Монография Шымкент, 2016 жыл



жүктеу 1.85 Mb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата24.03.2017
өлшемі1.85 Mb.
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
 
 

56 
 
Қазығҧрт  ӛңірі  топонимиясының  қалыптасуындағы  этномәдени 
факторлар 
 
Оңтүстік  Қазақстан  ӛлкесі  топонимиясын  зерттеушілері  атап  кӛрсет-
кеніндей: «Аймақтық топонимдердің ӛзіндік ерекшелікпен қалыптасуына 
мынадай негізгі үш фактор әсер етеді: географиялық, этномәдени, тарихи-
әлеуметтік.  Осы  үшеуі  диалектикалық  процесс  үстінде  бірлікте  болады» 
[33, 21 б.]. 
Этномәдени фактор географиялық фактормен тығыз байланыста  
болады,  себебі  этностың  негізгі  кәсібі,  тұрмыс-шаруашылығы  және 
соларға  қатысты  әдет-ғұрыптары  мен  этнотанымы  белгілі  бір 
географиялық  ортада  қалыптасады,  географиялық  орта  оларға  алғышарт 
және негіз болады. 
Белгілі  кеңес  этнографы  Ю.В.Бромлейдің  айтуынша:  «Халықтың 
қалыптасуы  мен  дамуына  оның  әртүрлі  материалдық  мәдениетінің 
сапаларынан  бастап,  этнонимдеріне дейін  географиялық  ортаның  тікелей 
де, жанамалай да әсер еткен кӛріністерін байқаймыз» [52, 264 б.]. 
Географиялық  орта,  яғни  ел  этнос  немесе  аймақ  (ӛлке) 
тұрғындарының 
мекен 
етіп 
жатқан 
территориясының 
физика-
географиялық жағдайы мен ерекшеліктері шаруашылықтың мәдени түрін 
(шаруашылықты жүргізу формасы) таңдау мен айқындауға шешуші ықпал 
етеді. 
Қазығұрт  ӛңірінің  физика-географиялық  жағдайы  мен  ерекшеліктері 
бұл ӛлкеде кӛне замандардан бері кӛшпелі, жартылай кӛшпелі түрінде мал 
ӛсіру,  түрлі  дақылдар  шаруашылықтарымен  айналысу  үшін  ӛте  қолайлы 
болған. Сонымен қатар бұл ӛңірде ежелден қала мәдениеті мен ӛркениеті 
дамыған.   
Шаруашылық  жүргізудің  әр  түрі  сол  шаруашылық  саласымен  
айналысқан  халықтың  материалдық  және  рухани  мәдениетіне  ӛз  ізін 
қалдырады, тіпті сол халықтық мәдениеттің негізі мен алғышарты болып 
келеді. Халықтың шаруашылық түрі, материалдық және рухани мәдениеті 
ұлттың лексикалық жүйесінде бейнеленеді, ономастикалық сӛз қорында ӛз 
кӛрінісін табады. 
«Әр этностың ӛмір сүру сипаты, ұлттың рухани ерекшеліктері, ойлау 
ұғымдары мен бағыт-байламдарын сипаттайтын тілдік жүйесі арқылы ана 
тілде  сақталады.  Ол  –  әр  халықтың  материалдық,  экономикалық, 
әлеуметтік  жағдайына  байланысты  дамитын,  қоғамдық  санасына  сәйкес 
негізделетін»  ұжымның  жадында  жинақталған  жүйе»  (Ю.М.Лотман). 
Олай  болса,  мәдени  атауларының  жүйелі  тілдік  кӛрінісін  мәдениеттің 
метатілі  деп  қарауға  болады»,  –  деп  жазады  қазақ  тіліндегі  этномәдени 
атаулардан     танымдық      негіздерін      зерттеген      ғалым,     профессор  

57 
 
Ж.А.Манкеева [53, 18 б.]. 
Қазақ  мәдениеті  метатілінің  құрамдас  бір  бӛлігі  –  қазақ  тіліндегі 
ономастикалық сӛздік қоры. Әрине, сол баға жетпес ономастикалық тілдік 
байлықта аймақтық топонимиялық бірліктердің де ӛз орны бар. 
Сонымен,  аймақтық  топонимиялық  жүйені  қалыптастыратын 
этномәдени  факторлар  қатарында  шаруашылықтың  мәдени  түрлері 
болатын  болса,  Оңтүстік  Қазақстан  ӛлкесінде  ежелден  отырықшы  және 
кӛшпелі  мәдениеттер  дамыған.  Тарихшы  ғалымдардың  Оңтүстік 
Қазақстан  ӛлкесінде  осы  шаруашылық  түрлерінің  дамуына  ықпал  еткен 
географиялық  жағдай  ерекшеліктері,  экологиялық  факторлар  мен 
Оңтүстік 
Қазақстан 
ӛңірінің 
Ұлы 
Жібек 
жолының 
бойында 
орналасқандығы деп атап кӛрсетті [54]. 
Малшаруашылығын  жүргізу  этномәдени  фактор  ретінде  қазақ 
халқының  ӛмір  болмысына,  тұрмыс-тіршілігіне,  танымына,  әдет-
ғұрыптарына  т.б.  шешуші  әсер  етті.  Ал  енді  қазақ  этносының  бүкіл 
болмысына  ықпал  еткен  тӛрт  түлік  малды  ӛсіру  шаруашылығы  тікелей 
және  жанама  түрде  де  қазақ  тілінің  лексикасында,  фразеологиялық 
қорында тайға таңба басқандай ӛз ізін қалдырды. 
Кӛшпелі  малшаруашылығының  әдіс-тәсілдері  қоршаған  ортаны, 
табиғатты  тиімді  пайдалануға  қатысты  қалыптасып,  дамыды.  Кӛшпелі 
малшаруашылығы  географиялық  ортамен  тығыз  байланысты,  сол 
себептен табиғаттың физика-географиялық жағдайлары мен ерекшеліктері 
қазақ 
тілінің 
халықтық 
географиялық 
лексикасында, 
ұлттық 
топонимиясында  кеңінен  және  нақты  бейнеленеді.  Қазақ  халқының 
табиғат танымы ӛте жоғары деңгейде болған. 
Кӛшпелі  ӛмірдің  қоршаған  ортамен  тығыз  байланысы  және  осы 
байланыстың нәтижесінде қазақ халқының географиялық терминологиясы 
ӛте бай түрде дамығандығы жӛнінде Ғ.Қ. Қонқашбаев былай деп жазады: 
«Ӛмірдің ӛзі кӛшпелі қазақты ӛрістің ерекшеліктерін нақты білуге (бедер 
ерекшеліктерін,  климаттың,  ӛсімдіктердің,  су  қоймаларының  түрлерін, 
оларды  малға  пайдаланудың  маусымдықтық  ерекшеліктерін  т.б.)  ғана 
үйреткен жоқ, сонымен қатар кӛшу кезінде бағыт болатын, қолайсыз ауа 
райында малға пана болатын ландшафттық ерекшеліктерді білуге үйретті. 
Міне,  сондықтан  да  ӛзен-сулармен,  ӛсімдік  әлемінің  ерекшеліктерімен 
байланысты  қазақ  тіліндегі  географиялық  терминдер  кӛп  және  әртүрлі. 
Таудың, алқаптың, ӛзеннің, кӛлдің, жайылымның, керек десеңіз солардың 
бір  кішкене  ғана  бӛлігінің  ӛз  алдына  жеке  атауы  бар.  Мұндай  ерекшелік 
басқа  халықтарда,  әсіресе,  жер  ӛңдеумен  айналысатындарда  жоқ  деуге 
болады» [7, 14 б.]. 
Қазақ  халқы  аса  бай  географиялық  терминологияға  ие  екенін,  сол 
ұлттық  терминологияның  бір  бӛлігінің  (жер  бедеріне  қатысты)  тізімінен 

58 
 
де  байқауымызға  болады:  қолат,  қорым,  құз,  қуыс,  қия,  мүйіс,  ӛзек,  ой, 
ойпаң,  ойпат,  ӛлке,  ор,  ӛр,  сара,  сарыдала,  сахара,  сеңгір,  доңғал,  дӛң, 
дӛңес,  дала,  далашық,  жазық,  жапан,  жертас,  жыра,  жыраша, 
жырашылық,  заңғар,  қапшағай,  қапсағай,  қатпар,  кезең,  кемер,  қобы, 
бұлтақ, бұдыр, даба, дабан, індер, ола, рай, толағай, хамар, аңғар, алқап, 
адыр, айыр,  сырт, тақыр, тарам, тарау, арт, асу, байтақ дала, байыр, 
атанақ,  ая,  ылди,  ық,  шытырмен,  шырым,  шың,  шым,  шұрат,  шүйгін, 
шұқыр, шұңқыр, шұқанақ, сораң, суағар, кӛтерме, құлама, құлау, қыспақ, 
жайылма,  жар,  ширық,  жырық,  қағыл,  бүгілме,  бӛктер,  боз,  кӛгал, 
қоңыр,  қоңырқай,  кӛк,  қара,  борбас,  борбастық,  борпық,  тас,  тӛмпей, 
тӛмпешік, томар, тӛбе, теріскей, тепсең, тебін, шабарты, айдала, алап, 
алаң,  алайатыр,  алқап,  аңыз,  былқылдақ,  шӛп,  шӛлейт,  шоқат,  шоқы, 
шиір, шет, шаңырақтас, шалғын, шақат, шабынды, үстірт, үрме, үңгір, 
үйік,  түрме,  тұмық,  бидайық,  бұтақ,  арқа,  тастақ,  биік,  ашық,  тау, 
сандықтас,  балақтау,  асқартау,  алатау,  қаратау,  тазтау,  қотыртау, 
тӛс,  тӛскей,  ӛртең,  қорған,  қорық,  кӛк  орай,  жайлау,  қараш,  жалағаш 
т.б. [55, 386 б.]. 
Осы  тұста  келтірілген  жер  бедері  (рельеф)  халықтық  терминдері 
жердің  егжей-тегжейіне  дейін,  жайылым  түрлеріне  дейін,  тағы  да  басқа 
кӛптеген  географиялық  сипаты  бар  ақпараттарды  ӛз  бойында  сақтаған. 
Бұл  терминдер  қазақ  жер-су  атауларында  топонимдер  құрамында  жиі 
кездеседі. 
Қазығұрт  ӛңірі  топонимиясында  жоғарыда  кӛрсетілген  терминдердің 
біразы  жергілікті  жер-су  атауларының  пайда  болуына  негіз  болды. 
Мысалы,  тас  –  Адам  тас,  Айнатас,  Ата  тас,  Ана  тас,  Биіктас, 
Емдіктас,  Керегетас,  Күйеутас,  Келіншек  тас,  Қаратас,  Мешіт  тас 
әулие,  Монтайтас,  Сырғыма  су  тас,  Тасбұлақ,  Тастұмсық,  Түсіктас, 
Үйтас, Шілде тас т.б.  
Тас  орографиялық  термині  арқылы  құралған  Қазығұрт  ӛңірі 
топонимдік  атаулары  тек  кӛшпелі  малшаруашылығының  ықпалынан 
пайда  болды  деуіміз  артық  болар,  себебі  таулы  ландшафт  сипатын 
кӛрсететін  бұл  термин  мен  топонимдер  (тас,  әдетте  таулы  аймақтарда 
кӛбірек  кездесетін  орографиялық  термин)  басқа  да  тарихи-мәдени 
мәліметтерге,  ақпараттарға  ие.  Демек,  малшаруашылығынан  басқа  да 
этномәдени  факторларға  байланысты  туындаған.  Бұл  тұста  біз  тас 
компоненті  бар  Қазығұрт  аймақтық  топонимиясында  кездесетін 
географиялық  атаулардың  мәдени,  тарихи  т.б.  ақпараттарын  ашып 
жатпаймыз,  ондай  талдаулар  диссертациямыздың  тиісті  жерлерінде 
жүргізілмек. 
Қазақ ономастикасының білгірі, профессор Т.Жанұзақтың айтуынша: 
«Қазақ тілі ономастикасының лексикалық құрылымы азды-кӛпті болса да, 

59 
 
кӛне заманнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі халқымыздың тарихи-мәдени 
ӛрісінің  ізін  толық  кӛрсете  алады.  Олардың  құрамында  тӛл  сӛзімізден 
қойылған атаулармен қатар басқа тілдерден енген атаулар да бар». 
Қазақтың 
халықтық 
географиялық 
терминологиясына 
және 
топонимиясына  еніп  кеткен  сӛздер  қатарындағы  ирандық  сенгяр 
географиялық апеллятивті Қазығұрт ӛңіріндегі Қызылсеңгір тау атауының 
құрамында  белгілі.  Қазығұрт  ӛңірі  топонимдер  құрамында  кездесетін 
географиялық  терминдердің  бір  бӛлігі  –  малшаруашылығы  этномәдени 
факторға  қатысты  туындаған  және  географиялық,  этномәдени  сипаттағы 
ақпараттарға ие. 
Мәселен,  ащы  термині  арқылы  жасалған  аймақтық  топонимдердің 
географиялық – этномәдени ақпараттарын алып қарайық. 
Ащы  –  Ташкент-Тұрбат  жолының  Шарбұлақ  ауылы  тұсындағы  жер 
аты. Ауылдан 4-5 шақырым жерде. Итӛлген сайы арқылы ӛтетін жолдың 
бойындағы жолаушылар аялдайтын жалғыз елді мекен болған. Бұрын бұл 
жерде  аумағы  әжептеуір  тұзды  кӛл  болыпты.  Оған  қамыс  ӛскен.  Тұщы 
бұлақ та болған. 
Ащы атауынан басқа да Ащы Қарабау – елді мекен аты, Ащысай – сай 
аты,  Ащы  бұлақ  –  бұлақ  және  елді  мекен  атауы  Қазығұрт  ӛңірінде 
кездеседі. 
Ғ.Қ.Қонқашбаевтың  «Казахские  народные  географические  термины» 
атты  мақаласында  ащылар  жӛнінде  былай  делінген:  «Ащылар  жазықта 
ағатын ӛзендердің алқаптарында кӛп және солардың ойықты жағаларында 
орналасады.  Ащылардың  топырағы  тұзды,  шӛбі  шүйгін  келеді,  малға 
жақсы  жайылым.  Ащы  термині  кӛптеген  гидрографиялық  объектілердің 
құрамында  кездеседі:  Ащы,  Ащысай,  Ащыбұлақ,  т.б.  Ащы  терминінің 
синонимдері – ащылауыт, сортаң, тақыр, шақат». 
Тӛрт  түлікті  ӛсірудегі  әдіс-тәсілдер  тек  жайылымдардың  шӛбіне 
қарай  қатысты  түзілмеген,  сонымен  қатар  жайылымдардың  маусымдық 
түрлері,  жер  бедерінің  ерекшеліктері  есепке  алынып,  кӛшпелі 
малшаруашылығын жүргізу барысында іске асырылып отырған. Мәселен, 
кӛшпелілер  кӛбінесе  малды  желден  ық  болатын  таудың  күнгей  жағына 
жайған.  Қары  қалың  жерлер  таудың  теріскей  беттері  қыстың  бастапқы 
кезінде  немесе  аяғында,  ал  жазық  жерлер  мен  таудың  теріскей  беттері 
қыстың ортасына қарай пайдаланылған. 
Жазғы  жайылымдар  мұнан  ӛзгеше.  Кӛшпелілер  жайлауға  шӛбі  ну, 
құнарлы  жазық  жерлерді  немесе  қыс  кезінде  қардың  қалыңдығынан, 
боранның  күштілігінен  пайдалануға  мүмкіндік  болмаған  биік  тауларды 
таңдаған. Күздің алғашқы айларында-ақ бұл алқаптарды қар басып, суық 
түседі де, мұнда қыс бойы мал аяғын баса алмайды. 
 Жазғы жайылымның енді бір түрі – жерасты суы жақын, шӛбінің  

60 
 
құнарлығы күзге дейін сақталатын жерлер. Қырдағы ӛсімдіктер тек судың 
тапшылығынан тез қурап, құнарлығын тез жоғалатады. Таулы алқаптарда 
кӛшпелілер  малды  желдің  ӛтінде  жаюға  тырысқан  және  жайылымға 
таудың  теріскей  беттерін  немесе  күнгей  жақтағы  шатқалдың,  шыңның 
табандарын пайдаланған. Құрғақшылық кездері күннің ыстығында малды 
таудың биік жерлеріне, желдің ӛтіне жайған» [33, 24 б.]. 
Малшаруашылығымен  айналысқан  қазақ  халқының  географиялық 
нысандарға  ат  қоюында  сол  шаруашылық  түріне  қажеттіктер  толық 
ескерілген.  Біріншіден,  жер  бедерінің,  ӛсімдік  жамылғыларының, 
ландшафт  ерекшеліктерін,  табиғи  су  нысандарының  мал  ӛсіру 
мүдделеріне  қарай  малшы  қазақ  мұқият  жіктей  білген.  Қоршаған 
ландшафтты  танып-білу  және  күнделікті  ӛмір  тіршілігінде  бұл  білімді 
пайдалану барысында жинақталған тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілген. 
Міне,  осындай  географиялық  және  этнотанымдық  ақпараттар 
Қазығұрт  ӛңірінде  де  ғасырлар  бойы  халықтың  жадында,  танымында 
сақталып  келген.  Тек  Қазан  тӛңкерісінен  кейінгі  жылдарда  қазақ 
халқының  тарихи-әлеуметтік  және  экономикалық  жағдайы  (материалдық 
ӛндіріс түрі) күрт ӛзгеріп кеткен соң, мұндай ақпараттық құндылығы мол 
топонимдік 
(микротопонимдік) 
жүйенің 
ішіндегі 
географиялық 
атаулардың байланыстық құрылымы әлсірей бастады. Мәселен, белгілі бір 
топонимдер  (микротопонимдер)  жайылым  аттары  екені  ұмытылып,  жай 
жер  аты  ретінде  танылып  қалды,  сол  сияқты  қыстау,  жазғы  және  күзгі 
жайлауларының  аты  ретінде  емес,  белгілі  бір  бұлақ,  жер,  тӛбе,  тау  т.б. 
атаулары  түрінде қолданылатын  болды.  Осы  құбылыстың  басты  себебі – 
қазақ  ӛмірінде  кӛшпелі  малшаруашылығы  материалдық  ӛндіріс  түрі 
ретінде жойылды, тарихи құрдымға кетті. 
Дегенмен,  қазақ  топонимиясында  соның  құрамдас  бір  бӛлігі  болып 
саналатын  кез  келген  аймақтық  (жергілікті)  топонимиясында  кӛшпелі 
малшаруашылығына  тікелей  немесе  жанама  қатысы  бар  жер-су  аттары 
күні  бүгінге  дейін  сақталған.  Топонимдердің  осындай  кумулятивтік 
қызметі  арқылы  талай  ғасырлық  тәжірибеден  туындаған  малшаруа-
шылығын  жүргізу  тәсілдері  мен  кӛріністерін  аймақтық  топонимиядан  да 
байқауымызға болады. 
ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  Қазақстан  жерінің 
табиғи  жағдайындағы  ерекшеліктерге,  тарихи  кезеңдерге  байланысты 
қазақтардың  шаруашылығында  айтарлықтай  ӛзгешеліктер:  1)  кӛшпелік 
жағдайда мал ӛсіру; 2) жартылай кӛшіп мал ӛсіру, қыстау тӛңірегінде егін 
салу;  3)  отырықшылық  жағдайда  мал  мен  егін  шаруашылығын  қатар 
жүргізу қалыптасты [56].  
Қазығұрт  ӛңірінің  табиғи-географиялық  және  климаттық    жағдай-
ларына байланысты қазақ шаруашылығының жоғарыдағы кӛрсетілген үш  

61 
 
түрі де ежелден осы ӛңірде орын алған. 
«Шаруашылықтың  жартылай  кӛшпелі  түрі  дала,  орманды,  таулы 
ӛңірлерде  қысқы  тұрақтарға  қоныстану  сақ,  үйсін  тайпаларында  кең 
таралған  болатын.  Кӛшудің  тағы  бір  түрі  –  вертикальді  кӛшу  таулы 
аймақтарға,  әсіресе  Қазақстанның  шығыс  және  оңтүстік-шығыс 
аудандарына  тән  болды.  Қыстаулар  тау-ӛзен  аңғарларында,  суық 
желдерден  қорғалған,  ық,  тосындау  жерлерде,  тауалды  кӛктемгі 
жайылымдар  болса,  биік  альпілік  шалғындарға  (жайлау)  кӛтеріліп 
отырған» [57, 154-155 бб.]. 
Қазығұрт  таулы  ӛлкесінің  малшаруашылығына  жайлы  жақтары 
жӛнінде мынадай мәліметтерді келтіруге болады:  «Ауданды үш жағынан 
қоршай орап Ӛгем, Қаржан (Қосмола) және Қазығұрт таулары жатыр. Бұл 
таулар елдің алтын қоры болып саналады. Климаты жайлы, қоңырсалқын. 
Жайлау ретінде шӛбі шүйгін, мал азығы болатын ӛсімдіктерге бай. Елдің 
негізгі  байлықтарының  бірі  болып  саналатын  малы  суық  түскенге  дейін, 
тіпті,  қар  жауғанша  жайылады.  Сондықтан  да  олар  қоңды,  мал  қыстату 
науқанына шыдамды болып келеді. Нәтижеде мал басының кемуіне, ӛлім-
жітімнің кем болуына септігін тигізеді» [19, 49 б.]. 
Қазығұрт  ӛңірінің  тау  жайлаулары  кезінде  жергілікті  елдің 
малшаруашылығында  кең  түрде  пайдалынылған.  Сондай  жайлаулардың 
қатарында  Ала  қысырақ  аңқи,  Аңқи  жайлауларын  атауға  болады. 
Мәселен, Аңқи – Қазығұрт тауынан 40-45 шақырым қашықтықта оңтүстік-
батыста  созылып  жатқан  тау  аңғарындағы  кең  жайлау.  Кӛктем,  жаз 
айларында  шӛп  жамылғысы  кӛрікті,  қызғалдағы  құлпырып,  шырыш, 
сасыр, құлқайыры жайқалып, тартып тұрады. 
Аймақтық  (жергілікті)  тіл  ерекшеліктерінің  бір  кӛрінісі  (дерегі) 
ретінде Қазығұрт ӛңірінде жайлау атауы ретінде аңқи сӛзі қолданылған. 
Белгілі 
бір 
аймақта 
(территорияда) 
малшаруашылығын 
ұйымдастырудың  түрлері  мен  тәсілдерін,  ерекшеліктерін  кӛрсететін 
жергілікті  кейбір  топонимдер  болса,  солардың  қатарында  малдың 
қоражайына байланысты жер-су аттары бар. 
Кӛшпелілердің  әдетте  қыстау  маңында  арнайы  қоршалған  ашық 
немесе жабық қалқалары бар тастан, ағаштан, қамыстан, шымнан, қидан, 
шӛп-шаламнан  жасалған  қоражайлары  болған.  Шӛл  және  шӛлейт 
аудандары мен таулы ӛңірлеріндегі мал қораларының айырмашылықтары 
едәуір  екені  байқалады.  Мәселен,  Мойынқұм  мен  Қызылқұм  жерінде 
сексеуілден, тоқылған қамыстан ашық қоралар салынса, таулы аудандарда 
тастан  тұрғызылған,  тӛбесі  жабық  қоралар  немесе  үңгірлер  қоражайлар 
ретінде  пайдаланылған.  Осындай  тас  қоралар  Қазығұрт  ӛңірінде 
Қазығұрт қорасы, Қазығұрттағы қос үңгір, Жалтыр үңгір, Айшақора,  
Тасқора сынды жергілікті топонимдермен аталған. 

62 
 
Мал ӛсіру ісінде табиғи сулар, су кӛздері, суаттар үлкен рӛл атқарған. 
Ӛзендер 
мен 
бұлақтар 
тау 
ӛлкелерінде 
кӛп 
болғандықтан, 
малшаруашылығында сол табиғи суаттар пайдаланылған. Қазығұрт таулы 
ӛңірінде  табиғи  су  кӛздері  –  ӛзендер  мен  бұлақтар,  бастаулар  молынан 
кездеседі:  Қотырыза,  Ызабұлақ,  Атбұлақ,  Ортабұлақ,  Жарбастау, 
Суықбастау,  Базарбай  бұлақ,  Бӛрішбұлақ,  Сырлы,  Кӛзді  ата  бұлағы, 
Кӛктӛбе  бұлағы,  Сасықбастау,  Күмісбұлақ,  Кезеңбұлақ,  Кӛкбұлақ, 
Кемербастау,  Кӛлбастау,  Кекілікбастау,  Қарабастау,  Қызылбұлақ, 
Қотырбұлақ, 
Құндыбұлақ, 
Маржанбұлақ, 
Молбұлақ, 
Майбұлақ, 
Талдыбұлақ,  Тасбастау,  Тәттібастау,  Тасбұлақ,  Терісбұлақ,  Ұябұлақ, 
Үшбастау,  Шарбұлақ,  Шошқабұлақ,  Бадам,  Доңызбұлақ,  Борбас, 
Жалпақсу, Қаржан, Ӛгем, Рабат, Ұя т.б. 
Табиғи  су  суаттары  жоқ  далаларда  мал  суару  үшін  құдықтар 
қазылатын  [56,  172  б.].  Қазығұрт  ӛңірі  табиғи  су  кӛздеріне,  табиғи 
суаттарына  бай  болғандықтан  құдықтар  ӛте  аз  кездеседі:  Күбіқұдық, 
Бӛлешқұдық, Тасқұдық т.б.   
Қазығұрт  ӛңірінің  аймақтық  топонимиясында  үй  жануарларына 
байланысты  топонимдер  кездеседі,  дегенмен  тӛрт  түлікке  қатысты 
географиялық атаулар кӛп те емес. 
Қазақстанның  орасан  кең  территориясында  географиялық  ортаның 
ерекшеліктеріне  сай  тӛрт  түліктің  белгілі  бір  түрлері  геоэкологиялық, 
ландшафттық-климаттық  зоналарға  байланысты  басым  түрінде  ӛсіріледі. 
Мәселен,  шӛл,  шӛлейт  зоналарда  басым  түрінде  түйе  малы  ӛсіріледі,  ал 
Сарыарқаның  бетегелі,  қауданды  боз  оттарында  негізінен  жылқы  түлігі 
ӛсірілген.  Халық  жырындағы:  «жылқыны  мыңнан  ӛсірген  –  Арқаның 
тарлау  бозы  екен»  –  деген  сӛз  тегін  айтылмаса  керек  [56,  156  б.]. 
П.С.Паллас қазақтардың малшаруашылығымен шұғылданғанын айта келе, 
жылқы, қой, түйе, ешкі ұстайтынын, кӛшпелі малшаруашылығында сүтті 
ірі  қараның  ӛсіп-ӛнуіне,  әсіресе,  қысқы  уақытта  табиғат  жағдайларының 
кедергі келтіретінін, тек жылқы мен қой малының басты орын алатынын 
атап  жазады  [58,  178  б.].  Қазығұрт  аймақ  топонимиясында  Қарақозы, 
Нарқұлаған,  Ақбура,  Ала  қысырақ  аңқи,  Айғырұшқан,  Айғыржыққан, 
Азартеке, Айғыржар, Биесыймас, Жылқыбайбұлақ, Итӛлген, Қошқарата, 
Қошқарсойған, Текесу, Түйетас, Текеқамау,  т.б. зоотопонимдер бар. Осы 
келтірілген мал (тӛрт түлікке) атауларына қатысты топонимиялық тізбекте 
басым  кӛпшілігі  жылқы  мен  қойға  қатысты  атаулар.  Осы  кішкене 
тізбектің  ӛзінен  де  қазақ  малшаруашылығында  жылқы  мен  қой  түлігінің 
басты  орын  алатынын  байқауымызға  болады.  Дегенмен,  аталған  ӛңірде 
түйе мен ешкі малын ӛсіргендігі жӛнінде дерек ала аламыз. 
Үй  жануарлары  аттарымен  қойылған  Қазығұрт  ӛңірі  тононимдері 
метафоралық  атау  болып келеді  немесе  белгілі  бір  жануарға  байланысты 

63 
 
тікелей  сол  жерде  болған  оқиғаны  кӛрсетеді.  Мысалы,  Түйетас  атауы 
ұқсату  белгісіне  байланысты  қойылған  болса,  жергілікті  халықтың 
этимологиясы  бойынша  Биесыймас  атауы  сол  жерде  ӛскен  қамыстың 
қалыңдығы  соншалық,  тіпті  оның  арасымен  бие  де  жүре  алмайды 
дегеннен  шыққан.  Бірқатар  етістікті  топонимдер  немесе  сӛйлем 
ыңғайындағы  жергілікті  географиялық  атаулар  белгілі  бір  жануарға 
қатысты  тікелей  сол  жерде  болған  оқиғаны  кӛрсетеді:  Айғырұшқан, 
Айғыржыққан, Нарқұлаған, Қошқарсойған т.б. 
Қазығұртта  құс  атауларына  байланысты  да  жер  атаулары  кездеседі. 
Мысалы,  Кекілікбастау  –  су  кӛзі,  Лашынхана  –  биік  шың,  Бүркітұя  – 
шың, т.б. Бұл зоонимдік географиялық атаулар Қазығұрт ӛңірінде аталған 
құстардың  болғанын,  кездесетінін  кӛрсетеді  және  сонымен  бірге  осы 
ӛңірде  құсбегілік,  саятшылық  кәсіптің  дамығаны  жайында  да  хабардар 
етеді.  «Кӛшпенді  малшаруашылығының  дамуына  алғышарт  рӛлін 
аңшылық кәсіп атқарған. Аң  аулауда жергілікті қазақтар бүркіт пен тазы 
иттерді  пайдаланған.  Үйретілген  аң  аулайтын  құстардың  ішінде  бүркіт, 
сұңқар,  қаршыға  маңызды  рӛл  атқарған.  Сұңқар  құстарды  кеудесімен 
қағып  түсірсе,  ал  лашын,  ителгі,  бүркіт  –  қасқыр,  түлкі,  қоян,  бӛкен, 
үйрек, дала қаздарын т.б. аулайды. Олардың артынан тазы иттерді салып 
отырған.  Тәулігіне  кейде  5-15  бӛкен,  күзгі  аң  аулау  кезінде  қаршыға  50-
150 үйрекке дейін аулайтұғын. Аң аулауда ең басты маусымдық ерекшелік 
қыс  айларында  аңға  бүркітпен,  кӛктем-күз  аралығында  қаршыға, 
ителгімен  шығатын.  Құсбегілер  барлық  жыртқыш  құстардың  ептілігін 
болжап анықтай алған» [57, 159 б.]. 
«Кӛшпелі 
малшаруашылығын 
жүргізу 
барысында 
табиғи 
географиялық  нысандар  кӛптеген  қызмет  атқарған  деп  есептеуімізге 
болады.  Мәселен,  кейбіреулері  жайылым,  суат,  қоражай  т.б.  ретінде 
пайдаланылған.  Ал  енді  кейбір  табиғи  нысандар  мен  оның  атаулары 
(топонимдер), сонымен бірге мал ӛсіру жағдайында кӛші-қон кезінде белгі 
қызметін  атқарған.  Белгі  қызметін  атқару  үшін  топонимдер  сол  немесе 
басқа  бір  географиялық  нысанның  айрықша  белгісін  бӛліп  кӛрсетуі 
керек», – деп жазды кезінде белгілі географ-топонимист Ғ.Қонқашбаев [7, 
22 б.]. 
Қазақ  топонимдерінің  басым  кӛпшілігі  бағыт-бағдарды  оңай 
айқындайтын  табиғи  (географиялық)  нысанның  айрықша  белгілерін 
кӛрсетеді.  Сондай  белгілердің  қатарына  аталған  жер-су  нысандарының 
түсін, түрін, пішінін, кӛлемін т.б. ерекшеліктерін жатқызуға болады.  
Кӛшпенді  қазақтардың  географиялық  нысандарын  мал  жаю,  кӛшу-
қону  мұқтаждықтарына  сәйкес,  яғни  бағдар-бағытты  айқындау  үшін 
кӛзімен  кӛру  қабілеті  айрықша,  ӛте  жоғары  болған.  ХІХ  ғасырдың 
«орыстың  Гумбольдті»  деп  атанған  саяхатшы  П.А.Чихачев  былай  деп 

64 
 
жазған:  «Қазақтарға  тән  ӛзгеше  қасиеттердің  ішінен  есту  мен  кӛргенін 
жадында сақтау қабілеттерінің айрықша екенін атау керек. Рас, кӛшпенді 
халықтардың  бәрі  мұндай  қабілетпен  ерекшеленеді.  Бұған  кӛптеген 
дәлелдерді  Шығыс  елдерін  толассыз  шарлаған  кезімде  алтайлықтардан, 
тувалықтардан  және  де  басқа  сібір  халықтарынан  ғана  емес,  арабтардан 
да,  күрдтерден  де  және  түріктерден  байқадым.  Бірақ  бұл  халықтардың 
ішінен  осы  қабілеттерінің  шектен  тыс  дәрежеде  дамуымен  мені 
қазақтардай  таңқалдырғаны  есімде  қалмапты.  Қазақтарды  бақылаған-
дардың барлығы да олардың бұл ерекшелігіне таңқалған» [59, 115 б.]. 
Қазығұрт  аймақтық  топонимиясында  қазақтардың  кӛзінің  кӛргіштік 
қабілеті  ерекшелігіне  негізделген  топонимдер  жиі  кездеседі.  Қазығұрт 
топонимиясында,  мәселен,  түске  байланысты  географиялық  атаулар  аз 
емес.  Бұлардың  құрамында  қара,  ақ,  қызыл,  сары,  кӛк,  боз  сын  есімдері 
ұшырасады.  Бұл  түсті  білдіретін  сын  есімдер  әдетте  аталған  нысанның 
түсін  немесе  түрін  білдіреді  де,  тау,  тас,  тӛбе,  бұлақ,  су,  құм,  сай  т.б. 
географиялық  нысандарды  анықтау  үшін  қызмет  етеді.  Бағыт-бағдарды 
анықтау  үшін  түс  белгісімен  аталған  табиғи  нысандардың  аталған  түске 
байланысты  түстен  бӛлек  сипаты  бар  екендігі  жӛнінде  А.Н.Кононов, 
Е.Қойшыбаев  т.б.  ғалымдар  жазған.  Мәселен,  Е.Қойшыбаев  Ақтӛбе, 
Ақдӛң топонимдеріндегі «ақ» – сын есім, «шӛп», «шӛпті» деген мағынаны 
білдіреді  деп  санайды  [60,  185  б.].  Геологтардың  пікірінше,  Ақтас, 
Ақтасты,  Ақтау,  Ақдӛң  сияқты  оронимдеріндегі  «ақ»  осы  аталған 
орографиялық нысандардың құрамында гипс, әк, мәрмәр т.б. бар екендігін 
кӛрсетеді.  Ал  академик  А.Н.Кононов  ӛзінің  мақаласында  ақ  лексикалық 
элементті  гидронимдерде  ежелгі  түркі  тілдеріндегі  «ағу»  деген  мағынада 
қолданылып,  осыдан  кейін  Ақсу  –  «ағынсу»  дегенді  білдіреді  деп 
кӛрсетеді [61, 83 б.].  
Қазақ  тілі  лексикасындағы  кӛпмағыналық  сӛздердің  бірі  –  қара 
сӛзімен  Қазығұрт  жер-су  атауларының  құрамында  тӛмендегідей 
топонимдер  кездеседі:  Қаратас,  Қарабау,  Ащықарабау,  Қаракемер, 
Қарашоқы,  Қарабастау,  Қарақозы  т.б.  Байқап  отырсақ,  бұл  атауларда 
қара  сӛзі  табиғи  (географиялық)  нысанды  атайтын  терминнің  алдында 
келіп,  анықтауыштық  қызмет  атқарып  тұр,  яғни  аталған  нысанның  түсін 
айқындап  кӛрсетуде.  Сонымен  бірге  кейбір  топонимдерде  қара  сӛзі 
географиялық  нысаны  түстен  бӛлек  сипатын  да  меңзеп  тұр.  Мәселен, 
Қаратас  атты  орографиялық  объектілердің  қара  түсті  болуы  тастың 
құрамында темір қосындылары болуынан деп  есептеледі, яғни  қара түсті 
тастар темірі бар тастар, ал, мәселен, кӛк түсті тастарда мыс қосындылары 
(рудасы)  болады,  ал  ақ  тастарда гипс, әк, ақ түсті мәрмәр болатындығын  
ақ сӛзі (анықтауыш) кӛрсетеді. 
Қазығұрттағы ақ сӛзіне байланысты топонимдер (микротопонимдер)  

65 
 
түрлі  географиялық  нысандарға  қатысты  қойылған:  Аққұм  –  терең  сай, 
аңғар (каньон), Ақбура – бұлақ, Ақбастау – бастау, Ақжар – жар, Ақсай – 
тақыр сай, Ақпарақ – ӛзен, Ақтас – қырат, Аққұм – ауыл, Ақкӛйлек – бұлақ 
т.б. 
Ақ сӛзіне қатысты жоғарыда келтірілген геологтардың пікірін, яғни ақ 
сӛзі, түстен басқа мәндермен байланысты, дәлдеп айтсақ гипс, әк, мәрмәр 
сипаттарында  да  айқындайтынын  Қазығұрттағы  Аққұм  каньоны  арқылы 
да  дәлелдеуімізге  болады.  Ӛйткені  осы  каньонның  тастарын  жергілікті 
тұрғындар  әк  ретінде  пайдаланады.  Ақтас,  Ақсай,  Ақжар,  Аққұм 
географиялық атауларындағы ақ аталған табиғи нысандарының ақ түсіне 
байланысты  қойылған деп есептеуімізге болады. Мысалы, Ақбастау  елді 
мекені  ақ  топырақты  жер  қойнауынан  шығып  жатқан  суы  мол  (ақ) 
бұлақтың  атымен  аталса,  Ақжар  елді  мекеннің  атауы  ақ  топырақтан 
түзілген үлкен жарларға байланысты туған.  
Қызыл  сӛзі  Қазығұрттың  аймақты  топонимиясында  кӛптеген  жер-су 
аттарында кездеседі: Қызылдала – елді мекен, Қызылсеңгір – елді мекен, 
тау; Қызыл бұлақ – бұлақ, Қызылата – ӛзен, Қызылқыр – тӛбе, Қызылқия 
– ауыл, Қызылтал – ауыл, Қызылтаң – елді мекен, Қызылту – елді мекен. 
Мұндағы  Қызылдала,  Қызылсеңгір,  Қызылқыр,  Қызылқия  атауларындағы 
қызыл  сӛзі  сол  объектідегі  топырақтың,  тастың,  ӛсімдіктің  түсіне 
байланысты  алынса,  Қызылтаң,  Қызылту,  Қызыл  диқан  атаулары  Кеңес 
үкіметі  орнау  кезеңінде,  яғни  ӛңірдегі  колхоздастыру  (коллективизация) 
жұмысының барысында берілген.  
Қазығұрт ӛңірінде кӛк сӛзінің қатысуымен жасалған атаулар: Кӛкбек, 
Кӛккор,  Кӛкбұлақ,  Кӛкжаңғақ,  Кӛкмойын,  Кӛктерек.  Мұндағы  Кӛкбек, 
Кӛккор,  Кӛкбұлақ,  Кӛктӛбе,  Кӛкжаңғақ  атаулары  жердің  түсіне 
байланысты  қойылса,  жергілікті  тұрғындардың  пікірінше,  Кӛкбұлақ 
атауындағы кӛк – «кӛкжӛтел» мағынасында қолданылып, бұлақ «жӛтелге 
қарсы емдік су» ретінде аталған. 
Құрамында  сары  сӛзі  бар  топонимдер  Қазығұртта  санаулы  ғана: 
Маңсары,  Сарыүйсін,  Сарыалма.  Сарыүйсін  атауы  этнонимдік  топоним 
болып  саналады,  себебі  жер  ру  атымен  қойылған,  яғни  сол  жерді 
сарыүйсіндер  мекендеген  болуы  керек.  Алайда  түркі  (қазақ) 
топонимиясында  сары  түрлі  мағынада  қолданылады.  Мәселен,  Оңтүстік 
Қазақстан топонимиясында сары – «үлкен кӛк», «кең» мағыналарында да 
белгілі екенін қырғыз топонимист ғалымы К.Қонқабаев та кӛрсеткен [62, 
101 б.].  
Қазақ  географиялық  атауларындағы  сары,  сар  сӛздерінің  түп  тӛркіні 
кейде  иран  (тәжік)  тілдеріндегі  «басты»  (главный,  главной)  түбірінен 
(мағынасынан), болмаса түркі тілдеріндегі сары – «просторный, широкий, 

66 
 
сложный»  мағыналармен  байланысты  екенін  Е.Қойшыбаев  ӛз  сӛздігінде 
атап кӛрсеткен [63, 101 б.]. 
Түр-түске қатысты қойылған топонимдер  негізінен адамдардың кӛру 
арқылы  қоршаған  ортаны  қабылдау,  тануымен  байланысты.  Олай  болса, 
Қазығұрт  ӛңірі  географиялық  атауларының  арасында  нысанның 
(объектінің)  түсін  білдірмесе  де,  түрін  және  де  басқа  кӛріністерін 
білдіретін бірнеше атаулар бар: Айнатас, Жалтыр, Жалтырүңгір, Сырлы, 
Кілемтас.  
Бұл  топонимдерде  объектілердің  қасиеттері  мен  сипаттары  негізінен 
адамдардың  кӛру  қабілеті  арқылы  сӛзде  таңбаланған.  Мысалы,  Сырлы, 
Кілемтас  атаулары  нысанның  түрлі  түске  боялған  кілемдей  құлпырып 
жатуынан, сан түрлі бояумен сырланғандай кӛрінетіндігінен пайда болған.  
Қазығұрт  топонимиясындағы  сандық  мәндегі  сӛздер  де  адамдардың 
нысандары  кӛзбен  кӛру  қабілетіне  байланысты  қойылған  деп 
есептеуімізге  болады.  Алайда  кейбір  жалқы  есімдердегі  (топоним, 
этноним,  антропонимдер)  сан  атаулары  басқа  мағыналарға  да  ие  болуы 
мүмкін. 
Ономаст 
ғалымдар 
Т.Жанұзақовтың, 
Е.Қойшыбаевтың 
зерттеулеріне  зер  салсақ,  жалқы  есімдердің  (топоним,  этноним, 
антропоним)  және  фразелогиялық  тіркестердің  құрамында  кейбір  сан 
есімдер  ӛзінің  бастапқы  мағынасынан  ауытқып,  басқа  мағынаға  ие 
болатындығын да кӛреміз [64, 65 б.]. 
Қазығұрт  топонимиясындағы  сан  есімдер  кӛбінше  ӛзінің  тура 
мағынасында  қолданылады.  «Бір»  мағынасында  жалғыз  сӛзі  тӛмендегі 
топонимдерде  кездеседі:  Жалғызбастау,  Жалғыз  долана,  Жалғызтал, 
Жалғызқұдық.  Қазығұрт  ӛңірі  топонимиясында  жарты  сӛзі  де 
қолданылған: Жартытӛбе.  
Қатар орналасқан табиғи нысандарды атау үшін қос сӛзі қолданылады 
да  «екі»  деген  сандық  мағынаны  білдіреді.  Қосағаш,  Қосмола, 
Қазығұрттағы  қос  үңгір.  Екі  сӛзіне  байланысты  Екі  Заңғар  тау  аты  бар. 
Қазығұрттағы  үш  санымен  байланысты  атаулар:  Үштемір,  Үштӛбе, 
Үшбастау, Үшбұлақ, Үшборбас болып келеді.  
Қазығұрт  аймақтық  топонимиясында  тӛрт  сӛзіне  қатысты 
географиялық  атаулар  да  кездеседі:  Тӛрткүл  тӛбе,  Тӛртқұдық, 
Шарбұлақ.  Шарбұлақ  атауындағы  шар,  чар  түбірі  парсы  тілінде  «тӛрт» 
деген мағынаны береді. 
Шарбұлақ  атауының  шығуы  туралы  жергілікті  тұрғындарда 
мынандай  аңыз  бар.  Аңыз  бойынша,  жоңғар  қалмақтары  қазақ  жерін 
басып  алғаннан  кейін  алым-салықты  кӛбейтіп,  тіпті  ауызсуға  да  салық 
салған. Ел судан  әбден  тарыққан  кезде  әулие  Ысмайыл  ата таяғын тӛрт  
жерге сұғып алғанда, сол орыннан тӛрт бұлақ қайнап шыққан екен. 
Қазығұртта алты санына байланысты Алтыбұлақ, ал жеті сӛзіне  

67 
 
қатысты Жеті ЗағараЖетіүңгірКіші Жетісу топонимдері бар. 
Қырық  және  мың  сӛздерінен  құрылған  топонимдер  аталған 
географиялық  нысанның  нақты  санын  кӛрсетпейді,  «кӛп»  мағынасында 
қолданылған. 
Аймақтық  топонимиясының  «айнасында»  жергілікті  географиялық 
ортаның сипаты мен ерекшеліктері ғана географиялық атаулар арқылы ӛз 
кӛріністерін  беріп  тұрған  жоқ,  сонымен  қатар  сол  аймақ  тұрғындарының 
кәсібі, 
тұрмыс-тіршілігі, 
әдет-ғұрыптары 
топонимиялық 
(микро-
топонимиялық) жүйеде ӛз ізін қалдырып отырған.  
Кӛшпелі 
малшаруашылығы 
географиялық 
ортамен 
тығыз 
байланысты,  оның  ішінде  мал  жаюдың  ерекшелігі,  тәсілі,  формасы 
физика-географиялық  ерекшеліктермен  арақатынаста  болады.  Кӛшпелі 
ӛмірдің  қоршаған  ортамен  тығыз  байланысы  қазақ  тілінің  лексикалық 
құрылымына әсер етпей қоймайды. Бұл жӛнінде 1951 жылы Ғ.Қонқашбаев 
былай  деп  жазған  еді:  «Ӛмірдің  ӛзі  кӛшпелі  қазақты  ӛрістің 
ерекшеліктерін  нақты  білуге  (бедер  ерекшеліктерін,  климаттың, 
ӛсімдіктердің,  су  қоймаларының  түрлерін,  оларды  малға  пайдаланудың 
маусымдық ерекшеліктерін т.б.) ғана үйреткен жоқ, сонымен қатар кӛшу 
кезінде  бағыт  болатын,  қолайсыз  ауа  райында  малға  пана  болатын 
ландшафттық ерекшеліктерді де білуге үйретті. Міне, сондықтан да бедер 
элементтерімен,  ӛзен-сулармен,  ӛсімдік  әлемінің  ерекшеліктерімен 
байланысты  қазақ  тіліндегі  географиялық  терминдер  кӛп  және  әртүрлі 
таудың,  алқаптың,  ӛзеннің,  кӛлдің,  жайылымның  т.б.  кішкене  ғана 
бӛлігінің ӛз алдына жеке атауы бар. Мұндай ерекшелік басқа халықтарда, 
әсіресе, жер ӛңдеумен айналысатындарда жоқ деуге болады» [16, 24 б.]. 
Академик  Ю.В.  Бромлей  және  Ғ.Қонқашбаев  атаған  заңдылықтар 
Қазығұрт  ӛңірі  топонимиясында  ӛз  кӛрінісін  тапқан  деп  есептеуімізге 
болады.  Бұл  ӛңірдің  физика-географиялық  ерекшеліктері  және  де  сол 
ерекшеліктерге  негізделген  малшаруашылығының  кейбір  сипаттары 
аймақтық топонимияда (микротопонимияда) топонимдер (микротопоним-
дер)  арқылы  тілдік  (ономастикалық)  деңгейде  вербалданған,  яғни 
кӛрсетілген.  Осы  ойымызды  айғақтайтын  топонимиялық  деректер 
тараушада кеңінен берілген. 
Қазығұрт  ӛңірі  топонимиясы  қалыптастырған  этномәдени  факторлар 
қатарына  малшаруашылығымен  қоса  егін  шаруашылық  (отырықшылық) 
факторын да жатқызуымызға болады. «Орта Азия мен Қазақстан табиғаты 
жерінің  кеңдігі  жер  ӛңдеуге  және  кӛшпелі  малшаруашылығымен 
айналысуға мүмкіндік берген. Ондағы жеміс ағашы мол тау, тау етектері 
мен  ӛзен  жағалаулары  жер  ӛңдеуге  ертеден-ақ  тиімді  болса,  шӛл  мен 
сайын  далалардың  жайылымдары  мал  асырауға  қалыпты  болған.  Ал 
ылғалы мол тау бӛктерінде жер ӛңдеуге де, мал жаюға да болады» [16,23- 

68 
 
29 б.] 
Келес  ӛлкесін  археологиялық  жағынан  зерттеген  кеңес  ғалымы 
Г.В.Григорьев  былай  деп  жазады:  «Тек  қана  кӛшіп  жүретін  халық 
болмайды.  Кез  келген  кӛшпелі  халық  ӛзіне  керек  болатын  жеміс-жидек, 
астық  ӛңдеу  үшін  жер  шаруашылығымен  де  айналысады.  Сақ  қалаларын 
зерттеу  кезінде  кӛшпелі  шаруашылық  дамығанмен,  олардың  кӛбі 
отырықшы  болғанын  байқаймыз.  Біздіңше,  оларда  еңбек  бӛлініс  жақсы 
дамыған  болса  керек.  Тұрғындардың  бір  бӛлігі  кӛшпелі  болса,  бір  бӛлігі 
отырықшы болған» [16, 30 б.]. 
Қазығұрт ӛңірінің топонимиялық деректері бұл ӛңірде кӛне заманнан 
бері шаруашылықтың кӛшпелі және отырықшы түрлері мен кӛшпелі және 
отырықшы  ӛмір  салтының  бір-бірімен  ұласып  жатқанын  байқатады. 
В.П.Курылев «...қырғыздар мен қазақтарда ХІХ ғасырда шаруашылықтың 
негізгі  үш  типі  болған:  кӛшпелі,  жартылай  кӛшпелі  және  отырықшы. 
Шаруашылықтың  соңғы  түрі  Қазақстанның  оңтүстік  ӛңірінде  интенсивті 
егіншілікпен үйлестіре жүргізілген», – деп жазды [66, 166 б.]. 
Жер  ӛңдеу  немесе  егіншілікпен  айналысу  отырықшы  ӛмірдің 
қалыптасуына негіз болғаны белгілі. Егіншілік материалдық ӛндірісі қала 
мәдениетінің  қалыптасуы  мен  дамуына  үлкен  әсер  еткен,  сол  себепті 
егіншілікпен айналысқан  аймақтар  кӛне заманнан бері қала мәдениетінің 
ірі  ошақтары  болып  келеді.  Академик  Ә.Х.Марғұлан  былай  деп  жазған: 
«Шу, Талас, Сырдария ӛзендерінің жағалауы ертеректе қала мәдениетінің 
қайнаған  ортасы  болған.  Оған  қалалар  мен  елді  мекендердің  ескі 
қалдықтары  және  ертедегі  Қазақстан  халқының  қолӛнер  туындыларымен 
айналысқанын  кӛрсететін  қыштан  жасалған  зат  сынықтары  мен  жер 
ӛңдеуге арналған құралдар, теңге және ӛнер туындылары куә болады» [67, 
186 б.]. 
Қазығұрт  ӛңірінің  ежелден  бері  қала  мәдениетінің  орны  болғанын 
деректейтін  археологиялық  жәдігерлер  мен,  әрине,  топонимиялық 
атаулар. Мәселен,  Қазығұрт ӛңіріндегі Тұрбат елді мекені Қазақстанның 
кӛне  қалаларының  бірі  болып  саналады:  «Тұрбат  ӛңірі  ескі  қалалардың 
орны  болатын.  Бір  кезде  Ұлы  Жібек  жолының  дәл  тӛсінде  жатқан 
маңызды  қаланың  бірі.  Ол  кӛне  дәуірдегі  бір-біріне  жапсарласып  жатқан 
кӛне қалалардың шоғырланған орнының бірі болатын» [19, 327 б.]. 
Ұлы  Жібек  жолында  орналасқан  Қазығұрт  ӛңірі  кӛне  замандардан 
бері  қала  мәдениетінің  бір  ошағы  болған.  Отырықшылыққа,  яғни  қала 
мәдениетіне  байланысты  ӛңір  топонимиясында  жоғарыда  сӛз  еткен  және 
де  басқа  астионимдер  мен  топонимдер  кездеседі.  Солардың  бірі  – 
«қорған» термині арқылы жасалынған аймақтық топонимдер Қышқорған, 
Ордақорған т.б.  
Сонымен қатар қала құрылысы терминдерімен байланысты Рабат,  

69 
 
Шұқырбекет,  Бижан  сарайы  атты  топонимдер  Қазығұрт  аймақтық 
топонимиялық жүйесінде ӛз кӛрінісін тапқан.  
Аймақтық  топонимияға  әсер  ететін  этномәдени  факторларға 
жергілікті  тұрғындардың  рухани  және  материалдық  мәдениетінің  әдет-
ғұрпы,  тұрмысы,  кәсібі,  наным-сенімдерінің  ерекшеліктерін  жатқызуға 
болады.  Басқаша  айтқанда,  аймақтық  топонимдердің  ұлттық  және 
аймақтық  ерекшелікте  қалыптасуына  сол  ӛлкені  мекендеуші  этностың 
тұрмысы, кәсібі, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі әсер етеді [68, 
104 б.]. 
Жергілікті  топонимдер  жүйесінде  сол  ӛлкені  мекендеуші  халықтың 
ӛмірі,  тұрмыс-тіршілігі,  танымы  т.б.  кӛрініс  тапқан.  Халқымыздың  және 
де белгілі бір ӛңірді мекендеуші елдің ұлттық ерекшеліктерін бейнелейтін 
топонимдер  мен  географиялық  терминдердің  Қазығұрт  ӛңірі  аумағында 
қатары айтарлықтай.  
Орыс  ғалымы,  академик  Н.И.Толстойдың  пікірінше,  географиялық 
терминология  лексикалық  және  мағыналық  астарларда,  басқа  да 
терминологиялық  салалармен  адам  және  жан-жануар  дене  мүшелерінің 
атауларымен  қатар  ыдыс,  тоқу  құралдары,  үй,  ауа  райы  т.б.  аттармен 
байланысты болады [69, 257 б.]. 
Қазақ 
халықтық 
орографиялық 
терминологиясын 
зерттеген                        
Е.Ә. Керімбаевтың байқауынша, құрамында үй, үй мүлкіне, киім-кешекке 
қатысты  сӛздері  бар  қазақ  орографиялық  терминдері  ұқсату,  теңеу 
(метафора)  арқылы  қалыптасқан.  Мәселен,  сандық,  кебеже,  кереге, 
шаңырақ т.б. атаулармен жер бедері (орографиялық) нысандарына ат қою 
қазақ  халықтық  орография  термонологиясының  ұлттық  ерекшеліктерін 
кӛрсетеді.  Мұндай  сӛздермен  аталған  этнографиялық  реалийлер  басқа, 
мысалы,  славян  халықтарында  жоқ  болғандықтан,  басқа  ұлттық 
орографиялық  терминология  құрамында  бұл  тәрізді  сӛздер  кездеседі  [18, 
175 б.]. 
Осындай  ұлттық  орографиялық  терминдер  арқылы  қалыптасқан 
жергілікті  топонимдер  Қазығұрт  ӛңірі  топонимиясында  кездеседі: 
Керегетас, Биіктас, Ескішанақ, Күбіқұдық, Қазаншұңқыр, Рысқұлбектің 
қазаны, Тоқымдық, Бағаналы т.б.  
Жергілікті  тұрғындардың  айтуынша,  «Керегетас»  атауы  тастың  киіз 
үйдің керегесіне ұқсас болуынан туындаған.  
Ескішанақ – Ыза бұлақ пен Шанақ елді мекені орталығында биіктігі  
1000 метірге жуық үлкен тауға ұқсас жоталар. Елдің түсінігінше, қазақтың  
ертеден  келе  жатқан  диірменінің  бидай  салатын  шанағына  ұқсас,  тек 
бидай түсетін сияқты аңғары болған – сол себепті «шанақ» деп аталған.  
Күбіқұдық – Рабат ауыл әкімдігі Амангелді бӛлімшесінің шығысында 
арша  ағашынан  қаланған  құдық.  Құдық  маңындағы  тастың  күбіге  ұқсас 

70 
 
болғандығынан  құдықтың  аты  осылай  аталған.  Күбі  –  айран,  қымыз 
пісуге, май түсіруге арналған ағаштан жасалған, ауыз жағы тарлау келетін 
піспегі бар ыдыс [70, 368 б.]. 
Тоқымдық  –  Рабат  ауылының  Амангелді  бӛлімшесіндегі  жер  атауы. 
Құдық  қазған  жерден  мол  суды  тоқтата  алмай,  су  кӛзіне  тоқым  тығып 
бекіткен  екен.  «Тоқымдық»  атауы  жергілікті  тұрғындардың  түсінігінше, 
«тоқым тық» деген сӛздерден шыққан.  
Жорғарыда  келтірілген  этномәдени  мазмұны  мен  сипаты  бар 
топонимдер  Қазақстанның  басқа  ӛңірлерінде  де  кездесуі  әбден  мүмкін. 
Алайда  Қазығұрт  аймақтық  топонимиясына  ғана  тән  кейбір  этномәдени 
топонимдер  Қазығұрт  жер-су  аттарының  құрамында  ұшырасады. 
Солардың  бірі,  біздің  пікірімізше,  Жетізағара  атауы.  Бұл  атаудың 
эндемикалық  (осы  аймақта  ғана)  мәні  екі  себеппен  түсіндіріледі:  1. 
Қазақстанның,  соның  ішінде  Оңтүстік  Қазақстанда  «Зағара»  сӛзімен 
құралған  жер-су  атаулары  жоқ.  Зағара  наны  жүгері  ұнынан  пісіріледі  – 
ондай  тағам  түрі Қазақстанның  ӛсы  ӛңірінде  ғана  белгілі  және  де  зағара 
сӛзі  жергілікті  тұрғындардың  тілінде,  яғни  диалектте  ғана  кездеседі;  2. 
Осы  атаумен  байланысты  аңыз-әңгіме  тек  осы  ӛңірде  ғана  (шектеулі 
аймақта) локальді түрде белгілі.  
Жетізағара  –  Қақпақ  ауылының  оңтүстік  батысында  (Сарыағаш 
ауданындағы) Дербісек ауылына түйісетін тұстағы жер атауы. Жетізағара 
аймақтық топоним (микротопоним) жӛнінде екі аңыз-әңгіме бар. Бірінде – 
ертеде Ташкенттен ертіп шыққан баласына әкесі жеті зағара нан  жегізіп, 
ауылына қиналмай жеткізген деген әңгіме. Бұл сюжетті Тұрбаттың ӛзбек 
жазушысы Тураб Тула «Етти зағора қиссаси» деген повестінде ӛрбіткен.  
Екінші  аңыз  бойынша,  ортағасырлық  атақты  ақын  Атоий  алыс 
сапардан  елге  келе  жатқанда  артынан  тыңшы  келе  жатқанын  байқады. 
Құтылудың  амалын  ойлаған  ол  ташкенттік  достары  жауып  берген  зағара 
наннан әр сайға бір-бірден тастап жүреді. Жетінші сайға келгенде бірден 
ғайып  болады.  Тыңшы  Атоий  сиқыршы  деп  ойлап,  сонша  жолды  босқа 
жүріп  ӛткеніне  ӛкініп,  кейін  қайтады.  Атай  болса  бұл  кезде  жетінші 
сайдағы үңгірге тығылып қалған еді.  
Қазығұрт аймақтық топонимиясының ӛзіндік келбетін ғасырлар бойы 
қалыптастырған этномәдени факторлардың бірі – жергілікті елдің наным-
сенімдері.  Халықтық  наным-сенімдерінің  аймақтық  топонимиясындағы 
бірден-бір  кӛрінісі  әулиелі  жер-су  аттары  немесе  агиотопонимдер. 
Қазақстанның барлық ӛңірінде, соның ішінде Оңтүстікте агиотопонимдер 
белгілі  мӛлшерде  кездескенмен,  дәл  Қазығұрт  ӛңіріндегідей  кӛптеп  және 
топталып  кездеспейді.  Қазығұрт  ӛңірі  киесі  мол  жер  деп  айтуымызға 
болады  және  де  осы  рухани  феноменнің  басты  себебі  Қазығұрттың 
шыңында топан суда Нұхтың кемесі тоқтап, Қазығұртта бүкіл адамзаттың 

71 
 
тіршілігі бастауалды деген ұғым-түсінікте деуімізге болады. Қазығұрттың 
кӛптеген  киелі  жерлеріне  күні  бүгінге  дейін  халық  зиярат  етеді,  тілек 
тілейді.  Мәселен,  Жалаулы  ата  және  Қыз  әулие  деп  аталатын  Қақпақ 
ауылының маңында әулиелі жерлерге адамдар осы күнге дейін мал сойып, 
құран оқытады.  
Жалаулы  ата  Тұрбат  мазаратында  жерленген  аса  әулиелі  Ысмайыл 
атаның кенже ұлы деседі жергілікті халық. 
Ал  Қыз  әулие  жер  атының  тарихы  былай  түсіндіріледі.  Жалаулы 
атаның  қызы  бұлақ  басында  кір  жуып  жатқанда,  алдынан  жоңғар 
басқыншылары  шығады.  Сонда  қыз:  «Е,  Алла,  мені  жауларға  қор 
қылғанша, осы жерде тас қыл» – деп тілеген екен. Сол мезетте Жалаулы 
атаның  қызы  тас  болып  қатып  қалыпты,  ал  сол  жер  Қыз  әулие  аталып 
кеткен дейді аңыз.  
Қазығұрт  ӛңірінде  тағы  бір  Қыз  әулие  атты  жер  бар.  Шарапханадан 
батысқа  қарай  8-9  шақырымдай  қашықтықта,  Талдыбұлақ  ауылынан  екі 
шақырым жерде биік жотаның басында бейіт тұр. Оны «Қыз әулие» бейіті 
деп атайды. Жергілікті халықта «Қыз әулие» жӛнінде аңыз бар. Осы аңыз 
негізінде  оңтүстіктің  белгілі  ақыны  Зиябек  Рүстемов  «Қыз  әулие» 
балладасын жазған. 
Қоқан  хандығы  шапқыншылығы  кезінде  талай  ерлік  кӛрсеткен  және 
Қоқан  бегінің  қолынан  қаза  тапқан  Есенгелді  батырдың  ұрпағы  Тінікей 
қыз қайсар ерлік кӛрсетіп, бабасының кегін алды:  
Іргеде асау Келес тасып жатты, 
Қыз сонда қырық жаудың басын қақты. 
Ӛлтірді Тінікейді біліп қалып, 
Сарбаздар баққан үйдің қасында атты. 
Тӛбеге Тінікейді жалғыз қойған 
...Әлі де «Қыз әулие» деп атайды, 
Шығармас сүйіктісін халық ойдан. 
Қазығұрт ӛңірінің киелі, қасиетті, әулиелі жер атаулары жӛнінде және 
де 
оларға 
қатысты 
аңыздар 
біздің 
еңбегімізде 
«Қазығұрт» 
энциклопедиясынан алынып отыр. 
Жанкел  әулие  –  Жанкел  ақынның  бейіті  ел  әулие  деп  қастерлейтін 
орын. Екі жарым ғасырдан бері Жанкел жатқан жер «Жанкел әулие» деп 
аталады.  Ол  мазар  Қазығұрт  кенті  мен  Қызылқия  ауылының  ортасында 
«Биесыймас»  деген  жерде  болғандықтан,  «Биесыймас  мазары»  немесе 
«Жанкел әулие» деп аталады.  
Жеті  үңгір  –  жер  атауы.  Қабырға  сияқты  тік  жартас.  Қатар  тұрған 
жеті тас үңгір. Әрқайсына ат сияды.  
Кәтіреңкі әулие – Қақпақ ауылындағы Заңғар тауының қарсы бетінде. 
Кәтіреңкі ағашы ӛсіп тұрған үлкен үңгір тас. Ауыл адамдары да, сырттан 

72 
 
келгендер  де  жеті  созба  (пәтір  нан)  пісіріп,  құран  оқытып, 
денсаулықтарына  шипа  беруін  Алладан  сұранады.  Кеңес  ӛкіметінің 
алғашқы жылдарында бір шолақ белсенді Кәтіреңкінің бір бұтағын кесіп 
алған  екен.  Содан  ӛзі  де,  ӛзіне  қарасты  бірер  ұрпағын  да  зардап  шеккен 
деседі.  
Жиделі  –  жер  атауы  «Еңбекші»  елді  мекенінің  оңтүстік-батысында, 
елден  бес  шақырымдай  қашықтықта  әулие  бастау  бар,  тӛңірегінде  жиде 
ӛскен. Ол жидені киелі ағаш, деп тұрғындар отқа жақпаған. 
Кӛзді ата бұлағы – Ақбастау елді мекенінің жанында қазір тас қопару 
карьерінің салдарынан суы тартылса да, аз судың ӛзі кӛз ауруларына ем. 
Кӛктерек  әулие.  Қасиетті  Қазығұрт  тауының  оңтүстік  жағында 
Кӛкібел ауыл әкімшілігіне қарасты Майбұлақ елді мекенінен 1,5 шақырым 
жерде, Жүзімдік ӛзенінің бойында «Кӛктерек әулие» аталатын биік жуан 
терек бар. 
Кӛнекӛз  қариялардың  айтуынша,  ілгеріде  бала  кӛтермеген  әйелдер 
кӛктерекке  барып  сиынып,  тілектері  қабыл  болған.  Кӛктеректің  кӛптігі 
соншалықты, жылы су мен әулиені қоршап, бір гектар жерді алып жатыр. 
Терегін  әлдекім  кессе,  бір  жағдайларға  ұшыраған  немесе  кӛктеректің 
ӛзінен  қан  аққан  деседі.  Кӛктерек  әулиедегі  теректердің  бұтағын  сол 
жерге Құдайы тамақ ӛткізгенде ғана құран оқып жағады. 
Қазығұрттағы  қос  үңгір.  Оның  бірі  аса  үлкен,  екіншісі  шағындау. 
Жұртшылық  ұғымында  бұлар  қасиетті  үңгірлер.  Әйгілі  «Қорқыт  Ата 
кітабындағы»  жиі  айтылатын,  әсіресе,  осы  үңгірдің  бірін  иеленген 
Тӛбекӛзді Бисат батырдың ӛлтіруі туралы тарауына негіз болған үңгірлер 
осылар.  Бұл  үңгірлерді  бұрынғы  кезде  қасиетті  санап  қастерлесе,  ӛткен 
ғасырдың  отызыншы-елуінші  жылдары  колхоздастыру  дәуірінде  қой 
қамап, 
қораға 
айналдырған. 
Кӛнекӛз 
қариялардың 
айтуынша, 
революциядан  бұрын  үңгірдің  аузына  әшекейлі  есік  орнатылған  екен. 
Олар  Ұлы  Отан  соғысына  дейін  сақталған.  Қазір  кӛпшілік  қасиетті  орын 
санап, зияратқа келіп жүреді.  
Мешіттас  әулие  –  Рабат  ауыл  әкімшілігіндегі  Амангелді 
бӛлімшесінде  солтүстік  шатқалында  әртүрлі  ауруларға  ем  болған,  халық 
сиынатын   жер   аты.   Суы,  әсіресе,  кӛз  ауруларына  шипалы.  Табақша  
тәріздес тасқа жоғарыдан тамшы су жиналады.  
Тұт  әулие  –  тасты  жота.  Шарапхана  ауыл  әкімшілігі,  «Талдыбұлақ» 
ауылының солтүстік-батысында. 
Қариялар айтады екен: ертеде Шық бермес Шығайбай сияқты әрі ӛте 
бай,  әрі  ӛте  сараң  бай  болыпты.  Ол  ӛзі  байлығын  басқалар  тұрмақ,  ӛз 
балаларынан қызғанып, оқшау бір тӛбенің бауырына кӛмеді де, ол жерге 
белгі  етіп  ағаш  қазық  қағады.  Бірер  жылдан  соң  сол  қазық  тұт  ағашы 
болып  ӛсіп  шыққан.  Жотаның  етегінен  жоғары  қарай  400-500  метрдей 

73 
 
жерге жалпақ тастар жолағы жалғасады. Тас пайда болып, тастан тұт ӛсіп 
тұрғандықтан, халық ол жерді «Тұт әулие» деп атап кеткен. Тұт ағашының 
бұталарына  әркімдер  шүберек  байлап,  тас  үстіне  тиын-тебендер  тастап 
кетеді. Бір жылы бір құрылыс мекемесі тастарын пайдалану үшін динамит 
қойып,  тастарды  қопарады.  Сол  кезде  тұт  ағашы  жақтан  үлкен  жылан 
шығып, адамдарға сес кӛрсетіпті. Құрылысшылар жұмыстарын тоқтатады. 
Сол тұттың астында жылан барын ауыл ақсақалдары айтып отырады.  
Бал бар жерде ара бар, 
Қазына бар жерде жылан бар, – деген содан қалса керек.  
Шоқы  –  «Қызыл  дала»  аумағындағы  әулиелі  жер.  Ел  аузындағы 
аңызға  қарағанда,  Шоқы  әулие  ХІХ  ғасырдың  орта  шенінде  ӛмір  сүрсе 
керек.  Ұлты  қазақ,  Ұлы  жүздің  сіргелі  тайпасының  кӛңірдек  руынан 
шыққан, аузы дуалы әулие адам болған.  
Қазығұрт  тауындағы  киелі  орындар  белгілі  бір  микротопонимиялық 
кешенді  құрайды.  Тӛменде  сӛз  етілген  микротопонимиялық  кешеннің 
ӛзіндік ерекшеліктеріне тӛмендегідей жайттарды (белгілерді, сипаттарды) 
жатқызуға  болады:  1)  кешенге  енетін  микротопонимиялық  атаулар  Нұх 
пайғамбардың  есімімен,  Қазығұрттың  басында  тоқтаған  оның  кемесімен 
байланысты болып келеді; 2) осы кешендегі микротопонимиялық атаулар 
ұсақ нысандарға қатысты қойылған және де шын мәнінде жалқы есімдер 
қатарына  толыққанды  жатпайды,  сонымен  қатар  бұл  атаулар  жалпы 
есімдер  де  емес,  жалқы  және  жалпы  есімдер  «ортасындағы»  атаулар 
(себебі  кейде  «үлкен  әріппен»  жалқы  есімдер  сияқты  жазылады,  кейде 
«кіші әріппен» де жазыла береді). 
Қазығұрттың 1720 метрлік ұшар биігінде Кеме қалған деген жер бар, 
ал кейде сол жер Нұх пайғамбардың кемесінің ізі деп аталады. Сондай-ақ, 
Нұх  пайғамбардың  жанындағы  адамдарымен  мекендеген  үңгірі,  оның 
намаз  оқыған  жері,  үңгірдегі  бес  саусағының  ізі,  су  ішкен  бұлағы  деген 
микротопонимиялық атаулар осы кешенге кіреді.  
Қазығұрт тауының етегінде Ғайып ерен – қырық шілтен, періштелер 
түнеген жер деген киелі орын бар. Осы қасиетті жерде Үш бұлақ немесе 
Бабалар бастауы деп аталатын ерекше бір үн шығып тұратын бұлақ бар.  
Аңыз бойынша, Қазығұрт тауына кеме тоқтап, тіршілік қайта  
жалғасқанда, Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Иафес атты ұлдары осы арада 
Шопан  ата,  Қамбар  ата,  Зеңгі  баба,  Ойсыл  қара  атанған  тӛрт  түлікті 
ӛргізіпті. Міне, сол тӛрт түліктің тасқа түскен іздері деп аталатын тас 
та  бар.  Бұдан  басқа  Нұх  пайғамбардың  тамақ  пісірген  ошағы, 
дастарқаны, жайнамазы деп аталатын тастар осы маңда сақталған.  
Тіпті  дастарқанның  жанында  жас  баланың  ізі  деп  аталатын  тас  та 
бар. 
Биік таудың етегінде Ата тас және Ана тас деп аталатын шаншыла  

74 
 
қадалған  алып  тастар  да  бар.  Ата  тас  пен  Ана  тастың  бастарын  қосып 
тұрған Жастық тас ұрпақ жалғастығы мәңгілікке ұласады деген ұғымды 
білдіріп тұрғандай. 
Ата  тас  пен  Ана тас  ортасында  бір  адам  қырынан  ғана  ене  алатын 
ұзындығы  отыз  үш  метрдей  қуыс  Тесік  тас  деп  аталады.  Жергілікті 
тұрғындардың  және  зиярат  етушілердің:  «Одан  тек  ниеті  түзу,  күнәлары 
жоқ  және  осы  құдіреттерді  мойындаған  адамдар  ғана  ӛте  алады  да, 
ауыртпалығы мен дертінен айығады», – деген ұғым-түсініктер бар.  
Наным-сенімдердің 
негізінде 
туындаған 
Қазығұрт 
ӛңірінің 
топонимдері мен микротопонимдері жергілікті елдің мифологиялық, діни, 
этнотанымдық  дүниеге  деген  кӛзқарастары  мен  түсініктерден  хабардар 
етеді және аймақтық топонимиялық ғалам бейнесінің бір үзігі (фрагменті) 
болып келеді.  
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет