М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет14/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.64 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қаратаев Б.Б.обзор материалов по истории колонизации казахского края     
1869-1870гг. Қолжазба,ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қор бөлімі,№257
Идресова  Ү.Х.  Бақытжан  Қаратаевтың  қоғамдық-саяси  қызметі  (1860-
1934 жж.) Тарих ғыл. Кандидаты ғылыми дәрежесін алуға дайындалған дис-
сертациясы қолжазбасы.орал 2007,26б.
Ақтөбе  облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайының  Б.Б.Қаратаев  қоры 
Өзбекұлы С.Арыстары Алаштың. Тарихи очерк.-Алматы,Санат,1997.-318б.
алғашқы қазақ мұнайшылары және 
ағайынды  нобельдер*
                                                             
Бүгінде әлемнің назары Каспий өңіріне ауып отырғаны белгілі. 
Тартылыс күш теңіз аумағы мен оған жақын маңдағы қара алтын мұнай 
болып  отыр.  Қазіргі  таңда  мамандардың  болжауынша  Каспийдің  
қазақстандық бөлігінде 40 млрд. баррель мұнай қоры бар екен. Міне 
сондықтан  да  энергетикалық  ресурстар  маңыздылығын  сезінген 
дүние жүзінің ірі - ірі компаниялары  Теңізшеврон, Аджип  т.б. қазақ 
мұнайын  әлем  нарығына  шығарды.  АҚШ,  Ресей,  Қытай  т.б.  алып 
елдердің де мүдделері осында тоғысқан. Соңғы жылдардағы Қазақстан 
үкіметінің  мұнай  бағытындағы,  соның  ішінде  Қарашығанақтағы  
үлесін    арттырудағы  батыл  қадамдары  байлық  иесі  қазақ  екендігін 
айқын дәлелдеді. Мұндай мол қазынаны қызғыштай қорып, ұрпағына 
аманаттап қалдырған ата-бабамызға, сөз жоқ, мәңгілік қарыздармыз. 
Cонау XVIII ғасырда «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті, ақыр  за-
ман келгенше қазақтар бұл жерден ешқашан айырылмайды» - деген 
Әбілқайыр ханның аталы сөзі  халқымыз жүрегінде сақталғаны анық. 
Cонымен  адам  баласы,  қазақтар  мұнаймен  қашаннан  таныс,  қалай 
пайдалана бастады? Тарихи деректерге назар аударсақ Таяу Шығыс 
елдері тұрғындары осыдан 6000 жылдай бұрын мұнайды қару  - жарақ 
жасауға, құрылыс материалдарын (битум, асфальт) дайындауға пай-
далана бастаған. Кейін б.э.д. 347 жылдары Қытай бамбук ағаштарын 
пайдаланып  жер  астынан  мұнай  өндіреді.  Ал  Каспий  теңізіндегі, 
оның  төңірегіндегі  мұнай  туралы  мәліметтер  жазба  деректерге  V 
ғасырларда  енген.  олай  болса    жергілікті  тұрғындардың  оны  көне 
заманнан -ақ  мүмкіндігіне  қарай  пайдаланғаны  белгілі  болады.  1927 
жылы  Қазақстан мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен, қазақ жастарына 
арналған алғашқы «Мұнай» атты оқулығында  С.Шарипов  «орал-Жем 
аймағындағы мұнай 40-50 жылдан бері ізделіп жүрілген. одан арғы 
жерде  де,  сондағы  тұрғын  қазақтар  мұнайдың  бар  екендігін  білген, 
керегінше  пайдаланған.  Құдық  қазып,  не  болмаса  жердің  не  судың 
үстіне шығып жатқан мұнайды алып жұмсаған. ол мұнаймен қазақ 
кәсіп қылмаған. Түйенің қотырына, адамның іші ауырғанда, болмаса 
қотыр болғанда ем қылып, сондайға ғана жұмсаған. оның отын орнына 
жарайтынын білмеген, жағып пайдаланбаған. Сол қазақтар мұнайдың 
атын «Мұнай» деп қойған», деп анықтаған-ды. Мұрағат қорларынан 
табылған  құжатта  «орал  облысындағы  ең  алғашқы  белгілі  болған 
мұнайлы  мекен Мәтен Қожа Май болатын. ол ойыл өзеніне жақын, 
Бүйрек,  Тайсойған    құмдарының  ортасында,  Калмыковск  станция-
сынан 100 шақырым жерде. Мекен ХІХ ғасыр басында өмір сүрген  
молда  Мәтен атымен аталған. Мәтен молда осы кезеңде қазақтарға 
мұнайдың емдік қасиеттерін  пайдалануды  үйреткен» (ҚРоМА 916 
қ.,  1  т.,91  іс  8-п.;  Мұқтар  Ә.Қ.  Қазақ  мұнайының  тарихы.-Алматы: 
Өлке, 2006. -25б.). 
ХIХ ғасырда өмір  сүрген  Мұрат  Мөңкеұлы               
Еділдің бойы қанды қиян
Жайықтың бойы шаңды қиян
Маңқыстаудың бойы майлы қиян –деп жырлаған екен.
олай болса қазақтар да мұнаймен ертеден таныс. Сайын даладағы 
мыңғыраған төрт түлік малына сенген  ата-бабамыз дегенмен  мұнайды 
игеріп, кәсіп қылуға асықпады ...      
*Мақала «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 26 қазанындағы са-
нында  қысқартылып жарияланған.

202
203
Қазақ мұнайының аты ХІХ ғасырдың ІІ жартысында – ақ  іскер 
кәсіпкерлерге  белгілі  болды.  Көп  ұзамай  Жайық-Жем  ауданына  
Ресейдің зерттеуші ғалымдары ағылды. оған  белгілі дәрежеде  мұнай 
саласындағы  жаңалықтар-1849  жылы  Канадалық  геолог  Абрахам 
Геснердің  керосинді  өндіріске  енгізуі,  1859  жылы  АҚШ-та  мұнай 
өндіріліп, алғашқы скважиналардың бұрғылануы т.т. оң ықпал етті. Бір 
сөзбен нақ осы 1859 жыл дүниежүзінде мұнайдың өндіріске айналған 
жылы ретінде қабылданған. Мұның өзі  Каспий аймағын екпінді зерт-
теуге  әсерін  тигізді.  Зерттеушілер  Н.  Северцев,  И.  Борисовтер  1857 
жылы,  П.С.  Паллас  1863  жылы,  д.  Кирпичников  1874  жылы,  1886 
жылы Новаковский қазақ даласында болып, Мәтенқожа, доссор, Еске-
не, Қара Шүнгіл т.б. мекендерде мұнайдың барлығын анықтағанымен, 
табиғат  жағдайының  қиындығын  (ауа-райының  құрғақтығын,  ауыз 
судың тапшылығын т.б.) алға тартып, мұнайды игеруге болатындығына 
күмән келтірген (ҚРоМА 1479 қ., 2 т., 711 іс, 14-15пп.).
1890  жылы  Түркістанға  темір  жол  салу  мәселесі  күн  тәртібіне 
шыққан кезеңде  Жайық-Жем аралығын қайта зерттеу басталды. Содан 
1892 жылы  Ресей-орал темір жолы Никитиннің басшылығымен жер 
қыртысына барлау жүргізіп,  доссор, Ескене, Қара Шүнгілде  қолмен 
7-9 метрге дейін  қазып тексерген.  осы жылы  Соль-Илецк адвокаты 
Ю. Лебедев патша үкіметінен алғаш рет Құнқұлақ сор мекенін арнайы 
зерттеуге  рұқсат  алған.  Мұндай  рұқсат  1892  жылы  доссорға,  1894 
жылы   Қара Шүнгілге де берілді. Ю. Лебедев 1893 жылы  өз рұқсатын 
Н.Н.Леман,  доппельмаер  және  Грум-Гржимайлоға  сатты.  Ал  олар 
іздестіру және барлау құқығын ала отырып,  1898 жылы «Леман және 
Ко»  компаниясын  құрды.  Cөйтіп,    қазақ  жерін  зерттейтін  алғашқы  
мұнай  компаниясы  дүниеге  келді.  Н.Н.  Леман  құрған  компанияға 
белгілі кен орындарының көпшілігі концессияға берілді. Сол кезеңде   
компанияға  орал  облысының  Гурьев,  Калмыково  уездерінің  6 
болысындағы  кен  орындары  қарады.  осы  жылы  Гурьев  қаласында 
компанияның  сенімді  өкілі  басқаратын  арнайы  мекемесі  ашылды. 
Зерттеуші  Л.  Бердіғожиннің  есебінше  1898  жылы  мұнайды  зерттеу 
барысындағы түрлі жұмыстарға 59 қазақ тартылған екен. олар мұнай 
іздеген  экспедицияларға  жол  бастаушы,  керуен  жұмысшысы,  атшы, 
жүк  тиеуші,  күзетші,  қара  жұмысшы  ретінде  тіркелген.  1898  жылы 
Жылыойда, Мұнайлыда, Қара Шүнгілде, Ембіде т.б. кәсіпшіліктерде   
Балымбеков Қошқар, Құдайбергенов Есжан, Шаудыров Шапқын, Ба-
ласов Шолпан, Адасов Көпесін, Сандықов Мұхамед, Құмқаров Ізтілеу, 
Есмағамбетов  Рысжан,  Жұмырыв  Тыныс,  Байназаров  Мұхаррам, 
Зейнуллин  Сейфолла,  Ғұбайдуллин  Нәрен,  Биғалиев  Ерім,  Хамзин 
Мұртаза,  Қожамбетова  Меңдібай,  Жайманов  Ығылман,  Құттыбаев 
Шоқты,  Тайлақов  Бал,  Мырзабеков  омарбай,  Құттыбаев,  Құрманов 
Сатыбай,  Илабаев  Елеу,  Айназаров  Мыржық,  Өсербаев  Айтілеу,  
Өтебаев Мырзағали, Мәмбетов Ығжан, Наурызали Исатай, Сексенба-
ев Басарбай, Байдалиев Игілік, Бәлімбеков Шапақ, Құлжан Бұғызлан, 
Көзіров Жаңқабай, Шолпанов Төлеспай, Чаадуров Өтеп, Байымбетов 
Құрбан,  Жұбатов  Бекбай,  Нысанов  Аймаған,  Сартымбай  Төлешов, 
Ізбасар Күшбай, Мыржық  Айназаров, Жұмағұл Әбілбасаров, Ізтөлеу 
Күмісбаев,  Қашқынбай  Әбілбасаров,  Қабыл  Қаражанов,  Құлжанов 
Әлжан, Баймағамбетов Тілеулі, Жандыбаев Елікей, Жандыбаев дүйсәлі, 
Жұқиев Кесікбай, Мұқанбетов Қотырбай, Құлжанов Нұрым, Шырда-
баев Байділдә, Сатыбалдиев Сүйеу, Ахмадуллин Ғилман, Ысмағұлов 
Мұқан,  Нысалы  Коскендиев,  Өтеп  Шағыров,  Сарсенбаев  Базарбай, 
Ағылман  Жығылғановтар  есепте  тұрды  (Бердіғожин  Л.Қазақстан 
мұнай-газ өндірісі саласы маман кадрлары.-Қызылорда, 2007. 46 б.).
1899 жылы  тамыз айының ІІ жартысында Қазақстанға жаңа экс-
педиция аттанды. оның құрамында белгілі Н.Г. Чернышевскийдің ба-
ласы Михайл, әскери инженер в.К. Фельдт, инженер С.в. Трубецкой 
т.б. болды. олар 24 қыркүйекте Индер көлінің жағалауына жақындап, 
Бай Мөңкеден өтіп, Грум-Гржимайло т.б. басқаратын  Ембі - Закаспий 
бірлестігі орналасқан Қошқар көлге келіп тоқтаған. М.Н. Чернышев-
ский  өз  күнделігінде  мұнай  іздеудің  8  жыл  бойына  жүргізілгенімен 
нәтиже бермеді дей отыра, әзірше мұнайға ең бай жер Қара Шүнгіл деп 
жазады. Сол сәтте ол жерде 6 скважина, 60 жұмысшы еңбек еткен. 1899 
жылы 18 қарашада Қара Шүнгілде 40 метрден алғашқы мұнай фонта-
ны атқылады. Сөйтіп, тәулігіне 12-25 тоннадан мұнай алына бастады. 
Н.Н. Леман қарауында  еңбек еткен 89 адамның 40-ы қазақ болатын. 
осында негізінен қара жұмысшылар легін құраған қазақтар арасында 
Көккөз Бегимов, Өтебай Баймағанбетовтар осы айда 5 сомның үстінде 
еңбек ақы тапқан (ҚРоМА 680 қ.,4 іс, 3-4 п.). 
Қазақтардың мұнай саласына тартылуы туралы  1929 жылы Мо-
сква  мұнай  институтына  инженер-геолог  мамандығына  түскен  На-
рен Имашев 1935 жылы өз қолымен толтырған өмірбаянында Қазан 
төңкерісіне дейін-ақ  үш ағасының Мартук, Итассай, Жосыдағы мұнай 
іздеу  жұмыстарына  қатысқандығын  жазса  (ҚРоМА  5-қ.,19-т.,597 
іс,125 п.), 1931 жылы Баку мұнай институтына түскен Сафи Өтебаев 
естелігінде 1916 жылы мұнай жұмысшыларымен алғаш рет доссорда 
жұмыс  жасайтын  ағалары  Ғұсман,  Қалилар  арқылы  танысқандығын 
алға тартады. Ал Түркімен-Адай болысының Тәңірберген ауылының 
қазағы  Тілеулі  Бимағамбетов  1912  жылы  доссор-Ракуша  мұнай 

204
205
құбырын бақылаушы болып келісім шартқа отырған екен. олай болса, 
қазақтар үшін мұнайды өнеркәсіптік игеру, оның барлық салаларына 
белсенді түрде қатысу күн тәртібіне уақыт талабымен шықты.
Бірден мол байлыққа кенеле алмаған Н.Н. Леман 1907 жылы «қазақ 
даласы 300 жыл өтсе де екінші Баку бола алмайды» деген қорытындыға 
келіп, патша үкіметінен өз билігіндегі кен орындарын сатуға немесе 
косымша капитал тарту үшін шетелдіктермен аралас қоғамдар құруға 
рұқсат сұрады. ол алдымен ағылшын, кейін Швейцария синдикатта-
рымен келіссөз жүргізді. оны Ресейдің қаржы министрі С.Ю. витте 
қолдап, «Ресей қаржылай көмекті судағы қанттай   қажет етеді» деп 
жар салды. 1908 жылы Н.Н. Леман  И.И. Стахеевпен одақтасып, «Эмба-
Каспий» қоғамын құрғанымен діттегеніне жете алмады. 1909 жылы 2 
мамырда Гурьев-Эмба тұзды көлдерін бақылаушысының хабарына сен-
сек Гурьев уезінде И.И. Стахеев қана мұнай іздестірумен шұғылданған 
екен. оның қарамағында Ескенеде 69, доссорда 31 адам еңбек еткен. 
Бақылаушы жұмысшылар жағдайының ерекше ауырлығын атап өтеді  
(ҚРоМА 678 қ.,1 т.,2 іс,62-63 п).
1909 жылғы жағдайды саралаған Н.Н. Леман шетелдік азаматтарға 
мұнай іздестіруге беру құқығына ие болды. Мұнайлы ауданға бірден 
ағылшындар  назар  аударды.  олар  Жайық-Ембі  аралығына  инженер-
геологтарын  жіберіп,  Н.Н.  Леманнан    концессиялық  құқығын  сатып 
алды. 1910 жылы 22 желтоқсанда Н.Н. Леман Ұлыбритания азаматтары 
Эдвард Юм-Шведерь, отто Листьпен бірлесіп, Жайық-Каспий мұнай 
қоғамын  (УКНо)  құрып,  Гурьев  қаласында  арнайы  кеңсесін  ашты. 
Қоғамға орал облысының 9 болысындағы мұнай іздестіру жұмыстары 
1912 жылдың  12 қарашасына дейін берілді. Қоғамның негізгі капиталы 
3.500.000 сомға жетті (ҚРоМА 681 қ., 1 т.,13 іс, 15-17 п). Ал И.И. Ста-
хеев болса өз жұмыстарын тоқтатып, қызметкерлерін Москва, Қазан 
қалаларына жіберуге бұйрыққа қол қойып,  көп мұнайдың жоқтығына 
сене бастады.
Жұмыстарын жалғастырып жатқан орал-Каспий қоғамында 1911 
жылы 23 сәуірде Ескенеде 32, доссорда 67, Мақатта 31 жұмысшылар 
тіркелген.  Міне  осы  жұмысшылар  қазақ  мұнайының  бетбұрысты 
оқиғасына  куә  болды.  1911  жылы  29  сәуірде  доссорда  басталған 
мұнай фонтаны хабары алысқа тарады. Фонтан 30 сағат бойы атқылап 
арты  өртке  ұласты.  доссор  мұнайды  Қара  Шүнгілден  бірнеше  есе 
көп бере бастады. доссор кен орынында осы жылы жұмысқа атақты 
қазақ  мұнайшыларының  бірі  Сабыр  Зорбаев  (1893-1970)  орналасты. 
Кейін ол осы доссор, Мақат, Ескене мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде 
жұмысшыдан  директорға,  басқарма  директорының  орынбасарына 
дейінгі  еңбек    жолдарынан  өтті.  онымен  қатарлас  Жайық-Каспий 
қоғамында 1912 жылдан  Бекқазы Шаманов, 1914 жылдан Шағыр Бе-
кенов, Боқбала Әлімбаев, Бақтыбай Қарашолақов, 1915 жылдан Сар-
сен Баубеков, Алмағамбетов Құлбатыров, 1916 жылдан Есен Сарсен-
баев, Наурыз Есмағамбетовтар жұмыс жасады (ҚРоМА 695 қ., 1т., 349 
іс, 8-9 п.). 
Қазақ  жұмысшылары  өз  құқықтарын  қорғауды,  жұмыстың 
жағдайын жақсарту үшін күресті осы жылдары бастады. 1913 жылы 
доссордағы  жұмысшылар  ереуілін  Сафи  Өтебаев  (1909-2008)  өз 
естелігінде  «жергілікті  жұмысшылар  адам  төзгісіз,  қайыршылық 
жағдайда  өмір  сүрді.  олар  ең  ауыр  жұмыстарды  атқарса  да,  еңбек 
ақыны басқа жұмысшылардан кем алды » деп жазды (Утебаев С. Өмір 
мұраты. – Алматы, 1988. -25б.). 1914 жылы қаңтарда доссорда өткен 
мұнайшылар ереуіліне Хакім Башбеков, Бораш Жұбатқанов, Аққали 
Айбаров,  Түсіпқали  Сартов,  Сұлташ  Тағыбергенов  т.б.  қатысты.      
Сөйтіп,  жергілікті  қазақтар  арасынан  болашақ  ұлттық  мұнайшы  ма-
мандары қалыптаса бастады. 
доссор кен орны ашылғаннан кейін қазақ мұнайына атақты Но-
бельдер  ұрпақтары  келді.  олардың  Ресей  империясындағы  тарихы 
1837  жылы  Эммануил  Нобельдің  Стокгольмнен  Санкт-Петербургке 
келуімен басталады. Теңіз жарылғыштарын жасаудан бастаған ол кейін 
қару-жарақты шығаруға көшті. 1851 жылы «Нобель және балалары» 
фирмасы  сол  жарылғыштың  патентін  Ресейге  сатылған  қаражаттан 
құралды. оның баласы Людвиг 1862 жылы қазанда механикалық завод 
ашып, өндіріс пен ғылымды қатар ұштастырды. ол бауыры Робертті 
1873 жылы  Кавказға жіберіп, Каспий жағалауындағы мұнайды барлап, 
Бакуден кішкене жер, шағын мұнай өңдеу заводын сатып алады. Содан 
1879 жылы «Ағайынды Нобельдердің мұнай өндірісі серіктестігінің» 
құрылтайшылары  қатарына  енді.  Серіктестік  акционерлік  қоғамға 
айналғанда оларға көмекке інілері атақты Альфред келді. Жарылғыш 
заттар жасаумен атағы шыққан Альфред, 1867 жылы динамит жасап, 
оны құрылысқа қолдануды енгізді. 1878 жылы қоғамға құрылтайшы 
болып, мұнай құбыры арқылы үздіксіз мұнай тасымалдау тәсілін тау-
ып,  1880  жылы  Бакуден  Қара  теңіз  порттарына  құбырды  жүргізуді 
ұсынды.  ол  1896  жылы  10  желтоқсанда  қайтыс  боларында  артына 
өзі жиған - тергенінің белгілі бір пайызын адам баласының пайдасы 
үшін ғылымға бағыттауды кейінгі ұрпағына өсиеттеген. оның өсиетін  
швед  королі  қабылдамай,  күшін  жоюға  әрекет  жасағанымен,  немере 
інісі Людвигтің ұлы Эммануил өсиетті бұзбай 1897 жылы оның бар 
жинағы 2 млн. фунт-стерлингті Нобель қорына аударды. Қор Нобель 
сыйлығының қаржылық негізіне айналды. Кейін әкесі Людвиг қайтыс 

206
207
болған соң Нобельдер құрған компания басшылығына Эммануил от-
ырды. ол 1889 жылы орыс азаматтығын  қабылдап, мұнай өндірісіне 
шындап ден қойды.
Жайық-Жем аралығындағы жаңалықтардан хабардар Э.Л.Нобель 
1911  жылы  алдымен  «Ағайынды  Нобельдердің»  кеңсесін  Гурьев 
қаласында ашты. Мұндағы өзгерістерді сезген соң осы жылы Санкт-
Петербургте  орал  облысында,  Кавказда  мұнай  іздестіру  үшін  және 
табылған  мұнайды  сату  мақсатында  «Ембі»  акционерлік  қоғамын 
құрды. Қоғам үкіметтік шешіммен  1912 жылы 10 сәуірде бекітілді. 
оның құрылтайшылары Э.Л. Нобель, стат кеңесшісі Т.в.Белозерский 
және  И.И.  Стахеевтер  болды.  Гурьев  қаласында  қоғамның  кеңсесі 
ашылды ( ҚРоМА 681 қ.,1 т.,13 іс). 1912 жылы  12 мамырда Санкт-
Петербургте  қоғам  акционерлерінің  алғашқы  жиналысы  болып, 
өз  жұмысын  бастады.  Міне  осы  күнді  Нобельдердің  заңды  түрде 
Қазақстан  мұнайына  келуі  деуімізге  әбден  болады.  Нобельдер 
қаражаты «Ағайынды Нобельдер серіктестігі» мен «Ембі» қоғамында 
шоғырланды.  олардың  біріншісі  дербес  акционерлік  серіктестік 
ретінде  тіркелсе,  екіншісі  орыс  серіктестігіне  мүше  болды.  1914 
жылы Жайық-Жем ауданында Нобельдермен қатар «Колхида», «Ембі-
Каспий»  қоғамдары  мұнай  іздеу,  өндірумен  шұғылданды.  Қоғамдар 
ішінен 1912-1914 жылдар аралығында ауданда өндірілген 14.101.169 
пұт мұнайдың 37% Нобельдерге, ал 63% «Жайық-Каспий» қоғамына 
тиесілі  еді.  Бұл  бәсекелестік  кейін  де  жалғасты.  Қазан  төңкерісіне 
дейін ең көп мұнай өндірілген 1914 жылы (272,2 мың т.) Нобельдер өз 
үлесін 39,4 %-ке жеткізді. Нобельдер өз жұмысында үнемі барлау және 
бұрғылап  мұнай  іздестіру  істеріне  назар  аударды.  Соның  әсерімен 
олардың игерген скважиналардың саны 43-ке жетті. Сөйтіп Нобельдер 
Қазақстандағы мұнайлы кен орындарын игерудегі екінші ірі компания 
деңгейіне    көтерілді.  Яғни,  Нобельдердің  ақыл-ойы  мен  іскерлігінің 
тарихта  қалдырған  ізі  бүгінгі  Нобель  сыйлығы  екенін  мойындасақ, 
адамзат  үшін  жұмсалып  жатқан  мол  қаражатқа  1912  жылдан  кейін 
қазақ мұнайы да өз үлесін қосты деп сенімді түрде айта аламыз. Со-
нымен бірге Нобельдер және өзге де шетелдік компаниялар  қаражаты 
мен тәжірибесі мұнайлы Қазақстанды  сол заманда әлемдік нарыққа 
шығарып қана қоймай, өндіріске өз уақытындағы алдыңғы  қатарлы 
технологияны енгізіп, қазақтардан мұнайшы мамандарды дайындауға 
оң септігін тигізді. Алда ыждағатты еңбек пен оқып-үйрену, талмас та-
лап пен қажырлы ұмтылыстар жатты.
                        
Тегінде бар тектілік...
(академик Зұлқарнай Алдамжар хақында)
Академиктер  Манаш  Қозыбаев  пен  Өмірзақ  Сұлтанғазин  1997 
жылы 10 желтоқсанда  Зұлқарнай Алдамжарға жолдаған жеделхатын-
да  «Алпысқа  әркім  жетеді.  Біреу  өрлеп  келеді,  біреу  терлеп  келеді. 
Біреу шауып келеді, өз үлесін дүниедегі тауып келеді. Енді біреу зорға 
келеді, өмір бойы жарымай, арқалаған жүгі жоқ, өмірге берген түгі жоқ, 
мойнында дорба келеді. Енді біреу айқайлап туып, алдына мыңдаған 
жылқы айдағандай дүбірлетіп келеді, тарихқа есімі енеді, еліне, халқына 
барын  береді,  жалындап  жанып,  құйрықты  жұлдыздай  ағып  өтеді, 
өнеді», - деп тұлғаның Қостанай өңірінде, жалпы Қазақстанның білімі 
мен ғылымына қосқан үлесін саралап, тілегінің қорытындысы ретінде  
«орда тіктің ғылымға еңбегің сіңіп ғалым болдың, бала өсірдің, не-
мере сүйдің, шәкірт тәрбиеледің, халық ағарту ісін, жоғары білім беру 
үшін ұйымдастыру жолында қайраткер болып қалыптастың», - деген 
жоғары баға берген-ді (1).
Сонымен  Алдамжар  Зұлқарнай  Алдамжарұлын  көрген,  дәрісін 
тыңдаған, тәрбиесін сезінген, болашаққа бағыт-бағдар, арман арқалаған 
біздер үшін ол несімен қымбат? Алдыңғы буын ағалар берген жоғары 
бағаға, кейінгі толқын інілер сезінген  қайраткерлікке қалайша жетті? 
Сөз  жоқ  алдымен  ата-бабасының  қаны,  олардың  тәлім-тәрбиесі 
екендігі айтпаса да түсінікті.  Зұлқарнай Алдамжарұлы  мені Сырым баба 
тарихын жаңаша зерттеуге бағыттай отыра, 2000 жылы Кіші жүздегі 
Шойтас батыр туралы материал жинауды да тапсырған-ды. Кейін ба-
тыр баба тарихымен таныса келе оның  Зұқаңның үлкен атасы екенін 
түсіндім.  Шойтас  Сырлыбайұлы  XVIII  ғасырдың  соңғы  ширегінде 
елге  танылған,  Сырым  датұлының  азаттық  үшін  соғысына  белсене 
қатысып, Жайық- Еділ аралығын қайтаруға күш салған тұлғалардың 
алдыңғы шебінде жүрген. Жерлестері Шойтас батырды Қара Шойтас 
деп атаған. Тұлға туралы мұрағаттағы алғашқы құжаттар 1785 жылмен 
хатталған. ол бойынша орыс үкіметіне қарсы көтерілген қазақтардың 
соңына  2669  жауынгерді  ертіп  генерал-майор  Смирнов,  1250  казак-
орыспен орал әскерінің старшындары Калпаков пен Паномарев, 405 
орал казак-орыстарымен премьер-майор Назаровтар бастаған қарулы 
әскер аттанған кезеңде оларға Сырым, Барақ, Жиеншөре, т.б. бірге Қара 
Шойтасты да ұстау тапсырылған (2).  Міне осы уақыттан бастап Ре-
сей Шойтастың ел ішіндегі беделін таныды деуімізге болады. Шойтас 
Сырлыбайұлы өзге би-батырлармен бірге Еділ-Жайық аралығындағы 

208
209
жайылымды  қайтаруға  барын  салды.  Соның  нәтижесінде  Кіші  жүз 
қазақтары 1786-1787 жылдағы қыста малдарын ішкі бетке өткізуге қол 
жеткізді.  Патша  үкіметінің  Жайықтан  өту  туралы  рұқсат  қағазында 
45  400  түтінге  арнайы  20  старшын  және  1  сұлтан  тағайындалған. 
Тізімге назар аударсақ, ысық Қаратау би 10 000, беріш Шойтас батырға 
7000,  шеркеш  Жарқынбай  батырға  3000,  алаша  Сыпыра  биге  3000, 
масқар  дөнен  Итемгеновке  1000  түтінді  басқару  сеніп  тапсырылған 
(3). Мұның өзі Кіші жүздегі белді рулардың бірі жетібаулы беріштің 
тұтастай Шойтас батырға сенім білдіргенін айғақтайды.
Ата шежіреде Шойтас батыр Нұралы ханмен құдандалы болған 
делінеді. Қиын-қыстау кезеңде ол Сырымның азаттық күресін қолдай 
отыра,  Уфада  тұтқында  болған  Нұралы  ханды  ешуақытта  естен 
шығармады. 1790 жылы тамыз айында Нұралы хан қайтыс болғанда 
Шойтас батыр өзге би-батырлармен ел бірлігі үшін қызмет жасайды. 
1791 жылы наурыз айында Сырым батыр Ресейдің отарлау саясатына 
қарсы тағы да қол жинаған кезеңде Кіші жүздегі беделді тұлғаларға 
хат  жолдайды.  Сырым  Беріш  руының  би-батырлары  Бөдене,  Сар-
жала,  Шойтастарға  жолдаған  хатында  «Қыс  бойында  Жайық  пен 
Қаракөлді жайлайтын халқымның жас балаларын аяп және шекараға 
соққы  берсек,  орыс  әскерилері  сіздерді  шауып,  тонайтынын  ескеріп 
атқа  қонбадық»,-  деп  ағынан  жарылады  (4).  Ел  арасында  қазақ  пен 
орыс  қарым-қатынасы  шиеленіскен  XVIII  ғасырдың  90-жылдарында 
болашақ жоспарын ақылдасу үшін Сырым датұлы ақылгөй билермен 
кеңесіп,  ат  басын  арнайы  данагөй  қарт  Көбек  биге  бұрып,  батасын 
алған екен деген сөз қалған. Көбек өзінің берген батасында: 
Арғымақ атын арытқан,
Хан төрені қаратқан, 
Қапияда сөз тапқан,
Қараңғыда жол тапқан,
Сырлыбай бек сойынан,
Қажымас қара Шойтасқа да жолықшы,- деп 
Шойтас батырдың қоғамдық -саяси өмірдегі орнын анықтап бер-
ген екен (5). 
1797 жылы наурыз айында Есім хан өлтірілген кезде Шойтас ба-
тыр өзге де тұлғалармен бірге қазақтың жікке бөлінуіне жол бермеу-
ге  ат  салысты.  Мұрағаттық  деректе  беріш  руынан  Бекқали  Ағатаев, 
Матай Байболатов, Шойтас Сырлыбаев, Саржала Жамбаевтар Жайық 
бойындағы  тыныштықты  сақтау  жолында  күш  салғаны  дәлелденген 
(6).  Кейін  Шойтас  батыр  ысық  Қаратау,  шеркеш  Құлмамбет,  алаша 
Сыпыра  өзге  де  белгілі  азаматтармен  бірлесе  Қаратай  сұлтанды  хан 
тағына көтереді. 
Міне  қоғамдағы  белсенділігімен  көзге  түсіп,  белді  деген 
тұлғалармен  араласқан,  өзара  сыйласқан  Шойтас  батырдың  інісі 
Мәмбетәліден  Төлеп,  Төлептен  Бегейсін,  Бегейсіннен  Есет,    Есет-
тен  Алдамжар,  Алдамжардан  Зұлқарнай  тарайды.  Зұлқарнай 
Алдамжарұлының  өз  атасы  Есет  бабамыз  да  аталар  дәстүрін 
жалғастырып, ұрпағын елдікке тәрбиелейді. Есет Бегейсінұлы да - та-
рихта өзінің парасатымен, әділдігімен белгілі тұлға. З. Алдамжар өз 
атасы  турасында:  «Менің  атам  Есет    Бегейсінұлы  Қазан  төңкерісіне 
дейін көп жылдар бойы Бөкей ордасында беріш руының Есенғұл, Сыр-
лыбай бөлімінің старшинасы болған... . Есет атам әрі би, әрі шежіреші 
болған  адам.  Қазақ  тарихының  мәселелерін    одан  артық  білетін  кім 
бар  деп ойлайтынмын. Әсіресе Кіші жүз тарихын ағытқанда өте терең 
еді... Бір ғажабы Есет атамыздың деректері мен Халел досмұхамедов, 
Ығылман Шөреков еңбектері өте үндес. Бұл кісінің қолында Шойтас 
бабамыздан басталып, жиналған тарихи деректер, шежірелер болған-
ды»,- деп жазды (7).
Сөз  жоқ,  аталар  мұрасы  Зұқаңды  алға  сүйреді,  үлкен  ғылымға 
ұмтылдырды,  тарихшы мамандығын таңдауға итермеледі.  Сөйтіп ол 
1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға 
түсіп, оны 1962 жылы үздік дипломмен бітіреді. Бұл жылдар ғылым 
сүйген  тұлғаға  айрықша  әсер  етті.  ҚазМУ-дың  тарих  факультетінде 
атақты  Ермұхан  Бекмаханов,  академик  С.Покровский,  профессор 
А.Алиев, Ә.Тұрсынбаев, С.Кенжебаев, Н.дауылбаев, Ә.Қанапин, Кеңес 
Нұрпейіс, Г.дахшлейгер т.б. ғалымдар дәріс оқитын. З.Алдамжармен 
бірге оқыған атыраулық белгілі тарихшы, т.ғ.к., профессор Ғинаятолла 
Нығмет: «Бізді бірінші курстан бастап тарих үйірмесіне қатыстырып, 
баулыған   Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, 
тұңғыш  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Е.Б.Бекмаханов 
пен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Хажым Хабиев еді. Кейін 
Зұлқарнай Алдамжарұлының ғылыми зерттеуіне басшылық еткен про-
фессорлар Г.Ф.дахшлейгер, К.Нұрпейіс, доцент Халел Әділгереев және 
басқалар еді»,- деп еске алады (8). Әрине, бір ғана Е.Б. Бекмахановтың 
өзі  болашақ  тарихшылар  үшін  айтып  жеткізе  алмайтын  үлкен  өнеге 
болатын.
  З.Алдамжардың  Қостанайлық    шәкірті,  тарих  ғылымдарының 
кандидаты  Серікжан  Исмаилов  Алматы  қаласындағы  мұрағаттарда 
жұмыс  жасау  барысында  Бекмаханов  мұраларымен  танысу  үстінде 
ұстаздың  З.Алдамжарға  үлкен  үміт-пен  қарағандығын  айғақтайтын 
құжатпен  танысқанын  талай  мәрте  жарияла-ған  болатын.  Е.Бөкетов 
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.к. 
Қаби  Есімов:  «Біздің  курстас  достарымыздың  бір-бірімен  қарым-

210
211
қатынастары  жақсы,  оқу  үлгерімі  жоғары  болды.  олардың  арасын-
да көзге ерекше көрінетін марқұм Зұлқарнай еді. оның көпшіліктен 
ерекшелігі-  оқу  озаты,  қоғамдық  жұмыстарды  тиянақты  орындауы 
ғана  емес,  ол  өзінің  сабырлы  мінезімен,  көпшілдігімен,  орынды 
қалжыңдарымен де құрдастары-ның арасында құрметке бөленген жігіт 
болды»,-  деп тұлғаның адами қасиеттерін ашып көрсетті (1,92б).
З.Алдамжардың ғалым ретінде қалыптасуында оның ұстазы Қазақ 
КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Г.Ф.дахшлейгердің 
еңбегі ерекше. Академик К.Нұрпейіс өзінің «Г.Ф. дахшлейгер – настав-
ник и человек» атты мақаласында «Я сам могу засвидетельствовать: 
если одной из проблем, которой я занимаюсь постоянно являются во-
просы общественно-политической жизни Казахстана  в 20-30-е годы ХХ 
века, то в выборе этой темы и определении круга ее аспектов большую 
роль сыграл Г.Ф.дахшлейгер. То же могут сказать о себе Малик Ханте-
мирович Асылбеков, Зулхарнай Алдамжарович Алдамжаров, владис-
лав Константинович Григорьев, Жулдыз-бек  Бекмухамедович Абыл-
хожин и многие  ученые, работавшие и работаюшие в системе НАН РК 
и вузах республики», - десе, академик М.Х.Асылбек «Г.Ф.дахшлейгер 
өте  салмақты,  білгір,  жоғары  мәдениетті,  көпшілікпен  тіл  таба 
білетін, артық сөзі жоқ, ірі ғалым еді. Институт дайындаған күрделі 
еңбектер, әсіресе  екі  томдық және  бес  томдық  «Қазақ  КСР  тарихы» 
сияқты басылымдарды Григорий Федорович басынан аяғына дейін өзі 
қарап, алып-қосып, жүйелі түрде бір ізге түсіріп, мүқият редакциялап 
шығатын»,  -  деп  ғалым-ұстазға  жоғары  баға  берді  (9).  Міне  осын-
дай ұстаз, жетекшіге кездескен Зұлқарнай Алдамжарұлы 1967 жылы 
Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих 
және этнология институтының аспирантурасына жолдама алады.  Көп 
ұзамай өз зерттеуіне ұқыптылықпен кіріскен аспирант ғылым канди-
даты атанса, араға жылдар салып, 1985 жылы тарих ғылымдарының 
докторы  атанды.  Бұл  жайды  т.ғ.д,  профессор  Лесқали  Берді-ғожин 
«З.Алдамжардың тарихнамашы ғалым ретінде қалыптасып, танылуын-
да Г.Ф. дахшлейгердің еңбегі ерекше. «Қазақстандағы Кеңес өкіметінің 
орнауы» тақырыбында басталған кандидаттық диссертациялық ізденісі 
іргелі  монографияға  жалғасып,  З.Алдамжар  1985  жылы  Мәскеудегі 
КСРо тарихы ғылыми-зерттеу институтында докторлық диссертаци-
ясын сәтті қорғады. Белгілі тарихшы, академик И.И. Минцтің «Ұлы 
Қазан  революциясының  тарихы»  атты  3  томдық  зерттеу  еңбегінен 
кейін  ұлт  республикасын  өкілінің  бұл  тақырыпқа  қалам  тартып, 
докторлық  диссертацияны  Мәскеуде  қорғауы  үлкен  ерлік  еді»,-  деп 
тарихшы ізденісінің қаншалықты салмақты екендігін айқындай түседі 
(1, 131 б.). Біздіңше, өте орынды дәл айтылған пікір. Кеңестік заманда 
мұндай күрделі тақырыпты зерттеп, оны сол идеологияны негіздеуші  
Мәскеулік ғалымдар алдында қорғауы, олардың қазақты мойындауы  
нағыз ерлікке татитын іс. Бұған қоса  З.Алдамжар - 07.00.09 – Тарих-
нама,  деректану  және  тарихи  зерттеу  әдістері  мамандығы  бойынша 
қорғаған  қазақтың алғашқы  ғылым докторы. Міне мұның барлығы 
тарихшыға  үлкен  жауапкершілік  жүктеді.  Соны  сезінгендіктен  де  
ол    тарихшылардың  жаңа  буынын  дайындауға  күш  салды.    Атырау 
педагогикалық институтында ғылыми жұмыстар  жөніндегі проректор 
бола жүріп, ұстаз төңірегіне жас ғалымдар - Ғ.Кенжебаев, Қ.Мұхитов, 
Л.Бердіғожин, Ө.Исенов, Б.Нығметов, С.Сапанов, А.Сабиров,  А.Ахмет, 
Ұ.Т.  Ахметова,  Ә.  Мұқтаров  т.б  жинады.  Кейін  1989  жылы  Зұқаң 
Қостанай  мемлекеттік  институтының  ректоры  болып  тағайындалған 
кезеңінде  де  төңірегіне  жас  ғалымдар  -  С.  Исмаилов,  А.  Айтмухам-
бетов, С.дәрменов т.б. жинап, қанаттандырды. олардың барлығы сол 
кезеңде  нақты  зерттеу  тақырыбын  алып,  ғылымға  құлшына  кірісті. 
Қазақстанның солтүстігінде жоғары білікті тарихшы ғалымдарды дай-
ындау мақсатында аспирантура ашып қана қоймай, арнайы 07.00.02.- 
отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы) мамандығы бойынша 
кандидаттық  диссертация  қорғататын  диссертациялық  кеңес  ашты. 
оның  жемісін  Қостанайлықтар  көрді.  Бүгінде  жоғарыда  аталған  бір 
уақыттағы    жас  оқытушылар  ғылым  докторлары,  ғылым  кандидат-
тары  ғана  емес,  сонымен  бірге  үлкен  лауазым  иелері.  Мен  де  1988 
жылы  қазақ мұнайшылары тарихын зерттеуге қадам алып, сол жолда 
ұстазымның талай ақыл-кеңестеріне қанық болдым. З.Алдамжардың 
ерекшелігі  шәкірттеріне сенім білдіріп Мәскеу, Алматы қалаларындағы 
ғылыми орталықтарға, солар арқылы оның беделді ғалымдарына өзі 
хабарласып  жіберуі  және  тапсырманың  орындалуын  қадағалап  от-
ыруы  еді.  Біз  Лесқали  Бердіғожинмен  бірге  бірнеше  рет  Мәскеудегі 
мұрағат институтында болып, ондағы  КСРо-ға белгілі ғылым доктор-
лары в.А.Муравьев, А.И. Зевелевтермен кездесіп,  үлкен ғылымның  
дәрістерін тыңдауды жалғастырдық. Кейін баға жетпес тәлім-тәрбиені 
Алматы  қаласындағы  Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы  Тарих  және  эт-
нология  институтындағы,  жоо-лардағы  ғалымдар  –  М.Қозыбаев, 
К.Нұрпейіс,  К.Есмағамбетов,  Ж.Қасымбаев,  Х.Әбжановтардан 
жалғастырдық. Мұның  барлығы ізденушілер үшін таптырмас байлық 
болатын. Аталған ғалымдар ішінде Зұқаңның  Кеңес Нұрпейісұлы мен 
Көшім Лекерұлына ықыласы ерекше еді. олардың оң қарым-қатынасы 
бізді  әрдайым  алға  ұмтылдырды,  қажет  кезеңінде    қанаттандырды, 
бағыт-бағдар  сілтеді.  Белгілі  тарихшы    Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы 
Тарих  және  этнология  институтының  директоры  Хангелді  Әбжанов 
«2005  жылы  Қазақстан  тарихшылары  К.Нұрпейістің  70  жасқа  то-

212
213
луын  дүркіретіп  тойлады.  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университетіндегі  әріптестері    мен  шәкірттері  де  тарту-таралғысын 
жасады. Арада бірер ай уақыт өткенде Алматыдағы бір ғылыми бас 
қосуда Кеңкеңмен жолығудың сәті түсті.
- Ертең түсте үйге кел! Менің мерейтойымда Зұлқарнай Алдам-
жар болған жоқ еді. ол да осында екен. Екеуіңді күтем, - деді ағам. 
Зұлқарнай  –  Қостанай  әлеуметтік–техникалық  университетінің 
президенті,  кезінде  Қостанай  мемлекеттік  университетін  басқарған, 
Жоғарғы  Кеңес  депутаттығына  сайланған  азамат.  Кеңкең  екеуі 
құрдас, ежелден дос, сырлас жандар. Бірін-бірі ауыздарынан тастамай 
жүретінін жұрттың бәрі біледі.
Айтқан уақытында жиналдық. Мұнтаздай киінген ағамыз, жүзінен 
күлкі кетпейтін апамыз қарсы алды. Бұл үйдің дастарқаны ешқашан 
жиылған  емес,  қонақ  күткенде  тіптен  құлпырып  кететін  салты  бар. 
Несін  айта  берейін,  сол  күнгі  отырыс,  әңгіме-дүкен,  пікірлесу  бір 
жылға бергісіз байлық екен-ау. Сөйткен Кеңкең де, Зұқаң да бүгінде 
ортамызда жоқ ... «Қарап тұрсам бұл дүние шолақ екен. Бір-біріне адам-
дар қонақ екен» деген жолдар осындайдан туғанына енді күмәнденіп 
көріңіз», - деп еске алады (10). Мұның барлығы алдыңғы буын ағалар 
мен  ізбасар  тарихшы  інілердің  өзара  сыйластығынан  туған  шынайы 
пікірлер екендігі даусыз. 
2008  жылы    28-29  ақпанда  Х.досмұхамедов  атындағы  Аты-
рау  мемле-кеттік  университетінде    т.ғ.д.,  профессор  Зұлқарнай 
Алдамжарға арналып өткізілген «отан тарихының өзекті мәселелері» 
атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда бас баяндама-
шы болған Х.Әбжанов: «Профессор З.Алдамжар тарихи ілгерілеуде, 
ғылыми танымда да ұрпақ сабақтастығын маңызды фактор қатарына 
қояды. ол таяу болашақтың өзінде-ақ халқымыздың ұлан-ғайыр тарихи 
тағдырын зерттеу салмағы, жас буын тарихшыларға түсетінін қапысыз 
ұқты. «ал жастарға, - деп жазыпты «ұлттық тарихымыздың өзекті 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет