Муканова асель сериковна



бет39/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Нәтижесі: Сөйлем сұраулы, сөйлемде 4 сөз бар екендігін көрсетеді.
Морфологиялық талдау:
Сөздікте көрсетілген онтологияда қолданылатын түсініктер ішінен түбір сөздерді алу арқылы, морфологиялық талдау алгоритмі бойынша келіп түскен сұрақты морфологиялық талдаудан өткізіледі:
Нәтижесі:
Түбірі: зат есім (зат есім) Түбірі: септе (Етістік) 
-л (Етістіктен етістік тудыратын)
-е (Етістіктен етістік тудыратын)
-ді (ІІІ-жақ жіктік)
Синтаксистік талдау:
Қазақ тілінде сөз тіркестерін құрудың формалды ережелерін пайдалана отырып, «Зат есім септеледі» деген сөз тіркесінің қиысу екенін анықтайды.
Нәтижесі:
Сөз тіркестеріне талдау
Қиысу (зат есім, септеледі) 
қиысу (зат есім, септеледі), мұндағы dep=зат есім, dom= септеледі, сонда зат есім (S), септеледі (P), табу керек ?(X), яғни 7 кестеде көрсетілген 3-ші ережеге сәйкес келеді.
SPARQL сұратым түрі келесідей болады:
Select * where {kazont:зат_есім kazont:септеледі ?X}
Жүйенің беретін жауабы:
?(О) = Зат есім септеледі: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

  1. Септелген зат есім бұл?

Графематикалық талдау:
Нәтижесі: Сөйлем сұраулы, сөйлемде 3 сөз бар екендігін көрсетеді.
Морфологиялық талдау:
Сөздікте көрсетілген онтологияда қолданылатын түсініктер ішінен түбір сөздерді алу арқылы, морфологиялық талдау алгоритмі бойынша келіп түскен сұрақты морфологиялық талдаудан өткізіледі:
Нәтижесі:
Түбірі: септе (Етістік) 
-л (Етістіктен етістік тудыратын)
-ген (Етістіктен есімше тудыратын) 
Түбірі: зат есім (зат есім)
Түбірі: бұл (Сілтеу есімдігі)
Синтаксистік талдау:
Қазақ тілінде сөз тіркестерін құрудың формалды ережелерін пайдалана отырып, «Септелген зат есім» деген сөз тіркесінің қабысу екенін анықтайды. Қабысудың dep бөлігі есімше болғандықтан, сөз тіркесін қиысуға келтіреміз.
Нәтижесі:
Сөз тіркестеріне талдау
қабысу (септелген,зат есім), сонда
қиысу (зат есім, септеледі), мұндағы dep=зат есім, dom= септеледі, сонда зат есім(S), септеледі(P), табу керек ?(X), яғни 3.1 кестеде көрсетілген 3-ші ережеге сәйкес келеді.
SPARQL сұратым түрі келесідей болады:
Select * where {kazont:зат_есім kazont:септеледі ?X}
Жүйенің беретін жауабы:
?(О) = Септелген зат есім бұл: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі зат есім.
Біз жоғарыда сипаттаған сұратымда тек қана бір сөз тіркесі кездесті, ал табиғи тілдік мәтінде бір сөйлемде бірнеше сөз тіркестері болуы мүмкін және олар бірінің ішіне бірі кіріп, күрделі болуы мүмкін. Мысалы: Жалпы зат есімнің анықтамасын айтыңыз? Септік жалғауының түрлерін көрсетіңіз? т.б. осы сияқты сұрақтарда жалпы зат есім деген сөз тіркесі қабысу болса, осы жалпы зат есім мен анықтамасы деген сөз тіркесі матасу болып тұр. Ондай кездерде біз алдымен білімдер базасынан зат есім деген түсінікті тауып, оның жалпы деген түрі бар ма екендігін тексеруіміз қажет, егер қабысуға қатысты көрсетілген ережелердің біріне сәйкестік табылса, онда табылған түсініктің анықтамасын немесе түрлерін деген сияқты ары қарай анықтау қажет болады. Ол үшін білімдер базасында логикалық ережелер болуы қажет.
Логикалық ереже дегеніміз түріндегі өрнек, мұндағы , аnтриплеттерден тұрады. Өрнектің сол жағы ереже болса, оң жағы одан шығатын нәтиже.
Онтологияда логикалық ережелер ретінде онтология қасиеттерінің мінездемелерін, класстар арасындағы эквиваленттілікті, қарапайым қасиеттерін алуға болады. Олардың ережелері төменде көрсетілген:

  • (?c1 rd s:subClassO ?c2) ˄ (?c2 rd s:subClassO ?c3) → (?c1 rd s:subClassO ?c3).

  • Мысалы: (Ырықсыз етіс rd s:subClassO Етіс) ˄ (Етіс rd s:subClassO ?Етістік) → (Ырықсыз етіс rd s:subClassO Етістік).

  • inverseOf: (p1, owl:inverseOf, p2) (s, p1, o) (o, p2, s). Мысалы: (түрі бар, owl:inverseOf, түрі болып табылады) (зат есім, түрі бар, жанды) (жанды, түрі болып табылады, зат есім).

  • TransitiveProperty: (p, rdf:type, owl: TransitiveProperty) (X, p, Y) (Y, p, Z) (X, p, Z).

  • Мысалы: (түрі, rdf:type, owl: TransitiveProperty) (Жалғау, түрі, Септік) (Септік, түрі, Барыс) (Жалғау, түрі, Барыс).

  • FunctionalProperty: (p, rdf:type, owl: FunctionalProperty) (s, p, o) (s, p, o).

  • InverseFunctionalProperty: (p1, owl: InverseFunctionalProperty, p2) (s, p1, o) (s, p1, o) и (o, p1, s).

  • SymmetricProperty: (s, p1, o) (o, p1, s).

  1. Септік жалғаудың түрлерін атаңыз?

Графематикалық талдау:
Нәтижесі: Сөйлем сұраулы, сөйлемде 4 сөз бар екендігін көрсетеді.
Морфологиялық талдау:
Сөздікте көрсетілген онтологияда қолданылатын түсініктер ішінен түбір сөздерді алу арқылы, морфологиялық талдау алгоритмі бойынша келіп түскен сұрақты морфологиялық талдаудан өткізіледі:
Нәтижесі:
Түбірі:септік (зат есім) Түбірі: жалғау(зат есім) 
-ы (ІІІ жақ тәуелдік)
-ның (ілік септігі) 
Түбірі: түр(зат есім) 
-лер (көптік)
-і (ІІІ жақ тәуелдік)
-н (табыс септігі) 
Түбірі: ата(Етістік) 
-ңыз (ІІ жақ тәуелдік
Осы сұрақты RDF- модел түрінде бейнелеу 25 суретте көрсетілген.



25 сурет – Сұрақтың RDF модел түрінде бейнеленуі


Синтаксистік талдау:


Нәтижесі:
Қазақ тілінде сөз тіркестерін құрудың формалды ережелерін пайдалана отырып, сөздер арасындағы байланысты анықтау 26 суретте көрсетілген.

26 сурет – Cөздер арасындағы байланысты анықтау




Сөз тіркестеріне талдау
матасу (қабысу (септік, жалғау), түрі)
қабысу (септік, жалғау), мұндағы dep=септік, dom= жалғау, матасу (қабысу (септік, жалғау), түрі) мұндағы dep=септік жалғауы, dom= түрлері, сонда септік жалғау(S), түрлері (P), табу керек ?(X).
SPARQL сұратым түрі келесідей болады:
Select * where {kazont:септік rdfs:subClassOf kazont:жалғау; kazont:түрі ?O}
Жүйенің беретін жауабы:
?(О) = Септік жалғауының түрлері: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Осындай логикалық ережелерді пайдалану арқылы Қазақ тілі табиғи тілде сұрақ‑жауап жүйесінде күрделі тіркесті сұрақтарға жауап алуға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет