М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих


мәселелері» зерттеуінде, - әрқашан да жаңашылдық, сыншылдық



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет15/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.64 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

мәселелері» зерттеуінде, - әрқашан да жаңашылдық, сыншылдық 
ұшқыр  ойлылық,  білімпаздық,  іскерлік  пен  батылдық  тән. 
сондықтан  да  қазақ  тарихшыларының  жас  ұрпағына  орталау 
көңілмен  қарап,  осылар  өзі  парасатсыздық  қамауында  (интел-
лектуальный вакуум) қалып қоймас па деп үрейлену, сенімсіздік 
білдіру  ұлтжанды  қазақ  жастарының  азаматтық  табиғатын, 
жаңалық  пен  әділеттілікке  ұмтылысын  түсінбеушілік  болар  еді. 
ақиқаты сол – үміт те, жаңару да, жақсылық та жастан». осынау 
ұлағатты сөздер тұлғаның нұрлы әлемін көз алдымызға елестетеді», - 
деген жоғары бағамен қорытты (11).
Уақыт өз дегенін жасап жатыр. Бүгінде Зұқаң да, Кеңес аға да ара-
мызда жоқ. Бірақ олардың ісін жалғастырар інілері-біздер тарихшы-
лар қауымы бармыз. оған да шүкіршілік етеміз. Өйткені ұстаз салған 
ғылыми сара жол жалғасып, тәуелсіз еліміздің азаттық тарихы жазылып 
жатыр. оның жолында  Зұлқарнай Алдамжар шәкірттері де тер төгіп 
еңбектеніп, үлестерін қосуда (12). оны т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтардың 2 
монографиясы мен 2 оқу құралы, т.ғ.д.  Л.Бердіғожиннің 1 монография-
сы, т.ғ.д. Ұ.Ахметованың  1 монографиясы,  тарих ғылымдарының кан-
дидаттары Ө.Исенов, С.Исмаилов, С.дәрменов, А.Айтмухамбетовтың 
т.б.  диссертациялары,  жүздеген  мақалалары  дәлелдейді.  Мұның  өзі  
тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Ал-
дамжар  қалыптастырған  тарих  ғылыми  мектебінің  өміршеңдігін 
айғақтайды.   
       
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Алдамжар З. Еске алу кітабы. Книга памяти. -Алматы 2007, 146б.
ороММ. 5 қ., 1т., 15 іс, 60-63 п.
Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828гг). -Москва-Ленинград, 
1940, С.86-87
ороММ. 5 қ., 1 т., 29 іс, 94-97, 134 п.
Алдамжар З. Ұрпақтар сабақтастығы-тарихи проблема // Атамекен, №29, 
қазан, 2000 жыл
ороММ. 5 қ., 1 т., 63 іс, 64-71 п.
Таным таразысында. (мақалалар жинағы). -Атырау, 2006, 38-40б.
Нығмет  Ғ.  Академик  З.Алдамжар  зерттеуіндегі  Ахмет  Байтұрсынов 
тағылымдары  //  «отан  тарихының  өзекті  мәселелері»  атты  республикалық 
ғылыми-теориялық конф. матер. жинағы. –Атырау: Х. досмұхамедов атындағы 
Атырау мемлекеттік университеті, 2008. 45-46б.
Қазақстанның  тарих  ғылымы:  Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы  Тарих  және 
этнология  институтының  60-жылдығына  арналады.-  Алматы,  2005.  –  С.250, 
253-254
Алаштұлғалы.  Кеңес  Нұрпейісұлы  туралы  естеліктер  /  Құраст.  Т. 
Нұрпейісов. –Алматы, 2010. -222б.
Әбжанов  Х.  Профессор  З.Алдамжар  зерттеулерінің  тарихи-
методологиялық  әлемі  //  «отан  тарихының  өзекті  мәселелері»  атты 
республикалық  ғылыми-теориялық  конф.  матер.  жинағы.  –Атырау:  Х. 
досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 2008. 19б.
Мұқтар  Ә.  Азаттық  таң  жолында.  Монография.  –Алматы,  2001.  257б.; 
Соныкі, Нұралы хан және Сырым батыр. оқу құралы. –Қостанай, 2001. 116б.; 
Соныкі, Қазақ мұнайының тарихы. Монография. –Алматы, 2005. -224б.; Соныкі, 
Тарих тұңғиындағы тұлғалар. оқу құралы. –Алматы, 2008. -240б.; Бердіғожин 
Л. Қазақстан мұнай-газ өндірісі саласы маман кадрлары. – Қызылорда, 2007.; 
Ахметова Ұ.Т. Арынғазы хан. – Алматы, 2004.-168б.

214
215
Қанатты жастар қамқоры еді 
(академик Кеңес Нұрпейіс хақында)*
    
Уақыт қай заманда да  адам ырқына бағынбай өз дегенін жасайды. 
Бірақ осы мәселені әркім өзінше түсінеді, алла тағала берген  азғана 
мүмкіндікті  өзінше пайдаланады. Мұның өзі сайып келгенде  әрбір 
пенденің  тікелей  ата-баба  қанымен  келетін  болмысына  байланысты. 
оған  қосымша  оны  шыңдай  түсетін  еңбекқорлық  пен  ізденушілік, 
жігер мен намыс қосылса адамның  көптің алдына шығып ел сыйлай-
тын қадірлісіне айналатындығы белгілі. 
Шүкіршілік, қазақ халқында көпшілік құрметіне бөленген, әрқашан 
үлгі  тұтқан  ағалар  баршылық.  олардың  арасында,  сөз  жоқ,маңдайы 
кереқарыс,  жүзінен  мейірім-шуағы  төгілген  Кеңес  Нұрпейіс  дарала-
нып  тұратын.  Тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Ұлттық 
Ғылым  Академиясының  академигі,  Қазақстан  Республикасының  
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Кеңес  
Нұрпейісұлының аты алты алаштан асып, дүниежүзі оқырмандарына 
белгілі тұғын. Кез келген қазақтың қара баласы онымен таныстығын, 
ия болмаса   көріп амандасқанын  мақтанышпен айтып отыратын.    
Мені Кеңес ағамен танысып, қоян қолтық араласып, үнемі ақылдасып 
отыру деңгейіне жеткізген ұстазым Зұлқарнай Алдамжарұлы болатын. 
Сонау  1990  жылы  Атыраудан    Абай  атындағы  Алматы  мемлекеттік 
университетінің аспирантура бөліміне түскен кезімде-ақ Зәкең  бірден 
Кенеақаңа  бағыттап,  таныстырған-ды.  З.Алдамжарұлы  ол  кезеңде 
бүгінгі А.Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университетінің ректо-
ры қызметін атқарған. Иә, менің өмірімде жаңа бетбұрысты кезең ба-
сталды. ол еліміздің белгілі тарихшыларымен танысумен ерекшеленді. 
Әрине,  оның  басында  Кеңес  ағамыз  тұрды.  Ш.Уәлиханов  атындағы 
Тарих  және  этнология  институтының  кең  бөлмесінің  төрінен  орын 
ала  орналасып,  айнала  қоршаған  аспиранттары  мен  докторанттары 
ортасында  нақты тапсырмалар беріп жатқан  ғалым-ұстаз сыртынан 
бақылап тұрған  жастарды бірден баурап алатын. Мұндай жағдайда са-
лихалы дидарласуды бұзудың еш реті жоқ. Сондықтан ұстазды күтудің 
өзі  жастар  үшін  жаңа  бір  жарқын  істердің  бастамасы  болатындай. 
Мен  де  замандастарыммен  бірге    Кеңес  ағаны  тағатсыз  күте  тұрып, 
онымен бірге Шевченко көшесімен бірге жүре Желтоқсан көшесінің 
қиылысына  дейінгі  сұхбаттасуын  өзім  үшін    ерекше  құрмет  көрдім. 
Алғаш  кездесуімізде  ағамыз  З.Алдамжардың  қал  жағдайын  сұрап, 
арасында  тарих  ғылымындағы  түрлі  түйткілді  мәселелер  жөніндегі 
менің пікірімді анықтағандығын кейін сезіндім. 1993 жылы 14 сәуірде 
кандидаттық  диссертациямды  Алматы  мемлекеттік  университетінде 
қорғаған  кезімде  К.Нұрпейісұлы  мен  зерттеген  кезеңнің  маманы 
ретінде бірінші оппонентім болған-ды. Сәл кейін соңғы сөз диссертант 
маған берілген кезеңде қатар отырған Зәкең мен Кенеақаңның ортасы-
нан «мына баланы дайындаса доктор болатын түрі бар» деп айтылған 
пікірді  анық  естідім.  Мұның  өзі  болашаққа  деген  үлкен  ұмтылыс 
жасауға серпін берді. Мұндай әкелік қамқорлық Кенеақаң о дүниелік 
болғанша жалғасты. Меніңше кез келген тарихшы үшін шынайы ақыл-
кеңес қай уақытта да қымбат. Соның арқасында бір үйден екі ғалым 
шықты. Жолдасым Ұлжан Төлегенқызы 2003 жылы белгілі қайраткер 
Арынғазы Әбілғазыұлының қоғамдық-саяси қызметі туралы Кенеақаң 
басқарған Қайнар университетіндегі диссоветте кандидаттық диссер-
тациясын  қорғады.  Мұндай  Кенақаңның  қамқорлығын  талай  жастар 
сезінді.  олар  оны  бүгінге  дейін  жыр  қылып  айтады.  Сондықтан  да 
шын көңілмен осыншама шәкірт дайындаған ағамызды ғұлама ұстаз 
деуімізге әбден болады. 
Кенеақаңның  бойындағы  асыл  қасиеттердің  бірі  өзінің  жолда-
старын, көзі көрген ағаларын, жанында жүрген інілерін әрдайым үлгі 
тұтып  мақтанышпен  айтып  отыратындығы.  Мұндай  жақындықты, 
әрі  сыйластықты  мен  оның  З.Алдамжармен,  К.Есмағамбетовпен, 
Т.З.Рысбековпен т.б. аралас-құраластығынан анық байқадым. Алматы 
қаласына барған іс-сапарларда талай рет жоғарыда аталған тарихшы-
лармен  бірге  ағамыздың  дәм-тұзын  таттық.  Әдетте  мұндай  кездесу-
лерде шама келсе үлкендер әңгімесіне араласпай оларды тыңдап, шы-
найы әзіл-қалжыңдарын көре отырып, осы арада ұстаздың кім-кімге де 
ақылшы екендігін байқайсың. осындай сәттерде ағамыздың жанында 
отырған  Мәрия  анамыз  кездесудің  сәнін  келтіретін.  Қай  уақытта  да 
анамыздың қазанында асы қайнап жататын. Мұндай сәттерде ағаның 
інілері анамызды мақтаудан жалықпайтын. Кеңес ағада оларды қостай 
отыра бәрі де Мәкеңнің арқасы деп көтермелеп қоятын. Қостанайдан 
келген З. Алдамжар міндетті түрде раушан гүлінен бес тал ала келетін. 
оны  көрген  Мәрия  апай  бір  рақаттанып  күліп,  Зәкеңді  мақтай  ала 
жөнелетін. Бұл да ағалар арасындағы ерекше сыйластық деп білемін. 
Кеңес  Нұрпейісұлы  тұтастай  оқырман  қауым  білген,  артына 
сүбелі  зерттеулерін  қалдырған  шынайы  тарихшы  болатын.  Бүгінде 
оның  қаламынан  туындаған  қаншама  еңбек  кейінгі  ұрпаққа  қалды. 
олардың  барлығы  ,сөз  жоқ,  алдымен  қазақтың  байлығы.  Ғалымның 
*Мақала «Алаштұлғалы». Кеңес Нұрпейісұлы туралы естеліктер / Құраст.: 
Т. Нұрпейісов. – Алматы: «Ан Арыс», 2010 жинағында жарияланған.

216
217
ұлт-азаттық қозғалыстар, аграрлық мәселелер, қазақ мемлекеттілігі та-
рихы, тарихымыздағы тарихи тұлғалар тағдырларына айрықша маңыз 
бергендігі  көпке  белгілі.  Солардың  ішінде  ағамыз  Алаш  азаматтары 
тарихына  ерекше  сүйіспеншілікпен  қарағанын  байқадық.  Кезінде 
айтылуға тыйым салынған Е. Бекмахановтың еңбектері мен мұраларын 
қайтадан халқымен қауыштырғанда К. Нұрпейіс болатын. Өзінің 1995 
жылы  жарық  көрген  «Алаш  һәм  Алашорда»,  1996  жылғы  «Халел 
досмұхамедұлы  және  оның  өмірі  мен  шығармашылығы»  еңбектері 
арқылы отандық тарих ғылымындағы жаңа тәуелсіз ізденістің негізін 
қалады. 2005 жылы Кенеақаң еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда» 
(15  ақпан)  «Қайсарлық  және  қасірет.  Е.Бекмаханов  пен  оның  басты 
кітабының жариялануы жайында» атты мақаласы көпшіліктің көңілінен 
шықты. Өйткені оның ұстазы Е.Бекмахановтың жүріп өткен жолдары 
алғаш рет тұтастай қалың қауымға жол тапты. Соның алдында 2000 
жылы К.Нұрпейіс «дискуссия по книге Бекмаханова Е.Б. «Казахстан 
в  20-40  годы  ХІХ  века»  еңбекке  жауапты  редактор  болған-ды.  Яғни 
ұстаз  ғалым  әрқашанда  өзінің  ізденістерін  үнемі  толықтырып,  жаңа 
ізденістерге ой тастап, бағдар беруді парыз санаған. Ғалымның осын-
дай еңбекқорлығы өз тарихына деген адал сүйіспеншілігі шәкірттеріне 
дарыды. олардың барлығы ғалым салған сара жолды қазірде әрі қарай 
сол қарқынмен жалғастыруда. Қорыта келгенде К.Нұрпейісұлы өзінің 
артына мол мұра қалдырған ғалым ғана емес, сонымен бірге қазақтың 
біртуар азаматы, тәлімі мен тәрбиесі мол тұлға болатын. оны зерттеп 
өскелең ұрпаққа жеткізіп, ұлықтау тікелей біздің міндетіміз.  
   
ұстазға тағзым*
Бүгінгі  Халел  досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік 
университетінің  дамуына  үлес  қосқан  ғалымдар  қатарында  тарих 
ғылымдарының кандидаты, профессор Күләш Қайырбекқызының орны 
ерекше. Біз ұстазымызбен оқу орнына түсіп, студент атанған кезімізде 
таныстық. ол 1981 жыл болатын. Сол жылы тарихшы мамандығына 
құштар  50-ден  астам  атыраулық,  оралдық,  маңғыстаулық,  ақтөбелік 
жастар  оқуға  түсіп,  Гурьев  педагогикалық  институтының  «Тарих-
филология»  факультетінің  студенті  атандық.  «Тарих-филология» 
факультеті  ішіндегі  тарихшы  мамандығы  Кеңестік  кезеңде  ең 
сұраныстағы  мамандық  болатын.  оны  бітірушілер  еліміздің  барлық 
әлеуметтік-экономикалық  салаларында,  түрлі  мемлекеттік  мекеме-
лерге  қызметке  бірден  алынатын.  Факультетімізде  тікелей  тарихшы-
ларды дайындайтын екі кафедра – КСРо тарихы және жалпы тарих 
кафедралары қызмет ететін. Жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі 
Күләш Қайырбекқызының бізбен етене араласуы алғашқы күндерден
-
ақ басталды. Кафедра меңгерушісі ретінде, соның ішінде  бірінші кур-
ста оқитын ежелгі дүние тарихы пәнінен дәріс беріп, біздерді тарих 
ғылымына баули бастады. Әлі есімізде, Күләш апайымыз әрбір оқыған 
дәрісінен  кейін  тақырыпқа  қатысты  түрлі  тапсырмалар  беріп,  оның 
орындалуын қатаң қадағалайтын. Емтихан қарсаңында  өзіміз қолдан 
жасаған  көрнекі  құралдармен  қаруланып,  замандастарымыз  жоғары 
бағаға  ұмтылатын.  Әркімнің  дайындығын  семинар  сабақтарынан 
жақсы  білетін  ұстазымыз  ондай  сәттерде  қосымша  сұрақтармен 
біраз  қинап,  соңында  тиісті  бағасын  қойып,  болашақта  нені  назарда 
ұстау  керектігін  дәл  айтатын.  «Сіздер  әзір  өздеріңді  студент  емеспіз 
деп  есептеулерің  ертерек.  Өйткені  алдарыңда  алғашқы  сессияларың 
– емтихандарың күтіп тұр. оны өте жақсыға тапсырғандар ғана сту-
дент атауына лайықтысыңдар» – деп айтудан талмайтын. Біздің заман-
дастарымыз  оны  сол  кезеңде-ақ  ұғынды.  Бірінші  курс  студенттеріне 
алдыңғы курстарда оқитын студенттер Күләш апамыздың өзіндік та-
лаптарын айтып, оның азаматқа тән қадір-қасиеттерін жыр қылатын. 
олардың айтуынша, ұстазымыз студентке ең жақын адам болатын. Сол 
жылдары  бізге  ұстазымызбен  замандас  т.ғ.д.,  профессор  Зұлқарнай 
Алдамжар,  т.ғ.к.  Ибатолла  Кәмешұлы,  т.ғ.к.,  профессор  Жиенбай 
Базарбайұлы, т.ғ.к., профессор Ғинаятолла Нығыметұлы дәріс беретін. 
Біз  олардың  ҚазМУ-де  қатарлас  оқып,  сол  кезеңде  бірге  жүріп,  бір-
бірімен қатты сыйласатынын көріп, қызыға қарайтынбыз. олардың бірі 
проректор, бірі декан, бірі кафедра меңгерушісі болатын. Қатарласып 
жүріп  ер-азаматтар  ортасындағы  Күләш  Қайырбекқызын  қолдап, 
көтермелеп, бірауыз сөзін жерге тастамайтындықтарына куә болдық. 
Студенттік жылдардың алғашқы емтиханын Күләш апамыздың Ежелгі 
дүние тарихынан тапсырып, өте жақсы деген баға алып, алдыма үлкен 
мақсаттар қойдым деп сеніммен айта аламын. Студенттердің алдыңғы 
алған  жоғары  бағаны  ұстап  қалуға  тырысатындығы  айтпаса  да 
түсінікті емес пе?! осы бір емтиханды бүгін де еске алсақ, оған біраз 
белгілі азаматтар қарыздар болады-ау деп ойлаймын. Қатарлас оқыған 
тарих ғылымдарының докторлары  – Ғабит Кенжебаев, Сайфолла Са-
панов,  тарих  ғылымдарының  кандидаттары  –  Лесқали  Бердіғожин, 
Бақтылы  Боранбаева,  Файруза  Рысқалиева,  Қабибек  Мұхитов,  Бо-
*Мақала  2009 жылы Атырау қаласындағы «Ақ Жайық» баспасынан  жарық 
көрген «Қалдырған  ізің мәңгілік...» атты мақалалар жинағында жарияланған

218
219
лат  Нығметов,  Өтеген  Исенов,  Аққали  Ахмет,  Ұлжан  Ахметова, 
Әділбек Тұрдалиев, Көпжасар Меңдігереев т.б. ұстазымыздың тәлім-
тәрбиесін  алғандар.  Күләш  Қайырбекқызымен  алғашқы  сынақтан 
кейін-ақ байланысымыз кеңейіп, ғылым жолына бағыт алдық. Күләш 
Қайырбекқызы  студенттерді  үнемі  қолдап,  олардың  жанұялық 
ерекшеліктерін ескеріп, біріне жатақхана, біріне стипендия алуларына 
қолдан келген көмегін аямайтын. Институттағы оқуды тәмамдағаннан 
кейін  мен  Кеңестер  әскер  қатарына  алындым.  1987  жылы  әскерден 
келіп,  Сарытоғай  орта  мектебіне  мұғалім  болып  орналастым.  Содан 
1988  жылы  күз  айында  Күләш  апайымыз  ауылдағы  маған  Лесқали 
Бердіғожинді жіберіп, институтқа шақырып, өзі басқаратын кафедраға 
аға оқытушы қылып жұмысқа орналастырды. Араға уақыт сала рек-
торымыз Ж.С.Ақылбаевқа өзі бірнеше рет барып, жатақханадан орын 
алып берді. Мұның өзі шынайы қамқорлықтың үлгісі емес пе?! осы 
кезеңде  онымен  ақылдаса  отырып,  ғылымға  ден  қойып,  ғылыми 
жетекшілікке  Зұлқарнай  Алдамжарды  бекіттірді.  Содан  1990  жылы 
оқу жылы басында мен аспирантураға жолдама алып, Абай атындағы 
Алматы  мемлекеттік  университетіне  түсіп  ғылымға  бір  жола  ден 
қойдым. 1993 жылы ғылым кандидаты атанып, өзім оқып, білім алған 
Атырау  педагогикалық  институтына  оралдым.  Бұл  кезеңде  Жиенбай 
Базарбайұлы басқаратын Қазақстан тарихы кафедрасында еңбек етсем 
де, Күләш Қайырбекқызымен бір факультетте болғандықтан байланы-
сымыз үзілмеді. Бұл тұста да ұстазымыздың азаматқа тән қасиетіне куә 
болдық.  1995  жылы  Қостанай  мемлекеттік  университетіне  жұмысқа 
ауысқан сәтімде де ұстазым ақ батасын берген болатын. Мұндай өзара 
сенімді, сыйласқан қарым-қатынасымыз бүгінге дейін жалғасын тап-
ты.  2003  жылы  елге  оралып,  факультет  деканы,  проректор  лауазым-
дарын атқарған тұсымда да Күләш Қайырбекқызы бізге, шәкірттеріне 
үлкен  сеніммен  қарады,  әрбір  ісімізді  уақытында  бағасын  беріп, 
оң  бағыт-бағдар  көрсетті.  онымен  қатарлас  жүрген  замандастары 
Ғ.Нығыметов, Ж.Бақиев, Ж.Мұстафин, Т.Төлепбергени, А.Шамғонов 
т.б. ұстазымызды қиналған сәттерінде қолдап, демеп отырды. 
Бүгінде  Күләш  Қайырбекқызы  ортамызда  болмаса  да,  оның  ар-
тында қалдырған ізі, азаматтығы, іскерлігі көпке үлгі боп қалмақ. 
 
Қадірі биік аға еді...*
Қайран,  Ғалекең.  Күні  кеше  арамызда  үлкенге  қадірлі  іні,  бізге 
ақылшы болып жайраңдап жүрген ағамыз пәниден бақилыққа аттанды. 
Не шара?!. Өмір өз дегенін жасап, тірі пенденің ырқына көнбейтіндігін 
тағы дәлелдеді. Абай атамыз ол турасында:
Адамзат бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмірі жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың білемісің,
Өлмек  үшін  туғансың,  ойлан,  шырақ,  -  деп  аса  көрегендікпен 
жауап берген екен. Яғни, барша адам баласының барар жері – ақын 
толғанысындағы қара топырақ... Бірақ кім қалай барады? Кеткен адам 
артында  не  қалдырды?  Кейінгі  ұрпақ  ағалар  жолынан  қандай  тәлім-
тәрбие алады? Міне, мұның өзі адамзат баласы үшін сауал мен сау-
ап. Сауал толғандырса, сауап нұрландырады. Өмір-өзен ой тастап аға 
бермек.  Кейінгі  толқын  ағысын  көлденең  тоспа  тоқтатпасын  дейік. 
Өмірі  өнеге  бола  білген  Ғалекең  ел  жадында  үлкен  жүректі  азамат, 
адал  бауыр,  дос,  көрнекті  педагог-ұстаз,  жоғары  оқу  орнының  ірі 
ұйымдастырушысы  ретінде  қала  бермек.  Жарқын  істері  өз  биігімен 
тарихқа енбек.
Ғалекең ғалым ретінде артына мол еңбек қалдырған кісі. Солардың 
ішінде тегін таратып жазған «Ұлағат соқпағы» (2009 ж.) көңілге ерекше 
қонымды.  Бұл  еңбекті  оқыған  адам  Ғалымжан  Жұмабайұлының  әке-
шеше шаңырағына, олардан тараған бауырларына ыстық сүйіспеншілігін 
байқайды. Бауырлары да Ғалекеңді айрықша қадірлеген-ді. оны ел бо-
лып  жоқтаған  қаралы  жиындағы  қалың  бұқараның  жан  күйзелісінен 
сезіндік.
Ғалекең  жан-жағына  нұрын  шашып,  өзінің  кеңпейілдігімен, 
адамгершілігімен,  қолының  ашықтығымен  дос-інілерін  жинаған-ды. 
Біз осындай інілердің қатарында болып, ағамыздың талай жақсылығына 
куә болдық. Мен Ғалымжан Жұмабайұлымен өткен ғасырдың 90 жыл-
дарынан жақын араласа бастадым. ол кезеңде ғылым қуған атыраулық 
жастар алдыңғы буын ағаларды арқа тұтып, алдағы жоспарлары тура-
лы ой бөлісетін. Ағамыздың талай жасқа берген ақыл-кеңесі бұлжымас 
бағыт-бағдар  бола  білді.  1995  жылы  Қостанай  қаласындағы  Ахмет 
Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, жерлес 
ағамыз, ұстазымыз Зұлқарнай Алдамжардың шақыртуымен жұмысқа 
*Мақала «Ана тілі» газетінің 2012 жылғы 6-12 қыркүйегіндегі санында 
қысқартылып жарияланған.  

220
221
ауысуымды  бірден  қолдаған  да  Ғалекең  болатын.  ол  «әрдайым  өзге 
де жоғары оқу орындарында жұмыс жасауға тәуекел ете білу керек. 
ол арқылы көпті танисың, тәжірибе жинақтайсың» деп қоятын. Кейін 
өзі Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне 
ғылыми  жұмыстар  мен  халықаралық  байланыстар  жөніндегі  про-
ректор болып қызметке ауысқан тұста кейінгі інілеріне толық қолдау 
көрсетті. Мен ол кезеңде докторлық диссертациямды бітіріп, қорғауға 
шыққан  болатынмын.  Содан  маған  жетекші  ұйым  ретінде  аталған 
университеттің Қазақстан тарихы кафедрасы бекітілген-ді. Кафедрада 
белгілі ғалым Хангелді Әбжанов Ғалекеңнің бір ауыз сөзін жерге та-
стамай қолдау көрсетіп, қамқорлаған күндерді қалай ұмытасың?!. осы 
таныстық маған кейінгі жылдары да көп көмектесті. Бүгінде Хангелді 
ағамыз  заманында  қазақ  ғұламалары  -  Ә.Марғұлан,  Б.Сүлейменов, 
Р.Сүлейменов, А.Нүсіпбеков, М.Қозыбаев, Кеңес Нұрпейіс еңбек еткен 
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, этнология институтының директоры. 
Ғалекең мен Ханекеңнің достығы талай атыраулық тарихшы-ғалымның 
қалыптасуына себепкер болғанына куәміз. Тарих ғылымдарының док-
торлары А.Сәрсенов, А.Ахмет, Ұ.Ахметова, Л.Бердіғожин, Ғ.Кенжебаев, 
ғылым кандидаттары Б.Нығметов, Ө.Исенов, Қ.Сүндетов... Бұл тізім 
осылай жалғаса береді. Тіпті бірде Ғалекең М.Өтемісов атындағы Ба-
тыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі тарих ғылымдары бой-
ынша диссертациялық кеңестің бір отырысын өзінде өткізіп, Ақтөбе 
қаласына үлкен ғалымдарды жинаған-ды. Сол жиынға қатысқан кеңес 
мүшелері кейін үлкен ризашылық сезімін білдірген-ді. осындай кез-
десулерде Ғалымжан Жұмабайұлы қазақы дәстүрді қатаң сақтап, аға 
буын  ғалымдарға  айрықша  назар  аударатын.  осындай  бір  кездесуде 
Ғалекең ел ағалары Үркенбай Қыдыралин мен Хисмет Табылдиевке өз 
атынан құрмет көрсетіп, ақсақалдардың батасын алып еді.
Ғалымжан  Жұмабайұлы  Ақтөбе  мемлекеттік  педагогикалық 
институтының  ректоры  қызметін  атқарған  жылдары  өзінің  көреген 
басшы екендігін дәлелдеді. ол тағайындалған 2004 жылдан өмірінің 
ақырына дейін оқу орны республикадағы айтулы жоғары оқу орында-
ры қатарына көтерілді. Институттың материалдық-техникалық базасы 
күшейді, жаңа ғылыми мектептер қалыптасты, ғылыми әлеует қатары 
өсті.  Педагогикалық  институт  еліміздің  рухани-мәдени  орталығына 
айналды.  Жас  ғалымдарды  төңірегіне  топтастырған  ректор  олар-
ды  биік  асуларды  бағындыруға  жұмылдырды.  Соның  нәтижесінде 
Нұрпейіс Байғаниннің мол мұрасы алғаш рет жинақталды. Әбілқайыр 
хан, Арынғазы хан, Қобыланды, Бөкенбай, Жарас батырлар, Әйтеке, 
Сарышоңай  билердің  қоғамдық-саяси  қызметтері  жаңа  қырынан 
зерттеліп,  көпшілікке  баспасөз  арқылы  ұсынылды.  Ғалекең  өзі 
ұйытқы  болып,  бірнеше  республикалық,  халықаралық  конферен-
ция  ұйымдастырды.  Талай  мәрте  ағамызбен  қатарласа  президиумда 
отырып,  бас  баяндамашы  болған  күндер  ізсіз  өтпеді  деп  ойлаймын. 
осындай  баяндамалар  уақыт  өте  өңделіп,  еліміздің  бас  газеті  «Еге-
мен  Қазақстанда»  жарық  көрген  тұстарда  да  Ғалекең  оқып,  бірінші 
болып пікірін білдіретін. ол да адамгершіліктің, ғалымдықтың белгісі 
емес  пе!  Конференция  жинақтары  елге  тарады.  Қажырлы  еңбек 
қорытындысында  жастар  диссертацияларын  аяқтады,  ғылым  канди-
даттары,  докторлары  болып  шыға  келді.  осы  жылдары  Ғалекең  ин-
ститутынан  ондаған  тарихшы  республикаға  танылды.  Мен  білетін, 
әрі  сыйлайтын  ғылым  докторлары  Н.А.Абдоллаев,  Г.Сұлтанғалиева, 
Н.Мухлисов мектептері нақ осы жылдары беки түсті. Әсіресе Нұртаза 
Ақишанұлы Ғалекеңді қатты құрметтеп, «іні болса да көргені жетерлік, 
берері көп» деп жиі қайталайтын.
Ғалымжан  Жұмабайұлы  ректор  болған  жылдары  мен  ақтөбелік 
азаматтармен  кеңірек  араласа  бастадым.  олардың  ішінен  Ғалымжан 
Төрехановты,  Самат  Есқалиевті,  Сабыржан  Мұхтаровты,  Нұрдәулет 
Алдашевты,  марқұм  Серік  Бермағамбетовты  бөліп  айтуға  болады. 
Ғалымжан  Төрехановпен  бірлесе  қазақтың  маңдай  алды  батырлары 
Бөкенбайды, Жарасты, Алыбайды, билері Әйтеке мен Сарышоңайды 
зерттедік.  осы  мақсатта  тарих  ғылымдарының  кандидаты,  тарих 
факультетінің деканы С.Есқалиев Москва мұрағаттарында жіберілді. 
Ал Сабыржан жиналған материалдарды оқырманға жеткізуді қолына 
алды.  Кейін  Пұсырманұлы  Жарас  туралы  үлкен  жинақ  елге  тарады. 
оған да ұйытқы – біздің Ғалекең болатын.
Ғалекең  ғалымдығымен,  үлкен  ұжымды  басқаруымен  қатар 
жанұясының  тірегі,  тұтқасы  бола  білді.  Жеңгеміз  Күнімханмен 
қол  ұстаса  жүріп,  өмірдің  бар  қызығын  бірге  көрді,  елінің  ыстық 
ықыласына бөленді. Амал нешік, ағамыз бен жеңгеміз жұбын жазбаған 
күйі келместің кемесіне қатар отырыпты. Жандары жаннатта болсын, 
нұрлары пейіште шалқысын! Ендігі тілек олардың орындалмаған ар-
мандары мен бастаған істерін ұрпақтары жалғастырсын...
                         
                                                  
                                    

222
223
МазМұны
   
Тұлғалар тарихына арналған құнды еңбек...............................................3 
і  ТараУ
Тұлғалар Тарихын зерТТеУ МӘселелері
Төл тарих  оған жаңаша көзқарас қажет...................................................6
Тұлғалар тарихын зерттеу және оларды 
оқулықтарға  енгізу  мәселелері...............................................................12
Қазақ батырлары тарихының зерттелуі және К.Л. Есмағамбетов.......16 
Еліңнің егемендігі – зор бақыт.................................................................26
Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек......................................................34
Ақиқат жолын бұзбаған дұрыс................................................................38
С историей следует быть осторожнее.....................................................41
II  ТараУ
ел азаТТығы ҮШін КҮрес жӘне Тарихи 
Тұлғалар (хVIII ғасыр)
Әйтеке би ұрпақтары тарихынан (мұрағат ізімен)................................46 
XVIIІ ғасырдың І жартысындағы қазақ-түркімен қарым-қатынасы...59
Әбілқайыр хан және Нәдір шах: Қазақ және Иран мемлекеттерінің 
XYIII ғасырдың I жартысындағы қарым-қатынасы хақында...............67
Әбілмәмбет Болатұлының қоғамдық-саяси қызметі.............................75 
Мен-қазақтың үш Алашының ханымын...............................................103
Жарас мерген және азаттық үшін 
күрестегі ұрпақтар сабақтастығы..........................................................120
Алыбай Қосакөзұлының өмірі мен қызметі.........................................126
Мыңбай  батыр.........................................................................................133
                                                      
III ТараУ
XIX ғасырдағы ҚоғаМдыҚ–саяси 
жағдай жӘне Тұлғалар
Бөкей ханның қоғамдық-саяси қызметі................................................140    
Бекет ата тағылымы................................................................................150
Сарышоңай бидің өмірі мен қызметі....................................................154
Сыпыра Қарабатырұлының өмірі мен қызметі....................................162
Шерғазы Қайыпұлының қоғамдық-саяси қызметі..............................170
Арыстан еді-ау Исатай............................................................................186
IV ТараУ
ТарихҚа енген Тұлғалар
Қайраткер Бақытжан Қаратаев..............................................................192 
Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды  Нобельдер...............200
Тегінде бар тектілік... (академик Зұлқарнай Алдамжар хақында).....207
Қанатты жастар қамқоры еді 
(академиик Кеңес Нұрпейіс хақында)...................................................214
Ұстазға тағзым.........................................................................................216
Қадірі биік аға еді....................................................................................219

224
Тапсырыс № 37. Көлемі 13,9 б.т. Таралымы 500 дана.   
офсет қағазы.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан                      
мемлекеттік университетінің 
Редакциялық баспа орталығы.
орал қаласы, достық даңғылы, 162. 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет