МҰнайшы маусым 2014 3 «Мұнайшы» журналы «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметкерлеріне арналған корпоративтік басылым. Бас редактор


АдАМдАр - Қр МҰНАЙ-гАз коМПАНиялАрЫНЫң



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата24.03.2017
өлшемі3,29 Mb.
#10175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

АдАМдАр - Қр МҰНАЙ-гАз коМПАНиялАрЫНЫң 

БАстЫ ҚҰНдЫлЫғЫ

Қазіргі таңда Қазақстанның мұнай-газ саласындағы компаниялары қаржы, 

өндірістік және басқа көрсеткіштер бойынша өзара бәсекелесу үстінде. 

өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, бәлкім, бәсекелестік орын алмайтын 

қызметтің аз ғана қырларының бірі шығар. Адамдар қауіпсіздігі - еліміздегі 

мұнай-газ компанияларының басты құндылығы болып отыр.

«ПетроҚазақстан» президенті Вэй мырза және 

KAZENERGY атқарушы директоры Жампейісов 

мырза / Президент «ПетроКазахстан» г-н Вэй и 

Исполнительный директор KAZENERGY г-н Жампе-

исов / PetroKazakhstan President Mr. Wei Yuxiang and 

KAZENERGY Executive Director Mr.Zhampeisov


8

маусым 2014      



МҰНАЙШЫ

МҰНАЙ: жер ҚоЙНАуЫНАН... сіздің үЙіңізге деЙіН

сонау 1987 жылы Құмкөлді жайластырудың алғашқы күндерінде барлық қажетті 

заттар - 23 зил, 15 тұрғын шағын вагон, екі бұрғылау дизельді қондырғысы 

және тонналаған әр түрлі құрылыс материалдары бар алғаш «өндірістік керуен» 

Қызылорданың орталық алаңынан салтанатты түрде жүріп бара жатқан сәтте, 

Құмкөлдегі шағын вахталық кенттің біршама уақыт өткеннен кейін жайнаған оа-

зиске айналатынын елестету қиын еді. жабдықталған корпустары, спортзалда-

ры, керемет асханасы, медициналық орталығы және, тіпті, кондитерлік цехы бар, 

спорттық және мәдени мазмұнды өмірі бар кент. Бір сөзбен айтқанда, бейнетті 

жұмыс күндері қауіп-қатерге, жоғары жауапкершілікке толы және отбасылары 

мен жақындарынан алыста жүрген  мұнайшылар өздерін үйдегідей сезінуі үшін 

барлық қажетті жағдайлар жасалған. 

жетінші бөлім. 

кен орнындағы өмір. 

«ПетроҚазақстанмен» өз бетінше 

және біріккен кәсіпорындар арқылы 

өндірілетін кен орындарының саны 

қазірдің өзінде ондап саналады. Бұл 

Құмкөл Оңтүстік, Оңтүстік Құмкөл, 

Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ, Шығыс 

Құмкөл, Солтүстік Нұралы, Оңтүстік-

Батыс Қарабұлақ, Керуенші, Солтүстік-

Батыс Қызылқия, Досжан, Жаман-

су, 1928 және 1057 лицензиялары бой-

ынша кен орындары тобы, сондай-ақ, 

«Қазгермұнай» және «Торғай-Петролеум» 

біріккен кәсіпорындары арқылы өнді-

рілетін Құмкөл Солтүстік, Шығыс Құмкөл, 

Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай.    

Бірақ, 1986 жылы игеріле басталған 

және аймақтағы мұнай саласының даму-

ына бастау болған дәл осы Құмкөл ата-

уы қалың жұрт арасына кеңінен тарады 

- Қызылорда облысы қазіргі таңда көбіне 

осы атаумен байланыстырылады. 



Вахта-40

Өз атауын алғашқы қырық 

тұрғынынан алған «Вахта-40» деп атала-

тын Құмкөлдегі мұнайшылар қыстағы 

қазіргі таңда 45 гектар ауданы және 

1100 маман «тұрғыны» бар Қызылорда 

облысының картасындағы жеке аймақ 

болып отыр. Шөл даладан әр түрлі 

ағаштары мен бұтақтары бар жасыл же-

лекпен қоршалған кент тұрғын-жай мен 

әкімшілік корпустардан басқа күндізгі 

және түнгі ауысым қызметкерлері 

белсенді түрде тынығатын теннис 

және гимнастика залдары, жаттығу 

құрылғылары, бильярды, кино- және оқу 

залдары бар спорт кешенінен тұрады.   

Өндіріс жөніндегі директорлар Брюс 

Андерсон және Пань Синьцзюнь Құмкөл 

кен орнына (вахталық әдіспен) жал-

пы басшылық етеді. Құмкөлде бір вах-

тада шамамен 2000 адам жұмыс істейді. 

Осы басылымда біз аптап ыстық пен 

қатты аязда даланың әжептәуір күрделі 

климаттық жағдайларында мұнайдың 

тұрақты өндірілуін қамтамасыз ете оты-

рып, өзінің кезекшілігін атқаратын 

мұнайшылардың тұрмысы мен бос 

уақыты жайында әңгімелейміз.  

Вахталық кенттерді қамтамасыз ету 

қызметінің 44 жұмысшысы (екі вахтаға 

да) кен орындары қызметкерлерін жай-

лы өмірмен қамтамасыз етеді, оған Пати-

ма Ағымбаева және Мәлік Дүйсенғалиев 

басшылық етеді. «Отбасынан алыста вах-

тада жүрген ПҚҚР қызметкері тұрмыстан 

да, күнделікті қарым-қатынастан да 

өзін мақұрым қалғандай сезінбеуі 

өте маңызды - мінекей, қамтамасыз 

ету қызметінің жұмысы дәл осындай 

жағдайлармен қамтуға бағытталған, - 

дейді қамтамасыз ету қызметінің бас-

шысы П.Ағымбаева. - Біздің қызметтің 

міндетіне Құмкөл, Арысқұм, Қызылқия 

кен орындарындағы вахталық кенттерді, 

соның ішінде 62 тұрғын және 5 әкімшілік 

корпусын, 2 медициналық орталықты, 5 

асхананы, монша-кір жуу комбинатын, 

наубайхананы және кондитерлік цехты 

жайластыру кіреді». 

1986 жылы Құмкөлде өндірістік 

игерудің басталуымен бұл жерде тіршілік 

қыза бастады. Өндірістік нысандардың 

Құмкөл. Вахталық кент, тікұшақтан көрініс. 1991ж. / Кумколь. Вахтовый поселок, вид с вертолета. 1991 г. / 

Kumkol. Oil workers’ camp, helicopter view. 1991



МҰНАЙШЫ      

маусым 2014

9

екпінді құрылысымен, инфрақұрылымды 



әзірлеумен қатар мұнайшыларға 

арналған тұрмыстық нысандарды да 

тұрғызу жұмыстары басталды. Бұл, 

әсіресе, жолсыздық арқылы құрылыс ма-

териалдарын жеткізуде қиын кезең бол-

ды. Дегенмен, «Оңтүстікмұнайгаздың» 

бірінші басшысы М.Г.Саламатовпен 

қаланған Құмкөл вахталық қыстағының 

құрылысы аса жоғары деңгейде 

жүргізілді. 

Алдымен 40 орынды жалғыз ағаш кор-

пуста тұратын бұрғылаушылардың лагері 

пайда болды, осы себептен кенттің қазіргі 

атауы  да  -  «Вахта-40».  Бірақ  жайлас-           

тыру шынында да өте тез жүрді, сөйтіп, 

1994 жылы Құмкөлде 54 тұрғын-жай және 

кеңсе корпустары, монша-кір жуу кешені 

салынды, ал штатта мұнайшылардың 

бос уақытын ұйымдастыратын спорт 

әдіскерлері мен мәдени-спорттық жұмыс 

жөніндегі әкімшілер пайда болды. 

Кен орнының қалыптасу кезеңіндегі 

өзекті мәселелерінің бірі Құмкөлге ба-

ратын жолдың құрылысы да белсенді 

түрде жүргізілді. Ұзақтығы 190 кило-

метр Қызылорда-Құмкөл тас жолының 

құрылысы 1988 жылдың соңында бас-

талды. 1994 жылдың басында жол 

пайдалануға берілді, машиналар, со-

нымен қатар мұнайшыларды вахтаға 

жеткізетін автобустар да дайын авто тас 

жолы арқылы кен орнына енді жылдам 

әрі қауіпсіз жете алатын болды. 

Біртіндеп Құмкөлдегі кент 

мұнайшылардың өмірін мәндірек әрі 

жайлырақ етуге арналған жаңа-жаңа 

нысандармен толықтырылды. 90-шы 

жылдардың соңында қойма ангарла-

ры көшпелі концерттерді, жиналы-

старды және тұсаукесерлерді жүргізуге 

арналған зал және спортзал болып қайта 

жабдықталды. Ал 2000 жылы ескі асха-

наны қайта қалпына келтіру жұмыстары 

жүргізілді және сол жерде жаттығу 

құрылғылары, бильярды бар өте жақсы 

спорт кешені және оқу залдары пай-

да болды. 2006 жылы қамтамасыз ету 

қызметінің ұсынысы бойынша спортке-

шен ең аз шығынмен қайта жоспарлан-

ды, енді мұнайшыларға арналған теннис 

және гимнастика залдары пайда болды. 

2008 жылы тамаша торттарымен, дәмді 

басытқыларымен, тәтті пряниктерімен, 

майқоспалы бәліштелерімен танымал, 

тәулігіне 300 кг-ға дейін өнім шығаратын 

кондитерлік цех салынды. Осының 

барлығы - жанкешті еңбегі Қызылорда 

облысымен қатар экономикамызды алға 

жылжытып, бүкіл еліміздің гүлденуіне 

мүмкіндік туғызатын мұнайшыларымыз 

үшін жасалынды.

«Біз техникалық және санитарлық 

нормаларға сәйкес ғимараттарды 

«Құмкөлдің қалыптасу та-

рихы қазіргі күні де қалай 

болғанда да онымен өз тағдырын 

байланыстырғандарды таң 

қалдырмай қоймайды. Оны иге-

ру кезеңінде болған жайттардың 

барлығын қазір тек орасан зор 

қиялмен ғана елестетуге болады. 

Шағын вагондар мен киіз үйлердегі 

тақуа өмір, сүйектен өтіп кететін 

аязды жел мен шыжыған күннің 

ыстығында, еріндегі құммен-тұзбен, 

бірақ қол жетпейтін жер қойнауын 

ашуға деген жалғыз әрі ыстық 

тілекпен жұмыс істеу. Осының 

барлығы біздің алғаш жол салушы-

лар тобын біріктірді - кей кездері 

осы риясыз адамдардың жүректері 

жер қойнауының өзін еріте ала-

тындай көрінетін». 

М.Ғ.Саламатовтың 

естеліктерінен 

Құмкөлдің қысқаша тарихы

1982 жыл. «Оңтүстікказгеология» 

ӨГБ,  «Қазгеофизика» және ҚазКСР 

ҒА Геология және мұнай институты 

Оңтүстік Торғай ойпатында кешенді 

геологиялық-барлау жұмыстарының 

бағдарламасын әзірледі.  



1983 жыл. Оңтүстік Қазақстандық 

мұнай барлау экспедициясы 

Құмкөлде алғаш терең ұңғыманы 

бұрғылады. 



1984 жыл. Я.Камалутдинов брига-

дасы алғашқы мұнай бұрқағын алды.



1985 жылдың 6 маусымы. 

«Қазақ КСР-да Құмкөл кен орнын 

игеруге дайындау және пайдалануға 

енгізу бойынша жұмыстар туралы» 

КСРО Мұнай өнеркәсібі министрінің 

бұйрығы шықты, осы бұйрыққа 

сәйкес «КазНИПИнефтьжәне «Юж-

гипронефтепровод» институттары 

«Тәжірибелік-өндірістік игеру бары-

сында Құмкөл кен орнын жайласты-

ру» жобасын әзірлеуге кірісті.  

1986 жыл. «Маңғышлақмұнай» 

ӨБ маңынан кен орнын өңдеуге жа-

уапты «Құмкөл» күрделі құрылыс 

бөлімі құрылды. Бастығы ретінде 

М.Ғ.Саламатов бекітілді. Осы күн 

Құмкөлді өндірістік игерудің баста-

масы деп есептелінді.

1987 жылдың маусымы. 

Құмкөлде алғашқы мұнай мұнарасы 

көтерілді. 

1987 жылдың 24 желтоқсаны. 

Қызылордада М.Ғ.Саламатовтың 

басшылығымен «Кумкольнефть» 

МГӨБ құрылады.



1990 жылы 9 мамыры. Шым-

кент МӨЗ-де «Омск - Шымкент» 

мұнай құбыры бойынша құмкөл 

мұнайының алғашқы тонналары 

өтті. 

1991 жылдың 21 науры-

зы. «Құмкөлмұнай» МГӨБ 

«Оңтүстікқазмұнайгаз» ӨБ-на қайта 

өзгерді.

1991 жылдың маусымы. 

Алғашқы миллион тонна мұнай 

өндірілді.

1996 жылы. Құмкөл екі айрықша 

мәнді санға ие болды – оның игеріле 

бастағанына 10 жыл және 10-шы 

миллион тонна мұнайдың өндірілуі.

ПҚҚР қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері. 1-ші вахта. / Сотрудники службы обеспечения ПККР. 1-ая вахта. / 

Support Services staff. 1

st

 shift.


10

маусым 2014      



МҰНАЙШЫ

жаңғыртуды және жөндеуді тұрақты түрде 

жүргізіп отырамыз», - деді қамтамасыз ету 

қызметінің басшысы М.Дүйсенғалиев. - 

«Және вахталық кенттерге тұрақты түрде 

тексеру жүргізетін мемлекеттік комис-

сиялар нысандарымыздың санитарлық 

жағдайын басқа компания нысанда-

рымен салыстырған кезде бізге үнемі 

жоғары баға қоятыны біз үшін үлкен 

мәртебе».

«Вахта-40» шыжыған күні мен желі бар 

Қызылорда даласында орналасқанымен 

- жап-жасыл, күтім көрген кент. «Қызмет 

жұмысшылары сәндік және жеміс 

ағаштарына, кент аумағында егілген 

гүлдерге аса қамқорлықпен күтім жасай-

ды, - дейді Құмкөл кен орнын қамтамасыз 

ету қызметінің әкімшісі Есей Жасекенов. - 

Кенттің бірден бір назар аударарлық жері 

және мақтанышы - әр түрлі балықтары 

бар жасанды тоған». 

Көптеген жылдар бойы Құмкөл кен 

орнындағы «CAC» (Central Asia Catering) 

компаниясы тамақтандыру қызметін 

жақсы атқарып келеді. «Сау әрі құнарлы 

тағам далалық жағдайларда жұмыс 

істеген кезде ерекше қажет. Асхана-

да бізді үнемі жылы жүзбен қарсы ала-

ды, түрлі-түрлі мәзірді ұсынады, тазалық 

пен тәртіпке аса мән береді, - деп бөлісті 

химиялық жүйелер инженері Нағи Ша-

хаев. - Біз асхананың қыздарына алғыс 

айтамыз - суық күндері олар бізді ыстық 

сусындармен және дәмді тағаммен 

жылытуға, ал ыстық күндері - салқын 

шырындармен және алуан түрлі салат-

тармен сергітуге тырысады. Оған қоса, 

олар тағамдандыру қызметтері бойын-

ша тұрақты түрде сауалнамалар жүргізеді 

және біздің ұсыныстарды ескере отырып, 

мәзірді түзетеді». 



ҚАМ және жаңа кен орындары 

Компания жаңа лицензиялық 

аумақтарды әзірлей отырып өсті және 

2000 жылы ҚАМ (Қызылқия, Арысқұм, 

Майбұлақ) кен орындары тобының 

белсенді дамуы басталды. Кен орында-

ры 1985-1987 жылдары ашылды (ҚАМ 

кен орындарының тарихын қараңыз) 

және Қызылқия өндірістік мұнай шығару 

басталған топтағы алғашқы кен орны 

болды.  

2000-2001 жылдары салынған 

Арысқұм мен Қызылқиядағы уақытша 

кенттер, сәйкесінше, асханасы бірге 

орналасқан 40 және 22 орынды бір ғана 

тұрғын блогынан құралды, және әр кент-

те екі теледидардан ғана болды. Әйтсе де, 

аса күрделі дала жағдайларында жемісті 

еңбек ету үшін жақсы тұрмыстық жағдай 

қажет. 2006 жылы, кен орындары да-

ми бастағанда,  өндіріс жөніндегі ди-

Мұнайшының жұмыс күні 

Күндізгі ауысым мұнайшыларының жұмыс күні таңғы сағат 7-де басталады. Ең 

алдымен, біз, мұнай-газ өндірудің 5 шебері, механикаландырылған өндіру шебері 

және АСҚҚ шебері технологиялық тобының жетекшісі Мейрамбек Алаяқовпен 

бірге жиналысқа жиналамыз. Жиналыста  ағымдағы күннің өндіру жоспарын, 

әр түрлі мәселелер, мысалы, технологиялық жабдықтың ақауымен байланысты 

мәселелер талқыланады және оларды шешу жолдары ізделінеді. Өйткені біздің цех 

- МДАЦ-тың басты міндеті - барлығы «сағат сияқты» дұрыс жұмыс істеп, мұнайды 

өндіру жоспарын қамтамасыз ету. 

Менің міндетіме өз аумағымдағы мұнай өндірудің технологиялық үдерісін 

бақылау кіреді. Дебитте, ұңғымалар немесе технологиялық жабдық шамала-

рында теріс өзгерістер болған жағдайда мен қажетті шешім қабылдау үшін цех 

басшылығына жылдам хабар беремін. Сондай-ақ, бригада қызметкерлерінің 

қауіпсіздік техникасы мен технологиялық режимді сақтауы бойынша барлық іс-

шаралардың орындалғанын қадағалаймын. 

Өзімнің кәсіби мансабымдағы жетістіктерім үшін күш-жігерімді байқаған, 

мені шебер лауазымына ұсынып, маған сенген және алғашқы кездері барынша 

көмектескен Жұмабек Қонысбаевқа және Әділбек Беклиевке алғысым шексіз. 

Біздің бригада аумағы 5 топтық қондырғыдан (олардың екеуі шағын АСҚҚ-

мен біріктірілген) және 95 ұңғымадан тұрады. Барлық осы нысандар 16 км

территориялық далада орналасқан. Ара қашықтығы аз емес және нысандар-



ды аралап шығуды кәсіптегі басқа мұнайшылар сияқты мен де қызметтік ма-

шинамен жүзеге асырамын. Осылайша, мен күнде жиналыстан кейін топтық 

қондырғыларды және жалғыз ұңғымаларды аралап шығамын, әр нысанның опе-

раторымен кездесемін және туындаған мәселелерді талқылап, оларды шешу жол-

дарын іздейміз. Қарамағымда 18 оператор бар. Мәселелерді шешу барысына өзім 

тікелей қатысуға тырысамын, бірақ кейбір мәселелерді операторлармен телефон 

арқылы шешетін кездеріміз де болады.   

Мен кез келген өндірістік мәселелерді сәтті шеше алатын ұжым құрдым деп 

есептеймін. Тіпті, өз жігіттеріммен барлауға да қаймықпай бара алар едім! 

Қарамағымдағылармен қарым-қатынаста, ең алдымен, еңбек тәртібіне және 

өндірістік тапсырмалардың адал орындалуына аса мән беремін. Және жігіттер 

ешқашан ұятқа қалдырмайды, мысалы, егер жөндеу жұмыстарын орындау бары-

сында ұңғымалардың тоқтатылуы талап етілсе және осы уақыт түскі ас уақытына 

келсе, онда жұмысшылар ешқашан түскі ас туралы әңгіме көтермейді, өйткені 

өндірістік мәселелерді шешу бригадамыз үшін ең бастысы екенін түсінеді.   

Жұмыс күнінің соңында сағат 19:00-де ағымдағы күнге қойылған міндеттердің 

орындалу қорытындылары жасалатын МДАЦ бастығы Есжанов Ғабиттің 

басшылығымен соңғы жоспарлама өткізіледі. 

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін жігіттер өздерінің бос уақыттарын әр түрлі 

өткізеді - кейбіреулері спортзалға, біреулері - клубқа барады. Бізде кен орнында 

тынығуға және бос уақытты өткізуге арналған мүмкіншіліктер көп. Мемлекеттік ме-

рекелерде бізге әр түрлі музыкалық топтар келеді. Біз қуана қатысатын спорттық 

жарыстар ұйымдастырылады. Мен өзім әріптестеріммен кейде шахмат ойнаймын, 

кезінде Құмкөлде өткен шахмат турнирлерінде бірінші орынға екі рет ие болдым.  

Ал біздің бригадаға қатысты, туған күндерімізді вахтада шәй ішумен өткізу дәстүрі 

қалыптасқан, онда туған күн иесіне міндетті түрде сыйлық береміз. Вахтадан тыс 

кездері біз отбасымызбен корпоративтік мерекелерде кездесеміз.

Әлібек Болатбаев, 

мұнай-газ өндіру жөніндегі шебер, Құмкөл 

1992 жылы Әлібек «Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» 

мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ бітірген. Институтты 

бітірген бойда «Оңтүстікмұнайгаз» ӨБ МДАЦ-те 5-ші санатты мұнай және 

газ өндіру операторы болып жұмыс істеді, ал 2003 жылы АСҚҚ сусызданды-

ру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы болып ауысты. 2004 жы-

лы Әлібек МГӨ (мұнай-газ өндіру) шебері болып тағайындалды. 2010 жылы 

««ПҚҚР» АҚ ең үздік қызметкері» медалімен марапатталды, ал 2012 жылдың 

қорытындылары бойынша Президенттің күміс жүлдесіне ие болды. 


МҰНАЙШЫ      

маусым 2014

11

ректор Брюс Андерсон қамтамасыз ету 



қызметінің басшысымен бірлесе оты-

рып, 200 орны бар Арысқұм қыстағының 

және 50 орынды Қызылқия қыстағы 

құрылысының күрделі жобаларына ба-

стау берді. Директор Абдулла Абеновтың 

басшылығымен ПҚҚР жобалау то-

бы бас жоспарды әзірледі, осылайша, 

ұңғымаларды бұрғылау, заманауи тұрғын 

корпустары мен асхана құрылыстары 

жүргізіліп, кент кеңейтіле бастады. 

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ҚАМ 

кен орындарының менеджерлері Серік 

Жұмахметов пен Хун Яньчунь ҚАМ 

тобының басшылығын жүзеге асырады, 

ҚАМ кен орындарын пайдалану тобының 

басшылары Ербол Шиманов пен Аман-

тай Сержанов - олардың оң қолы болып 

табылады.   

Қазір ҚАМ кен орындарының 

«орталығы» болып табылатын Арысқұм 

кен орнындағы вахталық кент соңғы 5 

жылда тұтасымен өзгерді. Осында бір 

ауысымда 250-ге жақын вахташы өмір 

сүреді, мұнайшыларда - әр бөлмеде теле-

дидары бар өте жақсы чех тұрғын кор-

пустары бар. Айтпақшы, қазіргі таңда, 

дәл осы Арысқұм «ПетроҚазақстанға» ең 

көп мұнайды - жалпы компания бойын-

ша орташа тәуліктік өндірілетін 8360 тон-

на мұнайдың тәулігіне орташа 1450 тон-

насын береді.  

2012 жылы ұлы қазақ балуанының 

құрметіне «Қажымұқан» деп аталған 

екі қабатты заманауи спорт кешені, ал 

2014 жылы - қызыл кірпіштен жаңа екі 

қабатты әдемі кеңсе ғимараты салынып, 

пайдалануға берілді. Сондай-ақ, осы жы-

лы монша-кір жуу кешенін пайдалануға 

беру жоспарлануда, қосымша тұрғын 

корпустарының құрылысы жүргізілуде. 

Осыған қоса, кен орнында асхана, дүкен 

және медициналық орын бар. 

Мұнайшылардың айтуынша, ҚАМ 

тобының барлық кен орындарындағы 

асханаларда әр түрлі салаттары мен 

жемістері бар толық үш реттік асты 

қамтамасыз ете отырып, өте жақсы 

тамақтандырады. «Ал мереке күндері, 

үйдегідей, бізде үнемі тәттілерге 

және жеңсік астарға толы мерекелік 

дастарқан жаяды. Сонымен қатар, «Бест 

сервис» (ред. - Арысқұм кен орнында 

тамақтандыру қызметін көрсететін ком-

пания) компаниясының басшылығына 

және жұмысшыларына қасиетті Рама-

зан айында ораза ұстайтындар үшін 

бізде барлық жағдайлар жасалғаны үшін 

жеке алғысымды білдіргім келеді. Ком-

пания барлық қажетті азық-түлікпен 

қамтамасыз етеді, ал аспаздар барлық 

Құмкөлдегі Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған концерт / Концерт в честь Дня единства народа Казахстана 

на Кумколе / Concert at Kumkol devoted to celebration of the Day of Unity of People of Kazakhstan

Құмкөлдегі мини-футбол бойынша турнир қатысушылары / Участники турнира по мини-футболу на Кумколе / 

Kumkol mini-football tournament participants 



ҚАМ кен орындарының тарихы

Қызылқия 

Құмкөл кен орнынан батысқа 

қарай 40 км және Жосалы ауылы-

нан 125 км қашықта ҚР Қарағанды 

облысында орналасқан. 1986 жы-

лы ашылды, мұнай өндіру 2000 жы-

лы басталды, сөйтіп Қызылқия, осы 

кен орындары тобының дамуына 

жалпы бастау беріп, мұнайды өндіре 

бастаған ҚАМ тобының алғашқы кен 

орны болды.   

Арысқұм

1985 жылы ашылған кен орны Жо-

салы ауылынан солтүстікке қарай 120 

км қашықта Қызылорда облысын-

да орналасқан. 2000 жылы кен ор-

нын қарқынды түрде дамыту бастал-

ды. Қазіргі таңда Арысқұм ҚАМ кен 

орындарының «орталығы» болып 

табылады, мұнда мұнайшылардың 

үлкен лагері орналасқан. Сондай-ақ, 

Арысқұм кен орны 2004 жылы ма-

мырда терең көкжиектерді барлауға 

арналған 4244 м тереңдіктегі ПҚҚР 

тарихындағы ең терең ұңғыманың 

бұрғылануымен танымал.  

Майбұлақ

Майбұлақ Жосалыдан солтүстікке 

қарай 200 км қашықта Қарағанды 

облысында орналасқан. Іздеу 

жұмыстары 1987 жылы, барлау 

бұрғылауы - 1989 жылы басталды, 

ал 2000 жылы ұңғымалар жұмысқа 

енгізілді.  



12

маусым 2014      



МҰНАЙШЫ

ораза ұстайтындарға жеке ас дайындай-

ды», - дейді ҚАМ кен орындарының 5-ші 

санатты мұнай және газ өндіру бойынша 

операторы Аян Пірім. 

 Қызылқияда 121 адам өмір сүретін 

көлемі жағынан екінші орында тұрған 

мұнайшылар лагері орналасқан. 

Сейсмикалық барлау және ұңғымаларды 

бұрғылау деректері бойынша, 

Қызылқия «Көлжан» ЖШС лицензиялық 

аумағының оңтүстік-шығыс бөлігінен 

солтүстік-батыс бағытына дейін созы-

лып жатыр, одан әрі Батыс Қарабұлақ 

және Қарабұлақ жаңа кен орындары 

орналасқан. Сонымен қатар, 2010 жылы 

Қызылқияда Қызылқия, Батыс Қарабұлақ 

және Солтүстік-Батыс Қарабұлақ кен 

орындарының операторлары үшін ас-

ханасы бар шағын тұрғын қалашығы 

салынды, ал 2012 жылы - 36 орынға 

арналған қосымша жаңа тұрғын кор-

пусы салынды. 2014 жылы Қызылқияда 

жұмыс істейтін инженерлік-техникалық 

қызметкерлер құрамы үшін жаңа бір 

кеңсе тұрғызылды.   

Майбұлақтағы тұрғын кешенінде 

Груп-4 бекеттерін қоса алғанда 30 вахта-

шы тұрып, еңбек етеді.

Мұнайшылар үшін өмір сүру және 

жұмыс істеу жағдайлары жақсартылып 

жатқан келешегі бар жаңа кен орын-

дарын жайластыру белсенді түрде 

жүргізілуде. «2013 жылы Батыс Тұзкөл 

кен орнында жаңа вахталық кент пен ас-

хана салынды, - деді «Көлжан» ЖШС бас 

инженері Әділбек Беклиев. - Тұзкөлдегі 

кенттің, жалпы айтқанда, келешегі зор, 

жоспарларда - вахташылар лагерін 250 

орынға дейін арттыру болғандықтан, 

осында әрқайсысы 50 орынға арналған 

екі жаңа тұрғын корпустарының, 75 

орынға арналған асхананың, монша-

кір жуу кешенінің және спортзалдың 

құрылысы жоспарланған». Ал 2014 жы-

лы Оңтүстік-Шығыс Қызылқияда 30 

жұмысшы жайлылықпен өмір сүріп 

жатқан 32 орынға арналған асханасы 

бар жаңа шағын тұрғын қалашығы пай-

да болды. 

«Біздің міндетіміз - жұмыстан шаршап 

келген адам өзін үйдегідей сезінуі үшін, 

яғни тынығып, келесі еңбек күніне күш 

жинауы үшін өмір сүру мен тынығудың 

жайлы жағдайларын қамтамасыз 

ету, - дейді ҚАМ шаруашылығының 

меңгерушісі Денис Губанов. - Жаттығу 

залында спортпен айналысу, теннис 

ойнау, бір сөзбен айтқанда, өзінің бос 

уақытын жайлы әрі қолайлы өткізу».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет