МҰнайшы маусым 2014 3 «Мұнайшы» журналы «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметкерлеріне арналған корпоративтік басылым. Бас редактор



жүктеу 3.29 Mb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата24.03.2017
өлшемі3.29 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

МҰНАЙШЫ      

маусым 2014

3

«Мұнайшы» журналы - «ПетроҚазақстан»



компаниясының қызметкерлеріне арналған

корпоративтік басылым.



Бас редактор:

Бақытжан Исенғалиев



Бас редактордың орынбасары:

Екатерина Гребенникова



Редакциялық топ:

Махаббат Джайлғанова,

Диляра Қасымбекова,

Айнаш Тілеубаева,

Гүләйхан Ембердиева,

Ақтолқын Сұлтангереева.



Фотографтар:

Андрей Тайгунов

Журнал «Мунайшы» - корпоративное

издание компании «ПетроКазахстан»,

предназначенное для сотрудников.

Главный редактор:

Бахытжан Исенгалиев



Заместитель главного редактора:

Екатерина Гребенникова



Редакционная группа:

Махаббат Джайлганова,

Диляра Касымбекова,

Айнаш Тлеубаева,

Гульайхан Ембердиева,

Актолкын Султангереева.



Фотографы:

Андрей Тайгунов

Munaishy is a corporate PetroKazakhstan

magazine for the employees.



Chief Editor:

Bakhytzhan Issengaliyev



Deputy Chief Editor:

Ekaterina Grebennikova



Editing staff:

Makhabbat Dzhailganova,

Dilyara Kassymbekova,

Ainash Tleubayeva,

Gulyaikhan Yemberdiyeva,

Aktolkyn Sultangereeva.



photographers:

Andrey Taigunov



48

President’s Award



50

People is the key value of oil and gas companies of Kazakhstan



51

Oil: from subsurface right to… your home



56

Sporting family 



59

Young talents



62

Calendar of events



64 

A gallop across Europe



Президенттік жүлде



7

Адамдар - ҚР мұнай-газ компанияларының басты құндылығы



8

Мұнай: жер қойнауынан... сіздің үйіңізге дейін



14

Спортқа жаны жақын отбасы



17

Жас дарындар



20

Оқиғалар күнтізбесі 



23

Еуропаны зыр айналып



содержАНие

27 

Президентская премия



29

Люди - главная ценность нефтегазовых компаний РК



30

Нефть: из недр и до… вашего дома



36

Спортивная семья



39

Юные таланты



42

Календарь событий



44

Галопом по Европам



МАзМҰНЫ

Байланыстық ақпарат:

Казақстан Республикасы, Алматы,

050059, Фурманов көшесі, 244-а

тел.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

Контактная информация:

Республика Казахстан, Алматы,

050059, ул. Фурманова, 244-a

тел.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

Contact information: 

244-a Furmanov Street, 050059,

Almaty, Republic of Kazakhstan,

tel.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

contents


4

маусым 2014      



МҰНАЙШЫ

Құрметті оқырмандар,

«Мұнайшымыздың» кезекті нөмірінде стратегиялық коммуникациялар департаменті 

компания өміріндегі маңызды оқиғалардың қысқаша шолуын назарыңызға ұсынады. 

Жыл сайын өткізілетін «Президенттік жүлде» атты корпоративтік бағдарлама әрбір 

қызметкердің қосқан еңбек үлесін қорытындылайды.  

Құрылымдық бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін бағалай отырып, компания басшылығы 

еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздікке ерекше мән береді. Компаниямыз мұнай-газ 

саласындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуші көшбасшы ретінде Қазақстанда жұмыс 

істейтін жетекші мұнай-газ компанияларының қатысуымен өткізілген мамандандырылған 

конференцияның бастамашысы болды. Біз үшін қауіпсіз еңбек жағдайы мен адам 

денсаулығы әрдайым басты орында.

Біз «Мұнайшының» әрбір нөмірінде оқырмандарды дәстүрлі өндірістік айдарлардан 

бөлек қазақстандық спорт шеберлерімен де таныстырамыз. Бұл кездейсоқ емес. Әрбір 

жоғары атақтың, жеңімпаз медалінің себепшісі - ауыр еңбекпен қоса жүретін жарақаттар, 

ауыр психологиялық жүктеулер. Спорттағы физикалық және эмоциялық жүктеулерді 

жеңу үшін мойымас мінез, қажырлық, табандылық пен рух беріктігі қажет.    

Спорт туралы басылымның мақсаты оқырмандарды спорт жұлдыздарымен жақын та-

ныстырумен бірге салауатты өмір салтын, физикалық және рухани дамуды насихаттауға 

деген ұмтылыс. 

Ашығын айтсақ, бұл әр адамға, әр отбасына, бүкіл Қазақстан қоғамына аса қажет нәрсе. Бұл физикалық басымдықтармен 

қатар тәрбиелік, әлеуметтік, жұмылдырушылық маңызы бар мәселе. Спортпен шұғылданатын ұрпақ пен спортқа құлқы жоқ 

жас буынның өмірді бағалауында, мақсат қоюында, мінез-құлықтарында айтарлықтай айырмашылықтары бар, олар белгілі бір 

деңгейде мүлде өзгеше адамдар.  

Сондықтан балаларымыз бен туған-туысқадарымызды теледидар, компьютер мониторлары мен телефондардың ішіне 

үзілмей қадалып қарап отырудан бас тартуға сендіріп, өзіміз үлгі тұрарлықтай болуымыз керек. 

Біз дене мәдениетіне тиісті түрде мән беру арқылы өз отбасымыздың, қоғамның және жалпы  еліміздің болашағының берік 

іргетасын қалаймыз. 

Баршаңызға сәттілік тілей отырып, компаниямыздың «Тіршілікті қозғалыспен көркемдейміз» атты ұрандарының бірін есте 

сақтаңыздар демекпіз!

Б. Исенғалиев 

Вице-президент

БАс редАктордЫң сөзі


МҰНАЙШЫ      

маусым 2014

5

Бүгінгі таңда қаржылық уәждеме - 



жақсы жалақыдан бөлек, бейматериалдық 

уәждеме де бой алып келеді. Мыса-

лы, бір ірі компанияның тренингінде 

қызметкерлерге маңыздылығы жоға-

ры уәждеме таңдау ұсынылды. Бір 

қызығы, ақшалай сыйақы уәждемесі 

де қамтылған тізімдегі жиырмадан аса 

нұсқа ішінен көпшілігі - «Компанияда 

мені бағалайтындығын сеземін» деген 

нұсқаны таңдаған екен.

Компания қызметкерлерінің айтуы 

бойынша, оларға жаңа жетістіктерге 

қол жеткізуге жігер-қуат беруші мұндай 

уәждеменің бірі Президенттік жүлде бо-

лып табылады. Міне, 8 жылдан бері осы 

мәртебелі жүлде «ПетроҚазақстан» 

компаниясының үздік қызметкерлеріне, 

олардың шығындарды төмендету, бизнес 

үдерістерін оңтайландыру, өндірістегі ең 

жоғарғы көрсеткіштер және техникалық 

қауіпсіздік пен қоршаған ортаны 

қорғау сияқты салаларда қол жеткізген 

жетістіктеріне алғыс ретінде ұсынылып 

келеді. Бұл - компаниямыздың гүлденуіне 

себепші болған 750-ге жуық жүлдегер мен 

жүзден аса сәтті орындалған жоба. 

«ПетроҚазақстан» компаниясы кәсіптік 

деңгейін, компанияға деген адалдығын 

және белестерді бағындыруға деген 

құштарлығын күнделікті жұмыс бары-

сында дәлелдеп жүрген қызметкерлерін 

мақтан тұтады, - деп баса айтады 

«ПетроҚазақстан» компаниясының 

президенті Вэй Юйсян мырза. - Бұл 

бағдарлама айрықша нәтижелерді 

анықтап, марапаттауға арнайы 

жасақталған, жыл сайын номинанттар 

арасынан жүлдегерлерді анықтай оты-

рып, өзіммен бірге дарынды, білімді және 

өз ісіне адал азаматтардың қызмет етіп 

жүргеніне тағы бір мәрте көз жеткіземін. 

Үздіктерді анықтап, марапаттай отырып, 

біз қызметкерлеріміздің кәсіби және жеке 

дамуына бағыт-бағдар белгілейміз». 

Президенттік жүлде келесі мара-

пат дәрежелеріне ие: Алтын, Күміс 

және Қола. Жүлдеге жеке қызметкер де, 

бір топ қызметкерлер де ие бола ала-

ды. Іс-шараға сәйкес, әр бөлімшенің 

жетекшісі үміткерлерді белгілейді, со-

дан кейін комиссия мүшелері олардың 

тізімдерін сұрыптайды. Үміткерлерді 

сұраптағаннан кейін деректер комис-

сия арқылы компания президенті Вэй 

Юйсян мырзаның қарауына жіберіледі, 

ал жолданған мінездемелердің негізінде 

Президенттік жүлдеге марапатталуға 

лайық тұлғаларды анықтау туралы соңғы 

шешімін қабылдайды. 

2013 жылдың қорытындысы бойын-

ша 4 топтың құрамына енген 32 тұлға 

және бір жеке иегер - маркетинг және та-

сымалдау бөлімшесінің қаржы дирек-

торы Баян Садуақасова «алтын» иегері 

атанды. Үш топ - өндіру бөлімшесінен: 

құрамына Ғалым Байманов, Бақытжан 

Жұмағалиұлы, Елена Курманова, Ағзам 

Шарменов, Ләззат Сәнкібаева, Чэнь 

Да Ю, Дәурен Кадеев, Нина Филяева

Құрманғазы Асанов және Жалғасбай Аги-

манов кірген өндіріс бөлімінің тобы; 

күрделі құрылыс бөлімінің тобы - Дау-



ПрезидеНттік жүлде

компанияның өркендеуіне өз командасының берік болуы маңызды екендігі 

құпия емес. жүзеге асырылмай, қағаз бетінде қала беретін ондаған керемет биз-

нес-жоспарлар жазып тастауға болады. Қызметін тиімді жүргізетін ұжым құру - 

оңай үдеріс емес және мұнда уәждеменің дұрыс болуы маңызды рөл атқарады.

«Президенттік алтын жүлденің 

иегері атану - менің еңбек 

жолымдағы ең тебірентерлік 

жағдай. Себебі бұл жай ғана 

жүлде емес, компанияның да-

му жолындағы еңбегіміз бен 

қосқан үлесіміздің өте жоғары 

бағаланғандығының көрсеткіші. 

Атаққұмарлық әр адамға тән 

және мұндай жоғары бағаны 

білікті әрі әділ қазылар алқасынан 

алу маған ерекше мақтаныш 

сезімін ұялатты».

Ербол Шиманов, 

ҚАМ кен орындарын пайдала-

ну жөніндегі топ жетекшісі, 

ПҚҚР

Президенттік Алтын жүлдегерлері / Призеры Золотой президентской премии / Gold President’s Award recipients



6

маусым 2014      



МҰНАЙШЫ

ли Абулимити, Орынбасар Алдабергенов, 

Анатолий Тарасенко, Йован Мирчески, 

Абдулла Әбенов, Болат Көшербаев, Ғани 

Байтасов, Тілеуберген Шаутай, Арыстан 

Достанбаев және Виктор Цой; сондай-

ақ, құрамында Серік Жұмахметов, Ербол 

Шиманов, Әліби Мамытов және Ұлықбек 

Нұрмағанбетов бар КАМ кен орнын пай-

далану тобы. Қайта өңдеу бөлімшесінен - 

Мұхтар Мырхайдаров, Мұхтар Махашов, 

Құралбек Тұрдалин, Нұрлан Тиіндіков, Ха-

ким Бикбаев, Ахметбек Әбдірахманов, Ра-

сулмат Колшараев және Серік Шағырбаев 

қамтылған механиктер тобы.

«ПетроҚазақстан» компаниясының 

негізгі мақсаты - үздіксіз өнім өндіру. 

2013 жылы өндіріс бөлімінің тобынан Ал-

тын жүлдеге ие болған жүлдегерлердің 

жемісті жұмыстарының арқасында 

№214 (260-Д-1), № 1928 (Қарағанды), 

№ 240 (ПҚВИ) және № 1057 (Көлжан/

SSM-Ойл) барлау келісім шарттары 

кідіріссіз ұзартылған еді. Бұл жоғарыда 

келтірілген кен орындарын тоқтатпауға 

және мұнай өндірудің жылдық жоспа-

рын орындауға мүмкіндік берді. Бұл 

өндіріс көрсеткіштеріне қол жеткізуге 

Солтүстік Нұралы және Оңтүстік-Батыс 

Қарабұлақ кен орындарында мұнай 

өндіру мақсатында жер қойнауын пай-

далану туралы келісім шарттарға топ 

қызметкерлерінің қатысуымен тез арада 

қол қойылуы да септігін тигізді.

Алайда, кен орындарын дер кезінде 

жайластырып, инфрақұрылымын 

реттемейінше өндіру жұмыстарын 

үздіксіз жүргізіп отыру мүмкін емес. «Ал-

тын» жүлденің тағы бір иегерлері атанған 

күрделі құрылыс бөлімінің мамандары то-

бы 57 жоба жасап шығарды. Тізімге жаңа 

кен орындарын жайластыру жөніндегі 

жобалармен қатар кен орындарында 

ұңғыма сағасын, мұнай жинау жүйелерін 

және су айдамалау жүйелерін жайластыру 

бойынша ағымдағы жобалар енгізілген. 

Топ мамандарының күшімен жасақталған 

жобалардың арқасында ҚНжЕ та-

лаптары және қауіпсіздік ережелері 

толық қадағалана отырып, уақыт пен 

қаражат үнемделді. Ынталы және сауат-

ты жүргізілген бағдарлау жұмыстарының 

нәтижесінде бақылаушы мемлекеттік ор-

гандардан құрылыс жүргізуге қажетті 

келісімдер мен жоба құжаттамасы дер 

кезінде қабылданды, материалдар мен 

жабдықтар сатып алынды, тендерлер 

өткізілді. Бұлардың барлығы компания 

үшін мұнай өндіру көлемін арттыруға 

маңыздылығы жоғары Солтүстік 

Нұралы, Шығыс Құмкөл, Оңтүстік-Батыс 

Қарабұлақ пен Батыс Тұзкөл кен орында-

рын жайластыру бойынша әлеуеті жоғары 

жобаларды сапалы түрде және уақытында 

жүзеге асыруға мүмкіндік тудырды. 

ҚАМ кен орнын пайдалану жөніндегі 

топқа ҚАМ кен орындарында 

компанияның қосымша артық өнімге 

қол жеткізуіне және қаражат үнемдеуіне 

септігін тигізген бірқатар оңтайландыру 

іс-шараларын жүргізгені үшін Алтын 

жүлде тағайындалды. Олардың бірі - 

бұрын қолданусыз тұрып қалған Арысқұм 

БШСБ көлемі 200м

су қоймасын пайда-



лану арқылы (ұңғымаларды ыстық су-

мен өңдеуге арналған) техникалық су-

ды қыздыру жүйесін қайта құрастыру 

жұмыстары болып табылады. Су сақтау 

қоймаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік 

берген технологиялық желілердің қысқа 

мерзім ішінде жаңғыртылуы арқылы су-

мен өңделетін өндіру ұңғымаларының са-

ны екі есеге артты. Осының арқасында 

ыстық мұнаймен өңдеу жұмыстарына 

қолданылатын арнайы техника-

ны қолдану қысқара түсті. Енді саны 

көбейіп келе жатқан ұңғымаларды өңдеу 

жұмыстарын жүргізу үшін мұнай орны-

на техникалық судың пайдаланылуы 

шығынды азайтуға мүмкіндік берді. 

Батыс Қарабұлақ кен орнында қақаған 

қыс мезгілінде мұнай жинау жүйесі мен 

торапты мұнай құбыры жолын пайда-

лану жұмыстарын қауіпсіз әрі уақтылы 

іске қосу жобасы маңыздылық жағынан 

екінші деңгейдегі жоба болып танылды. 

Топ қызметкерлерінің ерен еңбектерінің 

арқасында жоспар бойынша жылдың жы-

лы мезгілінде іске қосылуы тиіс мұнай 

құбыры мерзімінен үш ай бұрын іске 

қосылды. Алайда ең бастысы – мұнай 

құбырының жолын іске қосу мұнайды кен 

орнынан автокөлік арқылы тасымалдау 

машақатынан арылтып, экономикалық 

жағынан айтарлықтай тиімді болды.

Қайта өңдеу бөлімшесінің меха-

никтер тобы МӨЗ негізгі құралдарын 

жарамды күйде ұстау жұмыстарын 

тиімді ұйымдастырғандары үшін Ал-

тын жүлдеге ие болды. Бұл - ағымдағы 

жөндеу жұмыстарын және күрделі 

жөндеу жұмыстары барысындағы 

технологиялық жабдықтарды жаңғырту 

шараларын қауіпсіз жүргізуге байланы-

сты жоғары дәрежеде жетекшілік ету, 

қондырғылардың өнімділігін, мұнайды 

қайта өңдеу тереңдігі мен жабдықтарды 

қауіпсіз пайдалану деңгейін арттыруға 

бағытталған инвестициялық жоба-

лар мен жаңғырту жоспарларын жүзеге 

асырудағы ынта-жігер мен жоғары 

нәтиже көрсеткіші.

65 адам топ құрамында күміс жүлденің 

иегері атанды. Бұл топтар: материалдық 

ресурстарды басқару тобы, өндіру 

бөлімшесінен бұрғылау және ҰКЖЖБ то-

бы, мұнай және газ өндіру тобы; қайта 

өңдеу бөлімшесінен ЛК-6У цехы то-

бы және бас механик бөлімінің тобы; 

корпоративтік қызметтер бөлімшесінен 

стратегиялық коммуникациялар 

жөніндегі департаментінен және қаржы 

департаментінен топтар. Маркетинг 

және тасымалдау бөлімшесінің 3 тобы 

да «Күміс» жүлдені иеленді, олар - қаржы 

департаменті тобы, өңірлерде мұнай 

өнімдеріне маркетинг жүргізу тобы және 

АМӨЗ коммерциялық  операциялар то-

бы. ШжТӨЕБ ТТ, ТКБ, МжТ бастығы Марат 

Орынбеков күміс жүлденің жеке иегері 

атанды. 

Қола 48 топқа және бір жеке ие-

герге табыс етілді. Бұл жүлдеге ие 

болғандар: келісім-шарттар бөлімінің то-

бы, геологтар тобы, мұнай-газды игеру 

департаментінің тобы (өндіру бөлімшесі); 

бас технолог тобы мен техникалық 

бақылау бөлімінің тобы (қайта өңдеу 

бөлімшесі); ҚЕҚОҚ тобы (корпоративтік 

қызметтер); сондай-ақ, жеткізілімдер 

және логистика бөлімінің коммерциялық 

операциялар жөніндегі тобы мен Тараз 

өкілеттілігінің бас инженері Жақсылық 

Колонтаев мырза (маркетинг және тасы-

малдау бөлімшесі). 

Барлық жүлде иегерлерін шын 

жүректен құттықтаймыз, ал компания 

қызметкерлеріне сәттіллік пен жаңа беле-

стер бағындыруды тілейміз!

«Бұл жүлде - көптеген бөлім-

шелеріміздегі қызметкерлердің 

жұмыла жасаған еңбегінің жемісі 

және компанияның дамуы-

на дұрыс бағытта еңбектеніп 

жатқанымыздың көрнекі 

дәлелі. Мықты компания мен 

ынтымақты ұжым - тұрақтылық 

негізі, сүйікті ісімізбен айналы-

са отырып, өзімізді шыңдауға 

мүмкіндік беруші қор».

Ағзам Шарменов, 

ПҚҚР геология және геофи-

зика департаментінің аға 

менеджері

«№1 цех механиктерінің аты-

нан біздің жұмысымызды жоғары 

деңгейде бағалағаны үшін 

«ПетроҚазақстан» басшылығына 

алғысымды білдіргім келеді. Біз 

зауыттың даму және жаңғырту 

жоспарларын жүзеге асыру жо-

лында барлық күш-жігерімізді са-

ламыз деп сендіремін». 

Мұхтар Махашов, 

№1 цехтың газкомпрессор 

қондырғысының бастығы, 

ПҚОП


МҰНАЙШЫ      

маусым 2014

7

«ПетроҚазақстан» компания-



сы KAZENERGY Қауымдастығының 

қамқорлығымен Алматы қаласында 

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті 

қорғау, денсаулық сақтау және төтенше 

жағдайлар саласындағы озық тәжірибе» 

тақырыбында өз саласындағы алғашқы 

конференциясын өткізді. Оған Қазақстан 

мұнай-газ индустриясының барлық 

мүдделі оператор-компаниялары қатысты. 

Конференция алаңы өндірістік қауіпсіздік, 

еңбекті қорғау және қызметкерлердің 

денсаулығын сақтау саласында 

жиналған тәжірибені біріктіру және ал-

масу, техногенді апаттардың алдын алу 

мүмкіндігін ұсынды. Сонымен қатар, Кон-

ференция KAZENERGY Қауымдастығының 

құрамындағы республиканың мұнай-

газ саласы компанияларының өкілдерін 

біріктірген өнеркәсіптік қауіпсіздік, 

еңбекті қорғау, денсаулық сақтау және 

төтенше жағдайлар бойынша жұмыс 

тобының алғашқы мәжілісі болып отыр.   

«ПетроҚазақстан» президенті Вэй 

Юйсян конференцияның ашылуында: 

«Біздің компаниямыздың стратегиялық 

мақсаты - осы саладағы жетекші 

орындарға ие болу. Бұл экономикалық 

тиімділік, сапа, технологиялармен бірге 

денсаулық пен еңбекті қорғау және 

өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша ең 

жақсы көрсеткіштерді де тұспалдайды. 

Мұнайды өндіру және өңдеу - бұл қиын 

технологиялық үдеріс және қауіпті өндіріс, 

сондықтан «ПетроҚазақстанның» басым 

міндеттері еңбектің қауіпсіз жағдайларын 

қамтамасыз ету, компания қызметкерлері 

құрамын және компания қызметі 

аймақтарында тұратын тұрғындардың 

денсаулығын қорғау, сондай-ақ, қоршаған 

орта қолайлығын сақтау болып табылады» 

деп атап өтті.

KAZENERGY Қауымдастығының 

атқарушы директоры Рамазан 

Жампейісов: «Қазіргі таңда мұнай-газ 

саласының компаниялары жабдықтар 

мен техниканы жаңғыртуға, барынша 

қауіпсіз технологияларды және өндірістік 

үдерістерді енгізуге, ішкі стандарттар мен 

реттемелерді қайта қарауға баса назар ау-

даруда. ҚР мұнай-газ индустриясының 

оператор-компаниялары үшін адам-

дар - бұл негізгі актив болып табылады 

Сондықтан біздің басты мақсаттарымыз: 

қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын 

құру, қызметкерлердің өндірістегі қауіпсіз 

әрекет етуінің тұрақты уәждемелік 

механизімін қалыптастыру, төтенше 

жағдайлардың туындауын алдын ала бол-

жау және алдын алу дағдыларын дамы-

ту» деп атап өтіп, жұмыс тобын құру және 

конференцияны өткізу бастамасы үшін 

ұйымдастырушы-компанияға алғысын 

білдірді.     

Конференция барысында өнер-

кәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, 

қызметкерлердің денсаулығын сақтау 

және төтенше жағдайлар саласындағы 

инновациялардың тұсаукесері өтті. 

Атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС, 

Норт Каспиан Оперейтинг Компани 

Б.В., Қарашығанақ Петролеум Оперей-

тинг Б.В., Каспий Меруертi Оперейтинг 

Компани Б.В., «ПетроҚазақстан» ком-

паниялар тобының  презентациялары 

мердігер мекемелерді басқаруға, көлік 

қауіпсіздігіне, бұрғылау барысындағы 

қауіпсіздікке, табиғи және техногенді 

сипаттағы төтенше жағдайлардың ал-

дын алуға және жоюға, денсаулық сақтау 

және өнеркәсіптік гигиена мәселелеріне, 

сондай-ақ апаттылықты және өндірістік 

жарақаттанушылықты ұдайы түрде 

төмендетуге қатысты болды.

Барлық презентациялар конфе-

ренция қатысушыларының үлкен 

қызығушылығын тудырды және спи-

керлерге көптеген сұрақтар қойылды. 

Ағылшын тілінде «safety is a journey» де-

ген нақыл сөз бар, оны «қауіпсіздік - 

бұл саяхат» деп аударуға болады. Оның 

мәні: қауіпсіз жұмыс - бұл шексіз үдеріс 

және үнемі жетілдіру. Презентацияларда 

жұмыс барысындағы сақтандыру шарала-

рына ерекше екпін жасалатыны айтылды. 

Зардаптарды жойғаннан гөрі, алдын алу 

әрқашан тиімдірек, ал адамның өмірі мен 

денсаулығы туралы сөз болған жағдайда, 

зардаптар қайтарымсыз болуы мүмкін. 

Еңбекті қорғауды және өнеркәсіптік 

қауіпсіздікті басқару жүйесі жұмыс орнын-

да ықтимал қауіптілікті бақылаудан және 

алдын алудан, қауіп-қатерлерді барын-

ша төмендетуді тұрақты қамтамасыз ету-

ден тұратыны белгілі. Бұл үшін өндірістегі 

технологиялық үдерістер жетілдірілуде, 

өндірістік және кәсіби қауіп-қатер фак-

торларын бақылау жүзеге асырылуда, 

қызметкерлер оқытылуда. Сондай-ақ 

өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтау 

бақылау үстінде, апатты жағдайлардың 

алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп 

келеді. Оның үстіне әр қызметкердің 

еңбекті қорғауға деген жеке қарым-

қатынасы да қалыптастырылады. Бұл 

жарақат алу деңгейін төмендетумен қатар 

қызметкерлердің барлығын үдеріске 

жұмылдыруға негізделген қауіпсіздікті 

басқару жүйесіндегі өзара әрекеттесудің 

жаңа үлгісін қалыптастыруға қол 

жеткізуге мүмкіндік береді. Қауіптілікті 

өз бетінше айқындау және түзету 

әрекеттерін ұсыну, зардаптарды жоюға 

өздігімен қатысу - мінекей, осыдан бастап 

қауіпсіздік мәдениеті пайда болады. 

Конференция қорытындылары бой-

ынша қатысушылар ӨҚЕҚДС және ТЖ 

саласында өзекті мәселелерді және 

олардың бірлескен шешімдерін анықтау 

мақсатымен жұмыс тобының мәжілісі 

тоқсан сайын өткізілетіні туралы қарар 

қабылдады.

«Деловой Казахстан» газетасы 

(мақаланың толық нұсқасы келесі 

сілтеме арқылы таба аласыз http://

dknews.kz/lyudi-glavnaya-cennost-

neftegazovykh-kompanijj-kazakhstana.htm)




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет