Муканова асель сериковна



бет26/42
Дата05.09.2022
өлшемі5.36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
FRL программалау тілі (Frame Representation Language).
Фреймге бағытталған тілдер класына жатады. FRL [98] тіліндегі фрейм дегеніміз-беске дейінгі ішкі құрылымдардан тұра алатын аты бар, ассоциативті тізімдер жиынтығы. Фреймдердің ішкі құрылымдары ретінде слоттар, аспектілер, деректер, комментарийлер және хабарламалар бола алады. FRL тілінде жеті аспектілер бар, олар: VALUE, DEFAULT, IF-NEEDED, IF-ADDED, IF-REMOVED, IF-INSTANTIAD, REQUIRE. VALUE аспектісінен алынған деректер слот мәні ретінде түсіндіріледі, ал DEFAULT аспектісінен алынған деректер – үнсіз келісім бойынша мән болып табылады. Қалған бес аспектілер фрейммен продуралды білімдерді байланыстырады. IF-ADDED аспектісінің процедурасы слотқа жаңа мәліметтер енгізілсе, ал IF-REMOVED аспектісінің процедурасы егер слоттан қандай да бір мәліметтер жойылған жағдайда іске қосылады. IF-NEEDED аспектісінің процедурасы фрейм экземплярларын құрған кезде іске қосылады. FRL тілінің маңызды қасиеті онда «қасиеттердің мұрагерлігі» механизмінің болуы, яғни пәндік облыстың барлық түсініктері білімдер базасында иерархиялық классификациялық жүйе түрінде ұйымдастырылады, мұнда әрбір жалпы (тектік) түсінік нақты (түр) түсінікпен байланыстыралады. Қасиеттердің мұрагерлігі механизмі қолданылады.
Дәстүрлі программалау тілдеріне арналған қолданбалы ішкі программалар пакеттері
Қазіргі кезде жасанды интеллект жүйелерін құрумен байланысы жоқ программалау тілдеріне (С++, С#, Java, Visual Basic.NET, Python) арналған мәтінмен және сөйлеу сигналдарымен жұмыс істеудің әртүрлі аспектілерін қолдайтын кітапханалар шоғыры көп. Бұл құралдардың көптеген бөлігі open-source лицензиялары (GPL, LGPL, Apache, MIT) бойынша таратылады немесе ғылыми-зерттеу және коммерциялық емес пайдаланушылар үшін тегін таратылады. Олардың ішіндегі ең кеңінен тарағандары – GATE, HTK, NLTK, NooJ, Apache OpenNLP.
Диалогты жүзеге асырудың нұсқалары
Диалогты үш деңгейде қарастыруға болады: жалпы (глобалды) құрылым, диалог типі мен шешетін мәселелер класын сипаттайды; тақырыптық құрылым, қандай да бір нақты есептің құрылымын бейнелейді; диалог қадамының құрылымы (локальді құрылым), диалогтың элементті актісінде қатысушылардың қарым-қатынасын көрсетеді.
Глобалды құрылым деңгейінде ТТ-жүйесінің қызметі шешілетін мәселелердің класына сәйкес анықталатын деңгейлер тізбегі түрінде беріледі.
Тақырыптық құрылым деңгейінде сценарий түрінде көрсетіледі және сценарий негізінде тілдесу үдерісінде шешілетін есептің құрылымы, ішкі мәселелерді тілдесудің қатысушылары арасында бөлінуі, пайдаланушыға үндеу жасау кезінде қолданылатын тілдік құралдары анықталады. Тақырыптық құрылымды беру әдісінің іш класы бар:

  • сценарий қатаң түрде берілген;

  • сценарий есепті шешу үдерісі барысында жүйе арқылы генерацияланады;

  • сценарийдің бір бөлігі қатаң түрде берілген, қалғандары жұмыс барысына генерацияланады.

Айтылымдарды түсіну компонентін жүзеге асырудың нұсқалары
Айтылымдарды түсіну талдау мен түсіндіруден (интерпретация) тұрады.
Талдау әдістеріне негізінен сөздер, сөйлемдер және мәтіндерді талдау жатады. Сөздерді талдау морфологиялық талдауға, орфографиялық қателерді табу мен түзетуге әкеледі. Морфологиялық талдау негізінде ТТ-жүйесінің кірісіне келіп түскен айтылымдардың әрбір сөз формаларынан грамматикалық категориялары белгіленген түбір сөздерді аламыз.
Сөйлемдерді талдау синтаксистік және семантикалық талдауға әкеледі. Бұл талдаулар жекелеген функционалды блок-анализаторларды іске қосу арқылы жүзеге асырылады. Мұндай анализаторларды дәстүрлі, концептуалды және үлгімен салыстыратын анализаторлар деп бөлуге болады.
Дәстүрлі анализаторлар сөйлемдерді қандай да бір белгіленген грамматикаға негіздей отырып жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай талдайды.
Концептуалды анализаторлар талданылатын сөйлемдерде табылған негізгі оқиға мәндеріне бағытталған талдау әдістерін қолданады. Мұндай тәсілдемені қолданатын ең мәлім анализаторлар ретінде концептуалды тәуелділік моделі мен басқару моделіне негізделген анализаторларды айтуға болады.
Үлгімен салыстыратын анализаторлар сөйлемді бір немесе бірнеше сөздер тізбегінен құралған үлгілер жиынымен салыстыруға негізделген. Мұндай үлгілерде тек қана тұрақты емес, сонымен қатар айнымалылар да болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет