Муканова асель сериковна


Тақырыптың ғылыми-зерттеу жобалармен байланысы



бет10/42
Дата05.09.2022
өлшемі5.36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Тақырыптың ғылыми-зерттеу жобалармен байланысы. Диссертациялық жұмыс келесі ғылыми-зерттеу гранттарының аясында орындалды:

  • «Қазақ тілінің жазбаша және ауызша сөйлеулерін тану және тудыруды автоматтандыру» ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу гранты (мемлекеттік тіркеу нөмірі №0112РК02251);

  • «Оқыту, білімді бақылау және бағалау интеллектуалды жүйесі» ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу гранты (мемлекеттік тіркеу нөмірі №0113РК01423).

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу. Диссертациялық жұмыстың негiзгi нәтижелерi және зерттеулердің нәтижелері келесі шетелдік, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып талқыланды: «Education, Research & Development» халықаралық конференциясы (Бургас, Болгария, 2012 ж.); 6 Халықаралық «Soft Computing and Intelligent Systems» конференциясы (Кобе, Жапония, 2012 ж.); Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың 75 жылдық мерейтойына орай «Қазіргі қазақ тіл білімі: қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Алматы, Қазақстан, 2012 ж.); II Халықаралық «Open Semantic Technologies for Intelligent Systems» ғылыми-техникалық конференциясы (Беларусь Республикасы, Минск қ, 2013 ж.); І Халықаралық "Түркі тілдерін компьютерлік өңдеу" TURKLANG-2013 конференциясы (Астана, Қазақстан, 2013 ж.); Қоғамды ақпараттандыру ІV халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Астана қ. 2013 ж.); ІI Халықаралық "Түркі тілдерін компьютерлік өңдеу", конференциясы (Стамбул, Түркия, 2014 ж.); OSTIS-2015 Open Semantic Technologies for Intelligent Systems конференция (Беларусь Республикасы, Минск қ. 2015 ж.); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жасанды интеллект» ғылыми-зерттеу институтының семинарлары.
Сонымен қатар диссертациялық жұмыс нәтижелері Белоруссиялық мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінің ақпараттық технологиялар және басқару факультетінің интеллектуалды ақпараттық жүйелер кафедрасындағы өтетін аспиранттардың семинар сағаттарында, 03.06.13 күні Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткен жазғы мектебінде тыңдалды және жағымды бағаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет