Муканова асель сериковна



бет20/42
Дата05.09.2022
өлшемі5.36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Фреймдік жүйелерде шешімдерді шығару
Фреймдік тәсілдеме дегеніміз білімдер жүйеде берілген кластың объектілері немесе жағдайлары жөнінде ақпараты бар жекелеген білімдер кластерлерінде немесе ішкі құрылымдарда бейнеленеді дегенді білдіреді. Сол себепті де жүйенің жағдайды түсінуі дегені қарастырылып отырған жағдайды ең жақсы тәсіл арқылы бейнелейтін құрылымдар ішінде іздеу дегенді білдіреді. Ол үшін слоттар қандай да бір ақпаратпен толтырылады, ал толған фрейм берілген жағдайға баламалылығы үшін тексеріледі. Сәйкес келмеген жағдайда жаңа фрейм ізделініп, үдеріс жалғасады.
Осылайша фреймдік жүйеде болатын негізгі үш үдерісті көрсетуге болады:
– фрейм экземплярын құру. Фрейм экзмеплярын құру үшін қажетті фреймді табу керек және оның слоттарын қарастырылып отырған жағдайдың ерекшелігін сипаттайтын ақпараттармен толтыру керек;
– фреймдерді активтеу. Фрейм берілген жағдай үшін лайықты деп табылған жағдайда, оны глобалды үдеріс арқылы активтеу жүзеге асады. Егер фрейм қарастырылып отырған жағдай ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, онда басқа фрейм ізделінеді;
– шешім шығаруды ұйымдастыру. Фреймдер желісінде тізбекті іздеуді жүзеге асыра отырып, лайықты деген фреймді тауып, оның негізінде фрейм экземплярын құру.
Семантикалық желілерде шешімдерді шығару
Семантикалық желілер арқылы объект атрибуттарына қатыстыт білімдерді бейнелейді. IS-A және PART-OF қатынастарын қолдана отырып, объектінің белгілі бір мінездемеге немесе қасиетке ие екендігі туралы оқиғаны шығаруға болады. Ол дегеніміз, иерархиялық құрылымның жоғарғы дейгейінде орналасқан оқиға өзінен төменгі деңгейде орналасқан түйіндердің ақиқаттылығын білдіретін алғышарттар негізінде IS-A қатынасы арқылы көптеген оқиғалар жиынын шығара алады дегенді білдіреді.
Мұндай шығару түрі қасиеттерді мұралану, ал IS-A бұтағы қасиетті мұралану бұтағы деп аталады. Семантикалық желінің төбелері негізінен мәселелік облыстың объектілерін, концептілерін, жағдайларын көрсетсе, ал доғалар олардың арасындағы қатынасты көрсетеді.
Семантикалық желі үшін иерархиялық деңгейлер арасындағы атрибуттардың мұралануы үлкен мәселе болып табылады. Яғни, семантикалық желі арқылы алынған шешім қорытындысы логикалық формализм ретінде нақтылығына кепілдік бере алмайды.
Концептілердің түйісетін нүктелері арасындағы иерархиялық қатынасты көрсету үшін, соынмен қатар, концептілер мен олардың экземплярларын көрсететін түйіндер арсындағы байланысты орналастыру үшін IS-A қатынасы қолданылады. Ал концепт-төбе мен экземпляр-төбенің арасындағы байланысты көрсету үшін INSTANCE-ОF қатынасы қолданылады. Бұл мұралануға байланысты қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Семантикалық желіде бірдей семантиканы енгізу үшін процедуралық семантикалық желілер қолданылады. Бұл жағдайда семантикалық желі класс (түсініктер) негізінде құрылады, ал төбелер, доғалар (қатынастар) және процедуралар объект ретінде бейнеленеді.
Доғалармен (байланыстармен) жасалатын негізгі іс-әрекеттерді процедура деп анықтаймыз:
– байланыс орналастыру;
– байланысты жою;
– берілген доға арқылы байланысқан төбелер санын санау;
– берілген төбелер арасындағы байланыстың бар жоқтығын тексеру.
Сонымен қатар, төбелерге жасалатын негізгі іс-әрекеттерді де анықтайтын процедулар бар, олар:
– класс экземплярын анықтау;
экземплярды жою;
– классқа жататын экземплярлар санын санау;
– экземплярдың қандай да бір классқа жататындығын тексеру.
Осы процедуралардың арқасында семантикалық желілер арқылы процедуралық білімдерді бейнелеуге болады.
Семантикалық желінің негізгі ерекшелігі жүйенің тұтастығында. Семантикалық желіні түсіндіру ондағы қолданылатын процедуралар көмегімен анықталады. Бұл процедуралар бірнеше тәсілдерге негізделген, бірақ олардың ішіндегі ең қарапайымы ол – желілік құрылымның бөліктерін салыстыру тәсілі. Ол қойылған сұраққа сәйкес келетін ішкі желіні құрып, оны желінің білімдер базасымен салыстыруға негізделген.
Жүйеде айқын көрсетілмеген оқиғалар басқа білімдер негізінде шығарыла алады.
Семантикалық желілерде қолданылатын шешімдерді тудырудың ерекше түрі ол – қиылысу техникасы және таратылатын белсенділік әдісі. Бұл әдіс контекстерді өңдеу кезінде үлкен рөл атқарады. Мұндай үдеріс енгізілген пікірдің негізінде желіде қандай да бір қиылысу табылғанға дейін шығару тізбектерін барлық бағыт бойыншақұру арқылы жүзеге асырылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет