М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет5/15
Дата22.12.2016
өлшемі1.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.РИССМ, 122 қ., 1747, 122/1 т., 3 іс, 268 п.; КРо 1, С. 369
2. КРо 1, С. 339
3. Кэстль джон. 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан 
сапар туралы. – Алматы, 1996, 32 б.
4. РИССМ. 122 қ., 1742, 122/1 т., 4 іс, 50-57 п.; КРо 1, С. 201
5. Смағұлов о. Әйтекенің сүйегі бидің ұзақ жасағанын көрсетеді // Аңыз 
адам, № 24 (36) желтоқсан 2011, 11 б.
6. Қуандықов Б. Әйтеке би Әз Тәукенің жиені болған // Аңыз адам, № 24 
(36) желтоқсан 2011, 11 б.
7. РИССМ. 122 қ., 1748, 122/1 т., 4 іс, 357 п.; 8 іс, 34 п.
8. Русско-джунгарские отношения (конец XVII – 60-е гг. XVIIІ в.). до-
кументы и извлечения. Барнаул, 2006. – С.79-81
9. РФ ороММ 3 қ., 1 т., 18 іс, 177 п.

58
59
10. Мейер Л. Киргизская степь оренбургского ведомства. – СПб., 1865, 
С. 12; Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. Т – 1, СПб., 1903, 
С. 57
11. РИССМ. 122 қ., 122/1 т., 1749, 4 іс, 245-248 пп.
12. РИССМ 125 қ., 125/1 т., 1753-1754, 1 іс, 55 п.
13. РМКАМ 10 қ., 3 т., 585 іс, 44 п.
14. РФ ороММ. 3 қ., 1 т., 153 іс, 123-126 пп.; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы 
жолында. А., Ғылым, 2001, 118 б.
15. РФ оРоММ, 3 қ., 1 т., 153 іс, 171, 268-274 пп.
16.  Материалы  по  истории  Казахской  ССР  (1785-1828  гг.).  Москва-
Ленинград, 1940. С. 53
17.  Исмурзин  Ж.А.  Батырұлы  Қайып  хан  және  оның  әулетінің  тарихы 
(1745-1860 жж.). Тарих ғ. к. дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. 
орал 2008, 69 б.
18. Андреев И.Г. описание Средней орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 
1998, С. 118
19. РМӘТМ. 52 қ., 1/194 т., 367 іс, 102 п.
20. РИССМ 122 қ., 122/3 т., 1786-1787, 12 іс, 9-13 пп.
21. вяткин М.П. Батыр Срым. Москва – Ленинград, 1947, С.232
22. РФ ороММ. 5 қ., 1 т., 21 іс, 38, 67, 78-81, 84-87 пп.
23. РИССМ. 122 қ., 122/3 т., 1786, 4 іс, 5 п.; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы 
жолында. - Алматы, 2001, 152-153 б.
24. РФ ороММ. 5 қ., 1 т., 29 іс, 331-338 пп.
25. вяткин М.П. Батыр Срым. С. 258; КРо-1,С.132-133
26. Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. - А., Ғылым, 2001, 162 б.
27. РФ ороММ 5 қ., 1 т., 44 іс, 136-137, 285-286 пп.
28. РМКАМ. 193 қ., 1 т., 334 іс, 9-11 пп.; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жо-
лында. 172-173 бб.
29. РФ ороММ 5 қ., 1 т., 53 іс, 131 п.
30. РФ ороММ 5 қ., 1 т., 58 іс, 16-17, 49 пп.
31. ҚРоММ 4 қ., 1 т., 190 іс, 1-5 пп.
32. РФ ороММ 5қ., 1 т., 63 іс, 145-148 пп.
33. РМТМ. 129/қ., 81 т., 13 іс, 1-3 пп.
34. РФ ороММ. 6 қ., 10 т., 278 іс, 9 п.
35. История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. V том. – 
Алматы, 2007. С.72, 82, 194
XVIIі ғасырдың і жартысындағы 
қазақ-түркімен қарым-қатынасы*
Ұлан байтақ қазақ жерінің оңтүстік-батысында XVIIІ ғасырда Ка-
спий теңізімен шектесіп, Хорасан (Иран) мемлекеті, Хорезм хандығы 
арасында түркімендер көшіп қонды. Өз бастауларын Сібірден көшіп, 
Арал,  Каспий  бойларына  дейін  бір  заманда  жайлаған  оғыздардан 
алып, Иранға, Кавказға, Ресейге дейін тарады. XVII ғасырдағы түрік 
жазба  ескерткіші  -  «Шежіре-и  түрк»  «оғыз  балалары    түрікпенмен 
бірге  Мәуереннахр  мен  Хорасанда  болды.  Қыпшақтар  дон,  Еділ, 
Жайық өзендерінің арасын мекендеді» -деп атап өтеді (Әбілғазы. Түрік 
шежіресі. – Алматы, 1991, 31 б.). 
XVIIІ ғасырдың зерттеушісі П.И.Рычков өзінің «Топографиясын-
да» «Түркімендер - қырғыз-қайсақтармен аралас көшпелі халық, олар 
Ембі  өзенінің  арғы  бетінен,  қырғыз-қайсақтар  мекенінен  бастап  Ка-
спий теңізін бойлай көшіп, парсы және хиуа иеліктеріне дейін созылған 
аралықты жайлайды. Алайда олардың көшіп-қонуы мен жауынан жа-
сырынатын ең жақсы орны, Гурьев қалашығынан бастап, жазық дала-
мен жеңіл жүріп отырып төрт-бес күнде жетуге болатын, әрі жолы да 
ауыр емес Маңғыстау таулары» деп толықтыра түседі. (Рычков П.И. 
Топография оренбургской губернии. – Уфа, 1999. с. 17).
1740  жылы  Хиуада  болған  орыс  елшісі  поручик  д.Гладышев 
түркімендердің 4 үлкен руға – Тинаумет, Чирчав, Мангушлав, Тизянға 
бөлінетіндігін, оларды Бектеш Аталық, Нияз Мұхаммед Аталық, Ұзын-
Мұхаммед  батыр,  Мұхаммед-Ғали  палуан,  Ақ-Мұхаммед  бай,  Азна 
Халид,  Мұхаммед-Жасауыл,  Ұрды-Қылыш  Жасауыл  старшындар 
басқаратындығын,  Хиуаға  бағынып,  парсы  иеліктеріне  қарай  көшіп 
қонатындығын, 30 мыңдай түтін барлығын анықтады (История Казах-
стана в русских источниках XVI- XX веков. VI том. А., 2007, С.69-70). 
олармен  көршілес  Кіші  жүздің  Әлімұлдарынан  шөмекей,  төртқара, 
шекті,  Байұлыларынан  адай,  беріш,  таз  т.б.  рулары  көшіп  қонатын. 
XVIIІ ғасыр басындағы жоңғарлардың жойқын шабуылы кезінде акаде-
мик в.Бартольдтің пікірінше түркіменнің салыр руы  қалмақ ханының 
қолдауымен Солтүстік Кавказға көшірілген. Қазақтың да, түркіменнің 
де негізгі тұрмыс тіршілігі мал шаруашылығына тәуелді болғандықтан 
басты  мәселе  жайылымға  келіп  тірелді.  оған  қоса  дәл  осы  кезеңде 
*Мақала «Қазақ тарихы» журналының 2012 жылдың №2(113) санында 
жарияланған

60
61
Ирандықтар көршілес халықтарды жаулап алуға кірісіп, оларды өзіне 
қосып,  шекарасын  кеңейту  саясатын  ашық  жүргізіп  жатқанды.  Сол 
мақсатқа  жаулап  алынған  халықтардың  байлығы,  адами  ресурстары 
жұмылдырылды.  Түркімендердің  солтүстікке  қарай  жылжып,  қазақ 
жайылымдарына  енуі  бірден  қарулы  қарсылыққа  ұшырады.  1745 
жылы шілдеде Нәдір шахтан қашып, Астраханьға келген татарлар «біз 
бұрын  Қайрақлы  тауындағы  Маңғыстауды  мекендейтінбіз.  Содан  8 
жыл немесе одан да көп уақыт бұрын қырғыз-қайсақтардың шабуылы-
нан ығысып Хиуаға көштік. 1741 жылы Хиуаны шах басып алғасын, 
амалсыздан қайтадан Маңғыстауға, шах кейін Иранға оралды дегенді 
естіген соң 10 мың түтін Хиуаға оралдық» деп мойындады (АооМ. 394 
қ., 1 т., 1083 іс, 42-43 пп.).  Бұл деректі қалмақ ханы дондук омбаның 
(Аюке хан немересі) министр А.И.остерманға 1741 жылы 13 ақпанда 
жазған  хаты  да  дәлелдейді.  Хатта  «түркімендерді  қырғыз-қайсақтар 
шабуылдап,  талқандаған  соң,  олар  ол  жерде  тұра  алмай  Хиуаға 
көшті. Хиуаны шах алған соң Бадахшан, Бұхара түркімендері бізбен 
(Хиуадағы түркімендермен) бірігіп, бұрынғы көшіп-қонған мекеніміз 
Маңғыстаудан  жайлы  орынды  табуды  ойластырудамыз.  Содан  соң 
патшаға сенімді адам жібереміз» делінген (РИССМ, «Түркімендер ісі» 
133 қ., 1741, 133/1 т, 2 іс, 1-2 пп.)
XVIIІ  ғасыр  басында  түркімендер  мал  шаруашылығымен 
қатар,  егіншілікпен  айналысып,  бидай,  тары  сеуіп,  өнімдерін  өзіне 
пайдаланған.  Теңіз  арқылы  Ресеймен  де  сауда-саттық  орнатқан. 
Хорезм,  Иран  мемлекеттеріне  бағынғаннан  кейін  олардың  әскери 
құрамаларына  бірде  400,  бірде  1000  жігіттен  беріп  отырған.  Яғни 
түркімен  жігіттері  парсылар  құрамында  Азияны  жаулауға  қатысып, 
соғыс  даласынан  тәжірибе  жинаған.  П.И.  Рычковтың  анықтауынша 
түркімендер  санының  аздығына  байланысты  қазақтармен  соғысқа 
олар не бәрі 10 мың адамды шығара алған. Қару-жарақтан мылтық, 
қылышты  Ираннан  алдырған.  Соғыс  тәжірибесіне  және  шеберлігіне 
қарамастан  оларға  қазақтардың  көптігі  солтүстікке  қарай  жылжуы-
на  кедергі  жасаған  (Рычков  П.И.  Көрсетілген  еңбек,  17  б.).  Содан 
түркіменнің абдал, шабдыр, бозашы, бұрыншық бөлімдері Байұлының 
Адай рулары қарсылығынан Хиуаның қарамағына өтіп, әрбір түтіннен 
3  червонецтен  салық  төлеуге  келіскен.  Кейін  Хиуа  ханының  әскери 
құрамына қызмет жасауға рұқсат алған соң, керісінше Хиуа оларға сол 
соманы төлеген (оРоММ. 6 қ., 3 т., 7034 іс, 25-60 пп.). Сонымен парсы-
лар да, Хиуа да түркімендердің әскери қызметіне қолдау көрсетті. Бұған 
қоса шах «әскери қызметте жүргендерге жалақыдан басқа, тархандық 
дәрежемен  қатар  көшіп-қону  еркіндігін  беруге  де  келісті  (РИССМ, 
«Түркімендер ісі» 133 қ., 1741, 133/1 т., 2 іс, 1-2 пп.). Соған қарамастан 
түркімендер Хиуалықтар билігіне қарсы жиі-жиі көтеріліп, оның соңы 
қырып-жоюға ұласатын. Әдеттегідей түркімендер Маңғыстауға, одан 
әрі Жем бойларына, кейде Жайыққа дейін ішкерелей енетін. 
Түбіміз  бір  түркі  тілдес  халық  болсақ  та,  кейде  өткен  тарихы-
мыз  бірін-бірі  толықтырып,  араласып  жатса  да  жер  мәселесіне  кел-
генде қазақтар да, түркімендер де талас-тартысты қыздырып, күшпен 
шешетін.  Бір  заманда  түркімен  Сапар  Бозда  жырау  Тәуекел  ханға 
келіп,
Қазығұрттан тараған барша халық
Біздерді Түркеш, Ернеш, оғыз дейді.
Кіндігін Қоңыраттың бөліп жарып,
Көтердің «Жеті Жарғыны» Берке Науан!
ордаңнан Құт-Береке арылмасын.
Алашың жинала берсін түбін танып!
Танысаң Қоңыратпын оғыз тілді
Панасызға парасатпен қорған болған.
Санасызға Нұр құйған Сіз бір жарық!
оң аяқты қоңсымын керуен бастар,
Бахир Зарафқа қол ұшын бер оң қанатыңа алып! - деп жырлап, 
қызылбас-ирандықтарға қарсы соғыста көмек сұраған-ды. Уақытында 
берілген көмектің арқасында бірлескен қол жеңіске жеткен болатын. 
Ал    XVIIІ  ғасырдың  ІІ  ширегінде  жағдай  күрт  өзгерді.  Өйткені  дәл 
осы кезеңде түркімендер еліне парсы, хиуалықтар қысымы күшейді. 
орыс патшасы саясаткерлері де Каспий теңізін бойлай, оңтүстікке өз 
таласын байқатып Үстіртке келіп жетті. Ресей түркімендерге Қалмақ 
хандары арқылы араласа бастады. орыс көпестері оларға кейде теңіз 
арқылы  да  жетіп,  сауда-саттық  жасап,  Хиуа,  Бұхара  елдері  туралы 
мәліметтер жинады.
Мұның  барлығын  Әбілқайыр  хан  толық  сезінді.  Елі  мен  жері 
бүтіндігін  басты  мұраты  санаған  ол  оңтүстіктегі  қазақ  руларының 
мүддесін  қорғауға  жанын  салды.  Мұрағат  деректері  Әбілқайырдың 
күйеу  баласы  Батыр  сұлтан  1750  қазақ  қолын  бастап,  1732  жылы 
көктемде  олармен  шайқасқанын  дәлелдейді.  Бұл  жағдайды  Ұлы 
жүзден келген Абағай сұлтан А.И. Тевкелевке  1732 жылы 28 наурыз-
да хабарлаған. осы жолы қазақтар Хиуа бағытында жүрген полковник 
Гарбер керуенін тоқтатқан (КРо 1, С.69-70).
Жер,  жайылым  үшін  таласта  қазақтар  да,  түркімендер  де  бір-
бірінен  мал  айдап  әкету,  тұтқынға  алу,  керуендерді  жібермеу,  теңіз 
бойындағы балықшылардың құрал-жабдықтарын тартып алу т.б. түрлі 
жолдарымен  көзге  түсті.  дегенмен  XVIIІ  ғасырдың  40  жылдарына 
дейін, яғни Иран шахының Бұхара, Хиуа бағытына қарсы соғыстарына 

62
63
дейін  түркімендер  Маңғыстауға  күшпен  енуге  тырыспаған  сияқты. 
Біздіңше оның төмендегідей себептері болды. Біріншіден, түркімендер 
бұл  кезеңде  Хиуаға  бағынды.  Ал  Хиуа,  қазақ  ханы  Әбілқайырдың 
немере  бауыры  Елбарыс  ханның  қарауында  болатын.  Елбарыс  хан 
(1728-1740)  қазақтармен  ешқашан  қарым-қатынасты  шиеленістіруді 
көздемеді.  Екіншіден,  түркімендермен  шектес,  Арал  иелігінде  де 
Әбілқайыр хан саясаты жүріп тұрды. оның билеушісі Шахтемір хан 
қазақ ханымен өзара түсіністікте болды. Нұралы сұлтанның өзі 1732 
жылы  4  айдай  Аралда  тұрса,  ол  жерден  қашық  емес  елді  мекендер-
де  Әбілқайыр  хан  көшіп  қонды.  Үшіншіден,  1739-1740  жылдарға 
дейін  Иран  түркімендерге  айтарлықтай  қысым  жасамады.  Өйткені, 
олар Үнді бағытында соғысып, солтүстіктегі көршілерімен жағдайды 
шиеленістірмеді.    Мұндай  жағдай  түркімендерге  өз  елінің  оңтүстік 
бағытында  еркін  қимылдауына  мүмкіндік  жасады.  Төртіншіден,  бұл 
кезеңде қазақтар үшін басты бағыт жоңғарлардың екпінді шабуылда-
рын  тойтару  болатын.  Аңырақай  шайқасында  Әбілқайыр  хан  әскері 
жеңіске жеткенімен, жоңғарлар алған бағытынан қайтқан емес. оның 
үстіне жоңғарларды Еділ-Жайық аралығындағы қалмақтар да қолдады. 
оны  түркімендерде  түсінбеді  дей  алмаймыз.  Бесіншіден,  қазақ-
түркіменнің түбі бір ағайын болуы, әрі көршілес қоныс тебуі олардың 
араласып-құраласауына  жағдай  жасады,  яғни  «малы  төскейде,  басы 
төсекте біріккен» ел болды. Қазақтар мен түркімендер сол заманның 
өзінде өзара құдандалы да болды. Ата шежіреде XVIII ғасырда өмір 
сүрген Үстіртті жайлаған адай руымен бірге беріш руларының көшіп 
қонғандығы айтылады. Мұның өзі беріш руларының түркімендермен 
де байланысуына әкелді. Мәселен XVIII ғасырда беріш руынан Итем-
ген және оның бауыры түркіменнен қыз алған. Ал Итемгеннің баласы 
Табылды  да  түркіменнің  Сүйін  батырының  қызына  үйленген.  одан 
атақты Құлбарақ батыр туған. Сонымен бірге шежіре бойынша беріш 
руының  аты  ұранға  айналған  Ағатай  батыры  да  баласы  Боқай  үшін 
түркімендерге  құда  түскен.  Боқай  батыр  соған  ұрын  келіп  жүргенде 
түркімендерді  шапқан  қызылбастармен  соғыста  қаза  тапқан  екен. 
Түркімен Сүйін батырдың өзі бүгінгі Маңғыстау жерінде жерленген 
(дүйсенбаева Ж. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы. 
Алматы. 2007, 131 б.). Атақты Мұрын жырау жырында «Ерсары батыр 
Маңғыстаудан  Қарақұмға  көшті,  содан  сол  жерде  ұрпағын  өрбітті» 
делінеді.  Ал  түркімендер  тайпасы  осы  Ерсарыдан  бастау  алады  
(Қыдырбекұлы д. Көшпелілер кім болған еді? // Ақиқат, 1994, №8, 36 
б.). Бұған енді адайлар арасындағы оның түркімен бөлімін қосыңыз. 
Міне мұның барлығы белгілі дәрежеде өзара келісімге жағдай жа-
сады деуімізге әбден болады. 
1740 жылдан бастап мұрағат деректерінде қазақ-түркімен қарым-
қатынасының шиеленісіп, арты қырғынға ұласқаны байқалады. 
Белгілі жазушы Әбіш Кекілбай «Күй» повесінде «Екі жақ бұндай 
теке тірестен ештеңе өнбесін біліп, енді бопсаға көшті. Түрікмендер 
қазақтың жерді алғанымен қоймай, қайда көшсе де өкшелеп, малын 
малша, жанын жанша қиып, елді тоздырып бара жатқанын бетке ба-
сты. Қазақтар діні басқа, тілі басқа қалмақтан бас сауғалап ағайын деп 
келгенде түрікменнің алдарынан қарулы шыққанын, соғыстың содан 
тұтанғанын салық қылды» деп мәселені аша түседі (Кекілбаев Ә. Хан-
ша – дария хикаясы. Балладалар мен роман. – Алматы, 2003, 90-91 
бб.). Автор дәл сол тұста ел игілері өзара келіскенімен, кейін жер дау-
ын қыздырған тентектер екі халық тыныштығына сызат салғандығын 
анықтады. Бұларға қоса, біздіңше Нәдір шахтың Бұхара мен Хиуаны 
алып, түркімендерге шабуылы да өз үлесін қосқан. Түркімендер амал-
сыздан парсылар үстемдігін мойындап, Хиуа хандарына бағынғанымен 
оның арты хиуа-түркімен соғысына әкелді. Бұл кезеңде хиуалықтар 
Иранға  хабар  беріп,  әскер  алдыратын.  Нәдір  билеушінің  тарихын 
жазған Мырза Мехди хан шахтың Хорезм иомуттарын (түркіменнің 
бір  тайпасы)  жиі  жазалап,  олардың  жігіттерін  өз  әскері  құрамына 
күштеп енгізгендігін атап өтеді. Мәселен 1736, 1740, 1745 жылдары 
осы  саясат  қайталанған.  Сөйтіп  түркімендердің  Маңғыстауды  ие-
ленуге  ұмтылысы  1740  жылы  11  қарашада  Хиуадан  Арал  иелігіне 
бағыт алған Әбілқайыр хан әскеріне Шаба қаласы маңында шабуыл-
дауынан көрінді. Әбілқайыр әскері оларды талқандап, 15 түркіменді 
өлімші етіп, дүние-мүліктерін, малдарын олжалады. Араға уақыт сала 
түркімендердің Нұралы сұлтан басқаратын Арал иелігіне де көшуді 
жоспарлағаны белгілі болды (КРо 1, С. 179). 
1741  жылы  жазда  қазақ  қолдарын  Төлен  қалмақ  басқарып, 
түркімендермен  соғысты.  Соғыс  қорытындысында  қазақтар  тағыда 
жеңіске  жетіп  көптеген  түркімендерді  тұтқындады  (РИССМ  122 
қ.,  1742,  122/т.,  4  іс,  4  п.).  Мұрағат  дерегіндегі  Төлен  қалмақ    адай 
руының  батыры  Әнетұлы  Төлеп  болуы  мүмкін.  ол  да  дәл  осы 
кезеңде елін қорғаумен көзге түскен-ді. Батырдың ерліктері Қалнияз 
Шопықұлының «Ер Қамыс-Ер Төлеп» жырында суреттелген. Төлеп 
батыр замандасы Ермембет Тұрұлы Хиуа ханымен сөз қағыстырғанда 
«Біз жауға бүгін барып, ертең өлгенді батыр демейтін жұртпыз. Менің 
өткенімнің  батыры  елу  рет  қол  бастап  жорықта  жауды  қайтарған, 
жауынан  бірде-бір  меселі  қайтпаған  85  жасына  қарағанда  Алланың 
ақ  ажалымен  оң  жақтан  ақыретке  аттанған  Әнетұлы  Төлеп»  деп  ел 
қорғанын  жоғары  бағалаған  (Маңғыстау  энциклопедиясы.  Алматы, 

64
65
2008,  -  197  б.).  Ал  Қалнияз  ақынның  өзі  «Бұрынғы  өткен  ерлерім, 
Атағозы, Ер Лабақ, Қармыс пен Өмір, Темірде, Жылқыайдар мен Ер 
Төлеп қосылған талай дүбірге» деген өлең жолдарын арнады. 
1741 жылы 12 маусымда Маңғыстау пристанына орыс капитаны 
Г.Тебелев  өз  командасымен  келді.  19  маусымда  оған  түркімендер  – 
Маметкелді батыр, Қожа Берді Бақсы, Сүйінгуран Өнбегі, Қарабатыр, 
Башабек  старшындар  30  адаммен  келген.  Өз  қолымен    толтырған 
журналдан  капитан  Қанбарбек  старшынға  қазақ-түркімен  қарым-
қатынасы туралы сұрақты әдейі қойғандығын байқаймыз. Бұл сұраққа 
Қанбарбек «қырғыз-қайсақтар жылда бізге шабуылдап малымызды ай-
дап, кейде адамдарымызды тұтқынға алады, себебі түркімендер бөлек-
бөлек көшіп қонады. Сондықтан біз Өліқолтықтағы Қайрақлы тауына 
қарауыл қоямыз. Қырғыз-қайсақтар жиналып келе жатыр деген хабар 
жетсе, мал-жанымызбен тау басына шығамыз. ол жерден олар бізді 
жеңе алмайды. Шабуылдаушылар кейін кеткен соң, түркімендер олар-
ды шауып, кегін қайтарады» деп жауап берген (РИССМ. «Түркімендер 
ісі» 133 қ., 1741, 133/1 т., 4 іс)
1742  жылы  сәуір  айында  қазақ  рулары  Барақ  сұлтан,  та-
бын  Бөкенбай,  Есет  батырлар  бастауымен  түркімендердің 
Маңғыстауға көшуінің алдын алу  үшін соғысқа аттанған. осы жылы 
қарақалпақтардан  келген  ағылшын  көпесі  Гок  орныборға  қазақ-
түркімен  соғысында  қазақтардың  жеңіліп,  100  жуық  адамдарынан 
айырылғандығын,  шайқаста  Бөкенбай  батырдың  қаза  тапқандығын 
хабарлады (РИССМ, 122 ., 1742, 122/1 т., 4 іс, 65-67 пп.; КРо 1, С. 
24). 
Түркімендер әдеттегідей Қайрақлы тауы басына бекініп соғысқан. 
олардың осы тәсілі қай уақытта да қазақтардың жеңе алмауына әкелді. 
П.И.Рычков «түркімендер соғыс барысында жеңе алмайтынын сезсе, 
тауға шығып қорғанады. ол жерден оларды шығару оңай емес» деп 
жазған болатын (Рычков П.И. Көрсетілген еңбек. С. 17). 
1742 жылғы көктемдегі осы шайқас туралы ақын Тілеумағамбет 
Аманжолұлының (1865-1935) «Бөкенбай батыр» жырында толығырақ 
жазылған. Жыр бойынша қазақ-түркімендер де бұл соғысқа алдын ала 
дайындалған.  Түрікмен  батырлары  Бөрі,  Қаһар,  Қылыш,  Бердіоғлы 
қалың әскері жиды. Түрікмен батырлары еліне
«Ай түрікпендер, түрікпендер
Өткен де өткен заманда,
Түрікпеннің жері кең еді,
Кең екені шын еді.
Жаулап та алып Шыңғыс хан,
Азайтып жерді кетіп еді.
Бізден алған жерлері,
Аралдың бойы Қасарма,
Қасармадан төмен-ай
Сам мен Матай дер еді,
Сам мен Матайдан төмен-ай
Маңғышлақ деген жер еді.
одан да төмен Каспий-ай
Теңізде Каспий дер еді
Әуелгі түрікпен жері еді,
Жайлап алған Шыңғыс хан
Қазақ пенен Ноғайға,
Еншің сенің болсын деп,
Беріп те кеткен жері еді» - деп ұран тастап, сол жерлерді қайтаруға 
бел буды. Бұдан хабарданған Бөкенбай батыр қазақ руларына хабар 
салып, жанына Жәнібек, Есет, Серке, адай Айбас, таз Таймас батыр-
ларды  жиып,  жауға  аттанған.  Соғыс  қорытындысында  түрікмендер 
Бөрі, Қылыш, Қаһар батырларынан айырылып, Бердіоғы қазақтармен 
келісімге келген. Түрікмен батыры «Енді түрікпен келмейді, қазақтың 
жерін көрмейді» деп уәде еткен.  Кейін Бөкенбай батыр осы соғыста 
алған  жарақаты  (улы  найза  санына  тиген)  әсерінен  қайтыс  болған 
(Баһадүр батыр Бөкенбай. Ақтөбе, 2011, 178-200 бб.)
Міне осындай жағдайда түркімен ақыны Махтумкүл (1730-1780) 
«Түркімендер! Егер біз – теке, йомуд, гоклен, язар және амелі рулары 
тіл табыса алсақ, бүгіннен бастап бір жанұя боламыз» деп ұран таста-
ды. 
Түркімендер алдымен Хиуа билеушілерінің озбырлығына қарсы 
бірлесе көтерілді. 1744 жылы олар – теке, иомут, екдер, шәудір, ар-
башылар  Хиуа  маңындағы  ауылдарды  талқандап,  тұрғындарын 
тұтқындап, Хиуа қаласына ешкімді қатыстырмай 8 ай бойы қоршауда 
ұстаған.  Содан  Хиуа  ханы  Әбілғазы  парсы  шахы  Нәдірге  жасырын 
түрде  хабар  салып,  көмек  сұрады.  Көмекке  1745  жылы  жазда  Хо-
расан  губернаторы,  Нәдір  шах  немересі  Әліқұл  ханды  жіберген.  30 
мың қолмен келген парсылар түркімендерді талқандап, олардың бір 
бөлігін Бұхара хандығындағы Чарджоуға орналастырып, 400 жігітін 
Иранға  әскери  қызметке  әкетсе,  түркімендердің  теке,  иомут  рула-
ры, Каспий теңізіне, Балқан тауларына қарай көшкен. Кейін Әліқұл 
Иранға кеткенмен Хиуада парсылардан 6 мың әскер қалған (РИССМ. 
«Түркімендер ісі» 133 қ., 1741, 133/1 т., 3 іс, 1-20 пп.).
Хиуалықтар түркімендер шабуылы қарсаңында Әбілқайыр хан-
нан көмек сұрағанымен, П.И.Рычков анықтауынша қазақтар ол жаққа 
әскер  жібермеген  (Рычков  П.И.  История  оренбургская  (1730-1750). 

66
67
оренбург,  1896,  С.  80).  Кейін  белгілі  болғандай  Әбілқайыр  1745 
жылы  көктемде  Нәдір  шахқа  өз  елшілерін  сұлтан  Қайып  Батырұлы 
бастауымен  жіберген.  Бұл  арада  Әбілқайыр  қазақ-түркімен  қарым-
қатынасын  шиеленістірмеуді  көздеген  сияқты.  Бұл  ойымызды  1745 
жылы 13 шілдеде Астраханнан Маңғыстау пристанына келген капи-
тан в.Копытовский журналы дәлелдей түседі. Капитан Астрахан гу-
бернаторы в.Н.Татищев тапсырмасына сәйкес сауда-саттық мәселесін 
желеу  етіп,  Хиуа,  Бұхара  хандықтарындағы  жағдай,  Нәдір  шахтың 
қимылдары  туралы  мәліметтер  жинауға  келген.  в.Копытовский 
19  шілдеде  түркімен-иомуттарымен  бірге  жүрген  Әбілқайыр  хан 
елшісі  Қият  Ысықовпен  кездескен.  ол  және  8  иомут  руы  өкілдері 
«біздер бұрын өзара соғыстық, қазір келісімге келдік, талас-тартысты 
тоқтаттық»  деп  бірауыздан  айтқан.  Елшілер  орыс  кемесін  тексеріп 
қарап,  басқа  шаруамыз    жоқ  деп  кетіп  қалған.  Иомуд  руы  өкілдері 
Хиуаны парсылардың алғандығын, ал өздерінің 2 ай бұрын ол жақтан 
көшіп Маңғыстауды паналауда екендігін қоса хабарлаған (Из истории 
отношения России с туркменами в XVIIІ веке // Красный архив, №2 
(93), М., 1939, С. 220-237). 
Сонымен  екі  жақ  бейбіт  өмірге  қол  созған  келісімге  тоқтады. 
Қазақ та, түркімен де Ә.Кекілбаев айтқандай «Екі елді керістіретін де 
сөз, келістіретін де сөз. дауға найза араласты-ақ келісім жоқ, кетісу 
бар.  Келістірер  сөз  тек  кемеңгердің  көкейінен  шығады,  алжастырар 
айбалта  кез  келген  тентектің  тақымында  жүр.  Тентек  күнде  туады, 
кемеңгер мың жылда бір туа ма, жоқ па, туа қалса, өңшең қылышқа 
жақын қыршаңқысы көп қырсық ел оған тізгінін бере ме, жоқ па? ... 
Беймәлім дүние. Ендеше, ол шапса, сен де шап! ол қорласа, сен де 
қорла!  Алдырып  жатып  ақылгөйсіген  кемеңгерлік  құрысын!»  деген 
заманның  арты  ақыл  мен  сабырға,  қайрат  пен  жігерге  толы  болды 
(Кекілбаев  Ә.  Көрсетілген  еңбек.  94  б.).  Өйткені  ертеңгі  күн  үшін, 
тарих пен тағдыр мәңгілік көршілес қылған халықтар үшін болашақ 
өмір жатты.
Әбілқайыр хан мен нәдір шах: 
Қазақ және иран мемлекеттерінің 
XYIII ғасырдың I жартысындағы 
қарым-қатынасы хақында*
                                                                       
XVIII  ғасырдың  I  жартысында  қазақ  елі  өзін  айнала  қоршаған 
Ресей,  Жоңғария,  Иран  мемлекеттерімен  белгілі  дәрежеде  қарым-
қатынас  орнатты.  Басқыншылық  саясат  ұстанған  олар  ұлан-байтақ 
территорияны  алып  жатқан,  өз  орталарында  орналасқан  қазақ  еліне 
көз тіккені шындық. оны айлалы Ресей өз бодандары – қалмақ, казак-
орыстар, башқұрттарды айдап салу арқылы жүзеге асырса, қызыл жа-
лындай Жоңғария бар әскерін қазақ даласына төкті. Бұл кезеңде Иран 
өз тәуелсіздігі үшін ауған және түрік билеушілеріне қарсы күресіп, ІІ 
Тахмасп шах төңірегіне топтасқан-ды. дәл осы мезгілде оған азаттық 
күресте аты шыққан Афшар тайпасының Қырқылы руынан тарайтын 
Нәдір қолбасшы әскерімен қосылып, 1726 жылы түркімендер басып 
алған  Мазандаран  қаласын  босатты.  Сіңірген  еңбегіне  Нәдір  шах 
қолынан сұлтан лауазымына қоса, қала губернаторы болып шыға келді. 
Сөйтіп әлем тарихында аты қалған Нәдір тарихының жаңа өрлеу кезеңі 
басталды. XVIII ғасырдағы Иран әдебиетінің ірі өкілі Табиб Исфагани 
Нәдірді түркіменнің Афшар тайпасынан дей отыра, Иранды кеңейтіп, 
ауған,  орыс,  түріктер  тартып  алған  жерлерін  кері  қайтарып,  ұлан-
байтақ жаңа мекендер қосқан соңғы билеуші ретінде атап көрсетті (1).
1736  жылы  Иран  мемлекетінің  саяси  бірлігі  жүзеге  асқан  тұста 
ирандықтар  Нәдірді  «Иранды  азат  етуші»  деп  таныды.  Мұндай 
жағдайдың Иран билеушісі шах тағына жол ашатынын түсінген ол осы 
жылы қаңтарда Муган даласындағы әскери лагерінде үлкен құрылтай 
өткізіп, оған барлық әскери, шен-шекпенді, діни ақсүйектер, көшпенді 
тайпалар  басшылары  мен  қалалық  старшындарды,  ауылнайларды, 
армяндық – католикос Абраам Кретациді шақырды. Барлығы 100 мыңға 
жуық адам қатысқан құрылтайда Нәдір ІІІ Аббас шахтың жастығын 
еске  салып,  жаңа  шахин-шахты  сайлауды  арнайы  мәселе  ретінде 
көтерді. Сонымен араға екі ай салып, 1736 жылы наурызда 4 жасар ІІІ 
Аббас шахты Хорасанға жіберген Нәдір Иранның жаңа шахин-шахы 
болып  сайланды.  Міне  осыдан  бастап  ол  басты  саяси  бағытын  жау-
*Мақала  «отан  тарихы»  журналының  2012  жылдың  №1(57)  санында 
жарияланған

68
69
лап алушылыққа арнап, 1739 жылдың мамырына дейін Ауғаныстанды, 
Индияны біржолата бағындырды. Үнді жорығында Нәдір шах 90 мың 
әскерімен  қарсыласының  өзінен  бірнеше  есе  мол  340  мыңдық  үнді 
әскерін  талқандап,  Азиядағы  ең  мықты  мемлекетті  қалыптастырды. 
Үндістандағы  сұрапыл  соғысты  көзімен  көрген  Мырза  Мехти  «Ат 
тұяғының дүбірінен жер дірілдеп, шаң бағаны көкке жетті; оқтың зу-
ылы, жебенің сатыр-сұтыры, зеңбіректің күрсілі барлығы мидай ара-
ласып кетті; атыс гуілінен күн жерге құлардай; айнала толған жансыз 
денелер, дұшпанның барлық бас қолбасшылары өлтірілді-ақыры әскер 
шіміркенді. Нәдір шахтың мерейі үстем болды », - деп хабарлайды.
1740  жылы  маусым  айында  ол  Гератқа  оралып,  тамыз  айында 
Иран иелігіндегі жерлерге бұрын шабуыл жасаған Бұхара билеушісі 
Әбілпейіз ханға соғыс жариялады. Бұхара Астрахандықтар әулетінің 
(кейде джанидтер әулеті) астанасы еді. оның негізі Астраханнан кел-
ген Жәнібек сұлтан кезінен қаланып, 1599 жылы Мәуреннахрда жаңа 
өзбек әулетінің үстемдігіне әкелді. 
Сонымен Нәдір шахтың әскери қимылдарының солтүстікке бағыт 
алғаны туралы хабар өз заманының тамыршысындай болған қазақтың 
бас  ханы  Әбілқайырға  келіп  жетті.  Жоңғар  қонтайшысы  Қалден 
Цереннің  1739  жылдың  көктемінде  24  мың,  1739–1740  жылдың 
қысында 30-35 мың қолмен, 1740 жылдың күзінде жаңа шабуылына 
қарсы күресіп жатқан қазақтар үшін ендігі жағдайда тез арада елдің 
оңтүстік-батысына да назар аударып, шешуші қадамдар қабылдауына 
әкелді.  оны  ескергендіктен  де  Әбілқайыр  1740  жылы  19  тамыз  1 
қыркүйек  аралығында  орынборда  өткен  қазақтың  барлық  белді 
тұлғалары (Әбілмәмбет хан, Абылай, Нұралы, Ерәлі сұлтандар, Есет, 
Бөкенбай  батырлар,  Жәнібек  тархан,  Бөгенбай  батыр  т.б.)  қатысқан 
қазақ-орыс келіссөзіне бармай, алдын-ала Арал теңізіне қарай аттан-
ды. Әбілқайырдың кездесуге қатыспау туралы батыл шешімін үстірт 
тоң пішуге үйір Ресей тарихшылары ханның жеке басынан іздеп, ішкі 
алауыздық әсерінен деген қорытындыға келеді. Бірақ мәселе басқада 
еді. Кездесу барысында толтырылған хаттамаға назар аударсақ 30 та-
мыз  күні  Нұралы,    Ерәлі,    Есет,  Бөкенбайлар  Әбілқайыр  хан  хатын 
алып,  орынбор  басшыларымен  қоштаспастан  кетіп  қалған.  Кейін 
байқағанымыздай  Нұралы  және  батырлар  Арал  иеліктерінде  жүрген 
Әбілқайырға  жол  тартқан.  Бұл  арада  Әбілқайыр  ханның  Сыр  бойы-
на  үлкен  қорған  қала  салу  туралы  ойларының  дұрыстығы  енді  ғана 
сезіле  бастады.  1739  жылы  Әбілқайыр  осы  жоспарын  орыс  патша-
сына  білдіріп,  оның  әскери  көмегіне  үміт  артты.  1739  жылы  26  та-
мызда  орынбор  комиссиясының  басшысы  генерал-лейтенант  в.А. 
Урусов  қазақ  ханына  әскери  көмек  пен  артиллерия  беруден  бас 
тартқаны туралы түрлі сылтаулармен хат жолдады. Әбілқайыр алдын-
ала дайындалған жоспарының сәтсіз аяқталғанына көзі жетті. Мұны 
толық сезініп, ендігі жауапкершілікті мойнына алған Әбілқайыр 1740 
жылдың  жаз  айларында  өз  жайлауын  Сырдарияның  ар  жағындағы 
Қуандария бойындағы Адам ата өзеніне орнықтырды. Хан қыркүйек 
айының басында Арал иелігіне  аттанды (2).
Ал Нәдір шах тамыз айында өзіне бас иіп келген Әбілпейіз хан 
мен Мұхаммед Хакім  би аталықты қабылдап, Бұхараны еш соғыссыз 
Иранға  бағындырды.  Көп  ұзамай  Әбілпейіз  бір  қызын  Нәдірге, 
екіншісін  оның  туысына  беріп  туысқан  болып  шыға  келді.  Нәдірдің 
ендігі  бағыты  Әбілқайырдың  ұзақ  жылдар  бойы  өзіне  қосып  алуды 
армандаған  жоспары  Хиуа  хандығына  келіп  тірелді  (3).  Хиуа  ханы 
Елбарыс  тез  арада  қорғану  шараларына  кірісті.  Елбарыстың  өзін 
Әбілқайыр хан 1728 жылы Хиуа тағына отырғызған болатын. Тарихи 
деректер Елбарысты Әбілқайыр ханның немере бауыры деп те жаза-
ды. оны Хиуаға тағайындау арқылы қазақ ханы оңтүстік шекарасын 
бекітуді көздеген-ді. оның алдында Хиуа ханы болған Әбілқайырдың  
немере бауыры  Мамай ( Сары-Айғыр) сұлтан бірнеше күннен кейін 
белгісіз  жағдайда  аттан  құлап  қайтыс  болса  (4),  кейін  Хиуа  ханы 
ретінде мойындалған Батыр сұлтан біраз уақыттан кейін амалсыздан 
елге қашып келгенді. Әбілқайыр ханның Хиуа тағына ұсынған үшінші 
үміті  Елбарыс  хиуалықтармен  келісімге  келе  алды.  ол  тіпті  өзбек 
билеушілерінің ырқына да көнді. оның әскери қолбасшылық қабілеті 
де анық көріне бастады.  Елбарыс және Хиуаның беделді адамдары 
Әбілқайырдың Ресей бағытындағы саясатына сенімсіздікпен қарады. 
Мұның  өзі  қазақ  ханымен  арадағы  қатынасты  белгілі  дәрежеде 
шиеленістірді. Бірде Хиуа сарайындағылар қазақ ханы атынан келген 
Нұралы сұлтанға «Әбілқайыр хан билігі тек қазақтарға ғана жүреді, ал 
Хиуада оны ешкім тыңдамайды, ол нәтижесіз істі (Ресеймен қарым-
қатынасы туралы) бастап отыр» деп мәлімдеген. Өзбек билеушілеріне 
сенген Елбарыс хан Нәдір шахқа қарсы күресте жалғыз қалды. Әскер 
шебін  Амудария  бойындағы  Хазарасп  қаласы  түбіне  орналастырып, 
Елбарыс алғашқы шайқастан соң қорғанға әбден бекініп алды. Соғысқа 
әбден машықтанған Нәдір әскерлері Хазараспты қоршап, еш шабуыл 
жасамай  Ханках  қорғанына  қарай  аттанды.  Мұны  естіген  Елбарыс 
жауынгерлері де жанталаса қорғанды тастап өз иеліктерін қорғау үшін 
жеке-жеке бөлініп, еш бұйрықсыз бытырай бастады. Ал Елбарыс бол-
са, аз әскерімен тез арада Ханках қорғанына жетіп үлгерді. Ирандықтар 
тағыда  шабуылға  кіріспей,  қорғанды  бірнеше  күн  артиллериялық 
соққы астына алып, Нәдірге берілуін қамтамасыз етті. Елбарысқа жеке 
басына  қауіпсіздік  уәде  етілгенімен,  кейін  шах  өзінің  шейхтарының 
ақыл-кеңестерін жөн деп тауып, ханды өлім жазасына кесті (5).

70
71
Қалмақ  ханы  дондук  омба  1741  жылы  13  ақпанда  граф 
А.И.остерманға  жазған  хатында  «парсылар  1740  жылы  тамызда 
Бұхараны бағындырса, 4 қыркүйекте Хиуаны жаулап алды. олар Хиу-
адан 10 қыркүйекте кетті» деп хабарлады (6). Кейін парсылардың Хиу-
адан Әбілқайыр хан ұлы Ерәлі сұлтанға айттырылған Елбарыс ханның 
қызын да ала кеткендігі белгілі болды (7). 
Нәдір  шахтың  Хиуаға  қарсы  аттану  себептері  толығырақ  мыр-
за  Мехди  хан  Астрабадтың  «Тарихи  Надири»  еңбегінде  жазылған. 
Еңбектен  Елбарыс  ханның  Нәдірдің  Үндістандағы  соғысын  пайда-
ланып, 1738-1739 жылдары өзбек, түркімен қолдарымен Хорасанмен 
шектес  елдерге  шабуылдауы  басты  себеп  болғандығы  анықталады. 
Бірнеше парсы қорғанына соққы берген Елбарыс хан Нәдір шах баласы 
Ризақұл әскерінен шегініп, Хорезмге оралуға мәжбүр болды. Кек алуды 
жоспарлаған Нәдір шах сонымен Әбілпейізді бағындырған соң, оның 
бар әскерін қосып ала отырып, жоғарыда жазылғандай қыркүйек айын-
да емес 1740 жылы 7 қазанда Бұхарадан Хиуаға бағыт алып, 3 қарашада 
оның  шекарасындағы  дэвэ-боюн  (аудармасы  «Түйе  мойын»)  елді 
мекеніне келіп тоқтады. Содан Хазараспты айналып өтіп, оның ізімен 
Ханках қорғанына жетіп бекінген Елбарысты жойқын атқылауға алды. 
14 қазанда көптеген өзбек әскербасылары қорғаннан шығып, өздігінен 
берілуге мәжбүр болды. Ал 15 қазанда парсы әскері Елбарысты сарай-
дан алып шықты. Хиуа ханы шах Бұхараға келген кезінде Әбілпейіз 
хан  жіберген  елшілерін  өлтіргені  үшін  жанындағы  20  әскербасымен 
бірге өлім жазасына кесіледі (8). Бұл дерек 1793-1794 жылдары орын-
бордан  Хиуаға келген майор Бланкеннагельдің  жазбасы арқылы да 
дәлелдене түседі. Майор жазбасында «осыдан 50 жыл бұрын Нәдір 
шах Хиуаға 30 адамнан тұратын елшілерін жіберген-ді. Хиуалықтар 
өздерінің құпиясын ашпау үшін елшіні және оның жанындағыларды 
өлтірді. осындай зұлымдыққа ашуланған Нәдір шах өзі бастап Хиуаға 
келіп,  оның  әскерін  талқандап,  Елбарыс  ханын  және  30-дан  астам 
басты Хиуа шенеуніктерін тірілей жерге көмді» делінген (9). 
Мырза Мехди «Елбарыс қазақтар ханы Әбілқайырдан көмек сұрады. 
Әбілқайыр қазақтар мен Арал өзбектерінен әскер құрап көмекке кел-
генде  Хиуа  қорғанының  жағдайын  көріп,  шахқа  елші  жіберді.  Бірақ 
ешкімге бағынуды ойламай, еркіндікті сүйетін  Әбілқайыр хан және 
қазақтар өз иеліктеріне қарай кетуге мәжбүр болды» деп те толықтыра 
түседі (8, С.122).  
Мехди  бізге толық ашпаған Әбілқайыр ханның Арал иелігіндегі 
жоспарлары орыс деректері арқылы анықтала түседі. оны 1740 жылы 5 
қыркүйекте орынбордан арнайы Әбілқайыр ханға жіберілген орынбор 
драгун полкінің поручигі д.Гладышев, геодезист Муравин, инженер На-
зимов, аудармашы осман Араслановтар жеткізді. орыс елшілері басты 
мақсатымыз қазақ ханы үшін Сыр бойынан қала салу үшін қолайлы жер 
іздеу және жер қыртысын зерттеу дегенімен, күнделіктерінде барлық 
тыңшылық жазбаларын тізбеледі. Сол арқылы біз Әбілқайырдың пар-
сы  шахының  әрбір  қимылын  бақылауға  алғандығын  және  ханның 
өзіндік саясатын анықтаймыз. Сонымен бірге Арал аймағында жүрсе 
де Әбілқайыр хан орыс елшілерінің өзіне сапарын назарында ұстаған. 
Мұның өзі Ж.Қасымбаев жазған «Әбілқайыр іс жүзінде Кіші жүзбен 
байланысын жоғалтты» дегенін жоққа шығарады (4, С.72). Қазақ ханы 
келе жатқан д.Гладышевқа хат жолдап, өз ордасына аман-есен жетсе, 
ұлының  өзіне  ертіп  келетіндігін  ашық  айтқан.  д.Гладышев  бастаған 
топ Адам Ата өзеніне орналасқан Әбілқайыр ордасына 1740 жылы 7 
қазанда жетіп, ханның Арал иелігіндегі Шахтемір қаласында екендігін 
естіген. Содан Бопай ханым рұқсатымен 15 қазанда жолға шығып, 2 
қарашада Шахтемірге жеткен. Келесі күні Әбілқайыр хан нөкерлерін 
және орыс елшілерін ертіп хиуалықтардың шақыртуы бойынша Хиуаға 
аттанған. Әбілқайыр ханды 4 қарашада Амудария жағасында күтіп алған 
Авест-Мираб  бастаған  өзбек  старшындары  парсы  шахынан  қорғану 
мақсатында,  оны  Хиуа  тағына  шақырды.  Елбарыс  тағдырының  шах 
қолында екендігін сезінген Әбілқайыр орыс патшасынан өз артынан 
келе жатқан елшілерін пайдаланып, Хиуа хандығын біржолата қазаққа 
бағындыру  ретінің  келгендігін  түсінді.  Содан  оны  қолдан  шығармау 
үшін тәуекелге бел буып, қазақтардың атам заманнан Хиуа билігіне та-
ласы бар екендігін алға тартып, 5 қарашада Хиуа ханы болып сайлан-
ды. д.Гладышев 7 қарашада Хиуаға келгенде хан сарайындағы тақта 
Әбілқайырдың  отырағанын  көріп,  «Басына  қызыл  жібектен  сәлде 
ораған Әбілхайыр амбвонмен ( патша қақпасы алдындағы биіктеу жер) 
бекітілген,  парсы  кілемі  жабылған,  ханның  орнында  қызыл  барқыт 
жастық жастанып отырды; айналасында қырық шақты ақсүйек хиуа 
старшындары отыр» деп таңдана сипаттайды (2, С. 178).   
Елшілердің келуін пайдаланған Әбілқайыр 8 қарашада геодезист 
И.Муравинді  және  қазақ,  қарақалпақтан  бір-бірден,  Аралдықтардан 
4  адамды  қосып,  Нәдір  шахқа  жіберді.  9  қарашада  елшілер  шах 
қабуылдауында  болып,  орыс  патшасының  «Кіші  жүзді  боданым» 
деп есептейтін грамотасын және Әбілқайыр ханның, Арал билеушісі 
Артық  бектің, қарақалпақтардың хаттарын тапсырды. Әбілқайыр хан 
өз хатында Нәдір шахты бейбіт келісімге шақыра отырып, Хиуаның 
болашағын  анықтауға  ұмтылды.  Хан  Иранның  Ресеймен  байла-
нысында  еске  салып  келісім  болмаса,  «соңғы  адамымыз  қалғанша 
соғысамыз» деп те ескертеді. Нәдір шах хатпен танысып, ханға жауа-
бын  Құдайшүкір,  Мырза  Ақбазар,  Ғабдолшүкір  арқылы  қайтарып, 

72
73
оны өзіне шақырды (10). Әбілқайыр хан шақыруды қабылдап, Нәдір 
шахпен  кездесуге  бауыры  Нияз  сұлтанды  түрлі  сый-сияпатпен  бірге 
«тірі барыс» беріп жіберуді жоспарлай бастады. Бір деректер бойын-
ша Әбілқайыр баруды өзі де ойластырған. Бірақ кездейсоқ хан қолына 
Нәдірдің  Үргеніш  тұрғындарына,  Қазы  Мұхаммед  Латифқа,  барлық 
би,  старшын,  қожаларға  жолдаған  құпия  хаты  түсті.  Шах  хатында 
Хиуалықтарды әскери күшімен қорқытып, талабын орындаушыларға 
рақымшылық уәде беріп «Әбілқайырды қаладан шығармауын» талап 
етті. Бұл кезеңде Нәдір шах Хиуадан не бәрі 35 шақырым жерде бола-
тын. Хиуа үшін таластағы жағдайдың күрт өзгеруі, өзбек әмірлерінің 
Нәдір  жағына  шығуы,  Ресейдің  хан  саясатын  ашық  қолдамауы, 
Әбілқайыр  жанындағы  не  бәрі  3000  әскерінің  қуатты  шах  әскеріне 
қарсы  тұра  алмайтындығы  қазақтардың  кері  өз  иелігіне  шегінуіне 
мәжбүрледі. Әбілқайыр хан 12 қарашада Хиуадан Арал иелігіне келіп, 
Нұралы сұлтанды хан ретінде бекітті.
Сонымен  Әбілқайыр  ханның  батыл  саясаты  дегеніне  жетті. 
Біріншіден, хан алғаш рет Азияны бағындырып, қазақ даласына жеткен 
Нәдір шахпен бетпе-бет кездесіп, келіссөз жүргізіп, ол сәтсіз болса да 
парсы әскерінің солтүстікке қарай жылжуына тоқтау салды. Екіншіден, 
қазақтардың  басты  әскери  күштерін  Жоңғарияға  қарсы  бағыттауға 
қол  жеткізді.  Үшіншіден,  қазақтардың  Хиуа  тағына  дәмелері  бар 
екендігін  дәлелдеді.  Нәдір  шах  Әбілқайыр  хан  орнына  Хиуаға  Та-
хирды  қойғаннан  кейін  көп  ұзамай  Нұралы  сұлтан  шабуылдап,  оны 
өлімші етті. 1742 жылдың аяғында парсылар шабуылынан сақтанған 
Хиуалықтар Нұралыны хандықтан айырып, хан тағына қазақ сұлтаны, 
Елбарыс хан баласы Әбілғазыны сайлады. 
Соған  қарамастан  Әбілқайыр  Хиуа  бағытындағы  саясатын 
жалғастырып,  Нәдір  шахпен  байланысын  үзбеді.  Өйткені    елдің 
оңтүстігіндегі  тыныштық,  өзбектер  мен  түркімендердің  қазақпен 
қарым-қатынасы Иранға тәуелді болатын. Көршілес тайпалардан жаны 
қысылған сәтте Хиуалықтар қазақ ханынан қолдау күтетін. 1745 жылы 
22 қарашада Хиуадан келген татар Нияз Мед Астрахань губернаторы 
Брылкинге «парсы шахы 5 жыл бұрын Хиуаны алып, ханы Елбарысты 
өлтірді.  орнына  баласы  Әбілғазыны  отырғызып,  содан  бастап  Хиуа 
шах қамқорлығына өтті. Өткен жылы (1744 жыл) түркімендер шабуы-
лы күшейіп, Хиуа маңындағы ауылдарды тонап, Хиуаны 8 ай қоршауға 
алды. Содан Әбілғазы шахтан көмек сұрады. Көмекке шах Али Гули 
ханды (Хорасан губернаторы) жіберді. ол 30 мың әскермен, биыл жаз-
да  келіп,  түркімендерді  талқандады»  деп  хабарлады  (11).  осы  тұста 
Хиуалықтар тағы да Нұралы сұлтанды өздеріне жіберу туралы мәселе 
көтерді. П.И. Рычковтың анықтауынша, Нұралыға Нәдір шахтың бала-
сы да қолдау көрсетемін дегенімен, оның артында сұлтанды өлтіру жо-
спары жатқан. Бұл хабарды Нұралының Хиуада хан кезінде үйленген 
әйелі арнайы хатпен жеткізген (12). Нәдір шах кеңсесінің Нұралыға на-
зар аударуы Ресей саясаткерлерін қатты алаңдатты. Әсіресе орынбор 
губернаторы И.И. Неплюев Нұралыға Хиуа ханы тағын қабылдамауға 
ашық үгіттеді (13). Әбілқайыр билігінің Иран тарапынан мойындалуы 
Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатына кедергі жасайтын. 
осындай  шиеленісті  жағдайда  Әбілқайыр  тағы  да  Нәдір  шахқа 
елшілік жіберу қажет деп шешті. Әбілқайыр хан алдына елшілік бас-
шысын  таңдау  және  оның  шахпен  арадағы  қарым-қатынасты  жан-
дандыру, өзара сенімділік орнату міндеті басты орынға шықты. Хан 
таңдауы бір кезде Хиуаны билеген Батыр хан ұлы Қайып сұлтанға түсті. 
Қайып Хиуаны 1715-1728 жылдары билеген Шерғазы ханның қызынан 
дүниеге келген. Зерттеуші Ж.Исмурзин Қайыпты 1728-1729 жылдары 
туған деп есептейді (14). олай болса сөз жоқ, Қайып Хиуа хандарының 
жиені ретінде оның  мәселесімен шұғылдануға толық құқылы болатын. 
Н.П.Рычков күнделік жазбасында «Парсының патшасы Хиуа иелігіне 
дейінгі жерлерді жеңіп келіп, бұл жердің астанасы Хиуа қаласын да 
алған.  осы  кезде  батырды  қамқорлығына  алуды  сұрап,  қазақ  ханы 
Әбілқайыр Қайыпты Нәдір шахқа елші қылып жіберген» деп анықтай 
түседі  (15).  Сонымен,  Қайып  Батырұлы  Әбілқайыр  тапсырмасымен, 
біздіңше,  1745  жылдың  көктемінде  Нәдір  шахқа  аттанған.  оны  осы 
жылы жазда Әбілқайыр ханға Хиуа елшілері Құдайберді инақ пен Құтлы 
молда әкелген шах, парсы әскер басы, Хиуалық Уәйісқұл михтярдың 
хаттары  айғақтайды.  Нәдір  шах  1745  жылы  5  мамырда  Әбілқайыр 
ханға «бізбен келісе отырып, иомут халқына соққы беруді сұрайсыз, 
сонымен  бірге  марқұм  Шерғазы  ханды мысалға  ала  отырып,  Қайып 
сұлтанды және басқаларын қоюға болатындығына үміттенесіз, біздің 
әуелден сізге қайырым көрсету ойымыз бар» десе, Хиуалық Уәйісқұл 
«Сіздің  жіберген  елшілеріңіз  шах  қызметінде  болып,  шахтардың 
шахы оларға көптеген мейірім көрсетті» деп хабарлады (16). Қайып 
бастаған елшіліктің сәтті қабылданғанына куә болған Әбілқайыр хан 
1746 жылы Ақмырза арқылы парсы шахына тағы хат жолдады. Хан 
«егер орыстар тарапынан қысымға түссе, олардан қорғану мақсатында 
Хиуа иелігіндегі Бесқала қалашығын өзіне беруді» өтінді. Сапарында 
Ақмырза Қайып сұлтанның шах сеніміне ие болғандығын анықтады. 
Бұхара хандары Үбайдолла (1702-1711), Әбілпейіз (1711-1747) сарай-
ында кітапханашы болған Мұхаммед вафа ибн Мұхаммед Захир Кар-
минаги (Казы вафа) «Тухфат ал-хани» («Хан сыйлығы» немесе «Тари-
хи Рахим хан») еңбегі де Қайыптың осы кезеңдегі өмірі мен қызметін 
толықтыра  түседі.  Еңбектен  Қайыптың  шах  бұйрығы  бойынша 

74
75
атақты Фирдоуси ақынның отаны Хорасандағы (Иран) Туе қаласында 
қызметте болып, сеніміне ие болғанын байқаймыз. Еңбектің бір бөлімі 
Қайыптың дешті – Қыпшаққа қашуына да арналған (17). 
Қайыптың  Хиуа  тағына  отырып,  Хорасан  қолдауына  ие  болуы 
Әбілқайыр хан саясатының жеңісі еді. Мұндай жағдай қазақ ханының 
оңтүстігіндегі елдің іргесін бекітіп, Нәдір құрған Иран мемлекетімен 
қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтергендей болды. Мұның өзі қазақ 
ханының сыртқы саясатында Ресеймен ғана шектелмей, сол тұста әлем 
мойындаған  Жоңғар  мемлекеті,  Иранмен  байланысы  көп  векторлы 
даму  бағытын  ұстанғандығын  дәлелдейді.  оның  нәтижелі  дамуын 
Нәдір  шахтың  1747  жылы  20  шілдедегі,  ал  Әбілқайыр  ханның  1748 
жылы  15  тамыздағы  өлімі  тоқтатты.  Ел  азаттығы  үшін  ешкімге  бас 
имеген, жауы алдында тайсалуды білмеген, халқы үшін жанын аямаған 
екі тұлғада күндігін ойлаған сатқындар қолынан қаза тапты. Екеуі де 
өмірінің  аяғында  жауымен  алысып,  бірі  қанжармен,  екіншісі  найза, 
қылышпен кескіленіп өлтірілді. 
                                


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет