Муканова асель сериковна


Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері



бет7/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне табиғи тілді формалдау мен өңдеуге қажет математикалық моделдеу мен әдістер, тілдер мен автоматтар теориясы, графтар теориясы және информатика ғылымының жасанды интеллект, компьютерлік лингвистика саласында қолданылған басқа да әдіснамалар мен теориялар жатады.
Ғылыми зерттеу әдістері:

  • зерттеудің теориялық әдістері: жүйелік талдау, салыстыру, моделдеу және сыныптау әдістері;

  • зерттеудің практикалық әдістері: табиғи тілді өңдеу, формалдау, білімдерді бейнелеу, алгоритмдеу әдістері;

  • технологиялық әдістері: ақпараттық жүйелерді жобалау мен жүзеге асыру, программалау және тәжірибе мен сынақтан өткізу әдістері.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыста алғашқы рет қазақ тілі грамматикасы пәндік облысының сөзпішім (жалғаулар) деңгейінде ғана емес, сөзжасам (жұрнақ) деңгейінде де морфологиялық ережелердің онтологиясы құрылып, ондағы білімдерді формалды бейнелеу үшін морфологиялық ережелердің құрылымдық (сөзпішім) деңгейінде жасырын болатын, ал семантикалық (сөзжасам) деңгейінде ғана белгілі болатын жұрнақтардың семантикалық белгілерін сипаттауға мүмкіндік беретін төбелерінде атомдар емес, фреймдер болатын семантикалық гиперграф тұрғызылды. Бұл семантикалық гиперграфтар осы бағыттағы мәселелердің шешімін табу кезінде басқа моделдерге, мысалы формалды грамматикаларға, қарағанда сипаттау күші мықты болады және олар тікелей программалық жүзеге асырылады. Нәтижесінде қазақ тіліндегі мәтіндерді семантикалық өңдеу үшін морфологиялық талдауды автоматтандыру алғаш рет сөзпішім– жалғаулар деңгейінде ғана емес, сөзжасам – жұрнақтар деңгейінде де, жүзеге асырылды. Морфологиялық талдауды осылай жүзеге асыру қазақ тілі үшін жаңа нәтиже болып табылады, себебі қазіргі таңда қолданылып жүрген мәтіндерді өңдеу жүйелері тек қана жалғаулардың түрленуін қарастырады, өйткені морфема ретінде сөздің негізі алынады. Ал ұсынылып отырған морфологиялық талдауда морфема ретінде сөздің түбірі алынады. Сонымен қатар, қазақ грамматикасы пәндік облысының білімдер базасы жасалып, білімдерді семантикалық өңдеудің моделі мен әдісі тұрғызылып, қазақ тілінде диалог жүргізетін интеллектуалды сұрақ – жауап жүйесі даярланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет