Монография 63. 5 Ә58 354980 ӘмЛрова Б.Ә. Этностық 7009. 601 т



жүктеу 11.15 Mb.
Pdf просмотр
бет25/34
Дата24.03.2017
өлшемі11.15 Mb.
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34

і 
ұлттық  болмысын  да  үлкендер  бағыттайды.  Балаға,  біріншіден,  жер 
бетіндегі  «адамзат»  ұгымынан  бастап,  олардың  топқа,  тапқа,  ұлтка 
бөлінетіндігін  оқу-тэрбие  жұмыстарында  меңгерту  қажет;  екіншіден,  1 
жер бетіндегі  адамдар табиғатына, тұрмыс-тіршілігіне,  салт-дэстүріне,  | 
әдет-гұрыптарына  карай 
шекаралық-географиялық  бөлінетіндігін 
ұғындыру  керек; үшіншіден, өз ұлтының өзге ұлттан айырмашылығын 
айта  отырып,  эр  ұлттың  өзіндік  белгілерін  аныктауға  жэне  оны 
багапай 
білуге 
үйрету 
керек; 
тертіншіден, 
жоғарыдағыларды  ! 
меңгергеннен  кейін  өзінің  ұлттық  белгісін  аныктауға  ұлттық  сана- 
сезімін  қалыптастыру  қажет.  Бұл  эрекеттердің  барлығы  оны
262

о т а н с ү й г іш т ік к е , 
ұлтжандылыкқа,  интернационализмге  тэрбиелейді. 
О сы  
кағидалардың негізі бастауыш  мектептегілердің этностық жацсақ 
нанымдарын  қалыптастыруға ықпал етеді.
Біздін 
бастауш 
сыныптағылардың 
этностық 
жаңсақ
н а н ы м д а р ы н ы ң  
көрінуі 
мен 
қалыптасуын 
зерттеуге 
арналған 
жұмысымыз үш  кезеңнеи тұрдьь
Бірінші  кезең  теменгі  мектеп  жасындағылардын  этностық  өзіндік 
с а н а с ы н ы ң  
психологиялық  компоненттерін  анықтауға  арналып,  оған 
в 
с.
 
Мухинаның этностық өзіндік біртектіленулерін диагностикалауға 
а р н ал ғ ан  
жобалау методикасын алдық 
[2 6 4 ].
Зерттеу  қорытындыларынан  мынандай тұжырымдар жасалды, оны 
төмендегі сапыстырмалы  5  кестеден көруге болады.
5  кесте  -  Ұлттардың  фенотиптік  белгілеріне  қарай  топтастыру 
көрсеткіштері
Дұрыс  аныктагандар 
сыныгггар
V.
Қате анықгагандар сыныптар
%
бірінші сыныпта
78%
бірінші сыныпта
25%
екінші сыныггга
80%
екінші  сыныпта
20%
үшінші  сыныпта
72%
үшінші  сыныпта
28%
төртінші сыныпта
80%
төртінші сыныпта
20%
Бұл  кестеде  төменгі  сынып  оқушылары  ұлттардың  физикалық 
еркшеліктерін сыныптан  сыныпқа көшкен  сайын  ажырата түсетіндігін 
байқаймыз.  Ендеше,  бала  есейген  сайын  ұлттардың  арасындағы 
бітістік, тілдік жэне дәстүрлік өзгешеліктерді  ажыратуға деген  жаңсак 
нанымдарды қалыптаса түседі.
Осы  зертгеу  барысында  біз  төменгі  сыныптагылардың  өздерін 
қаншалықты  өз  ұлтына  жатқызатындығын,  қандай  ортада  болмасын 
өзіндік этностық біртектілену  процесі  қалай өтетіндігін байқадық.  Бұл 
жағдайда  да  оқушылар  өзінің  қандай  ұлт  өкілі  екендігін  анықгауы, 
ұлттық  біртектіленуі  де  сынып  өскен  сайын  нақтьшана  түсетіндігін 
аңгартгы.  Әрине,  бұл  жерде  отбасы  тәрбиесіндегі  ата-ананың  рөлін 
естен шығармаган жөн.  Яғни, баланың ұлт өкілі  ретінде өзін-өзі тануы 
танымдық іс-эрекетке байланысты.
Екінші  кезең  төменгі  мектеп  жасындағылардың  «өз»  этносы  мен 
«өзге»  этноска  деген  эмоционалдык  қатынасын  анықтауға  арналып, 
М. Люшердің сегіз түстік тесті алынды.
Бұл  суретге  ұлттардың  фенотиптік  белгілері  «монголоидтік  тип», 
«европеоидтік  тип»  жэне  «аралас  тип»  арқылы  беріліп,  оған  деген 
Қатьінастар нэтижелері  көрсетілген.
263

5 0 %
30%
40%
20
%
10%
0
%
1  сын, 
2
  сын.
могол.
арал.
Е З м о г о л . 
И е в р о е . 
□  ар а л .
3  сын. 
4
СЫҢ
21  сурет - Әр типтерге баіудегі  ж ансак  нанымдар денгейі
Бұл  көрсеткіштерден  біз  басгауыш  сынып  окушылары  өзінің 
жэне өзгенің ұлттық белгілерін  анықтай  алатындығын,  сонымен  қатар 
өз 
ұлтымен 
біртектіленіп, 
оған 
деғен 
көзкарасынын 
қалыптасатындығын  байқадык.  Ендеше,  бастауыш  сыныптан  бастап 
бала  өзін  белгілі  бір  ұлт  өкілі  деп  сезінеді  жэне  белгілі  этносты* 
жаңсак нанымдары көрінеді.
Үшінші 
белгі 
арқылы 
анықтаулардан 
тертінші 
сынып 
окушыларындағы  ұлттық  езіндік  сананың  қалыптасу  деңгейін 
байқаймыз,  ягни,  өз  ұлтына  деген  жаңсақ  нанымдары  нақтылы 
белгіленген дей аламыз.
Бұл  зертгеулер  кандидаттық  диссертация  көлемінде  1999  жылы 
жүргізілген.  Біздің зерттеу  нэтижелеріміздің талдауларынан бұлардың 
өзара  ұқсатығын  көреміз.  Р.Әлімбаева  өз  жұмысында  биэтностық 
біртектіленулерді  де  карастырып,  полиэтностық  қоғам  үшін  колайлы 
екендігін көрсеткен[265].
Алынған  нэтижелер  бірінші  жэне  екінші  математикалык1 
өңдеулерден  өтті.  Бұған  да  I  сын.-150,  II  сын.-150,  III  сын.-  160, 
ІУсын.-175  оқушы  қамтылды.  Бұп  зерттеудің  бірінші  кезеңінде 
қосынды ауытқудың көрсеткіштері ( % ) тұрғыда өңделіп  көрсетілді: 
бірінші  сыныпта:  орта статистикалық мелшер  -  34%, мөлшерден 
аздаған ауытқуы -  46%, мөлшерден елеулі  ауытқуы -  20%;
екінші  сыныпта:  орта статистикалық  мөлшер  -  32%,  мөлшерден 
аздаған ауытқуы -  45%, мөлшерден елеулі  ауытқуы -   17%;
ұшінші  сыныпта:  орга статистикапык мөлшер - 42%, мөлшерден 
аздаған ауытқуы -  46%, мөлшерден елеулі  ауытқуы -   12%;
264

төртінші  сыныпта:  -  орта  статистикалық  мөлшер  -  50%, 
мөлШеРДен  аздаган  ауытқуы -  47%,  мөлшерден елеулі  ауытқуы -   10% 
аныкталды-
Ал,  қосынды  ауытқудың  (ҚО)  орта арифметикалық  мәнділігінің 
көрсеткіштері төмендегідей:
бірінші сыныпта - М = 3,4; 
екінші сыныпта - М = 3,2; 
үшінші сыныпта - М = 3,7; 
төртінші сыныпта - М = 3,9 анықтады
Зерттеу  нәтижелерін  сандық  бағалау  Спирменнің  рангтік 
корреляция  коэффицентімен есептелді:
бірінші сыныпта - (г = 0,99; р > 0,01); 
екінші сыныпта - (г = 0,89; р > 0,05); 
үшінші  сыныпта - (г= 0,99; р > 0,01);
төртінші  сыныпта  - (г =  0,  99;  р >  0,01)  анықтады.  Осыған  орай, 
рангтік  корреляцияның  көрсеткіштері  эмоционалдық  мәнділікті 
өлшеу әдісі  ретінде түстік байланыстық жарамдылыгын анықтайды.
Сонымен  бұл  кезең  қорытындысы  мынаны  түсіндіреді:  қоңыр 
түс  -  адалдықты,  дербес,  тұйық,  жүмсақ,  эділ,  табанды,  ынталы,  ақ 
ниетті,  жылы  шырайлы  деп,  бұл  түсті  қазақтармен_байланыстырса; 
қызыл  түсті  -  жігерлі,  эселі,  ұқыпты  деп  бұл  түсті  неміс  халқымен 
байланыстырады.
Ал,  жасыл  түс  пен  кара  түс  жиреніш  тугызады.  Себебі  орта 
статистикалық  мөлшер  -  32%,  мөлшерден  аздаған  мөлшерден 
ауытқуы -  45%, мөлшерден елеулі  ауытқуы -   17%; тартымды,  көпшіл, 
жұмсақ,  адап,  дербес,  ақниетті  жэне  күшті,  сүйкімсіз,  тұйық,  кескір, 
жабық,  жаукешті.  Мұндагы  қара  түсті  казактармен,  жасыл  түсті 
орыстар  мен  украиндықтармен  байланыстырады.  Қазақтарға  деген 
қарама-кайшылық  қатынасты  элеуметтік  бағытта  пайда  болған 
этностық  жаңсақ  нанымдардың  оң  жэне  теріс  болып  өзгеруімен 
ұштастыруға болады.
Бұл  зертгеуден  кімнің  болса  да  өз  этносын  қабылдауы  жоғары 
екендігі  байқалады.  Оқушьшардың  оку  процесінде  қалыптасатын 
этностық  танымдық  іс-эрекеттері  олардың  өз  этностары  мен  өзге 
этностар жайлы білімін кеңейтеді.
Үшінші  кезең  екі  сериядан  тұрып,  оқу  процесіндегі  этностық 
*аңсақ  нанымдардың  көрінуі  мен  калыптасуына  арналып,  бірінші 
Серияға 
этнопсихологиялық 
сұрақтама 
бастауыш 
сынып 
°Кушыларының  танымына  лайықталып  алынды.  Екінші  серияға 
Жобалық эдістеме ретінде фотосуреттерді бағапау әдісі  қолданьшды.
265

Осы  зерттеуіміздің  үшінші,  негізгі,  кезеңі  теменгі  сыньц 
оқушыларының  өз  ұлттык  ісү.ндылыктарын  білу  деңгейін  анықтауг 
жэне  соган  байланысты  жаңсақ  нанымдардың  танымдык  іс-эреке- 
барысында  өзгеруін  байқауга  арналган.  Бүл  сұрактаманың  бастапқь 
нүсқасы  45  сүрақтан  түрады,  ал  төменгі  сыныптарға  лайықталып  19 
сүракка дейін қысқартылды.
1  сын. 
2 сын. 
3 сын. 
4сын.
24  сурет  - Әр ұлттарга  байланы сты  ж ансак  наны м арлан туы н дайты н  I 
эм он и он аллы к каты н ас децгейі
Бүл 
кезен 
зерттеулерінің нэтижесін 
төмендегідей
қорытындылауға болады:
-бірінші  сыныпта:  қазақгармен  -  50  %,  орыстармен  -   40%,] 
басқалармен -  10%;
екінші  сыныпта:  қазақтармен  -   43%,  кэрістермен  -   5%, 
орыстармен 
-   44%,  немістермен 
-   5%,  татарлармен  -   0%,
украиндармен -3% ;
үшінші  сыныпта:  қазақтармен  -  40%,  кәрістермен  -  4%, 
орыстармен 
-   44%, 
немістермен 
-2% ,  татарлармен  -   2%,
украиндармен -2% ;
төртінші  сыныпта:  қазактармен  -  55%,  кзрістермен  -  10%, 
орыстармен 
-   50%,  немістермен 
-10% ,  татарлармен  -   20%,
украиндармен -8% .
Екінші 
кезеңнің 
зерттеу 
қорытындысы 
төменгі 
сынып 
окушыларының  өз  үлты  мен  өзге  үлт  мәдени  қүндылықтапрын  білу 
деңгейлерінің 
төмен 
екендігін 
көрсетіп, 
тек 
тікелей 
емес 
трансмисиссиялык  элеуметтену  процесінде  өзгеріске  үшырайтынын 
байқатады.  Бүның  себептері  элі  де  болса  мектепке  дейінгі,  мектеп 
қабырғасындағы 
этностық 
-танымдық 
шаралардың 
аз 
жэне
266

са п а сы н ы н  
төмендігі,  сонымсн  қатар ата-аналардың ез ұлты жайлы оң 
>кансак  нанымдарының  қалыптаспағандығының  нәтижесі  деуге
болады.
Ендеше,  қазіргі  замандағы  ¥лттық  мектептерге  қойылған 
талаптарға 
сай  оқыту  -   тәрбиелеу  мазмұндарына  ұлттық  болмысқа 
жауап беретіндей өзгерістер еңгізу  қажет.
Сонымен,  төменгі  сынып  оқушылары  өздерінің  этностық 
күрамын  аңғарады  және  басқа этносқа да  құрметпен  қарайды.  Себебі 
бірікен  оқу  іс-эрекетінде  олар  өзге  ұлтгың  да,  өз  үлтының  да 
қүндылықтарын  тани  бастайды.  Сөйтіп  мэдени-этностық  танымының 
оқу 
прцесінде  калыптасуы,  олардың  этностық  жаңсақ  нанымдарының 
пайда болуына түрткі болады жэне өзгертеді.
4.3 
Оқу  процесінде  түлған ы н  элеуметтенуіндегі  этносты қ 
жаңсак 
наным дарды ң 
этногенездік 
керіну 
және 
өзгеру 
динамикасы
Адамның 
табиғатына 
біткен 
қасиетгері 
жеке 
адамның 
күнделікті  өмірінде  жэне  іс-әрекетінде  сыртқы  ықпал  мен  тэрбиенің 
эсерінен көп жағдайда дамып, өзгеріп отырады.
Білім  беру  жүйесінің  кеңестік  даму  тарихында  үлттық 
педагогика  мен  үлттық  психологиялық  эсер  етудің  тиімділік 
мәселесіне  көңіл  бөлінген  жоқ.  Ондағы  оқыту  эдістері  мен 
формаларына  назар  аударылмай,  тек  жаппай  кеңестік  идеологиядагы 
міндеттерді  көздеді.
Кейінгі  жылдары  техника  жетіліп,  адам  еңбегін  техникамен 
айырбастау,  карым-қатынас  техника  (компьютерлік)  аркылы  бола 
бастағанда  әсер  ету  мэселесі  өзектеле  түсті.  Бұрынғы  қалыптасқан 
эдіс-тэсілдер,  формалар  ескіріп,  оқыту  мен  оқуға  жаңаша  қарауды 
талап  етті.  Сөйтті  де,  біз  жоғарыда  көрсеткен  «оқушы»,  «оқытушы», 
«мазмұн,  әдіс,  құрал»  педагог  пен  студентгің  білім,  дағды,  шеберлік 
жүйелерін тереңірек айқындауға мэжбүр етті.
Кез  келген  педагогикалық  жағдай  оқыту,  тэрбиелеу  жүйесі 
ретінде  көрініп,  мұндағы  жеке  адамдардың  (мұғалімнің,  студенттің) 
бір-біріне  эсер  етуін  көрсетеді.  Бұлардың  эрқайсысы  белгілі  бір 
әлеуметтік  рөлдерді  атқарып,  өзара  қарым-қатынасқа  ие  болады.  Ал, 
Кандай да жеке адам болмасын, ол белгілі бір үлт өкілі болып  келеді.
Ендеше,  мұғалім  мен  студент  өздеріне  аңғарылмаған  негізде 
Қандай  да  бір  этнос  өкілдері  болып,  өзіне  тэн  этнопсихологиялық 
ерекшеліктерімен 
қарым-қатынасқа 
енеді. 
Мәселен, 
қазақ
267

студенттерінің  орыс  тілді  мұғаліммен  тілдесуі  тіл  білмеген  кезде  де 
бірін-бірі  түсінуді  талап  етеді.  Ал,  кейбір  қазак  мұғапімдерінің  орыс 
тілді  студенттермен  қарым-қатынасында  олардың  бойындағы  қазакка 
өрескел мінез-құлықты дұрыс түсінуге тырысады.
Сондықтан,  оқу  үдерісінде  міндетті  түрде  оқытушыға  да, 
оқушыға  да  «түлға»  деп  қарау  кажет.  Мұғалімнің  студенттер 
алдындағы  беделі,  оның  вз  пэнін  жүргізу  тәсілінің  тиімділігін 
бағдарлау оқу үдерісінің жалпы сәттілігін камтамасыз етеді.
Жақыповтың 
осы 
макродеңгейінен 
микродеңгейге 
көшуі 
тұлғаның  өзін  қалай  пайдалануынан  басталады  деуі,  түлғаның  іс- 
әрекет жүйесін аныктауы мүғалім  мен студент арасындағы біріккен іс- 
әрекетген  пайда  болатын  ортак  мағыналылықты  көрсетеді.  Мүны 
кезінде  А.Н.  Леонтьев  те  кврсеткен.  Түлга  өзінің  мағыналық  қорын 
тек іс-эрекет арқылы  қолдана алады.
Осы  микроденгейде  оқытушы  мен  оқушының  іс-әрекетгері 
арқылы  оқу  мазмүны,  әдісі,  қүралы  толық  қолданылып,  өзінің  негізгі 
міндетін  аткарып,  оқытушы  мен  оқушы  іс-әрекет  нэтижелері  болып 
көрінеді.  Сөйтіп,  бүл  оку  жүйесі  біріккен  -  танымдық  іс-эрекетке 
айналады.
Методеңгейдің  негізгі  талдау  факторлары  оқу-тэрбие  үдерісінің 
психологиялық,  педагогикалық  параметрлері  мен  олардың  өзара 
байланысы  болмақ.  Міне,  бүл  деңгей  осындай  байланыста  болып 
жалпы оқу үдерісінің нәтижесін керсетеді.
Жоғарда  көрсетілген  оқытудағы  мүғалім  мен  окушының  іс- 
әрекет  деңгейлері  олардын  оку  процесіндегі  бір-бірімен  қарым- 
қатынасын,  ондағы  өзара  әрекет  пен  өзара  әсерлердің  білім  алу  мен 
білім  берудегі  орнын  анық  көрсетеді.  Оқушылардың  сыртқы 
әрекетіне,  өзін  көрсете  білуіне  негізделген  таным  үдерісінің  барысын 
сипаттау  олардың  дүние  танымында  үлтгық  реңнің  болуын  сипаттау 
болып есептелінеді.
Оқушының  негізгі  білім  алуы,  оқу  нәтижелілігі  мүғалімнің 
қызметіне  байланысты.  Оның  қызметі  педагогикадагы  окытудың 
«репродуктивтілік  теориясының»  мэнін  жоғарылатуды  көздейді.  Ал, 
оқушының 
іс-эрекетіндегі 
білім 
меңгерудегі 
«продуктивтілік» 
олардың  этностық  таным  деңгейін  көтеруге  мүмкіндік  беріп, 
белсенділігін  жэне  халқына  деген  патриотизмі,  үлтжандылыгы, 
отансүйгіштілігі 
сияқты 
этностық 
жаңсақ 
нанымдарын 
қалыптастырады.  Себебі  оқушы-жегкіншектердің  бүрын  білмеген  өз 
үлтынын  жэне  баска  ұлттардың  мэдениетімен,  эдебиетімен,  тілімен, 
болмыс-тіршілігімен  таныса  отырып,  таным  деңгейінің  сабақгасуына
268

байланысты  білімі,  шеберлігі  арта  түседі.  Ендеше,  олардың  өзіне, 
өзгеге деген қызығушылығы артып, танымы  кеңейеді[166,3-7].
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2005- 
2010  жылдарға  арнапган  Багдарламасының  негізгі  міндеттерінің  бірі- 
білім  беруді  басқарудың  демократизациялануы  негізіндегі  ұлттык 
білім  беру  жүйесінің  ережелерін  қарастыру;  жастардың  бойында 
патриотизмді, 
толеранттылықты, 
жоғары 
мэдениеттілікті 
калыптастыру және адам  еркі  мен құқығына  құрметпен  қарау[225,18]. 
Міне,  осының  бәрі  жеткіншектердің  ұлттық  білім  алуын  кездейтін 
шаралар.
Жеткіншектердің  қазіргі  кездегі  білім  алуы  оларды  терең 
ойлауға, ұшқырлыққа, сыныптағы достарымен,  мұғалімдермен  қарым- 
катынас  жасауда  елеулі  эрекеттерді,  бағыттарды  және  шешімдерді  өз 
беттерінше қабылдауға түрткі болады.
Жеткіншектердің  эртүрлі  ақпараттық  негіздердегі  хабарлары, 
білімдері  мектепте  алатын  білімдерімен  бәсекеге  түседі.  Олардың 
білімге  деген  құштарлыгын  артгырады  жэне  бұрынғы  қалыптаскан 
теріс  жаңсақ  нанымдарын  өзгертеді.  Оку  үдерісінде  балалар  өздерін 
қанағаттандырмайтын  олқылықтарды  сезінеді.  Сол  себептен  оқу 
материалдары 
олардың 
қызыгушылыгын 
қанағаттандыратындай 
болуы  керек.  Қазіргі  кезде  эр  халық,  оның  ішінде,  қазақ  елі 
егемендігін  алып,  білім  беру  мазмұны  ұлттық  езіндік  сананы 
қалыптастыруға  негізделген  кезенде,  оқушылардың  казақтар  туралы, 
олардың  ұлттық  құндылықтары  турапы  білу  ынтасы  өте  жоғары 
екендігі  байқалады.  Әсіресе,  өзін  ұлт  өкілі  ретінде  анық  сезінетін 
жастар  өз  елі,  өз  жері,  мәдениеті,  әдебиеті,  салт-дәстүрі  т.б. 
құндылықтарын түбегейлі түсінуді  қалайды.
Көпшілік  жеткіншектер  үшін  УІІ-ІХ  сыныптардағы  уақыт- 
болашақ  туралы  көп  ойлануды  талап  ететін  кезең.  Олар  өздерін  өз 
елінің  патриоты  ретінде  сезінуді  қалайды.  Мысалы,  оны  «XXI- 
ғасырдың  көш  бастаушысы»  бағдарламасында  қатысуларынан,  сол 
сияқты 
«1001 
макал», 
«Алтын 
қақпа» 
хабарларындагы 
көзқарастарынан, ой-пікірлерінен байкауга болады.
Ал,  адамның  тілдік  қоры,  мәдени  өрісінің  кеңеюі  мақап-мэтел, 
жұмбак,  жаңылтпаш  т.с.с.  хапықтың  ауыз  эдебиеті  негізінде 
Қалыптасады.
Қазіргі  оку  процесіне  жаңа  кезқарас  эр  этностың  өзіндік 
танымдық  ерекшелігін  есепке  алуды  талап  етеді.  Оқулықтардың  өз 
Республика 
шындығына, 
тұрмысына 
сай 
құрылуы, 
оқу 
жоспарларындағы  көптеген  ұлттық  мэдениет  негізінде  құралған 
Г|эндер осының дэлелі бола алады.
269

Кезінде  В.П.  Кузьмин:  «мазмұн  мен  мэнге  жұйелі  көзқараспен 
келу  өте  қиын,  дегенмен  абайлап  қарасақ  көрсетуге  болады»  - 
деген[266,60].
Оқу  үдерісінің  психологиялық  жүйесіндегі  оқытушы  мен 
оқушы,  тэрбиеші  мен  оқушы  арасындағы  өзара  эрекет  ету  тұлганың 
элеуметгену  процесінің  негізгі  көзі  болмақ.  Ендеше,  бала  санасында 
ұлттық 
сана-сезімді 
қалыптастыру 
этностық 
элеуметтену 
элементтерін  қолдануга  байланысты  жүзеге  асады.  Мұндагы  негізгі 
ұстаным  -  зерттеу  объектісін  біртұтас  жүйе  ретінде  карау;  екінші 
ұстаным  -  жалпы  жүйеге  тереңірек  карап,  оның  элементтеріне, 
компоненттеріне көніл бөлу;
үшінші  ұстаным  -  зерттеуге  алынган  жүйенің  ішкі  жүйесін 
анықтау;  төртінші  ұстаным,  ішкі  жүйелердің  тура  жэне  кері 
байланысын ескеріп, олардың өзара байланысын көрсету;
бесінші  ұстаным  -  көпдеңгейлі  талдау  жүргізудің  қажеттілігін 
көрсетеді.  Негізінен,  көпдеңгейлі  талдау  жүйесі:  мета,  макро,  микро 
болып үшке бөлінеді[228,14].
Осыған 
байланысты 
біздің 
зерттеу 
объектіміз 
мектеп 
қабырғасындағы  жеткіншектердің  және  жоғаргы  оку  орнындағы 
жасөспірімдердің  оқу-тэрбие  процесі  болып  отыр.  Себебі  бұл 
кезендерде  оку-тэрбие  жұмыстары  білім  берудегі  мэдениеттену 
үдерісіне эсер ету арқылы жүзеге асады.
Жеткіншектіктің  түлғалық  дамуының  аса  маңызды  факторы  - 
өзінің  ауқымды  әлеуметтік  белсенділігі;  ол  белгілі  бір  үлгілер  мен 
игіліктерді 
игеруге, 
үлкендермен 
жэне 
жолдастарымен 
өзін 
қанағаттанарлық  қарым-қатынас  орнатуга  (  өзінің  жеке  басы  мен 
болашағын  және  ниетін,  мақсаты  мен  міндетін  жүзеге  асыру 
эрекетгерін  жобалау)  бағытгалады.  Алайда  жаңаның  қалыптасу 
процесі  - үзақ,  қайшылыктары  мол  процесс.  Бұл  қүбылыстардың ұзақ 
болуы  адамның  психофизиологиялық  даму  жолы  мен  әлеуметгену 
жолында  кездестіретін  дағдарыстарға  (Пиаже:  жастық  дағдарыс 
теориясы)  байланысты.  Ал,  осы  негізде  ұлттық  сананы  қалыптастыру 
оқу-тэрбие  жұмыстарын  ұлтгық  мазмұнда  ұйымдастыруды  талап 
етеді.  Бүл тұрғыда оқыту  мәселесін  Қазақстан Республикасының білім 
беруді 2015  жылға дейін дамыту тұжырымдамасындағы кезендеп бөлу 
мәселесі  бағыттап  отыр.  Негізгі  мектептің  функционадцық  бағыты 
жеткіншектерге  5-10  сыныптарда  кәсіби  бағдардағы  жэне  өзіндік 
анықталған,  этносаралық  жэне  тұлғааралық  қарым-қатынасқа  дайын 
жоғары мәдениетті жастар қалыптастыру  [224,9].
270

Қазақстан  Республикасы  әлемдегі  көпэтносты  мемлекеттердің 
қатарына 
жатады.  Сондыктан  біздің  мемлекетгегі  келелі  мәселелердің 
бірі  -ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі[2].
Қандай  да  болмасын,  қарым-қатынас  жүйесінде  екі  жақтық 
эрекет  болады.  Ол  қарым-қатынастагы  негізгі  роль-атқарушы  да, 
екіншісі-оның  серіктесі  (партнер).  Міне,  қарым-қатынастың  сәтті 
болуы 
осы 
екеуіне 
байланысты. 
Бұл 
құбылысты 
мектеп 
окушыларынан  да,  студентгер  арасынан  да  жақсы  аңгаруга  болады. 
Жаңсак  нанымдар  осы  өзара  қарым-қатынаста  белгілі  әрекет  етуге 
кедергі  жасауы  да,  көмек  беруі  де  мүмкін.  Біздің  жагдайымызда 
республикадагы  негізгі,  түпкілікті  қазақ  этносы  болса,  оның  серіктесі 
қазақпен 
етенелесіп 
кеткен 
орыс 
халқы. 
Ендеше, 
еліміздің 
этносаралық  жақсы,  достық,  келісушілік,  ауызбіршілік  жагдайда 
болуы,  осы  этностардың  өзара  тату,  ынтымақтас  болуынан.  Осындай 
жагдайда  бір-бірімен  тыгыз  әрекет  етуші  индивидтердің  этностық 
ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  олардың  біріккен  іс-әрекетін 
баскарып,  үйымдастыруда  этносаралық  қарым-қатынастагы  өзара 
әсерін  зерттеу  мен  олардың  ішкі  багытын,  жаңсақ нанымдарын,  соган 
орай  этностардың  бірін-бірі  білудегі  кабылдау  ерекшеліктері  мен 
олардын  мәдениет  түрмыс-тіршілігіне  тигізетін  әсерін  аныктау 
қажеттігі туады.
Қазір  экономикапық,  саяси,  әлеуметтік  салаларда,  сонымен 
қатар  оқу-агарту  ісінде  квптеген  өзгерістер  жүріп  жатыр.  Бүрынгы 
қапыптасқан  қүндылықтар  жүйесінің  орнына  жастардың  жеке  басы 
қалыптасуының  негізгі  факторларын  күрайтын  жаңа  психологиялық 
багыттарды қалыптастьфу оңай емес.
Егеменді  Қазақстан  Республикасының  өмірінде  негізгі  рөлді 
қогамның  белсенді  бөлігінің  бірі  -  студенттер  қауымы  алады.  Ол 
жастардың кәсіби дамуы,  әсіресе  қазіргі  заманга сай жеке бастарының 
ерекшеліктерінің  дамуы  қогамның  эрі  карай  дамуымен  тікелей 
байланысты. 
Сондықтан 
да осы 
психологиялық 
зерттеудің
маңыздылыгы 

жастардың этностық 
жаңсақ 
нанымдарын
психологиялық түргыдан  зертгей  отырып,  қогамның  болашақ иелерін 
жеке адам ретінде дүрыс қалыптастыру[267].
Ғылыми 
зерттеуіміздің өзектілігі 
оқыту 
процесіндегі
оқушылардың  этносарапық  озара  эрекетінің тиімділігін  арттыру  жэне 
нәтижелілігін  көтеру  мақсатымен  олардың  танымдық  іс-эрекетіндегі 
аУыл  балалары  мен  қала  балаларының  біріккен  іс-әрекетте  бірін-бірі 
Қабылдау  ерекшеліктері  мен  соган  байланысты  этностық  жаңсақ 
нанымдарының көріну деңгейі анықталды.
271

Осыны анықтауға байланысты біз үш  кезенде  қүрылған  әр түрлі 
зерттеу  жүмыстарын  жүргіздік.  Зертгеу  нэтижелерін  салыстырмалы 
түрде  көрсетеміз.  Себебі,  мектеп  қабырғасындағы  балалардын  кейінгі 
жылдарда  мектеп  бағдарламаларына  үлтгық  танымдық  пәндер 
жүргізілгендіктен  мектеп  кабырғасындагы  балалардың,  этностық 
элеуметтену үдерістеріндегі динамикалы өзгерістерін кереміз.
Зерттеу нәтижелері оқушылардың оқыіу процесіндегі танымдық 
іс-әрекетінің  нәтижелілігінің жоғарылауы  олардың  эгносаралық  өзара 
әрекет етуінің тиімділігіне байланыстылығын, студенттердің этностық 
жаңсақ 
нанымдарының 
көрінуі 
этносаралык 
өзара 
әрекет 
тиімділігімен жүзеге асатындыгын көрсетгі.
Психикалық  дамудың  бір  ерекшелігі  сол  -  студент  есейген 
сайын,  оның  бүрынғы  өмір  жолында  ерекше  орын  алып  келген 
қэсиетгері  мүлдем  жойылып  кетпей,  сапалы  өндеулерден  өтеді.  Оған 
себепші  -  студентгің  жаңа  ортадағы  қарым-қатынасы,  іс-эрекет 
жүйесі. Студенттердін іс-эрекеті белсенділік мэнге ие болады.
Ұстаздардың  басшылығы  арқылы  оқыту  үдерісі  оқушылардың, 
студентгердің 
біріккен 
танымдық 
іс-эрекеті 
олардың 
оку 
нәтижелілігінің  шарты  бола  алады.  Тек  мектеп  қабырғасындағы 
окушылар  мен  студенттік кезендегі  айырмашьшық -  баланың  өзін үлт 
түлғасы ретінде сезінуі.
Студенттік  өмірде  кез  келген  адам  өзін  этнос  өкілі  ретінде 
сезініп,  бір-бірімен  өзара  эрекет  етеді.  Бүл  объективті  қатынас 
жүйесінде  іске  асып,  қоғамдық  өмірде,  танымдық  іс-эрекетге 
қалыптасуымен  анықталады.  Танымдық  іс-эрекет  бір-бірімен  өзара 
әрекет  етуші  жеке  адамдардың  оқу  процесінде  дамып-қалыптасатын 
ерекше психологиялық жағдайы.
Біздін  зерттеулеріміздің  негізгі  объектісі  орыс  жэне  казақ этнос 
өкілдері  болғандыктан,  бүл  этностардың  тарихи  өзгерістерін  де 
байқадық.
Жоғарыда  келтірілген  көзқарасқа  казіргі  кезде  кейбір  психолог, 
этнограф ғалымдар келіссе, кейбір топ өкілдері, керісінше, келіспейді.
Қолымызда  қосымша  колданған  әдістемелік  эдебиеттердегі 
зертгеу  қүралдаржүйесі  жайлы  сөз  етсек,  оларды  қолдану  біздің 
регионымызға,  яғни  территориялық  жағдайларымызға  келмейді. 
Соған  қарамастан  біз  бүл  әдістемелерді  өз  ыңғайымызға  бейімдедік. 
Бүдан  шығатыны  -  қай  халық,  этнос  болмасын,  бір-бірінен  қоршаған 
ортасы, 
эдет-ғүрпы, 
салт-дэстүрі 
немесе 
мекендеген 
табиғат 
климатына байланысты да езгешелене береді. Мысалы, тау халыктары 
таулы,  үстіртгі  жерлерді  мекендейтіндіктен,  ерте  кезден  түрмыс-
272


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет