Қмж құрастыру тапсырмасы бойынша кері байланыс



Дата06.01.2022
өлшемі106,88 Kb.
#13376


ҚМЖ құрастыру тапсырмасы бойынша кері байланыс:

SWOT – талдау



S - strengths - мықты жағы

W – weaknesses - әлсіз жағы

O - opportunities- мүмкіндіктер

T – threats – қауіп – қатер


Жалпы, рефлексия бойынша мәлімет беремін. Себебі: Жаңартылған білім мазмұны бойынша биылғы оқу жылынан бастаған әріптестеріме көмек болар -, деп ойладым.

Қызмет тұрғысынан рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
1. Сенсорлық\сезімдік рефлексияКөңіл – күй мен эмоциялық бағалауды білдіру (ұнады\ұанмады, жайлы\жайсыз, қажет\қажет емес) сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады. Сабақтың басында және аяғында. 
2. Әрекет рефлексиясы: өз әрекеттеріне баға беру (жасадым\жасамадым, үлгердім\үлгермедім),оқу материалын игеру тәсілдері мен құралдарын сараптау, ең тиімді шешімдерді іздестіру. Әрекет рефлексиясын сабақ соңында қолдану әр оқушының белсенділік деңгейін көрсетеді.

3.Зияткерлік рефлексия: танымдық ұғымдар тұрғысынан сабаққа немесе өз түсінігіне баға беру (білдім\білмедім, түсіндім\ түсінбедім, оңай болды\қиындық тұғызды)

4.Ішкі әлем рефлексиясы: рухани мәселелер ауқымында өзін бағалау (өзгердім\өзгермедім, жақсардым\ нашарладым, мен үшін құнды болды\ болмады)

Әрекет рефлексиясы: «БЛОБ ағашы» /коучинг бойынша/

Өзiн калай ұстады, қандай дәрежеде өз бiлiмiн көрсете алды, ағаштан өзiн тауып бояп кояды. Жұппен жақсы жұмыс iстесе кұшактасып отырган екi адамды белгiлейдi, араласпаса жерде бұртиып жаткан адамды белгілейді.



Өткізген: Кумарова Аигерим Бектасовна физика пәнінің мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет