Мұсылман-араб әлеміндегі құқықтық-саяси ілімдер



Дата23.09.2022
өлшемі0,86 Mb.
#40037

Мұсылман-араб әлеміндегі құқықтық-саяси ілімдер-дің дамуы рулық-тайпалық қатынастардың әлсіреп, феодалдық қатынастардың қалыптаса бастаған VII–X ғасырлар аралығына тура келеді.
Мұсылмандық саяси-құқықтың қалыптасуы мен дамуына қасиетті Құран және Сунна ерекше әсер етті. Көп құдайлықтан бас тартқан арабтар исламды басты дін тұтып, бір ислам идеологиясы аясына топтасып, күшті мемлекет – халифат орнатты.
Жүсіп Баласағұн– көрнекті түркі философтарының бірі .Шығыс Араб-Мұсылман елдеріндегі саяси ойлардың тарихы тақырыбы – моральдық-этикалық мәселе. Жүсіп Баласағұн жазған моральдық-этикалық мәселе адам өмірінің тамаша жағдайын, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-катынас ережелерін көрсетеді.
Философтың пікірінше, мемлекеттің пайда болуы қоғамдық дамудың бір көрсеткіші болып табылады. Мемлекет күш пен билеуге сүйеніп, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырады. Сыртқы саясатта мемлекет өзінің дербес позицияларын сақтайды, ал ішкі саясатта ол тайпалардың тығыз бірігу функциясын жүзеге асырады, зандар мен тәртіптің іске асырылуын қамтамасыз етеді, халықтан салық жинайды, оның тәуелсіздігін қамтамасыз ететін әскер құрады.
Сапарғали Аружан
1) Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы. Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің бар ақылойын христиан дінінің қасаң қағидаларын негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісіне айналды. 2) Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан.
Орта ғасыр философиясы – адамзат дүниетанымының даму кезеңдерінің бірі.
Араб мұсылман философиясының бағыттары:
Шығыс перипатетизмі – араб философиясындағы Аристотельдің идеяларын дамытушы бағыт.Шығыстық перипатеттизм өкілдері - Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн - Сина, Ибн Рушд және т.б.
Калам ІХ ғ. басында қалыптасқан және силлогизм мен аналогияға арқа сүйеген араб - мұсылман философиясының бағыты, оның негізі діни беделге сүйену емес, философиялық қағидаға сүйену.
Суфизм –. Исламдағы мистикалық аскеттік бағыт. Олар байлыққа және кедейлікке талпынбайтын әлеуметтік активтіліктен аулақ болды. Олар Аллаға махаббатын мистикамен түсіндірді.
Сапарғали Аружан
Саяси ойшыл Ибн Халдун (1332-1406) өзінің «Өсиеттер кітабында» қоғамдық өмір заңдылықтарын зерттеу ерекше ғылым саласы деп көрсетті. Ол діни көзқарастарға бейім болса да ғылымдық негіздерге де жол берген. Қоғамның дамуын екі фазаға бөлген: жер мен мал шаруашылығы дамитын «ауылдық тұрмыс», қолөнері мен сауда дамитын «қала тұрмысы». Әр фазаның өзіне тән билеушісі бар. Біріншісінде көсемдер мен билігі шектеулі старейшиндер, екіншісінде мемлекет басында шексіз билігі бар патша отырады. Мемлекеттің мәні жекеменшікті қорғауда деп тұжырымдады. Мемлекеттің құрылу, ыдырау және күйреу процесінде географиялық факторларға, әсіресе ауа райы жағдайларына көп назар аударды.
Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) «Тамаша қала тұрғындарының көз-қарастары туралы» деген саяси трактатында мемлекеттің шығуы, қызметі проблемалары өзара байланыста қарастырылады. Мемлекет адамдардың өз қажеттерін мүмкіндігінше жақсы құру мақсатымен бірігуі арқылы қалыптасады дейді. Қысымға, өктемдікке негізделген, сыңаржақ адам басқарған мемлекетті айыптады.
Сапарғали Аружан
Батыс Еуропа тарихында ортағасыр тарихы ең ұзақ кезеңді (V–XVI) қамтиды. Батыстағы саяси-құқықтық идеялардың қалыптасуы үлкен таптық қайшылықтарға толы, құқықтық институттардың пайда болуымен және мемлекеттік тәртіптердің қалыптасу процесімен қатар жүрді.
Батыстағы саяси ойлардың дамуы мен қалыптасуын үш кезеңге бөлді:
1)Ерте феодалдық (V–XI ғғ). Бұл уақытта қоғамда феодалдық қатынастар енді ғана қалыптасып, жаңа қоғамдық-экономикалық формацияның негізі қаланған уақыт еді.
2)Феодалдық қатынастардың шарықтап дамыған (XI–XV ғғ.) тұсына және орталықтандырылған сословиелік-монархияның орнауына тұспа-тұс келеді.
3)(XVғасырдың аяғы – XII бас кезі) феодализмнің аяғы, капиталистік қатынастардың енді пайда бола бастаған кезі
Ортағасырлық Еуропаның саяси және рухани өмірінде папство өзінің шарықтау шегіне ХІІІ ғасырда жетті. Оның ерекше дамуына үлкен үлес қосқан доминикандық теолог-ғалым Фома Аквинский. Аквинскийдің еңбектері сол замандағы шіркеу билігінің ресми идеологиясына айналған еді. Аквинский өз саяси доктринасының негізі етіп Аристотельдің идеяларын қабылдады. Әсіресе, оған Аристотельдің мемлекет туралы идеясы құба-құп келді. Аквинский Аристотельдің «адам саяси хайуан» ұғымын басты назарға ала отырып, адамдардың әу бастан бірігіп мемлекет құруға ұмтылысы олардың табиғатынан, өйткені адамдар жеке-жеке жүріп өз қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да олар мемлекет құруға ынталы болды дейді.
Сапарғали Аружан
Қорытынды
Саяси ілімдер де адамзаттың рухани және күнделікті саяси тұрмыс тіршілігінде маңызды рөлге ие болған. Ол өмірдің жан-жақты саяси шындығы мен қайшылықтарын өрнектеуде қалтықсыз қызмет атқарып келеді. Саяси ілімдер қоғам мүшелерінің саяси мәдениетін айқындайды. Сондықтан да қоғамның саяси мәдениеті адамзаттың төрт мың жыл бойы қалыптасқан саяси ілімдер тарихынсыз дамуы мүмкін емес. Саяси ілімдер қоғамның, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаның қалыптасуын және олардың саясат субъектісіне айналу тарихын, саясатқа саналы түрде араласуының және саяси билік үшін күреске қатысу кезеңдерін ашады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • http://iph.kz/doc/ru/722.pdf
  • Әбдіғалиев Б.Б., Жамалов Қ. Ж., Сатершинов Б.М. Саяси ой тарихы. – Алматы, 2003.
  • Боргош Ю.Ф. Фома Аквинский. – М., 1975.
  • История политических и правовых учений. Средние века и Возрождение. – М., 1986.
  • Фома Аквинский. Антология мировой философии. – М., 1969.
  • История политических и правовых учений / под ред. В.П. Малахова, Н.В. Михайловой. – М., 2007.


Сапарғали Аружан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет