Мухамедин М. М. Әлеуметтік



бет1/27
Дата16.06.2022
өлшемі138,78 Kb.
#36951
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті


«Мәдениет және спорт» факультеті
«Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасы



Мухамедин М.М.


«Әлеуметтік-мәдени менеджмент және маркетинг
теориясы мен тәжірибесі»
пәнінен лекциялар тезисі



6В11121 - «Продюсер және театр қойылымдарының технологиясы»
6В11124 - «Мәдени-тынығу қызметі және эстрадалық ән салу» ББ
бойынша білім алушыларға арналған


Шымкент, 2021


1 тақырып. Менеджмент басқару жүйесі ретінде
Лекция 1
1. Менеджмент туралы түсінік және оның мәні.
2. Менеджмент басқару жүйесі және арнайы қызмет түрі ретінде.

Лекция 2
3.Қазіргі күнгі менеджменттің теориялық - әдіснамалық негіздері.


2.Әлеуметтік - мәдени басқарудың негізгі құраушылары: мақсаты мен міндеті, құрылымы, қызметі, қағидалары, әдістері.


1.Қоғамды ғылыми басқару бұл - алға қойған мақсаттарға жету, оның оңтайлы жұмыс істеуі мен өркендеуін қамтамасыз ету, танып-білу мен жүйеге тән объективті заңдылықтар мен беталыстарды қолдану негізінде адамдардың қоғамдық жүйенің тұтас немесе жекелеген топтарына жүйелі сапалы, мақсатты ықпал етуі. Қоғамды басқару  бұл дегеніміз қоғамның прогрессивті беталыстарын анықтай отырып, оны өркендету және бағыттау, яғни осы беталыстарға сәйкес оның қозғалысын жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және бақылау.
Түбегейлі экономикалық реформаны іске асырып отырған біздің ел, жаңа сапалы қоғамдық жағдайға жету үшін халық шаруашылығының әртүрлі саласындағы артта қалушылық пен бүлінушілікті жеңуді жалғастыруда.
Біздің мемлекетіміздің материалдық-техникалық базасының нығаюы тұрғындардың білім және мәдени деңгейінің елеулі көтерілуіне мүмкіндік береді. Ал демократияның одан әрі дамуы мәдениет мекемелерін басқаруды жетілдіруді қажет етеді.
Мәдениет мекемелерін басқарудың қазіргі деңгейі елдің жоғары оқу орындарында мамандарды басқаруға, ұйымдастыруға және экономикалық басқаруға дайындау сапасын жетілдіруді талап етеді. Мәдени-тынығу мекемелерін басқару мәселесіне аса көңіл бөлу қажет, себебі дипломды маман  мәдени-тынығу жұмыстарының менеджері, мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару мәселелерін бағдарлай, мәдени - тынығу жұмысын күнделікті басқаруды іске асырып және мәдени-тынығу мекемелері экономикасы мәселелерін түсіне білуі керек.
ЖОО студенттері үшін, осындай білім, біліктерін қалыптастыратын пәндердің бірі «Мәдени-тынығу жұмысы саласындағы менеджмент, маркетинг» пәні болып


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет