Муканова асель сериковна


Зерттеудің практикалық құндылығы



бет8/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеудің нәтижесінде алынған қазақ тілінің морфологиялық және синтаксистік ережелерінің онтологиялық моделдері, пәндік облыстың онтологиялық моделі көптеген ғылыми зерттеулер мен ақпараттық технологиялардың негізі бола алады. Оларды қолданушымен қазақ тілінде қарым-қатынас жасайтын, іс жүргізе алатын ақпараттық технологиялар мен интеллектуалды жүйелерді дайындауда және телекоммуникациялық жүйелерде қазақ тіліндегі ақпаратты дұрыс қабылдау, беру мен өңдеуде қолдануға болады. Қазақ тіліндегі мәтіндерді семантикалық өңдеудің әдістері мен алгоритмдерін қазақ тілін компьютерлендірудің әртүрлі мәселелерін шешу кезінде қолдануға болады. Қазақ тілін компьютерлендіру оған болашақта оның техникалық прогресске бейімделуі мен ақпараттық құрал ретінде ойып орын алуына, ғылым, техника, технология және басқа салаларына байланысты қазақ тілінің дамуына әсерін тигізеді және ең бастысы қазақ тілінің мәні мен рөлін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық қарым-қатынастар және адам мен компьютер арасындағы байланыс (интерфейс) тілі ретінде арттырады.
Ғылыми зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі. Ғылыми зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі, ұсыныстар мен қорытындылары зерттеудің сәйкес әдістерін дұрыс қолданумен анықталады және зерттеуде ұсынылған әдістемесінің тәжірибелік нәтижелерімен құпталады. Ғылыми нәтижелер ғылыми басылымдар мен конференцияларда сынақтан өтті. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі білімдерді семантикалық өңдеу үшін қазақ тілі грамматикасы пәндік облысы бойынша білімдер базасы жасалып, қазақ мәтініндегі сөздерді жалғаулармен түрлендіру, жұрнақтармен тудыру ережелерінің және сөзтіркестерді құру ережелерінің онтологиялық моделдері құрылып, білімдерді формалды бейнелеу үшін семантикалық гиперграф қолданылып, морфологиялық және синтаксистік талдау алгоритмдері мен программалары құрылды, білімдерді семантикалық өңдеу моделі мен әдісі анықталып, қазақ тілі грамматикасы бойынша интеллектуалды сұрақ‑жауап жүйесі жүзеге асырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет