М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет12/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.64 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Материалы по истории КазССР (1985-1828 гг.). Т. ІҮ. М. –Л., 1940, С. 139
2  Әбенов  д.,  Мұхтаров  С.  Ұлт-азаттық  көтеріліс  көсемдері  (тарихи-
филологиялық зерттеу). Ақтөбе, 2006. 56 б.
3 оРоММ 5 қ., 1 т., 63 іс, 62 п. . 
4 оРоММ 5 қ., 1 т., 63 іс, 118-147 пп. 
5 РМТМ 1291 қ., 81 т., 13 іс, 1-3 пп.
6 История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веках. Ү т. А., 2007. 
–С.416 

162
163
7  Ахмет А. Қаратай хан. Алматы, 2007, 40 б. 
8 Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казах-
ского народа (1797-1838г.) Кзылорда, 1926, –С. 24.
9 орооМ 6 қ., 10т., 197 іс, 4-5 пп. 
10 ороММ 6қ., 10т., 197 іс, 45-47 пп. 
11 ороММ 6 қ., 10 т., 1800 іс, 12-15 пп. 
12 ороММ 6 қ., 10 т., 716 іс, ІІІ бөлім, 729-963 пп. 
13 Ахметова Ұ. Арынғазы хан. А., 2006
14 ороММ 6 қ., 10 т., 5241 іс, 369-374 пп. 
15 ҚРоММ 4 қ., 1 т., 2512 іс, 272-283 пп.
сыпыра  Қарабатырұлының өмірі мен 
қызметі*
Атақты  Сырым  датұлы  заманындағы  белгілі  тарихи  тұлғалар 
қатарында Сыпыра тарханның өзіндік орны бар. оның ХҮІІІ ғасырдың 
ІІ жартысындағы қоғамдық-саяси белсенділігін дәлелдейтін құжаттар 
орынбор, Санкт-Петербург, Москва мұрағаттарында жеткілікті. оның 
біразы 1940 жылдары жарық көрген «Материалы по истории КазССР 
(1975-1828 гг.)», – М. –Л., АнСССР» жинаққа да енді. оларды белгілі 
дәрежеде тарихшы М.П. вяткин де Сырым батырға арналған моногра-
фиясында  пайдаланды.  Кейін  академик  С.З.  Зиманов  «Қазақтар  ара-
сынан  тархандық  грамотаға  алғашқы  ие  болғандар  қатарында  өз  за-
манында белгілі қайраткерлер Жәнібек батыр мен Суфра би болатын» 
деп бағалайды. 
Сонымен ХҮІІІ ғасырда барша қазаққа, Ресейге, Хиуа, Бұхараға 
белгілі болған Сыпыра кім? оның аты тарихта қалайша қалды?
Ата шежіремізге назар салатын болсақ, Сыпыраның Кіші жүздегі  
12 ата байұлының алаша руынан екендігі анықталады. Х.Мадановтың 
«Кіші  жүз  шежіресі»,  К.Ғ.  Ахметовтің  «Кіші  жүз  Алаша  руының 
шежіресі» еңбектерінде тұлғаның Алаша – Ақберлі – Атымыс – Сары 
–  Қожамберлі  –  Құдайберді  –  Құдайқұл  –  Жомарт  –  Қарабатырдан 
тарайтындығы анық жазылған. Сонымен бірге, Сыпыра ұрпақтары да 
мүмкіндегінше таратылады. 
Сыпыраның  атасы  Жомартты  жас  күнінде  сынаған  нағашы 
атасы «Мына Жомарт басшы болуы, әкімқұмар болуы мүмкін» деген 
тоқтамға  келген  екен.  Атасы  Жомарттың  туған  бауыры  –  Байбарақ 
батырлығының  арқасында    Алаша  ұранына  айналған.  Мұның  өзі 
Сыпыраның болашақта тегін ұл болмайтындығын көрсетсе керек. 
Мұрағат  деректеріне  назар  аударсақ,  алаша  руы  орыс  елшісі 
А.Тевкелев жазбасына түскен. осы кезеңнен бастап алаша рулары – 
Кіші жүздегі қоғамдық-саяси өмірдің барлық мәселелерін шешуге ара-
ласты. Мәселен, 1748 жылы қазан айында Нұралыны хан тағына бекіту 
хатындағы тізімде  алаша руынан Байсау би мен Байтерек аталық ата-
лады. П.И. Рычковтың анықтауынша алаша руы Жайық өзенін бойлай 
орналасқан екен. ХІХ ғасырдағы зерттеуші Л.Мейер алаша руы жазда 
Бұлдырты, қыста Жақсыбай және Жетікөл көлдерінде мекендейді деп 
анықтады. 
Патша  үкіметі  Жайық  бойын  иемдене  бастаған  тұста-ақ  оған 
қарсы Кіші жүз рулары қатарында алашалар да көтерілді. 1756 жылы 
Жайықтан  малды  Самара  бетіне  өткізуге  тыйым  салынған  патша 
жарлығына  қазақ  руларының  қарсылығы  ерекше  күшейді.  Кейін 
ол  Е.Пугачев  бастаған  шаруалар  соғысы  кезінде  анық  көрінді.  осы 
кезеңде алаша руы қазақтарын Төрлі датау батырдың баласы Шегір 
батыр басқарды. 
Сыпыра  батыр  өмірі  Сырым  датұлы  бастаған  ұлт-азаттық 
қозғалыстың  басталуымен  жаңа  белеске  көтерілді.  Қазақстанды 
Ресейдің отарлауы  Жайық бойындағы жайылымдардың тарылуымен, 
әскери бекіністердің көбейіп, қосымша казак-орыстардың көптеп орна-
ластырылуымен, қазақ даласына жиі-жиі әскерилердің озбырлығының 
күшеюімен,  қазақтың  басқару  жүйесіне  қол  сұғуымен  айқындалды. 
олар  қазақтың  ата  мекені  Еділ-Жайық  аралығына  1756  жылдан  ба-
стап көшіп-қонуға тыйым салынған патша жарлығымен, 1775 жылғы 
жалпыимпериялық  жүйе  –  губерниялар  құру  туралы  ережемен 
дәлелденді. оны сезінген қазақ рулары тағы да ашық қарулы күреске 
көтерілді. Бұл арада елді басқарған Нұралы ханның қателіктерін баса 
көрсетуіміз қажет. Ханның ішкі бірлікті қамтамасыз ете алмауы, жайы-
лым мәселесінің күн санап шиеленісуі, орыс әскерилерінің шабуылын 
тыйдыруға  күшінің  жетпеуі,  хандық  басқарудағы  дағдарыс  түбінде 
қазақ қоғамының екіге бөлінуіне әкеліп соқты.
оның  соңы  1785  жылғы  шілде  айындағы  Кіші  жүз  руларының 
ІІ  Екатеринаға  хат  жазып,  Нұралыны  хандық  тақтан  тайдыруды 
сұрауымен аяқталды. Хатқа Кіші жүздегі 12 ата байұлы, әлімұлдары, 
жетірудан  тұратын  25  рудың  21-ң  белгілі  би,  батыр,  баһадүрлерінің 
мөрлері  басылған.  олардың  арасында  шекті  Сегізбай,  шеркеш 
Тұрмамбет, ысық Қаратау, адай Атақозы, беріш Қара, Саржала, масқар 
*Мақала  Батыс  Қазақстан  гуманитарлық  академиясының  Хабаршысы 
журналының 2009 жылғы  № 5(10) санында жарияланған.

164
165
дөнен,  байбақты  Сырым,  жағалбайлы  Тотай,  табын  Тіленшілермен 
бірге алаша руынан Азамат, Сафар, Өтеулі билер бар. Міне осындағы 
Сафар би, біздіңше, Сыпыра би болуы тиіс. Өйткені, кейінгі тарихи 
оқиғаларда  Сафар  аты  бірде-бір  рет  аталмайды.  Сыпыра  би  атауы 
алғаш рет мұрағатта 1786 жылы тамыз айларында түскен. осы жолы 
ол Сегізбай, Тұрмамбет, Қаратау т.б. билермен бірге Симбирск және 
Уфа генерал-губернаторы о.А.Игельстромға Сырым батырдың Ерәлі 
сұлтан  «тұтқынында»  екендігін  хабарлады.  Бұл  хабар  кейін  растал-
ды да. оны Есім сұлтанның 1787 жылғы 27 қыркүйектегі хатындағы 
«Ерәлі  сұлтанға  барар  жолда  Сырым  кездесті...  оны  ұстап  алып, 
өзімізбен ертіп кеттік» деген жолдар айғақтайды.
дегенмен күрес зая кетпеді. Патша үкіметі 1786-1787 жылы қыста 
Еділ-Жайық аралығына қыстауға көшуге 45400 түтінге рұқсат берді. 
Соның ішінде беріш Шойтас батырға 7000 түтін, алаша Сыпыра биге 
3000 түтін, алаша Медет биге 3000 түтін, Ысық Қаратау биге 10000 
түтін басқару жүктелді. Ахун М.Хұсайновтың анықтауынша аталған ру-
лар 1785 жылға дейін ханды қолдағанымен, ендігі жағдайда Нұралыға 
қарсы шыққан. Қазақ жағдайын барлап түсінген генерал-губернаторды 
«Нұралы  ханнан  қазақ  руларының  бөлініп  кетуі  біздің  пайдамызға. 
Сондықтан  хан  мен  Ерәлі  сұлтанды  шақыртып,  орданы  3-ке  бөліп 
басқарған дұрыс па, әлде ханмен қазақтарды табыстырған тиімді ме?» 
деген  сұрақ  мазалай  бастады.  оның  артынша  1786  жылы  көктемде 
генерал-губернатормен кездесуге келген Нұралы Уфа қаласына жер ау-
дарылды. Ханның келіссөзге кетіп, Ресейде ұсталып қалуы ел игілерін 
ойландырмай қоймады. Мұның артында хандық басқару жүйеге балта 
шабылғалы тұрғанын олар сезбеді дей алмаймыз.
Көп  ұзамай  орынборға  Кіші  жүздегі  ең  беделді  деген  18 
адамның  –  Сырымның,  Сегізбайдың,  Қаракөбектің,  Қаратаудың, 
Сыпыраның,  Бөдененің,  Саржаланың,  Атақозының,  Айдарбектің, 
Көккөздің, Басықараның, Жанұзақтың, Қойкелдінің, Нұрмағамбеттің, 
дөненнің, Абдулжалелдің, Қарабай сұлтанның хаты келіп жетті. Хат-
та ханды елге қайтару оның ел тыныштығы үшін аса қажеттігі баса 
көрсетілді. Қазақтың дәстүрлі басқару жүйесін жоюды мақсат тұтқан 
о.А.Игельстром 1787 жылы 26 қыркүйекте Кіші жүз би, батырлары-
на  «Нұралы  хан  тағдыры  сіздердің  адалдықтарыңызға  байланысты» 
деген  жауап  қайтарды.  осының  алдында  шекаралық  сотты  құрып 
(1786 жыл), енді байұлы, әлімұлы, жетіруды бөліп-бөліп басқару жо-
спарына батыл кірісті. Соның қорытындысында 1787 жылы қыркүйек 
айында Қобда өзені бойында старшындар жиналысы өтіп, 3 распра-
ва құру келісілді. Нәтижесінде жаңа басқаруға келіскен старшындар 
39200  түтін  атынан  қол  қойды.  Зерттеуші  М.П.вяткин  «неге  екені 
белгісіз Сырым қозғалысына белсене қатысқан бірде-бір старшын қол 
қоймаған. онда Қаратау би, Сыпыра би, Бөдене би, Тұрмамбет би т.б. 
жоқ.  Тіпті  Сырым  мөрі  де  жоқ»  деп  таңданыс  білдіреді.  дегенмен, 
расправаға Сырымды қолдаған азаматтар да енгізілді. Байұлы распра-
васына төрағалыққа шеркеш Тұрмамбет Мұсылманов, заседательдігіне 
алаша  Сыпыра  Қарабатыров,  беріш  Бөдене  Байтілеуовтер  енгізілді. 
Сыпыра би өзге де расправа мүшелерімен бірге 1787 жылы 16 қазанда 
орынборға келіп ант берген. 
1787 жылы Сыпыра би Сырым арқылы Түрік елінің саясатымен 
де  танысады.  орыс-түрік  соғысының  басталуы  нәтижесінде  өзге  де 
мұсылман елін тартуды көздеген түріктер Бұхараға өз елшісін жіберіп, 
Сырымға арнайы хат жолдаған. Хат көшірмесі сенімді деген 12 биге 
жіберілді. Сыпыра биге жолдаған хатта «Ресейліктер жеті европалық 
мемлекетпен бірігіп, түрік мемлекетімен соғысуға шықты» делінген. 
Беделді  билерге  келген  хатпен  танысқан  патша  үкіметі  тез  арада 
беделді  би,  батырларға  хат  жазып,  үйіп-төгіп  уәде  беріп,  олардың 
бірлігін  жоюға  бар  күшін  салды.  Уақыт  созбай  қазақ  даласына  ар-
найы орынбордан діни өкілдер жіберілді. Бұрын патша үкіметі хан, 
сұлтандармен,  1783  жылдан  бастап  Сырыммен  хат  алмаса  бастаса, 
енді  іріткі  саясатын  жалғастырып,  1788  жылдың  басынан  Сыпыра, 
Сегізбай, Көккөз, Тұрмамбет, Бөдене, табын Жәнібек билермен тікелей 
байланыс  орнатты.  Мұндай  байланыс  бірден  өз  нәтижесін  берді  деу 
қиын. Мұны сезінген  орынбор  обер-коменданты,  шекаралық  сот 
төрағасы  Я.М.  Зембулатов  1789  жылы  «расправа  мен  старшындар-
дан еш пайда жоқ» деген қорытындыға келді. дегенмен билер қазақ 
руларының  негізгі  талаптары  –  жайылымдарды  шешу,  озбырлықты 
тоқтату, қашқындарды қайтару т.б. шешуге өз мүмкіндіктерін пайда-
лана бастады. 
Сыпыра би Нұралыханұлы Жанәлімен бірлесіп атаман д.донсков 
арқылы  қазақ-орыс  қатынасын  реттеуге  ұмтылды.  Өз  кезегінде 
д.донсков  қазаққа  қарсы  ашық  күш  көрсетуді  тоқтатпады.  1790 
жылдың басында атаман орал қаласы мен одан төменгі форпостарда 
19 қазақты қамауда ұстады. Мәселен, 1790 жылы 22 сәуірде Антонов 
форпосында Елек өзенінде көшіп жүрген Сыпыра бидің немере бауы-
ры Тоқбура (орыс дерегінде Тукрия – Ә.М.) орыстан қашқан тұтқынды 
қабылдады деген  сылтаумен алаша руынан Бозан Қарабаев, Артықмал 
Арабашевтың  үш  айдан  астам  уақыт  қамауда  екендігі  анықталды. 
Алтыбас  алаша  Малқар  верхнеозерный  қорғанындағы  түрмеде  жа-
тып,  ауруға  шалдыққан.  Сырым  бастаған  билердің  талабы  бойынша 
Малқар 13 сәуірде босатылған. ол турасында Сыпыра би жанындағы 
молда Әбілқасым Абдусалямов т.б. арқылы Сырым арнайы хат жол-
дайды (1).

166
167
Күрделі мәселелер 1790 жылы мамыр, маусым айларында өткен 
қазақ-орыс  кездесуінде  талқыланды.  орынбор  жағынан  мүфти 
М.Хусайнов,  қазақтарда  Сырым  батыр  келіссөз  жүргізді.  Кездесуге 
Сыпыра би қатыспады. 
Кездесуден  кейін  ұзамай  Кіші  жүзге  жаңа  хан  сайлау  мәселесі 
көтерілді. Сыпыра, Тұрмамбет билер, әлімұлдарының бас старшыны 
Мұратбек  би  бірауыздан  Есім  сұлтанды  1790  жылы  қараша  айында 
хан тағына көтерді. Ноғай старшыны Құрбанғали Забир хан сайлауға 
1000–ға тарта қазақ қатысты деп хабарлайды. Сыпыра би 1791 жылы 
29  мамырдағы  хатында  Есім  сұлтанмен  бірге  көшіп-қонатындығын, 
Сырым батырдың Ресеймен жаңа соғысқа дайындалып жатқандығын, 
жақын арада ордада күшті бүлік болатындығын атап өтеді. 
осы  тұста  Кіші  жүзді  барлап  қайтқан  Нұрмұхамед  қожа 
орынборға  Сыпыра,  Қаракөбек,  Тіленші,  Жаназар  т.б.  қол  жинап, 
орыс  шекарасына  жақындады  деп  жеткізді.  Содан  маусым  айы  ба-
сында  Сырым  батырға  екі  татар  молдасы  Файктулин  мен  Мансуров 
жіберілді.  олар  9  маусымда  Қобда  бойындағы  Сыпыра    би  ауылы-
на  тоқтап,  жоғарыдағы  ақпараттың  терістігін  дәлелдеп,  Сырымның 
шектілер  мекенінде  екендігін  анықтады  (2).Міне  осыдан  кейін  Сы-
пыра мен Сырымның саяси көзқарастарында алшақтықтардың пайда 
болғаны  байқалады.  Сырым  орыс  үкіметінің  саясатына  қарсы  ашық 
күресті қолдаса, ақсақалдық жасқа жеткен Сыпыра би Жайық бойы-
нан көшпей, Әбілқайыр ұрпақтарымен бірлесе отыра ашық күреспей, 
бейбіт түрде  тыныштықты қалпына келтіруді жақтады. 
Сыпыра  биді  түсінген  Сырым  батыр  1791  жылы  маусым  айын-
да оны өзіне қосу үшін «егер Сіз Ресеймен сауда-саттық жасасаңыз, 
ұлысыңызды  Жайық  бойынан  көшірмесеңіз,  біздің  қаһарымызға 
тап боласыз. Кейін бізге өкпелемеңіз» деген хат жолдаған  ( 3). 1792 
жылы да Сыпыра би ешқайда жылжымай, Жайық бойында тұрақтады. 
ол  1791  жылы  қыркүйек  айында  патша  үкіметі  бекіткен  Ерәлі  хан-
мен  бірге  көшіп-қонатын.  Сөйтіп,  кезінде  Сыр  бойында  еркіндікке 
үйренген Ерәлі хан да қартайған шағында шекараға орнығып, Ресей 
көмегіне сүйене бастады
1792 жылы қыркүйекте Сырым батыр, Қаракөбек, Тотай, Сегізбай, 
бауыры  Алмұстафа,  Сарыалтай,  Боранбай  Ресейге  қарсы  соғыс 
жариялаған тұста Сыпыра би өзге би, батырлардай халқымен ел орта-
сына  көшпей,  шекарада  қалды.  Патша  әскерилері  Сыпыра,  Қаратау 
ауылдарына  орнығып,  бір  сөзбен  айтқанда,  беделді  билер  мен  рула-
рын  бақылауға  алды.  Патша  шенеуніктері  хабарына  сенсек,  Бөдене, 
Саржала, Тіленші сияқты ел игілері де Сырым бастаған ашық күресті 
қолдамаған  (3,  С.  315].  Бірақ  бұл  арада  аталған  би,  батырлардың, 
олар  басқарған  алаша,  беріш,  табын  руларының  жайылымдары 
Жайықтың екі беті болғандығын, қазақтың ата мекенін тастап ешқайда 
кетпейтінін, өзге ел түсінбеген ішкі ұлттық бірліктің болғандығын от-
арлаушылар  қайдан  ұқсын.  Бүгінгі  ұлан-ғайыр  территория  тек  қана 
осындай ішкі бірлік арқылы ғана сақталды емес пе?! Сондықтан қиын-
қыстау  кезінде  Жайық  бойынан  жылжымай,  неше  бір  тепкі,  қорлық 
көрсе де ата мекенін тастамай қазақ үнемі сол кездегі шекарадағы бар 
жаңалықты азаттық туын көтерген Сырымға уақытында жеткізіп от-
ырды емес пе?!
ІІ Екатерина Сыпыраның ел ішіндегі беделін ескеріп, өзіне тар-
та түсу мақсатында 1793 жылы 28 ақпанда биге тархан атағын беріп, 
арнайы  грамота  жолдады  (4).  Патша  жарлығында  «Адал  және  шы-
найы  қызметі  үшін  старшын  Сыпыра  биге  тархандық  атақ  берілді. 
оның атағын сұлтандарға, би, батырларға және барлық қазақ халқына 
мойындау  бұйырылады»  делінген  (5).  Сыпыраға  бірінші  дәрежелі 
тархандық  берілген.  осындай  атаққа  тарихта  Жәнібек  Шақшақұлы, 
Сырым  датұлы,  Тіленші  Бөкенбайұлы,  Тама  Есенбай  Қожабекұлы 
ғана  ие  болған.  оның  2  дәрежелі  тархандықтан  ерекшелігі  әкесінен 
баласына  мұралыққа  тархандық  құқықтық  пәрменділігін  пайдалану 
құқының берілуінде еді. Патша үкіметі шиеленісті жағдайда Сыпыра 
мен Тіленшіні Сырымға қарсы айдап салуды көздеді. одан еш нәтиже 
шықпаған соң патша әскерилері 1793 жылы Сыпыра, Бөдене, Қаратау 
би  ауылдарын  тонады.  Тонау  барсында  Сыпыра,  Көккөз  билердің 
ұлдарын, Бөдене бидің інісін казак-орыстар өздерімен бірге ала кетті. 
оған  шыдамаған  5000  түтін  күзде  Жайықтан  әрі  қарай  ішкеріліп 
көшуге мәжбүр болды (6). Мұның барлығын патша үкіметіне жеткізіп, 
оны тоқтатуды талап етумен шектелген Ерәлі хан, Сыпыра би, Есім 
сұлтандар  Жайық  бойынан  жылжымады.  1794  жылы  10  маусым-
да Ерәлі хан дүние салды. Ерәлі тұсында Ресей ұйымдастырған Хан 
кеңесі, Сыпыра би мүше болған расправа өз жұмыстарын жалғастырып, 
мүмкіндігінше  қазақ-орыс  талас  мәселелерін  шешуге  талпынды. 
Сыпыра тархан 1795 жыл 17 қыркүйекте Есім сұлтанды хан тағына 
көтеруге де қатысты. 
1795-1796 жылдардың қысы мен көктемі Жайық бойына жаңа жұт 
әкелді. оны көзімен көрген Есім ханның іс жүргізушісі Г.Феткуллин 
«қазақ даласы ұлы қырғынға ұшырады» деп бағалады. Мұндай жағдайда 
Есім де, Сыпыра да өзара барымтадан сақтану үшін бұрынғысынша 
Жайық бойынан алысқа ұзамады. М.П. вяткин жұт әсерінен Сырым 
мен  Есім  хан  арасында  келіссөздер  басталды  деген  қорытындыға 
келді. Тығырықтан шығар жолды іздестіруге Сыпыра тархан да атса-
лысса  керек.  Өйткені,  жұт  алдымен  Еділ-Жайық  аралығын  шарпып, 

168
169
Жайықтың Самар бетіндегі малды Бұхар бетке көшіруге итермеледі. 
оны Сыпыра да, Есім де, Сырым да түсінді. Кездесуге Нұралы ханның 
жесірі орын ханым, балалары Жалтыр, Қоңырау, Есенғали сұлтандар 
атсалысты. дегенмен Есім ханның шекарадан Қобдада өткен Кеңеске 
келмеуі ішкі қатынасты реттеуге мүмкіндік бермеді. Бұл арада патша 
үкіметінің Есімді ел ортасына жібермеу арқылы Сырымды орыс шека-
расына келтіруді көздегені бүгін де белгілі. 
оның арты жаңа қарсылықтарға ұласты. 1797 жылғы дерек бой-
ынша Ресейге қарсы Сыпыра тарханның немере ағасы Ботпанайұлы 
Бәйсеу  батырдың  балалары,  алаша  руының  жанбаш  бөлімі,  табын, 
тама, кете, қызылқұрт рулары көтерілді. Есім хан қарсылық танытқан 
рулардың бөлімдеріне дейін көрсетіп, орынборға хабарлады. 
ХІХ ғасыр зерттеушісі Л.Мейер көп ұзамай Есім ханға қарсы бүкіл 
қазақ  даласы  көтерілді  деп  бағалады.  1797  жылы  көктемде  Қаратай 
сұлтан  орынбор  экспедициясына  жолдаған  хатында  Есім  ханның 
«орыс үкіметіне адалдығы қазақтардың қатты наразылығын туғызды» 
деп хабарлайды (7). Сөйтіп, 1797 жылы 27 наурызда таң сәріде Крас-
ноярск  форпостосы  маңында  көшіп-қонатын  уақ  руы  қазақтарында 
болған сәтінде Есім хан өлтірілді.
Міне  осыдан  кейін  ел  басқаруда  Сыпыра  би  бар  үмітін  жас  та, 
алғыр Қаратай Нұралыұлына артты. Сыпыра биді беріш Саржала би, 
Шойтас батыр, ысық Қаратау, шеркеш Тұрмамбет баласы Құлмамбет 
би т.б. қолдады (8). Бірақ патша үкіметі беделді билер ұсынысын тағы 
елемеді. Таққа 74 жасар Айшуақ сұлтан бекітілді. Араға уақыт сала 
әскери губернатор Н.Н.Бахметов бұйрығымен Сыпыра бидің бауырла-
ры Құлбек, Жиентөре ауылдары әскери шабуылға ұшырады. Мұның 
артында  орыс  отаршылдарының  хан  мен  би,  батырлардың  беделін 
біржола түсіріп, ара жігін ашып, өзі екі ортада келістіруші қызметін 
атқарып,  қазаққа  «қамқоршы»  көрініп,  елдің  басқару  жүйесін  өзіне 
ыңғайлап,  айдағанына  жүретін,  айтқанына  көнетін  отар  ел  жасау 
жоспары  жатты.  оны  Сыпыра  би,  басқа  да  ел  басқарған  азаматтар 
түсінбеді  дей  алмаймыз.  Әркім  өзінің  мүмкіндігінше  қимылдады. 
Сыпыра би де  қиын-қыстау жылдары өзіне бағынған алаша руының 
өмірлік мұраттарын іс жүзіне асыруға ұмтылды. оның да көздегені – 
ата мекенді сақтау, оны ұрпаққа мәңгілік ету екендігі, біздіңше, айтпаса 
да түсінікті. Бүгінгі ұрпақ тар жол, тайғақ кешу жылдары елін, жерін, 
халқын сақтаған Сыпыра билердей азаматтарға мәңгі қарыздар.
1799-1800  жылдардан  бастап  Сыпыра  би  атауы  мұрағат 
деректерінде  кездеспейді.  Біздің  есебімізше,  нақ  осы  жылдары  би 
қайтыс  болса  керек.  1789  жылы  10  мамырдағы  о.А.  Игельстромға 
жолдаған хатында полковник д.Гранкин Сыпыра, Сегізбай, Тұрмамбет, 
Көккөз билер – бәрі қартайған шағында деп көрсетеді (3, С.117). ХҮІІІ 
ғасырдың 90 жылдардың екінші жартысында Сегізбай да, Тұрмамбет 
те қайтыс болды. Көккөз туралы да дерек кездеспейді.
Сыпыра  би  ұрпақтары  әке  жолын  жалғастырып,  ел  басқаруда 
көзге  түсті.  Солардың  ішінен  Қоңыз  тархан  1809  жылы  Бөкей 
ханның өтініші бойынша Нарын құмына көшкен (9). Алаша руы На-
рын  құмындағы  Қамыс-Самарада  және  теңіз  жағалауларында  орын 
тепті.  Г.С.  Карелин  өз  жазбасында  алашаларды  Көлбай,  Тоқман, 
Сары, Қоңырбөрік, Барамық деп таратса, кейін Жәңгір хан Барамық, 
Көбелай, Шағалақ, Алтыбас, Маямет, Мәлкей, олжай, Шотқара, Сары, 
Құдайқұл,  Қожағұл,  Қарабура  бөлімдері  бар  деп  анықтайды  (10). 
Кейін 1819 жылы маусымдағы патша жарлығы бойынша Қоңыз тар-
хан  Бұхар  бетке  қайта  оралды.  Қоңыздың  баласы  Сүлеймен  тархан 
жазда  Бұлдырты,  Қалдығайты,  Жақсыбай  өзендерін  тоқтаса,  қыста 
Бұлдырты  мен  Есентемір  мекенін  қыстады.  Сүлеймен  1838  жылы 
Хиуа  жорығына  қатысып,  орыс  үкіметінен  «хорунжий»  атағына,  
Александр лентасына тағылған алтын медальға ие болды. Құпия істер 
шенеунігі в.М.Лазаревский Сүлейменге 1850 жылы 26 қаңтарда «Сары 
бөлімінің биі 52 жаста. орта бойлы. Ақылды. Ақ түскен қара сақалды, 
мұртты. ордадағы атақты, Нұралы ханның бірінші ақылшысы, тархан 
Сыпыраның, одан кем емес белгілі Қоңыздың баласы. Сары бөлімі Жо-
март бөлімшесінен. Сауатсыз. Әділ, әрі адал адам. Алаша руындағы 
белгілі шешен. Үлкен ұлы Алдарман (Ығылман болар – Ә.М.) 22 жа-
ста, сауатты, өте ақылды» (11).
Сүлейменнің  үлкен  баласы  Ығылман  мұрағат  деректері  бойын-
ша  Жомарт  атаның  17  шаңырағын  ертіп  1860  жылы  Жайықтан  өтіп 
Қаратөбе жағына орналасқан (12).  
Қорыта келгенде, би, тархан Сыпыра Қарабатырұлы-өз заманын-
да ата жолымен ел алдына шығып, халқын соңына ерте білген, мұрағат 
қорларында ізі сайрап жатқан тарихи тұлға. оның жұрты үшін сіңірген 
ісі мен қызметі – ұрпақ үшін әрдайым үлгі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 вяткин М. Журнал оренбургского Муфтия // Сырым датұлы / Жинақ. – 
Алматы: «Арыс». 2004, С. 212-266  
2 Рязанов А.Ф.Сорок лет борьбы за национальную независимость казах-
ского народа(1797-1838г.)Кзылорда,1926 .С. 26
3 вяткин М.П. Батыр Сырым.М. –Л., 1949, С. 292
4.ҚРоММ 4 қ., 1 т., 1617 іс, 180 п..

170
171
5 Крафт И.И. Сборник узаконении о киргизах степных областей. орен-
бург, 1898, С.136
6 Материалы по истории КазССР. С. 168
7 Мұқтар Ә.Қ. Нұралы хан және Сырым батыр. Қостанай, 2001. –102-103 бб. 
8 оРоММ. 6 қ., 10 т., 12 1с, 5 п. 
9 ҚРоММ 78 қ., 4 т., 86 іс, 2 п. 
10 История Букеевского ханства. 1801-1852 гг. Сборник документов и ма-
териалов. Алматы, 2002, С. 286-290
11 ҚРоММ 4 қ., 1 т., 2512 іс, 83 п.
12 ҚРоММ 4 қ., 1 т., 6306 іс, 51 п.; Ахметов К.Ғ. Кіші жүз Алаша руының 
шежіресі. 39 б.  
    
Шерғазы Қайыпұлының 
қоғамдық-саяси қызметі*
Парсы  елін  мойындатып,  1746-1756  жылдары    Хиуаны  билеп, 
Қазақстанның  оңтүстік  өңірін  әулетімен  қорғаған  Қайып  ханнан 
тараған  30  ұлдың  ішінде  Шерғазының  орны  ерекше.  Жас  кезінен 
Хиуа  мен  Бұхараны  аралап,  олардың  саясаттарына  қаныққан.  ол 
өзінің  алғырлығымен,  шешендігімен  көзге  түсті.  Әбілқайыр  хан  за-
мандасы атасы Батырдың, әкесі Қайыптың тәлім-тәрбиесін алып, Ре-
сей, Қытай, Парсы елдерінің қазақ жеріндегі мүдделерін терең сезіне 
білді. орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссенге Кіші және орта жүз 
ақасақалдары жазған бір хатта «оның бабалары 17 ұрпағынан бері ел 
билеп келген, қазақ жұртына адал қызмет еткен және Үргеніште тұрып, 
Бұхарды және қазақ жұртын қоса әділдігімен билік құрған» – делінген 
[1]. Шерғазы Қайыпұлы Абылай ханмен 8, Нұралы ханмен 10 атадан 
қосылып, өз бастауларын Жәнібек ханнан алады. оның өз атасы Батыр 
сұлтан Сыр бойы қазақтарын басқарып, 1715-1718 жылдары қазақтың 
бас ханы болған әкесі Қайыптың деңгейіне жетпегенімен, қазақ-жоңғар 
соғысының шешуші кезеңдерінде, Еділ қалмақтары, казак-орыстар ша-
буылына, үнемі өзгеріп отыратын оңтүстіктегі саяси жағдай тұсында 
ел бірлігін сақтауға үлесін қосты. осы саясаттың жалғасы ретінде ұлы 
Қайыпты оңтүстіктегі саяси мәселелерге араласуға машықтандырды. 
Ресей бағытын да еш назардан тыс шығармады. 
Кейін  ІІ  Екатерина  тапсырмасымен  Қайып  хан  жөнінде  толық 
мәліметтер жинақталды. Мәліметтерде оның Хиуада хан болғандығы, 
соңғы  он  жылда  Кіші  жүзде  Сыр  бойындағы  Ұлы  Борсықты,  Елек 
өзені  бойларын  жайлайтындары  баса  айтылды.  Сонымен  бірге  оған 
«ойы ұшқыр, епті, өткір және жазу біледі» деп  баға береді [2].
И.в. Ерофееваның анықтауынша 1785 жылы Қайыпқа әлімұлдары 
руларынан  12  000  түтін  бағынған  екен.  Қайып  ханның  оның  екінші 
ұлы  Шерғазының  қоғамдық-саяси    белсенділігі  Сырым  датұлы 
бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезеңінде анық көзге түсті. ол Қайып 
Батырұлының  Нұралы  хан  орнына  ұсынылуымен,  ал  Шерғазының 
оны  мойындату  үшін  Ресейге  қазақ  елшілерін  бастап  аттануымен 
дәлелденеді. 
Қайып  Батырұлы  1785  жылы  21  қыркүйекте  Елек  қорғанынан 
100  шақырым  жердегі  Жіңішке  өзені  бойында  өткен  қазақтың  би, 
батырларының  кеңесінде  хан  тағына  ұсынылды.  Сырым,  Тіленші, 
Көккөз,  Сегізбай,  Тұрмамбет  т.б.  бірауыздан  Қайыпты  қолдады.  Со-
дан 1785 жылы ІІ Екатерина о.А. Игельстромға жанына 3 қазақ де-
путатын ұстауға бұйрық шығарды. Бұйрыққа сәйкес мұрағатта алғаш 
рет  Шерғазы  Қайыпұлы  аталып,  губернатор  жанына  алдырылды. 
Шерғазымен  бірге  Боранбай  мырза,  Жанұзақ  мырзалар  аттанды. 
оларға  орыс  үкіметінен  жалақы  төленіп,  керуен  мәселелерін  шешу-
ге міндеттелді [3]. Кейін 1787 жылы Жайықтың Самар бетіне атақты 
би, батырлармен бірге Қайыптың інісі Қарабай сұлтан шекті руының  
1500 түтінімен Сарайшық қорғаны жақтан мал қыстатуға рұқсат алды. 
осы кезеңнен бастап Қарабай сұлтан Қайып атынан Кавказ, Астрахань 
басшыларымен  тікелей  байланысқа  шықты.  Қарабай  сұлтан  Нұралы 
ханның күйеу баласы болғандықтан Әбілқайыр хан ұрпақтары арасын-
да да беделді болатын.
Бірақ  Кіші  жүздің  басқару  жүйесімен  Симбирск  және  Уфа 
генерал-губернаторы о.А. Игельстром шұғылданатын. Мұны ескерген 
ел игілері 1788 жылы күзде Кеңес өткізді. М.П. вяткин Кеңес бары-
сында  о.А.  Игельстром  Қайыпты  хан  сайлаудан  бас  тартқызу  үшін 
нешебір  айла  қолданғанымен,  би,  батырлар  ұсынысынан  айнымады 
деп  қорытты.  дегенмен  Кеңес  қорытындысында  Санкт-Петербургке 
арнайы елшілік жіберуге қол жеткізілді [4].
Кеңестен  кейін  Шерғазы  Серке  Қарабайұлымен  бірге  40  адам-
ды ертіп орынборға аттанды. 16 қазанда орынборға келген елшілер 
1789  жылдың  19  қаңтарында  Санкт-Петербургке  жолға  шықты. 
о.А.Игельстром сұлтан жанына кеңесші дияновты қоса ертті [5].
Қазақтардың басты талабы Қайыпты хан ретінде мойындау тура-
лы ұсынысы өтпейтіндігі анықталды. оның үстінде Қайып хан 1789 
*Мақала тарих ғылымдарының докторы Ұ.Т. Ахметовамен бірлесе дайын-
далып,  «Қазақ тарихы» журналының  2010 жылғы №2 санында жарияланған.

172
173
жылы күзде қайтыс болды. Яғни, негізгі мәселе күн тәртібінен түсіп, 
Ресей пайдасына шешілді. Мұндай жағдайда беделді Шерғазыны елге 
жібере салмай Ресей саясатына тарту, оны болашақ Азияны бағындыру  
жоспарларына пайдалану жүзеге аса бастады. Бұл кезеңде о.А. Игель-
стром Санкт-Петербургке алынып, 1790 жылы орыс-швед соғысында 
Финляндия армиясына жіберілді. Содан ол 1790 жылғы верельск шар-
тына қатысты. Соғыс барысында о.А. Игельстром оны Швед короліне 
жіберген.  Швед  королі  Шерғазыға  поляк  червонецтерін  тарту  еткен. 
Шерғазының  ерлігіне  куә  болған  патша  үкіметі  оған  1790  жылы  31 
тамызда секунд-майор шенін беріп, қазақтан шыққан алғашқы орыс 
офицері деңгейіне көтерді. Секунд-майор шені орыс армиясына XVIII 
ғасырда  енгізіліп,  подполковник  шені  пайда  болғанға  дейін  пайда-
ланылды.  Кейін  Шерғазыға  ІІ  Екатерина  гауһар  жүзік  сыйлаған  [6]. 
Мұндай шендер көп ұзамай жаппай таратыла бастады. Мәселен 1793 
жылы 28 ақпанда патша жарлығымен сұлтандар Абылай Нұралыұлы, 
Ағым  Әділұлы  премьер-майор,  старшындар  Иманбай  Құдайқұлов, 
Сегізбек  Есетов,  Қаражан  Сарытаев,  Уақбай  Қосқалпақов,  Байсақал 
Тілешовтер поручик, Шаншақ сұлтан штабс офицер, Есім Нұралыұлы 
коллежск офицер атанды. Сөйтіп, орыс шенеуніктері өзге қазақтардан 
бұрын Шерғазының елшілік қабілетіне, батылдығына, саясаткерлігіне 
тәнті болып, айрықша назар аударды. оның айқын дәлелі 1790 жылы 
Бұхараға жіберілген елшілік құрамына қосылуы бола алады. Шерғазы 
сұлтан Бұхар билеушісі Шахмұратпен кездесіп, 1791 жылы 15 шілдеден 
кейін Ресей астанасына оралып, 1793 жылға дейін қазақ-орыс қарым-
қатынастарына байланысты әртүрлі жұмыстар атқарды. 1793 жылы ол 
граф П.А. Зубовтың адьютанты болып бекітіледі. Бұл кезеңде П.А.Зубов 
II Екатеринаға ең жақын тұлға болатын. Шерғазы сұлтан елден Санкт-
Петербургке  келген  кезден  бері  Кіші  жүзде  біраз  өзгерістер  болды. 
1791  жылдан  хандық  билік  Ералы  Әбілқайырұлына  көшті.  Ресейдің 
отарлау саясатына қарсы Сырым бастаған қазақтардың күресі бір күн 
тоқтамады. Жаңа генерал-губернатор А.А. Пеутлинг қазақтарға қарсы 
әскери күштерді төкті. Кейін А.А. Пеутлингке жолданған жарлықтан 
сұлтандарды керуендер қазақ даласына өткен кезде ғана пайдалануға 
болатындығы  анықталды.  осындай  кезеңде  шиеленіскен  қазақ-орыс 
қатынасын  реттеуге  Шерғазы  сұлтанды  жіберу  түпкілікті  шешілді. 
оған  сөз  жоқ,  алдымен  1793  жылғы  3  шілдедегі  Сырым  батыр, 
Қаракөбек  би,  Боранбай  мырзаның  П.А.  Зубовқа  хаты  оң  әсер  етті. 
П.А.Зубовтың өзі Шерғазы сұлтанды «менің жанымда жүріп, сеніміне 
ие  болды»  деп  бағалады  [7].  Қазақтар  ұсынысын  П.А.Зубовтың 
қолдауы  А.А.  Пеутлингті  ойландырмай  қоймады.  Өйткені  елге 
белгілі,  сөзі  өтімді  Шерғазы  оның  шекарадағы  қатыгез  саяса-
тын дәлелдейтін. 1793 жылы 30 шілдеде П.А. Зубов А.А. Пеулингке 
Шерғазыны орынборға жібергенін, келген соң «шекаралық экспеди-
ция оның жанына арнайы орыс және қазақ тілдерін жетік білетін ау-
дармашыны қосуды» жүктеді. Хатта сұлтанға жолақы Уфаға дейін, ал 
орынборға дейін және кейін Санкт-Петербургке дейін Уфа қазыналық 
палатасы төлейтіндігі қоса жазылды
Шерғазы Қайыпұлы орынборға 1793 жылы 2 қыркүйекте жетті. 6 
қыркүйекте П.А. Зубовқа жолдаған хатында Шерғазы «тез арада маған 
жүктелген тапсырма бойынша Сырым датұлы мен бауырларыма хабар 
салып, келіссөз жүргізу үшін 15 қыркүйекте орынборға, ия болмаса 
Елек қорғанына кездесуге шақырдым» деп жазды. Хатта қазақтар бас-
шылары ретінде ағасы Әбілғазы сұлтан, Қаракөбек би, Басықара би, 
Боранбай мырзалар және бауырлары атап көрсетілді [8].
Шерғазы елшілігінің алғашқы нәтижесі қазақ даласына аттанғалы 
жатқан орыс әскерін тоқтатумен көзге көрінді. оны А.А. Пеутлинг 1793 
жылы 6 қыркүйекте жолдаған хатында мойындады. Шерғазының ба-
тыл қадамдары, соның ішінде беделді батыр, би, сұлтандарды кездесу-
ге шақыруы, олардың оны қабылдап, өзара сенімді байланыстың орна-
уы, орыс тұтқынындағы қазақтарды босату бағытындағы жұмыстары 
А.А.  Пеутлинг  әкімшілігінің  бет-пердесін  ашатын.  оған  жол  бер-
меу үшін орыс шенеуніктері тез арада 1793 жылдың 3 қарашасында 
Шерғазының соңына тыңшы бекітті. оны жүзеге асыру Елек қорғаны 
командирі  Лосеновқа  жүктелді  [9].  Кейін  Шерғазы  П.А.  Зубовқа 
тапсырған  есебінде  «аудармашы»  ретінде  М.Бекчуринді  сұрап  едім, 
орнына мүлдем сауатсыз адам берді» деп жеткізді [10].
А.А. Пеутлинг саясатын М.П. вяткин дәл анықтады. Белгілі сы-
рымтанушы  «Пеутлинг  және  оның  қарамағындағылардың  Шерғазы 
мақсатының  жүзеге  аспауына  жанталасуына  таңғалуға  еш  болмай-
ды» дей отырып, оның артында отаршылдық саясаттың жатқандығын 
дәлелдей  білді.  Шерғазының  табын  Тіленші  тарханмен  тұтқындар 
алмасу мәселесін жазбаша іс жүзінде шеше бастаған сәтте, генерал-
губернатор қазақтармен тікелей байланыс жасауға тыйым салды.
1793  жылы  20  қазанда  Шерғазы  сұлтан  Кіші  жүзге  келіп,  ел 
игілерін  Елек  қорғанына  5  шақырым  жерде  кездесуге  қол  жеткізді. 
Кейін 1700 қазақ игілері, ішінде Сырым батырда қатысқан кездесуге 
келгені үшін Шерғазы А.А. Пеутлингтен қатаң сөгіс те алды. Содан 
кейін кездесу Елек қорғанына ауысқан. Бірақ оған не бәрі 36 адам – 
Нұралы  хан  ұлы  Есентай,  Қайып  хан  ұлы  Тұңғаша,  Жолбарысғазы, 
Қарабай сұлтан ұлы Сарымұхамед және бірнеше старшындар қатысқан. 
Сырым батыр мен Жиентөре келесі күні келеміз деп жағдайды сырт-
тан бақылаған. Өйткені, Сырым батыр А.А. Пеутлингтің өзін ұстауға 
қаражат бөлгендігін білетін. 

174
175
Елек қорғаны командирі Лосенков түнде қорғандағы қазақтардың 
аттарын  қуып,  дүние-мүліктерін  бақылаудың  орнына  тонап  алды. 
Шерғазы  сұлтан  П.А.  Зубовқа  «майор  Лосенков,  ассесер  васильев 
ұрлықтарын ұрлаған заттарды – ертұрман, мөрлер, киім-кешектердің 
олардың адамдарынан тауып дәлелдедім» деп хабарлады. 
Міне  осындай  әрекеттен  соң  А.А.  Пеутлингпен  қазақ-орыс 
қатынасын реттеу мүмкін еместігі дәлелденді. Шерғазы 36 ел игілері 
кеткен  соң,  маған  қорғанға  тек  «ағам  Әбілғазы»  ғана  келді,  өзге 
қазақтар 20 күндік жерде  кездесуге қайта-қайта шақырғанын патша 
үкіметіне қоса жеткізді [11]. 
Қазақ-орыс  қатынастарының  шиеленісу  себебін  өзінше 
анықтаған  Шерғазы  сұлтан,  А.А.  Пеутлингтің  қыстауымен  1793 
жылдың желтоқсанында жолға шығып, 1794 жылдың басында Санкт-
Петербургке оралды. Келген бойда П.А. Зубовқа өз есебін тапсырды. 
Шерғазы «өзінің 1789 жылдан бері патшаға адал қызметін» алға тарта 
отыра, қазақ халқының жергілікті орыс шенеуніктерінен  зәбір көріп 
жатқандығын, А.А. Пеутлинг бастаған басшылар әрекеттерін жайып 
салды. Сонымен бірге, Шерғазы сұлтан Әбілғазы хан, Есентай сұлтан, 
Бекбай сұлтан, Арсалы би, Жанатай би, Қаракөбек би, Сырым батыр, 
Тіленші  би,  Боранбай  мырза,  т.б.  П.А.  Зубовқа  жазған  хатын  құпия 
түрде жеткізді.  Ел игілері хатында  А.А. Пеутлингтің шектен шыққан 
озбырлығы  толығымен көрініс тапты. Шерғазы сұлтан осы сапарда 
7500 руб. жойғандығын хабарлады [12].
1794  жылы  қараша  айында  А.А.  Пеутлинг  қызметінен  боса-
тылып,  орнына  С.К.  вязмитинов  тағайындалды.  осы  жылы  15 
қарашада Қайып хан ұлдары, Сырым батыр т.б. генерал-губернаторға 
бұрынғы басшының  зорлықтарын Шерғазы сұлтан арқылы патшаға 
жеткізгендігін  хабарлап,  оның  болашақ  әділдігіне  үлкен  сеніммен 
қарайтындығын білдірді  [13]. Желтоқсан айында генерал-губернатор 
генерал-прокурордан Кіші жүздегі ел игілерінің бағыттарын анықтауды 
тапсырды. ол бойынша Шерғазы Қайыпұлының бауырлары т.б. Сы-
рым батырмен бірге екендігі анықталды. Ал бірінші партияны шекара 
бойындағы Нұралы хан ұлы Есім басқарады делінді [14]. С.К. вязми-
тинов Әбілғазы мен Сырымның Есім сұлтанның көзқарастырындағы 
айырмашылықтарды  ашып  көрсетпесе  де,  оның  артында  алдымен 
дәстүрлі хандық билікті күшейту және Ресейдің қазақтар тағдырына 
араласуын шектеу жатқандығын анық байқады. Кезінде Сырым батыр 
елді біріктіру үшін Қайыпты ортақ хандық билікке әкеліп, Ресеймен 
қарым-қатынасты  реттеуді  көздеген-ді.  Ал  Ресей  керісінше  хандық 
билікті  әлсіретіп,  хандарды  шекара  бойында  ұстап,  олардың  елмен 
байланысын  мүмкіндігінше  шектеуге  сол  арқылы  орыстың  басқару 
жүйесін енгізуді мақсат тұтты. олар қолдаған Ерәлі хан 1794 жылы 
10  маусымда  дүние  салғаннан  кейін  де  алған  бағыттарынан  тайма-
ды. Ендігі таңдау Есім сұлтанға түсті. оның үнемі шекарадағы орыс 
шенеуніктеріне жақындығы, ел ортасына барып, сол жерден басқару  
туралы қазақтар ұсыныстарын қабылдамауы қалың көпшіліктің ашық 
наразылығын  туғызды.  Кезінде  ХҮІІІ  ғасырдың  70  жылдары  Есімге 
аға, ақылшы болған Сырымның өзі сұлтанның ертеңіне, халық сенімін 
ақтайтындығына  күмәнмен  қарады.  осыны  ескерген    С.К.  вязмити-
нов Есімді хандық таққа отырғызу үшін тағы да Шерғазы сұлтанды  
пайдалануды жөн көрді. Уақыт созбай П.А. Зубовқа «орданы тыныш-
тандыру және екі жақты келістіру үшін» Шерғазы сұлтан қажет деп 
хат жолдады. П.А. Зубов та Шерғазы сұлтанды көтермелеп, генерал-
губернаторға  жауап  жазды.  Содан  сұлтан  1795  жылы  10  тамызда 
орынборға жетті. ол турасында губернатор 1795 жылы 19 қыркүйекте 
П.А.  Зубовқа  хабар  салды.  Хабардан  17  қыркүйекте  орынборда 
Есімнің хан сайланғандығы, оған Сырымның қатыспағандығы белгілі 
болды [15]. 
Хан  сайлау  шешілген  соң  С.К.вязмитинов  Шерғазыны 
Симбирскіге алып, кейін Санкт-Петербургке жіберді. Тез арада орын-
бордан Шерғазыны алыстатуға, біздіңше, сұлтанның Есім ханға деген 
сенімсіздігі  әсер  етсе  керек.  Өйткені,  генерал-губернатор  сұлтанды 
орынбор саясатына пайдалы емес деген тоқтамға келіп, 1796 жылы 
10  қаңтарда  патшаға  хат  жолдап,  оның  өзіне  қарсыластарымен  бай-
ланысына  ерекше  тоқталды.  Сөз  жоқ,  мұндай  жағдайда  Шерғазы 
орынбор әкімшілігіне қажеті жоқ еді. Мұны Шерғазы сұлтан да сезді. 
Сондықтанда қайкенде де елге қайту мақсатында 1796 жылы 11 тамыз-
да Мемлекеттік кеңеске арнайы хат жазды. Хатында өзін орынборға 
жіберіп, Бұхараға баратын  керуен жолдарын бақылауға алуды жүктеуге 
әбден болатындығын алға тартты. Бірақ мемлекеттік кеңес Шерғазы 
ұсынысын қабылдамай, кейінге қалдырды. 
1797  жылы  Шерғазы  өтінішін  Павел  патшаға  жолдады.  осы 
жылы 28 қазанда орыс патшасы орынбор губернаторы болып қайта 
тағайындалған о.А.Игельстромға сұлтанды өз жұмысында пайдалану-
ды қолдайтындығын білдірді. Сөйтіп араға уақыт сала 1798 жылдың 
басында Шерғазы сұлтан орынборға оралды [16].
Сұлтанның орынборға оралғандығынан хабардарданған ел игілері 
оны ордаға жіберуге өтініштерін жібере бастады. Айшуақ хан кеңесі 
мүшелері, Сырым батыр, Қаракөбек би т.б. бірауыздан оны қолдады. 
Беделді азаматтар Шерғазыға 1798 жылы ерекше шиеленіскен, арты 
жойқын барымтаға ұласқан қазақ-башқұрт қатынасын реттеуде сенім 
артты.  ол  турасында  1798  жылы  күзде  Сырым  батыр,  Қаракөбек, 

176
177
Жанназар,  Сарышоңай,  Мұсылман,  Көккөз,  Сұлтанбек,  Қаратайбек, 
Азына,  Тілеп  билер  Қазан  көпесі  Мырзағали  Шахмұратов  арқылы 
Ресей  коммерция  министрі  Н.П.  Румянцевқа  хабарлады.  Боранқұл, 
Аққұл бастаған башқұрттар мен Жайық казак-орыстары бірлесе отыра 
65 000 түрлі мал-жандықтарды қуып алып, 10 адамды өлтіргендігі, ба-
сты кінәлілер ретінде дәрменсіз хан және жаңа генерал Н.Н. Бахметов 
екендігі хатта анық жазылды. 
Хат  жазылған  кезеңде  Шерғазы  сұлтан  ордада  болатын.  оны 
сұлтанның қайын атасы Қаракөбек би 1798 жылы 8 шілдеде орынборға 
«күйеу  баласын  жібергеніне  алғысын  білдіріп»  хат  жолдағанды. 
Біздіңше  Шерғазы  Қаракөбек  қызына  1795  жылы  орынборда  бо-
лып,  ел  игілерімен  кездескен  кезеңде  құда  түскен  сияқты.  Шерғазы 
айттырылған  қалыңдығы  туралы    1796  жылы  Санкт-Петербургте 
жүрген  кезінде  мемлекеттік  кеңеске  хабарлап,  ордаға  жіберуді 
өтінгенді [17]. Үйлену сәті 1798 жылы жазда жүзеге асты. Шерғазы 
атасы Қаракөбек Кіші жүздегі әлімұлдарының төртқарасынан еді. Би, 
әрі орыс үкіметі таныған Қаракөбек Қосбайұлы Сырым бастаған ұлт-
азаттық күресте белді роль атқарды. оның негізгі тұрағы Сыр бойы 
екендігін ескерсек, Шерғазы әкесі Қайып ханмен байланысының ерте-
ден бастау алғандығын сезінеміз.
Шерғазы  сұлтан  елге  оралған  соң,  1803  жылға  дейін  орынбор 
әкімшілігіне  жоламады.  оған  негізгі  себеп  қазақ-орыс  қатынасының 
реттелмеуі деуімізге әбден болады. Қазақ наразылығын елемеген, ел 
игілерінің өтініш-талаптарын аяқсыз қалдырғанын көрген Қаракөбек 
бидің  руластары  Қара  Алтай,  Сары  Алтай  бастауымен  1799  жылы 
Бұхарадан  орынборға  шыққан  керуенді  тоқтатты.  орыс  үкіметі 
295  000  руб.  айырылды.  осындай  жағдайда  Айшуақ    хан  Шерғазы 
сұлтанды өзіне тартып, қазақ руларын тыныштандыруға әрекет жаса-
ды. Хан ұсынысына Ж.Қасымбаев есебінше Шерғазы Қайыпұлы, 15 
би, 1 тархан, 1 батыр қол қойған екен [18].
Келісімге  қол  қойған  ел  игілері  бірауыздан  қалыптасқан 
жағдайға басты кінәлі орынбор әскери губернаторы Н.Н.Бахметов 
деп  есептеді.  олар  ішкі  істер  министрі  в.П.  Кочубейден  қазақ-
казак-орыс,  қазақ-башқұрт  қатынасын  әділ  шешуді  сұрай  отыра, 
Н.Н.Бахметовтың өз ұсыныстарын еш қашан қазақтар пайдасы үшін 
шешпегендігін  баса  көрсетіп,  оны  ауыстыру  қажеттігін  дәлелдеді. 
Н.Н. Бахметов 1802 жылы І Александр патшаға қазақ даласындағы 
керуенді тонаушылар – Шерғазы сұлтан, Қаракөбек, Басықара, Жан-
назар т.б. билер деп көрсетіп, оларға қарсы әскери команда жіберуді 
ұсынды.  дегенмен  губернатор  «Қаракөбек,  Жанназар  старшындар 
«қаусаған шал» Айшуақ ханға қарағанда ел алдында беделдірек» деп 
мойындауға мәжбүр болды [19].
Патша үкіметіне орынбордан Шерғазы сұлтанды кінәлаған хат-
тар  келгенімен,  оның  Кіші,  орта  жүздегі  беделді  бауыры  Әбілғазы 
ханның Сыр бойы руларын басқарып, Бұхара, Хиуа басшылықтарымен 
таныстығы қайткенде де оны империялық саясатты жүзеге асыру үшін 
пайдалануға итермеледі. 
1802 жылдың аяғында Ресей Бұхараға елшілік дайындауға кірісті. 
Елшілік басшылығына орынбор өлкесімен таныс поручик Я.П. Гавер-
девский бекітілді. орынбор әкімшілігі елшіліктің сәтті барып-қайтуын 
ұйымдастыруға жол басы ретінде Шерғазы сұлтанды ұсынды. Н.Н Бах-
метов сұлтанға сенбегенімен, елшіліктің әлімұлдарының мекендерінен 
өтетіндігі, оған Шерғазының сөзсіз ықпалының жоғарылығы амалсыз-
дан  оны  сапарға  келістіруге  мәжбүрледі.  Араға  тілмәш,  сұлтанның 
бұрынғы  танысы  М.Бекчуринді  салып,  Шерғазының  келісімін 
алды.  Я.П.  Гавердовский  жол  бастаушы  шекті,  төртқара,  шөмекей 
руларының өкілдерімен 1803 жылы 15 шілдеде Елек қорғаны тұсында 
75 шақырымдай ордаға еніп кездесті. осы кездесуге поручик Шерғазы 
сұлтан ұсынған төрқара, шөмекей рулары мекендерімен өту жоспарын 
қабылдады.  Сөйтіп  1803  жылы  26  шілдеде  орыс  елшілері  90  түйеге 
жүктерін асып, Шерғазы сұлтан ерткен 35 төртқара руы, Құран батыр 
баласы Едіге бастаған 9 шөмекей руы қазақтарының жол көрсетуімен 
Бұхараға аттанды. Елшілер 13 тамызда Қаракөбек, 19 тамызда Шерғазы 
сұлтан  ауылының  үстінен  өтеді.  Я.П  Гавердовский  сұлтанның  ауы-
лы төртқара Жаныш және Алтай билердің ауылдарының ортасында, 
Ырғыз өзені бойында, орскіден 398 шақырым жерде деп суреттейді. 
Шерғазы ауылында елшілерді сүт және қымызбен қарсы алған.
Жол  бойында  орыс  елшілері  төртқара  және  шөмекей  руларына 
келген  Бұхара  елшілерімен  кездесті.  Бұхаралықтар  қазақтар  тартып 
алған  керуеннің  толық  құнын  талап  еткен.  Мұны  естіген  Шерғазы 
сұлтан  Я.П.  Гавердовскиймен  сапарды  жалғастырмай  қазақ-Бұхара 
қатынасын  реттеу  үшін  руларды  аралап  кеткен.  Ал  Қаракөбек  би 
жиенінің  қайтыс  болуына    байланысты  сапарды  жалғастырмады. 
Содан  9  қыркүйек  күні  шектілер  мекенінде  керуен  қазақтар  шабуы-
лына  ұшырады.  Поручик  күнделігінен  оның  ендігі  тағдыры  тікелей 
Шерғазыға тәуелді болғанын байқау қиын емес.Я.П.Гавердовскийдің 
«Ресейге,  не  Бұхараға    шығарып  салуға  ешкімнің  тәуекелі  жетпеген 
кезеңде  Шерғазы  келді»,  «1803  жылы  30  қыркүйекте  сақал-мұртым 
өсіп,  қазақша  көйлекпен  орынборға  келгенде,  жанымда  Шерғазы 
сұлтан мен оның 50 сенімді қазағы болды» дегені біраз мәселенің бетін 
ашады [20].
Сөйтіп араға 5 жыл салып Шерғазы сұлтан орынборға оралды. 
орынбордың  жаңа  әскери  губернаторы  Г.С.  волконский  сұлтанмен 

178
179
танысып,  оның  істерінен  хабардар  болды.  1804  жылы  19  сәуірде  І 
Александр патшаға жолдаған хатында Г.С. волконский қазақтар Я.П. 
Гавердовскийдің  керуенін  қамқорлыққа  алғанымен,  тонап  алуға  жол 
берді. Кінәлілер Әбілғазы хан, Шерғазы сұлтан, Жанназар , Қаракөбек 
билерді шақыртып, мойындатуымыз қажет деген ұсыныс берді. Губер-
натор  Айшуақ  ханды  ұлы  Жантөремен  ауыстырып,  20  000  әскермен 
жорыққа шығуды жоспарлады. Соған қарамастан Шерғазы сұлтанды 
орынборда ұстап, қамауға алмай 1803 жылы қыркүйекте қолға түсіп, 
Сыр бойында қалған дәрігер Большойды босатып әкелуді тапсырды. 
Шерғазы орадаға жетіп Әбілғазы хан, Жанназар, Жанұзақ, Боранбай 
билермен  кеңесе  отырып,  дәрігер,  денщик,  татар  баласын  босатып, 
1804 жылы  26 шілдеде орынборға әкелді. ол турасында губернатор 
Сыртқы істер министрі А.А.Чарторижскийге  1804 жылы 2 тамызда 
хабарлап, сұлтан Шерғазы орынборда деп жеткізді [21]. 
Патша үкіметі Шерғазы сұлтанның ықпалы бар рулар мен оның 
басшылары  туралы  мәліметтер  жинақтады.  ол  бойынша  төртқара 
руы  12  бөлімімен  11  000  түтінге,  кішкене  шектілер  6  бөлімшесімен 
8 000 түтінге жеткен. Төртқара руын Қаракөбек, Басықара, Қараалтай, 
Сарыалтай,  Жаныш,  Ақтөбе,  Текмеше,  Алтай  басқарып,  қыста 
Сыр  бойындағы  Майлыбай,  Кеңтөс  мекендерінде  және  Құбан  өзені 
бойындағы  Өткел,  Ақшығанақ  мекендерінде,  Жан  өзені  бойындағы 
ежелгі  Нұртай  қорғаны  және  Сырлытам  кесенесі  маңында,  жазда 
Қарақұм  жанындағы  Қалмас  мекенінде,  Ырғыз  бойында,  Құлақшы 
өзенінен  Бақсайты  кесенесіне  дейін,  Ұлы  Ырғыз  өзенін  жайлаған. 
Кішкене-шектілер Жанназар би, Жанұзақ, Қожаберген, Өтеген билерге 
бағынған. оларды Шерғазы ағасы Әбілғазы хан басқарды. Шөмекей, 
төртқара,  шектілер  көршілес  көшіп-қонып,  Сыр  бойындағы  керуен 
жолын бақылауда ұстады. Ал олардың орыс керуендерін қазақ дала-
сына  өткізбей,  үнемі  тонап  алуын  Ресейдің  отаршылдық  саясатына 
қарсылықтың бір түрі деп түсінген абзал. 
Шерғазының орыс үкіметімен байланысын орынбор шенеуніктері 
«жеке бастың пайдасын күйттеуінен» деп анықтағанымен оған дәл сол 
кезеңде қарсы шара жасай алмады. оны сұлтан да сезінді. Сондықтан 
да ол Ресей алдында Қайып хан ұрпақтарын мойындатып, Кіші жүз 
ханы  тағына  оларды  отырғызу  арманынан  бас  тартпады.  Екіншіден, 
дәл ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың І ширегінде қазақ-орыс 
қатынасында  елші  деңгейінде  Шерғазы  Қайыпұлындай  белсенділік 
танытқан бірде-бір қазақ болған емес. оның шекара бойындағы талас-
тартысты, ел ішіндегі рулар арсындағы барымтаны реттеуге қабілеті 
жеткілікті еді. 
Г.С. волконский Ресей ішкі істер министрі А.в. Куракинге хабар-
ласып,  Шерғазының  «Я.П.  Гавердовский  бастаған  керуенді  қорғауда 
пайдасынан  зияны  көп  болды»  деген  қорытынды  шығарғанымен, 
әзірше  тимей  1805  жылдың  басында  орынборда  қалдырып,  қазақ-
орыс  қатынасын  шешуге  пайдалануды  жөн  көрді.  Содан  губернатор 
1805  жылы  24  ақпанда  сұлтанға  орныбордағы  аманат  үйінен  пәтер 
бөлді. Көп ұзамай ол Мұсылман би ұсынысымен шекті, табын рулары 
арасындағы барымтаны шешуге кірісті [22]. 
1805  жылы  ордадағы  Қаратай  Нұралыұлы  мен  Жантөре  хан 
арасындағы келіспеушілікті реттеуге Шерғазы сұлтан жіберілді. ол 17 
қыркүйекте шығып, 20 қазанда Калмыкова бекінісінен 20 шақырымдай 
жерде орналасқан Қаратай ауылына жетті. Секунд-майор Шерғазының 
Қаратаймен кездесуі туралы хабарламасымен танысқан атаман Боро-
дин  кейін  Қаратайдың  хандық  билікке  үміті  бар  екенін  мойындады. 
Шерғазы сұлтан Қаратайдан соң 3 қарашада Бөкей сұлтанға аттанды. 
осы  кездесуден  кейін  Бөкей  сұлтан  Г.С.  волконскиден  Шерғазыны 
өзіне жіберуін сұрап, хат жолдады. Бірақ мұндай өтініштің артын бол-
жай  алмаған  губернатор  әзірше  Шерғазыны  жібере  алмайтындығын 
жеткізді [23].
1805 жылы патша үкіметі хандық билікті шайқалтуды жалғастыра 
берді. Айшуақ хан орнына баласы Жантөре сұлтан бекітілді. Кезінде 
Сырым бастаған қозғалысқа қатысқан Жантөре жаңа ғасырда толықтай 
орыс  әкімшілігінің  тапсырмасын  орындаушыға  айналды.  Міне 
сондықтан  да  немере  ағасы  Қаратай  сұлтан  осы  кезеңде  Жантөреге 
қарсы  ашық  күресті  бастады.  Бастапқы  кезде  Шерғазы  Бөкеймен 
бірге  оларды  келістіруге  ұмтылғанымен,  хан  артында  орыс  саясаты 
жатқандығын  ұқты.  Бөкей  сұлтанға  жібермегенінен,  Жантөре  мен 
Қаратай  арсындағы  тартыстың  күн  санап  күшейгенінен  қауіптенген 
Шерғазы, оның әсері қазақ-орыс қатынасын шиеленістіретінін сезініп, 
ордаға кетуге бел байлады. оның мүмкіндігі 1806 жылы күзде туды. 
А.Ф.  Рязанов  анықтауынша  1806  жылы  қазанда  Шөмекей  руының 
қамқорлығымен,  2040  түйеге  жүгі  тиелген  бұхаралықтар  керуені 
орскіге жақындаған тұста, оны күтіп алуға Шерғазы Қайыпұлы мен 
Сабитов жіберілді. Зерттеуші керуен орынборға сәтті жеткенімен, оған 
жетер  жолда  қазақтар  Шерғазыны  тонап  алды  деп  түйіндейді.  оны 
шекаралық комиссия 6 қазанда орск гарнизоны батальоны басшысы 
подполковник  Эссен  арқылы  естіген.  Мұндай  хабарды  М.П.вяткин 
«Шерғазы  тапсырманы  орындамай,  шекті  руларында  қалып  қойды» 
деп  өзінше  түйіндейді.  осыдан  кейін  тарихшы  Ж.А.Исмурзин 
Шерғазы  сұлтан  1811  жылдың  жазына  дейін  орынборға  оралмаған 
деп  ой  қорытады  [24].  Расында  да  1806-1811  жылдар  аралығында 
Шерғазының  қоғамдық-саяси  қызметі  туралы  деректер  еш  сыр  аш-

180
181
пайды. Соған қарағанда Шерғазы Сыр бойына кетіп, орыс шекарасы-
на жақындамаған. дегенмен кейбір деректерге қарағанда ол Бұхарада 
болып,  оңтүстіктегі  саяси-экономикалық  мәселелерді  шешумен 
шұғылданған. Ал Қаратай мен Жантөренің күресі Кіші жүз ханының 
өлтірілуімен аяқталды. Өлім аяғы Қаратай хан інісі орман Нұралыұлы 
мен Есім хан ұлдары премьер-майор Қара және Шожықтың жер ауда-
рылуымен, өзге қатысушылардың қатаң жазалануымен аяқталды. 
Жантөре хан өлімінен соң жаңа хан сайлау күн тәртібіне шықты. 
Қаратайдың  нешебір  ұмтылысы  мен  елдің  қолдауына  қарамастан 
ең  бастысы  орыс  үкіметіне  саясаты  ескеріліп,  хандық  таққа 
сайланбайтындығы белгілі болды. Айшуақ хан ұрпақтары Жантөренің 
інісі Шерғазыны дайындай бастады. Бұдан хабарданған Нұралы хан, 
Қайып хан ұрпақтары, соның ішінде Шерғазы Қайыпұлы т.б. қазақ ру-
ларымен ақылдаса отыра Бөкей сұлтанды бірауыздан қолдап, хандық 
таққа  ұсынды.  оны  жүзеге  асыру  үшін  және  Бұхара,  Хиуа,  Ресей 
бағытындағы сауда-саттықты дамыту мақсатында Шерғазы Қайыпұлы 
орынбормен байланысқа шықты. ол 1811 жылы жазда жүзеге асты. 
орынборға шекті, қаракесек, кете-ожырай керуендерін жеткізген соң, 
Шерғазы немере інілері Әлімғазы Әбілғазыұлы, ағасы Қарабай сұлтан 
балалары Әбілғазы, Есенғазы Сирек, Жарық сұлтандар және т.б. 1811 
жылы  13  қыркүйекте  Бөкейді  хандық  таққа  көтерді.  20  қыркүйекте 
Шерғазы Қайыпұлы губернатор Г.С. волконскийге «халықпен кеңесіп, 
Бөкей сұлтан Нұралыұлын Жантөре  Айшуақұлы орнына сайладық» 
деген хабар салды. Ал губернатор өз жоспары бойынша 27 қыркүйекте 
Р.М. Румянцевқа «Шерғазы Айшуақұлы Кіші жүздің ханы болып сай-
ланды» деп хабарлады. Сонымен осы кезеңнің ерекшілігі Қазақстанның 
батыс  өңірінде  Ресей  мойындаған  екінші  ханның  бекітілуі  еді. 
Шерғазы Айшуақұлымен қатар, Бөкей хан таққа сайланып, Астрахан 
далалары мен Жайық өзенінің Каспий теңізіне құятын салаларындағы 
қазақтарды  басқару  жүктелді.  орынбор  әкімшілігінің  қолдауына  ие 
болған  Бөкей  екінші  рет  28  қыркүйекте  «маған  көмекке  Шерғазы 
Қайыпұлын  жіберіңіз»  деген  өтінішін  жолдады  [25].  Кейін  Бөкейге 
келген  Шерғазы  бір  айдай  Сарайшықта  болып,  ішкі  мәселелермен 
шұғылданды.  оның  оң  нәтижесі  де  көзге  көрінді.  Бөкей  хан  1812 
жылы 12 ақпанда в.С. волконскийге  Шерғазы сұлтанға сенетіндігін 
жеткізіп, өзін қолдаушылар қатарына Ерәлі хан ұлдары Жантөре мен 
Темір сұлтанды қосып жазды. Хатта Бөкей Шерғазымен бірге ауыл-
ауылды аралап жүргендігін де ерекше атап өтті. Шерғазы Қайыпұлы 
1812-1815  жылдары  аралығында  орынбор  әкімшілігімен  Бөкей  хан, 
Шерғазы хан қатынасындағы күрделі мәселелермен ғана шұғылданып 
қоймады. ол әрқашан бауыры билеген Сыр бойы қазақтарының Бұхара, 
Хиуа  хандықтарымен  де  байланысын  назардан  тыс  қалдырмады. 
Мүмкіндігінше  керуен  жолдарын  бұрынғысынша  бақылауда  ұстап, 
Әбілғазы ханмен Сыр бойын сақтауға барын салды.
Өйткені  нақ  аталған  жылдары  Хиуа  хандығы  Кіші  жүздің 
оңтүстігіне жаңа талаптар қоя бастады. Хиуа әскерлерінің үнемі қоқан-
лоқысы  Қайып  ұрпақтарына  жаңа  сын    әкелді.  Қарабай  сұлтанның 
1813  жылы  жазда,  Жиһангер  Қайыпұлының  1814  жылы  1  тамызда, 
Әбілғазы  Қайыпұлының  1815  жылы  жазда  қайтыс  болуы  Батыр  хан 
ұрпақтары  алдындағы  Шерғазы  сұлтанның  жауапкершілігін  көтерді. 
Арынғазытанушы Ұ.Т. Ахметова қалыптасқан саяси жағдайды ескер-
ген Шерғазы 1815 жылдың басында ата жұртына келді деп есептейді. 
Әбілғазы хан қайтыс болған тұста шекті, төртқара, қаракесек рулары 
Шерғазыны хан тағына ұсынған. орынбор одан 1815 жылы 27 шілдеде 
хабарданды. Содан орынборға келген Шерғазыны Г.С. волконский жа-
нына С.Абубакиров пен конфидент Р.Мұртазинді қосып, Сыр бойына 
аттандырды. дегенмен, ел ақсақалдары ойлана келе, Әбілғазы орнына 
үлкен баласы Арынғазыны сайлады. Кейін 1817 жылы тамызда орын-
бор генерал-губернаторы П.К. Эссенге жазылған хатта Арынғазының 
екі жыл бұрын хан сайланғандығы, оған бас көмекшілікке ағасы май-
ор Шерғазы тағайындалғаны белгілі болды [26] Ағасы Шерғазының 
бірнеше елдің басқару жүйесімен таныстығы Арынғазыға күшті әсер 
етті.  Ішкі  бірлікті  күшейту  мақсатында  тәртіпті  қатаң  сақтап,  рулар 
арсындағы  барымтаны  тоқтатып,  кінәлілерді  ел  алдында  жазалауы 
көпке үлгі болды. Мәселен, 1816 жылы шөмекей т.б. әлімұлдарының 
Сыр бойындағы алтын-жаппастармен келісімге келтіруін Арынғазының 
алғашқы  табысы  делінді.  Содан  1816  жылы  18  мамырда  Арынғазы 
мен Шерғазы Г.С. волконскийге елде Кеңес өткізіп, көпшілікке «оған 
қатысушы адамдардың осындай әрекеттері үшін болашақта өлім жа-
засына кесілетіндіктерін, ал дүние-мүлкінің талан-таражға салынаты-
нын» ескерттік деп хабарлады. 
1816 жылдың көктемінде Арынғазы хан мен Шерғазы Қайыпұлы 
орта  жүздегі  арғын  руының  сұлтаны  Жұма  Құдаймендіұлына,  Мұса 
батырға,  қыпшақ  руының  сұлтаны  Хұсырау  сұлтанға  хабар  салып, 
өзара кездесу ұйымдастырады. Арынғазының Халық кеңесі 1816 жылы 
20-25 мамыр аралығында ор өзені бойында өтті. Кеңеске тек қана орта 
жүзден 7 000 адам қатысты. Соңында Кіші, орта жүз би, батырлары 
келісімге  келді.  оны  Арынғазы  мен  Шерғазы  Рахметтола  Мұртазин 
арқылы  орынборға  хабарлады.  Міне  осыдан  кейін  Арынғазы  Ресей 
мойындаған  Кіші  жүз  ханы  Шерғазы  Айшуақұлымен  кеңес  өткізу 
керек деп тапты. ол жанына Шерғазы Қайыпұлын ертіп,  хан ауылы 
орналасқан Бердянка өзеніне жақындады. 

182
183
Халық  кеңесі  1816  жылы  8  тамызда  Шерғазы  хан  жайлауы-
нан  3  шақырым  жерде  өтті.  Кеңеске  Арынғазы,  Шерғазы  сұлтан, 
Қаратай Нұралыұлының келу себебін Шерғазы хан «мені өлтіріп, мал-
мүлкімді иелену» деп түсіндірмек болды. Мұны бір жақты қабылдаған 
Г.С.волконский  тез  арада  600  адамнан  тұратын  қарулы  әскер  аттан-
дырды. Соның кесірінен Халық кеңесі өтпей қалды [27].
Шерғазы  сұлтанның  Арынғазыны  орынбормен  байланысқа 
шығарып, ішкі келісімді орнату жолындағы жұмыстарына Хиуа ханы 
Мұхамед  Рахим  әрдайым  күдікпен  қарады.  оның  арты  реті  келген-
де  Сыр  бойы  қазақтарын  тонауға  апаратын.  1816  жылы  қарашада 
хиуалықтар шабуылы тағы қайталанды. Қарақалпақтардың айдап са-
луымен Сүйін би т.б. бастаған хиуалықтар 10 000 қолмен 11 күн бойы 
Жанкент қаласын, оның маңындағы 1 000 қазақ ауылын аяусыз тона-
ды.  Шабуыл  кезінде  20  хиуалық  өлтірілсе,  қазақтар  2000  адамынан 
айрылды. 
Содан Шерғазы сұлтан орск қорғаны комендантына хат жазып, 
әскери  көмек  сұрап,  Арынғазы  әрекетінде  орыс  үкіметіне  ешқандай 
қарсылық жоқ екенін алға тартты. 
Хиуалықтардың  болашақ  шабуылынан  қорғану  үшін  Арынғазы 
Шерғазы сұлтанды 1817 жылы орынборға жіберді. Бұхара керуендерін 
бастаған Шерғазы 11 шілдеде орскіге жетті. Басты мақсат– қайткенде де 
әскери көмек алу болатын. Шерғазы 12 шілдеде орынбор губернаторы 
П.К.Эссенге Хиуа бағытындағы қазақтар саясатын ашық айтпағанымен, 
керуенді  қорғауға  қаруланған  әскер  керектігін  дәлелдеуге  тырысты. 
Бірақ губернатор мұндай көмектен бас тартты [28]. Соған қарамастан 
Шерғазы сұлтан керуенмен кері қайтып, қараша айында Арынғазыға 
жетті. Бұхара керуендерін бауыры Мысырғали мен Мұратқа жүктеп, 
Шерғазы сұлтан Хиуамен келіссөз жүргізу үшін Үргенішке аттанды. 
1818 жылы шекаралық комиссия жазған хатында ол «Хиуа ханы маған 
200  червонец  тұратын  арғымақ  сыйлады»    деп  хабарлады.  Шерғазы 
келісім нәтижесінде 300 қазақты ауылына қайтарды 
Хиуа  ханы  Мұхамед  Рахим  Сыр  бойы  ханы  Арынғазы  мен 
Шерғазы сұлтан арқылы қарым-қатынасты ретке келтіргендей болып 
көрінгенімен, оның астарында үлкен саяси ойындар жатты. Көп ұзамай 
ол анық көзге түсті. орыс үкіметінен көмек алып, Хиуаны талқандауды 
негізгі  мақсат  тұтқан  Арынғазыны  өзіне  келтіре  алмайтындығын 
сезіп, оған өзге сұлтандарды қарсы айдап сала бастады. Сыр бойын-
да  Хиуа  бекіткен  хандар  пайда  болды.  Тіпті  бірде  Мұхамед  Рахим 
өзіне «қарсылас» 6 белгілі қазақтың би, батырларын шақырып, Хиуа 
бекінісінде  өлтірген.  оның  астында  сөз  жоқ  қазақ  игілерін  күштеп 
мойындату  жатты.  Хиуа  ханы  келісім  барысында  Шерғазы  сұлтанға 
хандық  тақ  беріп,  Арынғазыға  қарсы  қою  әрекеттеріне  кіріскен. 
Шерғазы  сұлтан  ұсынысты  бірден  қабылдамады.  Бірақ  көп  ұзамай 
Хиуа ханы есебі толық жүзеге асты. 
1818 жылы маусым айында Арынғазы хан орскіден 200 шақырым 
жердегі  Қызыл-Кебеже  өзені  бойында,  Шерғазы  сұлтан  орскіден 
100 шақырым жердегі Қамысты өзені жағасында жайлаған кезеңінде 
Бұхардан  орынборға  шыққан  керуен  тонауға  ұшырады.  Керуенді 
мұрағат деректері бойынша Шерғазы сұлтан баласы Мысырғали мен 
Жанназар бидің қарамағындағы шекті руы жігіттері тоқтатқан [29]. Ал 
шекті руына Шерғазының билігі жүретін. Мұны ескерген Арынғазы 
Шерғазы арқылы керуен заттарын түгелдей жинап алды. Шекті руы 
белгілі дәрежеде Арынғазының бұл әрекетіне наразылық та білдірді. 
олардың  көзінше  Арынғазы  орыс  үкіметінің  тапсырмасын  орын-
даушы ретінде көріне бастады. оған Арынғазының 1818 жылы Кіші 
жүз ханы Шерғазы Айшуақұлының Хан кеңесі төрағалығына патша 
үкіметінен бекітілуі де әсерін тигізді. Арынғазы Хиуа ханы есебінше 
өзіне  бағынудан  шығып,  Ресей  «адамына»  айналды.  Мұхамед  Ра-
хим түрлі амалдармен Арынғазыны енді тоқтатпаса, Хиуа саясатына 
қарсы оның Ресейден көмек алу мүмкіндігін сезінді. Не болғанда да 
Арынғазыны Сыр бойынан солтүстікке қарай ығыстырып, оның орны-
на орыс саясатын білетін өз адамын отырғызуға кірісті. Хиуа есебінше 
хандық  таққа  Шерғазы  сұлтан  лайықты  деп  табылды.  оны  хандық 
таққа отырғызудың Хиуа үшін төмендегідей тиімді жақтары болды.
Біріншіден,  Арынғазы  орнына  ағасы  Шерғазыны  сайлап, 
сұлтанның  ел  ішіндегі  беделі  арқылы  Әбілғазыұлын  Сыр  бойынан 
біржолата ығыстыру. Сонымен бірге ағайындылар арасына от жағу. 
Екіншіден, Шерғазы сұлтан арқылы Ресейдің Азия бағытындағы 
қадамдарын  бақылауға  алу,  Сыр  бойы  қазақтарын  толықтай  өзіне 
бағындыру. 
Өз  жоспарын  егжей-тегжей  ой  елегінен  өткізіп,  Мұхамед  Ра-
хим  Шерғазы  сұлтанды  1818  жылы  кездесуге  шақырып,  Сыр  бойы 
қазақтарының  ханы  ретінде  бекітіп,  Үргеніш  қаласында  таққа 
отырғызды.  Шерғазы  Қайыпұлын    Әлімұлдары  –  шекті,  төртқара, 
шөмекей  руларының  кейбір  бөлімдері  мойындаған.  Жаңалықтан 
хабарданған  Арынғазы  тез  арада  Халық  кеңесін  өткізіп,  інісі  Арду 
сұлтан  бастауымен  елшілікті  Хиуаға  аттандырды.  Елшінің  басты 
мақсаты  қазақтың  Хиуа  ханымен  тату  тұруын  қалайтынын,  Сыр 
бойы ханы Арынғазы екендігін, ал Шерғазы Қайыпұлын хан ретінде 
тану мүмкін еместігін жеткізу болды. Елшілік 1818 жылы қазан ай-
ында  Үргенішке  келген.  Қазақ-хиуа  келіссөзінен  соң,  Мұхамед  Ра-
хим  Арынғазының  тәуелсіз  саясатынан  бас  тартпайтындығын  сезіп, 

184
185
Ардуды  тұтқынға  алды.  Біздіңше,  кездесуге  Шерғазы  Қайыпұлы  да 
қатысқан. Бірақ оның немере інісі Ардуды қолдамай, қорған бола алма-
уы болашақта Арынғазымен қарым-қатысының шиеленісуіне әкелді. 
Арынғазы  інісін  босатуға  барын  салғанымен,  тіпті  Ресей  атынан 
орынбордан елші Әбубәкіров жіберілгенімен, дегеніне жетпеді. Арду 
1828 жылға дейін Үргеніште тұтқында қалды. Содан Арынғазы өзіне 
бағынатын қазақ руларымен Кіші Борсыққа көшуге мәжбүр болды. ол 
турасында  1819 жылы 2 сәуірде конфидент Р. Мұртазин П.К.Эссенге 
хабарлады [30]. 
Шерғазы Қайыпұлы мен Арынғазының ара жігінің ашылуын әркім 
өзінше түсіндіреді. Мәселен, оның себебін 1820 жылы қазақ даласын-
да болып, Арынғазымен кездескен Е.К. Мейендорф тоналған керуен-
дерден іздесе, А.Ф. Негри Шерғазы Арынғазының ордадағы беделін 
көре алмауынан деп түсіндіреді. Зерттеуші А.Ф. Рязанов «1818 жылы 
көктемде  Арынғазы  мен  Шерғазы  Қайыпұлы  өзара  ренжісіп,  екіге 
бөлінді. оның себебі Хан Кеңесіне төраға болып алған Арынғазының 
Шерғазы сұлтанмен билік пен байлықты бөлісе алмауынан және шексіз 
билікқұмарлығынан» деп түйіндейді [31]. Біздіңше, басты түйін Хиуа 
хандығында жатыр. Арынғазы қайткен күнде де Хиуа-Мұхамед Рахимді 
жеңуді армандаса, Шерғазы Хиуамен келісімге келуді көздеген. Міне 
осы көзқарас екі бауырды екі бағытқа шығарды. 1819 жылы наурыз 
айында  Шерғазы  Қайыпұлы  Қарабай  атты  ұлының  қызын  Мұхамед 
Рахимге  қалыңдыққа  берді.  Сол  тұста  Шерғазы  қарамағында  шама-
мен 2 500 түтін көшіп қонған. дегенмен Шерғазының хандық билігі 
ұзаққа  созылмады.  1819  жылдың  күзінде  Шерғазы  қайтыс  болды. 
Г.Ф. Генс өз жазбаларында «Шерғазы сұлтан Арал теңізі жағалауында 
қорған  салуды  жоспарлады.  Біздің  бақытымызға  қарай,  оны  жүзеге 
асырғанша, Хиуа ханы оның өлуіне көмектесті» деп анықтайды [32]. 
Халқымыздың «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегені 
де осындай өмірден алынған тәжірибе болса керек. 
Шерғазы  Қайыпұлы  Хиуа  қаласындағы  Палуан  ата  мешітіне 
жерленіпті.  оның  артында  Меңді  және  Қоқаш  деген  әйелдерінен 
тараған  Жанғазы  (Мәненбай),  Есқазы,  Жақыш  (1820  ж.  өлтірілген), 
Ғұмарғазы (Өмірғазы), Бөрі, Қарабас атты ұлдары қалды. Шерғазы ор-
нына 1819 жылы 21 қарашада үлкен ұлы Жанғазы хан болып бекітілді. 
1802 жылы дүниеге келген Жанғазы бұл кезеңде небәрі 17-18 жаста 
болатын. 
Шерғазы  Қайыпұлының  екі  әйелі  1822  жылдары  Арынғазы 
ханның бәйбішесі Жақсы ханымның қамқорлығында болған. ол тура-
сында Жақсы ханым 1822 жылы 26 қыркүйекте орынбор губернато-
рына хабарлап, «Меңді ханым өз еркімен біздің әпендінің заңды түрде 
әйелі болды, ал Қоқаш жасының ұлғаюына байланысты Меңдінің жа-
нында» дегенді жеткізді. Жанғазы хан 1852 жылы қайтыс болып, Хиуа 
жерінде мәңгілікке қалды. Шерғазының өзге ұрпақтары араға уақыт 
сала Кіші жүзге оралды [33].  


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет