Муканова асель сериковна


АНЫҚТАМАЛАР Диссертацияда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: Алгоритм



бет3/42
Дата05.09.2022
өлшемі5.36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
АНЫҚТАМАЛАР

Диссертацияда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:


Алгоритм (Әл-Хорезмидің атынан шыққан) – бастапқы берілген деректермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін мәселелерді шешу тәсілдерінің дәл сипаттамасы.
Архитектура – күрделі құрылым элементтерінің өзара байланысының концепциясы. 
Білім – білімдер базасында сақталатын және белгілі бір пәндік облыстың формалды сипаттамасын бейнелейтін ақпарат түрі.
Білімдер базасы – 1) білімдерге амалдар жасау үшін арналған деректер базасы; 2) белгілі бір пәндік облыс бойынша жинақталған білімдерді компьютерде бейнелеу үшін арналған семантикалық модел.
Білімдер базасын құру – пәндік облыстың формалды сипаттамасы.
Білімдерді бейнелеу – білімдерді компьютер жадында сипаттаудың моделдері мен әдістерінің жиынтығы.
Білімдер моделі – білімдерді білімдер базасында сипаттау.
Блок-схема – үдерістің графикалық бейнеленуі.
Бинарлы қатынас – екі жиын арасындағы қатынас.
Гиперграф – әрбір қабырғасымен тек қана екі емес, одан да басқа төбелер жиынтығымен байланысатын графтың жалпыланған түрі.
Графематикалық талдау – мәтін құрылымын мәтінді лексикалық бірліктерге бөлуге арқылы талдау.
Интеллектуалды жүйе – нақты бір пәндік облыс білімдері осы жүйе жадында сақталған және сол облысқа жататын есептерді шеше алатын программалық жүйе.
Етістікзаттың қимылын, іс-әрекеті мен амалын білдіретін сөз табы
Зат есім – заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы.
Математикалық модел – нақтылықтың математикалық көрінісі.
Морфология – дербес сөздердіңграмматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы.
Морфологиялық талдау – мәтін құрылымын мәтіндегі сөздердің морфологиялық мінездемелері мен олардың нормалды пішімдерін анықтау арқылы талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет