МҰнайшы маусым 2014 3 «Мұнайшы» журналы «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметкерлеріне арналған корпоративтік басылым. Бас редактор



жүктеу 3.29 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата24.03.2017
өлшемі3.29 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бос уақытты өткізу 

Тәулігіне 12 сағаттан жұмыс істей оты-

рып, мұнайшылар нәтижелі тынығып, 

Арысқұм-жаңа тұрғын-жай корпустары / Арыскум - новые жилые корпуса / 

New residential buildings at Aryskum

Тренажерлік зал. Құмкөлдегі спорт-мәдениет кешені. / Тренажерный зал. Спортивно-культурный комплекс на Кумколе. 

/ Training hall. Kumkol sports and cultural complex. 

Құмкөлдегі кондитерлік цехтің өнімдері / Продукция кондитерского цеха Кумколя / 

Pastries made in Kumkol confectionary 


МҰНАЙШЫ      

маусым 2014

13

өз күш-жігерлерін қалпына келтірулері 



керек. Олардың қалпына келуі үшін, 

басқаларын есептемегенде, ең маңызды 

элемент - спорт. Ол үшін кен орында-

рында керемет жағдайлар жасалған. 

«Вахталық әдіспен жұмыс істейтін 

біздің көптеген жігіттеріміз өздерінің 

кәсіби міндеттерін атқарумен қатар 

компанияның спорттық өміріне 

белсенді ат салысады, әр түрлі деңгейдегі 

жарыстарда ар-намысын қорғайды, - 

дейді қоғаммен қарым-қатынас жасау 

бөлімінің маманы Ермекбай Шайма-

ханов. - ПҚҚР бөлімшелерінің коман-

дасы корпоративтік «ПетроҚазақстан» 

Спартакиадасының төрт жылдық та-

рихында 3-ші рет жалпы командалық 

сынақта бірінші орынға ие болуы осын-

дай белсенділіктің арқасында шығар».

Қызметкерлер теннис, гимнастика 

залдары, жаттығу құрылғылары және 

бильярды бар спорттық кешендерде 

өздерінің бос уақытын рахаттанып әрі 

пайдалы өткізеді. 

«Осы жерде, вахтада, мен алғаш 

рет қолыма ракетка ұстадым. Үстел 

теннисінің әуесқойлары бізде жеткілікті 

- тіпті, үстелдер де жетпей қалады, 

сөйтіп, өз кезегіңді күтуге тура келеді. 

Кен орнында теннисшілер саны үнемі 

өсуде және біз үстелдер саны артады деп 

сенеміз», - дейді Құмкөл Газ пайдалану 

бөлімінің 5-ші санатты компрессорлық 

қондырғылар машинисі Ғалымжан 

Жұмағұлов.

Қоғаммен қарым-қатынас жасау 

бөлімі қамтамасыз ету қызметімен 

бірлесіп Құмкөл мен  Арысқұмда шағын-

футбол, футбол, волейбол, бильярд, 

үстел теннисі және шахмат, ал Құмкөлде 

баскетболдан қысқы және жазғы спар-

такиада жүйесі бойынша жарыстар-

ды тұрақты түрде жүргізіп келеді. «Біз 

Арысқұмда жыл сайын спорттың әр 

түрінен спорттық жарыстар өткізілетін 

«Қажымұқан» үлкен спорт кешенінің 

болғанын және жеңімпаздардың бағалы 

сыйлықтар мен  мадақтамалармен 

 

марапатталатынындарын мақтан 



тұтамыз. «ПетроҚазақстанның» салау-

атты өмір салтын ұстану үшін барлық 

жағдайларды жасағаны, әрине, өте тама-

ша», - дейді ҚАМ МДАЦ шебері Бақытжан 

Қалымбетов. Жарыстарға кен орында-

рында тұратын мердігер мекемелердің 

қызметкерлері де белсенді түрде 

қатысады.

Мәдени өмір де қызықты өтуде. 

Өйткені ең жақын елді мекенге 

дейін - 100 км-ден кем емес, ал кен 

орындарындағы біркелкі өмір, сондай-

ақ, вахта сағаттары да психологиялық 

түрде оңай емес. Барлық мемлекеттік 

мейрамдарда мұнайшыларға концерттік 

бағдарламаларымен қызылордалық 

және республикалық эстрада 

жұлдыздары, театр труппалары келеді. 

Кен орындарында «МұзАрт», «Жігіттер», 

«KeшYou» топтарымен қатар Қыдырәлі 

Болманов, Қарақат Әбілдина, Жолбарыс 

Сейфуллин және көптеген басқа орын-

даушылар өз өнерлерін көрсетті. 

Мұнайшылар арасында Құмкөл 

аруы, Жігіт Сұлтаны және басқа әр 

түрлі конкурстар өткізіледі, конкурс 

жеңімпаздары құрметті атақпен бірге 

бағалы сыйлықтарға ие болады. 

«Көптеген айрықша мәнді мереке-

лер біздің вахта кезеңіне келеді, бірақ 

біз осы мерекелерді қаладағыдан кем 

тойламайтынымызды ерекше атап 

өткім келеді. Компания біз үшін үнемі 

қызықты мерекелік бағдарламалар 

дайындайды, қазақстандық эстрада 

жұлдыздарының қатысуымен концерт-

тер ұйымдастырады. Бізге үнемі әр түрлі 

театрлар, соның ішінде әзіл-сықақ теат-

рлары да келеді. Ал Наурызда «қол күресі» 

және «бағанаға өрмелеу» сияқты ұлттық 

ойындар өткізіледі, - дейді Арысқұм кен 

орнының 4-ші санатты жер қабатының 

қысымын ұстау жөніндегі операторы 

Нағашыбай Өркінбаев.

Ұзақ жұмыс күніне, үйден, туған-

туысқандар мен жақындардан алы-

ста болғанына қарамастан, жел мен 

шыжыған ыстыққа қарамастан, кен ор-

ны мұнайшыларды - осы нағыз ер адам-

дар мен ер жүрек әйелдерді - өзіне тар-

тады. Мұнайшыларымыз, еңбектеріңізге 

мың алғыс айта отырып, сіздерге зор 

денсаулық пен табыс тілейміз! 

Айналған берекеме, тірегіме,

Мұнай байлық әкелген Сыр еліне.

Ұңғы деген, бейнелеп айтар болсақ,

Сүңгідей сүңгіп жердің жүрегіне.

Тартады сыртқа қарай 

«қара маржан»,

Қара май қуатты отын - емес арзан.

Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақтан,

Майлансын мол қанжыға, тапқан 

олжаң.

Біледі еңбегіңді істеп көрген,

Он бес күн вахта барып төзіп келген.

Аптап ыстық, күн асты ми қайнатар,

Торланып шығар бетің шақпақ 

желден.

Жан бітірген Құмкөлім сар далаға,

Сар далада бұрында шаң бораған.

Жер астынан телегей мұнай тартқан,

Мұнайшыға осы жыр арналады.

Мен сіздерді өлеңмен құрметтедім,

Жазылмай жүрсін әсте дүрмектерің.

Жарқырап қай кезде де жарқын 

жүзбен,

Жана берсін әрқашан еңбектерің!

Осы мұнайшылар жайлы жырын Бақытжан Абызов, 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, 

«ПҚҚР» АҚ қазақ тілінің аудармашысы - сіздерге арнайды! 

Құмкөлдегі монша-кір жуу кешені / Банно-прачечный комплекс на Кумколе / Sauna and laundry unit at Kumkol



14

маусым 2014      



МҰНАЙШЫ

- Асхат, Сіз қазақстандық 

дзюдосының тарихындағы олим-

пиада медалін алған бірінші спорт-

шы болдыңыз (Бейжің, 2008). Осы 

жүлдеге жетудің жолы қандай бол-

ды және дзюдоны таңдауыңыздың 

себебі неде?

- Барлығы біздің ауылға (Асхат Алма-

ты облысы, Жансүгіров ауылында туған - 

ред.) бапкер келіп, дзюдо секциясына ба-

лаларды жинай бастаған кезден бастал-

ды. Көп жағдайда болатындай, мен көрші 

балаларға серік болып, бұл қандай спорт 

түрі екенін көруге келдім, себебі барлығы 

қызық және ерекше ғой - кимоно, тата-

ми... Бір сабағына қатыстым, екіншісіне 

бардым, маған ұнады, сосын ақырындап 

«тартылып», дзюдомен шындап айналы-

са бастадым. 

Жарыстарға қатыса бастадым: 

облыстық жарыстар, мектеп оқушы-

ларының арасындағы спартакиадалар, 

республикалық турнирлер... Менің ең 

алғашқы үлкен және ең есте қаларлық 

жеңістерімнің бірі дәл осы жарыстардың 

бірімен байланыс-ты болды. Ол кез-

де (1988 жылы) киім-кешек табу қиын 

еді, сондықтан біз кимоно сатып ала 

алмадық. Ол жылдарда, естеріңізде болса, 

оны тігетін маталар да бола бермеді. Бірақ 

біз, дзюдошы балалар, бұл мәселенің 

шешімін таптық: мектепке киетін көк 

пиджактарымыздың түймелерін алып та-

стап, белбеудің орнына аналарымыздың 

орамалдарын байладық. Дәл сол кездері 

біздің команда Талдықорғандағы 

республикалық турнирге баратын бол-

ды. Бапкеріміз жеңімпазға нағыз кимоно 

алып беруге уәде берді! Бұл жеңіске қатты 

ынталандырды, осылайша мен өзімнің 

алғашқы кәсіби кимонома ие болдым.

Ең бірінші олимпиадам да есімде 

- 2000 жылы Сиднейде, 19 жасымда 

(Олимпиадаға қатысатын дзюдошылар 

үшін айтарлықтай төмен жас шамасы бо-

лып есептеледі - ред.) Ұлттық құраманың 

сапында қатыстым. Құрама қатарына ену 

үшін алдымен мен Қазақстан чемпио-

натын, содан кейін Азия чемпионатын 

жеңіп алдым, үздік бестікке кірдім, осы-

лайша Олимпиадалық ойындарға лицен-

зия ұтып алдым (ОО қатысу үшін спорт-

шы лицензия жеңіп алуы керек, әр салмақ 

дәрежесі бойынша бір елге тек бір лицен-

зия беріледі - ред.). Өкінішке орай, мен ол 

жақта жеңіліп қалдым, есесіне неге дай-

ындалу қажеттігін түсіндім, себебі спорт-

шы үшін психологиялық тұрғыдан дай-

ын болудың маңыздылығы міндетті дене 

даярлығынан кем емес. 

 2001 жылы біз Асхат Шахаров екеуміз 

Мюнхенде өткен әлем чемпионатында 

Қазақстан қоржынына бірден 2 медаль са-

лып, алғашқы қазақстандық жүлдегерлер 

атандық. Мюнхеннен кейін мен тағы екі 

Азия чемпионатын және Афина-2004 

Олимпиада ойындарына лицензия 

жеңіп алдым. Афинада мен көк байрақ 

туымызды көтеріп жүрдім. Физикалық 

тұрғыдан дайын болғаныммен, өкінішке 

орай, психологиялық жүктеме мен 

жауапкершілікті көтере алмадым. 

2008 жылы Бейжіңде мен күміс медаль 

алдым. Бірақ, мойындау керек, 2004 жыл-

дан 2008 жылға дейінгі кезең мен үшін өте 

ауыр болды, өйткені егер адам медальға 

ұмтылса, ал ол ұмтылыс жеңіспен 

аяқталмаса, өзіңе деген сеніміңді еріксіз 

жоғалта бастайсың, олимпиада медалі 

- сен үшін бағындыра алмайтын белес 

екен деген ойлар келеді. Сол сәтте маған 

сеніп, мені қолдаған бапкерлердің, туыс-

тарым мен достарымның ықыласы қуат 

пен қосымша күш-жігер беріп, қатты 

көмектесті. Сол кісілердің арқасында мен 

3-ші олимпиадалық айналымға бардым. 



-  Олимпиада ойындарындағы аху-

ал қаншалықты өзгеше?

- Көлемі жағынан және жауапкершілік 

деңгейін сезіну тұрғысында айтарлықтай 

өзгеше болады. Көбіне болатын жағдай, 

спортшы дене даярлығы тұрғысында дай-

ын болады, бірақ оған жүктелген елдің 

үмітін сезініп, толқи бастайды, осылайша 

оның жүйкесі әлсірейді. Психологиялық 

тұрғыдан дайын болу өте маңызды.

- Сіздің ойыңызша, спорт-

шы үлкен спорттан қай уақытта 

кетуі қажет? Олимпиадада медаль 

алғаннан кейін сіз «қарапайым адам 

сияқты өмір сүргім келеді» дедіңіз. 

Үлкен спортпен қоштасқаныңызға 

өкінбейсіз бе? 

- Мен спорттан 2008 жылғы Олим-

пиада ойындарынан кейін, 28 жасымда 

кеттім. Негізінде, дзюдошылар арасын-

да спорттан кету үшін бұл жас дұрыс бо-

лып есептеледі, бірақ, әрине, барлығы 

спортшының өзіне байланысты, себебі, 

33-34 жасында да жақсы нәтижелер 

көрсетіп жүргендер бар. Кеткеніме 

сПортҚА жАНЫ жАҚЫН отБАсЫ

Қазақстандағы ең танымал спорттық отбасылардың бірі - дзюдодан олимпи-

ада ойындарының күміс жүлдегері Асхат житкеев пен атақты қазақстандық 

волейболшы елена Павлова өз сұхбаттарында спортта және отбасылық өмірде 

жетістікке жетудің құпияларымен бөліседі.

Чемпионның медалі / Медаль для чемпиона / The medal for the champion



МҰНАЙШЫ      

маусым 2014

15

өкінбеймін, өйткені спорт болған соң 



жарақатта болады және спортшының 

жасы неғұрлым есейген сайын қауіп те 

соғұрлым жоғарылайды. Әр нәрсе өз 

уақытымен болғаны дұрыс.



- 2010 жылдың аяғында Сіз спортқа 

ерлер құрамасының бас бапкері 

мәртебесінде оралдыңыз. Өзіңіздің 

бапкерлік жұмысыңыз жөнінде 

айтыңызшы, бас бапкер қызметінің 

бастапқы кезінде қандай да бір 

қиындықтар туындады ма?

- Бұл өте қызық жұмыс - бапкер 

болғанда басқаша, барлық команда үшін 

ойлай бастайсың. Алайда, бапкерлік 

қызмет жауапкершілікті талап ететін 

күрделі қызмет. Шәкірт қабілеттерінің 

ашылуы үшін олармен жақын байланыс 

орнату қажет, әр спортшыдан өзіне тән 

ерекшелік табу қажет, әрқайсысының 

қабілеті қандай екенін түсіну және ал-

дын ала білу, басым және әлсіз жақтарын 

уақытында көре білу қажет. Тек кәсіби 

басымдылықтарын көріп қана қоймай, 

спортшының психологиялық тұрғыдағы 

дайындығын сезіну қажет. Басқаша 

айтқанда, бапкер тек қана бапкер емес, 

сондай-ақ дос, әке, бауыр және психолог 

болуы қажет.

Мен Олимпиадаға небәрі бір жа-

рым жыл қалғанда дзюдодан ұлттық 

құраманың бас бапкері болып 

тағайындалдым. Бұл маған, бапкер 

ретінде барған үлкен тәуекелім болды, 

себебі ол кезде елде бірде-бір лицен-

зия болмады. Біз жұмыс істей бастадық, 

құрама барлық жеті лицензияны (барлық 

салмақ дәрежелері бойынша) алды, бірақ, 

өкінішке орай, Лондон Олимпиадасында 

біз дзюдодан медаль жеңе алмадық. 

- Бүгінде Қазақстанда дзюдо жал-

пы қалай дамуда? Сіз дзюдоны да-

мыту жөніндегі директор қызметін 

атқарасыз - спорттың бұл түрін қай 

бағытта дамытып жатырсыз?

- Біздің міндетіміз - Қазақстан 

дзюдосының сапалы түрде даму-

ын қамтамасыз ету, бұл спорт түрін 

кеңінен тарату, барынша қолжетімді 

ету. Өз жұмысымызда біз үнемі ұлттық 

құрамамен қарым-қатынаста боламыз

жаттықтырушылардың біліктілігін арт-

тыру семинарларын ұйымдастырып, 

балаларға шеберлік сыныптарын өткізіп 

тұрамыз.

Дзюдо қазіргі уақытта әлемдегі өте 

танымал спорт түрі, мәселен, Лондон 

Олимпиадасында дзюдо танымалдылығы 

бойынша 4-ші орында болды және 

202 елде дзюдо федерациясы бар. 

Қазақстанда қазақстандықтардың үлкен 

жарыстардағы жеңістерінен кейін, яғни 

Олимпиададағы менің жеңісім және әлем 

чемпионы атанған Максим Раковтың 

жеңісінен кейін дзюдо секциясына де-

ген қызығушылық арта түсті. Медаль 

алуға болатынына бәрі сенді және оны 

көзімен көрді. Бізде Қазақстанда әйелдер 

мен ерлер құрамалары, жасөспірімдер 

мен жастар құрамалары бар және олар 

белсенді түрде дамып келеді. Мыса-

лы, жақында Атырауда Қазақстанның 

барлық аймағынан 600 бала қатысқан 

жасөспірімдер чемпионаты өтті, оған 

қоса олардың әрқайсысы өздерінің 

аймақтарындағы іріктеуден өткен. Осын-

дай қарқын қатты қуантады. 

- Дзюдо Сізді не нәрсеге үйретті? 

- Дзюдо - тек спорт түрі ғана емес, 

ол тұтас өмір философиясы. Жапо-

нияда 19-ғасырдың соңында пай-

да болған және «икемді жол» деп ауда-

рылатын дзюдо құрмет қағидасына, 

бір-біріне көмек көрсету және дене 

мен рухты дұрыс пайдалану, олардың 

өзара байланысына негізделеді. Дзю-

до тәртіптілікті, қайсарлықты, өз-

өзіңді бақылауды, сондай-ақ басқа 

спорт түрлерімен салыстырғанда  оғаш 

көрінетін әдептілікке, жетістік пен оған 

жетуге қажетті күш-жігер арасындағы 

байланысты түсінуге тәрбиелейді. Дзю-

до - бұл бойыңа сіңірген психологиялық 

қасиеттердің арқасында өмірдің басқа 

салаларында да жетістіктерге қол 

жеткізуге көмектесетін спорт түрлерінің 

бірі. Әрине, бапкерлердің шәкірттеріне 

дзюдоның мәнісін жеткізе алуы өте 

маңызды. 



- Кәсіпқой спортшы және 

тәжірибелі жаттықтырушы ретінде 

баланы осы спорт түріне неше жа-

стан беруге кеңес берер едіңіз? Ба-

ланы дзюдоға бергенде ата-ана нені 

білуі керек?

- 10-11 жас ең қолайлы деп санай-

мын, бірақ физикалық тұрғыда дайын 

болу үшін бала алдын ала жалпы дене 

жаттығуларымен, мысалы, гимнастика-

мен немесе жүзумен айналысуы ке-

рек. Кез-келген спорт түріндегі сияқты, 

балаңыз дзюдоны 1-2 сабақтан кейін та-

стап кетпеуі үшін, баланың мүмкіндігін 

аша алатын, оның өзіндік ерекшелігін 

тауып, жетілдіре алатын жақсы 

жаттықтырушыны табу керек.

 

- Қазіргі дзюдошылардың ара-

сынан алдымыздағы 2016 жылы 

Рио-де-Жанейрода өтетін Олим-

пиадада жеңіске жету мүмкіндігі 

қайсысында  бар деп ойлайсыз?

- Мамыр айында аса маңызды олимпи-

ада алды іріктеуі басталады, онда біздің 

спортшыларымыз әлемдік рейтинг бой-

ынша әлемдегі 22 үздіктің қатарына 

кіруі қажет болады. Бізде барлық салмақ 

дәрежесінде жақсы жігіттер көп және 

олардың әрқайсысы жеңіске лайық. 

Біздің команда Қазақстанды толық 

құрамда (7 салмақ дәрежесінде) таны-

стырады деп ойлаймын. Дегенмен, жа-

рыста қызу күрес орын алады - бұл 

спорт түрінің әрбір Олимпиада сай-

ын танымалдылығы артып келеді және, 

сәйкесінше, бәсекелестік те өсуде.

- Елена, Сіз әйелдер арасындағы 

волейболдан Қазақстан ұлттық 

құрама командасының капита-

ны болдыңыз. Өзіңіздің спорттық 

мансабыңыз жөнінде әңгімелеп 

беріңізші. 

- Менің анам - волейболшы, 1980 

жылғы Мәскеу Олимпиадасының чем-

пионы. Мен анама тартқан  болуым ке-

рек, анамның жолын қудым. Бағыма 

орай спорттық мансабымда көптеген 

ойындарға қатысып, әр түрлі елдерде 

жұмыс істедім. Бес жыл Францияда ой-

надым, ол жерде француз лигасының 

екі мәрте ең үздік ойыншысы және ең 

үздік доп лақтырушысы атандым. 2004-

2006 жылдары испандық «Тенерифе» 

клубының атынан ойнадым, және біздің 

команда екі мәрте Испан чемпиондары 

Бейжің-2008 Олимпиадасында. Марапаттау. / 

Пекинская Олимпиада-2008. Награждение. / 

Beijing-2008 Olympics. Award ceremony.

Асхат житкеев

1981 жылы 13 сәуірде дүниеге кел-

ген. Казақстандық дзюдошы, 2008 

жылғы Бейжің Олимпиадасының 

100 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі 

күміс жүлдегері. ҚР бірнеше 

дүркін чемпионы. Дзюдо бойын-

ша халықаралық дәрежедегі еңбегі 

сіңген спорт шебері. 


16

маусым 2014      



МҰНАЙШЫ

атағын және Королева Кубогын, сондай-

ақ Суперкубокты жеңіп алды. Содан 

кейін мен Швейцарияда ойнадым, он-

да біз командамен бірге Швейцария чем-

пионатында 1 орынға қол жеткіздік және 

Швейцария Кубогының иегері атандық. 

Ал 2007-2008 жылдары мен жапондық 

«Хисамицу Спрингс» атынан ойнадым, 

және Жапон чемпионатының ең үздік 

ойыншысы мен ең үздік шабуылдаушысы 

болып танылдым.



- Сіздің спорттық мансабыңыз 

бен сіз еңбек еткен елдердің аумағы 

айтарлықтай таң қалдырады! 

Қандай да бір оқыс жағдайлар орын 

алды ма? 

- Әрине, жарыстардың сахна сыр-

тында небір жайттар орын алып жата-

ды. Спорт - бұл көрнекті лақтырулар мен 

жеңістермен қатар жарақаттар да. Әлі 

есімде, 90-жылдардың соңында Герма-

нияда өткен жолдастық кездесуде ойын 

барысында мен шынтағымды шығарып 

алдым. Маған ауыртпайтын дәрі егейін 

деп жатқанда, дәрінің құтысы сынып, 

дәрі шынтағыма емес, көзіме шашыра-

ды. Көзім бірден жансызданып, «қатып 

қалды». Ал шынтағымды артынан жансыз-

дандырды ғой (күледі). 



- Қазір немен шұғылданасыз? 

- Мен спорттық мансабымды 2008 жы-

лы аяқтадым, отбасыммен айналысуға 

бел будым - біз Асхат екеуміз нақ 

Бейжің Олимпиадасынан кейін 

үйлендік. Оған қоса, мен қазір кәсіпқой 

спортқа арналған жабдықтар мен киім-

кешектерді жеткізумен айналысатын 

компанияда жұмыс жасаймын. Жұмыс 

маған ұнайды, ол спортпен байланы-

сты, оның үстіне, жұмыссыз отырғанды 

ұнатпаймын.



- Спорт озат болуды болжайды, ал 

отбасында бір-біріңе жол бере білу 

маңызды. Екі спортшының  бірге 

тұруы оңай ма? Өз жанұяңыз жай-

ында әңгімелеп беріңізші. Қалай 

таныстыңыздар? 

елена:

- Иә, біз расындада екі озатпыз, 

әрқайсысымыз көп жылдар бойы өз 

командамыздың капитаны болғанбыз. 

Бірақ көшбасшылық алаңда қалды, ал 

үйде бірінші кезекте мен аяулы жармын 

және отбасын сақтаушымын. Әрине, кез 

келген отбасында сияқты, бізде де та-

лас тудыратын жағдайлар болады, бірақ 

біз ортақ шешім тауып, ымыраға келеміз. 

Және әрдайым ер адамның жанұя басшы-

сы екенін ұмытпаймын.

Асхат екеуміз сонау 1997 жы-

лы танысқанбыз, бір-бірімізге бірден 

ұнадық, бірақ арада 11 жыл салып, 

2008 жылы үйлендік. Әрқайсымыздың 

белсенді спорттық мансабымыз, 

мақсат-жоспарларымыз, көптеген жол-

сапарларымыз болды, дегенмен тағдыр 

бізді бірге тоғыстырды (күледі). Қазір 

біз - ауызбіршілігі жарасқан отбасы-

мыз. Екі баламыз бар, біз көп уақытты 

бірге өткіземіз, тауға, киноға, балалар 

саябағына, қонаққа барамыз.



 Асхат:

- Иә, біздің жанұямыз тату, біз 

әрдайым талас тудыратын жағдайларды 

болдыртпауға және керек кезде бір-

бірімізге жол беруге тырысамыз.

- Балаларыңызды спортқа ба-

улап жатырсыз ба? Болашақта 

балаларыңыздың спортшы болға-

нын қалайсыз ба?

Асхат:

- Мен былай деп айтар едім, мен 

оларға тек бағыт беремін, ал немен 

айналысатынын балалар өскен кез-

де өздері шешеді. Бірақ денені жалпы 

шынықтыруға арналған спорт - қазіргі 

балаларға ауадай қажет.

елена: 

- Бала кезімде, кәсіби спортшы ретінде 

үлкен спорттың барлық қиындықтарын 

білетін анам менің осы жолға түсуіме 

қарсы болды. Мені тіпті жаттығуға 

жібермейтін. Бірақ волейболдың маған 

ұнағаны соншалық, мен жаттығуға 

қалайда қашып баруға тырысатынмын. 

Анам менің табандылығымды көріп, 

соңында келісті, бірақ кәсіби спорттың 

біз ойлағандай жеңіл еместігін ескертті. 

Мен өз балаларыма тосқауыл 

болмаймын, егер спорттық жол-

ды таңдаса, мен оларды қолдаймын. 

Басқа іспен айналысқысы келсе, оған 

да көмектесеміз, өйткені бастысы - 

адамның өз кәсібінде бақытты болуы.

- Және соңында - «ПетроҚазақстан» 

да салауатты өмір салтын қолдайды 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет