Монографиясы М.Қ.Қозыбаевтың «Казахстан арсенал фронта»



Дата06.01.2022
өлшемі11,24 Kb.
#13173
түріМонография

БАЯНДАМА

Орындаған :Нурмахат Жұлдызхан КЯЛ-19к

Тақырыбы: М. Қозыбаевтың "Қазақстан - майдан арсеналы" монографиясы

М.Қ.Қозыбаевтың «Казахстан — арсенал фронта» монографиясында Қазақстан Коммунистік партиясының республика ресурстарын жұмылдыру, жауға лайықты соққы беру, мамандар туралы, əйелдер арасындағы жұмыс туралы, əйелдер кеңесін құру, қаражаттарды жұмылдыру бойынша, жы лы киімдерді жинау, майдангерлердің отбасыларына көмек көрсету айлықтарын өткізу, комсомол, кəсіподақ, социалистік жарыстарға басшылық ету, еңбекке қоғамдық қарау, жұмысшылардың тұр мыстық жағдайын жақсарту мəселелері қарастырылады. Партия соғыс басталғанда майданға көмекке ресурстарды жұмылдыру мен жағдайды анықтау үшін республиканың түрлі аудандарына жіберілген бригадаларды ұйымдастырды. 4тарауда республиканың халық шаруашылығын соғыс жағдайына кө шіру қарастырылады, бұл өте ауыр жағдайда өткендігі ескеріледі. Соғыс жылдарында үлкен маңызға ішкі резервтер мен ресурстарды рационалды қолдану ие болды. Партиялық ұйымдар шикізат, матери алдар есебінің жағдайын, олардың кəсіпорындарда жұмсалу тəртібін тексерді. Монографияда шаруа шылық салаларының жұмысшыларының еңбектегі ерліктері, стахановшылар мəселесі, өндіріс екпін ділері, екіжүздікшілер мəселелері жақсы ашылған. 1942 жылы батысқазақстандық облыстардың жұ мысшыларының майданды барлық қажеттіліктермен жабдықтау, Сталинград майданы үшін тапсы рысты орындау үшін күндізтүні жұмыс жасап, қойылған мақсатқа жетудегі қажырлы еңбектеріне ерекше көңіл бөлінген [19]. М.Қ.Қозыбаевтың еңбектерінде түрлі деректердің негізінде республика өнеркəсібін дамыту, ресурстарды майдан қажетіне жұмылдыру бойынша шараларға облыстық партия комитеттері мен аудандық жауапты қызметкерлердің қатысуы, үкімет пен Мемлекеттік қорғаныс ко митетінің шешімдерін орындау бойынша партияның қызметі кеңінен көрсетілген.


Қазақстан еңбекшілерінің жеңіске қосқан үлесі туралы əңгімелейтін қазақ тілінде шыққан əдеби етке тоқталсақ, бұл мəселе М.Қозыбаевтың «Қазақстан коммунистері Ұлы Отан соғысы жылдарын да» (Алматы, 1960), «Ұлы ерлік» (Алматы, 1980), Н.Едігеновтың 1970 жылы шыққан «Алматы Ұлы Отан соғысы жылдарында» еңбектерінде, Б.Далабаевтың «Қазақстандықтар Сталинград шайқасын да» (Алматы, 1977), Қ.Досқалиевтің «Батырлық эпопеясы» деген кітапшаларында, жекелеген көпте ген мақалаларда айтылады [1; 15]. Соңғы уақытта бұл тақырыпқа қатысты жаңаша көзқарастар, соны пікірлер бірқатар отандық тархшыларымыздың, мəселен, М.Қ.Қозыбаевтың, Т.Балақаев, Қ.Алдажұ манов жəне тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі.

М.Қ.Қозыбаев 800-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, соның ішінде 30 монографияның (олардың 18-і бірлескен авторлықпен), 50-ден астам ұжымдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның еңбектері басым көпшілігі Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында жарық көргенін атап айтқан жөн.

М.Қ.Қозыбаевтың тек соңғы 10 жыл ішіндегі еңбектері мен зерттеулері және мақалалары мен ғылыми конференцияларда жасаған баяндамалары 9 томдық құрайды (История и современость».1991;, «Ақтандықтар ақиқаты».1992;, «Жауға шаптым ту байлап».1994; «Труд во имя победы».1995; «Тарих зердесі»1,2 кітап,1999; «Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. Т.1-2.2001; «Дала өркениеті және қазақ халқы».-2001).

Тарихшы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде М.Қ.Қозыбаев қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің орнығуына, мемлекеттілік идеологиясының, Қазақстан Республикасының этнотерриториялық тұтастығының нығаюына үнемі назар аударған.

Мұны М.Қ.Қозыбаевтың еңбектерінің мазмұнынан айқын көруге болады.С Президентом РК

Академик М.Қ.Қозыбаев еңбектерінің негізгі мазмұны жалпыұлттық татулық пен Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтуға, өскелең ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беру.

М.Қ.Қозыбаевтың отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі жемісті мемлекеттік және қоғамдық қызметі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілген.

«Қазақстан-майдан арсеналы» монографиясы үшін оған 1970 ж. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1995 ж. Қазақстан тарихының өзекті проблемаларына арналған бір топ зерттеулері үшін ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Белсенді әрі жемісті мемлекеттік және қоғамдық сыйлығы үшін 1997 жылы ол Президенттің «Бейбітшілік рухани келісім» сыйлығының иегері атанды. Оған 1986 жылы «Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының және КСРО медалдарыменмарапатталған. М.Қ.Қозыбаев Шәкәрім атындағы «Семей» мемлекеттік университетінің (1998 ж.) Қарағанды мемлекеттік медицина академиясынын (1999 ж.), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің, «ҚазГОР» Академиясының құрметті профессоры болып сайланған. Ол Қостанай қаласының және Мендіқара ауданының құрметті азаматы. Манаш Қабашұлының жансерік жолдасы Сара Пішенбайқызы-танымал педагог, ұстаз інісі Сағынбай Қозыбаев, баласы Ілияс-тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар, қызы Гүлшат тарих ғылымдарының кандидаты.


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республиканың ауыл шаруашылығы мен өнеркəсібінің дамуы туралы қызықты мəліметтер көптеген зерттеулерде кездеседі. Мəселен, А.М.Чинчиков «Историография трудового подвига советского крестьянства (1941–1976)» атты еңбегінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік халық шаруашылығының, оның ішінде Қазақстанның да, дамуына қатысты бір қатар зерттеушілердің еңбектеріне қатысты сыни көзқарастарын білдіріп, оларда келтірілген мəліметтерге қызықты талдау жасайды. Автор 70жж. шыққан еңбектердің көпшілігінде соғыс кезіндегі ауыл шаруашылығының дамуын кезеңдестіруді қарастырғанда кейбір зерттеушілердің сынға алынған ескі көзқарастарды ұстанғандығын, оларда ауыл шаруашылығындағы жағдайды əсірелеп жазу тенденциясының басым екендігін көрсетеді. Олардың арасынан Т.Б.Балақаевты (1943 ж. ауыл шаруашылығы өндірісінде бүкіл елдің экономикасының дамуындағыдай түбірлі бетбұрыс жылы болды деп көрсет кен), Г.С.Кравченконы, Г.Əбішевті (соғыс жылдарындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығының жағдайын қарастыра келіп, ауыл шаруашылығының өндірісінің өсуі нан, ет, сүт өнімдерін жеткізуді бірнеше есе өсіруге мүмкіндік бергенін көрсеткен) атап өтеді. Ал, автордың ойынша, З.Кашкенбаев 1942–1943 жж. Орта Азия мен Қазақстан «еліміздің негізгі азықтүлік базасы» болды деп дұрыс көрсеткен жəне М.Қ.Қозыбаевтың көзқарасы (жоғарыда келтірілген қорытындыны əсіреленген деп бағалаған болатын) барынша əділетті, себебі іс жүзінде Қазақстан 1942 жылмен салыстырғанда 1943 жы лы нанды 2 есе аз берген, соғыс жылдарындағы Қазақстанның елдің нан балансындағы үлесі 7 % құрайды, бұл Сібірден шамамен 2 есеге аз деп көрсетеді [10]. Бұл пікірталасқа қатысты өз ойымызды айтып көрсек, М.Қ.Қозыбаевтың «Вклад восточных районов СССР в достижение экономической по беды» атты мақаласында шығыстағы аудандар батыс облыстар басып алынғаннан кейін əскер мен қа ланы азықтүлікпен қамтамасыз етудің негізгі базасына айналды жəне 1942 жылдан елдің басты тірегі деп көрсетеді [11]. Ал «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» бес томдықтың еңбектің 4 ші томындағы сегізінші тарауының «Қазақстан — майдан арсеналы» атты бөлімінде соғыс жылдарындағы еңбек қолының жетіспеушілігінен, тылдағы қазақстандықтардың ауыр еңбегі, техниканың ескілігі, еңбекті дұрыс ұйымдастырмау жəне басқа да қиындықтардың елдің мемлекетке астық тапсырудағы ісін қиындатқанын көрсете келіп, бұған қарамастан Қазақстан еңбекшілері армия мен елімізді азықтүлікпен қамтамасыз ету үшін қолдарынан келгенін бəрін жасады жəне жалпы соғыс жылдарында, Қазақстан тапсырыстың барлық түрлері бойынша мемлекетке 5829,4 мың т астық, 733, 9 мың т ет жəне өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының мыңдаған тонна басқа да өнімдерін тапсыр ғаны көрсетіледі [2; 503]. Біздің ойымызша, кеңес елінің ауыл шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы мəселесі қарастырылған жалпыодақтық еңбектердің басым көпшілігінде Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуы, қазақстандық еңбекшілердің тылдағы ауыр еңбегі тиісті бағасын алмаған не болмаса жалпылама, үстірт қарастырылып өткен. Бұл, бір жағынан, партияның қоғамдық ойға үз діксіз əсерінен болса, басқа жағынан соғыс жылдарындағы кеңес Коммунистік партиясының əскери экономиканы басқарудағы мінсіз саясатын дəріптеу тенденциясының тасасында қалып қойғандығынан. Қалай дегенмен де, Қазақстан еңбекшілерінің соғыс кезеңінің ауыр сынақтарына қарамастан кеңес əскерін, жалпы елді азықтүлікпен қамтамасыз етуде басқа да шығыстық аудандар тəрізді өлшеусіз үлес қосқаны даусыз. Осы мəселені кеңестік дəуірде қазақстандық тарихшылардың өз еңбектерінде көтеруі ғылыми ойдың дамуында өзіндік көзқарастар ағымын қалыптастырды. Ал фактілерді нақтылау үшін əлі де талай зерттеулер жүргізу қажеттігі бұл жерде өзінен өзі туындап тұрған мəселе.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет