Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет63/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76

Сырдарияға  дейін  бүрынғы  жаулап  алушылар  жүрген  жолмен  —  Жетісу 

арқылы алып өткен.

Отырарға  таянғанда  Ш ыңғыс-хан  оны  қоршауға  ұлдары  Ш ағатай  мен 

Үгедей  басқарған  әскерлерді  қалдырып,  Ж ош ы -ханды   С ы рдарияны ң 

төменгі  ағысына -   Жент  және  Ж анкент калаларына  жіберді,  үшінші топ 

С ы рдарияны ң  ж оғарғы   ағысындағы  калаларды  бағындыруға  кетті,  ал 

Ш ыңғыс-ханның өзі негізгі күштерімен Бұхараға аттанды.

Отырардың билеушісі Ғ айыр-хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін 

пайдалана отырып қорғанды. Отырарды коршау бес айдай уақытқа созыл- 

Ды.  Қ аһарм анды қ қорғаныстың  бесінші  айы  бітуге  айналғанда хорезмдік 

әскербасы Қаража-хаджиб он мындық қолымен монғолдарға беріліп, олар­

ды қалаға кіргізіп жіберді.  Алайда Отырар сонда да табандылықпен қорғ-



443

ана береді. «Арыстандай айбарлы» әскерлер тобымен Ғайыр-хан берік кам- 

алға  бекініп  алды  да,  монғолдарға  оны  алу  үшін  тағы  бір  ай  уақыт  керек 

болды.  Қамалды қорғаушылартүгел  кырылғаннын кейін  ғана ол  1220 жы- 

лғы акпанда алынды.  Ғайыр-хан қолға түсіп, Ш ынғыс-ханның алдына апа- 

рылған жерде қатал жазаланып  өлтірілді.

Сырдария бойындағы баска калалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды.

Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошы Сырдария бойындағы кыпшактардың 

мемлекеттік  бірлестігінің орталығы  Сығанакка  жакындап  келді.  Монгол- 

дар каланы жеті күн, жеті түн коршап, акырында, оны шабуылмен алды да, 

«кеңшілік пен  аяушылык какпасын  жауып тастап»,  бүкіл халыкты кырып 

салды.

Одан соң монгол колы  Ашнасқа жетті.  Табан тіресе  карсылык корсет- 



кеніне карамастан, кала күш тең болмаған күресте күлады, ал оның тұрғын- 

дарының көпшілігі қырып тасталды.

Осынын барлығы 1219/20 жылдарда кыс пен көктемде болған еді. Жошы- 

хан бүкіл  1220 жыл бойы Арал өңірінде, Жентте калды, ал  1221 жылы кескі- 

лескен карсылықтан кейін Солтүстік Хорезмдегі Әмудария бойында орна- 

ласкан Гургендж (Үргеніш) каласын алды да, жер кайыскан колды бастап, 

Арал  теңізінің  солтүстік-шығысына  карай  жаткан  Қазақстан  даласына 

жорыкка аттанды, онда қыпшақтардың карсылығына кездесті. Қанға беккен 

шайқаста монғолдар кыпшактардың быт-шытын шығарып талқандады.

Жебе-ноян мен Сүбедей-ноян баскарған 30 мындык кол Солтүстік Иран-  . 

нан шығып,  1220 жылы Кавказға басып кірді де, аландарды, кыпшактарды 

(орыс жылнамаларындағы  половецтерді) және Қалка әзенінде  орыстарды 

талкандап,  орыс  жерінің  оңтүстік  аймағына  ойран  салып,  казіргі  Казак- 

стан  далалары  (Ш ығыс  Дешті  Қыпш ак)  аркылы  1224  жылы  Ертістегі 

Шыңғыс-ханның  ордасына  кайтып оралды.  Сейтіп,  монғолдардың  1219— 

1224  жылдардағы  шапкыншылығының  нәтижесінде  Қазакстан  мен  Орта 

Азия Шыңғыс-хан империясының кұрамына кірді.

Араб жазушысы  Ибн-Василдің деректері  бойынша,  1229—1230  жылда­

ры Батыс  Қазакстан аумағында тағы да «татарлар  (монғолдар)  мен кыпш -' 

ақтар арасында соғыс  оты  түтанды».  Ол  1237  жылы  лаулай түсті.  Монгол 

жаулап  алушыларына  карсы күресте  елбөрілік тайпасынан  шыккан  Баш- 

ман бастаған кыпшактар  ерліктін  ерен  үлгісін  корсетті.  Оған  қарсы  ұрыс 

монғол  әскерлерінің  үлкен  күштерімен  жүзеге  асырылды.  Бүл  жөнінде 

«Юань-ши»  мен  XIII—XIV  ғасырдың  басындағы  парсы  тарихшылары  ег- 

жей-тегжейлі хабарлайды. Башман тобы коршауға түсіп, кескілескен шайк- 

аста жойып жіберілді, оның өзі тұткынға алынып, өлтірілді141.

Бұл казақ халқы батыр бабаларының монгол жаулап алушыларына ка­

рсы каһармандық күресінің жалғыз мысалы ғана емес. Осы жеңілістен кейін 

де кыпшақтар күресті тоқтатпады: «. ..Мүсылмандардың жыл санауы бойы­

нша хиджраның  639  жылына  сәйкес  келетін  барыс  жылында  (1241—1242 

жж.) қыпшақтар көп қолмен Ж ошының үлына соғыс ашып, шайкаста кы­

пшактар жеңіліске ұшыраған...»142.

Монгол жаулап алушылары жаулап алу барысында күралдардың аукым- 

ды амалдарын, әскери тәсілдерді де, дипломатиялық тәсілдерді де, тыңшы- 

лықты, психологиялық соғыс құралдары ретінде  үрей таратуды, арандату- 

шылықты, кепіл алу жүйесін түгелдей дерлік пайдаланды — жылнамаларда 

бұған дәлелдер жетіп артылады.

444


Монғолдар шапкыншылығы барысында Казақстан аумағында бір бөлігі 

Монғолиядан куып жіберілген наймандар мен керейіттер, сондай-ак баска 

аймақтарда — Орта Азиядағы хорезмшахтар мемлекетінде, Иранда, Ауғанс- 

танда, солтүстік Кавказ ж әне  оңтүстік  орыс далаларында мекендеген  қы- 

пшактар  мен  каңлылар  ең  ауыр  сокқы  керді.  Олар  Хорезммен,  Русьпен, 

Солтүстік Кавказ тұрғындары -  аландармен (астармен) одақтасып, монгол 

жаулап  алушыларына  табан  тіресе  карсылык  көрсетті.  Жетісуда  тұратын 

карлүқтар,  сондай-ак  кыпшақтардың,  каңлылардың,  наймандардың,  ке- 

рейіттердің Шыңғыс-ханға карсыласпай, бірақ жаулап алудан коркып бағы- 

нған  бөліктері  де  монғолдардың  басқа  елдерге  карсы  жаулап  алушылық 

соғыстарына катысу салдарынан елеулі  шығындарға үшырады.

М онгол шапкыншылығы Қазакстан үшін де, жаулап алынған баска ел- 

дер үшін де аскан  зор апат болды.

Жергілікті халыктың қарсылығын  басу үшін Ш ыңғыс-хан жаппай тер­

рор мен зорлык-зомбылық, түтас аудандарды ойрандау әдістерін қодданды. 

Оңтүстік Қазакстанның Сырдария бойындағы калалары мен коныстары сол  ■

 

әдістердің алғашкы құрбаны болды. Халкын монғолдар толык жойып жібер- 



ген  түрлі  елдер  қалаларының катарында  Оңтүстік  Қазакстанның  үш  кал- 

асы  — Отырар,  Сығанак,  Ашнас  аталады.  Сөйтіп,  монғолдар  жаулап  алу- 

мен  қатар  адамдарды  жаппай  кырып-жойып,  өндіргіш күштерді  киратты, 

материалдық және мәдени күндылыктарды жойып жіберді.

Ан-Нисавидің айтканындай,  «адамдар  бұрынғы ғасырларда,  жойылған 

мемлекеттер  заманында  күлақ  естіп,  көз  көрмеген  апаттардың куәсі  бол­

ды».  М онгол  шапкыншылығын  —  орта  ғасырлардағы  аскан  зор  касіретті 

көзімен коргендердін куәлігі осындай'43.



Монғолдардың билеп-төстеуінде.  От пен оқтың күшімен алып империя  , 

құрған Ш ыңғыс-хан өзінің әр үлына үлес боліп берді.  Казакстаннын кең- 

байтақ жері оның үш үлкен  ұлы арасында болінді.  Ертістің батыс  жағын- 

дағы үлкен (далалык) бөлік, Жетісудың солтүстік болігін ж әне бүкіл Орта­

лык, Солтүстік және Батыс Қазақстанды камти отырып, томенгі Еділ бойын 

коса, одан әрі «татар (монгол) атыньщ тұяғы тиген жерлерге дейін» Жошы 

ұлысының  (Алтын  Орданын)  күрамына  кірді,  Оңтүстік  ж әне  Оңтүстік- 

Ш ығы с  Қ азакстан ,  яғни  Ж етісуды ң  үлкен  болігі  Ш ағатай  ұлысына, 

солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей  ұлысына берілді.

Бүкіл билік бірте-бірте ұлыс билеушілеріне толык кәшіп, империя дер- 

бес  мемлекеттерге  ыдырап  кетті.  Оның  ыдырауына  кұлдыкка  түсірілген 

халықтардың монғол езгісіне  карсы күресі,  кептеген  елдер мен халықтар- 

ды  өзіне  қарудың  күшімен  каратып  алған  империяның  берік  болмауы, 

кұрамалылығы, шексіз-шетсіз қыркыстар, экономикалық байланыстардың, 

ортақ мәдени дәстүрлердің жоқтығы себеп болды.

1252 жылы Алтын Орда ханы Батыйдың колдауымен Төленің ұлы Мөңке 

империяның басшысы болып жарияланды. ¥л ы  хан М еңке мен Жошы ұлы- 

сының  ыкпал  өрісі  арасындағы  шекара  Шу  ж әне  Талас  өзендері  аркылы 

өтті.

XIII 


ғасырдың 60-жылдарында империяның бірлігі ыдырауға бет алды. 

М өңке-хан  олгеннен  кейін оның інілері  Арыкбұка мен  Құбылай  ұлы хан 

тағы үшін соғыс бастады. Соғыс кимылдары Жетісу жерін де камтыды. XIII 

ғасырдың 60-жылдарында Арықбұка жауынгерлерінің халыққа қысым жа- 

сағаны сонша,  Іле аңғарында ашаршылык болып,  талай  өмірді кыршыны-

445


нан  қиды.  Ш ежіреші  Махмұд  ибн  У әли  өзара  қырқыс  соғыстар  туралы 

былай  деп  жазды:  «Сол  кезде  көптеген  адамдар  кырғын  тапты,  аймактар 

қаңырап қалды,  ал егістік жер кеуіп  кетті.  Шайқастарда жауласушы жақ- 

тардың екеуіде коп жауынгерлерінен айрылды. Олардың екеуінің де қазы- 

насы таусылды,  қалалар  мен  құрылыстар  қиратылды,  ал  адамдар  оларды 

тастап кетіп, қаңғыбастарға айналды».

Сөйтіп, Шыңғыс-хан шабуылының өзінде зардап шекпеген Жетісу қал- 

алары Ш ыңғыс ұрпақтарының өзара қырқысы кезінде киратылды. Ж азба­

ша деректемелер мен  археологиялық айғақтар олкеде монғолдар үстемдігі 

орныққаннан  кейінгі  алғашқы  онжылдық  ішінде-ақ Жетісуда  қала  және 

отырықшы-егіншілік мәдениетінің құлдырап, егістік үшін игерілген жер- 

лердің  жайылымдарға  айналдырылғанын  дәлелдейді.  Қала  мәдениеті  да- 

мыған және отырықшы-егіншілік пен кошпелі шаруашылығы бар, бір кез­

де гүлденген, халықтығыз түратын Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағы 

өзінің бұрынғы экономикалық және мәдени маңызын тез жоғалтты.

Мүның бірнеше себебі болды. Оңтүстік-Ш ығыс Қазақстан монгол ж а­

улап  алушылары  үшін  маңызды  стратегиялык  аймақ саналды.  Жетісу  үш 

монгол ұлысына қарап, тұтастығынан айрылды. Монғолдар жаулап алған- 

нан кейін ондаған жылдар бойы оған Орталық Азиядан көптеген кошпелі- 

лер ағылып келді, мүның өзі егістіктің, өнделетін жер көлемінің күрт қысқ- 

аруын туғызды, отырыкшылык есебінен көшпелі тұрмысты күшейтті. Қоны- 

стардың қиратылуы, егістіктердің мал тұяғының астында калып тапталуы, 

бау-бақтардын, суландыру жүйелерініңжойылуы, отырықшы-егінші халық- 

тың  қырып-жойылып,  босқынға  үшыратылуы,  оның  Оңтүстік  Қазақста- 

нның Шыңғыс-хан жорығы кезінде-ақ қиратылған калаларымен экономи- 

калық байланыстарының күрт  кыскаруы  — осының  бәрі  Жетісудағы кал- 

алар  тіршілігінің  экономикалық негізін  бұзды.  Соның  салдарынан  ерте- 

дегі  қалалық және  отырықшы-егіншілік  мәдениеті  бар  Оңтүстік-Ш ығыс 

Қазақстан XIV ғасырдың ортасына карай кошпелілер аймағына айналды.

Монғол шапқыншылығы Қаззқстан аумағында халықтардың қүрылуын 

күрт тежеді. Ірі тайпалықтоптар қоныс аударды. Қыпшақтардың бір бөлігі 

Солтүстік  Қазақстан  мен  Батыс  Сібір  шегіне  кош іп  кетті,  шығыс  пен 

солтүстік-шығыстан жаулап алушылар кудалаған наймандар мен  керейіт- 

тер де сол жаққа карай қозғалды. Коптеген кыпшақтар Жерорта теңізінен 

Үнді мүхиты мен Тынық мұхитқа дейінгі елдерге қоныс аударды. Амалсы- 

здан кешу монғол билігі орнағаннан кейін де орын алды. Монгол шонжар- 

ларының жақсы жайылымдарды басып алуы әсіресе Шығыс Қазақстан мен 

Жетісуда  олардан  байырғы  халықтың  ығыстырылып  шығарылуына  әкеп 

соқпай қоймады,  ал монғолдардың өздері  басып алған аумақты ұлыстарға 

бөлуі этникалық жағынан туыс топтарды екінің бірінде ажыратып жіберді.

Монгол  шапқыншылығы  Қазақстанның  түрік  халқының  құрамы  мен 

антропологиялық бітіміне  онша елеулі  болмаса да, белгілі бір ықпал етіп, 

онда монғолоидтік сипаттарды күшейте түсті. Алайда, Қазақстан аумағын- 

да  оздері  қүрған  ұлыстар  халкының  шағын  бөлігі  болған  монғолдардың 

өздері  жергілікті  түркі  тілдес  халықтың  жалпы  бұқарасымен  тез  сіңісіп, 

оның тілі  мен ғүрпын қабылдады.

Тек  ең жоғары дәрежелі монгол шонжарлары, хан үйі, ханзадалар тіпті 

түріктерге айнала отырып, өздерінің монгол тегін мақтан етті. Алтын Орда 

халқы  негізінен  қыпшақтардан  құралды,  орыс  жылнамалары  осылай  деп

446


көрсетеді. Деректемелердің мағлұматтары бойынша, Алтын Орда хандары 

«қыпшақтардың патшалары» деп аталған.

М онғолдардың  жаулап  алуы  барысында  М онғолиядан  Қазақстанға 

қоныс  аударған  елеулі  этникалык топтар  ішінен,  наймандар  мен  керейіт- 

терден  баска,  қоңыраттар  мен  жалайырлар  белгілі.  Олар  өздерінің  атын 

сактай отырып, жергілікті түрік халкына косылып кетті.

Монғолдар  жаулап  алуының  әлеуметтік  зардаптары.  М онғол  жаулап 

алушыларының  шапқыншылыктары,  Қазакстанның  оңтүстік-шығыс  ау- 

мағына көшпелілердің едәуір мөлшерде коныстандырылуы, монғолдардың 

феодалдық  ш онжарларының  саяси  үстемдігінің  орнатылуы,  ақырында, 

монгол ұлыстарындағы үздіксіз қыркыстар қала мәдениетінің кұлдырауына 

әкеп сокты, аймақтың шаруашылық құрылымын түбірінен өзгертті.

Монғолдардың жаулап алуы коғам дамуын тежеді,  Қазакстанның әле- 

уметтік-экономикалык  кұрылысында  айтарлықтай  кері  кетушілік  туғыз- 

ды.  М онғолдар  бағындырған  аймақтарда  кұл  иеленушілік тәртіп  кеңінен 

таралды  (жүз  мыңдаған  тұткындар  кұлдарға  айналдырылды),  феодалдық 

қатынастарда ең артта калған түрлері  орнықты.

Жаулап  алынған  елдерде,  атап  айтканда,  жер  үлесінің,  шартты  түрде 

жерді сыйға тартудың дамыған жүйесі бар феодализм әлдеқашан үстемдік 

еткен  Орта Азия  мен  Оңтүстік  Қазакстанда монғолдар  қоғамдық қатына- 

старға  еш қандай  ж аңалы қ  енгізген  жок.  Бағындырылған  отырыкш ы- 

егіншілік аймақгар халкын ешбір шектеусіз жырткыштыкпен қанауды жалғас- 

тыра беру мүмкін еместігіне уакьіт өте келе көз жеткізген монгол билеушілері 

жерді иелену мен пайдаланудың түрлерін үйренуге мәжбүр болды.

Феодалдық қатынастар  қалыптасу  сатысында болған далалык мал ша- 

руашылығы аудандарында монғолдардың жаулап алуы патриархаттық ғұры- 

птар пердесімен  бүркемеленген  ең мешеу феодализм түрлерінің орнығуы 

мен сақталып калуына әкеп соқты. Бағындырылған елдердің көшпелі және 

жартылай кошпелі  халқы Ш ыңғыс ұрпақтарының үлыстарына кірді, олар 

м онгол  ф еод ал ды қ  ақ сү й ек тер ін ін   ж аң а  үлестері  мен  ж аң а  ә с к е р и  

бөліністерін  кұрады.  Бөлініс  жергілікті халықтың рулык-тайпалык кұры- 

лымын ескере отырып жүргізілді, мұның озі оның ұзақуақыт бойы орнығып 

калуына жәрдемдескен маңызы зор фактор болды.

Бағындыры лған  халы ққа  ауыр  алымдар  салы нып,  м індеткерліктер 

жүктелді.  Әскери міндеткерлік ерекше ауыр  болды — халык монгол эске- 

ріне жауынгерлер беріп отыруға міндеттелді.  Отырыкшы халык та эскери 

кызмет атқаруға тиісті болды.

Мал бағатын көшпелі халык хан сарайы мен өздерінің тікелей мырзала- 

рының пайдасына құшыр  толеуге  міндетті  болды.  Отырықшы  халық  жер 

салығын  (харадж) төледі.  Әскерлерді  астықпен,  малмен  ж әне  баскалары- 

мен  жабдықтауға арналған алым-тағар,  «төтенше салық»  (аваиз)  және  ба­

ска көптеген салықтар белгіленді.  Зерттеушілер монғолдар белгілеп, жер- 

жерден алынып отырған алымдардың түрі кемінде  20 екенін есептеп шығ- 

ардыі44. Салық жинау хақы сатып алынатын болды; бүл хақыны сатып алу- 

шылар салықгы аяусыз жинап, оны белгіленген нормасынан кебейтіп, қайт- 

алап жинайтын болды. Сатып алу жүйесі еңбекшілерді зор ауыртпалыкта- 

рға ұшыратты.

Ямдарды (почта бекеттерін) ұстауға байланысты почта міндеткерлігі мен 

тұрғын жай беру де ауыр шығын болды.  Белгілі бір жерде орналасқан мо-

447


нғолдардың  әскер  колын  киім-кешекпен  және  азық-түлікпен  жабдықтау 

міндеті  де  халықка  жүктелді.  Бүл  міндеткерліктердің  ауырлығын  киянат 

жасаушылык одан әрі күшейте түсті.

Ауыр салықтарымен езгіге салу халыктың жаппай күйзелуіне әкеп соқты.

Ш ыңғыс-ханның  жаулап  алу  саясаты  бағындырылған  халықтар  үшін 

қасіретке айналды.  Шыңғыс-хан мен оның мұрагерлерінің соғыстары ж а­

улап алынған елдердіңөндіргіш күштерін кұлдыратты. Сонымен бірге бәрі 

бірдей  біртектес  болған  жок.  Шыңғыс-хан  империясының  мұрасы  XVI— 

XVIII  ғасырлардағы  Қ азак  хандығынан  да,  сондай-ақ  Орта  Азияның, 

Сібірдің,  Еділ  бойының,  Солтүстік  Кавказдын,  Қырымның  сол  кезеңдегі 

түрік  мемлекеттерінен  де  көрінді.  Атап  айтқанда,  бұл  қазак  қоғамының 

коғамдық-саяси  құрылысынан  көрініс  тапты,  онда сүлтандардың жоғары 

сословиесі хан тағын жеке иеленуге құқығы бар Ш ьщғыс-ханның ұрпакт- 

арынан қүралды.

Өз  кезінде  Ш ыңғыс-хан  Ясасының  —  монғол  зандары  жинағының 

құрамына кірген және XVII ғасырдағы қазақ коғамы жағдайында мағына- 

сын жоғалтпаған халықтық ғұрыптың кейбір дәстүрлі нормалары қазақта- 

рдың  зан  ескерткіші  «Жеті  Жарғының»  (Тәуке  ханның  «Жеті  жарғысы», 

«Ережесі» немесе «Зандары») бір белігі болуы ықтимал145.

Қазак мемлекеттілігінің оз негізінде дамығаны және Қазақстанда қоға- 

мдык қатынастар дамуының нәтижесі  болғаны  күмәнсіз.  Бірақ мазмұны- 

нан  айырмашылығы  -  оның түрі дәстүрлі  болды,  яғни  ерте  замандар  мен 

орта  ғасырлардағы  кешпелі  державаларда,  атап  айтқанда,  Қазакстан  мен 

Орталык Азия  аумағында бұрынғы кезендерде  болған мемлекеттік инсти- 

туттар түрінде өмір сүрді.

1  Pritsak  О.  Karachaniden.  / /  Der Islam,  Bd.  31,  1953,  S.  21-23; Давидович  E.  A. 

Нумизматические  материалы  для хронологии  и  генеалогии  среднеазиатских К а- 

раханидов.  //Т р у д ы Г И М ,  вып.  XXVI (Нумизматический сборннк, ч.  2). М.,  1957, 

91—119-6.;  Караев  О.  История Караханидского  каганата.  Ф рунзе, .1983.

2

 

Бартольд  В.  В.

 

Двенадцать  лекций  по  истории  турецких  народов  Средней 

А зи и ./ / Соч., т.  V.  М.,  1968,  71-6.

3  Махмуд  ал-Кашгари.  Диван лугат ат-турк.  Т.  I.  Стамбул,  1915,  283-6.

4 Бұл да  сонда, 330-6.

5

 

Бартольд  В.  В.

 

Туркестан  в эпоху  монгольского нашествия.  / /  Соч., т.  I. 

М., 


1963,  315-6.

6 Хасан  Боғра-хан  Түркістанға  бара  жаткан  жолда,  Қошқарбасы деген  жерде 

елген. Қараңыз:  Бартольд 

В.  В.

 

Соч., т.  I,  321-6.



Агаджанов 

С.  Г.

 

Очерки истории огузов и туркмен Средней А зии IX—XIII вв. 



Ашхабад,  1969,182-6.

Давидович 

Е. 

А.  Нумизматические заметки  (Караханиды, Чингиз-хан, Ш ей- 

баниды).  / /  Известия ООН  А Н  ТаджССР,  1968,  №   3,  7 0 -7 1 -6 .

9  Ал-Манини.  Шарх  ал-ямини  ал-мусамма  би-л-фатх  ал-вахби  ала  тарих  А бу 

Наср  ал-Утби,  II.  Каир,  1898,  220-6.;  Ибн  ал-Асир.  ал-Камил  фи-т-тарих.  И зд. 

Торнберга,  т.  IX,  Лугдуни  Батаворум,  1868,  209-6.

щ Давидович 

Е. 

А.  О двух  караханидских каганатах. / / Н А А ,   1968,  №   1,  74-6.

"  Ибн  ал-Асир.  ал-Камил  фи-т-тарих,  т.  IX,  356-6.

12 

Бартольд  В.  В.

 

О христианстве в Туркестане в домонгольский период,  2 9 0 -  



291-6.,  192-ескерту.

448

13 

Бартольд  В.  В.

  Очерки истории Семиречья. / /  Соч., т. II, ч. I. М., 1963, 44-6.

14 

Ибн  ал-Асир.

  ал-Камил фи-т-тарих, т. X, 239-240-6.

15 

Pritsak

 О. Von den Karlukzu den Karachaniden. //ZDM G, Bd. 101,1951, S. 292-293.

16 Атақтар генезисі ете ертедегі тотемдіктүсініктерге барыптіреледі, біракәле- 

уметтік катынастардың дамуы жағдайында бүл жэне баска кұрметті атақтар енді 

саяси биліктің иерархиялық күрылымын керсеткен.

17 


Бартольд В.  В.

 Очерки истории Семиречья. / /  Соч., т. II, ч. I. М., 1963,41-47-6.

18 

Ибн  ал-Асир.

 ал-Камил фи-т-тарих, т. IX, 355-6.

19 

Юсуф  Баласагунский.

 Благодатное знание. М.,  1983,  187-6.

20 

Махмуд  ал-Кашгари.

 Диван лугат ат-турк, т. I,  107-118-6.



21

 Ол кезде көптеген түрік халыктарының тілдерінде «ел» термині «халык», «ел», 

«мемлекет»  деген  мағынада  болған.  Бұл  үғым  көбінесе  азды-кепті  ірі  тайпалық 

бірлестіктер жөнінде айтылған.



22

 Мүндай коныстар Жүсіп Баласағұн дастанында «көш» деп аталады.

23 

Ибн  ал-Асир.

  ал-Камил фи-т-тарих, т. IX, 355-6.

24 

Валитова  А.  А.

 К вопросу о классовой природе Караханидского государст­

ва. / /  Труды Кир ФАН СССР, т. I, вып.  1,  1943,  135-6.

25 


Махмуд  ал-Кашгари.

 Диван лугат ат-турк, т. 1,250, 257,273-6.; 



Валитова  А.  А. 

К вопросу о фольклорных мотивах в поэме «Кутадку билиг». / /  Советское восто­

коведение, т. V. М.,  1948,  100-6.

26 


Махмуд  ал-Кашгари.

 Диван лугат ат-турк, т. 1,31-6.; 



Бартольд  В.  В.

 Двенад­


цать лекций по истории турецких народов Средней Азии, 76-6.; 

Кляшторный  С.  Г. 

Древнетюркские рунические памятники. М.,  1964,  122-135-6.

27 

Ибн  ал-Асир.

 ал-Камил фи-т-тарих, т. XI, 57-6.

28 

Сиасет-наме.

 Книга о правлении вазира XI столетия Низам аль-Мулька. М,- 

Л.,  1949, 34-6.

29 


Караев  О.

 История Караханидского каганата. Фрунзе,  1983, 211-215-6.

30 «Ляо-ши», гл. 30, изд.  Сыбу-бэйяо, Шанхай, 1936,1100-6.

31 


Wittfagel  К.  A.  and  Feng  Chia  Sheng.

  The History of Chinese  Society,  Liao 

(907-1125). Philadelphia,  1949, p.  101-102.

32 


Козин  С.

 Сокровенное сказание. Т. I. М.-Л., 1941, §  115,105-6.

33 Бұл да сонда, §  164,  126-6.

34 Бұл да сонда, §  177,  134-6.

35 

Рубрук.

  Путешествие в восточные страны.  СПб.,  1911, 69-6.; Цит.  мына кіт.: 



Владимирцов  Б.  Я.

  Общественный строй монголов. Л.,  1934,42—43-6.  .

36 

Владимирцов  Б.  Я.

 Бұл да сонда, 42-43-6.

37 Бұл да сонда, 46-59-6. 

;

38 



Галстян  А.  Г.

 Армянские источники о монголах. М.,  1962, 41-6.

39 

Рашид  ад-Дин.

 Сборник летописей, т. I, кн. I, М.-Л.,  1952, 93-6.

40 

Козин  С.

 Сокровенное сказание.  §  1, 79,  149,120-6.

41 «Ляо-ши», гл.  131  -  «Сыбу бэйяо»,  117-6.

42 Рашид ад-Дин, т. I, кн. I,  126-127-6.

43 

Козин  С.

 Сокровенное сказание.  §  106,100-6.

44 Бул да сонда,  168-6.

45  «Юань-ши»,  цз.  127.  -   Мына  топтамада:  Соинь-бонабэнь,  эр-ши-сы-ши, 

Шанхай -  Пекин,  1958.

46 


Рашид  ад-Дин.

 Сборник летописей. Т. I, кн. I, 75,  127,137-6.

47 

Кычанов  £ .  И.

  К  вопросу об уровне  социально-экономического  развития 

татаро-монгольских племен в XII в. / / Роль кочевых народов в цивилизации Цент­

ральной Азии. Улан-Батор, 1974,165-169-6.

48 «Юань-ши», цз.  130.

49 


Рашид  ад-Дин.

  Сборник летописей, т. I, кн. 2,  109-6.

50 «Юань-ши», цз.  1, 30-6.

51 Бұл да сонда, цз.  130, (1502) 27254-6;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет