Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет78/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   90

Түйін

 

Бұл  мақалада  түрлі  бағыттағы  мамандар  даярлау  мәселесі  шет  тілін  жаңа  сапалық 

деңгейде  меңгеруді,  соның  ішінде  оқытудың  жаңа  әдістері  мен  құралдарын  пайдалануды 

қажет ететіні айтылады. 



Summary 

  In  this  paper  the  problems  or  training  specialists  of  different  profiles  provide  mastering  a 

foreign  language  to  a  qualitatively  different  level,  which  in  turn  requires  the  use  of  new  methods 

and tools for learning. 

 

 

КӘСІБИ ҚАТЫСЫМДЫҚ ТІЛДІ ДАМЫТУДАҒЫ СИНТАКСИСТІК 



ҚҰРЫЛЫМНЫҢ РӨЛІ

 

 

Жумашева Г.К., ф.ғ.к., доцент

 

Қазақ ұлттық өнер университеті, Астана қ., Қазақстан 



 

Қазіргі  таңда  қоғамдағы  саяси  және  экономикалық  өзгерістер    және  білім  беру 

саласында  идеологияның  ауысуы,  мемлекттік  тіл  қызметінің  кеңеюі  –  оқыту  жүйесіне 

маңызды  әсер  етіп,  жаңа  талаптар  қойып  отыр.  Бүгінгі  талап    -  тіл  үйренуші  қазақ  тілінде 

сөйлеп қана қоймай, оны кәсіби тәжірибеде қолданып, өз санасында сол тілде сөйлеушіге тән 

танымдық көзқарасы қалыптасуы керек. Тіл үйретудің  көптеген технологиялары мен әдіс - 

тәсілдері бар.  

Орыс  тілді  аудиторияларда  қазақ  тілін  оқыту  -  жалпы  бір  мақсатты  көздейді.  Ол  –  ең 

алдымен  тіл  үйренушінің  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру,  кәсіби  деңгейде  меңгерту.  

Мемлекеттік  тілді  кәсіби  бағытта  меңгерту  –  қазіргі  талапқа,  уақыт  сұранысына    сай  - 

қажетті  іс.  

Тіл  үйренушінің  кәсіби  қатысымдық  тілін  дамытуда  төмендегідей  ұстанымдарлы 

басшылыққа алу дұрыс: 

-

 



берілетін  мәтінді  сол  мамандыққа  сай  іріктеп,  тіл  үйренушінің  кәсіби  -  танымдық 

әрекетін дамыту; 

-

 

игерілетін кәсіби сөздерді тіркес күйінде, екінші сөзбен байланыс түрінде меңгерту;  



-

 

меңгерілген сөз тіркестерін  мәтіннен басқа жағдайда қолдануға дағдыландыру; 



-

 

кәсіби-тілдік қатынасқа негізделген жағдаятты тудыру; 



-

 

тіл үйренушінің сөздік қорын кәсіби терминдермен байытып бекіту; 



-

 

грамматикалық  түрлі  байланыстырушы  формаларды  сөз  тіркесі  немесе  сөйлем 



негізінде түсіндіру. 

 

559 


Тілдің  түрлі  грамматикалық  формаларын  байланыстыра  қолдану  арқылы  ойды 

қабылдау  немесе  жеткізуді  тілдік    қарым  қатынас    немесе  коммуникация  деп  атаймыз. 

Коммуникация тіл біліміне латын тілінен енген  «coommuicatio» сөзі аудармасыда байланыс, 

хабар дегенді білдіреді. 

Басқа  тілдерден  қазақ  тілінің  басты  ерекшелігі  оның  жалғамалы  аглюнативті  тіл 

екендігі.  Өзге  тілді  тіл  үйренушілерге  қазақ  тілін  үйретудің  күрделілігі  де  осында.  Осы 

жалғамалылықты  сөз  тіркестері  арасындағы  байланыстар  арқылы  көрсетіп  меңгерту  тиімді 

нәтиже береді. 

Жалпы  тіл  үйретуде  тіл  үйренушінің  ойын  еркін  жеткізе  алуына  тек  сөздік  қор  мен 

оның көлемін толықтыру жеткіліксіз.  Сөз ұсынудан  бастап, сөздерді байланыстыра сөйлеу 

деңгейіне  жеткізу  –  тіл  үйретудің  өзекті  мәселесі.    Кез  келген  тіркес  қалай  болса  солай 

тіркесе бермейтіндігін, тіркесу үшін олардың арасында  біріншіден, мағыналық үйлесім мен 

грамматикалық  сипаты  да  тіл  заңына    сәйкес  болуы  керектігін  түсіндіру  қажет.  Тіл 

үйренушілерге  қабысу,  меңгеру,  жанасу  деп    лингвистикалық  терминдер  арқылы 

күрделендіре  түсіндірудің  ешқандай  да  қажеті  жоқ,  қайта  қарапайымнан,  өздеріне    таныс 

грамматикалық формалардың  септік, тәуелдік жіктік, көптік жалғауларының аттарымен атап 

түсіндірсе жақсы меңгеріледі. 

Ойды білдіруге, қарым - қатынас жасауға себепші болатын басты синтаксистік амал, ең 

кіші  тілдік  бірлік  сөйлем  болса,  сөз  тіркесі  –  сол  сөйлем  жасаудың  басты  материалы. 

Сөйлемді  құруға  негіз  болатын  сөздер  бір  –  бірімен  белгілі  бір  амал  –тәсілдер    арқылы 

байланысады. Тіркесімділік тілдің барлық қабатында болады. 

Cезіндіру,  ой  туғыздыру  арқылы  байланыстыра  сөйлету,  синтаксистік  тіркестік 

құрылымды  сауатты  қолдануды  меңгерту  –  бұл  оқытушының  әдістемелік  шеберлігіне, 

сауаттылығына  байланысты.  Әдістемелік  сауаттылық  дегеніміз-тіл  үйретудің  жүйелілігін 

сақтап, үйренушінің тілдік деңгейлерін сараптай білу. 

Тіл  жүйелі  –  құбылыс.  Айталық,  қазақ  тілінде  сөзге  алдымен  жұрнақ,  содан  кейін 

жалғаулардың  жалғануы,  жалғаулардың  өздерінің  бірізділігі  сияқты  әр  сабақты  түсіндіруде 

тәжірибелі маман белгілі ұстанымды(принцип) басшылыққа алуы тиіс. Принцип – латын сөзі 

основа первоначально – руководящая идея... қазақшасы – оқытуда басшылыққа алатын басты 

қағида. Бұл – тілді үйретудің барлық сатысында  қолданылатын  басты бағыт. 

Сабақ  барысында  берілетін  сөз  байланыстырушы  грамматикалық  формаларды 

ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, біртіндеп күрделендіру, меңгерілген сөздік қор мен 

сөз  тіркестерін,  оралымдарды  өмірде  қолдануды  дағдыға  айналдыру,  тілді  жаттықтыру, 

ойлап сөйлетуге, күрделі ойды өз бетінше құруға жаттықтыру т.б. 

Басқаша  айтқанда,  тіл  үйрену  ұстанымдарын  мынандай  3  түрге  бөлуге  болады: 

түсініктілік ұстанымы, жаттығу ұстанымы, саналылық ұстанымы.  

Оқушылардың тілдік белсенділігін арттыру  алдымен оқытушының міндеті.        

Тіл үйрету сабағында білімнің төмен берілуі, тіл үйренушінің психологиясымен, тілдік 

деңгейімен санаса алмаған, педагогикадан хабары төмен, оқыту әдіс-тәсілдерін, әдістемесін 

жете  білмеуден  болады.  Мұны  ғалымдардың  тілінде  «оқытудағы  формализм»  дейді.  Алған 

білімін,  меңгерілген  түсінігін  белсенді  оқушы  жаттығу  кезінде,  пысықтау  сұрағы  кезінде 

көрсетуі  тиіс.    Бұл  туралы    орыс  ғалымы,  әдіскер  Ю.К.Бабанский:  «Сабақ  үстінде 

белсенділіктің көрінбеуі – оқытушы білімді саналы игермегенін, алдымен ситуацияға сәйкес  

әдістемені,  әдіс-тәсілді    таңдай  білмеуінен  болады.  Ал  оқытушы  мен  тыңдаушының 

арасындағы  қарым  –қатынастың  нашарлығынан  оқушының  ынтасы  нашарлайды»  деп 

орынды көрсеткен.  

Қазақ  тілінде    тіл  үйренушілерге  септіктерді  оқыту  –  cөз  тірекестерін  жасатудың,  сөз 

байланыстырудың  алғы  шарты  болып  табылады  және  үлкен  шеберлік  пен  ізденісті  керек 

етеді.  Көпшілік  жағдайда  оларды  орыс  тіліндегі  септіктермен  қатарластыра  түсіндіріледі. 

Оларды  қатарластырмай,  қайта  салыстырып  айырмашылықтарын  айқындап  көрсету 

дұрыс.Тіліміздегі  септіктердің    өзіндік  ерекшелігі  олардың    атауларының  өзі  сол 


 

560 


грамматикалық форманы есте сақтауға көп көмегін тигізеді. Мысалы, Aтау септік: аты - кім

не? Барыс септік: бар – қайда?кімге? неге? Оркестрге қатысу, әнге көңіл бөлу.  

Ілік  септіне  келсек,  ілігу  яғни  байланысу  ілік  септігі  мен  тәуелдік  жалғауының 

арасындағы  байланыс  .  Мысалы,  Ілік  септік:    кімнің?  ненің?  Моцарттың  симфониясы, 

әншінің дауысы.  

Ілік  септігі  мен  тәуелділік    жалғауының  арасындағы  байланысты  түсіндіру  ешқандай 

қиындық тудырмайды. Мұнда  қолданылатын мысалдың орысша аудармасын алдымен беру 

кере  Мысалы,    произведение  композитора  -  сазгердің  шығармасы,,  исполнение  оркестра-

оркестрдің  орындауы,  место  дирежера  –  дирежердің  орны,  концерт  скрипача  –  скрипачтың 

концерті,  жауабы,т.б.  Аудармада  компоненттерінің  орындары  ауысатынын  және  ілік 

септігінде  тұрған  сөз  өзінен  кейін  міндетті  түрде  тәуелдік  жалғаулы  сөзді  талап  ететінін 

түсіндіру.Табыс  септігі:  табу  -нені  табу?  ноталарды  жаттау,бағдарламаны  білу.  Жатыс  

септігі:  жатыр - қайда жатыр? Филормониядада отыр, Байқауда жүр. Жатыс жалғаулы есім 

сөздер  етістікпен  тіркеседі.  Жатыс  септігінің  тәуелдеулі  септеу  мен  жай  септеулі  түрлерін 

етістіктермен    байланыстыра  беру  тиімді.  Мысалы,      университетте  оқиды  –  Өнер 



университетінде  оқиды,  Кітапханада  отыр  –университет  кітапханасында  отыр,кітапта 

жазылған  –  қазақ  тілі  кітабында  жазылған.Шығыс  септігі:  шығу  –  қайдан  шығу? 

Орындаушыдан  қолтаңба  алу,  дайындықтан  шығу,.  Шығыс    жалғаулы  сөз  тіркестрінің 

беретін мағынасына қарай  бірнеше топтарға бөлуге болады: а) зат есімдер арқылы бағытты 

білдіреді.Мысалы,  Алматыдан  –Астанаға,академиядан  университетке,  жатақханадан 



сабаққа т.б;. 

ә) сан есімдер арқылы уақытты білдіреді. Мысалы, төрттен беске дейін,  бірден екіге 



дейін, он бірден бірге дейін

б)  үстеулер  арқылы  мезгілді  білдереді.  Мысалы,  дүйсенбіден  сенбіге  дейін, 



таңертеңнен  кешке дейін, көктемнен күзге дейін; 

 в)  шығыс  септікті  сөзді  бастап  етістігімен  тіркестіру  іс-әрекеттің  басталу  мерзімін 

білдіреді.  Мысалы,биылдан  бастап,  бүгіннен  бастап,  қыркүйектен  бастап,  ХХ  ғасырдан 

бастап т.б;  

  Көмектес  септігі:көмектесу  -  немен  көмекесу?  -  кіммен  көмектесу?  Фортопианомен 



сүйемелдеу,сүйемелдеушімен  кездесу,танысу.  тыңдаушымен  сөйлесу.  Берілген  мысалдан   

көмектес  септігі  де    негізінен  етістіктермен  тіркесетінін  байқаймыз    Бұл  септікте  ескеретін 

мәселе  басқа септіктердегідей тәуелдік жалғауы көмектес септігінің жалғауын өзгертпейді. 

Мысалы, операмен танысты – Абай операсымен танысты. Аспаппен ойнады – өз аспабымен  

келді. 

Бұл  жерде  септіктердің  атауы  байланысатын  сөзге  сұрақ  қоюға  негіз  болады.  Оларды  



оқытуда    әр  септікке  жеке  тоқталып,  сұрақтары  мен  жалғауларын  жеке  –  жеке  сөздерге 

жалғап  түсіндіргеннен  гөрі,  тиімдісі  септіктерді  грамматикалық  байланыстар  арақылы 

көрсетіп, мағынасын аша  түсіндіру. 

Орыс  тілінде  зат  есімнің  септелуін  есте  жеңіл  сақтатудың  төмендегідей  жолы  бар,  ал 

жоғарыда  айтылған тәсілді  де  осы  тектес  етіп  беруге  әбден  болады:  Мұнда  көмекші  сөздер 

арқылы дұрыс сұрақ қою - септіктің мағынасын ашуға мүмкіндік туғызады. 

  И.   Есть кто? Кто.?                                Атау        Аты кім? 

  Р.   Нет кого?                                 Ілік           Кімнің несі? 

  Д.   Подошел к кому? к чему        Барыс         Кімге бару

  В.   Вижу       кого?   что?             Табыс      Нені табу?  

  Т    Доволен    кем?  Чем?              Жатыс       Қайда жату? 

  П  .Думаю  о ком? О чем?             Көмектес   Немен көмектесу?    

        Бұл  таблица  арқылы  екі  тілдің  арасындағы  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарды 

көрнекі түрде көрсетіп, септіктердің етістіктермен байланысу мағынасын ашып бере аласыз. 

Сондай-ақ  байланысу,  тіркесу  тәсілдерін  тұтас  қалыптасқан  оралымдар,  тіркестер  арқылы 

беру тиімді. 



 

561 


 Мысалы, «таңертеңнен кешке дейін» оралымы тілде жиі қолданылады. Осы тіркестегі  

байланыстырушы  грамматикалық  формаларды    жүйелі  түсіндірсе      оралымды меңгерту  өте 

жеңіл  және  ыңғайлы.  Тиімділігі  сонша  тіл  үйретуге  қатысты  барлық  әдістерді  еріксіз 

қолданасыз.  Біріншіден,өздеріне бұрыннан таныс «таңертең, кеш» сөздерін қолданамыз. Ол 

жаңа 

грамматикалық 



форманы 

қабылдауға 

жеңілдік 

тудырады.Екіншіден,қандай 

грамматикалық  форманы  түсіндіргелі  отырғандығыңызды  немесе  қандай  қосымшалар 

арқылы байланысқанын сұрақ қою арқылы атап,нақтылап олардың қай септік екендігін және 

беретін  мағынасын  орыс  тілінде  аударып  салыстыра  түсіндіресіз.  Үшіншіден  осы  тіркеске 

сөзбе-сөз  мысалы,  қашаннан  қашанға  дейін?  деген  сұрақ  қою  арқылы  біршама  жұмыс 

жасауға  болады,  әрі  сөздік  қорын  тексеруге  мүмкіндік  аласыз.                Осы  грамматикалық 

форманы  сақтай  отырып,  сұрау  есімдіктерін    нешеден  нешеге  дейін?  деп  өзгертсек,  жауап 

ретінде  тек  үстеулер  ғана  емес  сан  есімдерді  пайдалануға  болады,  мысалы,  бірден  екіге 

дейін,сегізден тоғызға дейін т,б. 

Үстеулерді  қолдану  түстен  кешке  дейін,  таңертеңнен  түске  дейін,  кешеден  бүгінге 



дейін  т,б.  Зат  есімдерді  қолдану  арқылы  Алматыдан  Астанаға  дейін,үйден  университетке 

дейін,аялдамадан  жатақханаға  дейін  т,б.  Бұл  жерде  тақырыпты  түсінген  белсенді 

оқушылар әрі қарай өздері де алып кетеді. 



Таңертеңнен кешке дейін қайда боласыз? сұрағын қою арқылы да түрлі жауап алу өте 

тиімді.  Қайда  боламын?  –  Сабақта,    үйде,оркестрде,  жұмыста,  көрмеде  боламын.  Берілген 

сұрақ    жатыс  септігінің  етістікпен  байланысын  көрсетеді.  Кім  болады?  Мен  боламын, 

етістіктің    I  жақта  тұрғанын    көрсетсек,    осы  жіктеуді  әрі  II,  III  жақта    оқушыға    ауызша 

жіктету  арқылы  жатыс    септігін  еш  өзгерпей  қолдануға  болатынын  түсіндіреміз.  Мысалы

Сабақта боламын, үйде боласың, оркестрде боласыз, жұмыста болады. «Мен таңертеңнен 

кешке  дейін  дайындықта  боламын»    деген  жауап  алғаннан  кейін,  «Қай  уақытта 

таңертеңнен  кешке  дейін  дайындықта  боласың?»  сұрағына  жауап  алуға  бағыттайсыз. 

Жауап  қай  уақытта?  сұрағының  орнына  логикалық  жағынан  сәйкес  келетін  барлық  сөзді 

қолдануға  болатынын  түсіндіресіз.  Бүгін,  ертең,  жазда,  күнде  т,б.  Сөйіп,  сіз  «Күнде 

таңертеңнен  кешке  дейін  дайындықта  боламын»  деген  кеңейтілген  сөйлем  алдыңыз.  Бір 

ғана  таңертеңнен    кешке  дейін    тіркесінің  грамматикалық  байланысын  үйрету    арқылы  

ауызекі сөйлеу тілін меңгертудің бірнеше әдістемелік жұмыстарын жүргізесіз. 

1. Шығыс септігі мен барыс септігінің байланысын. 

2. Барыс септігі мен шылаулардың байланысын. 

3. Тіркес құрамындағы сөздерді ауыстыру арқылы басқа ситуация туғыздыру. 

4. Сөйлемді біртіндеп күрделендіруге дағдыландыру. 

5. Байланыстыра  сөйлеу логикасын дамыту. 

6. Аталған тіркеске сұрақ қойдыруға, сұрақты түрлендіруге машықтандыру. 

Жоғарыда  көрсетілен  әдісер  арқылы  студент  өзінің  түсінетін,  бірақ  қолданыста  жоқ 

сөздік  қорын  ауызекі  сөйлеу  тіліне  енгізе  алады.  Бұл  жерде  ескеретін  мәселе  сабақ 

барысында  екі  тілде  де  –  өзінің  үйреншікті  тілінде  де  және  қазақ  тілінде  қатар  қолдана 

түсіндіру  қажет.Орыс  тілін  пайдалану  арқылы,  бір  жағынан  салыстыра  оқыту  жұмысы 

жүрсе, екінші жағынан тілді меңгеру мен дамыту үрдісін жылдамдатып жақсартады..    Сөз 

арасындағы грамматикалық  байланысты тек қазақ тілінде түсіндіру жеткіліксіз әрі орынсыз 

әрекет. Себебі тіл үйренушінің мүмкіндігі шектелген, сөздік қоры аз, грамматиканы түсінуі 

де белгілі бір уақытты талап етеді. Грамматиканы тану және  жаттығуларды дұрыс орындай 

алу  мен  коммуникативтік    қатынасты  қалыптастыруды  бір    уақыта  меңгерту  жұмыста  

қиындық тудырары сөзсіз.  

Біртіндеп  «Cезіммен  жеңілден  ауырға,белгіліден  белгісізге»  дидактикалық  ұстанымды 

басшылыққа ала отырып мынандай жұмыстар жүргіземіз: 

Біріншіден,  сөз  тіркестерін  есінде  сақтату;  екіншіден,  тіркесті  қолдану  дағдысын 

қалыптастыру;  үшіншіден,  тілдік  жағдаятты  өзгертуге  дағдыландыру;  төртіншіден, 

байланыстырушы  грамматиканы  жеңіл  түрде  меңгерту;  алтыншыдан,  тоқтаусыз,  үздіксіз 

сөйлеуге жаттықтыру;  


 

562 


Кәсіби тілді меңгертудің тиімді де ұжымдық әдісі – үй жұмысын тексеру. Үйге берілген 

тапсырманың  нәтижелі  орындалуын  тексеруді  тыңдалым  арқылы:  бір  студентке  өзі  құрған 

сөйлемді  дауыстап  оқыттыру,  екінші  студентке  тыңдалған  сөйлемді  аударту,  үшінші 

студентке  сөйлемді  грамматикалық  формаларына  мән  бере  қайталаттыру,  төртіншісіне 

байланыстырушы  жалғауларды  айтқызу,  кәсіби  сөздерге  назар  аударту,  бесінші  студентке 

сөйлемге  сұрақ  қойдыру,  алтыншы  балаға  сұраққа  жауап  бергізу.  Бұл  орындалған  әдістер 

арқылы біз тіл үйренушілердің сөйлеуге, бір – бірін тыңдауға, бір- бірін тексеруге, бағалауға 

дағдыланадырамыз.      

Бұл  аталған  тәсілдер  арқылы  коммуникативтік  құзыреттілікті  дамытсақ,  яғни  , 

студенттің түрлі коммуникативті тапсырмаларды дұрыс шешуін, өзіндік ойлауы мен дүниені  

қабылдауын    қалыптастырамыз.  Ал,алған  білімдерін  әртүрлі  жағдайа  қолдана  білу  –  тілдік 

материалды  терең  сезініп  жан  -  жақты  меңгергендігін,  тілдік  құзыреттілігінің  дамығанын 

көрсетеді. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.  Бабанский  Ю.К.  «Оптимизация  процесса  обучения».  Москва,  1977.  Принципы 

обучения, с.26. 

2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін  тиімді оқыту жолдары:(Әдістемелік құрал). Алматы, 2001 ж. 

3. Современный словарь иностранных слов. С.-Петербург,1994. с.490. 

4. Исаев  С.М.Тіл мәдениетінің негіздері: Алматы, 1988 ж. 

 

Аннотации

 

В  статье  рассматриваются  методы  работы  на  практических  занятиях  по  казахскому 

языку  по  формированию  профессионально-коммуникативной  компетенции  студентов.  

Автор    особое  внимание  уделяет  на  синтаксические  конструкции,  которые  способствуют 

расширению  профессионального  лексического  багажа,  закрепляют  навыки  работы  над 

морфологией слова. 

 

  In  this  article  introducing  a  methods  of  work  by  practical  affair  at  kazakh  about  the 



formation of professional-communicative competence of students. The author attends emphasis by 

syntax construction, which contribute the process of extending  the professional vocabulary, secured 

experience of work about words morphology. 

 

 



ІСКЕРИ ОЙЫН 

–  БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТҮРІ 

 

Заурбекова Гүлхадиша

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың доценті, 

Алматы қ., Қазақстан 

 

В  данной  статье    рассматриваются  деловые  игры  которые  применяются  на  уроках 



казахского языка, их сущность, специфика и место в технологии обучения казахскому языку. 

This  article  discusses  the  role-playing  that  apply  the  lessons  of  the  Kazakh  language,  their 

essence, and specific place in technology education. 

Іскери ойындар білім беру технологиясын жобалау кезінде кеңінен қолданылады. Олар 

педагогикалық  қызметтің  ішіндегі  жаңа  оқыту  технология  элементі    ретінде  кеңінен 

танымал.  Мәселен,  қызметтік  орынға  үміткердің  іскери  белсенділігі  деңгейін  анықтау, 

тактикалық және стратегиялық ойлаудың болуы, жаңа жағдайда бейімделу жылдамдығы, өз 

мүмкіндігін  талдап,  сараптай  білу,  ойын  кезінде  шешім  қабылдау,  жетістіктерге  жету 

жағдаяты,  рөлдік  өзара  әрекеттер,  таңдау  жағдаяттары,  өзін  өзі  ұстау  тәртібін  құру,  басқа 

адамдардың мүмкіндігін, ынтасын, уәжін талдай білу, олардың жүріс-тұрысына әсер ету, т.б.  



 

563 


Жеке  алып  қарасақ  оқу  жағдайындағы  өндірістік  жағдаяттарға  құрылған  іскери 

ойындардың мағынасы мен спецификасы ерекше. Іскери ойындарды жан-жақты қарастырған 

Дудченко  В.  С.  Атаманова  Р.И.,  Толстой  Л.Н.  сынды  зерттеуші  әдіскерлердің    еңбектеріне 

сүйене  отырып  «іскери  ойын  -  маманның  алдағы  кәсіби  әрекетінің  заттық  және  әлеуметтік 

мазмұнын  жасау  түрі,  тек  осы  берілген  әрекеттерге  ғана  тән  қарым-қатынастардың 

жүйелерін модельдеу болып табылады» деп анықтама береміз [4, 6].  

Терминді  жаңа  оқыту  технологиясының  элементі  ретінде  қарастыратын  болсақ,  бұл 

педагогикалық  әдістің  табиғаты  мен  мәнісін  ашуға  көптеген  зерттеу  жұмыстарының 

арналғанын  атап  өтуге  болады.    Заманауи  зерттеулерге  сүйеніп  айтар  болсақ    (Вербицский 

А.А.,  Платов  В.Я.,  Максимовская  М.  В.,  және  т.б.  )  іскери  ойындарға  бағдарланған 

сабақтарда  тіл  үйренуші  студенттің  келешектегі  өндірістегі  өзінің  атқаратын  әрекетін, 

алатын жеке орнын көрсетуді қажет ететін оқу жағдаяттарын жасау керек және осы үрдістің 

дұрыс екендігі көрсетіледі [1, 3, 5]. 

Іскери  ойында  студент  оқу  және  кәсіби  элементтерді  үйлестіретін  әрекеттерді 

орындайды. Студент білім мен білікті абстрактілі түрде емес, керісінше кәсіби әрекеттердің 

мүмкіндіктеріне сүйене отырып кәсіби контексте меңгереді.   Контекстілі оқытуда  берілетін 

білім  студенттің  іскери  ойынның  нақты  процесіндегі  ойын  әрекеттерін  қамтамасыз  етеді. 

Білім  алушы  кәсіби  білім  алумен  қатар  арнаулы  құзыреттерге  ие  болады,  олар  –  арнайы 

барып өзара әрекеттесу, адамдарды басқару, басшылық жасай білу және бағына білу, осыдан 

келіп  шығары  іскери  ойындар  адамның  жеке  сапасын  тәрбиелейді,  әлеуметтену  процесін 

тездетеді.  

С.А.  Габрусевичтің,  Г.А.Зориннің,  В.С.  Дудченконың  еңбектерінде  [2,  4]  ұсынған 

«өндірістік  жағдайларға  бағдарланған  іскери  ойындар»  әрекеттері  нәтижесінің  «кесіндісін» 

алып  қарар  болсақ,  ол  білім  беру  процесіндегі  теория  мен  тәжірибенің  ұштасар  біртұтас 

мағыналық  сипаты  болып  табылады.  Басқа  жағынан  алып  қарасақ,    бұл  оқу  жағдаяты  өз 

алдына  «ойын»  ретінде  алынады,  мұнда  оның  мәнісі  мақсатқа  жету  емес,  мәселе  өзінің 

шығармашылық күшін еркін білдіруінде, іс-тәжирибелік  міндеттерді еркін,  «ойнап» отырып 

танып-білуге  және шешуге болатын мүмкіндікте жатыр.  

Техникалық  ЖОО-дағы  тәжірибелік  қазақ  тілі  пәні  мен  іскери  ойын  ұғымын  бірге 

алатын  болсақ,  соңғысы  алдыңғысының  ажырамас  бөлігі  болуы  тиіс.  Қазіргі  уақытта 

университет қабырғасында білім алып жатқан студенттердің орта мектептерден алып келген 

қазақ  тілі  пәні  бойынша  даярлығы  бұрынғы  жылдарға  қарағанда  жоғары  деңгейде. 

Студенттеріміз  университеттерді  таңдаған  кезде-ақ  өздері  келешекте  айналысатын  кәсібін, 

ол  мамандықтың  еліміздің  өндірісіндегі  орнын,  қандай  әрекеттерді  жүзеге  асыратынын 

шамалап  біліп  келеді.  Ал  біздің  міндетіміз,  сол  бірінші  курс  студентінің  мектепте 

қалыптастырған  лексикалық  қорын  өзінің  кәсібіне  байланысты  белсенді  сөздік  қорымен 

молайту,  оларды  тілдік  қарым-қатынасқа  түсіру  амалдарын  үйрету,  қазақша  сөйлесім 

модельдерінің  жиі  және  сирек  қолданылатын  түрлерін  ұтымды  беру,  ғылыми  және  ауызекі 

стильде  ойын  жеткізуге  дағдыландыру,  қызметтік  ақпараттарды  түсінуге,  баяндауға 

машықтандыру,  т.б.    Осындай  ауқымды  мәселелерді  жүзеге  асыру  үшін  инженерлік 

мамандықтарға  қатысты    іскери  ойындарды  ұйымдастыру  ісі  тиімді  болады.  Техникалық 

жоғары  оқу  орындары  түлектерінің  басым  көпшілігі  өндірістерде  жұмыс  істейді.  Іскери 

ойындарды өтпестен бұрын алдымен мамандықпен таныстыру, инженердің басты әрекеттері 

(салалар бойынша), олардың жұмыс істейтін нысандары мен қолданатын құрал-жабдықтары, 

инженер  қызметтерінің  түрлері,  инженердің  әрекеттесетін  субъектілері,  хронометраж, 

өндіріс,  өндірістің  спецификасы,  өнімі,  т.б.  сияқты  мәселелер  басты  тақырыпқа  айналуы 

керек.  Іскери  ойынға  кіріспестен  бұрын  бірінші  курс  студентінің  әзірге  мамандық  пәндерін 

оқымағанын ескере отырып, жоғарыда аталған мәселелерді оқыту технологиясының дәстүрлі 

және жаңа әдіс-тәсілдерімен орынды түрде қарастырып алған жөн. Іскери ойындар - кәсіби 

бағдарланған сабақтың негізгі сәттерінің бірі, оны жүзеге асыру механизмі болып табылады. 

Және  де  ол  студент  санасының    жеке  құрылымын,  іс-тәжірибесін  қамтуға  тиіс  деп 

есептелінген, сондықтан кәсіби бағдарланған жағдаят  аясында студенттің жеке өзіне, оның 



 

564 


маңызды  да  өзекті    мүдделеріне  бағытталған,  сұрақтар  мен  тапсырмалар  ұсынылады.  

Осыған  орай  алсақ,  педагогикалық  әрекеттерде  жеке  бағдарланған  қадамдарды  жүзеге 

асыратын  оқытушы  сабақта  кәсіби  бағдарланған  жағдаяттарды  жасай  білуі  тиіс.  Кәсіби 

бағдарланған  жағдаят  оқу  процесін  оқу  пәнін  оқуды  жаттауға  айналдырмайды,  керісінше  

студенттің    өзін  оның  жеке  өсуін  қамтамасыз  ететін  тәртіпті  талап  ететін  жаңа  жағдайға 

әкеледі,  орнықтырады.  

А.А.  Вербицкийдің  келтірген  оқу  іскери  ойынын  ұйымдастыру  ұстанымдарын 

басшылыққа  аламыз.  Зерттеуші  алға  қойған  оқу    мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  іскери 

ойынды  әзірлеу  кезеңінде  бес  психологиялық-педагогикалық  ұстанымдарды  негізге  алу 

керек  деп  көрсетеді.  Олар:  жағдаяттың  имитациялық  үлгілерінің  ұстанымдары;    ойын 

мазмұнының  және оның ашылуының проблемалылығы ұстанымы;  бірлескен әрекеттердегі 

рөлдік  өзара  әрекеттесу  ұстанымдары;  сұхбаттық  қарым-қатынас  ұстанымдары;  ойын  оқу 

әрекеттерінің қосжоспарлы болу ұстанымы.  Осы өзара шартты ұстанымдар іскери ойынның 

тұжырымдамасын  құрайды.  Олар  әр  ойынды  әзірлеу  немесе  оны  жүзеге  асыру  кезеңінде 

сақталынуы тиіс. Ғалым осы ұстанымдардың қандай да бір түрін сақтамау немесе жеткіліксіз 

қарастыру іскери ойынның нәтижесіне теріс әсерін тигізеді деп көрсетеді. 

Іскери  ойындардың  айрықша  белгілері  -  онда  оқытушының  өндірістік  жағдаяттарды 

мақсатты  түрде  туындатуы  болып  табылады,  бұл  ойындарда    таңбалық    белгілердің    (тіл, 

тілдесім,  графиктер,  кестелер,  құжаттар)  көмегімен    кәсіби  жағдай  орнықтырылады.  [2] 

Іскери  ойындарда  алынатын    жағдаяттар  өзінің  негізгі  сипаты  бойынша  шынайы  жағдайға 

ұқсас  болады.  Бұған  қоса,  қазақ  тілі  сабағында    қолданылатын  іскери  ойындарда  көбінесе 

сығымдалған уақыт көлеміне сыйғызылған типтік, қорытындыланған жағдаяттар келтіріледі. 

Мысалы,  келіссөз  бір  ойын  сабағында,  ал  кәсіпорынның  келешектегі  (перспективті)  

жоспарын  әзірлеу  –  студенттің  мұғаліммен  өзара  жұмыс  сағаттарында  екі  сабаққа  созылуы 

мүмкін.    

Өндірістік  жағдаяттарды  танымдық  мүддені  қалыптастыратын    құрал  ретінде 

қарастыра  отырып,  айтуға  болатыны  –  дидактикалық  құралдарының  алуан  түрлілігін  

қорыту,  оның  құрамына  тұлғаның  жеке  дамытуға  деген  ынтасы,  пәндік-қатысымдық 

әрекеттер,  осы  әрекеттің  мазмұны,  педагогикалық  өзара  әрекетті  ұйымдастыру  әдістері  мен 

түрлері кіреді.  

Оқу  процесі  кезінде  студенттердің  танымдық  қызығушылығын  оятатын  және 

қызығушылықты арттыратын өндірістік жағдаяттарға бағдарланған әрекеттерді жүзеге асыру 

оқытушылар  мен  студенттердің  тікелей  жеке  өзара  әрекеті  жағдайында  жүзеге  асырылады, 

бірлескен  әрекеттер  мен  қарым-қатынастарда  орындалады.    Кәсіби  бағдарланған  іскери 

ойындар  -  студенттер  арасындағы  ұйымдасқан  түрдегі  өзара  әрекеттер  болып  табылады, 

мұнда  ойынға  субъектілер  ретінде  қатысады  және  олардың  алғышарты  психологиялық 

байланыстар болады.  

Кәсіби  бағдарланған  жағдаяттарға  құрылған  іскери  ойындардың  сценарийін  құрғанда 

студенттің  жеке  тұлғасына    басты  көңіл  бөлу  керек.  Оқытушы  дәстүрлі  тапсырмаларды 

мүлтіксіз  орындайтын    студенттен  тапсырмаларды  орындауда  белсенділік  танытатын 

шығармашыл,  өзінің    зияткерлік  әрекетін  (оның  ішіне  қателіктерді  жіберетін  жағдайларды 

қоса  алғанда)  шартты  түрде  басқара  алатын  студентке  өзгеруге    тиіс.  Өндірістік  жағдаятқа 

құрылған  іскери  ойынға  қатысу  барысында  студенттің  оған  қаншалықты  тереңдей  білгенін  

оның  эмоционалды  көтеріңкі  көңіл-күйінен,    қызығу  дәрежесінен,  шешім  қабылдауынан, 

алған  бетінен  қайтпауынан,    өзінің  сараптауға    дайын  екендігінен,    шығармашылық 

сипаттағы 

әрекеттерді 

қалауынан, 

тапсырманы  орындауда 

дұрыс 


шешу 

жолын 


қарастыруынан,  қосымша  тапсырмаларды  орындауға  деген  құлқының  болуынан,  оқу 

әрекетінде өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі , т.б. бойынша қарай отырып айтуға болады.  

Бұл  жерде  оның  қатысушысы  белсенді  орында  болады,  өз  мүддесін  серіктестерінің 

мүддесіне  қатыстыра  отырып,  серіктестерімен  өзара  әрекететеседі,  солайша  өзін  өзі  тани 

отырып,  ұжыммен  өзара  әрекеттеседі.    Іскери  ойын  бойынша  шелелдік  және  отандық 

ғылыми  әдебиеттердегі  теориялық  талдау  оларды    әзірлеу  және  өткізудің    психологиялық-



 

565 


педагогикалық  ұстанымдарын  қалыптастыруға  көмектеседі.  Өндіріс  жағдайы  мен 

динамикасын,  мамандардың  әрекеттері  мен  қарым-қатынастарын  үлгілеп  және  келтіре 

отырып,  іскери  ойын  білімді  өзектендіру,  қолдану  және  бекіту  және    іс  жүзінде  ойлауды 

дамыту    құралы  болып  табылады.  Бұл  эффектіге  берілген  нақты  жағдаяттардағы  және 

өндірістік  жағдаяттар  жүйесіндегі  ойынға  қатысушылардың  өзара  әрекеттесуі  арқылы  қол 

жеткізіледі.    Іскери  ойын оқу  ойын  тапсырмаларын    қою  және  шешу,  жеке  және  бірлескен 

шешімдерді  дайындау  және  қолдану  бойынша  бірлескен  әрекеттер  ретіндегі  имитациялық 

үлгіде  жүзеге  асырылады.  Бірлесіп  істейтін  әрекеттер  ережесі  мен  нормасы,  имитация  тілі 

мен байланыстар алдын ала беріледі немесе ойын процесі кезінде шығарылады. Іскери ойын 

сұхбаттық  қарым-қатынас  режимінде  жүргізіледі,  себебі    ол  ойын  және  педагогикалық  екі 

мақсатқа  қол  жеткізуге  бағытталған,  екіншісі  басым  болғанымен,  алдыңғысын  басып 

тастамауы тиіс. 

Кәсіби бағдарланған жағдаяттарды оқу барысында қолдану  студент бойында мынадай 

сипаттамаларды  жеткілікті  дәрежеде  дамытуға  мүмкіндік  береді,  олар:  өздігінен  мақсат 

қойып, оған жету үшін кездескен кедергілерді жеңе білуге; нақты оқу пәнін оқып үйренудің 

жеке  басы  үшін  маңыздылығын  түсіну,  нақты  білім  саласында  білім  жинақтауға  өзіндік 

көзқарасына  ие  болуына;  білімді,  білікті  және  дағдыны  шығармашыл  және  тиімді  түрде 

қолдану  негізінде  оқып  үйренуге;  ынтымақтастықтың  кез  келген  түріне  оң  қарым-қатынас  

жасау,  бірлесе  жұмыс  істеуді  шығармашылдықпен  ұйымдастыруға    қабілетті  болуға; 

уақиғалар мен мәселелердің мәні мен олардың өзара байланысына енуге,  қиын сұрақтардың 

жауаптарын  іздестіргенде  кездесетін  қиындықтарды  жеңуге,  құбылыстарға  теориялық 

қорытындылар  жасауға,  тұрақты  ерік-жігер  сапасына    ұмтыла  отырып,  жоғары 

шығармашылық  белсенділікте  болуға;  танымдық  міндеттерді  қалыптастыра  білу,  өздігімен 

мақсат қою және ол мақсаттарға қол жеткізу үшін құралдарды табу, алған білімін әрекеттің 

жаңа  өніміне  айналдыруға,  білімге  тереңдей  білетін,  әрекеттерге  қызығатын,  сырттан 

қоздыратын жағдайларға мән бермейтін, оңтайлы эмоциялар мен өз мүмкіндігіне сенімділік 

сияқты жоғары шығармашылық танымдық дербестікке; өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктері 

туралы    тек  ішкі  себептері  бойынша  түсіндіруге  мүмкіндік  беретін  өзін  сараптау  және  өзін 

өзі бағалауға жақсы дамыған қабілетті болуға мүмкіндік береді. 

Қазақ тілі пәнінің оқытушы тұлғасы  кәсіби бағдарланған жағдаяттарды оқу материалы 

ретінде  іске  асырудың,  пайдаланудың  маңызды  құрылымдық  буыны  болып  табылады, 

студенттің  болашақ  кәсібі  бойынша  жұмыс  істейтін  өндірістегі  кәсіби  жағдаяттар  арқылы 

арнаулы  мамандандыратын  кафедралар  оқытатын  оқу  пәндеріне  деген  танымдық 

қызығушылықты қалыптастыруға әсер етуі тиіс. 

Заманауи  талап  деңгейінен  көріну  үшін  оқытушыға    тек  өз  пәнін,  оның  оқытылу 

әдістемесін  ғана  біліп  қою  аз  болады.  Ол  студенттермен  өзінің  арасындағы  тұлға  аралық 

өзара әрекет технологиясын жақсы меңгеруі, оларды дамыту заңдылықтарын ескере отырып, 

өз пәніне  деген танымдық қызығушылықты қалыптастыруға жағдай жасауы тиіс. Оқытушы 

үнемі  өзінің  педагогикалық  шеберлігін  шыңдап  отыруы,  үнемі  ғылыми-  педагогикалық 

ақпаратты өзі бетінше іздестіре отырып, оны меңгеріп, өз әрекетінде оны қолданысқа түсіруі 

тиіс.  

Қорыта  келгенде,  іскери  ойындарды  тәжірибелік  қазақ  тілі  сабақтарында    ұтымды 



пайдаланған жағдайда, студент маман болып даярлану кезінде, яғни іскери ойын процесінде 

қазақ  тілінде  кәсіби  әрекеттер  нормасын,  әлеуметтік  қатынастар  нормасын,  б.а.  өндірістік 

ұжымдағы  қарым-қатынастарды  меңгереді  және  кәсіби  лексикалық  қоры  молаяды,  тілдік 

қарым-қатынасты сенімді жүзеге асыратын болады, сондай-ақ университет қабырғасындағы 

білім  беру  процестерінде  орыс  тілінде  жүргізілетін  кәсіби  пәндерді  оқыту  кезінде  оларды 

тәжірибелік  қазақ  тілі  пәнімен  интеграциялау  қажеттілігі  жасанды  емес,  табиғи  түрде 

туындайды.  Заманауи білім беру кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның даму стратегиясы мен 

тактикасын  анықтауға  белсенді  де  құзыретті  түрде  қатысатын  мамандарды  қалыптастыруға 

бағытталуы тиіс десек, болашақ мамандардың университет қабырғасында жүріп мемлекеттік 

тілді кәсіби деңгейде лайықты түрде меңгеріп шыққанына зор мән беру қажет. 



 

566 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет