Міт app Inventor ортасы



Дата24.08.2022
өлшемі7,66 Kb.
#38239
түріПрограмма

Міт app Inventor ортасы
"МІТ App Inventor ортасы"
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»
Семей қаласы
2021-2022 оқу жылы
Орындаған: Женисова А.А
Тексерген: Есенгарина Е.Ж

МІТ App Inventor


  • Бұл – программалау бойынша үлкен тәжірибе талап етпейтін Android қосымша әзірлеу ортасы. Алғаш Google Lads-те әзірленген, лаборатория жабылғаннан кейін Массачусетс технологиялық институтына берілді.

  • MIT App Inventor-да программалау үшін графикалық интерфейс,

  • Scratch және StarLogo TNG тілдеріне ұқсас программалаудың визуалды тілі қолданылады.

  • MIT App Inventor-ды пайдалана бастау үшін мыналар қажет:

  • 1. Интернетке қосылған компьютер мен кез келген браузер.

  • 2. Android 4.0 немесе одан да жоғары операциялық жүйесі бар

  • смартфон (планшет).

  • 3. Google не Google Apps аккаунты MIT App Inventor сайтында авторландырудан өту үшін қажет.

  • MIT App Inventor-дың ресми сайты – ai2.appinvеntor.mit.edu.

  • Сайттағы өз аккаунтыңа кіргеннен кейін қолданыстағы жобаны ашуға немесе жаңа жобамен жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Қажетті нұсқанытаңдағаннан кейін әзірлеу ортасы ашылады.

  • MIT App Inventor интерфейсін қарастырайық.

  • MIT App Inventor әзірлеу ортасының интерфейсі екі негізгі бөліктен –дизайнер мен редактордан тұрады (1-сурет).

  • Интерфейстердің негізгі элементтерін қарастырайық (2-сурет).

  • 1 – жобаның аты;

  • 2 – жобалармен жұмыс істеудің мәзірі;

  • 3 – құрылған қосымшаны қосу тәсілдерін таңдау;

  • 4 – Дизайнер мен Блоктар режімдерінің арасында ауысу.

  • Дизайнер режімі – қосымшаның интерфейсі құрылатын режім.

  • Бұл режім қосымшаның түрлі компоненттерін: батырмалар, мәтін мен суреттер өріс терін таңдау мен орналастыру үшін қолданылады. Жобаның дизайнын әзірлеуге арналған интерфейс келесі негізгі элементтерден тұрады:

  • Палитраға 2-суреттегі 5-ші болашақ қосымша бөлігі жиынтықтарының енуі.

  • Қарау – қосымшаның экраны – 9. Нақтырақ, ол – экрандардың

  • бірі. Қосымшада түрлі әрекет орындалатын бірнеше экран қолданылады: экрандар арасындағы ауысу – 8. Мысалы, бірінші экранда қосымшаның нұсқаулығы, екінші экранда нақты қосымша, яғни оның

  • функционалдық бөлігі болады.

  • Компоненттер (6) – мұнда жобада қолданып жүрген компоненттердің тізімі орналасады.

  • Компоненттер деп Android-құрылғыны акселерометр, GPS, деректер қоры, т.б. түрлі датчиктерге қосуға арналған интерфейстер, дат,

  • мәтінді ендіру алаңы, мәтін, суреттер, батырмалар секілді қосымшаның функционалды элементтерін айтады.

  • Қасиеттер (Свойства) (7) – экранның бұл бөлігінде қосымша компоненттерінің қасиеттері, мысалы, түсі, көлемі, қаріп, сурет пен дыбыстың дереккөзі орналасады.

  • Медиа – қолданылатын медиафайлдардың тізімі.

  • Блоктар режімі қосымша мен оның компоненттерінің тәртібін программалау үшін қолданылады.

Қосымшаны құру кезіндегі блоктың негізгі топтары:


  • 1. Кіріктірілген блоктар.

  • Бұл блок тобы құрылған компоненттерге белгілі бір әрекеттерді/функцияларды сілтеп отырады.

  • Басқару – барлық компоненттер үшін ортақ блоктың тармақталуы, циклі, бірнеше экранмен жұмыс секілді блок.

  • Логика – қосымшадағы логикалық функцияларды қолдануға арналған блок.

  • Математика – математикалық блоктар жиынтығы.

  • Мәтін – мәтіндік блоктар жиынтығы.

  • Массивтер – ауқымдар/тізімдермен жұмыс істеуге арналған

  • блоктар.

  • Түстер – түстер бойынша жұмыс істейтін блоктарды анықтайды.

  • Айнымалылар – ауқымдық мәндер мен локалды айнымалыларды анықтап, орнатуға мүмкіндік беретін блоктар.

  • Рәсімдер (процедура). Қосымшаның ішіндегі параметрлермен немесе оларсыз орындалатын рәсімдер мен функцияларды анықтайтын блоктар.

  • 2. Қосымшаның компоненттеріне арналған әрекеттер/оқиғалар блоктары (1-Screen тобы). Нақты қосымша компонентінің әрекеттеріне сілтеме жасайды. Тиісті компонентті бояған кезде, оған қажетті блок көрінеді.

  • 3. Кез келген компонент. Берілген блок топтары қосымшадағы көп мөлшердегі бір типті компоненттерді ұйымдастыру мен басқаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, 20 спрайт не 40 батырма.

Назарларыңызға рахмет!!!


http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет