М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
#278
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828). Т. ІҮ. М. –Л., 1940. 
С.314
Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы(1745-
1860жж.) диссертация қолжазбасы. орал,2008. 75 б.
ПСв І. –Т.22. –№ 16292
вяткин М.П. Батыр Срым. М.-Л., 1947. –С. 267
оРоММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 1-11 пп.
РМКАМ 1239қ.,3т.,116б.,62318іс,2п.,:ороММ 6қ.,10т.,205іс,3-4пп.
оРоММ 4 қ., 2 т., 278 іс, 1 т.,  2, 31 пп.
РМКАМ 193 қ., 1 т., 203 іс, 1 п.
ороММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 1 т.,  3-10 пп.
ороММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 1 т.,  3-10 пп.
Материалы по истории Казахской ССР. Т ІҮ. С. 176-179
РИССМ 122қ., 122/3 т., 5 іс, 60-90 пп.
Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-
1860жж.) 86 б.
Мұқтар. Ә. Нұралы хан және Сырым батыр. Қостанай, 2001, 99 б.
РМКАМ 193қ., 1 т., 203 іс, 1-2 пп.
оРоММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 3-10 пп.
оРоММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 3-10 пп.
Касымбаев Ж. Государственые деятели казахских ханств ХҮІІІ – первый 
половины ХІХ вв. Т.2 Хан Айшуақ (1719-1810). Алматы, 2001, С. 147,157
Материалы по истории Казахский ССР. Т. ІҮ. С. 195, 215-216
История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веках. Ү т. Первые 
историко-этнографические описания казахских земель. Первая половина ХІХ 
веке. Алматы, 2007. –С. 69, 146, 251, 283; ороММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 3-10 п.
РМТМ 1291қ., 18 т., 13 іс, 30  пп.
РМТМ 1291қ., 18 т., 13 іс, 30  пп.
Ахмет А. Қаратай хан. 49 б.; ороММ 6 қ., 10 т., 243а-іс, 5-14 п.
Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-
1860жж.) 95 б.
оромм 6., 10 т., 716 іс, І бөлім, 200-2002, 256 пп.
Ахметова Ұ.Т. Арынғазы хан. Алматы, 2004. – 66 б.
Ахметова Ұ.Т. Арынғазы хан.  77 б.

186
187
оромм 6қ ., 10 т., 716 іс, ІІ бөлім, 2 п.; Рязанов А.Ф.Сорок лет борьбы за 
национальную независимость казахского народа(1797-1838г.) С. 110-111
ҚРоММ. 4 қ., 1 т., 4690 іс, 3, 8-9 пп.
ороММ. 6 қ., 10 т., 2028 іс, 2-5 п.
Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость Казах-
ского народа (1797-1838 г.). С.123; Ахметова Ұ.Т. Арынғазы хан. 83 б.
ороММ. 166 қ., 1 т., 4 іс, 15 п.
РМӘТМ. 846 қ., 16 т., 19255 іс, 69 п.; ҚРоММ. 4 қ., 1 т., 1273 іс, 69 п.
 
арыстан еді-ау исатай*
Қарға тамырлы қазақ тарихында батырлар маңызды орын алады. 
Солардың бірі Исатай Тайманұлы халықтың жоғын жоқтап, қазақтың 
қалың  ел  екендігін  дәлелдеп  берді.  Сонымен  қатар  аталмыш  ба-
тыр қазақтың бойындағы ұлт сезімін қозғап, оның азаттық жолында 
бірігуіне себепкер болды.
Биыл  Исатай  Тайманұлының  туғанына  220  жыл  толмақ.  Еліміз 
егемендік  алып,  тәуелсіздікке  қол  жеткізгелі  арыстарымызды 
атап,  батырларымызды  түгендеуге  ойыстық.  Алайда  қырық  қабат  
тарихымыздың қалтарыстары мен бұлтарыстары да жетіп артылады.
Жалпы  Исатай  батыр  туралы  зерттеулер  ХІХ  ғасырдан  бастап 
жүргізіле бастады. Бұған патша әскерінің бас штабының офицерлері 
И.Ф.Бларамберг,  Л.Мейер,  Т.Медведский,  жергілікті  шенеуніктер 
А.Евреинов,  А.добросмыслов  [1]  және  өзгелерінің  еңбектері, 
қолжазбалары  дәлел.  Әсіресе    Н.Савичевтің  1876  жылы  «Уральские 
войсковые  ведомости»  газетіндегі  «Исатай  Тайманов  –  старшина 
внутренней  орды»  атты  көлемді  мақаласы  тың  мәлеметтерге  бай. 
Автор  өз  еңбегінде  Исатай  батырды  халық  көтерілісінің  басшысы 
ретінде көрсете білген [2]. Белгілі тарихшы А.Ф. Рязанов 1926 жылы 
Қызылорда да шыққан зерттеуінде ХІХ ғасырдағы Бөкей ордасындағы 
қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайды,  Исатай 
Тайманұлының азаттық жолындағы күресін тарихи құжаттар арқылы 
зерделеген [3]. Ал в.Ф.Шахматов арнайы монографиясында: «Хандар 
мен сұлтандарға, феодализм мен отаршылдыққа қарсы күрескен Иса-
тай және өзгелері қарапайым халықтың мүддесін көздеді», - деп жазды 
[4, с. 138]. Исатайтанудың кемшін тұстарын Бөкей орда тарихының ма-
маны И.Н. Кенжалиев анық байқады: «1836-1838 жылдардағы шаруа-
лар көтерілісінің тарихын зерттеуге байланысты Қазақстан ғалымдары 
бірталай еңбек етсе де, Исатай өмірі мен қызметі туралы қазіргі ғылым 
дамуы дәрежесіне сай арнайы зерттеу немесе ғылыми-көпшілік кітап 
болмады» [5, 6-7 бб.].
Исатай  батырдың  өмірі  мен  қызметіне  публицистер  де  зейін 
қойған  болатын.  олардың  қатарында  Ә.Кекілбаев  [6],  Ә.Сарай  [7], 
Ғ.Өтебәлі [8] секілді авторлар бар. Сонымен қатар мерзімді басылым-
дарда жарық көріп жүрген мақалаларды да  айта кетуге болады.
Бұл  жоғарыда  көрсетілген  түрлі  деңгейдегі  зерттеулер,  жария-
ланымдар  Исатайтану  саласын  толық  аша  алмайды.  Бұл  мәселеге 
қатысты қойылатын сұрақтардың қатары тым қалың. олардың ішіндегі 
ең маңыздысы, көкейге бірінші оралатыны «Исатай батыр қазақ үшін 
неге қымбат?» - деген сауал.
Алдымен  Исатай  Тайманұлы  отаршылдықа,  озбырлыққа  қарсы 
бағытталған ұлт-азаттық күрестің басында тұрды. 1812 жылы Бөкей 
ханның қалауымен старшын атанған ол осы жылдың 18 наурызында 
өз руымен Каспий жағалауында қыстауға рұқсат алды. Тіпті Жәңгір 
Бөкейұлының батырға 1826 жылы 29 қарашада Сарайшық бекінісіне 
барып Хиуа елшісін қарсылап алуды тапсыруы Исатайдың сол кездегі 
халық ішіндегі беделінің жоғары болғандығын дәлелдейді [9, 609 п.]. 
Алайда  батыр  елдегі  орыс  отаршылдығын  қолдаған  билеушілердің 
езгісіне тап болған қараша халықтың мүддесін қорғады. Жерінен, ма-
лынан айырылған қалың көпшілік Исатай мен Махамбеттің артынан 
еріп, отарлаушы үкімет пен жергілікті қанаушы билікке қарсы шықты.
Екіншіден,  Исатай  ұлт-азаттық  көтеріліс  жолында  жанұясын, 
туған-туысқандарын  құрбандыққа  шалды.  Тастөбе  шайқасында  20 
жасар Ақай атты ұлының қаза болуы, қуғыншылардың қолына әйелі 
Несібелі,  балдызы  Бағланның  түсуі,  өзге  де  туысқандарының  жаза-
лануы  бұл  сөзімізді  дәйектей  түседі.  Х.досмұхамедұлы  осы  орайда 
Исатайдың екі баласы, бір әйелінің соғыста өлгендігін, тағы екі баласы, 
бір әйелінің жау қолына түсіп, айдауда шейіт болғандығын көрсеткен 
еді [10].
Батырдың  халық  үшін  күрескендігін  Шернияз  жыраудың  мына 
өлең жолдары байқатқандай:
Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай,
Құрып ең алты алаштың тынысын-ай,
*Мақала тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Ғиззатовпен бірлесе дай-
ындалып, Х-17 «Х.досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
– жарты ғасырдан аса уақыт аймақтық білім мен ғылымға қызмет көрсету» 
жоғары оқу орнының 60 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық 
конференциясының баяндамалар жинағына енгізілген (9-10 мамыр). Атырау, 
2011.

188
189
Жатпапты алтын пышақ қап түбінде,
Шықтың ба, қабын жарып, ырысым-ай!
Сонымен  қатар  Исатай  батыр  тек  қолбасшы  ғана  емес,  көреген 
саясаткер.  Ресей  империясына  қарсы  күресте  барша  қазақ  даласын 
біріктіріп, Хиуамен саяси одақ құруға ұмтылуы бұған айғақ. Мұрағат 
құжаттарынан  байқайтынымыз,  1838  жылы  наурызда  Исатай  Ма-
хамбет  Өтемісұлын  бірнеше  адамдарымен  бірге  сұлтан  Қайыпқали 
Есімұлына  жіберген  [11,  504-505  пп.].  Ал  Ығылман  Шөрекұлының 
дастанында  Исатайдың  байұлы,  әлімұлы,  жетіру  тайпаларының  ба-
старын  қосқандығы,  оған  Хиуа  ханы  Аллақұлдың  өкілі,  Қайыпқали 
сұлтан, түрікпен елшісінің қатысқандығы айтылады. Бұл пікірді нақты 
деректер  де  құптай  түседі.  Атап  айтсақ,  1838  жылдың  мамырында 
Исатай, Махамбет, Қайыпқали сұлтан және өзге би, батырлар Кеңес 
жасап, оған көптеген қазақ рулары қатысқан. Жиында әрбір рудан ат-
тылы 100 адамнан жинау және патша үкіметіне қарсы күресу мәселесі 
көтерілген [11, 514-515 пп.]. Қалай болғанда да деректерден батырдың 
ұлы еркіндік үшін күрес жолында сенімді жақтастар, берекелі бірлік 
іздегендігін байқаймыз.
Жалпы Исатайдың би, сондай-ақ тақуа адам болғандығы халық 
ауыз әдебиетінде жиі айтылады. Бес уақыт намазын оқып, оразасын 
қатаң  ұстанған  Исатай  Тайманұлы  әділдік  пен  туралыққа  әрдайым 
жүгінген. Батырдың мұндай адам бойында сирек кездесетін қасиеттерін 
тізбелегенімізбен  бүгінде  Исатайтану  саласы  ақсап  тұр.  осы  орай-
да  оның  220  жылдық  торқалы  мерейтойы  қарсаңында  қалыптасқан 
күрмеуі қалың мәселелерді де ашып айтсақ па дейміз.
Біріншіден, Исатайтануды дамыту мақсатында құрылған арнайы 
қорды қолдай отырып, барша Қазақстан жұртшылығын мүмкіндігінше 
демеушілік көрсетуге шақырамыз. Қор  болашақ жоспарларды жүзеге 
асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады деп есептейміз.
Екіншіден, халықтың белгілі бөлігі қалап отырғандай, Исатай ба-
тыр денесін Ақтөбе облысынан алдыртып, Махамбет Өтемісұлының 
жанына  жерлеу  қаншалықты  қажет?  Атам  қазақ  дәстүрінде  қайта 
жерлеу  дәстүрінің  бар  екендігін  мойындаймыз.  Алайда  Шейітсайда 
жатқан  Исатайды  майдан  даласында  жер  жастанған  сарбаздары-
нан  оқшаулау  әділеттілік  пе?  Біздіңше,  оны  Махамбет  рухы  да 
қолдамайды. Халықтың ойын түсінуге де болады. Өйткені 1836-1838 
жылғы ұлт-азаттық қозғалыстарды еске алғанда Исатай мен Махам-
бет есімдері қатар аталады. осы орайда көрнекті тарихшы, академик 
М.Қ.  Қозыбаев:  «Исатай  мен  Махамбет-ғажайып  бірлікті,  ерлікті, 
елдікті білдіретін біртұтас тарихи тұлғалар. Бірісіз екіншісі жоқ. Күш 
пен рухтың символы» [12] деу арқылы қос батырдың қазақ халқының 
жарқын болашағы үшін бірге күрескендігін меңзейді. дегенмен Иса-
тай батырдың өз елінде жатқандығын ұмытуға болмайды. осы орай-
да кіндік қаны тамған жерінен бір уыс топырақ бұйырмаған, Исатай 
батырға  қолдау  көрсетіп,  атақонысты  қайтаруға  үлес  қосқан  Бөкей 
ханды еске алмай кетпеу күнә болар еді. Жақында ғана қазақ жеріне 
күлі әкелінген Алаш зиялысы Смағұл Садуақасовтың қайта жерленуі 
ақылға сыйымды құбылыс.
Үшіншіден, «Исатай» қорына түсетін қаражат тек кесене көтеру 
мен  құдайы  асын  өткізуге  жұмсалмауы  тиіс.  Исатай  Тайманұлының 
қоғамдық-саяси  қызметі  ұлттық  мүдде  тұрғысынан,  ғылыми  негізде 
толыққанды зерделене түсуі қажет. Қаражат мәселесі қай кезеңде бол-
масын ғалымдардың қолын байлағандығы жасырын емес, сондықтан 
кәсіби  тарихшылардың  басын  біріктіріп,  Ресей  Федерациясы, 
Қазақстан  Республикасы,  Өзбекстан  Республикасы  мұрағаттарында 
жұмыстануға  мүмкіндік  туғызуымыз  қажет.  осы  орайда  мұрағат 
қорларында әлі де болса ғылыми айналымға енбеген тың құжаттардың  
жеткілікті екендігін ескерген жөн. оған ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді 
де  жинаудың  маңыздылығын  қосыңыз.  Бұл  арада  Исатай-Махамбет 
жанындағы батырлардың да қилы тағдыры толыға түсер еді.
Төртіншіден,  Исатай  Тайманұлының  220  жылдығы  республи-
ка  көлемінде  тойлануы  тиіс.  Тек  атаулы  мерейтойларда  еске  алына-
тын батырлар даңқына сай ұрпақтар есінде сақталуы керек. ол үшін 
көпшілік болып аталмыш батырлар есімдерін білім, ғылым, мәдениет 
ошақтарына беріп, тас мүсіндерін қаланың қақ ортасына орнату қажет. 
Әсіресе Исатай мен Махамбет батырлардың ескерткіштері елордамыз 
Астана мен мәдени астанамыз Алматыда бой көтерсе дейміз. Сондай-
ақ,  қос  батырдың  есімдері  аталмыш  қалалардағы  көшелерге  берілсе 
бұл елі үшін еңіреп өткен ерлерге жасалған құрмет болар еді.
Бесіншіден,  Исатай  Тайманұлының  мерейтойы  құрметіне 
халықаралық,  республикалық  деңгейдегі  ғылыми-тәжірибелік  кон-
ференциялар,  дөңгелек  үстелдер  ұйымдастырылғаны  абзал.  Мұндай 
шаралар  Қазақстанның  батыс  аймағында,  яғни,  ұлт-заттық  көтеріліс 
болып  өткен  аймақта  ғана  дәстүрлі  түрде  оздырылып  келгендігі 
ақиқат.  Үстіміздегі  жылдың  мамыр  айында  М.Өтемісов  атындағы 
Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  И.Тайманұлының 
220 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілгелі тұрған республикалық 
ғылыми-тәжірибелік конференция бұл сөзімізді айғақтай түседі. Ендігі 
айтар ұсынысымыз мұндай игі бастамалар өзге өңірлерде орын алса 
дегенге келіп саяды. Сонымен қатар ұйымдастырылатын конференци-
ялар әдеттегідей қазақстандық ғалымдарды қамтып қоймай, көршілес 
мемлекеттерді  тарту  арқылы  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Зерттеу  бары-

190
191
сында байқағанымыздай, ХІХ ғасырдың 30-жылдары Бөкей ордасы-
мен шекаралас жатқан қалмақ, татар, башқұрт халықтары да ерекше 
дүрбелеңді басынан өткеріп, отаршылдық саясатқа қарсы шыққан еді. 
осы аталған халықтардың тарихшылары да өз өткенін ұлттық мүдде 
тұрғысынан зерделеуге бағыт алған болатын. Сондықтан оздырылатын 
конференцияларда  Еділ-Жайық  аралығын  мекендеген  халықтардың 
ортақ  тағдырын  ашып,  ғылыми  тұрғыдан  зерделесек  ұлтаралық 
татулық пен достыққа жарқын жол салар едік.              
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Бларамберг  И.Ф.  военно-статистическое  обозрение  земли  Киргиз-
кайсаков внутренней (Букеевской) и Зауральской (Малой) орды. – оренбург, 
1848. – 342 с.; Мейер Л. Киргизская степь оренбургского ведомства. – Санкт-
Петербург, 1845.; Медведский Г. внутренняя киргизская орда в хозяйственном 
отношении // Журнал Министерства государственных имуществ. – 1862. - Ч. 
60, Т. 8. - С. 285-308.; Евреинов А. внутренняя или Букеевская киргиз-казачья 
орда. – Эпоха, 1864.
Савичев Н. Исатай Тайманов. – орал, 1990. – 98 б.
Рязанов А.Ф. восстание Исатая Тайманова (1836-1838 гг.). - Алма-Ата: 
Алтын орда, 1991. – 102 с. 
Шахматов в.Ф. внутренняя орда и восстание Исатая Тайманова. – Алма-
Ата: Изд. АН КазССР, 1946. – 253 с. 
Кенжалиев И.Н. Тайманұлы Исатай. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 112 б. 
Кекілбаев Ә. Шандоз. // Махамбет әлемі. 19 кітап. – Алматы: «Арыс», 
2004. – 360 б.
Сарай Ә. Екі тарлан. Исатай – Махамбет тарихы, зерттеу. -          Алматы: 
«Өлке», 1997. – 408 б.
Өтебәлі Ғ. Исатайды іздеу. – орал, Ағартушы, 2010. – 136 б.
ҚР оММ, 4-қор, 2039-іс, 609 п.
досмұхамедұлы Х. Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша 
мағлұмат // Өтемісұлы Махамбет шығармаларының академиялық жинағы. 3 
том. – Алматы: «Ғылым», 2003. – 440 б. 
ҚР оММ, 4-қор, 1964-іс, 504-505 пп.
Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы, Қазақстан, 1994. – 
192 бет.
                                                 
IV ТараУ
                            
ТарихҚа енген Тұлғалар
• Қайраткер Бақытжан Қаратаев
 
• Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды  Нобельдер
•  Тегінде  бар  тектілік...  (академик  Зұлқарнай  Алдамжар 
хақында)
•  Қанатты  жастар  қамқоры  еді  (академик  Кеңес  Нұрпейіс 
хақында)
• Ұстазға тағзым
• Қадірі биік аға еді...
Ұлтына қызмет еткен ұл ?ана?лы бола алады.  
                                                                                 Қ.Мырза Әли
                                                                            

192
193
Қайраткер Бақытжан Қаратаев*
Қазақ  тарихында  артына  мол  мұра  қалдырған,  еліміздің 
қоғамдық-саяси  өмірінде  өзіндік  қолтаңбасын  айшықтаған  тұлғалар 
қатарында  Бақытжан  Қаратаев  дараланып  тұрады.  Өйткені  XIX-XX 
ғасырлардағы  халқымыздың  жүріп  өткен  жолында  оның  іздері  сай-
рап  жатыр.  Өз  бастауын  тұтастай  қазақ  жүздерінің  бас  қолбасшысы 
болған  Әбілқайырдан,  азаттық  туын  көтерген  Қаратайдан    алады
.
 
оның  өмірлік  тәлім-тәрбиесі,  көзқарасы,  болашақ  ұстанымы  Ресей 
империясының қазақ даласын отарлап, оны өз меншігіндей көріп ашық 
иелене  бастаған  кезінде  және  оған  қарсы  бір  сәт  толастамаған  ұлт 
азаттық қозғалыстар тұсында қалыптасты. Б.Қаратаев 8-9 жасында-ақ 
Ресейдің  1867-68  жылдардағы    реформаларына  қарсылық  танытқан 
өзінің жерлестерінің ашу азасын сезінді. ол турасында зейнеткерлікке 
шыққаннан кейін арнайы естеліктерін жазды. 1868-1869 жылдардағы 
көтеріліс оның өміріне ерекше әсер етті. Көтерілістен кейін Ы.досов 
молда 1869 жылдың аяғында патша үкіметінің билігін мойындағысы 
келмей  Түркияға  кетсе,  ал  Х.Арысланұлы,  Ә.Мұңайтпасұлы, 
д.Асауұлы  және  т.б.  жақтастары  Хиуа  аумағына  қоныс  аудара-
ды. Б.Б.Қаратаев атасы мен әкесі жөнінде былай еске алады: «Әкем 
Бисәлі Қаратаев пен ағам дәулетжан көтеріліске қатысқандары үшін 
тұтқындалып,  жазаға  тартылғандардың  қатарында  болатын.  Бірақ, 
олар...қайтыс  болды».  Б.Б.Қаратаевтың  немере  ағалары  Күсепқали, 
інісі  Қуатқали  орманұлдары  және  Күсепқалидың  балалары  Ахмет-
ше, Шәңгерей, Сәлімгерей, Әділгерей, Сақыпкерей, Жүсіп, жиендері 
Қуат пен Шора Сүгірәліұлдары көтеріліске қатысқандары үшін орал 
қаласындағы түрмеде жарты жылға жуық қамауда отырып, кейін әскери 
комиссияның шешімімен Екатеринослав губерниясының Старосербск 
жеріне жер аударылады. Қарт Күсепқали айдалған жеріне жете алмай 
жолда қайтыс болады да, Ростов қаласында жерленеді. Баласы Ахмет-
ше және жиендері Қуат пен Шора Старосербскіде көз жұмады. Қалған 
балалары  Самара  губерниясының  Новоузен  уезіне  аударылады,  бұл 
жерде Сақыпкерей көз жұмады. Жер аударылғаннан  12 жыл өткеннен 
кейін үкіметтің рұқсатымен елге оралады(1,С.63а.). 
Бұл кезеңде Б.Қаратаевтың пікірінше, елде қазақтарды өзге дінге 
енгізу саясаты күштеп жүргізіліп жатты. Сонымен бірге «Уақытша ере-
жеге» сәйкес қазақ жері патшалы Ресейдің меншігі болып жариялан-
ды. Б.Қаратаев патша үкіметінің саясаты салдарынан туған жеріндегі 
қиындықтарды көзімен көрді. Кейін еңбегінде: «Кенет Уақытша ере-
же қазақ көшпенділері пайдалануындағы жерлер мемлекеттік меншік 
болып танылады және қазақтарға қоғамдық пайдалануға беріледі деп 
жариялады. Бұл қазақтар үшін «ашық күні төбелеріне жай түскендей» 
қатты  соққы  болды.  Лезде  олар  өздерін  бөтен  жерде  жүргендей  күй 
кешті» деп жағдайды тарқата түседі. 
Міне  осы  жағдайлар  Б.Қаратаевқа  қазақ  елінің  ертеңі  білімде 
екендігін түсіндірсе керек. Әкесі дәулетжан мен атасы Бисәліден кейін 
оған  әкесінің  інісі  Ахмет  қамқорлық  жасайды.  Келіні  Бибіажардың 
естелігінде  Ахмет  Бақытжанды  орынборға,  өз  баласы  Мағзомды 
Қазанға оқуға бағыттаған (2,26б.). Алғыр Б.Қаратаев 1878-1886 жыл-
дар аралығында орынбор гимназиясында, 1886-1890 жылдары Санкт-
Петербург Императорлық университетінің заң факультетінде дәріс ала-
ды. Ақтөбе облыстық өлкетану мұражайында Б.Қаратаевтың орынбор 
гимназиясын бітіріп, университетке түсу үшін жазған өтініші сақталған. 
Өтініштің жазылған уақыты 7 қазан 1886 ж. деп көрсетілген (3). Аталған 
университеттің заң факультетіне бірінші болып қабылданған Бөкейлік 
Бақтыгерей Құлманов болатын. Б.Құлманов 1884 ж. заң факультетінен 
шығыс тілдер факультетіне ауысып араб, парсы, түрік, татар тілдерін 
меңгереді.  Сонда  жүріп  ол  кандидаттық  диссертациясын  қорғайды. 
осы тұста Санкт-Петербургте шығыс тілдер факультетінде Жетісудан 
Барлыбек Сыртанов, Торғай өңірінен Абдолла Теміров, жаратылыста-
ну факультетінде Мәмбетәлі Сердалиндер оқиды. оқуда жүріп 1887 ж. 
29 қыркүйегінде Б.Қаратаев алғаш рет жергілікті полицияға ешқандай 
жасырын ұйымдарға қатыспайтындығы туралы қолхат жазуға мәжбүр 
болады(4,70-71бб). 
1890  жылы  «дала  уәлаяты»  газеті  «Императорлық  хазіретінің 
есіміне  алғаш    Петербург  қаласындағы  университет  курсын  екінші 
дәрежелі дипломмен үздік аяқтаған Торғай облысы, Іле оязы, Бұрты 
елінің  сұлтаны  Бақытжан  Қаратай  ұғлы  Юстиция  министрлігінің 
қарауына  кіргізіліп,  департаменттік  басқару  сенатындағы  екінші 
мекемесіне  қызметке  қалдырылды»  деп  елге  хабар  салады.  Араға 
уақыт  салып  Б.Қаратаев  1891  жылы  Кутаиси  губерниясына  қарасты 
Ново-Сенаки  уезіне  қызметке  жіберіледі.  ол  өзге  елде  1896  жылға 
дейін  еңбек  етеді.  Елден  қашық  жүрсе  де  үнемі  байланыста  болып 
хабарласып  отырады.  Бұған  1892  жылдың  12  маусымындағы  «Тур-
гайские  областные  ведомости»  газеті  куә.  Газет  арқылы  Б.Қаратаев 
«Өткен  жылғы  қуаңшылық  Ақмола,  Торғай  және  орал  облысы 
*Мақала тарих ғылымдарының кандидаты  Ү.Х. Идресовамен бірлесе дай-
ындалып,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  
«БҚМУ Хабаршысы» журналының  2010 жылғы №1 санында жарияланған.

194
195
қазақтарының  мал  шаруашылығына  қайғылы  зардаптарын  тигізді... 
Қазақ халқы үшін «қоян жылы» «жұт» әкелетін апатты жыл саналады
себебі, «жұт» үнемі көшпенді қазақтар тарихында әрбір мүшел сайын 
қайталанатын «қоян жылымен» сәйкес келіп отырған. Жұтты басынан 
өткеріп, зардабын тартқан көшпенділер «қоян жылынан» қауіптенеді. 
Сондықтан болашақта нәубеттің алдын алып, ... қазақ даласында азық-
түлік  қаражатын  қалыптастырып,  көп  дүкендер  ашу»  жұмыстарын 
жүргізуге шақырады.
 
1896 жылғы 18 қыркүйекте «Торғай» газеті Б.Қаратаевтың Гру-
зиядан  елге  оралғандығын  хабарлады.  Содан  1904  жылға  дейін 
Торғай облысы, Ақтөбе уезіне қарасты Бұрты болысында тұрып, сол 
жылы  орал  облысына  қоныс  аударуға  мәжбүр  болады.  Бұл  жөнінде 
Б.Б.Қаратаев  былайша  баяндайды:  «Торғай  әскери  губернаторы,  ге-
нерал  Ломачевскийдің,  патша  үкіметінің  жергілікті  тірегіне  айнал-
дыру үшін, қазақтардан казак сословиесін құру жоспарына тойтарыс 
бердім. Соның салдарынан, әкімшілік қудалауға ұшырап, орал облы-
сына  көшуге  тура  келді»  (5).  Міне  осыдан  бастап  Б.Қаратаев  патша 
үкіметінің тарапынан бақылауға алына бастады. 
XX ғасырдың басында Б.Қаратаев өзге зиялы азаматтармен бірге 
халқын  ояту  мақсатында  саяси  күреске  бел  буады.  Елде  халықтың 
өтініштерін,  талаптарын  патшаға  жеткізу  шаралары  қолға  алынады. 
1905 жылғы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов,  Ж.Ақбаевтардың  басшылығымен  14500  адам  қол 
қойған Қарқаралы петициясы өмірге келді. онымен қатарлас осы жылы 
жазда  Б.Қаратаев  басқарған  орал,Торғай  облыстары  қазақтарының 
талаптары  жинақтала  бастады.  Талапта  «Қазақ  халқының  қолына 
жер  мәңгілік  өзіңдікі  деген»  құжат  берілсін  деп  анық  жазылған. 
Б.Қаратаев 1905 жылы 12 шілдеде жанына С.Б.Кейкин, М.Қайдаров, 
д.Тоқбаев, С,Алдияров, ишан д.Мусин, хазірет Ғ.Есмұхамбетов, мол-
да М.Меңдіқұлов, судья А.Бірімжанов, сот мүшесі Ж.Сейдалиндерді 
ертіп  жолға  шығады(6,14-іс,19п.).  Санкт-Петербургте  оларды  гене-
рал Ғ.Жәңгіров күтіп алып, оның қолдауының арқасында II Николай 
патшаның қабылдауында болды. Сөйтіп қазақ халқының мұң-мұқтажы 
патшаға  жеткізілді.  одан  еш  нәтиже  шықпағанына  куә  болған 
Б.Қаратаев саяси партия құруға күш салды. 1905 жылы желтоқсанда 
орал  облыстық  кадеттердің  орталық  комитеті  мүшелерінің 
ұйымдастыруымен орал қаласында Ақмола, Семей, Торғай, орал және 
Жетісу  облыстарының  делегаттық  съезі  өтті.  Съезге  Ә.Бөкейханов, 
Ж.Сейдалин,  жетісулықтар  атынан  Б.Сыртанов  және  М.Тынышбаев 
және Санкт-Петербургте оқып жүрген студент Х.досмұхамедов келді. 
Бас қосуда қазақ зиялылары «Қазақ конституциялық - демократиялық 
партиясын»  құру  туралы  шешім  қабылдайды.  1905  жылғы  29 
желтоқсандағы  «Улфат»  газеті партияның құрылғандығын және оның 
бағдарламасын  жасауға  Б.Қаратаевтың  қатысқандығын  хабарлады. 
Міне осы партия жалпы ұлттық деңгейге көтерілмесе де өз заманын-
да қазақтың алдында тұрған мақсат-міндеттерін анықтауға өз септігін 
тигізді.  Кейін  Б.Қаратаев  1907  жылы  20  ақпанда  шақырылған  II 
мемлекеттік думаға сайланады. думаға қатыса жүріп , Б.Қаратаев қазақ 
даласына орыс мұжықтарының көшірілуімен елде басталған аграрлық 
шиеленістің қолдан жасалғандығын көпшілікке жеткізеді. 1907 жылы 
16 мамырда II думаның мінбесінде сөз сөйлеген Б.Қаратаев «Қырғыз-
қайсақ  халқының  атынан  бұл  мінбеден  ешкім  сөйлеген  жоқ;  соған 
қарамастан  мемлекетіміздегі  шиеленісіп  отырған  аграрлық  мәселені 
шаруаларды далалық облыстар территориясына, атап айтқанда, орал, 
Торғай,  Ақмола,Семей  және  Жетісу  облыстарының  территориясына 
қоныс аудару арқылы шешкісі келетіндер бар» - деп Ресейдегі мәселені 
қазақтарды атамекенінен ығыстыру арқылы шешуді қою қажеттігін жа-
рия етеді. ол «сөз жоқ , қырғыздар, қырғыз-қайсақ, деп аталатындар, 
әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық: сол себепті 
де олармен ортақ тіл табысуға болады және оларға зорлық көрсетудің 
ешқандай жөні жоқ» - деп қорытады (7,75-76бб). 
1907 жылы 3 маусымда II дума таратылғаннан кейін Б.Қаратаев 
елге  оралып,  адвокаттық  қызметін  жалғастырады.  Соған  қарамастан 
ол  қазақ  қоғамындағы  жер,  дін  өзге  де  мәселелермен  шұғылданып, 
Ә.Бөкейхановпен, Санкт-Петербургтегі жерлес інілері Х.досмұхамедов, 
Ж.досмұхамедов, Н.Ипмағамбетов т.б. байланысын жалғастырып оны 
шешудің  жолдарын  іздестіреді.  1910  жылы  ол  Ә.Бөкейхановқа  хат 
жолдап «Қазақ халқы үшін екі жау бар: біріншіден, оның надандығы 
мен  көшпелі  мәдениетсіздігі  болса,  екінші  жағынан  қалайда  өзінің 
қызметін күшейтуге мүдделі қоныстандыру ұйымдарының озбырлығы 
мен арсыздығы. Бұл жаулардан құтылу жолы бар ма? Конституция жоқ. 
Мемлекеттік дума қоныстандыру ұйымы жағында» деп ақылдасып одан 
шығудың жолын іздестіру қажеттігін алға тартады. Хатында қазақтар 
арасынан шыққан пайдакүнемдер мен жалқаулықты қатты сынға алды. 
«Пайдакүнемдік барлық «бас адамдарының» қызметін жоғарылатуға 
себепші болды. Қазақтардың психологиясы азғаны соншалық... олар-
ды ешқандай қоғамдық қызмет, ешқандай қоғамдық қажеттілік сияқты 
маңызды мәселелер толғандырмайды. Қазақ жері қоныстанушыларға 
көптеп  алынып  жатыр.  Екі  жүзді  «бас  адамдар»  өздерінің  жерін  то-
наушыларды мақтап, керісінше өз жерлерін қорғау үшін басшылыққа 
қарсы шыққан қазақтарды жазалауда» деп қатты өкініш білдіреді. осы 
хатында Б.Қаратаев Ә.Бөкейхановқа қазақ халқын басқаратын ұлттық 

196
197
ұйым  керектігі  жөнінде  ой  тастап  «Меніңше,  жалғыз  сен  халықтың 
сеніміне лайықсың. Жалғыз сен халқыма қызмет қылдым деп айтуға 
құқылысың» деген азаматтық сенімін жолдайды (8,86-91бб.).
Б.Қаратаев жер мәселесін әр уақытта назардан тыс қалдырмады. 
Кейін өз ойларымен жолдасы Б.Сыртановпен де ой бөліседі. Ал 1912 
жылғы елдегі қуаңшылыққа байланысты қатты алаңдады. Ашаршылық 
туралы  думаға  хат  жолдап,  қазақ  халқы  үшін    арнайы  қаржы  бөлу 
керектігін атап көрсетеді. оған дума депуттарынан жауап хат жолда-
нады. 
Елдің  жыл  санап  қиындап  бара  жатырған  жағдайын  сезінген 
Б.Қаратаев өзге де зиялылармен бірге Жалпы қазақ съезін шақырып, бас 
қосу қажеттігін бірден қолдайды. Міне осы арада Ж.Сейдалин «Қазақ 
зиялыларының тарландары Б.Қаратаев, Ә.Бөкейханов, Б.Құлманов, бұл 
үшеуінің өзі үш рулы ел болса да Алаш дегенде басы бір жерге қосылса 
керек» деп «Қазақ газетіне» жариялады (9,53б.). Көп ұзамай қазақтың 
басты мәселелері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арқылы елге 
тарала  бастайды.  М.дулатов  өз  еңбегінде  Б.Қаратаев  қазақтар  жер-
ге  тұрақтап  қала  болу  қажет,  А.Байтұрсынов  т.б.  әзірше  «қазақ  оған 
дайын емес сондықтан, көшіп-қонуды жалғастырған дұрыс. оған өз 
уақыты  келеді»  деген  пікірлерді  көпшілік  назарына  ұсынады.  Қазақ 
зиялыларының бұл арада ең басты көздегені халқына ой тастап, оны 
тұтастай ел болып талқыға салып, бірлесіп алдағы мақсатты анықтау 
еді. 
Б.  Қаратаев  Ж.Сейдалиннің  «Айқап»  журналы  арқылы  жал-
пы  Қазақ    съезін  өткізу  туралы  зиялыларға    тастаған  пікірін  бірден 
қолдайды.  оған  Б.Қаратаев,  Ж.Тілеубергенов,  К.Шалқаровтың  «Біз 
сиез керек деген сөзіңізді бек ұнатамыз... осы келешек халық жұмысына 
қызмет етуге біз даярмыз» деген жеделхат жолдауы дәлел болады. 
Б.Қаратаев  1914  жылы    мамырда  Санкт-Петербургте  өткен 
мұсылман  фракциясы  мәжілісіне  қатысады.  ол  фракцияның  бүкіл 
Ресейлік мұсылман съезін шақыру керек деген шешімін Ә.Бөкейханов, 
Б.Сыртановтармен  бірге  қолдайды.  Мәжілістен  бұрын  15-25  мау-
сым  аралығында  қазақ  өкілдері  өзара  кеңес  өткізеді.  осы  кеңесте 
Б.Қаратаев  орыс  патшасының  қазақ  даласында  жүргізіп  жатырған 
құйтырқы  саясатын  әшкереледі.  ол  «Қазанның  бұратана  школын 
басқарушы миссионер чиновник Ильминский деген шықты. Бұл адам 
қазақтар  мұсылман  емес,  «шаманый»  деген  дінсіз  халық.  оларды 
православныйға айналдыру бек оңай» дегені патша үкіметі саясаты-
мен астасып жатқандығын жеткізеді (10,С.211-212). Ал 25 маусымда 
өз жұмысын бастаған Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне 35 делегат 
қатысты.  Съезде  де  Б.Қаратаев  қазақ  өкілдері  кеңесінде  көтерілген 
мәселелер  туралы  баяндама  жасады.  Сонымен  бірге  мұсылмандар 
фракциясы мүшелері бірінші дүниежүзілік соғыста жараланған жау-
ынгерлерге  қолдау  көрсету  үшін  уақытша  комитет  құрады.  оның 
ережесін Б.Қаратаев дайындады. осы жылы  ол кадеттердің ұлт және 
аграрлық  мәселелерді  шешуге  құлықсыздығын  анық  байқаған  соң 
оның қатарынан шықты.
Патша  үкіметінің  1916  жылғы  25  маусымдағы  19-43  жас 
аралығындағы ер азаматтарды тыл жұмыстарына алу туралы заңның ел 
ішінде наразылық тудырған тұсында да Б.Қаратаев ұлт алдындағы па-
рызын түсіне білді. ол жарлыққа қарсы ашық наразылыққа шақырған 
Т.Бокин,  Ә.Жангелдин,  С.Меңдешов,  Б.Құлманов,  Т.Рысқұловтарды 
қолдамай, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.дулатов сияқты көтеріліске 
шыққан  қазақ  жастарын  патша  үкіметі  аяусыз  жазалайтындығын 
ескертеді.  Сол  үшін  Б.Қаратаев  тамыз  айында  Санкт-Петербургке 
келіп, патша әкімшілігіне тыл жұмыстарына қазақтарды алуды тоқтата 
тұру жөніндегі өз жазбасын жолдайды. Тарихта «Қазақтар жөніндегі 
естелік жазба» атауымен сақталған хатында Б.Қаратаев орал өңіріндегі 
халық наразылығын хабарлады. осы жазбаны Ж.Ә.Сейдалин М.Шоқай 
арқылы дума төрағасы М.в.Родзянкоға жеткізеді. Жазбада қазақ жаста-
рын шақыртуды 1917 жылдың мамырына дейін тоқтата тұру қажеттігі 
баса  айтылады.  Содан  Б.Қаратаев  елге  оралады.  оның  жазбасымен 
танысқан  Ж.досмұхамедов,  Ж.Сейдалин,  М.Шоқай  IV  мемлекеттік 
думаға арнайы мәселе етіп шығарды (11,130-133пп.).  
Ресейдегі  шиеленістің  түбі  патша  үкіметінің  құлауына  әкелді. 
Б.Қаратаев оны пайдалана отырып, орал қаласында Қазақ комитетін 
құруға  кіріседі.  1917  жылдың  7  наурызында  Жайық  өзенінің  сол 
жағалауын  қоныстанған  қазақ  ауылдарын  басқару  мақсатында 
Азаматтық  комитет  құрылып,  төрағалығына  Б.Қаратаев  бекітіледі. 
10 наурызда Азаматтық комитет  Уақытша комитет болып, өзгертіліп 
төрағалығына  Ғ.Әлібеков  сайланып,  Б.Қаратаев  мүшелігінде 
қалдырылады. Ал 19-22 сәуірде орал облысы қазақ съезінде Уақытша 
комитет өз билігін орал облыстық қазақ комитетіне тапсырады.  
Б.Қаратаев  1917  жылы  мамыр  айының  алғашқы  10  күндігінде 
Москва  қаласында  өткен  Бүкілресейлік  мұсылмандар  съезіне 
қатысады. Кейін өз естелігінде ол съезге «қазақ интеллигенттері заңгер 
Ж.досмұхамедов,  дәрігер  Х.досмұхамедов,  агроном  К.Жәленов, 
орта  білімді  Ғ.Әлібеков  және  дінбасылары,  имам,  молдалар  Қуанай, 
дәулетияр,  Қажығали  және  т.б.»  қатысқандығын  жазды.  Съез-
де  Б.Қаратаев  соғысты  тоқтатып  әскерді  үйіне  қайтару  қажеттігін 
ұсынады (12,40п.). 
Бұл кезеңде Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының Ресейдегі 

198
199
Уақытша  үкіметке  деген  сенімі  ақталмағандығы  дәлелдене  бастады. 
осы  аралықта  (мамыр  айының  соңында)  Уақытша  үкіметтің  соғыс 
және  ұлтттық-территориялық  автономия  жөніндегі    ұстанымдарына 
қарсы  келген  Б.Қаратаев    большевиктерді  жақтаушы  деген  айып-
пен  «ауылынан  ешқайда  шықпау»  жөнінде  орал  әскери  үкіметіне 
қолхат беріп, «үй тұтқыны» жағдайында орал уезі Көкбақты болысы 
милициясының қатаң бақылауына алынады. 
Қазан  төңкерісі  кезінде  Б.Қаратаев  өз  ауылында  тұтқын 
жағдайында болатын. Өз естелігінде: «Қазан революциясынан кейін, 
1918 жылдың наурыз айына дейін мен өз жолдастарыммен бірге қырда 
қазақ жігіттерінен соғыс күшін ұйымдастыруға кірістім. Бұл жұмысқа 
қоныс аударып келген украиндарды да тарттық»- деп жазады. 1918 жылы 
18 наурызда орал қаласында өткен кеңестердің II облыстық съезінде 
Б.Қаратаев облыстық юстиция коммисары болып тағайындалды. Бірақ 
28-29 наурызда болған төңкеріс әсерінен Б.Қаратаев 15 сәуірде қайтадан 
тұтқынға алынады. орыс-казактарының әскери далалық соты оны ату 
жазасына кескенімен, кейін өз үкімін 6 жылға қамауға ауыстырады. ол 
турасында  Х.Есенжановтың  «Ақ  Жайық»  трилогиясында  толығырақ 
жазылған. Кейін Б.Қаратаев «ел арасындағы беделімнің жоғарылығы 
және  заңгер  мамандығымның  болуы  арқасында  аман  қалдым.  Ел 
ішінде  наразылық  көтерілісінің  күшейіп  кетуінен  қорыққан  Әскери 
үкімет мені өлтірмеді» деп мойындады.
1919  жылы  24  қаңтарда  в.И.Чапаев  дивизиясы  орал  қаласын 
орыс-казактарынан азат еткен  кезеңде Б.Қаратаев түрмеден босады. 
Түрмеден босап 
4-армияның Әскери революциялық кеңесінің қаулысымен құрылған 
облревкомға мүше ретінде енгізіледі. Міне осыдан кейін Б.Қаратаев 
6    ақпанда  РКП  (б)  қатарына  қабылданады.  Тарихшы,  жерлесіміз 
И.Кенжалиев  Б.Қаратаев  пен  Б.Құлманов  большевиктердің  автоно-
мия береміз дегеніне сеніп, олардың жағына шықты деп түсіндіреді. 
Қайткен күнде де елде түбегейлі өзгерістер басталды. Большевиктер 
біртіндеп  елдегі  билікті  өз  қолына  алып,  ұлт  зиялыларының  қойған 
талаптарын  мойындайтындығына  уәде  бере    отырып,  оларды  өзіне 
тарта бастады. 1919 жылы 3 ақпанда облыстық ревком Б.Қаратаевқа 
Ұлт  істерін  меңгеру  ісін  тапсырса  (13,18п.),  10  сәуірде  Батыс  Ала-
шорда  бөлімі  басшылары  Жанша  және  Халел  досмұхамедовтермен 
келіссөз  жүргізуді  жүктеді  (14,2п.).  Ревком  Б.Қаратаевтан  қазақтың 
алғашқы атты әскер жасағын құруға да көмек сұрады. Кейін Б.Қаратаев 
большевиктердің сөзі мен ісі арасындағы алшақтықтарды сезініп қазақ 
жігіттерінен ерікті армия құру ісінен бас тартады. оның себебін қазақ 
жігіттеріне қамқорлық жасалмай, соғыс өнеріне әзірленбей, ешқандай 
дайындақсыз  соғысқа  қатыстырылумен  түсіндіреді.  осындай  батыл 
пікіріне қарамастан большевиктер оны 1919 жылы 24 шілдеде Қазақ 
өлкесін  басқару  жөніндегі    Әскери  революциялық  комитетке  мүше 
ретінде тағайындайды. Ревком  құрамында Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, 
А.Байтұрсынов, М.Тұңғаншин т.б. болатын. оның мүшелері тамыз ай-
ында орынборға келіп қызметке кіріседі. осында Б.Қаратаев бөрітпе, 
сүзек ауруына шалдығады. 1919 жылы 19 қыркүйекте орал-Бөкей облы-
стары қазақтары үшін арнайы Қазәскерревком құрылып ондағы ұлттық 
істерді  басқаруды  Б.Қаратаевқа  жүктеді.  Ревкомда  жүріп  Б.Қаратаев 
А.Байтұрсынов және Б.Қаралдиндермен бірге кеңес үкіметіне қарсы 
шыққан  қазақтарға  кешірім  беру  туралы  қаулы  қабылдап  оны  елге 
таратты.  Батыс  Алашордашылар  бұл  мәселеде  Б.Қаратаевқа,  оның 
қамқорлығына сенім артты. 
1920  жылы  23  ақпанда    Қазәскерревком  Б.Қаратаевты  әділет 
бөлімінің  меңгерушілігіне  тағайындайды.  Бұл  қызметті  оған  дейін 
Б.Қаралдин басқарған болатын. Қызметін атқара жүріп Б.Қаратаев өзге 
де зиялылармен қазақ шекарасын сақтап қалуға күш салады. ол адай 
уезінің шекарасындағы таласты мәселелерді дәл көрсете білді. Бірақ 
көп ұзамай большевиктердің Б.Қаратаевқа Алаш зиялыларымен қарым-
қатынасы  үшін  сенбейтіндігі  байқалады.  Кеңес  үкіметі  Алашорда 
үкіметінің қатарында болған ақ гвардияшылардың тыңшылары деген 
айыппен А.Қоңырбаев, С.Асанов, Е.Арғыншиевтер түрмеге қамағанда 
Б.Қаратаев,  Ә.Әйтиев,  М.Мырзағалиевтер  оларды  тұтқыннан  босат-
ты  және  Б.Қаратаев  А.Кенжин,  А.Мырзағалиевпен  бірге  Алашорда 
үкіметімен жасырын байланыс жасады деген айып тағады (15,9 іс,3п.). 
Содан 1920 жылы 6 шілдеде қайтадан Жымпиты уездік милициясының 
бақылауына алынып, 28 шілдеде Қазәскерревкомдағы қызметінен бо-
сатылады.  оған  «қызмет  бабын  асыра  пайдаланғаны  үшін»  ,  «пара 
алғаны үшін» деген айыптар тағылады. Б.Қаратаев 33 күн қамауда от-
ырады. Кейін өзінің заңды ешқашан бұзбағандығын, халқы үшін адал 
қызмет еткенін дәлелдеп шығады. оған да риза болмаған РКП (б)-ның 
Қазақстан облыстық бюросының Президиумы мүшелері И.А.Акулов, 
С.М.Киров, в.А.Радус-Зенковичтер 1920 жылы 21 қазанда жиналып, 
тергеуді тоқтатып, Б.Қаратаевты болашақта жауапты басқару лауазы-
мына қоймау туралы шешім қабылдады. Содан ол 6 қарашада Қазақ 
өлкелік әскери коммисариатына қызметке орналасып, 1921 жылы сәуір 
айында өз еркімен қызметінен кетеді. 1921 жылы 8 сәуірде орынбор 
уезі,  доңғыз  ауылынан  жер  алып,  «Еңбек»  ауыл-шаруашылық  жер 
игеру артелін құрып, халқын  ашаршылықтан сақтады. Бұдан  кейін 
Б.Қаратаев  орал  губерниялық  сотында  қызмет  жасады.  ол  адвокат 
бола жүріп елін сауаттандырды. 1923 жылы 7 мамырда Б.Қаратаевқа 

200
201
«Кеңес заңына қайшы әрекет жасады» деген тағы да жала жабылады. 
Бұл жолы оны Юстиция Халық комиссары Н.Нұрмақов қорғап қалады. 
Содан  қорғаушылық  қызметіне  қайта  орналасады.  Ал  1925  жылы 
шілдеде  әйелі  Саржанның  ауруына  байланысты  Ақтөбеге  біржолата 
көшеді.  1925  жылы  4  қазанда  Ақтөбе  губерниялық  сотына  қарасты 
қорғаушылар алқасы мүшесі болып қызметке қабылданады. осы ла-
уазымда жүріп, 19 Кар19 жылы 6 ақпанда кірген большевиктік пар-
тия қатарынан 1927 жылы  өз еркімен шығады. Б.Қаратаевтың кейінгі 
өмірі таза ғылымға арналды. оның қаламынан  жарық көрген 20-дан 
астам  еңбектері  халқымыздың  өткен  тарихынан  мол  мағлұматтар 
береді (16). 
Қай  кезеңде  де  өз  халқының  қамы  үшін  маңдай  терін  төккен, 
ешкімнен қамықпай шындықты өмірлік ұстанымы етіп өткен қайраткер, 
біртуар тұлға 1934 жылы 24 тамызда Ақтөбе қаласында дүние салады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет