Модуль 4 Химиялық реакциялардың энергетикасы. Ерітінділер. Коллоидты ерітінділер және дисперсті жүйелер



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата25.04.2022
өлшемі381,16 Kb.
#32127
  1   2   3   4   5   6


Модуль  4  Химиялық  реакциялардың  энергетикасы.  Ерітінділер.  Коллоидты 

ерітінділер және дисперсті жүйелер.  

 

Тақырып  2.  Дисперстік  жүйелер.  Дисперстік  жүйелердің  жіктелуі.  Электролит 

ерітінділері. Ерітінділердің иондық күші.  

 

1. 


Дисперстік  жүйелердің  жіктелуі:  суспензиялар,  эмульсиялар,  коллоидты 

ерітінділер, шынайы ерітінділер. Заттардың ерігіштігі. 

2. 

Ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Электролиттер ерітінділерінің қасиеттері. 



Электролиттік  диссоциация. Диссоциация дәрежесі. Активтілік және  активтілік 

коэффициенті 

Дисперсті  жүйелердің  көптеген  қасиеттері  оның  дисперстігіне  тікелей 

байланысты.Диффузияға осмостық  қысымға  бейімділік сияқты дисперсті  жүйенің кейбір 

қасиеттері ірі дисперсті күйден жоғары дисперсті жүйе күйіне ауысуы жақсы байқалады 

кейбір  қасиеттері  керісінше  жоғары  дисперстіден  іріге  ауысқанда  басымырақ 

болады.Мысалы  бөлшектердің  үлкейген  сайын  шөгіндіге  отыру,шөгу  сипаты  артатын 

қасиеті осы айтылғанға дәлел.Мұны седиментация дейді. 

Дисперсті  жүйенің  қайсыбір  қасиеттері  ауыспалы  мәндегі  дисперстілік  дәрежеге 

коллоидты  өлшемге  сәйкес  пайда  болады.  Бұл  олардың  сәулені  шашыратуы  коллоидты 

жүйе  реңінің  өзгеруі  коллоидты  жүйенің  қасиеттерін  қарастырғанда  тек  бөлшектің 

өлшемін ғана ескертіп қоймай әр түрлі адсорбциялық құбылыстарға мүмкіндік туғызатын 

фазааралық  беткі  қабатының  болатынын  және  сол  сияқты  осы  бөлшектердің  бетінде 

жүретін химиялық реакцияларды да ұмытпаған жөн. 

Демек, коллоидты химия дисперсті жүйемен оның өлшемі энергия үлестік беті дисперсті 

дәреже  сияқты  көптеген  сипаттамалармен  байланысты.Ендеше  коллоидты  химия 

дисперсті жүйе химиясы,физикасы дегенмен бірдей. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет