Мөж тақырыбы: Педагогикалық қабілеттер пен педагогикалық шеберлік Орындаған: Темирбек Ә. Қабылдаған: Тасова А. Тобы: мпк-211 Түркістан 2023 Жоспар



бет2/5
Дата05.05.2023
өлшемі64,94 Kb.
#90593
1   2   3   4   5
2. Педагогикалық қабілеттер
Қабілет-адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттерінің жиынтығы. Бірақ табиғи қасиеттер тума болғанымен еңбек үрдісінде, тәрбие жағдайында өңделіп, дамып жетіледі. Сонымен қабілет-адамның дара психологиялық ерекшелігі.
Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы
Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады:

  • гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу)

  • дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу)

  • коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу)

  • конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу)

  • ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу)

  • перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік)

  • болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу)

  • суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті)

  • экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуіартистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).[1]

  • Мұғалімнің оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты қабілеттердің екінші тобы, балаларға педагогикалық ерікті әсер ету, педагогикалық талап қоюшылық, педагогикалық әдеп, балалар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті- бұл қазір атап жүргендей, интерактивті-коммуникативті қабілеттер.

  • Ф. Н. Гоноблин бөлген қабілеттердің өте маңызды төртінші тобы- мұғалім тілінің мазмұндылығын,ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігін сипаттайтын қабілеттерді қамтиды неғұрлым жалпыланған түрде педагогикалық қабілеттерді В.А. Крутецкий көрсеткен, оларға сәйкес жалпы анықтамалар берген.

-Тілдік қабілет
-Ұйымдастырушылық қабілет
-Академиялық қабілет
-Коммуникативті қабілет
--Авторитарлық қабілет
-Дидактикалық қабілет
-Зейінді бір мезгілде іс-әрекетке тарту қабілеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет