абай  мұрасындағы  рухани  имандылық  тәрбие»  (2010ж.),  Н.С.Әлқожаева 

«ХХI  ғасыр  Екінші  жартысындағы  ағартушылар  мен  мұраларындағы  имандылық 

идеяларының  дамуы»  (2001ж.)  тақырыптарында  кандидаттық    диссертациялар  қорғап,  ұлы 

демократ - ағартушылар Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларындағы имандылық идеяларды жас 

ұрпақ  тәрбиесінде  пайдалану  жолдарын  көрсетті.  Бұл  еңбектерді  педагогика  ғылымындағы 



 

99 


жаңа бағыт, тың арна деп қабылдауңа болады. Ислам дінінің мән–мазмұнын, оның тәрбиелік 

қырларын  қазақ  халқының  салт  -  дәстүрлерімен    сабақтастыра  зерттеген  ғылыми–

педагогикалық  еңбекке  педагогтар  қауымы  бүгінгі  күні  өте  зәру.  Балабақшаға,  мектепке, 

жоғары оқу орындарына арналған рухани имандылық тәрбие берудің нақты бағдарламалары, 

оқу - әдістемелік құралдары әлі жасалынған жоқ. Бұл мәселе жөнінде  Ресейдегі оқу – тәрбие ісі 

көш  ілгері.  Мысалы,  Ресей    үкіметі  сыныптан  тыс  уақытта  православие  мәдениетін  тәрбие 

жұмысына пайдалануды жоспарласа, Татарстан әлдеқашан Ислам дінінің қағидаларын мектептің 

оқу  –  тәрбие  ісінде  пайдаланады  себебі,  «…біздің  дініміз  біздің  ұлт  болып  қалыптасуымызға, 

халық болып, тәртіпті,тәрбиелі ел болып өмір сүруімізге көп қызмет еткен дін. 

 

 



 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1. Бағашар Қ. «Исламдағы жастар тәрбиесі» - Алматы, 2010 



2. Уаев А. «Мұсылман балаларды тәрбиелеу» - Алматы, 2009 

 

Түйін



 

Бұл  мақалада  қазақ  жастарының  имандылық  және  әдептілік  тәрбиесі  діннен  негіз  алу 

керектігі мен қазақ зиялыларының ұлттық тәрбие  туралы ойлары айтылған.  

 

Резюме



 

В  статье  исследованы  вопросы  развития  духовности  и  нравственного  воспитания 

казахской  молодежи,  рассмотрены  взгляды  казахских  мыслителей  на  проблему  влияние 

религии на национальное воспитание молодежи. 

 

Summary 

The problems of spirit and moral upbringing of kazakn youth are researched in this article and 

point of  kazakh thinkers on the problems of religion  influence on tne national education of youth 

are considered here as well. 

 

 

ЭМОЦИОНАЛДЫ



-ЭКСПРЕССИВТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ 

ЛЕКСИКА

-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ 

 

 

Закенова Б.З.

 

Республикалық медицина колледжінің оқытушысы 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Өзіндік  экспрессивті  сыр-сипатқа  мол  сала  әр  стильдің  синтаксистік  мүмкіншілігін 



көрсетеді.  Мысалы:  Әйнектен  сонау  ойда  ордадай  болып  жатқан  ел-жұртына  көз  салды. 

«Моп-момақан  –  деп  күбірледі,  -  ішіне  пішіне,  ордалы  жылан  секілді.  Ата  қонысында 

атаңның  құны  бардай  бардай  неге  өшігесін?»  :  -  деп  жер-жеберіне  жетіп,  тәубаға  келтірер 

келтірер адам жоқ болған соң күпір айға бара береді де... [ О.Бөкеев]. 

Талданып  отырған  мысалдағы  «Моп-момақан»  үстеу  сөзі  негізінен  жағымдымәндегі 

эмоционалдылексикаға  жатады.  Бірақ  экспрессиялық  тұрғыдан  алсақ  жағымсыз  мәнде 

жұмсап, кейіпкердің ел-жұртына, туған жеріне деген ренішін байқатып отыр. Яғни мұндағы 

қосарланған  үстеудің  алғашқы  сыңары  күшейткіш  мәнді  білдіріп  тұрмағандықтан  да 

сөйлемнің экспрессивтілік әсер күші басым болып тұр. 

Әдетте,  сөйлеуші,  ой  иесі  өзіне  әсер  еткен  іс-әрекетіне,  жағдайына  қашанда  қатысты, 

байланысты  болып  тұрады.  Соған  орай,  айыптаушыны  қолдау,  жақтау  немесе  жақтырмау, 

әзіл-оспақ.  Кемсіту,  мазақтау,  сүйсіну,  жек  көру,кекесін,  аяушылық,  құрметтеу  сияқты 



 

100 


түрлі  сезімнің  ықпалында  экспрессияның  реңкі,  бояуын  айқын  берілетіні  бақалып, 

тыңдаушының  көз  алдына  қолданысқа  байланысты  ұлтқа  тән  көріністерді  әкеледі, 

тыңдаушыда эмосиялық әсер пайда болады. 

Қазақ тіл  біліміндегі  эмоционалды-экспрессивтік  қызметін қабылдауына нақты талдау 

жасауға, оның өзіндік ерекшелігін жаңа қырынан тануға жетелейді. Адам жан дүниесін, ішкі 

сезімі жағымды мен жағымсыз котигориялары арқылы талдау қажет. Адам жанын тереңнен, 

жете    зерттейтін  жантану  ғылымы,  сөз  өнері  А.  Байтұрсынов  анықтап  берген  үш  негіге 

сүйенеді.  «1.  Ақылға.  2.  Қиялға.  3.  Көңілге:  Ақыл  ісі  –  аңдау,  яғни  нәрселердің  жайын  ұғу, 

тану,  ақылға  салып  ойлау,  қиял  ісі  меңзеу,  яғни  ойдағы  нәрселерді  белгілі  нәрселердің 

тұрпатына  бейнесіне  ұқсату,  бейнелеу,  суреттеп  ойлау,  көңіл  ісі-түю,  толғау.  Осы  аталған 

негіз  –  адамның  жан  жүйесін,  санасын  зеттеудің  негезгі  обьектісі.  Ақыл,  қиял,  көңіл  терең 

зертемей, адам табиғаты жан-жақты танылып оның ішкі жан-дүниесіне тереңде  ену мүмкін 

емес  [81].    Міне,  осы  жағдайлардың  барлығы  түгел  қатысқанда  ғана  адам  дұрыс  қабылдай 

алады.  Ал  қабылдаудың  өзі  адам  тәжірибесіне,  біліміне,  дүниетанымына  байланысты  әр 

түрлі бейнелейді. 

-  Эмоция  адамның  тіршілік  жағдайына  қанағаттануы  мен  қанағаттанбауынан  туатын 

психологиялық  күй,  экспрессия-соның  аймағы,  тіл  арқылы  бедерлі  өрнектеліп  бейнеленген 

көрінісі; 

-  Қазақ  тіліндегі  сөз  оралымдарындағы  экспрессия    мен  эмоцияның  тілдік  құралдар 

арқылы    берілетін  эмоциолық  реңкі  мағынасы  терең,  халыққа  ұғынықты  экспрессия  мен  

эмоцияны  білдіретін  тілдік  құралдар  –  адам    бойындағы  жер,  жирену,    жек  көру,    күйіну, 

сүйсіну,  армандау  т.б.  тәрідес  сезім  күйлерін  сипаттайтын  психолингвистикалық 

құрылымдар болып табылады. 

Осы  тұрғыдан  алғанда  берілген  қанатты  сөздерді  талдап  көрейік.  Жақсылық  ағаш 

басында, жамандық  аяқ астында дегенде даналық пен парасаттылықтан туындаған терең ой 

бүгінгі ұрпаққа бояу-нақышымен өзгермей жетіп, өнеге-беруде танытып экпрессия тудырып 

тұр.  Мұндай  жағымды,  жағымсыз  қасиеттер  олардың  бір-бірімен  қақтығыстары  нәтижесі 

өрнекті сөздер арқылы жүзеге асырылады. 

Өмір – кезек, өлім ортақ мақалында  өмір елдің бәріне кезекпен ауысып келеді, ал өлім 

елдің  барлығына ортақ  десек  адам  эмоциясына  әсер  етіп,  мақалды  естігенде  көңілге  бірден 

қорқыныш,  жұбаныш ұялап, эспрессивтік сипат алады. 

Қазақ  тіл  білімінде  эмоционалды  (эмотив-экспрессив)  сөздер  сематикалық  жағынан 

біраз  зерттелінді  деп  айтуға  болады.  Тілдің  бұл  мәселесіне  арналып  бірталай  ғылыми 

еңбектер  жазылды.  Олардың  негізгілеріне  тоқталар  болсақ,  қазақ  тілінің  ауызекі  тіліндегі 

эмоционалды-экспрессивті лексика арнайы ғылыми еңбек жазған  - Ш.Ы.Нұрғожина. Автор 

өзінің  еңбегінде  эмоционалды-экспрессивті  сөздер  жалпылама  лексика,  қарапайым  сөздер, 

тұрмыстық лексика диалекті, қарапайым сөздер тобында кездеседі  деп көрсетсе [45, 7]. Ал, 

В.И.Лиханов:   

Лексика-семантикалық жағынан жеке эмоционалды-бағалы сөздерді зат 

есімдерден  және  етістіктерден  жасалғандар  деп,  оған  жеке  тарау  арнап  бөледі  де, 

семантикалық  жағынан  зат  есімдерден  жасалған  эмоционалды-бағалы  сөздер,  дерексіз 

ұғымды  беруші  эмоционалды-  бағалы  зат  есімдер;  сын  есімдерден  жасалған  эмоционалды-

бағалы  сөздерді  адамның  жұмыс  әрекетін  сипаттаушы  эмоционалды-бағалы  сын  есімдер, 

адам  мінезіндегі  әр  түрлі  жағымсыз  қасиеттерді  беруші  эмоционалды-бағалы  сын  есімдер; 

етістіктерді  қимылға  байланысты  эмоционалды-бағалы  етістіктер,  сөйлеуге  байланысты 

эмоционалды-бағалы  етістіктер  деп  жіктейді.  Сонымен  бірге  лексика-  семантикалық 

жағынан жеке экспрессивті сөздер де жеке эмоционалды-бағалы сөздер сияқты олар да іштей 

бірнеше лексика-семантикалық топтарға жіктейді [111, 102-135]. 

 Сонымен  «тіл  білімінде  эмоционалды  сөзерді  қимылды,  қимылдың  сынын,  заттың 

атауын,  сынын  білдіретін  және  адамның  көңіл-күйіне  байланысты  шыққан  сөздер  деп, 

лексика-семантикалық топқа бөліп, одан ары іштей бірнеше топқа жіктеп қарауға болады» - 

дейді Жөнкешов Б.С. Біз де автордың еңбегіне сүйене  отырып мынадай топқа бөлдік: 


 

101 


1.  қимылды  білдіретін  эмоционалды  сөздердің  лексика-семантикалық  топтары.  Бұл 

топтағы  сөздер  кеңістікте  қозғалуды  білдіреді.  Оларға  жүру,  сүйреу,  кіру,  шығу  семалары 

жатады.  Мысалы:  Жатақхананың  жанында  кеудесі  аяққаптай  боп  ұзақ  жүрді                           

(Қ. Найманбаев). Қартқожа киініп, үй жаққа аяңдады ( Ж. Аймауытов). 

-  Қайда  барасың?-  деді  Күлжәмила.-  Түн  ішінде  елпектеп  жын  қақты  ма?                            

(Қ. Найманбаев) 

Сол-ақ  екен,  Тұрарбек  есіктің  алдында  тұрған  мотоциклге  қонжиып  ап,  әудемдегі 

мақталыққа қарай тартты да кетті ( Қ. Найманбаев). 

Бірінші  сөйлемде  автор  аяққаптай  экспрессив сөзімен  кейіпкердің  жай  жүргенін  емес, 

оның өзін қоярға жер таппай жүргендігін берген. Екінші сөйлемде «жүр» етістігінің орнына 

малдың жүрісін аяңда экспрессив сөзін қолданып, кейіпкердің жылдам, аяғын тез-тез басып 

жүріп  бара  жатқанын  берген.  Бұлардың  семалары  экспрессив  мағыналы  және  экспрессив- 

бағалауыштың мағыналы сөз болады.  

1.  Адамның  физикалық,  психикалық  немесе  көңіл  қалпын  білдіретін  эмоционалды 

сөздердің лексика-семантикалық топтары:  

«Ашулану» семасы:

 Мысалы,  



- Ыбылжымай шай қойсаңшы! Бүгін жеңіс күні. Клубқа жиналысқа шақырған. 

- Ол тұлан тұта ашуланды. 

- Қысқарт!- Шахтинский шиқандай қызарып ашуланды. 

- Албастысы мойнына міну (ҚХР) жыны ұстау, долдану, ашулану.  

- Ашуы қап тауындай (ҚХР) қатты ашулы, ашуланғанда жарылардай болу.  

- Доңыз айбаттану (Алм., Кег.) ызасы келу, қатты ашулану, ашуға булығу. 

- Бостан-босқа доңыз айбаттанып отырудың жөні жоқ (Алм., Кег.). 

- Жұлын жұту (ҚХР) кею, ашулану. 

-  Зәр  жаю  (Қ.Орда,  Арал)  ашу  қысу,  қапалану.  Сіз  әйеліңізге  оқуға  барасың  деп  зәр 

жайып жақтырмадыңыз ба? (Қ.Орда, Арал). 

- Кәр ету (Ақт., Ойыл) қатулану, ашу шақыру, қаһарлану, неменеге аяқ астынан кәр ете 

қалдың (Ақт., ойыл).  

- Езеуреу (Қост., обл.) ашулану, өзеуреу. Ол онда аса езеурей барған екен. (Қост.обл.).  

«Жақтырмау» семасы: Мысалы, 

 

- Былжырапсың,-деп қарқ-қарқ күлді.Су мұрындарың мектепте шығар. 

- Жауды жалғыз өзің жеңгендей желікпеші. 

-  Жанымызға  батқаны  да  сол  -  не  өлім,  не  өмір  деп  бүкіл  әлем  арпалысып  жатқанда, 

жер астынан шыққан жік секілді тайраңдап, оқтау жұтқандай кердендеп жүгіргендері.  

- Қауғыр (Сем., Ақс., Көкп.) әлсіз, нәзік. Ой, қауғыр, сенің бұл жұмысқа шамаң келуші 

ме (е) еді? (Сем., Ақс.). 

-  Қоспақ  (Орал,  жән.)  ақылсыз,  ақымақ.  Ой,  қоспақ,  істеген  ісіңнің  бәрі  де  ұнамайды 

маған (Орал, Жән.). 

- Қуарған (МХР) сараң, қарау. О бір қуарған неме (МХР). 

-  Мардат,  Марлат  (Сем.,  Абай)  өр  көкірек,  өзімшіл.  Бай  десең,  шет  десең  шет  екені 

шікірейген марлат кейіптерінен айқын танылады (М.Мағ., Алас., 350). 

- Мәтігүл (Рес.: Волг., Қалм.) жексұрын. Ой, мәтігүл мен сені көргім келіп пе еді (Рес. 

Қалм.). 

-  Паңкелле  (Түрікм.,  Таш.)  есуас,  жынды.  Паңкелле  болмасаң,  терген  мақтаңды 

өлшетпей далада қалдырар ма едің? (Түрікм., Таш.) 

 «Ренжу» семасы: Мысалы,  

- Жыланға түк біткен сайын қалтырауық келедінің кебін киіп жүрген жоқпыз ба? 

- Сендей тасқайнат әйел, әй, енді қайтіп жаратылмас-ау. 

- Тфу, саған айтып сөз, ұрып таяқ өтпейді екен.  

- Әкіре (тау., Қош.) ренжу одағайы. Әкіре, мұнысы несі?! (Тау., Қош.).  

-  Әпі-тәпі.  әпі-тәпісі  шығу  (Қ.Орда,  Арал)  есі  шығу,  берекесі  кету.  Ту,  балам-ай,  әпі-

тәпімді  шығардың-ау!    (Қ.Орда,  арал).  Осы    байғұстың  әрқашан  әпі-тәпі,  азан-қазан  ғып 



 

102 


даңғазаға  айналдырып  жіберетіні  ұнамайды  (Ә.Нұрп.,  Сең.,  264).  (парсыша  аб  «су»  сөз 

(Н.Оңд.,  ПҚТС,  1974)  мен  Арал  сөйленісінде  айтылатын  тәпі  «судың  арнасынан  шығып 

жайылып  жатуы»  (ҚТДС,  1969)  сөздерінің  қосарланып,  ауыс  мағынада  қолданылуынан 

шығуы мүмкін). 

-Әтек-сәтем (Өзб., Таш.) шала-шарпы, тиянақсыз. Қолға алған жұмысыңды әтек-сәтем 

бітіруге болмайды (Өзб., Таш.). 



«Таңдану» семасы: Мысалы,

 

- Қандай керімсің, Сақыш, көрмеде көрсетер әйел сендей-ақ болсын (О.Бөкей). 

- Шалдың көзі бағжаң ете қалды (О.Б.). 

- Оның бергі жағында Пернебектің сөзі – сырсдаң. (Қ.Н., 13 б. Е.т.ш.ж., І том). 

-  Әй,  жер  барып  айтпасын-ау,  сенің  шадыр  әкеңмен  тіл  табысқан  адамнан  жамандық 

шығады дегенге сенгім келмейді (Қ.Н., 17 б. Е.т.ш.ж., І том). 

- Мынау нағыз үрдің қызы болмаса нетті! (Қ.Н., 19 б. Е.т.ш.ж., І том). 

«Жұбату» семасы: Мысалы, 

 

-Көңіліне  ақтық  салу  (Сем.,Ақс.,  Көп.)  көңіл  жұбату,  көңіл  аулау.  Біз  барып  Ақаңның 



көңіліне ақтық салып қайттық (Сем., Ақс.). 

«Мақтау» семасы: Мысалы, 

- Көңілін жасау (ҚХР) мақтау, мадақ сөздермен көңілін жұбату. 

«Мысқылдау» семасы: Мысалы,

 

- Күшікештене күлу (ҚХР) қулана күлу. 

Күшікеш (Сей.,Абай)  қу  тілді, қушыкеш, қуақы. Оның атасы бір күшікеш  кісі     

(Сем.,Абай).  



«Ызалану» семасы: Мысалы,

 

- Жанын  жағу  (Түрікм.,  Таш.,  Тедж., Мары) ыза  қылу,  күйдіру.  Мың  десе  де түсінбей 

адамның жанын жағады (Түрікм., Таш.). 

«Жағымпаздану» семасы: Мысалы,

 

Әмекпаштану  (Тау.,  Қош.;  Шығ.Қаз.,  Больш.)  жағыну,  жағымпаздану.  Ол  әлі 



әмекпоштанып не істеп жүр (Тау., Қош.). 

Жақ мянзі қылу (ҚХР) шашбауын көтеру, абыройын асыру. 

Жәртеңдеу  (Түрікм.,  Таш.,  Ашх.,  Мары)  жағымпаздану,  жарамсақтану.  Сен-ақ 

көрінгенге жәртеңдемесең күніңді көре алмайтындайсың (Түрікм., Ашх.).  

Дасымалкеш  (Қарақ.)  жағымпаз,  жарамсақ  адам.  Дасымалкеш  екенсің  өзің  деді. 

Бастықтың дасымалкеші ғой (қарақ.). (Қарақалпақша дасымалшы жағымсыз мәнді білдіреді 

(Карак,-рус.сл.,1958). 

Жағайымдану (Сем., Абай; тау., Қош.) жағымпаздану. Ол басшыларға жағайымданып 

жүретін кісі (Сем., Абай). 

Жағайымсыну (Сем.,Көкп., Ақс.) жағымсыну. Қолға түскен соң, неміс офицерлері бізге 



жағайымсына қарайтын болды (Сем.,Ақс.). 

Жамбарласу  (қост.,  Жанг.)  жарамсақтану.  Ол  кездегі  жасауылдап  бай,  болыс,  билерге 



жамбарласып жүрді ғой (Қост., Жанг.). 

Жаркүшіктену (ҚХР) жасампаздану, жағыну, жалпақтау, шашбауын көтеру. 



«Менсінбеу» семасы, Мысалы,

 

- Көкке қарау (МХР) менсінбеу, ұнатпау. Бүгін көкке қарап қапты (МХР).  

-  Жүрегін  көтеру  (Тау.,  Қош.)  көкірек  көтеру,  менсінбеу.  Мен  ешуақытта  жүрегімді 

көтермеймін (Тау., Қош.). 

«Қарғыс» семасы: Мысалы,  

-  Әз  атқыр  (Алм.,  Жам.)  қарғыс  одағайы.  Сені  әз  атып  келеді  ғой,  әз  атқыр  (Алм., 

Жам.). «Ара жігіміз қайтып кірікпестей жарыпа кетті деген жаман әз бізден аулақ (М. Қабан.; 

Жұлдыз; 1986, №4, 92). 

- Әкеңнің етін жегір (Сем., Абай, Шұб., Ақс.) қарғыс түрі. Әлгі әкеңнің етін жегір, не 

деп оттап отыр (Сем., Шұб.). 



 

103 


-  Жаның  жерге  кіргір!  (Алм.,  Жам.).  жаның  шыққыр.  Неге  жылайсың,  жаның  жерге 

кіргір (Алм., Жам.). 

- Жемтік жесін, жемітін жегір (Гур., Маңғ.) қарғыс сөз. 

-  Күлің  шашылмасын, шалғының  басылмасын!  (ҚХР)  өміріңде  ұрпақ  көрмей  кет,  мал 

бітпей, кедей болып от деген мағынада айтылатын қарғыс. 

- Күйегі түскір! (қарғыс( (ҚХР) қақаған аязда қозылап қал! 

-  Жамыратқыр  (Түрікм.,  Көнеүр.)  құрғыр,  солғыр.  Ой,  жамыратқыр-ай,  енді  қайтып 

орнына келтіреміз (Түрікм., Көнеүр.). 

- Пәддұға (Ақт.,Ключ.) қарғыс айту. Ол не дүр жаны бар? Көзі өткір кеулі тар. Пәддұға 

қылып баса ұрсаң, ойламайды намыс, ар (Ақт., Ключ.). 

 

«Мінез» семасы: Мысалы,

 

-  Қодар  (Ақм.,  Атб.)  топас  тұйық.  Қонақ  жайын  білмейтін  қодар  болсаң,  тобықтының 

топасын баға алмаймын (Ақм., Атб.). 

- Қоймүрет (Қост., Семиоз.) момын, қой аузынан шөп алмас. Қарағым, мені қойшы, мен 

өзім бір қоймүретпін қой (Қост., Семиоз). 

-  Қойпалақ  (Қ.Орда,  Арал)  бос,  босаң,  болбыр.  Ол  баланы  қой,  бір  қойпалақ  бал 

(Қ.Орда, Арал). 

- Қопи 1. (Рес.Қалм.) менменшіл, тәкаппар. Арманғали қопи ғой нағыз (Респ., Қалм.). 2. 

(Рес., Волг.) мақтаншақ. Ой, қопи ғой ол, келе алмас (Рес., Волг.). 

- Құж (Шығ.Қаз., Больш.) қисық, қырсық, бері жығыл десе, әрі жығылатын кісі. 

- Құнық (Жам., Шу) сараң. Тым құнық адам (Жамб., Шу). 

- Мұғамбыр (Өзб.) айлакер. Мұғамбыр күлкімен көкіп сөйлеп тұрған Ергеш екен  (Өзб.). 

- Мінапас (Рес.: Волг., Қалм.) жуас. Аузын ашпайтын мінапас адам (Рес., Қалм.). 

- Мінәйім (Өзб., Ташк.) жұмсақ, жағымды. Мінезі қомдай мінәйім! (Өзб., Ташк.). 

- Оқасыз (гур., Маңғ.) адыр, ожар (мінез). Оқасыз жігіт (Гур., Маңғ.). 

- Өккі (Өзб., Ташк.) дөрекі, дөң мінезді. Осы сенің өккілігің қалмады (Өзб., Ташк.). 

- Өлез (МХР) өлімтік, сылбыр, бос. Ол өлезге неге бересің (МХР). 

«Одағай» семасы: Мысалы,

 

Экспрессивті мәні жоғары, табиғатында эмоционалды болып келетін категориялардың 

бірі  –  одағайлар.  Жазушылар  одағайды  ой  эмоционалдылығын  білдіру  мақсатында 

төмендегідей пайдаланған. 



1.  жақтырмау  эмоциясы:  Мысалы,  Әй,  Нығмет!  Үйбай,  шірік,  мынанікі  не,  ей?! 

Кірсеңші, үйге! (108). 

Одағайлар  эмоцияны,  адамның  көңіл-күйін,  еріктік  құбылыстарды  суреттей  отырып, 

олардың  атын  атамайды.  Номинативтік  функциясы  болмағандықтан,  олардың  мағыналық 

қана  мазмұны  бар.  Одағайлар  эмоцияның  экспрессивтік  көрінісін  бейнелейтін  тілдік 

құралдардың біріне жатады. 

- Әй, Көк , сен қатынды қашан аласың осы!-деп менің артымда жарбайып отырған. 

-О  несі  екен-ей  ,  сәуіртеніп  ...  жұдырықтай  жетім  балаға  қол  көтеріп  !  –  деп  ол  да 

киілігіп , араша түскен болды . 

-Өй ,мырық неме! 

-Өй , жампозым-ай , айтасың-ау ,- деген көптің ішінен біреу . 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет