Монография / Жауапты редакторлар: Б. Ердембеков, А. Картаева



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата06.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#7933
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖҼНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ  
ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР 
 
 
 
Ұжымдық монография 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ҿскемен, 2016 


 
ҼОЖ 80/81(035.3) 
Т 29 
 
 
 
Жауапты редакторлар: Б. Ердембеков, А. Картаева 
 
 
Редакциялық алқа: 
А. Сейпутанова, Б. Бияров, А. Ҽлімхан 
 
 
Пікір жазғандар: 
Жұмағұлов C., филология ғылымдарының докторы
Аймұхамбет Ж., филология ғылымдарының докторы; 
Құсманова Г., филология ғылымдарының докторы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Т 29  
Тәуелсіздік  кезеңіндегі  филологиялық  зерттеулер:  ҧжымдық 
монография  /  Жауапты  редакторлар:  Б.  Ердембеков,  А.  Картаева.  – 
Ҿскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2016. –  174 б. 
 
ISBN 978-601-314-061-2 
 
Ҧсынылып отырған ҧжымдық монография тҽуелсіздік кезеңіндегі қазақ тіл 
білімі  мен  ҽдебиеттану  ғылымының  мҽселелерін  зерттеуге  арналған. 
Монографияда, негізінен, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ тілі мен 
ҽдебиеті  кафедрасы  ғалымдарының  тіл  білімі  мен  ҽдебиеттанудағы  ҧлттық 
жҽне  аймақтық  мҽселелерді  қарастырған  соңғы  уақыттағы  зерттеулері 
енгізілген.   
Еңбек  жоғары  оқу  орындарының  оқытушы-ҧстаздарына,  студенттерге, 
магистранттарға,  PhD  докторанттарға  жҽне  мектеп  оқушылары  мен 
мҧғалімдеріне арналған.    
 
ҼОЖ 80/81(035.3) 
 
ISBN 978-601-314-061-2 
© С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2016 


 
АЛҒЫ СӚЗ 
 
Тҽуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде еліміздегі тіл білімінің дамуы ерекше 
қарқынмен  жаңа  сипат  алды.  Бҧл  ең  алдымен  қазақ  тілінің  Қазақстан 
Республикасы  мемлекет  қҧрушы  ҧлтының  тілі  ретінде  мемлекеттік  мҽртебе 
алуымен,  қазақ  тілінің  қолданыс  аясынан  кеңеюімен  қатар  қолдану  мҽдениеті 
сапасының артуымен,  ҽлеуметтік лингвистикалық фактормен, қазақ халқының 
ҧлттық  бірегейлігінің  кҿркеюі,  тарихи  санасының  жаңғыруымен,  тарихи 
фактормен,  сол  сияқты  басқа  да  қазақ  тілді  қоғам  ҥшін  тың  факторлармен 
байланысты  болды.  Осы  факторлар  негізінде  қазақ  тілінің  дамуында  тың  ҽрі 
қарқынды даму ҥрдістері белең алды. Қазіргі тіл білімінде қоғамдық санадағы, 
қоғамдық  болмыстағы  осы  ҿзгерістердің  тілдегі  рефлексиясына  талдау  жасау, 
тілдің  даму  болашағын  айқындау,  тілдегі  кейбір  ҥдерістердің  бағытын  тілдік 
жҥйенің іргелі, қоғам сҧранысына тиімді жауап беретіндей болуы ҥшін дҧрыс 
арнаға  бҧру  мақсатында  дҽстҥрлі  ғана  емес  бейдҽстҥрлі  –  антропоцентристік 
бағыттағы ҽлемдік тіл ғылымы салалары бойынша да кҥрделі зерттеулер жҥзеге 
асырылды. Соңғы жылдарда қарқынды дамып келе жатқан тҥрлі филологиялық 
бағыттарға  арналған  зерттеулер,  қорғалған  кандидаттық,  докторлық 
диссертациялар  тіл  білімі  салаларының  дамып,  ғылыми  тҧрғыдан  жаңарып 
тереңдеп отырғанын дҽлелдейді. Соның бір ғана дҽлелі, осы ҧсынылып отырған 
ҧжымдық  монография  авторлары,  С.Аманжолов  атындағы  ШҚМУ-дың  Қазақ 
тілі  мен  ҽдебиеті  кафедрасынан  1998  -  2010  жылдар  аралығында  тіл  білімі 
саласында 15 кандидаттық диссертация, ҽдебиеттану бағытында 2 докторлық, 7 
кандидаттық  диссертация  қорғалды.  Ҧжымдық  монографияға  тілші 
ғалымдардың  фонетика,  лексикология,  этнолингвистика,  топонимика,  т.б. 
бағытындағы зерттеулері ҧсынылған. 
Еліміз  тҽуелсіздік  алғаннан  бергі  уақыт  аралығында  қазақ  ҽдебиеттану 
ғылымы  жаңа  дамудың  белесіне  кҿтерілді. Қазақ  ҽдебиетінің  тарихында 
еліміздің  тҽуелсіздік  арнасына  тҥскеннен  кейінгі  кезеңі  ҿзіндік  даму 
бағытымен, кҿркемдік ізденістерімен ерекшеленеді. Қазақ ҽдебиеттану ғылымы 


 
жаңа  бір  белеске  кҿтеріліп,  шоқтықты  зерттеу  еңбектермен  толықты.  Қазіргі 
таңда  ҽдебиеттану  ғылымы  қарыштап  ҿсе  тҥсіп,  ҽдебиетіміздің  теориясы, 
тарихы, сыны жайлы кҿптеген зерттеулер, жекелеген монографиялар жазылды, 
диссертациялар 
қорғалды. 
Ҧжымдық 
монография 
авторлары, 
қазақ 
ҽдебиеттануының теориялық концепциясын, оның тарихи поэтикалық бағытын, 
қазіргі 
ҽуезовтанудың 
келелі 
мҽселелерін 
қарастырады. 
Ҽдебиетші 
ғалымдардың  ақын-жазушылар,  ғалымдар  шығармашылықтарын,  ҿлкеміздің 
ҽдебиетін, ҽдеби ҥрдісін, бомысын зерттеуге арналған теориялық, практикалық 
ғылыми мақалалары топтастырылған. Қазіргі ҽдебиет теориясының хал-ахуалы 
ҽлемдік 
ҽдебиеттану 
контексі 
тҧрғысынан 
жаңаша 
қарастырылады. Ҽдебиеттанудағы  ҽдеби  бағыттар,    тақырыптық  ізденістер, 
кҿркем  туындылардағы  поэтика,  жанр,  стиль,  ҽдеби  байланыс,  салыстырмалы 
ҽдебиеттану,  паралель  зерттеу,  ҽдеби  ҿлкетану,  ҽдеби  сабақтастық  т.б. 
теориялық мҽселелердің  бҽрі  авторлардың ҽрбір зерттеулерінің негізгі нысаны 
болып  табылады.  Қазақ  ҽдебиеттану  ғылымының  тарихы  мен  теориялық 
мҽселелерін  бҥгінгі  тҽуелсіз  ҽдебиеттанудың  жетістіктері  тҧрғысынан  жаңаша 
кҿзқараспен  талдаған  ғалымдардың  еңбектері  ҧлттық  сҿз  ҿнерінің  тың 
табыстарын танытады. 
Ҧжымдық  монография  қазіргі  қазақ  тіл  білімі  мен  ҽдебиеттанудың  ҿзекті 
мҽселелерін қарастыру ісіне белгілі бір ҥлес болып қосылар деген ҥміттеміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
І БӚЛІМ 
 
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ОРАЗАЛИН С.Қ. 
 
С. АМАНЖОЛОВ МҦРАСЫ - БҤГІНГІ ҒЫЛЫМИ  ЗЕРТТЕУЛЕР НЕГІЗІ 
 
 Қазақ тілінің дамуына ҿлшеусіз ҥлес қосқан ғҧлама ғалым С.Аманжолов- 
қазақ  тіл  білімі  топырағындағы  ҥш  ірі  тҧлғаның  бірі.  Алайда,  іштей  болса  да 
мойындайтын  ащы  шындық  -  ҽлі  кҥнге  дейін  кҿпшілігіміз  ғалымның 
диалектіге, тіл тарихына жҽне мектеп оқушыларына арналған еңбектерінен ҽрі 
асырып,  терең  теориялық  жҽне  ҽдістемелік  зерттеу  мҽселелерін  айта  алмай 
келеміз.  Бҧл  ғалымның  қалдырған  еңбектері  ҽлі  кҥнге  дейін  толық  зерттеуге 
тҥскен жоқ деген ойға жетелейді. Сондай-ақ, ой тоқтатарлық тағы бір мҽселе - 
С.А.Аманжоловтың  тек  ғылыми-педагогикалық  жҧмыстармен  ғана  емес, 
қоғамдық іс- шаралармен, қызметтермен де айналысуы. Халқымыздың басынан 
ҿткен қиын – қыстау кезеңдегі ел ішін жайлаған сауатсыздық пен ҽділетсіздік 
мҽселелерін  шешуде  ғалым  еңбегі  елеулі.  Бҧл  арада  оның  ҿзге  ғалым 
ағартушылармен де терезесі тең деуге болады. Сондықтан С.А.Аманжоловтың 
халқына  қалдырған  қҧндылығы  зор  ғылыми  еңбектеріне  зерделі  зерттеулер 
жасау  –  бҥгінгі  таңдағы  тіл  білімінде  басты  міндеттердің  бірі.  Осы  мақсатта 
профессор С.А.Аманжоловтың ғылыми мҧрасына терең тоқталып, жоғары оқу 
орындарынан  білім  алып  жатқан  болашақ  филолог  мамандарға  ғалым 
еңбектерінің  бағалылығын  таныту  ҥшін   «С.Аманжоловтың  ғылыми  мҧрасы 
жҽне  қазақ  тіл  білімі»  атты  оқу  -  ҽдістемелік  қҧралын  даярлап,  жарыққа 
шығаруды  жоспарлап  отырмыз.Бҧл    кезек  кҥттірмес  мҽселе  екені 
даусыз.Себебі,ҧстаздарды  былай  қойғанның  ҿзінде  университетті  бітірген, 
немесе,оқып  жҥрген  тҥлектердің  ҿздері  Аманжоловтың  ғылыми  мҧрасына 
ҥңілгені  былай  тҧрсын,оның  ҿмірбаянынбілмей  қалып  жатады.  Сҽрсен 
Аманжолҧлы  1903  жылы  Шығыс  Қазақстан  облысы  Ҧлан  ауданыдағы  Егінсу 
деген жерде дҥниеге келеді. Ҿз еңбегімен кҥн кҿріп, кедей шаруа болған ҽкесі 
Аманжолдан болашақ ғалым он бір жасқа келгенде айырылған. Ҽке ҿлімі бала 
Сҽрсенге қатты батады, оның балалық шағымен ерте қоштасып, ҿзінше қарекет 


 
етуіне  себеп  болады.  Ауыл  қарттарынан  аңыз-ҽңгімелерді,  ертегілерді  кҿп 
тыңдап, зейініне тҧтқан Сҽрсен Аманжолов оқуға қатты қҧмарланады.  
1916  жылы  Қатонқарағайдағы  орыс-қазақ  мектебін  бітіргенін  Сҽрсен  аға 
Ҿскемен  қаласындағы  қалалық  реалдық  училищеге  тҥседі.  Алайда  тҧрмыстың 
ауыр  тауқыметін  кҿріп,  оқуға  қаражаты  болмағандықтан  Сҽрсен  ағаның 
училищемен қош айтысып, жалшы болып жҧмыс істеуіне тура келеді. Бірақ ол 
кісінің оқуға деген ықыласы, зейіні мҧқалмай, оқу сҽулесіне қолым жетсе деген 
арманы ҽркез санасынан кетпесе керек. С. Аманжолов  – тҧңғыш рет жасалған 
қазақ  тілі  бағдарламасының  авторы.  Бҧл  бағдарлама  1938  жылы  жарыққа 
шықты.  
1939-1957  жылдары  жоғары  оқу  орындарына  арнап  қазақ  тілі 
диалектологиясының 
бағдарламасын 
жасады. 
Профессор 
С.Е.Малов 
С.Аманжоловтың  қазақ  тіл  біліміне,  қазақ  тілінің  орфографиясына  сіңірген 
еңбегіне зор баға берді.  
Аманжолов  кҿрнекті  тюрколог,  қазақ  тіл  ғылымының  терминологиясына 
ҥлкен  мҽн  берді.  Ғалым  орфографияға,  тҥсіндірме  сҿздіктер  жасау  ісіне  зор 
кҿңіл бҿлді. 1940 ж. орфографиялық сҿздігі жарық кҿрді. 1944-45 жж. «Қызыл 
Армия  ҥгітшісінің  блокнотында»  аудармашы,  ҽрі  редактор  қызметін  атқарды. 
Бір ойды осы жерде айтпас болмайды. «Алғашқы сҿз шыққан кезде,сҿйлем осы 
кҥндегідей  бірнеше  сҿзден  қҧралмаған.Ҽр  сҿз,  ҽр  дыбыс  бір-  бір  сҿйлемнің 
қызметін атқара алатын болған. » дейді де, ол кезде сҿздер ҿте аз болған екен 
деп қорытады.Осы бір пікір қазіргі тіл білімінде де маңызды: 
 - профессор  С.А.Аманжоловтың  ғылыми  мҧрасына  жалпы  шолу  жасай 
келіп,  оның  зерттелуіне  жҽне  еңбектерінің  тіл  ғылымында  алатын  орнына 
тоқталу; 
- ғалымның  тіл  білімі  саласындағы  негізгі  еңбектерін  тҿмендегідей 
салаларға бҿліп қарастыру: Бҧл енді ертеден бері ғалымдарымыз айтып жҥрген 
пікір. Алайда, қазір қайталап, ізденушілердің есіне салсақ артық болмайды деп 
ойлаймын.  «Тіл  мҽселесі  ойлаусыз  шешілмейді,  қарастырылмайды»,  -  деген 


 
пікірді  де  сол  кезде  Аманжолов  айтқан  екен.(Қазақ  ҽдеби  тілі  синтаксисінің 
қысқаша курсы  22- бет) 
 
 
 
Сурет 1 –М. Ҽуезов пен С. Аманжолов Студенттер арасында 
 
1. Тіл тарихы мен диалектология.Тҥркология. 
2. Қазіргі қазақ тілі 
3.  Мектептерге арналған қазақ тілі оқулықтары мен  бағдарламалары. 
 Осыдан  ҽрі - ғалым  қаламынан  жарық  кҿрген  еңбектерінің  тізімімен 
таныстыру, - профессордың  ҿмірі  жҽне  ғылыми  мҧрасына  қажетті  қҧжаттар 
тізімін   жасау; 
 - С.Аманжоловтың  ғылыми  мҧрасымен  танысуға  пайдаланатын  негізгі  
ҽдебиеттер  тізімін  қалыптастыру; - С.Аманжоловтың  еңбектері  жайындағы 
ғалымдар  пікірлерін  жинастыру; - ғалымның  ҿткен  ҿмірінен  сыр  шертетін 
фотосуреттер жинақтау; 


 
 -  С.Аманжоловтың  ҿмірі  мен  ғылыми  мҧрасы  туралы  студенттер  білімін 
кҿтеруге  арналған  тестік  бақылау  сҧрақтарын  қҧрастыру.  - профессор 
С.А.Аманжоловтың  ғылыми  мҧрасына  жалпы  шолу  жасай  келіп,  оның 
зерттелуіне  жҽне  еңбектерінің  тіл  ғылымында  алатын  орнына  тоқталу;  Алға 
қойылған  мақсат  есімі  зор  қҧрметке  ие,  биік  тҧлға,  профессор 
С.Аманжолҧлының ғылыми мҧрасын кең таныстыру.Осы арада айта кететін бір 
мҽселе-2003 жылы аманжоловтану бағытында 200 ге жуық қҧжат университет 
кітапханасына тапсырылғанын айтқымыз келеді. Осы жерде бір айта кететін ой 
бар.  Сҽрсен    Аманжолов  тек  ғылыми  жҧмыс  емес,  шығармашылықпен  де 
айналысқан  екен.Мыс:  Архив  материалдарын  қарағанда  оның    «Кҥрең  ат» 
т.б.ҿлеңдері кездесті. Оған қоса ғалым сол кезде қазақ елінің ҽнҧранын жазуға 
талпынған екен.Соның шимай варианты кездесті. 
Сҽрсен Аманжолҧлының ғылымға деген талантын Орта Азия мемлекеттік 
университетінің   академиктері  мен  профессорлары  ерте  байқаған.  Академик 
В.В.Бардольд, профессор С.Е.Малов сияқты ірі ғалымдардан дҽріс алып, ҿзінің 
алғашқы еңбектерін де сол кезде бастаған. 1940 жылы Сҽрсен Аманжоловтың  
жоғары  мектептерге  арналған  «Қазақ  тілі  ғылыми  синтаксисінің  қысқаша 
курсы» оқу қҧралы басылып шықты. 
X.  Басымов,  Қ.Жҧбанов,  С.Жиенбаев  сияқты   ғалымдарымен  қатар  ол 
қазақ  тілі,  грамматикасының  жеке   мҽселелерін  зерттеуге  атсалысқаны  мҽлім. 
Қазақ  диалектологиясы  ҥшін  маман  кадрлар  дайындау  ісінде  де  аз  жҧмыс 
істелген жоқ. Сҽрсен Аманжолов қазақ диалектологиясындағы теориялық мҽні 
бар  ҿзекті  мҽселелердің  мысалы,  қазақ  тілінің  ҿз  ішінен  диалект,  говорларға 
бҿлінетіндігі,  қазақтың ҧлттық  ҽдеби  тілінің  диалектілік негізі, диалектілердің 
бҧрынғы  ру-тайпа  тілдеріне  қатысы,  қазіргі  диалектілік  ерекшеліктердің  
сипаты  жҽне  территориялық  жағынан  жіктелуі  т.б.  қай-қайсысын  болсын  
алғаш рет ғылыми зерттеуге, даулы мҽселелерді шешуге батыл қадам жасады. 
Сҽрсен  Аманжоловтың    ғылыми  мҧрасында  қазақ  тілінің  диалектологиясы 
туралы  еңбектері  басты  орын  алады.  Оның  1959  жылы  шыққан  «Вопросы 
диалектологии  и  истории  казахского  языка»  атты  кҥрделі  еңбегі  автордың 

10 
 
диалектология  мен  тіл  тарихы  саласында  кҿп  жылдар  бойы  жҥргізген  зерттеу 
жҧмысының  нҽтижесі  еді.  Бҧл  еңбек  тек  қазақ  тіл  білімінде  ғана  емес,  жалпы 
тҥркология  бойынша  қоғамдық  ғылымдағы  кҿрнекті  табыстардың  бірі  ретінде 
танылды. Еңбекте қазақ тілі тарихы  мен диалектология мҽселелері бір - бірімен 
тығыз  байланысты  берілген.  Қазақ  тіліндегі  диалектілердің  пайда  болуы, 
қалыптасуы,  қазіргі  қалпы,  ҿзгерістері  қазақ  тілінің  жалпы  даму  процесі 
тҧрғысынан  зерттелген.  Қазақ  тілінің  тарихы  оның  қҧрамына  енген 
диалектілердің де тарихы ретінде баяндалған.     
Сҽрсен  Аманжолҧлы  Аманжолов  ҧйысмдастыру-басшылық  жҧмыстарын 
атқара жҥріп, негізінен ғылыми еңбектер, оқулықтар жазу ісімен шҧғылданды. 
Сондықтан  оның  ғылыми-педогогтік  еңбектері  дер  кезінде  бағаланған.  Сол 
еңбектерді  бағалаудың  нҽтижестінде  1938  жылы  СССР  оқу  Министрлігінің 
жанындағы  Жоғарғы  Аттестациялық  комиссия  (ВАК)  Сҽрсен  Аманжолҧлы 
Аманжоловқа доцент атағымен қоса, ғылыми жҧмысын қорғамай-ақ  филология 
ғылымының кандидаты дҽрежесін берді. 
С.Аманжолов  -  қазақ  тіл  білімі  топырағындағы  ҥш  ірі  тҧлғаның  бірі. 
Алайда,  іштей  болса  да  мойындайтын  ащы  шындық  -  ҽлі  кҥнге  дейін 
кҿпшілігіміз  ғалымның  диалектіге,  тіл  тарихына  жҽне  мектеп  оқушыларына 
арналған  еңбектерінен  ҽрі  асырып,  терең  теориялық  жҽне  ҽдістемелік  зерттеу 
мҽселелерін айта алмай келеміз. Бҧл ғалымның қалдырған еңбектері ҽлі кҥнге 
дейін  толық  зерттеуге  тҥскен  жоқ  деген  ойға  жетелейді.  Сондай-ақ,  ой 
тоқтатарлық тағы бір мҽселе - С.А.Аманжоловтың тек ғылыми – педагогикалық 
жҧмыстармен  ғана  емес,  қоғамдық  іс  –  шаралармен,  қызметтермен  де 
айналысуы.  Халқымыздың  басынан  ҿткен  қиын  –  қыстау  кезеңдегі  ел  ішін 
жайлаған  сауатсыздық  пен  ҽділетсіздік  мҽселелерін  шешуде  ғалым  еңбегі 
елеулі.  Бҧл  арада  оның  ҿзге  ғалым  ағартушылармен  де  терезесі  тең  деуге 
болады.  Сондықтан  С.А.Аманжоловтың  халқына  қалдырған  қҧндылығы  зор 
ғылыми  еңбектеріне  зерделі  зерттеулер  жасау  –  бҥгінгі  таңдағы  тіл  білімінде 
басты міндеттердің бірі.  

11 
 
Сурет 2 – С.Аманжолов жолдастарымен. 1956 жыл. 
 
Халқы сҥйген кҿрнекті ғалым, қажымаған ҧстаз-педагог, Қазақ ССР ғылым 
академиясының  қореспондент  –  мҥшесі,  филология  ғылымның   докторы, 
професор  Сҽрсен  Аманжоловтың   қалдырған  енбектері  мен  аянбай  атқарған 
қызметі  қазақ  халқының  мҽдени  жҽне  ғылыми  қазынасына  қосылған  зор  ҥлес 
болып табылады. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.  Аманжолов  С.  Вопросы  диалектологии  иистории  казахского  языка 
Алматы «санат»1997 ж. 
2.  Оразалин    С.  С.Аманжолов  жҽне  қазақ  тіл  білімі  электронды  қҧрал-
материал. 

12 
 
3. Оразалин С. Мол мҧра қалдырған ғалым// Ақ Ертіс - Иртыш.- 2003 . - N 
6. - Б. 63 -66 
 4. Қалиев  Б. Жалпы тіл білімі. Алматы «қазақ  университеті»2005 ж. 
5.  С.  Аманжолов  Қазақ  ҽдеби  тілі  синтаксисінің  қысқаша  курсы.         
Алматы «санат», 1994 ж. 
6. Бизақов С.Тілдік норма жҽне варианттылық.Алматы «Ғылым»1997  
7. Ҽбдірахманов А., Ҽбілқаев А., Қалиев Ғ. Профессор С.А.Аманжоловтың 
ҿмірі мен ғылыми мҧрасы туралы. - Алматы, 1959 ж. 
 
ЕНСЕБАЕВА К.К., БАҒДАТОВА Д. 
 
КҾРКЕМ МҼТІНДЕГІ ТІЛДІК ТҦЛҒА САБАҚТАСТЫҒЫ  
 
 Тілдік  мҽдени  қҧзірет  иесі  ҧлттық  реңктегі  тілдік  белгілер  мағынасын 
арнайы сараптама кҿмегінсіз жалпы мағынасын тҥсінуге қабілетті.Тілдік тҧлға 
дегеніміз  –  ҧлт  тілі  мен  мҽдениетінен  толық  ақпарат  меңгерген  тілдік-мҽдени 
қҧзірет  иесі.  Ол  ҧлттық,  аймақтық,  ҽлемдік  мҽдениет  ақпаратын  меңгеруіне 
байланысты деңгейлерден тҧрады [1; 46 б.].  
Тілдік  тҧлға  қҧрамындағы  биологиялық  тектік  ҿлшем.  Ҧлттық  мҽдени 
қҧндылық  ретінде  ҧлттық  мҧраны,  психологияны,  ҧлттық  ділді  меңгерген 
жазушы  Сайын  Мҧратбеков  тілдік  тҧлғасын  ҧлттық  болмыс  пен  халықтық 
дҥниетанымды  тануда  ерекше  маңызды.  Бала  Сайынды  жастайынан  атасы 
Мҧратбек  бауырына  салып,  ҿсiрiп-тҽрбиелеген.  Ҿз  ҽкесi  Сапарғали  Ҧлы  Отан 
соғысына қатысқан майдангер. Демек, ауыл тақырыбын ҿзек етiп, жазушының 
жыр  тҿгуiнiң  негiзi  мен  тҥп  тҧғыры  осында  жатса  керек.  Ол  -  соғыс 
жылдарындағы  ауыртпалықтар  мен  қиындықтарды,  ҿз  кҿзiмен  кҿрiп,  сол 
тiрлiкке қоян-қолтық араласқан қаламгер.  
Кҿркем  шығарманың  жаны  сҿз  десек,  жазушы  кҿркем  туындыда  қандай 
да  бір  ҽлеуметтік  топты  кҿрсетуде  немесе  сол  ҽлеуметтік  топты  танытатын 
кейіпкер бейнесін сомдауда бірінші кезекте сол ортаның тілімен сҿйлейді. Бҧл 

13 
 
орайда,  ҽдеби  тіл  нормасына  жатпайтын  қарапайым  сҿздер,  жергілікті 
лексиканың  шығармада  қолданылуы  қажеттіліктен  туындайды.  Солар  арқылы 
кейіпкердің  немесе  қандай  да  бір  ҽлеуметтік  топтың  білім  деңгейі,  қоғамдағы 
орны, кҿзқарасы мен дҥниетанымы, жас ерекшелігі, кҽсібі айқындалады. 
 «Кҥз  бен  қыс»  ҽңгімесінде  соғыс  уақытында  қазақ  жерін  мекен  етіп 
жатқан ҧлты неміс болса да қазақша сҿйлетуге тырысқан осы нҽзік кейіпкерді 
жазушы бір рет сҿйлетіп-ақ, оқырманына ол туралы ақпар береді. 
Мысалы:  Біз  бҧлақтан  су  алып  қайтып  оралғанымызда  Ырысбектің 
домбыраға  қосылып  ҽндеткен  даусы  Гҥлсара  мен  неміс  қызы  Эмманың 
кҥркесінен естілді. 
-
 
 Ӛй, тилеуин курсун Ирисфек, жохалшы арі! – дейді шарылдай сҿйлеген 
Эмма. 
Эмма  –  ҧзын  бойлы,  сары  шашты,  кҿк  кҿзі  мҿлдір  аспандай  тҧп-тҧнық, 
жасы жиырма бестердегі неміс қызы. Ҿзінің қазақша сҿйлегені қызық (Кҥз бен 
қыс, 120 б.). 
 «Кҥсен-Кҥсеке» ҽңгімесінде жазушы С.Мҧратбеков мҥлде жаңа қырынан 
кҿрінді,  жаңаша  ізденіс  ҥстінде  екенін  танытты.  Жазушы  осы  ҽңгімесінде 
сырын  терең  білмеген  сырт  кҿзге  алаңғасар,  аңқау,  аңқылдақ,  тіпті  берекесіз 
кҿрінетін Кҥсен секілді қазақ Дон-Кихотының жаңа типін жасаған сияқты. Ал 
шындығында  мҥлде  олай  емес.  Рас,  Кҥсен  ҿзінің  адамгершілік  қасиеті,  сезімі 
жағынан автордың  бҧрынғы кейіпкерлеріне ҧқсас. Сҿйтсе де бҧл образ ҿзінің 
ҽлеуметтік  салмағымен  ҽлдеқайда  кҥрделі.  Кҥсен  ой  кҿзімен  қараған  адамға 
ешқандай  да  комикалық  герой  емес,  керісінше  езу  тартқызып  отырып  еңсеңді 
кҿтеріп тастайтын, ойламаған жерден терең ойға қалдыратын ойлы образ. 
С.Мҧратбековтің  «Кҥсен-Кҥсеке»  ҽңгімесіндегі  кҿтеріп  отырған 
адамгершілік  проблемасы  оның  бҥкіл  творчествосының  негізгі  пафосы  болып 
табылады.  Жазушы  қай  туындысында  да  адамның  адамшылығы,  азаматтығы, 
рухани  биіктігі,  жан  дҥние  сҧлулығы,  сезім  шынайылығы  туралы  сыр  шертіп, 
ой  толғап  келеді.  Міне,  ҥш  кейіпкердің  тегі  де,  тҥрі  де,  мінезі  де,  ҽлеуметтік 
жағдайлары 
да, 
тҧрмыстары 
да, 
қала 
берді, 
кҿзқарастары 
мен 

14 
 
қызығушылықтары  да  ҽр  тҥрлі.  Олар  кҿркем  мҽтінде  шынайы  кейіпте 
бейнеленген.  Бҧл  жерде  Кҥсенге  ерекше  тоқталғанымыздың  себебі  сол,  ол 
адамгершілік тҧғырының ең шынар басында тҧрған жан. 
    Жеке  даралық  –  тілдік  тҧлға  қҧрылымының  негізгі  параметрі.  Тілдік  тҧлға 
қҧрылымын  анықтайтын  жеке-даралық  параметрі  ҿзіне  ғана  тҽн  авторлық 
қолтаңбасын  анықтайтын  идеялық  кҿзқарасы,  сҿз  саптауы  арқылы  беріледі. 
Вербалды-семантикалық  деңгейде  тілдік  тҧлғаның  кҥнделікті  дҽстҥрлі  тілді 
меңгеру  деңгейі  анықталады.  Бҧл  тілдік  тҧлғаның  бастапқы  таным  кҿрінісін 
ашатын  деңгей  болғандықтан,  кейде  «нҿлдік  деңгей»  деп  те  аталып,  тілдік 
тҧлғаның тілді қолдану ерекшелігі ретінде сипатталады. Бҧл деңгейде, ҽсіресе, 
жекелік 
сҿз 
оралымдары 
мен 
мақал-мҽтелдер, 
қанатты 
сҿздер, 
фразеологизмдердің ерекшелігі қарастырылады. 
Автордың  баяндау  шеберлігінің  кҿркем  шығарма  қҧндылығына  ҽсері 
жҿнінде  Л.Т.Мақҧлова  зерттеуінде  былай  дейді:  «Автор  бейнесі  –  кҿркем 
ҽдебиет  тілін,  жазушы  тілін  зерттеу,талдау  барысында  ашылады.  Кҿркем 
шығармадағы автор бейнесі ҿзіндік жасалу жолы, белгілері мен ерекшеліктері 
бар  жҽне  ҽдеби  тілдің  ішкі  сапалық қасиеттері  мен  заңдылықтарын  анықтауға 
мҥмкіндік  беретін  категориялардың  негізгісі  ретінде  саналады.  Автор  кҿркем 
шығармасы  арқылы  ҿзінің  образын,  қарым-қабілетін,  ақыл-парасаты  мен 
ҿзіндік кҿзқарасын білдіреді.[2; 32] 
Кейіпкер тілі лингвистикалық стилистиканың зерттеу нысанына жатады. 
Кейіпкер  тілін  талдауда  диалог,  монолог,  полилогтердің  қызметі  айрықша. 
Ҽсіресе, диалогтің табиғаты  ерекше. Диалог арқылы шығарманың идеясы мен 
кейіпкер  бейнесі  кҿрінеді.  Кейіпкер  тілі  кҿркем  шығармада  кейіпкер  бейнесін 
жасауға  ықпалды.  Кейіпкер  тіліндегі  лексикалық  элементтер:  диалектизмдер, 
қаратпа  жҽне  одағай  сҿздер,  қарапайым  жҽне  жаргон  сҿздер  мен 
варваризмдердің  қолданылуына  талдау  барысында  ҥлкен  мҽн  беріледі.  Бҧл 
жҿнінде Р.Сыздық: «Дҿрекі, қарапайым элементтер, бҿгде тілдік сҿздер, ҽсіресе 
макоронизмдер  кейіпкердің  мінез-қҧлқын,  алған  білім-тҽрбиесін,  білім, 
мҽдениет  дҽрежесін  кҿрсету  ҥшін  келтіріліп,  оның  образын  жасауға 

15 
 
кҿмектеседі. Бҧл – стильдік тҽсіл. Тҽсілдің дҧрыс қолданылуы жазушының сҿз 
қҧдіретін  тану  шеберлігіне  алып  барады»  -  дейді.  Сондай-ақ  шығармадағы 
кейіпкерлер  бейнесін  жан-жақты  суреттеуде  ҽлеуметтік  тілдік  қҧбылыстың 
қатысы бар.[3; 25]  
Тілдік  тҧлғаның  халқымыздың  қалыптасқан  бейнелі  фразеотіркестерін 
ҿзінше  қҧбылтып  қолдану  кездеседі.  Мысалы,  "Ілездің  арасында,  бір  жылдан 
бері қаңырап иесіз тҧрған Ырысбектің ҥйі гу-гу еткен қызық думанға толды да 
қалды»  (Кҥз  бен  қыс,  57  б.).  Халықтық  қолданыста  қас  пен  кҿздің  арасында, 
кҿзді  ашып-жҧмғанша  деп  қолдану  бар,  ал    ілездің  арасында  деген  де  сол 
мағынаны береді. 
-
 
Білем...балаларға  ертеңге  ҥйде  ныспы  тҥк  жоқ  еді,  жҧмысқа  кетерде 
соларға қуырып беріп кетсем деп ем... 
-
 
Жҽ, Нҧрсҧлу, мҧның жарамайды (Кҥз бен қыс,104 б.). 
 «Образдылықтың  ҿзі  –  ҽр  адамның  дҥниені  қабылдаудағы  ҿзіндік 
санасым  мен  болмысынан  туатын  ерекшелік.  Тіпті  бірдей  образдылықты  екі 
тҥрлі адам бір мезгілде жасай қоюы да екіталай. Себебі адам бойындағы сезім 
ҥртҥрлі кҿрініс табады. Тҧрмыс жағдайы, білім деңгейі, жас мҿлшері, қоршаған 
орта  да  ықпалын  тигізері  анық.  Қалыпты,  кҥнде  кҿріп  жатқан,  болып  жатқан 
дҥние  қҧбылысын  ҽркім  ҽртҥрлі  қабылдайды,  бағалайды»,  –  дей  келіп 
профессор  Г.Смағҧлова.  Мысалы:  Мҽ,  ҧста  асығыңды,  ҽйтпесе  кӛкеңді 
танытам,  –  деді  кіжініп  (Нҧғыман,  Ҽжібек,  Байдалы,  32б.).  Бҧл  ауыл 
баласының  аузынан  шыққан  сҿз.  Кҿркем  мҽтінде  ҧлтымыздығ  тіл  байлығы 
бейнелі тіркестерді қолданыс аясы кҿп кҿрініс тапқан. Мысалы,  
-
 
Ақсақал, мен ӛз теріме ӛзім сыймай, қапаланып келдім,- деді онан соң 
Жҧман кҥрсіне отырып. Колхозымыз, желі оңынан тұрғандай, дҥрілдеп шыға 
келді авторлық қолданыстағы сҿз. Ҽдетте тілімізде айы, жҧлдызы оңынан туды 
деген  тіркестер  бар  (Райгҥл,  23б.).  Райымбектің  қуанышы  су  сепкендей 
басылды,  бір  мҥлттіктің  болғанын  жүрегі  суылдай  тҧрып  ҧққан  ол 
вагонеткадан жҥгіре шыққан бойда ала ӛкпе боп қабырға газетінің редакторын 
іздесін (Ҿлең, 53 б.). Ақсақ аяғын ауырсынғандай, қиралаңдап бҧрылып кетпек 

16 
 
болған кҥйеуінің дҽл қарсы алдына келгенде Шынардың  жүрегі су ете түсіп, 
қалшиды да қалды
 
(Кҿктемгі егіс кезінде, 87 б.). Тіркестер кейіпкерлердің ішкі 
қобалжу сезімін білдіру ҥшін жҧмсалып тҧр.          Тҧрақты тіркестердің тілдік 
табиғатын  қарастыруда  оның  тілдік  жҥйедегі  дағдылы  қолданысынан  тыс 
функционалдық-стилистикалық  қырларын  да  зерттеудің  мҽні  зор  болып 
табылады.  Эмоционалды-экспрессивті  тҧрақты  сҿз  тіркестері  тілдік  тҧлға 
дискурсында кҿптеп кездеседі. Мысалы, «Астапыралла,  қанға тоймайтынның 
ҿзі десеңші. Тҧмсықтан салмадың ба иттің баласын. Бҥгінше дейтін тҥк те жоқ. 
Бҥгін,  ертеңді  кҿтеретін  уақыт  па,  осы  кез.  Адам  жетіспей  мұрнымыздан  қан 
кетіп  жатқанда
.
    Қҧдай-ау,  бҽрі  де  ҿзімнің  ет  бауыр  егізімнің  сыңарындай 
аяулы жеңгелерім ғой (Кҥз бен қыс, 93 б.). 
 
Аласапыран  кезеңдегі  ауыл  адамдарының  қоғамда  болып  жатқан 
қҧбылыстарды  қабылдауы  немесе  жауап  беруі  олардың  сҿзінен  аңғарылады.   
Мҧрын: «мұрынға су жетпес», «мұрнымыздан қан кетіп жатқанда».  Жҥрек:
 
«жүрегі суылдай тҧрып», «жүрегі су ете түсіп»,
 
«жҥрегімнің аузыма тығылып 
тҧрғаны» сияқты боп
  
келетін тіркестерді байқаймыз. 
Тілдік  тҧлға  халқымыздың  сҿз  байлығын,  тҥйінді,  бейнелі  тіркестерін 
қолдануымен  қатар,  соны  тіркестер  жасау  арқылы  кейіпкерлерін  ерекше 
сҿйлетуге  қҧмар.  Мысалы,  «Шерменде  ғой,  байғҧс.  Жастайынан  ата-анасынан 
жетім қап не кҿрмеді. Соның бҽрі кӛкірегінде беріш боп қалды емес пе...– дейді 
тҿртінші біреулер» (Кҿбеген, 213 б.). Шынымен кеткісі келгені ме, ҽлде ҿзінің 
кәріп  боп  қалған  күйіне  шағынған  ҿкініші  мен  іш  құса  мұңы  ма,  кім  білсін 
(Қыдырман  тойтық,  229  б.).  Менің  ойымша  алдымен  кең  отырып,  сҿздің 
желісін пісіріп барып, айтуға болады-ау деген кезде негізгі тҥйінге кҿшу керек 
еді (Қайсар мінез, 67б.). «Кел, қарағым, қақырығың түтеді ғой, мына айраннан 
жҧтып жіберші, - деді ҽлгі кексе ҽйел қасына отырғызып» (Ҧлтуған, 255б.). 
«Тҥу, ноқай ғой, со күйі...ноқай екен ғой, байғҧс-ай. Мен де соны жігіт деп 
есіме алып ҿкініп жҥрмін-ау...Ҧят-ай! – деп ҿзін-ҿзі жерлеп алды. (Кҽментоғай, 
153  б.).  Екі-ҥш  адамның  басы  қосылған  жерде  Жҥніс  қайратты  қара  шашын 
артына қарай шҧлғып тастап: Кеудемде шыбыным барда менен ешкім озбайды, 

17 
 
– деп кҿкірегін соғатын (Қысқы кеш, 99 б.). Сырттан келгенде тозаң иісі бірден 
ӛкпені  қауып
 
тҧр  (Кҿкорай,  63б.).  Мына  иттің  қорлығы-ай.  Қазір  Жанай  оған 
қандай ауыр сҿздер айтса да тұзы татымайтындай кҿрінді. Кҿп сҿздің керегі 
жоқ, бір-ақ сҿз ғып айтуы керек, тура шиқанының аузын жұлып алатындай сҿз 
болуы керек (Кҿкорай, 132б.). 
Кҿркемдік  бояуы  айшықты  келетін  фразеологизмдер  портрет  жасауда 
ҧтымды  қолданылады.  Мысалы,  «Бҧл  -  кішірек  кҿзі  жылт-жылт  еткен,  адамға 
тура  қараған  кезде  қос  танауы  таңқиып  тҧратын,  ҧртының  ҥстінен  жалбырап 
тҧрған  сҧйық  шалғы  мҧрты  бар,  ҧзын бойлы,  қайыстай  қатқан  қара  кісі  еді» 
(Қыдырман  тойтық,  237  б.).  Кҿріктеу  амалдарының  тілдік  тҧлғаны 
сипаттаудағы  қызметі.  Ҽрбір  жазушының  тілдік  тҧлға  ретіндегі  табиғатын, 
шығармашылық  шеберлігін  анықтайтын  негізгі  қҧралдардың  бірі  оның 
суреткерлік  болмысын  танытатын,  тілдік  ҿрнектермен  айшықталған  кҿріктеу 
тҽсілі  болып  табылады.  Кҿркем  мҽтінде  ең  кҿп  қолданылып,  ауыр  жҥк 
арқалайтын тҽсіл теңеу болып табылады. 
Теңеу  –  кҿркемдеу,  бейнелеу  амалдарының  бірі.  Қазақ  тілінде  теңеулер 
жайлы  ең  алғаш  пікір  айтқан  А.Байтҧрсынов:  «Теңеу  дегеніміз  –  ҧқсас,  ортақ 
белгілерінің  негізінде  бір  затты  екінші  бір  затқа  салыстыру  арқылы 
сипатталушы  нҽрсенің  бейнелілік,  кҿркемдік,  эмоционалды-экспрессивтік 
сапасын  кҥшейтетін,  сол  нҽрсені  жаңа  қырынан,  поэтикалық  қырынан 
танытатын ҽрі стильдік тҽсіл, ҽрі таным қҧралы» , - деген анықтама береді. 
Кҿркем  мҽтінде  кездесетін  теңеулердің  қолданылу  мақсаттарына  қарай 
бірнеше  топқа  бҿліп  қарастырамыз.  Олардың  кҿпшілігі  қазақ  тілінде  ҽр  алуан 
сҿз  тудыратын  –  дай/-дей,-тай/-тей  аффикстері  теңеу  жасауда  ҧтымды 
қолданылады.  Мысалы,  «жұмсақ  иленген  қамырдай»,  «ғажайып  жіпке 
ілінгендей  жез  қоңыраудай»,  «алғашқы  қаққан  шегедей»,  «жел  қозғаған 
қурайдай»,  «арық  адамның  қабырғаларындай»,  «жүннен  ескен  сырықтай», 
«күміс  ұнтағындай  қылаулайды»,  «алыстан  талып  естілген  жаңғырықтай 
балалық  шағынан  қалған»,  «жұмыртқадай  аппақ  каркас  үй  тұр»,  «бақаның 

18 
 
аузындай», «отқа тастаған бақырдай», «сүртілген кӛк мӛлдір шыныдай тап-
таза» т.б.  
Теңеулердің  енді  бір  тобы  -ша,-ше  жҧрнағынан  жасалған.  Мысалы,
 
«таласқан сабалақ иттерше»,  «кӛк кесірткеше тас қуысынан басы қылтиып 
тұр»,  «ен  далада  ойнақ  салған  киікше»,  «бӛденеше  зып  беріп  сүңгіп  кетіп», 
«движокше  дүкілдейді»  т.б.  Бҧл  тілдік  тҧлғаның  қазақтың  дҽстҥрлі  ҥлгісінен 
туындаған  эпитетткі  сипаттағы  бейнелі  тың  теңеулер  деуге  болады.  Кҿркем 
мҽтінде бҧл теңеулер тҥрлі мақсатта жҧмсалған: 
1)
 
Кейіпкердің  бет-пішінін,  сыртқы  кҿрінісін,  портретін  жасау  ҥшін 
қолданылады. Мысалы, «Жеңеше» ҽңгімесінде «Тілепберген – кӛзі тұздай
 
боп 
кҿгерген,  қалқиған  құлақтары  жұп-жұқа,  қоңыр  жирен  мысық  мұртты, 
томпақ  бет  сары  шал».    «Апасының  қолы  енді  мҧның  маңдайынан  сипайды. 
Апасының  алақаны  бҧжыр-бҧжыр.  Кҽдімгі  самаурынды  ысқылайтын 
наждақты қағаз сияқты. Бірақ сонысына қарамастан дҥниедегі ең жҧмсақ, ең 
ыстық алақан» (Кҿкорай, 133 б.). 
Біртоға  кҿп  ҥндемейтін  жуас  адам,  жұмсақ  иленген  қамырдай  аққҧба 
ҿңінде  жылы  кҥлкі  табы  ойнап  жаны  қалмай  қалбалақтап  амандасып  жатыр 
(Қҧданың  «фокусы»,  227  б.).  «Бҽзікен  доп-домалақ  боп  ап  қҧйған  қорғасын 
сияқты зілдей екен» (Кҿкорай, 74 б.). 
2)
 
Жазушы  теңеуді  табиғат  кҿріністерін,  жеке  қҧбылыстар  мен  заттарды 
оқырманға  ҽсер  етерліктей  етіп  кҿрсету  мақсатында  қолданады:  «Бір  сҽт  сол 
қара бҧлттың дҽл ортасынан тасты жарып шыққан арша тәрізді бір шоқ ақша 
бҧлт  пайда  болды.  Қардай  аппақ,  ҽрі  ҥлпілдек,  жел  кҿтерген  мамықша 
қалтылдайды.  Ҽр  минут  сайын  қҧбылып,  біресе  жалпылдай  ұшқан  алып 
қанатты  үйрекке,  біресе  қара  пармен  жӛңкіле  жӛнелген  тракторға  ұқсап 
кетеді....» (Алғашқы қар, 106б.). «Тҥйдектелген қара бҧлттар жік-жікке бҿлініп 
ап,  таласқан  сабалақ  иттерше  ҧмар-жҧмар  боп  сапырылысады.  Егін, 
жасӛспірім  баладай  бойы  сыриып,  желкілдей  жҿнелді.  Егін  басына  моншақ-
моншақ боп мҿлдір тамшылар тҧрыпты. Жҥзік кӛзіндегі жақұттай қҧбылады» 
(Бекеңнің қҧбылысы, 131 б.). 

19 
 
 Бейнелі  теңеулер  кҥнделікті  тҧрмыста  қолданылатын  халыққа  таныс 
заттар  негізінде  жасалған.  Мҽселен,  «Бҥк  басқан  тымырсық  ауада  нҿсерді 
кҥткен дала қҧстары: бытпылдықтың су астынан шыға келгендей ҽр жерден бір 
естілген  ҽсем  ҥні,  ғажайып  жіпке  ілінген  жез  қоңыраудай
 
тас  тҿбеде 
шырылдап  тҧрып  алған  бозторғай,  бҧрын  ҿзім  кҿрмеген  кҿптеген  дала 
қҧстарының  брі-біріне  ҧласқан  нелер  ҽдемі  ҥндері  қҧлақты  тҧндырады. 
Алғашқы  қаққан  шегедей  ірі  тамшылар  тама  бастағанда-ақ  абыржып  қалдық» 
(Жанболат, 37б.). Биік асудың тҿбесіне шыққан кезде, аспан шайдай ашық екен, 
сумен жуып-жуып ҽбден тазартылған, бірақ ҽлі кеппеген кӛкшіл әйнек сияқты, 
ҧясына  таяған  кҥн  қып-қызыл  боп  мҿлтілдеп  жарқырап  аққан  алып  ракета 
сияқты
 
(Басында ҥшқараның, 14 б.). 
3)
 
Адам сезімдерін, кҿңіл-кҥйлерін, психологиялық ҽсерлері мен ойларын 
нақтыландыру амалы ретінде қолданылады. Мысалы, «Тақа бітіп, жел қозғаған 
қурайдай
 
теңселіп, басы тҿмен салбырап, бҥктетіле берді» (Кҿкорай,70 б.). 
4)
 
Заттар  мен  қҧбылыстарды  сипаттап,  баға  беру  ҥшін  қолданады. 
Мысалы, «Бірақ оның есесіне арық адамның қабырғаларындай ырсиған ҿңшең 
біркелкі жіңішке сырғауылдар майысыпты. Кҥзде жауын ҿткен болу керек, кей 
жерінің сылағы тҥсіп, жауыр аттың арқасындай ойылып, кей жерлері сары су 
ізімен  сарғайыпты»  (Отау  ҥй,  196  б.).  «-  Қоғалыбҧлақтың  қыста  қандай 
болатынын  кҿру  керек  еді,  мына  аяқтың  жарамай  тҧрғанын  қарашы,  -  деді 
тҧмсығы сҿгіліп бақаның аузындай боп тҧрған шарығын кҿрсетіп» (Жауыздық, 
285 б.). 
5)  Кейіпкерлердің  іс-ҽрекетін,  қимылын,  қалыпты  кҥйін  кҿрсету  ҥшін 
жҧмсалады.  Мысалы,  «Ен  далада  ойнақ  салған  киікше
 
бҥкіл  денесі  еркін 
қимылдап  жҧлқына  жҥріп  келеді  «(Қызғаныш,  72  б.).  «Қыз  жҥрегі  дҥрс-дҥрс 
етеді.  Ҥлбіреген  нҽзік  жҥрек  емес,  тулап  тҧрған  асау  жүрек,  кҽдімгі  бҥкіл 
ауылға  жарық  беріп  тҧрған  шаруашылық  ауласындағы  движокше  дҥкілдейді» 
(Кҿкорай, 141 б.). 
Тілдік  тҧлғаның  жануарлар,  қҧстар  ҽлеміне  қатысты  теңеулерінде 
халықтың ғасырлар бойы тҥрлі қҧбылыстарды ҿзара салыстыра зерттеу, теңей 

20 
 
сҿйлеу  тҽжірибесін  кеңінен  қолданылады:  «жауыр  аттың  арқасындай», 
«ойнақ  салған  киікше»,  «бӛденеше  зып  беріп»,  «жел  қозғаған  қурайдай», 
«текенің кӛзі құсап» т.б. 
Тілдік  тҧлға  жасаған  теңеулерді  зерттеу  барысында  оның  кҿркем  сҿз 
мағынасын  ашып  қана  қоймай,  ата-бабамыздың  ғасырлар  бойы  жинақтаған 
тҧрмыс, салт, тарихын да сипаттайтыны аңғарылады.  
Суреткердің  кҿркем  дҥниесін  тану  жолында  оның  тілдік  тҧлғасын 
айғақтайтын  ізденіс  арнасының  бірі  эпитет  болып  табылады.  «Тор  кӛз 
терезе»,  «белес-белес  боп  созылып  жатқан  ұшы-қиыры  жоқ  аппақ  дала,  бір 
шӛкім  бұлт  жоқ  шыныдай  мӛлдір  кӛк  аспан,  май  тоңғысыз  жылым  ауа», 
«алаңсыз  кӛңіл»,  «сауықшыл  кӛңіл»,  «тӛгілген  кӛңіл»,  «ұзын  қамыс  қора», 
«ұшы-қиыры  жоқ  кең  дала»,  «шашырай  жайылған  қой»,  «кӛмескі  сәуле», 
«бозғыл ай сәулесі»,
 
т.б. 
Кейіпкерлер портретін беруде эпитеттер ҧтымды қолданылған. Мысалы, 
«Ҥй  иесі  –  тақыр  бас,  қоңқақ  танау,  қара  бұжыр  кісі  ҽуелі  тарамыстай 
тартылған ҽйеліне жалтақтар бірер қарап алды да, маған бірдеңе деп, мҧрнының 
астынан  кҥбір  ете  тҥсті», (Жанболат, 29 б.).  Мҧнда  ҧзын-сонар  тіркестер  жоқ, 
ойын  қысқа  сҿзбен  ҽрі  нақты  береді.  Бҧдан  басқа  тілдік  тҧлғаның 
қолданысындағы кейіпкерлер бейнесін беру ҥшін  «дӛңгелек кӛк бӛрікті, қара 
пальто киген күжірейген бір бейтаныс адам», «ұзын бойлы, сығырайған шегір 
кӛзді  делдиген  жалпақ  танау,  арық  сары  жігіт»
 
тҽрізді  тіркестерді  орнымен 
пайдалана білген.  
«Алғашқы  қар»  ҽңгімесінде  Cҧлтанның  бар  болмыс,  бейнесі  мына 
ҥзіндіден  кҿз  алдымызға  келеді,  кейіпкердің  ішкі  ойы  арқылы  беріледі: 
«Cҧлтанның  бойынан  кҿзге  тҥскені  аюдың  табанындай  ҥп-ҥлкен  қолдары. 
Саусақтары  жҿнсіз  салалы,  әрі  жуан.  Тегінде,  Сҧлтанның  дене  бітімі  де  тым 
қолапайсыз.  Ұзын  бойлы,  аяқ-қолдары  теректен  кескендей  сидиған,  ӛзі  сопақ 
бас,  үлкен  мұрны  қисық  ағаштан  жонғандай  белінен  опырылып,  дӛңденіп 
біткен.  Кирзі  етігінің  қонышын  қайырып  қойған,  тізесі  сойдиып  отыр.  Май 
ҽдбен сіңген қара комбинезоны қара терідей жылтырайды. «Адамның тҧлғасы 

21 
 
да  осындай  рабайсыз  болады  екен-ау»  деді  Кҥлипа  ішінен  (Алғашқы  қар,  105 
б.). Кҥлипаның Сҧлтанды кейіптеуі арқылы оған деген кҿзқарасын да аңғаруға 
болады. 
Табиғат  бейнесін,  ондағы  сырға  толы  тылсым  тіршілігі  мен  ғажап 
кҿріністері, сҿзсіз, эпитеттің қатысуымен жасалады. Такси дала жолымен зулап 
келеді.  Орталық  Россияның  тамаша  сҧлу  табиғаты:  ойдым-ойдым  орманды 
дала, ҽредік-ҽредікте жалғыз-жарым тұрған алып самырсындар, кей тҧстарда 
топтаса ӛскен ақ қайыңдар, анда-санда жол жиегінен аққан-ақпағаны белгісіз 
мӛлдірей  кӛрінген  ӛзен:
 
жол  бҧлт  етіп  қырқаға  шыққан  сҽтте  аяқ  асты 
қапталдай  жатқан  оншақты  үйлі  деревнялар,  –  бҽрі-бҽрі  Сергей  мен  Сапар 
ҥшін таңсық та, ғажап кҿріністер еді (Тел ҿскен ҧл, 187 б.).  
Ҿлеңді  оқыған  кезде  ҽрқайсымыз-ақ  кҿз  алдымызға  ҿзіміздің  ауылдың 
кҥзін елестеткендей боламыз: күзгі сарғайған ойлы-қырқалы тұнжыраған дала, 
шӛп атаулы қураған,  ауа  сызды,  ызыңдаған  салқын желемік  бар;  бүкіл аспан 
реңсіз, кір-кір шүберекпен тұтып тастаған сияқты, зілдей-зілдей сұр бұлттар 
тҧтасып-тҧтасып  кеп  Ешкіҿлместің  тҿбесіне  сіресе  қаптап  тҧр,  тҿменгі  тҧғыл 
жақтан  сумаңдап жылжыған соқыр тұман сай-саланы қуалап деміне дымқыл 
бҥркіп, даланы жым-жылас қып жҧтып алардай боп келеді (Қалың қар, 190б.). 
Кҿркем мҽтіндегі тілдік тҧлғаның тағы бір ерекшелігі – бір-бірінен мҥлде 
алшақ  сҿздер  арқылы  тың  тіркес  жасауында.  Мысалы,  «Ҧлтуған» 
шығармасында:  «Кешегідей  ҽлем-жҽлем  ірің  күйге
 
тҥсірмегенмен,  торыққан, 
жалғызсырап  елегізіткен  жабырқау  күй  кҿңілін  жҥдетіп,  ҽлсін-ҽлсін  ҿксікке 
тіреле  берді».  Мҧндағы  ірің  жҽне  кҥй  сҿздері  сыртқы  тҧрпаты  жағынан 
тіркесуге келеді деп айта алмайды бір қараған адам, бҧл тілдік тҧлғаның таным 
кҿкжиегінен  туындаған  соны  тіркес.  Қасіреттің  табы,  тҧлан  тҧтқан  ашу-ыза, 
қиюы  қашқан  дҥние,  халықтың  ҽлеуметтік  жағдайына  байланысты:  сіңірі 
шыққан кедей, тҧрмысты, қожамолда. 
Тілдік тҧлға танымын сипаттайтын бірден-бір кҿрсеткіш мақал-мәтелдер 
болып табылады. Кҿркем мҽтіндегі мақал-мҽтелдердің прагматикалық қызметін 
былайша жіктеуге болады: 

22 
 
Ҽлеуметтік  жікке  байланысты:  «Байтал  шауып  бәйге  алмас»  дегендей, 
қыз  бала  трактор  айдап  абырой  ҽпермейді  екен,-  деді»  (Кҿктемгі  егіс  кезінде, 
82б.). «Қыздың қырық жаны бар» деген, мына бораның бізге сҿз емес. Қарашы 
ыстықтап  кеттім,  -  деді  Бақыт  пальтосының  тҥймесін  ағытып,  ҿңіріне 
Жанайдың қолын тықты. (Кҿкорай, 141 б.). 
Баға беру мақсатында: «Әлін білмеген әлек» деген осы да,- деп кҥңкілдеп 
ҧрсып қойды (Кҿктемгі егіс кезінде, 82 б.). 
-
 
«Ӛзіңді  ӛзің  жаттай  сыйла,  жат  жаныңнан  түңілсін»  дейді  ғой, 
Байаға, алдиярым, міне, алдыңа кеп тағы да басымды ием...а-а-а-а...(Қыдырман 
тойтық, 258 б.) 
Ал  жҧрттың  бҽріне  айдар  тағып,  ат  қойып  жҥретін,  кҽдімгі  атышулы 
Моторбай  бҧрын  мектепте  оқып  жҥргенде  мҧны  «Ашқарын  қыз»  дейтін,  енді 
осы кҥні кҿрген жерде: «Қыз кҥнінде арық болса, жақсы қатын содан шығады», 
- деп мҽтелдеп қойып, сықылықтап кҥледі. (Кҿкорай.41) 
Мақал-мәтел – халықтың қоғамдық қҧбылыстарды кең қамтып, ҿмірдегі 
ҽрқилы  қарым-қатынастарды  ҽсерлі,  кҿркем  бейнелейтін,  тақырыбы,  идеялық 
мазмҧны  бай  ең  бір  мол  саласы.  Кҿркем  мҽтін  ішінде  кездесетін  мақал-
мҽтелдер тақырыптық жағынан алуан тҥрлі.  
Сақтандыру  мақсатында:  Онан  соң  «сақтықта  қорлық    жоқ»  деп  екі 
ешкіні де ауыз ҥйге кіргіздік (Петька, Отто, Бҽкке, 317 б.). 
-
 
 «Жау  жағадан  алғанда,  бҿрі  етектен»  деген  осы  да,  -  деді  ҽжем 
кҥрсініп» (Қалың қар, 186 б.). 
Кейіпкерлердің  ішкі  жан  дҥниесін,  психологиясын  беруде:  «Бҧл  ма,  бҧл 
екі  дүниеде  кӛгермейді»,  -  дейді  тоқсаннан  асқан  Қуатбек  шал  басын  шайқай 
отырып. – «Жылқыға жау тигенде, жабы құтырар» деген осы да (Зорлық пен 
қорлық, 131 б.) 
Болып жатқан іске, қҧбылысқа қарата: «Байдалы шалдың мына қылығын 
естігенде, ҥлкендер жағасын ҧстады: «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағына 
ойнақ салар» деген осы екен-ау, - десті» (Зорлық пен қорлық, 137 б.). Кеудесін 

23 
 
тік ҧстап, ерегескендей аяғын алшаң басты. «Бұға берсең, сұға береді дегендей 
жҧрттың басынып алатын ҽдеті емес пе», - деп қойды (Ҧлтуған, 259 б.) 
Нақтылау  мақсатында:  «Тоқпақ  мықты  болса,  киіз  қазық  жерге  кірер» 
деген емес пе, - деп қойды Бекең (Бекеңнің қҧбылысы, 140 б.). «Қайта шапқан 
жау жаман...» деп, Байдалы шал осы кҥні тіпті  қҧтырып кетті. (Кҥз бен қыс, 
124  б.).  Бҧл  жолғы  хатқа  да  жолдасының  кҿмегі  тисе  керек:  «Қоянды  қамыс, 
ерді  намыс  ӛлтірер»...-  деп  мҽтелдеп  бастап,  тағы  да  небір  шешен  сҿздерді 
тҿгіп-тҿгіп  жіберіпті,  хат  соңында:  мҧның  ҽке-шешесінің  қолына  кҥшік  кҥйеу 
боп  кіре  алмайтынын,  ҿйткенше  ер  жігіттің  ҿлгені  артық  екенін  жазыпты. 
(Ҧлтуған, 243 б.). «Уды у қайтарады» деген емес пе, - деп ҧзақ сҿйлеп, кҥрсіне 
езу тартты (Жеңеше, 319б.). 
Ойын қорытындылау ҥшін: 
-
 
Ештеңе етпейді, қарақтарым, «кӛш жүре түзеледі» деген. (Отау ҥй, 196 
б.).  Ҽр  тараптан  барған  талай  қыздармен  достасып,  апалы-сіңлідей  туыстасып 
кеткендерін,  қандай  қиыншылық  болса  да  солармен  бірге  кҿтерісіп  «кӛппен 
кӛрген  ұлы  тойдың  ішінде  жүргенін» мақалдап білдіріп, ҽжем  мен  бізге  -  іні-
сіңлілеріне:  «Мені  ойлап  қайғырмаңдар,  халім  жаман  емес,  ойнап-кҥліп 
жатырмын», - деп қойыпты. 
Адамның  тҥрлі  қасиеттеріне  байланысты:  «Адам  аласы  ішінде»  деген 
емес пе. (Петька, Отто, Бҽкке, 322 б.)  
-
 
Шырағым, азғырушың сайтан болса, азбайтұғын пенде жоқ дейді ғой. 
Сен атаның кенжесі болғанда, мен тҧңғышымын, екеуміздің арамызға от тҥссе 
не боламыз. (Жанболат, 34б.) 
Тілдік  тҧлғаның айналасында болып жатқан қҧбылыстарға баға беріп, ой 
тҧжырымдау мақсатында кейіпкерлерін мҽтелдей сҿйлетеді. Мысалы: 
-
 
Жұмыртқаның  дәмін  анықтау  үшін  тауық  болу  шарт  емес  шығар,  -
деген Сергей. Тіл дегенде сүйек жоқ, небір ащы сҿздерді тауып айтуға болады, - 
деді ызалана тістенген Филиппов (Телі ҿскен ҧл, 194б.). Мҧнда тілдік тҧлғаның 
ҽдеби  контекс  қҧрып,  сол  контекстің    кҿркемдігін  арттырып,  адресатында  бар 

24 
 
аялық  білімді  жаңғырту  арқылы  ҿз  ойын  дҽлелді  тҥрде  жеткізу  ҥшін 
пайдаланады. 
-
 
Ҽлгі ҥлкенірек ҧлымыз Полтавада служить ететін. Сонда бір орыстың 
қызымен  суретке  тҥсіп,  сонысын  осындағы  тетелес  інілеріне  жасырып  салып 
жіберіпті.  Балалы  үйдің  ұрлығы  жатар  ма,  тҽйірі,  кішілері  ҧрлап  ҽкеп  оны 
шешесі екеумізге кҿрсеткені (Кҽментоғай, 156). 
         Ҽлеуметтік-этникалық  ҿлшем  –  тілдік  тҧлға  қҧрылымының  бір  қыры. 
Ҽрбір  тілдік  тҧлғаның  тілі  кҿп  дҽрежеде  жалпыға  ортақ  тілден,  біршама 
деңгейде  ҿзіндік  жеке  тілдік  ерекшеліктерден  тҧрады.  Тілдік  тҧлға  мҽселесі 
алғаш  рет  неміс  ғалымы  И.Вейсберг  зерттеуінен  басталып,  И.А.Бодуэн  де 
Куртенэ, 
Л.П.Якубинский, 
П.В.Щерба, 
М.М.Бахтин, 
В.В.Виноградов 
еңбектерінде  сабақтасты.  20ғасырдың  соңғы  ширегінде  тіл  білімінде 
антропоцентристік  бағыттың  дамуына  байланысты  орыс  тіл  білімінде 
Ю.Н.Караулов,  Г.И.Богин,  И.Я.Чернуха  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  жан-
жақты зерттеліне бастады. [4;17 ]  
Тілдік  тҧлғаның  «автор  бейнесі»,  «кҿркем  бейне»,  «авторлық  тҧлға» 
мҽселесінен шығарып талдау Виноградовтан басталады. М.М.Бахтин еңбегінде 
«автор  образы»,  «авторлық  мен»,  «қаһарман  бейнесі»  туралы  мҽселе  « 
кҿркемдік таным ҽлемі», «мен», «ҿзге» ҧғымдары арқылы талданады. [5;23 ]  
Жазушының  кҿркемдік  ҽлемі,  архетиптік  ойлау  жҥйесі  кҿркем  мҽтіннің 
ҧлттық-мҽдени  ерекшеліктерін  ғана  бейнелемей,  тілдік  тҧлғаның  ҿзіндік  сҿз 
мҽдениетін  де  сипаттайды.  Бҧл  арада  жазушының  кҿркемдік  ҽлемін 
бейнелейтін ерекше тіл ҽлемін, шығармасын тҥсіну, дҧрыс қабылдау оқырманға 
таныс ассоциация, бейнелер, ҧғымдар арқылы яғни аялық білімі негізінде іске 
асады.  Осылайша  қҧрылған  қаламгердің  кҿркем  тілі  ҿзіне  тҽн  ерекшелік  ішкі 
тҽжірибесі мен таным қабілетін, сҿз шеберлігін, стилін кҿрсетеді.  [6; 34]  
Белігілі бір тілдік таңбада екі тҥрлі мағына (білім) кодқа салынуы, соған 
сҽйкес  екі  тҥрлі  код  болуы  мҥмкін.  Біріншісі  –  тілдік  код,  екіншісі  –  мҽдени 
код.  Тілдік  таңбалардың  мҽдени  семантикасын  зерттеуде  осы  екі  тҥрлі 
мҽнділікті ажырата білу қажет. 

25 
 
Тілдік  тҧлға  ҧлттық  тілді  тҧтынушы  ғана  емес,  ҧлттық  мҽдениетті  де 
тҧтынушы. Осы тҧрғыдан қарағанда белгілі бір тілдік концептінің қҧрылымдық 
тҥзіліміне мҽдениеттің де қатысуы, «араласуы» кҽдік.  
Тілді  тҧтынушыда  лингвистикалық  қҧзірет,  коммуникативтік  қҧзірет, 
сондай-ақ  мҽдени-тілдік  қҧзірет  болады.  Ал  тілдік-мҽдени  қҧзірет  дегеніміз  –  
тілдік  тҧлғаның  сҿйлеу  (жазу)  мен  айтылған  сҿзді  қабылдау  кезінде  тиісті 
мҽдени семантиканы, мҽнділікті қоса меңгеруі. 
Тілдік тҧлға тілде бейнеленген ақиқатты қолданып қоймайды, тіл арқылы 
ақиқаттың  ҿзін  рационалды,  эмоционалды  мақсатта  қайта  бейнелейді.  Ол  ҿз 
санасында  ақиқатты  «тіркеуші»  пассив  субъекті  емес,  оны  санада  қайта 
жасаушы, модельдеуші қасиетке ие белсенді ҽрекет иесі. 
«Тілдік  тҧлға»  терминін  алғаш  1930  ж.  В.В.Виноградов  ҿзінің  «О  языке 
художественной  прозы»  деген  еңбегінде  қолданған.  Ғалым  «Памятник  –  не 
только  одно  из  произведений  коллективного  языкового  творчество,  но  и 
отражение  индивидуального  отбора  и  творческого  преобржения  языковых 
средств  своего  времени  в  целях  эстетически  действительного  выражения 
замкнутого  круга  представлений  и  эмоций.  И  лингвист  не  может  освободить 
себя от решения вопроса о способах использования личностью того языкового 
сокровища,  которым  она  может  распологать»  деген  еді.  [10;28  ]  Тілдік 
тҧлғаның  қҧрылымдық  аспектілері  мен  компоненттерін  былай  қарастыруға 
болады: 
Осы  мҽселеге  байланысты  ғылыми  ҽдебиетте  «тілдік  тҧлға»  жҽне 
«адамның  тілдік  ҥлгісі»  деген  екі  термин  қатар  қолданылады.  Бҧлардың  бір 
қҧбылысты білдіретіні даусыз, бірақ осы арада терминдерді нақтылау қажет. 
Осыған  қатысты  Ю.Н.Караулов  ҿз  монографиясында  тілді  зерттеудің 
жаңа  бағытын  ҧсынады.  Оның  ойынша:  «тілді  жасаушы,  ҧстанушы, 
пайдаланушы  адамға  назар  аудармай,  тілдің  шегінен  аспай,  тілдің  ҿзін  тану 
мҥмкін  емес»  дейді.  [8;36]  С.  Мҧратбековтің  қазақ  ҽдебиетінде  ҿзіндік 
қолтаңбасы  бар.  Жазушының:  «Дҥниенің  ҿткіншілігі  кімді  болса  да 
ойландыруға  тиіс.  Сондықтан  ҽркім-ақ  адамдар  арасындағы  осы  бір  аумалы-

26 
 
тҿкпелі қарым-қатынасқа, парыз бен қарызға, ізгілікке ҿз тарапынан ҥн қосуды 
мақсат  етсе,  кҥнделікті  тіршілігіміз  ҽлдеқайда  шуақты болар  еді»,  - деген  сҿзі 
де осыған саяды. 
С.Мҧратбековтің ҽңгімелерінің кейіпкерлері – ҿмірден ҿз бақытын ҿздері 
іздеген  қарапайым  еңбек  адамдары,  егін  ҿсірген  диқандар,  астық  таситын 
арбакештер, қой баққан шопандар, жер жыртқан механизаторлар, сауыншылар, 
тіпті  шҿп  қора  мен  ҽртҥрлі  қоймалардың  кҥзетшілері  немесе  студент  жастар, 
ғалымдар,  мҧғалімдер  т.б.  болып  келеді.  Тілдік  тҧлға  ҧлттық  тілді  ғана 
тҧтынушы  емес,  ҧлттық  мҽдениетті  де  тҧтынушы.  «Тілді  тҧтынушыда 
лингвистикалық  қҧзірет,  коммуникативтік  қҧзірет,  сондай-ақ  мҽдени-тілдік 
қҧзірет  болады.  Ал  тілдік-мҽдени  қҧзірет  дегеніміз  тілдік  тҧлғаның  сҿйлеу 
(жазу)  мен  айтылған  (жазылған)  сҿзді  қабылдау  кезінде  тиісті  мҽдени 
семантиканы, мҽнділікті қоса меңгеруі» [9;16 ]  
Кҿркем  мҽтінде  ең  ҽуелі  қазақтың  байырғы  сҿздерінің  орын  алатынын 
байқаймыз.  Байырғы  сҿздер  қатарына  кҿне  сҿздер  жатады.  Кҿркем  мҽтіннен 
осы кҥнде қолданыстан шығып қалған кҿне сҿздерде де кездестіруге болады.  
Мысалы, «Оған қарағанда Қайрат пен Бҽтеннің киімдері тҽуір: бірінің ҥстінде 
жақында  тоқылған  жаңа  шекпен
 
де,  екіншісі  жҥн  сырған  күпәйке  киген, 
аяқтарында жаңа шарық» (Зорлық пен қорлық,132 б.).
 
Шарық – теріден, тал қабығынан жҽне т.б.арзан заттан лекерлеп жасалған 
аяқ  киім;  шҽркей.  Шоқай  –  кҿн  теріден  бҥріп  жасалған  аяқ  киім.  (Қазақ 
сҿздігі.1395, 1413 б.) Кҿркем шығарманың «кҿркемдік» шарттарының бірі де – 
осында.  Тҽсілдің  дҧрыс  қолданылуы  –  жазушының  сҿз  қҧдіретін  тану 
шеберлігіне алып барады, - дейді Р.Сыздықова [11; ]  
«Кейіпкер  тілі  –  суреткерлік  қасиетке  мейлінше  бай,  образ  даралау 
қҧралы  оның  экспрессивтілігі  (оқырман  мен  тыңдаушы  сезіміне  ҽсер  ету 
қабілеті)  мағыналық  байлығы  мен  амал-тҽсілдерінің  қырынан  келіп  туады»,  - 
дейді.  [12;22]  Макаронизм  терминіне  сҿздікте  былайша  анықтама  беріледі: 
Макаронизм – сықақ ҽзіл тудыру мақсатында ҿздерінің табиғи қолданылуынан 
ҿзгертіліп, бҧрмалап айтылатын басқа тіл сҿздеріМакаронизм кейіпкерлердің 

27 
 
шынайы болмысын кҿрсету ҥшін жҧмсалса, екінші жағынан кҿркем мҽтінге ҽр 
беріп тҧрады. Мысалы: 
-
 
Нешауа, ҿсти-ҿсти ҥйренесіңдер,  - деп қойды Ҽжібек біздің ҧсқынсыз 
оралған шылымдарымызға қарап (Кҥз бен қыс, 161 б.). 
-
 
Ҽлгіндегі  мҧңаюдың,  жылаудың  ізі  де  қалған  жоқ  жҥзінде,  жайраң 
қағады. 
-
 
Дабай,  жҧмысқа  кірісіңдер!  –  деп  бҧйырып  қойды  бізге  (Нҧғыман, 
Ҽжібек, Байдалы, 40 б.) 
Тҧлғаның  белгілі  бір  лексикалық  бірліктерлі  таңдауы  оның  рухани 
ҽлемінің бейнесін танытып, тілдік қҧзіретін танытады. Кҿркем мҽтіндегі кірме 
сҿздерді, кҿп мағыналы сҿз қҧрылымынан ҿзіндік сҿз таңдап қолдануын, жеке 
ассоциацияларының жҥйесін қалыптастыруын зерттеу вербалды-семантикалық 
деңгейдің  ҿзінде-ақ,  жазушының  тілдік  тҧлғасына  тҽн  ерекшеліктерді  табуға 
кҿмектесіп,  кейінгі  деңгейлерді  саралауға  негіз  болады.  Қазіргі  кезде 
лингвостилистикалық зерттеулерді жазушының таза тілдік ерекшеліктері, яғни 
стильдік,  сҿз  қолдану,  кҿріктеу  қҧралдарын  қолдану  ерекшеліктері  сияқты  
сипатта қарастырумен  шектеуге болмайды. 
Сҿйтіп,  тілдік  тҧлға  қалыптасуына  ҧлттық  тҽрбие  (отбасылық  тҽрбие), 
ҧлттық  тілдегі  ҿлшемдер  (қабылданған,  қабылданбаған  қҧндылықтар),  мҽдени 
ақпарат  (ҽдет-ғҧрып,  салт-дҽстҥр),  рухани  сана  (дін  қағидалары),  ҥлгі  тҧтатын 
тҧлғалар, озық білім жҥйесі, тектілік интеллектісі ҽр деңгейде ҽсер етеді. Осы 
қасиеттерді  бойына  жиған  индивид,  саналы  адам  дҽрежесінен  тҧлға,  одан  ҽрі 
тілдік  тҧлға  дҽрежесіне  кҿтеріле  алады.  Тілдік  тҧлғаның  ҿзінің  болмысына 
сҽйкес  қалыптастырған  сҿз  саптауы,  кҿзқарасы  эталондық  сипат  дҽрежесіне 
кҿшеді де, оның тілі зерттеу нысанына  айналуы да мҥмкін. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.Мҧратова  Г.  Тілдік  тҧлға-тілдік  мҽдени  қҧзірет  иесі//  ҚР  ҦҒА 
Хабарлары. Тіл, ҽдебиет сериясы.-2008.- (167).-Б.46-49. 

28 
 
2.  Мақҧлова  Л.Т.  Кҿркем  прозадағы  автор  бейнесінің  тілдік  қҧрылымы. 
Алматы, 2004. 124б. 
3.  Сыздық  Р.  Сҿз  қҧдіреті.  Кҿптомдық  шығармалар  жинағы.  –  Алматы: 
«Ел шежіре», 2014, 295б. 41 бб. 
4. Тіл білімі терминдерінің сҿздігі.-Алматы-«Фирма  
5.  Нҧрдаулетова  Б.И.  Когнитивтік  лингвистика:  Оқулық.  –Алматы:  ҚР 
ЖОО қауымдастығы, 2011.-312 б. 
6.Манкеева Ж.Қазақ тіл білімі мҽселелері 
7.Қожахметова 
Ф.Б.  Тҧрмағамбет  Ізтілеуов  тілдік  тҧлғасының 
дискурстық  сипаты.  Фил.ғыл.канд.ғылыми  дҽрежесін  алу  ҥшін  дайындалған 
диссертация авторефераты. Алматы, 2004.26 б 
8.Караулов  Ю.Н.  Русский  язык  и  языковая  личность.  –Москва:  Наука, 
1987. -263 б.  
9.Уҽли Н. Қазақ сҿз мҽдениетінің теориялық негіздері. Филол. ғыл. докт. 
дисс. автореф. - Алматы, 2007. – 50 б. 
10.  Виноградов  В.В.  о  теории  художественной  речи.  М.:  Высшая  школа, 
1971 
11.Сыздық  Р.  Сҿз  қҧдіреті.  Кҿптомдық  шығармалар  жинағы.  –  Алматы: 
«Ел шежіре», 2014, 295б.  
12.Еңсебаева  К.К.  Қазіргі  кҿркем  ҽдебиеттегі  кейіпкер  тілінің  стильдік 
қызметі. Алматы, 1999.108 б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет