Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу



Дата27.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#32565
түріБағдарламасы

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу


Орындаған: Сейлхан Дана

Тобы: Бқ-312

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту  және тәрбиелеу  білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің  2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы  іске асырылуда. Мұнда  білім саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі жүктелген

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту  және тәрбиелеу  білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің  2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы  іске асырылуда. Мұнда  білім саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі жүктелген
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі көп қырлы болуы тиіс. Инклюзивті білім беру ерекше балаларға білім беру саясатының бір түрі болып табылады және мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Міндеттері:


мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беріп, қоғамдағы өз орнын табуға мүмкіндік жасау;

мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс - әрекетімен эмоциялық ерікті жағының кемшіліктерін ескеру;

өз бетімен өмір сүруде, балаларды қазіргі қоғамдық жағдайларда әлеуметтік бейімделуге дайындау.

Жалпы білім берумен арнайы білім беру мақсаты:


Дамушы тұлғаның әлеуметтенуді және өзін-өзі шыңдауды көздейді. Сонымен қатар осы мақсатта мүмкіншілігі шектеулі оқушыға тән өмірлік іс-әрекеттер мәні: тез өзгергіш, қысқа өмірде баланың жоғары деңгейде өз бетімен, тәуелсіз әлеуметтік бейімделуі.

Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол өз бетінше оқыту және тәрбиелеу жүйесінің бөлігі болып табылады. Ол негізгі психолого-педагогикалық, әлеуметтік, адамгершілік және идеологиялық проблемаларға, гуманизациялануға, демократиялануға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жекеге бағытталғанға ықпал етуге тәуелді.


Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық-психологиялық сипаттамасы

  • Ауру түрлеріне қарай:(нашар естидіндер, естимейтіндер,кейіннен саңырау болғандар)
  • Көру қабілеттеріне қарай: (нашар көретіндер, зағип,соқыр,кейіннен соқыр болғандар)
  • Сөйлеу кемістігі(сөйлемейді,ымдау арқылы саусақпен көрсету арқылы)
  • Қимыл – қозғалыс аппараты бұзылғандар
  • Психикалық дамуы тежелгендер
  • Интелектісі жеңіл және өлшемді бұзылғандар.

Арнайы мектептерде (мектеп - интернаттар) балалардың кемшіліктеріне байланысты бөліп оқытылады. Жалпы мектепте есту, көру қабілеті зақымдалған, ауыр тіл кемістігі бар, қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, интелектісі жеңіл және өлшемді бұзылған балаларға арналған ұзартылған күн жағдайындағы арнайы сыныптар. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды жалпы сыныптарға қосып білім беретін жалпы мектептер. Мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық көмек көрсететін арнайы ұйымдар: психология-педагогикалық коррекция кабинеті; мектепаралық логопедиялық бөлімшелер, оңалту орталықтары. Стационарлы емдеу мекемесінде мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру. Үй жағдайында мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру. Мүмкіншілігі шектеулі балаларға кәсіби білім беруді ұйымдастыру кәсіби мектеп, лицей, колледждер, оқу-өндірістік кешендер.

Түзету жұмыстары

  • Изотерапия — бейнелеу, мүсіндеу, қолөнері арқылы түзету
  • Имаготерапия немесе драматерапия — образ, театрализация, драматизация арқылы әсер ету
  • Музыкотерапия
  • Ертегі терапиясы
  • Кинезитерапия — би-қозғалыс арқылы әсер ету
  • Ойын терапиясы
  • Оригами – қағаз бүктеу өнері
  • Глинотерапия
  • Библиотерапия
  • Видеотерапия
  • Маскотерапия
  • Құм терапиясы
  • Цветотерапия
  • Фототерапия

Нормативтік құжаттар

  • «Қазақстан Республикасында бала құқығы жөнінде» (2002 г.)
  • «Білім беру туралы» ( 2007 ж.)‏
  • «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» (1997 ж.)‏
  • «‏Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы ҚР 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы
  • «Жасөспірімдер үйі мен жанұя типтегі балалар ауылдары туралы»(2000 г.)
  • «Неке және жанұя туралы» (1998 г.)
  • «Кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында құқық бұзушылық пен балалардың қараусыз қалуын және панасыздығының алдын алу туралы» (2004 ж.) және т.б.
  • «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 13.04.2005ж №39-ІІІ ЗРК
  • Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 07.12.2010ж
  • ҚР №64 қаулысы мен бекітілген қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру 25.01.2008
  • ҚР №320 қаулысы мен бекітілген әлеуметтік көмек беру қағидалары 12.03.2012ж

Назарларыңызға рахмет))))



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет