МҰнайшы contents 4


- Сіз өмір үшін аса қауіпті қызметті



жүктеу 4.64 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата30.12.2016
өлшемі4.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

- Сіз өмір үшін аса қауіпті қызметті 

саналы түрде таңдадыңыз. Сіз 

Кеңес Одағының мыңдаған әскери 

хас шеберлерін дайындаған жай 

ұшқыш-сынақшы ғана да емессіз. 

Сіздің өзге де аты аңызға айналған 

жетістіктеріңіз, мәселен, қатты 

дауыл кезінде авиа тасығыштың 

палубасына әскери ұшақты 

қондырғаныңыз және Солтүстік 

Үйек ауданына алғаш қонусыз ұшу 

жайында айтып берсеңіз .

- Әрине, мамандығым қауіпті, бізге 

өмір үшін аса қауіпті  күрделі тапсыр-

малар берілетін. Өйткені, көп нәрсе 

ойлағандай емес, ұшқыштың қайта ора-

луын болдырмайтындай басқаша бо-

луы де мүмкін еді.. Палубаға қонумен 

байланысты  сол сапар әскери-теңіз 

флотының авиа тасығыш кемелерін 

жасау жөніндегі бағдарламамен байла-

нысты еді. Әр бюродан бағдарламаға 

бірнеше ұшқыш қатысты, Виктор Геор-

гиевич Пугачев те солардың қатарында 

болды. 


Ол «Тбилиси» ауыр авиа тасығыш 

крейсеріне тұңғыш  болып қонды. 

40 минуттан соң  мен де МиГ-29К 

қондырдым. Қонғаннан кейін «тепе-

теңдікке» қол жеткізу үшін мен 

қызметтестеріме: «Ұшақты қайта ұшуға 

дайындаңдар» дедім. Навигацияның 

және ұшуды қамтамасыз ететін өзге де 

техникалық аспектілердің болмайты-

ны жайлы ескертулерге қарамастан, 

мен гироскопты бағдарлауға бұйырып, 

өзімнің айтқанымнан қайтпадым. 

Сол кездегі мемлекеттік комиссия 

төрағасы Кремльге ұшақтың авиа 

тасымалдағышқа алғаш қонуы тура-

лы хабарлап үлгерген екен. Бұл кеңес 

авиациясындағы революциялық оқиға 

болды. Қуанышты жағдай болып, тіпті 

барлығына шампан да құйылған екен. 

Мен мемлекеттік комиссия 

төрағасынан әлемде тұңғыш рет 

ұшақтың трамплинді пайдаланып 

ұшуы, яғни, ұшақтың секіруі үшін 

авиа тасығыш крейсер палубасынан 

ұшағымның ұшуына рұқсат беруін 

өтіндім. Оның күрделілігі крейсердің 

ұшу жолағы қысқа және әдеттегі ре-

жимде оның ұзындығы ұшақтың 

екпініне жетпейтінінде еді. Ұсынылып 

отырған тәсіл трамплин принципін 

пайдалануға негізделген, яғни, ұшақ 

өз жолағының шетінен шығып, ол па-

раболадан суға құлап бара жатқан ме-

зетте  жылдамдық алып, ұшақты әуеге 

көтеру керекті. Барлығын аз ғана се-

кундтар ішінде шешілетіндіктен, көп 

нәрсе сынаушы ұшқыштың біліктілігіне 

және қозғалтқыштың сенімділігіне бай-

ланысты еді. Кішкентай  жаңылысу 

болғанның өзінде,  ұшақтың су астына 

кетуіне қауіп төндіретін. 

Менің тәжірибем, даңқымды (мен 

ол кезде Кеңес Одағының Батыры ата-

лынып қойған едім) ескеріп, маған 

рұқсат берілді. 1989 жылы 1 қарашада 

әлемде тұңғыш рет әуе тасымалдағыш 



Виктор Пугачёв (1948 ж. туған) - кеңес үкіметінің ұшқыш-сынақшысы, КСРО 

еңбегі сіңген ұшқыш-сынақшысы (18.12.1991ж.), Кеңес Одағының Батыры. 

Ұшу динамикасында тангажды басқаруды, шабуылдың үлкен бұрыштарындағы 

тұрақтылықты және реактивтік ұшақтың жоғары маневрлілігінің мүмкіндіктерін 

көрсететін «Пугачев әбжыланы» жоғары ұшу өнері оның есімімен аталған.

*Д.А.Қонаев – кеңес үкіметінің мемле-

кет және қоғам қайраткері. 1912-1993 жыл-

дары өмір сүрген. Қазақ КСРО Министрлер 

Кеңесінің Төрағасы, Қазақстанның КП ОК 

Бірінші хатшысы, Үш мәрте Социалистік 

Еңбек Ері. 100 астам ғылыми еңбектің авторы. 

Қазақ КСР ҒА академигі.



8

Желтоқсан 2015      



МҰНАЙШЫ

палубасынан МиГ тәжірибелік кемелі 

жойғышты әуеге көтеріп ұшқанмын, 

кейіннен осы үшін есімім Гиннес Ре-

кордттар кітабына енгізілді.

Сол кезде біз сол кеме мен сол 

ұшақтарға өмірге жолдама бердік, ал 

әскери теңіз авиациясы үшін жаңа 

кезең басталды. 

Солтүстік Үйек аумағындағы әуеде екі 

рет жанармай құйдыру арқылы ұшуға 

келер болсам, онда ол бірқатар се-

беп салдарынан оңай емес еді. Ең ал-

дымен, солтүстіктегі биік енділіктерде 

навигациялық құралдар бейберекет 

жұмыс істей бастайтындықтан, ұшқыш 

өзінің аэронавигация бойынша барша 

ресурсын пайдалана білуі  тиіс, әйтпесе, 

қайда екенін және қай жерге ұшып ба-

ра жатқандығыңды   түсіну қиынға 

соғады. Онда аспан жиегі шексіз - 

бірнеше жүздеген километрге дейін, 

солтүстік ендіктердегі ауа мөлдір әрі та-

за. Ұшып бара жатып өзіңді күллі жер-

де жалғыз жолаушы сезінесің... Және  

егер де қозғалтқышпен бірдеңе болып 

қалса, жанса, катапульталану керек бо-

лар еді. Ал төменге қарасаң барлық 

жерде сеңді мұз шоғыры тізілгендей, 

қауіпсіз қону дерлік мүмкін емес. Тіпті  

ұшақты сәтті қондырғанның  өзінде

мұзды тыныштықта сені ешкім таба ал-

мас еді, құтқару қызметтері қандай да 

болсын іздеу жұмыстарын жүргізуден 

бірден бас тартты. Ұшу парағында 

бізге сондай катапульталану қажеттігі 

туғанда  қару қолдануға ресми түрде 

рұқсат берілетін. Қорқынышты естілсе 

де, осының бәрі өзіңді азапты өлімнен 

құтқарып, әуеде өзіңді-өзің атып тастау 

мүмкіндігі үшін  еді...

Өйткені мұндай ұшу кезінде өлім 

қаупі өте жоғары. Бірақ бақытыма 

қарай, барлығы жақсы өтті. Кейіннен 

мен Солтүстік Үйектің осы ауданына 

бірнеше мәрте аман-есен ұшып қайтқан 

болатынмын. 

 - 1976-1991 жылдары ұшқыш-

сынақшы ретінде, Сіз ұшақтың 50 

түрінен астамын игердіңіз. Осы 

сынақтардағы ең қиыны не бол-

ды? Бортта қандай да болсын штат-

тан тыс оқиғалар болды ма?

- Барлық жаңалық әрдайым штат-

тан тыс болады. Ұшқыш-сынақшы 

конструктор мен ол жасап шығарған 

әуе кеменің арасындағы делдал 

рөлін атқарады. Оның басты міндеті 

әуе кемесін пайдаланудың барлық 

аспектілерін анықтап,  конструкторға 

жеткізу. Кез келген сынақ - күрделі бо-

лып саналады, өйткені бізге маңызды 

және жауапты іс - ұшақтардың беріктігі 

мен қауіпсіздігін тексеру жүктелетін. 

Кейіннен осы әуе кемелерінде ұшатын 

адамдардың қауіпсіздігі мен өмірі 

конструктор-сынақшы тандеміне 

байланысты. Штаттан тыс оқиғалар 

жиі болатын, бұл біздің саламыз бен 

мамандығымыздың ерекшелігі.



- Ал қазір Сіз ұшасыз ба?

- Менің шағын ұшағым бар, кей-

де онымен ұшамын, өйткені кейде ұшу 

кезінде болатын әсерлерді, биіктікті 

сағынамын. Қазір сирек ұшатын бол-

дым, бірақ міндетті түрде жылына бір-екі 

рет ұшуға тырысамын. Бұл біз ұшқыштар 

қатты қалайтын адреналиннің өзіндік 

шығарылуы болса керек. 

- Өзіңіздің ғарышқа ұшуыңыз ту-

ралы әңгімелесеңіз.  

- 1991 жылы КСРО өзінің тіршілігін 

тоқтатты, Қазақстан Президенті 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мені 

шақырып, ғарышқа ұшуға ұсыныс 

білдірді. Жеке ұшу құрамының 

қиындықтары туралы айтып, ба-

сында мен бас тартқанмын. Бірақ 

оған Президент: «тұңғыш ғарышкер 

және басқа да кейінгі ғарышкерлері 

ғарышқа біздің топырағымыздан 

ұшқан. Солардың ішінде бірде-бір қазақ 

жоқ. Халқымыздың қазақ ғарышкерді 

күткеніне 30 жыл болды. Халық аты-

нан және халық үшін ұшу керек», - деді. 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен / С Президентом РК Н.А.Назарбаевым / With Kazakhstan President N.A.Nazarbayev

2007 жылы ұшқыш-сынақшы 

және ғарышкер генерал-май-

ор Тоқтар Әубәкіров пен 

жойғыш-ұшқыш және генерал-

майор Жайынтай Сандыбаев 

Қазақстандағы азаматтық және 

әскери ұшқыштардың жас буынын 

тәрбиелеу мақсатында Астанада 

әуе орталығын ашты. 


МҰНАЙШЫ      

Желтоқсан 2015

9

Осы сөздерден кейін мен ғарышқа ұшуға 



келісімімді бердім.

Мен медициналық тексеру мен 

дайындықтан өттім. Дайындық аясын-

да ғарыш кемесінен «Мир» орбиталық 

кешеніне дейінгі барлық жабдықтарды 

зерттедік. Ұшу алдында қойған басты 

шартым -  белгілі бір ұшу бағдарламаның 

болуы еді. Ғарышқа жай бейтарап жола-

ушы ретінде ұшқым келмеді. Мен өмір 

бойы қойылған тапсырманы орын-

дап үйренген едім. Бақытыма орай, 

ҚР Ғылым Академиясының сол кездегі 

басшысы Өмірзақ Сұлтанғазиннің 

арқасында кейіннен қазақстандық 

ғарыш ісінде жаңалық болған «Қазақстан 

ғарышы» бағдарламасы әзірленді және 

қалыптасты. Осы бағдарлама бойынша 

ғарышта жүргізілген зерттеулер кезінде 

бірегей нәтижелерге қол жеткізілді 

және 70% қолданбалы сипатқа ие болды. 

Олардың арасында медицина, геофи-

зика және биология салалары бойынша 

әлемдік маңызы бар нәтижелер болды.

Қазақстан үшін тарихи болып са-

налатын күні, ұшуға дайын ғарыш 

кемесінің басына бірқатар мем-

лекет Президенттері, оның ішінде 

біздің Президентіміз Нұрсұлтан На-

зарбаев, Өзбекстан, Әзербайжан, 

Тәжікстан, Қырғызстан және Армения 

Президенттері, сонымен қатар Ресей 

Федерациясының Премьері мен Австрия 

Канцлері жиналғаны есімде.

- Қазақстандағы авиация мен 

ғарыш ісінің келешегі қандай? 

Ғарыштық туризм туралы не ойлай-

сыз?

-  Кез келген көлік саласында туризм 

қолданбалы сипатқа ие. Ең алдымен 

тек  жүргізуші жүргізетін көліктер пай-

да болған. Сынақтар өткеннен кейін 

көліктерге жолаушылар да мінетін 

болған. Поездармен, ұшақтармен де ту-

ра солай: жеке ұшатын ұшақтар жола-

ушылар ұшатын ұшақтарға айналған. 

Ғарыштық сала өзгеше  болғанымен, 

онда да ақырындап жаппайлық аспекті 

пайда болуда. Бұл бастаманың баста-

масы. Менің ойымша, біз болашақта 

теплоходтармен круиз жасағандай, 

әлемнің кез келген түпкіріне ұшақпен 

ұшып барғандай, Айға да, ай маңындағы 

орбитаға да ұшатын боламыз.

- Ғаламда бізден басқа жандар  бар 

деп ойлайсыз ба? 

- Мен жер жүзінде басқа да тіршілік 

иелері мен өркениеттер бар екендігіне 

күмәнданбаймын. Мұны ғарышта ора-

сан зор ғарыштық кеңістікті және 

миллиардтаған жұлдыздар мен 

ғаламшарларды көрген  кезде бірден 

түсінесін. Олардың кез келгенінде бізге 

ұқсамайтын тіршілік иесінің болуы 

міндетті. Олардың бар екеніне күмәнім 

жоқ.

- Мен Расул Ғамзатовтың «Осын-

дай азамат бола ма?» атты  өлеңдегі 

шумақтарға сай болатын парасат-

ты, көңілі кең ер адамдар сирек 

кездесетіндігін айтып өткім келеді. 

Сіздің бойыңыздан табылатын осы 

ер-азаматқа лайық және нағыз ада-

ми қасиеттер адамды өзіне тарта-

ды деп ойлаймын. Сіз өзіңіздің ина-

батты жарыңыз Татьяна Михаилов-

намен көп жылдар бойы біргесіз. 

Қалай таныстыңыздар?

- Мен Татьяна Михайловнамен со-

нау 1976 жылы зауытта жұмыс істеп 

жүрген кезімде танысқан едім. Алғашқы 

кездесуден кейін-ақ ол менің болашақ 

балаларымның анасы және өзіме өмірлік 

жар болатындығын түсіндім.

- Сіздің өміріңіздің мәні - 

балаларыңыз бен немерелеріңіз 

екенін білеміз. Тимур мен Михаил 

деген тамаша ұлдарыңыз бар. Қазір 

отбасыңыздағы ең негізгі адам - бір 

жасар немереңіз Тоқтарлан. Олар 

туралы айтып берсеңіз.

- Мен бұрын бір нәрсеге  бейімділік  

ұрпақтан ұрпаққа  жалғасын табаты-

нына сенбейтінмін. Дегенмен, неме-

реме қарап осыған көз жеткізіп ке-

лем. Бір күні бірнеше айлық немерем 

Тоқтарланмен серуенге шыққанбыз, сол 

кезде ол ұшақтың гуілін естіп бірден ты-

ныштала қалғаны есімде. Қазірде оның 

ойыншықтарының барлығы ұшақтар. Ол 

бір жас екі айлық болған еді, ұшақтарды 

қатты жақсы көреді. Теледидарды неме-

се Ipad көрсетіп, «ата» дейді, яғни ғарыш 

туралы, менің ұшақтармен ұшуым тура-

лы немесе ұшақтар туралы бейнелерді 

қосып бер дегені, ол оны сағаттап көре 

алады! Балаларым менің мамандығымды 

таңдаған жоқ. Кезінде әйелімнің «бір 

үйден бір ұшқыш, әсіресе бір сынақшы-

ұшқыш  жеткілікті», - дегенін қолдаған 

болатынмын. Жақында келінім егер 

Тоқтарлан болашақта ұшқыш болуды 

таңдаса, қарсы болмайтындығына уәде 

берді. Әрине, немерем атасының жолын 

қуып жатса, мен қуанамын.

- Сізде нағыз маңғаз жануар сана-

латын жылқылардың тамаша топ-

тамасы бар екендігін білеміз. Атта 

отырған кезде нағыз қазақтың қас 

батырларындай көрінеді екенсіз. Біз 

Сізге әрдайым биіктерден көрініп, 

өмірде қызық пен қуанышқа 

бөленіп, жаңа жетістіктерге 

жетуіңізге тілектеспіз!

- «ПетроҚазақстан» еліміздегі ең ірі 

әрі танымал компаниялардың қатарына 

кіреді. Сіздерге әлемдік мұнай сала-

сын шарпыған дағдарыстан сәтті өтуге 

тілектеспін. Өйткені мұнайшылар 

баршаға және қашанда керек. Біздің 

өміріміздің одан әрі қозғалыспен 

көркемдей беруіңізге тілектеспін.

Қызметкерлердің отбасына амандық, 

бақ-береке тілеймін, жұмыстарыңыз 

әрдайым сәтті болсын!



Құрметті Тоқтар Оңғарбайұлы

Сізге компаниямыздың барлық 

қызметкерлері атынан үлкен 

алғыс білдіреміз! Сізге және 

жақындарыңызға денсаулық, 

сәттілік тілейміз! Келе жатқан 

мейрамдарыңызбен!

ҚСРО халық  әртісі Б.Төлегеновамен / С народной артисткой СССР Б.Тулегеновой / 

With the People’s artist of the USSR B.Tulegenova


10

Желтоқсан 2015      



МҰНАЙШЫ

Сөзсіз, жылдың ең көп күткен және 

ықпалды мұнай-газ оқиғасы бо-

ла тұра, Мерейтойлық Х Еуразиялық 

KAZENERGY форумы әдеттегідей 

талқыланатын мәселелердің саны мен 

маңыздылығы, шаралар тізімі және оған 

қатысушылардың деңгейі тұрғысынан 

өте мазмұнды болды. Форумға әлемнің 

53 елінен 2000 астам делегат қатысты, 

делегаттардың қатарында Франция 

Премьер-министрі (2007-2012жж.) 

Франсуа Фийон, ҚХР Мемлекеттік энер-

гетика басқармасының төрағасы Нур 

Бекри, «Газпром» КАҚ Директорлар 

кеңесінің төрағасы Виктор Зубков, Еу-

разия экономикалық комиссиясының 

Энергетика және инфрақұрылым 

министрі Таир Мансуров, Дүниежүзілік 

мұнай кеңесінің президенті Йозеф 

Тот, ҚР Энергетика министрі Влади-

мир Школьник сияқты әлемдік энер-

гетика индустриясының тұтқалы 

тұлғалары, сондай-ақ ірі мұнай-газ және 

энергетикалық компаниялардың топ-

менеджерлері болды. 

Форумда саланы одан әрі дамытудың 

пайымын қалыптастыруға негіз болған 

салмақты мәлімдемелер жасалды. Атап 

айтқанда, ұсыныстың шамадан көп бо-

луы кезеңінде энергия ресурстарын 

өндіруші әрбір ел саланы дамытудың 

әртүрлі нұсқаларын қарастыра отырып, 

мұнай-газ өнеркәсібін, көмірсутегін та-

сымалдау және транзиттеу бағыттарын 

әртараптандыру бойынша қадамдар 

жасауға міндетті. Оптимистік циф-

рлар да айтылды, мәселен KAZENERGY 

төрағасы Тимур Құлыбаев Қазақстан 

2020 жылдардың басында мұнай 

өндіруден тәулігіне 2 млн. баррель 

деңгейіне жетеді және бұл біздің елімізді 

ең ірі мұнай және газ өндірушілердің 

ондығына кіргізеді дегенді атап өтті. 

Жаңа жоспарлар мен нарықтардың 

аты аталды: «ҚазТрансОйл» бас дирек-

торы Қайыргелді Қабылдиннің айту-

ынша, Қазақстан өзінің көмірсутегін 

Үндістанға тасымалдау мүмкіндіктерін 

қарастырып жатыр және бұл елге 

Ресейдің мұнайы мен газын тасымалдау-

ды қамтамасыз етпек. 

Қазақстан-қытай энергетикалық 

қатынастарына ерекше маңыз берілді. 

Дамудың жаңа айналымына «Жібек 

жолының экономикалық белдеуін» құру 

жобасы түрткі болды. Оның мақсаты 

- Шығыс Азиядан Батыс Еуропаға 

дейінгі аумақта орналасқан мемлекет-

тер ынтымақтастығының жаңа ныса-

нын құру. Қазіргі күні екі жақты қарым-

қатынастар аясында энергетикалық 

сектордың бірнеше бағыттары, оның 

ішінде Қазақстанның тақтатас мұнай 

әлеуетін зерттеу, CNPC компания-

сы қызығушылық танытқан «Еура-

зия» жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ 

мұнай алуды арттыру әдістемесі бой-

ынша зерттеу құрауыштарын дамы-

ту бойынша жұмыстар жүргізіліп жа-

тыр. Сондай-ақ, Форум аясында өткен 

«Еуразия өңіріндегі энергоқауіпсіздік: 

ынтымақтасудың жаңа механизмі» ат-

ты мұнай-газ конференциясының ба-

рысында инженерлік ғылым және тех-

нология саласындағы әріптестікті, оның 

ішінде тәжірибемен, мамандармен ал-

масуды және тиісті салалармен бай-

ланыстар орнатуды қарастыратын ҚР 

Ұлттық инженерлік академиясы мен 

ҚХР Инженерлік академиясы арасында 

Ынтымақтастық туралы меморандумға 

қол қойылды.

Форумның қорытынды қарары 

ретінде Еуразия құрлығындағы барлық 

мемлекеттердің мүдделері мен пікірлері 

толық ескерілетін халықаралық 

энергетикалық әріптестікті жоспар-

лы түрде дамыту қажеттілігі белгіленді. 

KAZENERGY көрмесіндегі «ПетроҚазақстан» стенді / Стенд «ПетроКазахстан» на выставке KAZENERGY / 

PetroKazakhstan  stand at the KAZENERGY exhibition

бизНес жӘНе өНер сиНергиясЫ

29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «петроқазақстан» компаниясы «жаңа 

энергетика көкжиектері, ынтымақтастық пен инвестициялар келешегі» 

тақырыбында Астанада өткен Х мерейтойлық еуразиялық KAZeneRGY фо-

румына қатысты. Алғаш рет саясат, экономика, мұнай бағасы және мұнай 

саласының болашағы туралы дәстүрлі мәселелермен бірге мәдениет саласы 

да қамтылды және «петроқазақстанның» KAZeneRGY ассоциациясымен 30 

қыркүйекте бірлесіп өткізген «өнер синергиясы» шарасы Форумның жарқын 

оқиғасына айналды.  


МҰНАЙШЫ      

Желтоқсан 2015

11

Осыған орай әлемдік бәсекелестік тепе-



теңдігінің өзгерістерін ескере оты-

рып, сыртқы инвестициялау әдісіне 

түзету енгізуден бастап; елдердің 

энергетикалық саясатын әрі қарай 

энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға, 

тарифтерді төмендетуге және энергия 

ресурстары түрлерін әртараптандыруға 

бағыттауға дейінгі түрлі міндеттер 

түзілді. Қазақстанның транзиттік-

көлік әлеуетін оңтайлы дамытудың 

және жаңармайтын энергия ресурста-

рын болашақ ұрпақ үшін сақтаудың 

маңыздылығы аталып өтті. Экология 

мәселелері жеке бір топтамада - энерге-

тика кәсіпорындарында қоршаған ор-

таны ластауды мониторингтау жүйесін 

жетілдіруден бастап, экологиялық таза 

технологияларға  көшуді және отынның 

қазіргі заманғы стандарттарын өндіруді 

жылдамдатуға дейін қарастырылды.  

Форуммен қатар «Energy4us: 

«Инновациялық энергетика» ұранымен 

500 қонақ қатысқан көрме өтті. Жаңа 

технологияларды қолдануды көрсету 

алаңына айналған көрме аумағы 4 

негізгі атқарым аймағына бөлінді: экс-

позицияны орналастыруға; келіссөздер 

мен кездесулер өткізуге; тұсаукесерлер 

мен кешенді қызметтер көрсетуге және 

баспасөзге арналған MEDIA VILLAGE. 

Көрме аясында экспоненттер арасын-

да конкурс ұйымдастырылды, оған 

биылғы жылы 16 компания - энергети-

ка саласының өкілдері қатысты: «Үздік 

инновациялық стенд» номинациясы 

бойынша KMG International (Rompetrol) 

компаниясы және «Аудиторияның үздік 

таңдауы» бойынша «Самұрық-Энерго» 

АҚ жеңіп алды.

Өзінің мерейтойлық мәртебесінен 

басқа Х Еуразиялық KAZENERGY форумы 

Форум аясында бірінші рет мәдениетке 

және өнерге арналған екі кештің 

өтуімен ерекшеленді. 29 қыркүйек күні 

KAZENERGY ассоциациясы «Астана Опе-

ра» залында қабылдау жасап, концерт 

өткізді. Ал келесі күні «ПетроҚазақстан» 

компаниясы KAZENERGY ұсынысы бой-

ынша «Өнер синергиясы» атты мәдени 

шарасын ұйымдастырды. «Қазақстан» 

Орталық концерт залында өткен аталған 

шараны «КаспийМұнайгаз», «КОР» және 

«КИНГ» компаниялары қолдады.  

«Өнер синергиясының» ресми 

бөлімін PetroChina вице-президенті 

және CNODC президенті Люй Гунсюнь 

мырза ашты, ол KAZENERGY ассоциаци-

ясын мерейтоймен құттықтай отырып, 

KAZENERGY төрағасының орынбаса-

ры Ж.Ж.Сарсеновке сыйлық табыс етті. 

Одан кейін KAZENERGY мерейтойлық 

медальдарын тапсыру салтанаты өтті. 

ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай 

Қарабалин PetroChina вице-президенті 

және CNODC президенті Люй Гунсюнь 

мырзаға, CNPC-ның Қазақстандағы 

бас директоры Биан Дыжы мырзаға, 

«ПетроҚазақстан» президенті Вэй Юй-

сян мырзаға, «ПетроҚазақстан» вице-

президенті Б.Исенғалиев мырзаға, 

сондай-ақ өнер қайраткерлері - Бибігүл 

Төлегеноваға, Майра Мұхамедқызы, 

Жәния Әубәкіроваға және Айман 

Мұсахаджаеваға марапаттар табыс етті.  

Мәдениетке және өнерге 

қолдау көрсету жобалары 

«ПетроҚазақстанның» әлеуметтік сая-

сатында ерекше орын алады және бұл 

шара Қазақстанның бүгінгі заманғы 

суретшілерінің бейнелеу өнері 

мәдениетінің байлығын көрсетуді 

және қонақтарға Қазақстанның үздік 

орындаушыларының музыкалық ком-

позицияларын кезекті рет тамашалауға 

мүмкіндік беруді мақсат тұтты. 

«Өнер синергиясындағы» Қазақстан 

суретшілерінің «Алтын ғасыр» атты 

жылжымалы көрмесін көрген қонақтар 

шаттанып, жақсы тілектерін айтып 

жатты. Бұл көрме «Хас Санат» өнер 

галереясының неғұрылым маңызды 

жобаларының бірі болып табылады. 

2006 жылы ашылған көрме коллекци-

ялары көптеген елдерде болды және 

қазіргі заманғы отандық өнер туынды-

ларын Брюссель, Вена, Париж, Барсе-

лона, Вашингтон және Нью-Йорктың 

атақты мұражайлары мен галереяла-

рында көрсетті, енді шара қонақтарына 

PetroChina вице-президенті және CNODC президенті Люй Гунсюнь мырза KAZENERGY төрағасының орынбасары 

Ж.Ж.Сарсеновке сыйлық табыс етуде / Вручение подарка заместителю председателя KAZENERGY г-ну Д.Ж.Сарсенову 

вице-президентом PetroChina и президентом CNODC г-ном Люем Гунсюнем / PetroChina Vice - President and 

CNODC President Lv Gongxun presenting a gift to KAZENERGY Deputy Chairman D.Sarsenov

«Өнер синергиясының» ресми ашылуы / Официальное открытие «Синергии искусства» / 

Official opening of the ‘Synergy of Arts’

1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет