Монография 63. 5 Ә58 354980 ӘмЛрова Б.Ә. Этностық 7009. 601 т



жүктеу 11.15 Mb.
Pdf просмотр
бет22/34
Дата24.03.2017
өлшемі11.15 Mb.
түріМонография
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34

«оку 
процесі»  осы  екі 
кызметгің  жалпы  көрінуі,  көлемі  кең,  оны  жоғарыдағы  айтылған 
педагогикапық жүйенің негізгі  көрсеткіші деп түсінуіміз керек.
Кезінде  дидакт  Л.Клингбергтің  «Оқу  мен  оқыту  арасындағы 
қатынас  -  дидактикадағы  негізгі  қатынас  болып  есептеледі»  дегенін, 
қазір  тіптен  естен  шығармауды  қажет  етеді[237,47].  Себебі,  оқу 
процесіндегі  эр  этнос  өкілдерінің  өзара  байланысы,  қарым-катынасы, 
мүғалімнің  оқушылармен  қарым-қатынасы  қандай  да  болмасын, 
әркімнің  өзіндік  ерекшеліктерінің  бір-біріне  сіңісуіне,  үйлесуіне, 
сөйтіп  олардың  біртектілік  магынаға  ие  болуына  әкеледі.  Сөйтіп, 
«дидактикапық  процесс  іс-эрекетгік  процеске  айналады  да,  оқытушы 
мен оқушының біріккен  іс-эрекетін құрайды»[238,63].
«Дегенмен  де,  Клинғберг оқыту-окудың  «ішкі»  мазмұнын  ашып 
бере  апмады»  деп  көрсетіп,  С.М.  Жақыпов  оны  былайша  талдайды: 
біріншіден,  іс-эрекет  категорияларынан  бас  тартып  оқыту  процесінің 
мазмүнын  талдайтын  жолды  бекітеді;  екіншіден,  оқыту  мен  оқу 
процесінің  сыртқы  көрінісін  жеке-жеке  талдай  отырып,  ондағы 
диалектикалық  бірлікке  немқұрайды  карайды  да,  оқытушы  мен 
оқушының  біріккен  іс-әрекетін  процесс  ретінде  қарауды  жойып 
алады.  Біздің негізгі  міндетіміз -  оқу  процесінің  ішкі  мазмұнын  ашып, 
ондағы  мұгалім  мен  оқушының  қызметіндегі  өзара  эсер,  өзара 
әрекетті  көрсету, соның психологиялық негізін ашу» [145,12].
Оқу 
процесіндегі 
мұғалім 
мен 
оқушының 
іс-эрекет 
ерекшеліктерінің  эртүрлілігін,  олардың  іс-әрекет  мазмүны,  багыты, 
мақсаттарының  эртүрлілігін,  сонымен  қарай  олар  қалай  бірлікте 
болатындығын көрсету.
Жақыпов 
көрсеткен 
«оқытушы-оқушы» 
диалогы 
ішкі 
психологиялық тұрғыдан  танымдық  іс-әрекет болып  табылады.  Мұны 
дәлелдеуге көп күш жұмсаудың қажеті  жоқ.
Тіпті  С.П.  Баранов  оқьггу  процесі  таным  деп  көрсетіп, 
айырмашылықтары  оку  материалының  белгілі  адам  тәжірибесіне 
негізделетіндігін көрсетеді  [238,30].
Біздің  жағдайымызда  оку  процесінің  қай  формасы,  қай  пэні 
болмасын  ұлттық  мазмұнда  болу  қажеттігі  «танымдық  іс-эрекет»
226

ұғымының  мазмұнын  одан  эрі  кеңейтеді.  Тұлғаның  оку  процесіндегі 
дамуы 
үстемеэлеуметгік 
(просоциальное) 
жүріс-тұрыстың 
калыптасуына  түрткі  болады 
[239,180].  Әрине,  ол  эр  түрлі 
жағдайлдарда эр қырынан  көрінуі  мүмкін.
Халыктық  педагогиканың  эр  түрлі  жактарын  сөз  еткенімізде 
алдымен  дене  тэрбиесін  бірінші  орынга  коюдың  өзіндік  себеп,  дәлелі 
бар.  Өйткені  адам  баласы  алғаш  дүниеге  келген  күнінен  бастап,  дене 
тәрбиесі  қолға алынады, содан  кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету 
тәрбиесі жүргізіледі.  Ақыл-ой сол еңбектің нэтижесінде қалыптасады.
Ал,  адамгершілік  тэрбиесі  баланың  сана-сезімі  оянған  кезде 
жүргізілетін тәрбиенің жиынтығы  іспеттес.
Тұлганың  дамуы  оның  эртүрлі  қиындықтар  мен  кезендерден 
өтуімен  байланысты.  Кезеңдерге  бөліну  процесі  -  жеке  адамның 
элеуметгік  ортадағы  қозғалысының  заңдары.  Оның  психикалық  даму 
ерекшеліктерінің  негізі  ГТ.П.  Блонскийдің,  Л.С  .Выготскийдің, 
А.В.  Запорожецтің  А.Н.  Леонтьевтің  жэне  М.М.  Мүқановтың  т.б. 
еңбектерінде  нақтылы  тұжырымдалады.  В.К.  Шабельниковтың  пікірі 
бойынша,  жеке  адамның  этнопсихологиялык  калыптасуы  жэне 
кезеңдердің  болуы,  белгілі  қоғамдық  мэдениетте  ерекше  сапалар 
қабаты  мен  құрылым  деңгейлерінің  емір  сүруі,  оның  жеке 
«квантгарының»  дамуын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Ендеше,  жеке 
адам 
бір 
мәдениеттен 
екінші 
мэдениетке 
ауысуда 
үлкен 
қиындықтарды  өткізіп,  көптеген  қарама-қайшылықтарды  жеңулеріне 
әкеледі.  Бұл  құбылыс  белгілі  өндірістік  -  экономикалық жагдайларды 
басып  өтеді.  Міне,  осы  адамдардың  іс-эрекетінде бір-біріне өзара эсер 
етуді, өзара эрекет етуді туғызады  [120,191].
Тұлғаның  қоғамдағы  орны,  атқаратын  рөлі,  позициясы  оның  іс- 
әрекетінен  байқалады.  Оның  іс-эрекет  нәтижесі  жүріс-тұрысын, 
болмысын,  бағыттылығын  анықтайды.  Тұлға  қандай  да  болмасын  іс- 
әрекетпен  айналысуда,  оны танып,  біліп,  оны  жүзеге  асырудагы  эдет- 
дағдыларын  қалыптастырады.  Ендеше,  тұлғаның  іс-эрекеті  оқу  жэне 
тәрбиелену 
барысында 
қалыптасады. 
Адам 
тәрбиесі 
арқылы 
дарытылатын  жүріс-тұрыстың  қандай  формасы  болса  да,  бала 
алдымен  не талап  етілетіндігін білуі  керек,  оған  қалай жету  қажетгігін 
түсінуі  керек  жэне  қандай  эрекетгер  арқылы  жүзеге  асыратындығын 
үғынуы 
керек. 
Бұл 
сол 
индивидтің  танымдык 
іс-эрекетінің 
ұйымдастырылуы болып табылады.
Танымдық  іс-эрекет  -  оқу  процессінің  құрамына  кіріп,  арнаулы 
оқу  орындарында  қалыптасатын,  күрделі  психологиялық  білім. 
Сондықтан да танымдық іс-эрекет феноменін жеке алып  қарау қиынға 
түседі.
227

Адам  өмірге  келгеннен  кейін,  коршаған  дүниемен  тікелей 
байланыс  жасап,  оны  танып  біледі.  Өмір  жолының  кай  кезеңінде 
болмасын,  адамның  таным  процестері  дамып,  калыптасып,  жетіліп 
отырады.  Ал,  таным  процестерінің  калыптасуы,  жетілуі  одан  белгілі 
іс-әрекеттерді жүзеге асыруды талап етеді.
Психология  осы  таным  процестерінің  дамып  қалыптасуын  сөз 
еткенде  ол  адамның  іс-әрекеті  екенін,  кей  жағдайда  ескермейді.  Адам 
дүниені тануында, өз кажеттігін өтеу  максатымен  кабылдайды, оны ой 
елегінен  өткізіп  ойланады.  Бүл  процесс  қабылдаудың,  ойлаудың 
немесе  түсінудің  жемісі  ғана  емес,  адамның  орта  мен  санасының 
арасындағы  процестерді  жүзеге  асыруға  бағытталған  іс-әрекет 
нэтижесі.  Ендеше  барлық  таным  процестері  (түйсіну,  қабылдау, 
ойлау,  ес)  танымдык  іс-эрекетгер  қүрамындагы  әрекет,  іс-тэсілдер 
арқьшы жүзеге асырылып отырады.
Адамның  қабылдау  іс-эрекеті  басты  іс-әрекет  болганымен,  ол 
белгілі 
затқа 
бағытталған 
іс-әрекет. 
Сондықтан 
адамның 
қабылдауының  өзі  сол  затты,  күбылысты,  коғамды  танып,  білуге 
негізделеді  [240,20].
Түлғаның  қоғамдағы  негізгі  рөлі  -  сол  қоғамды  жаңарту,  еңдеу. 
Энгельс бүны  кезінде өте  нақты түсіндірген:  «адам  ойлауының жалпы 
жэне  жақын  негізі  адамның  табиғатты  өзгертуінде,  тіпті  кейде  тек 
табиғатты гана емес» [241].
Оқу  процесінде,  білім  апу  негізіндегі  бапаның  іс-эрекетін 
П.Я.  Гальперин  былай  түсіндіреді:  бала мэселені  шешу  үшін  алдымен 
сыртқы  материалдық  эрекетгерді  (затты  үстап  көру,  түрқын,  көлемін 
ажырату,  шамамен  өлшеу  т.б.)  пайдапанады,  сосын  оның  бейнесін 
елестетеді.  Содан  соң  дауыстап  жэне  іштей  айта  алатын  болады  да, 
сөйтіп  сыртқы  затгық  әрекет  біртіндеп  ішкі  ой  эрекетіне  айналады 
[242,37].
Индивидтің  дүниені  тану  процесінде  интериоризация  мен 
экстериоризациянын  нақтылы  кызметі  оның  танымдык  іс-әрекетін 
нақты  бейнелейді.  Психологияға  интероризацня  үғымы  ерте  келді  деп 
айта  аламыз.  Себебі,  адамның  ортамен  байланысы  эуелі  оның  өзімен 
өзі  келісуінен  басталады.  Ғылыми  психология  үнемі  психикалық  іс- 
әрекеттің  пайда  болуы  туралы  іліммен  қатар  жүруі  керек.  Сөйтіп, 
адамның  ойлау  іс-әрекетінің  онтогенездік,  филогенездік  даму  жолы 
анықталады.  Ол  белгілі  ішкі  эрекетгермен  жүзеге  асырьшады  да, 
сөйтіп  сыртка  сол  әрекеттің  өнімі  ретінде  шығады.  Д.Б.  Уотсон: 
«тілдік  қылық -  сыбыр  - дыбыссыз  іштен  сөйлеу»  схемасын  көрсетіп, 
ойлау  іс-эрекетінің  адам  санасындағы,  ішіндегі  қызметін  түсіндірді 
[243].
228

Адаммен  танылған  дүние  оның  тілі  арқылы  бекітіледі.  Оның 
ішкі  ойлауы  мен  сыртқы  өнім  етіп  шығаруы  белгілі  іс-әрекет  жемісі, 
нәтижесі  болып  анықталады.  Сөйтіп,  оның  ортаға  деген  бағыты, 
жаңсак  нанымдар  жүйелері  калыптасады.  Өзінің  ойын  тілдік 
формамен  жеткізу,  біріккен  іс-әрекеттің  жүзеге  асуына  жағдай 
жасайды.
Танымдық  іс-әрекеттің  бұл  екі  жағы  бір-бірімен  қатарласа 
отырып,  бір-бірімен  иерархиялы  түрде  жүзеге  асырылады.  Бұдан 
диадалық жолмен орындалатын біріккен іс-эрекетті байқаймыз.
Адамның  өзі  өзінің  ішкі  ойымен,  санапық  эрекетімен  қандай  да 
болмасын,  танымдык  іс-әрекетті  орындайды.  Мүндағы  диададағы 
кейіпкерлер адамның өз басы.
Оқу  процесіндегі  танымдық  іс-эрекет  те  диадалық  түрде 
орындалады.  Ондағы танушы,  білім  алушы  -  оқушы  болса, танытушы, 
білім беруші  -  оқытушы  болады.  Сейтіп, бүлар бір-біріне  өзара эрекет 
етеді.
Қоғамдық,  өндірістік жағдайда да адамдардын  карым-қатынасы, 
белгілі  қүбылысты,  жағдайды,  затты  танып  білуі  біріккен  іс-эрекет 
негізінде жүзеге  асырылады.  Іс-әрекет үғымы түрткі үғымымен  тығыз 
байланыста.  Іс-әрекет  түрткісіз  болмайды,  болуы  да  тиісті  емес. 
Ендеше,  қоғамдық  қарым-қатынастағы  іс-әрекет  белгілі  түрткі, 
қажеттіліктер арқылы орындалып, дүниеге келеді.
Адам  кандай  да  болмасын  іс-эрекетгі  жүзеге  асыруда  белгілі 
әрекеттерді,  іс-эрекеттерді  орындайды.  Сөйтіп  іс-әрекеттегі  максат 
көзделген 
процестер 
адамдардың 
үрпактан-үрпаққа, 
инкультурациялық  негізде  (Херсковиц),  жеткізіп  келе  жатқан  тарихи 
эрекеттерінің жемісі [244].
Қай  этнос  болмасын,  өзінің  белгілі  өмір  жолын  басынан 
кешіргендіктен,  оның  өз  халқына,  үлтына,  еліне,  жеріне  тэн  іс-әрекет 
жүйелері  де  болады.  Бүл  жүйелер  үрпақтан-ұрпаққа жалғасып  келген 
жаңсақ  нанымдар  негізінде  пайда  болады.  Оны  ұрпақган-ұрпакқа 
жеткізу  сол этнос өкілдері  арқылы орындалады.  Ендеше,  оның өзіндік 
тұрмыс-тіршілігі,  салт-дэстүрі,  эдет-гүрпы,  танымдық  ерекшелігі 
танымдық 
іс-эрекет 
негізінде 
танылып, 
өзінің 
өмірін 
жалғастырады.Тұлға  сол  аркылы  өзінің  халкынын  кұндылыктарын 
ақтаушы субъектісі болып есептеледі.
Әр  этностың  тілін,  дінін,  мэдениетін,  эдебиетін  білу,  тану 
белгілі  танымдық іс-эрекеттер аркылы орындалып, біріккен танымдык 
іс-эрекет жүйесін құрайды.
Өзіндік  этностық  сана-сезімнің  қалыптасуы  ана  тілін  меңгеру 
Деңгейіне  байланысты.  Тіл  -  қатынас  кұралы  болғандықтан,  карым-
229

катынастағы  өзара  әрекет  сол  тіл  арқылы  дамиды.  Этностың  жан- 
дүниесін  тану,  білу,  оны  эр  тұлганың  өз  бойына  дарытуы  көркем 
әдебиет, театр, кино аркылы болып отырады.
Этносаралық  танымдык  іс-эрекет  негізінің  бірден-бір  кұралы 
ретінде  халықтык  эдет-ғұрыптар,  салт-дэстүрлер  карым-катынаста 
этностык  ізгілік  дағдыларды,  негізгі  этностық  құндылықтарды 
сезінуге, түсінуге мүмкіндік береді.
Біріккен  іс-эрекетке  қальштасушы  екі  индивидтің  (мейлі  олар 
бір  ұлт өкілдері  болсын,  мейлі  екеуі  екі ұлт өкілі  болсын)  арапарында 
белгілі  мағыналық  құрылым  айырбасы  болып  отырады,  бір-біріне 
ақпарат  апмасуда  олар  өз  мақсаттарын,  қажетгіліктерін,  іс-әрекеттің 
орындалу  тәсілдерін  жүзеге  асырады.  Мұнын  барлығы  адамның 
қарым-қатынастагы  эмоционалдық  каналы  арқылы  беріледі.  Ұлт 
өкілдері  мейлі  мектепке  келсін,  мейлі  бала  бакшага,  оқу  немесе 
жұмыс  орнына  келсін,  жаңа  ортаға  тап  болады,  кандай  да  болмасын, 
жаңа  ортаның  өзінің  орныққан  дэстүрі,  тэртібі,  түрмыс-тіршілігі 
болады.  Міне,  осындай  ортаға  келуде  адамдар  бірден  жасырын 
біріккен  іс-әрекетке  кіріседі.  Осы  кезден  бастап  өз  бойына  жаңа 
жаңсақ нанымдар қалыптастыра бастайды.
Тіпті 
қапыптаспаган 
топтың 
өзі 
белгілі 
бір 
ұйымдастырушылықтың  әсеріне  түсіп,  бұрын  аңгарылмаган  жаңсак 
нанымдарга ие болады.  Бұны біз өз зерттеулерімізде дәлелдейміз.
Мұндай  эрекеттердің  негізі  жасырын,  жапған  біріккен  іс-әрекет 
негізінде  дүниеге  келеді.  «Танымдық  іс-эрекет  психологиясы»  жэне 
«Оқыту  процесінің  психологиялык  құрылымы»  атгы  еңбектерінде 
көрсеткен  С.М.  Жакыповтың  «жалган  іс-эрекет»  белгілерін  осы  жерде 
де  көруге  болады.  Әңгіме  екі  индивидтің  іс-эрекеті  туралы  болмак. 
Біріншіден, 
сыртынан 
біріккен 
болып 
көрінгенімен, 
ішкі 
психологиялық  мазмүны  эр  түрлі  бағытты  көздейді.  Мұнда  эрекет 
етуші  ретінде  индивидтің  езі  емес,  оның  бейнесі  рөл  атқарады 
[145,270].  Әңгімелесушілердің  бір-бірімен  байланысын  сақтаудагы 
жағдайында, 
фасцинациялық 
құбылысты 
қарым-қатынастың 
фатикалык  қызметі  реципиенттің  өзін-өзі  икемдеуімен  көрінеді  [245], 
сөйтіп  карым-қатынас  процесінде қатынасу  мағынасымен алмасады.
Оқу  процесіндегі  екі  жақты  іс-эрекет  иелері  белгілі  элеуметтік 
қарым-катынасқа түсіп,  нақтылы  мақсат,  міндеттерді  жүзеге  асырады. 
Бұл  жөнінде  А.А.  Карпенко  өз  еңбегінде  «карым-катынас  мақсатын» 
анықтауда төмендегідей сегіз қызметін  көрсетті:
1) 
байланыстық  - 
адамдардың 
әрекет  етуде 
бір-бірімен 
байланыс жасауға дайындығын байқатады;
230

2)  ақпараттық  -  бір-бірімен  хабарлар,  жаңалықтар  апмасуын, 
бір-біріне  беретін  сұрак-жауаптарын,  сонымен  қатар  пікір  алмасуын, 
өз шешімдерін, кезқарастарын ортаға сапуға негізделеді;
3)  қозгаушылық, 
түрткі 
болатын 

серіктестердің 
белсенділіктерін арттыруға ұйытқы болуды мақсат етеді;
4)  үйлесімділік  (координациялық) 
мақсат  - 
біріккен 
іс- 
әрекеттерде адамдардың келісіп эрекет етуін көздейді;
5)  түсінісу  -  серіктестер  бірін-бірі  адекватгы  кабылдап  кана 
қоймай, жақсы түсінісуін көздейді;
6)  эмотивтік  мақсат  -  серіктестерден  бір-бірінің  жағдайын 
эмоционалдық басынан өткізуді көздейді;
7)  қатынасты  қамтамасыз  еткізу  мақсаты  -  адамдардың 
арасында  рөлді,  статусты,  ресми-қатынастарды  дүрыс  қамтамасыз 
етуді  көздейді;
8)  эсер  ету  максаты  -  серіктесінің  негізғі  бағытын,  шешімін, 
пікірін,  әрекетін,  белсенділігін,  жүріс-тұрысын,  жалпы  жағдайын 
өздігінен түбегейлі өзгертуін талап етуге негізделеді[246].
Сонымен,  оқу  процесіндегі  студенттер  арасындағы  байланыс 
олардың  акпарат  алмасуымен,  өзара  эрекетімен  жэне  бірін-бірі 
кабылдауларымен жүзеге асырылады.
Осы  байланыс  механизмдерін  ескерсек, 
коммуникативтік 
процесс  карым-қатынаска  катысушылардың  қалайда  болмасын,  бір  - 
біріне  әсер  етіп,  жүріс-түрыс  жүйелерін  өзгертуге,  өзінің  болмысын 
басқа  адамның  бойына  дарытуға  (персонализация),  яғни  тек  соның 
тілін  ғана  пайдапанбай,  карым  -  қатынаста  ортақ жағдайға  ие  болуды 
қамтамасыз етеді.
Интерактивтік 
процесс 
қарым-қатынастағы 
ішкі-сыртқы 
келіспеушілікті немесе келісімділіктерді жүйелеп отырады.
Перцептивтік  процесс  баска  біреудің  бейнесін  калыптастыруға 
негізделіп, 
серіктесінің  бет-пішінінен, 
мінез-қүлқынан, 
қимьш- 
қозғалысынан  оның  өзіндік  ерекшелігін  анықтайды.  Бүның  негізі 
басқа  адамды  түсіну  механизмі  біртектілік  жэне  рефлексия  болып 
табылады. 
Бірін-бірі 
кабылдауда 
негізгі 
таптаурындалу 
жэне 
каузальдық атрибуцияға беріледі  [247].
Қарым-қатынас  пен  іс-эрекет  кей  жагдайда  қатар  өмір  сүретін 
процесс  ретінде  қарастырылмай,  адамның  элеуметгік  болмысынын, 
оның  өмір  шындығының  екі  жағы  ретінде  қаралады.  Кей  жағдайда 
карым-қатынасты 
іс-эрекеттің 
айқын 
көрінетін 
жағы 
ретінде 
түсінеміз:  ол  іс-эрекетгің  элементін  көрсете  отырьш,  қарым-
қатынастың  негізгі  шарты  ретінде  де  қарастырылады.  Қарым- 
қатынасты іс-эрекетгің ерекше түрі регінде түсіндіруге болады  [248].
231

Оқу  процесінін  көпжосгіарлы  сипаты  -  студенттің  коршаған 
ортамен  өзара  эрекеті  объективтік  катынас  жүйесінде  іске  асып, 
қоғамдык  емірде  олардың  калыптасуымен  аныкталады.  Ендеше,  эр 
этнос  өзінің  қалыптасу,  жетілу  барысында  өзге  этнос  өкілдерімен 
байланыс  жасауда жэне өзінің болмыс жүйесімен  карым-қатынасында 
пісіп жетіледі.
Этнос  өкілдері  арасындагы  өзара  эрекет  жэне  этностык  топтың 
екілдеріндегі  өзара  қатынас  эр  түрлі  әлеуметтік  фактілерді  зерттеуді, 
сонымен  қатар танымдық іс-эрекет барысында этностардың бір-біріне 
тигізетін  эсерін,  этностық  жансақ  нанымдар  эсерін  зертгеуді  талап 
етеді.  Қандай  да  болмасын  элеуметтік  ортада  дамыган  коғам 
мүшелерінің  біріккен  іс-әрекеті  тығыз  байланыста  жүзеге  асады. 
Индивид  этностык  кескінді,  этностық  өзіндік  сананы  мэдени-рухани 
ортаның  өзіне  эрекет  ету  процесінде  дарыта  отырып,  белгілі  жүріс- 
тұрыс жүйелерін анықтайды.
Халықаралык  карым-қатынастағы  эртүрлі  үлттық  мейрамдар 
«Наурыз»,  «Рождественские  праздники» т.с.с.  эр  үлттың  өзіндік салт- 
дәстүрлері адамның жүріс-түрысын калыптастыруға эсерін тигізеді.
Түлганың  эр  этнос  әдебиетінен,  салт-дэстүрінен  не  гүрлым  көп 
маглүматы  болса, со ғүрлым оның танымдық өрісі  кең жэне  қүндылық 
бағыттылық  деңгейі  жоғары  болады.  Өнер  атаулының  барлығы  да,  - 
дейді  М.Әуезов,  қай  елде,  қай  түрде  туса  да,  сол  ортасының 
шартынан, өз топырағының қалпынан туады.
Адам  психологиясының  қалыптасуында  ынтымақтасқан  еңбек 
әрекетінің  алатын  орны  ерекше.  Бүған  дәлел  ретінде  казактың  макал- 
мэтелдерін  апуға  болады:  «Көп  еңбегі  көлмен  тең»,  «Көп  түкірсе  -  
көл»,  «Жапғыздың  ісі  өнбес»,  «Жалғыз  агаш  орман  болмайды»  деген 
нақыл  сөздер  адамның  іс-әрекетінің  нэтижесі  -   оның  бірігіп  жүзеге 
асырылуында  екенін  аңғартады.  Бірлескен  эрекет  кана  адамға  қуат 
беріп,  оның  қажетін  өтеп,  психикасын  байытатыны  айдан  анық 
көрініп түр.
Танымдық іс-әрекетге  адамдардың бір-біріне тікелей  эрекет етуі 
олардын 
эрқайсысының 
сол 
іс-әрекетгегі, 
қарым-қатынастағы 
«мэнділігінде».  Өзара  эрекетгің  тиімділігі  қатысушылардың  өзара 
мэнді болуында[249,214].
Ендеше  қарым-катынаска  енген,  танымдык  іс-эрекеттегілердің 
өз  үлтын,  өзінің  жеке  бас  құндылыгын,  мэнділігін  байқатуы  үшін, 
А.В.  Петровскийше  (1988)  айтсақ,  біріншіден,  кез  келген  уақытта 
шешім  қабылдап,  өз  шешіміне  жауап  бере  алатындай  болуы; 
екіншіден,  «екіншінің  мэнділігі»,  эмоционалдық  статусынан,  яғни 
өзінің  сол  ортадағы  абыройы  (өзіне  тарта  білуі  немесе  керісінше)
232

байкалады;  үшіншіден,  түлғанын  репрезентативтілігі,  яғни  субъект 
алдында  үстемдік  міндетін  немесе  үстемділігі  жоғарылығын  аңғарта 
білдіру-  А.В.  ПетровскиЯдің  осы  үшдеңдейлік  өзара  эрекет  моделі 
[250]  түлға  арасындағы  қатынастың  механизмін  ашуға  мүмкіндік 
береді.
Студенттердің  бір-бірімен  қарым-катынас жасауында да осы үш 
факторлық «екіншінің мэнділігі» үлкен рөл атқарады.  Себебі,  эр этнос 
өкілі  өз  халқының,  елінің  мүшесі  бола  отырып,  өз  елінің,  халқының 
күндылығын  басқаға  танытуда,  өз  елінің  абыройлы,  атақты,  сыйлы 
болуы міндетгі шарт.
Қарым-қатынасқа  енушілердің  іс-эрекетінің  танымдық  бағыт 
алуы  сол  этнос  өкілдерінің  өз  дәстүрін,  этностың  мінезін,  эдебиетін, 
сана-сезімін, болмыс, түрмыс-тіршілігін дүрыс жеткізе білуінде.
Адамның ішкі түрткілеріне жауап беретін ішкі  іс-әрекеті  сырткы 
процестер  формалары  ретінде  жүзеге  асады,  олар  жекелеген 
элементгер  ретінде  емес,  кейде  сыртқы  -   қимылдық  операциялар 
түрғысында  керінеді.  Ал,  сыртқы  іс-эрекеттеріміз  ішкі  ойымыздың, 
түжырымымыздың  нәтижесі  болады.  Бүлар  бір-бірінен  бөлініп 
алынбайды  [163,108].
Ойымыздың  танымдық  деңгей  көрінісін  байқататыны  бізге 
анық.  Осы  түрғыда  жүргізген  тэжірибеміз  қазіргі  заманғы  адамдар 
қарым-қатыиасынан  жэне  өмір  сүру  жүйесінен  байқалатын  үлттық- 
танымдық  елестетулердің  этностық  жаңсақ  нанымдардың  пайда  болу 
негізі бола алатындығын көрсетті.
Эгносаралық 
қатынас 
жоғарыдығы 
қарым-қатынастың 
үш 
жағынан  көрініп  микро,  макро  топтар  қүрады.  Мысалы,  республика 
егемендігін  алғаннан  бері  өзінің тілін, дінін,  әдебиетін  салт-дәсгүрлерін 
таньгтудың  нэтижесінде  көптеген  эгностар  арасынан  қадірлі,  абыройлы 
орын  алуда.  Оған  дэлел:  орыс,  неміс,  шешен,  грек  т.б.  үлт  өкіддері  өз 
балаларын қазақ мектебіне беріп, қазақша оқу орындарына оқуға түсіруі, 
басқа  елдерден  -  Түркиядан,  Қытайдан,  Монголиядан,  Америкадан 
студенттердің біздің елімізге келіп оқуы т.с.с.
Танымдық  іс-эрекетге  этностық  қүндылықтардың  өзара  іс- 
эрекетке  тигізетін  эсерін  аныктауда,  біздің  тэжірибеміз,  өзге  этнос 
өкілдерінің 
казақ 
этносына 
деген 
көзқарасын, 
танымдық 
қызығушылығын,  тілін,  ділін,  дәстүрін  үйренуге  деген  ынтасын 
байқатады. 
Онымен 
қатар 
өзара  эрекет  адамдардың  жаңсак 
нанымдарының,  көзкарастарының  біртектіленетіндігін,  этнос  өкілінін 
өз ортасына байланысты элеуметтенетіндігін байқатгы.
Танымдық  іс-эрекет  этностық  сана-сезімді  калыптастырады. 
«Этностық  сананы»  үсынған  кезінде  Ю.В.  Бромлей,  үлттың  этностық
233

санасы  екінші  этностың  ол  туралы  констатациялык  ерекшелігін  ғана 
емес,  сол  сияқты  эмоционалдық-аффектілік  қатынасын  да,  яғни  сол 
этнос  туралы  оң,  теріс  немесе  бейтараптық  бағасын  көрсетеді[27]  -  
дейді.  Мұндай  көріну  де  субъективті  қабылдау  арқылы  қалыптасып, 
бұл  жерде  негізгі  рөлде  этноцентризм  құбылысы  бейнеленеді. 
Мысалы, 
жүргізілген 
зертгеулер 
қазақтың 
қонақжайлық, 
бауырмалдық  жаңсак  нанымдары  орыс  этносының  бойына  жүре 
дарығандығын,  яғни  қазак  пен  орыс  этнос  өкілдерінің  біріккен  іс- 
әрекет  нэтижесі  екендігін  байқатты.«Этностық  сана»  үғымы  мен 
этностың 
өзіндік 
санасы 
арасында 
әдебиеттерде 
онша 
айырмашылықтар  көрінбейді.  Дегенмен  де  А.К.  Уледов  бүл  үғымдар 
арасындағы  айырмашылықтарды  айтуда  «қоғамдық  сана»,  «қоғам 
санасы»  үғымдарды  пайдаланады.  Егер  қоғамдық  санада  оның 
ерекшелігі объектінің бейнелеуінен байқалса,  қогам  санасы тек объект 
бейнесі  ғана  емес  субъектінің  санасы  мен  қызығуынан  да  көрінеді 
[51,49].  Сондықтан, қандай да болмасын  қоғамның болмыс бітімін сол 
қоғамдағы  этнос  бейнелейді.  Бір  қоғамда  бірнеше  этностық  қауым 
болғандықтан,  олар  біріге  отырып,  бір-бірімен  сабақтаса  ортақ 
мақсат-мүдделерді  шешеді.  Міне,  осындай  жагдайларда  да  этнос 
өкілдері  біріккен  танымдық  іс-әрекетке  түсіп,  өз  бойында  белгілі 
жаңсақ  нанымдарды  қүрайды.  Бүл  мәселені  сез  етуде  Г.Гачевтің 
ескеруін  еске  түсіреміз.  Ендеше,  дүниені  эр  түрлі  тану  оның  өзіндік 
санасының қалыптасу ерекшеліктеріне әсерін тигізеді.
Танымдық  іс-эрекет  көбінесе  адамдардың  бір-бірімен  пікір 
алысу,  ортақ мэселеге  келуі  эңгімелесу, тілдесу  арқылы жүзеге  асады. 
Қандай  да  болмасын,  танымдық  процесс  адамға  таныс  емес,  бүрын 
кездестірмеген  жағдайларды,  мәселелерді  шешуге  байланысты  мақсат 
көздей  жүргізілді.  Сондықтан  іс-эрекетгің  қандай  түрін,  кай  даму 
кезеңінде  болмасын,  оны  үйрету,  оқыту  -  танымдық  іс-әрекет  деп 
көрсете  апамыз.  Мәселен,  қазақтың  өзіндік  түрмыстық  рэсімінде 
жерге  отыруда  «малдасын»  күрып,  тізе  бүгіп  отыру  бар.  Міне,  мүны 
басқа этнос  өкілдеріне үйреткенде бірнеше  қиындылықтарды басынан 
өткеріп  үйренеді.  Осындай  танымдық  іс-әрекетгердің  қайталануы 
адамның белсенділігін арттырады  [235].
Қазіргі  кезде  республикамызда  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл 
атануымен  орай,  оны  жаппай  үйрену  мәселесі  түр.  Тіл  үйренуде  сол 
этностың  мәдениетін,  эдет-ғүрып,  салт-санасын  білу  -  негізгі  шарт. 
Ендеше, бүл да біріккен іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
Танымдық  іс-эрекет  барысында  белгілі  нақтылы  жағдай  іс- 
әрекетке  катысушьшардың талқысына түседі.  Бүны  өзінің «Танымдық 
іс-әрекет  психологиясы» 
еңбегінде  С.М.  Джакупов 
«нақтылы
234

жағдайларды 
талдау» 
деп 
көрсетіп, 
оның 
эртүрлі 
тұрғыдан 
байқалатындығын айткан. Соның бірі - топтық талқы.
Біздің  зерттеулеріміздің  нэтижелері  қай  этнос  өкілдерімен 
тығыз байланыста болсақ, сол этностың тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы 
жайлы 
тану 
деңгейіміздің, 
оған 
деген 
көзқарастың, 
жаңсақ 
нанымымыздың  жоғарылайтындығын  байқаггы.  Осыған  орай  оқу  іс- 
әрекетіндегі  студенттердің танымдық  іс-эрекетінің нәтижелілігін жэне 
белсенділік дэрежесін былай көрсетуге мүмкіндік берді:
19 С урет - О қу іс-эрекетіндегі  студенттердін т ан ы м д ы к  іс-зрекетініц 
нәтижелілігін  жэне белсенділік дэрежесі
Бұл  кестеге  қарап  отырып,  этносаралық  карым-қатынастағы 
танымдық  іс-эрекеттің  қай  жағдайда  тиімді  болатынын  анықтауға 
болады. Қазіргі  кезде еліміздің кейбір жерлерінде этносаралық карым- 
катынастың шиеленісіп тұрғаны мэлім.
Қазіргі  заманда  әлеуметтік  психологтардың  халықаралық  жэне 
этносаралық  қатынастарды  үлғайту,  оптимизациялау  туралы  жэне  әр 
түрлі  этнос  өкілдері  мен  мәдениет  өкілдері  арасындағы  қарым- 
Катынастарды  зерттеу  мен  практикалық  жұмыстар  жүргізетіндігінің 
өзекті  екендігін  дэлелдеп  жатудың  қажеті  жоқ.  Алайда  көптеген 
факторлар ұзак уақыт бойы осындай жұмысты  атқаруға бөгет жасады.
235

Біріншіден,  біздің  коғамның  көп  жыл  бойғы  тұйыктығы,  яғни 
«шетелдерғе»  деғен  біздің  күдіктіліғіміз  бен 
қырағылығымыз 
мемлекетаралык  деңғейде  өзіндік  әлсіздікке  әкеп  соқтырады  жэне 
осыған  дайындапудың  шынайы  керектіліғін  жояды.  Екіншіден, 
интернационализмнің 
түрпайы 
түсініғі, 
көрінбейтін, 
жаңсақ 
нанымдарды жасау және үлғайту  қорқынышы,  немесе этноцентризмде 
айыпталу 
қоркынышы. 
Халык 
арасындағы 
шынайы 
айырмашылықтарды  білмей  топаралық  езара  әрекетке  дайындалу 
мүмкін емес.
Американдық  психолоғтар  Д.Кэмпбэлл,  О.Клайнберғ  жэне 
басқаларының  «байланыс  болжамы»  жеке  адамдар  арасындағы  жеке 
түлғалық  байланыста  дүшпандықты  төмендету,  көрінбейтін  жаман 
стереотиптерінің  көріну деңғейін төмендету т.с.с.  «жекелеғен  адамдар 
немесе  топтар  арасындағы  өзара  әрекетінің  артуы  өтіп  жатқан 
процесті  нығайтады  жэне  арттырады»,  -  дегендей,  жеке  адамдар 
карым-катынастың  ныгаюын  тугызуы  мүмкін.  Мүнда  мемлекет  жэне 
халықтар  арасындағы  қарым-қатынастың  кандай  жағдайда  бір-біріне 
сенбеушілік  жэне  кандай  жағдайда  сенімділік  туғызатынын  аныктау 
өте манызды.
Осындай  танымдық  іс-әрекет  нэтижесі  этностардың  жүріс- 
түрыс,  салт-сана  біртектілігіне  экеледі.  Әрине,  бүл  этносаралық 
келіспеушілікті  болдырмаудың  бірден-бір  жолы.  Демек,  мүндай 
этносаралық 
қарым-катынас 
болган 
жерде 
этносаралық 
психологиялық климат та дүрыс бағытта болады.
Оқу 
процесіндегі 
этнос  өкілдерінің  танымдық  іс-әрекет 
барысында  бір-біріне  тигізген  ыкпалын,  жаңсақ  нанымдар  эсерін 
зерттеудегі  студентгердің  сабақ  үлгерімінің  езгерістерінен  байқауға 
болады
Сонымен  эр үстаз өз  пэндерін  оқытуды  индивидтің дамуындағы 
танымдық  іс-эрекеттің тигізетін  эсерін  ескере  отырып  үйымдастырса, 
оқытудың  дэстүрлі  емес  эдістерін  тиімді  пайдаланса,  біріккен 
танымдык  іс-эрекет  үлкен  нэтижеге  жетеді.  Себебі  эр  адам,  студент 
өзін  этнос  екілі  түргысынан  сезінуі  арқылы,  этносын  жағымды 
нанымдарымен  көрсетуге  үмтылып,  белгілі  мақсатта  өз  әрекетін 
жүзеге  асырады.  Бүл  көрсеткіштерді  келесі  парафафтарда  нақтылы 
көрсетеміз.
236


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет