Мотивация



Дата10.11.2022
өлшемі0,61 Mb.
#49204

Мотивация

Дайындағандар:

Қарабалаева Нұрсәуле,

Саламат Амангүл,

Хамитова Ақмоншақ

Тексерген: Аға оқытушы Сабирова.Ж.Н


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Инновациялық білім беру факультеті
Психология және арнайы білім беру факультеті

Жоспар


Мотивация дегеніміз не?
Мотив, қажеттілік мақсат
А.Маслоудың «Қажеттілік иерархиясы»
Мотивация түрлері Ішкі және сыртқы мотивация
Қорытынды

Мотивация (ағылш. motivation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Moveo латынша «қозғалу, әрекет эту» мағынасын береді, демек motivation сөзбе сөз мағынада» қозғалту, әрекетке келтіру» мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емс, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

МОТИВАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, белгілі бір мақсаттарға жетуге бағыт береді. Психологияның көз қарасы бойынша, мотивация – адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік.

Мотив(латын тілінде moveo – қозғаушы, итермелеуші) – адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес.

Мотив – кез-келген қажеттілікті қанағаттандыру үшін іс-әрекетті бастауға себеп. Мотивтердің кеңдігі мен икемділігі бар, ол адамның мотивациясының алуан түрлілігінде көрінеді: күн сайын адама көптеген қажеттіліктер болады – аштықтан бастап күрделі ақыл-ой жұмысын орындау ниетіне дейін. Икемділік қажеттілікті әр түрлі жолмен қанағаттандыру мүмкіндігі ретінде ашылады: егер біз бірқатар тағамдардан белгілі бір тағамды жесек, аштық жоғалуы мүмкін; күрделі тапсырманы әртүрлі жолмен шеше аламыз.


Қажеттілік-адамның қалыпты өмір сүруі үшін жетіспейтін белгілі бір жағдайларда немесе обьектілерге қажеттілік жағдайы.Ағзаның эволюциялық дамуы неғұрлым жоғары болса,соғұрлым оның қажеттіліктері көп болады.Адамда физикалық қажеттіліктерден басқа бірқатар материалдық,рухани және әлеуметтік қажеттіліктер бар.Көбінесе қажеттіліктер екі негізгі түрге бөлінеді-биологиялық(өмірлік)және ақпараттық,биологиялық организмнің тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді,ақпараттық қажеттіліктер танымдық және әлеуметтік қажеттіліктер болып табылады.

Мақсат-адамның өз қызметінің нәтижелері бойынша алғысы келетін және оның белсенділігіне бағытталған нәтиже.

Мотивацияның ең танымал теориясы – Абрахам Маслоудың әр адамның бойында 5 қажеттілік бар деп топшылайтын қажеттіліктер иерархиясы.

  • Мотивацияның ең танымал теориясы – Абрахам Маслоудың әр адамның бойында 5 қажеттілік бар деп топшылайтын қажеттіліктер иерархиясы.
  • Қажеттіліктер иерархиясы Абрахам Маслоудың физиологиялық, қауіпсіздік, әлеуметтік, құрмет және өзін-өзі дамыту сияқты 5 қажеттілік иерархиясы, әр қажеттілік іс жүзінде қанағаттандырылған сәтте, келесі қажеттілік бірден басымдыққа ие болады.

• А.Маслоудың көзқарысы «қажеттілік иерархиясы» деп аталады. • 1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін қажет. Бұған жалпыадамдардың тыныс тіршілігі үшін, ауа, су, баспана, демалу, тамақсияқты қажеттіліктер жатады. • 2. Қауіпсіздік, қорғану қажеттілігіне қоршаған орта тарапынанболатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғануқажетілігі жатады. • 3. Әлеуметтік қажеттілік – бір немесе біреуге қатысты сезімі,өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас,сүйемелдеушілік сезімдері жатады. • 4. Құрметтеу қажеттілігі - өзін-өзі құрметтеу, жеке басыныңжетістіктері, біліктілігі, басқалардың өзін құрметтеуі жатады. • 5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің жеке басының өсіп жетілуін,барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігі.

Мотивация түрлері


Ішкі мотивация
Сыртқы мотивация

Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады.

Сыртқы мотивация – мұнда кіріс,мәртебе, мансап секілділер жатады. Яғни, өз талпынысын соншалық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде,балл алу секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен.

Осыған орай мотивация жағдайында 2 түрлі сыйлыққа ие болады:


Ішкі сезімдік сыйлық
Сыртқы сыйлық
Ішкі сыйлықты жұмыстың өзі береді, яғни адамның өзінің жасаған еңбегіне іштей қанағаттануы.
Сыртқы сыйлықты ұйым береді, яғни орындалған жұмыстың бағалануы. Мысалы, еңбек ақы, қызметін жоғарылату,марапаттау, қосымша ақы төлеу жатады.

Қорытынды

  • Қорытындылай келе адам ішкі және сыртқы күштердің қысымымен айқын әрекеттерді жүзеге асырады. Бұл мотивация деген күштер жиынтығы әр адамда бірдей реакция шақырмайды. Сондықтан мотивацияны бір мағыналы сөзбен айту мүмкін емес.

Пайдаланған әдебиеттер
Ұйымдық мінез- құлық негіздері
Стивеен.П РоббинсТимати.А Джадж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет