Ұмж 2а ежелгі көшпелілер өмірі



Дата09.05.2022
өлшемі133,1 Kb.
#33580
түріСабақ


ҰМЖ 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі

Мектеп: №217 ІТ- мектеп – лицейі


Күні: 22.11.2021 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Маханбетиярова Қ.Қ

Сынып. 5 «Б»

Қатысқандар -

Қатыспағандар -

Сабақтың тақырыбы

5.2.1.2. ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.2.3-ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау

5.2.2.6- көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну



Сабақ мақсаты:

  • Көшпелілердің салт-дәстүрлері неліктен бүгінгі күнге дейін сақталғандығын анықтайды.

  • Көшпелілердің діни-нанымдарын біледі.

  • Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды.




Бағалау критерийі

  • Көшпелілердің салт-дәстүрлері неліктен бүгінгі күнге дейін сақталуын анықтайды.

  • Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология : Салт – дәстүр, Наурыз, көкпар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Мен келесі өзгерістерді байқадым....

Көшпелілерде ұлттық ойындардың мынадай түрлері болды.....

Біздің топтың ойынша....



Құндылықтарға баулу

Ұлы рухты дамыту, көшпелілердің мәдениетіне және көзқарасына құрмет, салт-дәстүрлерді құрметтеуге баулу


Пәнаралық байланыс

Әдебиет – әңгімелермен жұмыс жасайды,

Өнер – киіз үймен, ұлттық аспаптармен танысады




Алдыңғы білім

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениетін біледі

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

3 минут

3 минут

4 минут


Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.

Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул. Бұл сабақта оқушыларға өткен тақырыптарды қайталай отырып, ежелгі тайпалардың дүниетанымына саяхат жасайтындығын ескертіп өтемін. «Ежелгі тайпалардың дүниетанымын» қалай түсінесін сұрағын қоя отырып, оқушыларды өзара пікір алмасуға бағыттаймын.

Оқушыларды топқа бөлу «Мозайка» әдісі арқылы



1-топ 2-топ

Наурыз мейрамы Көкпар ойыны



3-топ 4-топ

Отпен аластау Құсбегілік





  1. Топтар берілген суретті жинақтай отырып 4 топқа бөлінеді. Әр топ өздеріне тиесілі сурет арқылы өз ойларын айтады.

Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады:

  • Салт – дәстүр дегенді қалай түсінеміз?

  • Бүгінгі күнге дейін жеткен салт – дәстүрлер қалай пайда болды? Фотосуреттер ұсыну

  • Біз қандай салт – дәстүрлерді білеміз?




  1. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырамын.

5.2.1.2. ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау



Бағалау критерийлері:

➢ Көшпелілердің салт-дәстүрлері неліктен бүгінгі күнге дейін сақталуын анықтайды.

➢ Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды.


Суреттер


Мозайкалар


Сабақтың ортасы

15 минут

(топтық жұмыс)


3 минут

(жеке жұмыс)



2 минут

(жұптық жұмыс)




10 минут

(топтық жұмыс)




(Бейнетаспа)

1-тапсырма:Топтық жұмыста ежелгі көшпелілердің

дүниетанымын шығармашылық түрде таныстырыңыз.
1-топ. «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» тақырыбына әңгіме құрастыру.

2-топ. «Салт- дәстүрлер» тақырыбына эссе жазу.

3-топ. «Наурыз мерекесі» тақырыбында сурет салу.

4-топ. Сурет бойынша әңгімелеу.

Дескриптор

Білім алушы

  • «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» тақырыбында 5 сөйлемді әңгіме құрастырады;

  • «Салт- дәстүрлер» тақырыбында 5 сөйлемді эссе жазады;

  • Наурыз мерекесі тақырыбында сурет салады;

  • Алтыбақан ойынын баяндайды .


ҚБ «Бағдаршам» әдісі бойынша (Әр топ өздерін бағалайды)

Жасыл – дұрыс

Сары- толықтыру қажет

Қызыл- қателестік


Сергіту сәті

« Сен маған, мен саған» әдісі бойынша өтілген тақырып аясында І топ- ІІ топқа, ІІ топ- ІІІ топқа, ІІІ топ- IV топқа, IV топ І топқа сұрақтар қояды.


Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім күлегештер арқылы бағалайды.

2- тапсырма

Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Берілген тұжырымның «шындық» жәнe

«жaлғaн» екенін aнықтaңыз.





Оқиға

Шындық

Жалған

1

«Наурыз» ежелден бері тойланып келе жатқан дәстүрлі мереке







2

Ғалымдардың пікірінше

«Наурыз» мерекесі 3500 жыл бұрын пайда болған









3

Ежелгі парсы және антикалық жазбаларда көшпелілер күнге табынған







4

Ежелгі көшпелілер жазда көктеуге көшкен







5

Ойсыл қара пірі – түйе







6

Отпен аластау ғұрпы көктеуден жайлауға көшкен кезде орындалған








Дескриптор


  • Тұжырымның «шындық» және «жалған» екенін анықтайды.


ҚБ «Бағдаршам» әдісі бойынша

Жұптық бағалау

Жасыл – тұжырымның «шындық» және

«жалған» екенін анықтадық.

Сары- тұжырымды толық анықтамадық.

Қызыл- мүлдем анықтай алмадық.

Оқулық, плакат, маркер,

стикерлер

Суретпен жұмыс



Сабақтың соңы

2 минут

«Моншақ» әдісі. Бір топ тізбектей отырып келесі топқа өз тілектері мен ұсыныстарын, сабақ барысында олардан түсінгендерін айтып, өз ойларын білдіреді. Осылайша, біріншісі- екіншіге, екіншісі- үшіншісіне, үшіншісі- төртіншіге, төртіншісі- біріншіге.



Рефлексия

2 минут

Кері байланыс. «Бестік».

Қағаздардың бетіне өз қолыңыздың саусақтарын айналдыра сызыңыздар. Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз оларыңызды айтасыздар.

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық

Сұқ саусақ – маған қиын болды

Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады

Төртінші саусақ – менің көңіл күйім



Бесінші саусақ – менің ұсынысым





Үйге тапсырма беру

1 минут

«Мен ұнататын ұлттық ойын» тақырыбында эссе жазу .

Оқулық

Дәптер




Бағалау критерийлері:

➢ Көшпелілердің салт-дәстүрлері неліктен бүгінгі күнге дейін сақталуын анықтайды.

➢ Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды.


Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтағы жұмыс барысында «диалог және қолдау көрсету», тәсілдерін қолдану жоспарланды. Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.

Визуал оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін суреттер, слайдтар көрсетемін. Барлық оқушылардың қатысуын қадағалау



«Топтас, талқыла, бөліс» әдісі, Сұрақтар топтамасы, топтық бағалау, кері байланыс.

Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау.

Топқа тілек сергіту сәтін өткізу. Егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу.



Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ / оқу мақаттары шынайыма?

Бүгін оқушлылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгірдім бе?






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет