Мультимедиалық окыту деген не? Қандай түрлері бар?



Дата06.01.2022
өлшемі27,16 Kb.
#15076
түріПрограмма

  1. Мультимедиалық окыту деген не? Қандай түрлері бар?

Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.

Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларын қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді. Мультимедианың бағдарламалық құралдары – кез келген типті ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн компьютердiң бағдарламалық жабдықтары.

Мультимедиалық ресурстар - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер.

Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлiк технологиялардың өркендеуi нәтижесiнде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық (мәтiндiк, кестелiк, графиктiк) және динамикалық (анимациялық, бейнелiк), дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды iске асырады. Оның жалпы сипатын 1-ші суреттегiдейбейнелей аламыз.



  • мәтін

  • бейне кесте

  • ақпарат, дыбыс сурет

  • анимация,сұлба,графика


Мультимедианы құрайтын әртүрлi типтi ақпараттар
Қазiргi таңда электрондық оқулықтарды, компьютерлiк оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелiк оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту процесiндегi инновациялық әдiстердi жүзеге асыратын бiрден бiр жаңа ақпараттық технология болып саналады.

Мультимедиа түрлiше ақпаратты ұсынудың немесе пайдаланудың әртүрлi әдiстерiн қолдануға мүмкiндiк бередi. Бiз қазiргi күнге дейiн мультимедианың кейбiр түрлерiн күнделiктi тұрмыста қолданып келдiк. Мысалы, теледидар және кино - мультимедианың құрамдас бөлiктерi.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Пайдаланушылар бұл технологияның жекелеген элементтерiн атауда «мультимедиа» сөзiн қосарлана қолданып келедi. Мысалы, мультимедиа бағдарламасы, мультимедиа өнiмi, мультимедиа қызметi т.б. Мұнда мультимедиа ақпараттық технологиялар кешенiнен құралатындықтан оның жекелеген элементтерiн атау кезiнде «мультимедиалық» сын есiмiн қосарлана қолдану дұрыс деп санаймыз (мультимедиалық бағдарлама, мультимедиалық өнiм т.б.). Ал, жалпылай тек «мультимедиа» деп атауға болады.

Гипермедиа (гиперорта) ұғымы – көптеген шет елдiк зерттеушiлер мультимедиа және гипермедиа ұғымдарын бiр мағынада қарастырады. Мұнымен қатар, кейбiр ғалымдар мультимедиа ұғымын гипермедиа ұғымының құрамына кiргiзедi. Мысалы, И.Браун «гипермедиа - мультимедианың сызықты емес түрде ұсынылған жиынтығы» деген пiкiр айтады. Бiздiң пiкiрiмiзше, мультимедиа - пайдаланушыға әртүрлi типтi ақпараттарды бiрiктiрiп ұсыну технологиясы болса, гипермедиа - пайдаланушының түрлiше типтi ақпараттардың бiрiнен екiншiсiне оңай ауысуын жүзеге асыру технологиясы.

Мультимедиалық ақпарат түрлерiн (мәтiн, графика, анимация, дыбыс, бейнеақпарат т.б.

Бейнеақпарат (Видеоинформация) - түрлі-түсті кескіндер түрінде берілетін ақпарат (фотографиялар, суреттер және т.б.).

) өзара байланыстыру нәтижесiнде гипермедиа

технологиясы пайда болды. Оқу материалын дәстүрлi, яғни, сызықтық түрде ұсынуға қарағанда, гипермәтiндi немесе гипермедиалы түрде ұсыну тақырыпты ауқымды қамтуды жүзеге асырады. Осыған байланысты, гиперсілтеме, гипермәтін түсініктеріне де тоқталайық.

Гиперсілтеме – компьютердегі пайдаланушының бір орындағы ақпараттан екінші орындағы ақпаратқа ауысуы үшін жасалатын сілтеме. Гипермәтiн – әртүрлi мәтiндiк ақпараттардың бiрiнен кез келгенiне сызықтық емес формада ауысу технологиясы. Гипермәтiн ұғымын 1965 жылы американдық ғалым Т.Нельсон енгiзген. Оның айтуынша «гипермәтiн – сызықтық емес түрде байланысқан жазбалар».

Гипермедиа (гиперорта) – компьютер экранына текстографиялық тораптарды ғана емес, анимация, графика, дыбыс, бейнеөнiмдердi де гипермәтiндiк жүйе ретiнде ұсынатын технология.Гипермедиа белгiлi бiр тақырыптық ақпаратты бiр мезгiлде мәтiн, график, сурет, дыбыс, бейнеөнiм түрiнде байланыстыра алады. Гипермедиадағы басты ерекшелiк әртүрлi арналармен жүретiн ақпарат келiсiлген болуы керек, яғни, бiр арнадан қабылданған ақпарат басқа арнадағы ақпаратты қабылдау мүмкiндiгiн шектемей, керiсiнше, ұлғайту керек.


  1. Технология деген сөздін мағынасы?

«Технология» түсінігін қарап шықсақ, ол – «өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып – күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті – практикадағы ең тиімді өндірістік процесті анықтау және оны пайдалану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және де басқа заңдылықтарды анықтау». Оқытудың компьютерлік технологиялары – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдарының жиыны.

Білім беруде компьютерлік технологияларды оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программалық - әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырылады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың нәтижелік бақылаудың жаңа моделдерін (баяндама, есеп беру) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Мультимедиалық технологиялар білім алушының сезім компоненттеріне әсер ету арқылы тиімділігін арттыра отырып, оқыту үрдісін жандандыра түседі. Қазіргі таңда мультимедиалық технологиялар білім беру процесін ақпараттандырудың перспективті бағыты болып табылады. Программалық, әдістемелік және материалдық қорларды жетілдірумен қатар, ұстаздар құрамының білім сапасын көтеруде қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың ұтымды перспективасы көрінеді. Мультимедиа бұл қазіргі заманғы техникалық және программалық құралдардың интерактивті қолданылуы, ол текст, дыбыс, графика, фото, видеоның барлығын біріктіріп, оларды цифрлық түрде ұсынады. Гипермедиа бұл мультимедиалық объектілер арасындағы байланысты орнататын гипертекстік сілтемелері бар компьютерлік файлдар. Мектептерде компьютерлік сыныптарды ұйымдастыруда Интернет - технологиялар тартымды болып келеді , бірақ артықшылықтармен қоса , жетіспеушіліктер де бар: ол - байланыс желісіндегі ақаулықтар, байланыс мүмкіншілігінсіз жұмыс істеу. Бұндай ақаулықтарды оптикалық компакт дискілерді (CD ROM, DVD) қолданумен жойылады. Дайын бағдарламалық өнімдер , электрондық оқулықтар және кітаптар оқу нәтижелілігін жоғарылатады. Мұғалімнің ақпарат іздеуде, хабар алуында және әріптестерімен қарым - қатынаста көмекші құрал Интернет болып табылады.

3. Мультимедиалық технология дегенді қалай түсінесіз?

Мультимедиа компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.

Кез келген қарым-қатынас тілінде әртүрлі мағынада қолданылатын сөздер бар. Сол секілді «мультимедиа» сөзін де бірнеше мағынада қолдана аламыз.

Яғни, мультимедиа –

– әртүрлі типті ақпараттарды өңдейтін құралдарды жасаудың, пайдаланудың тәртібін анықтайтын технология;

– әртүрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсыну технологиясы негізінде құрылған ақпараттық ресурс;

– түрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсынуға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалық жабдық;

– пайдаланушыға барынша тиімді әсер ету мақсатында түрлі бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрі.

Мультимедиалық технологиялар - әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен тәсiлдер)жиынтығы.

Бiлiм берудегi мультимедиа- бiрiншiден, таным процесiнiң жоғарылауына септiгiн тигiзетiн, екiншiден, бiлiм беру мазмұнын интерактивтi формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.

. Мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалану. Үшiн оның психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:

– Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшелiктерiн ескеру.


– Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың эмоциясына әсерiн бақылау.


– Оқу материалдарын пайдалану кезiнде тұлғаның ойлау қабiлетiн аттыруға қозғау салу.


– Экрандық оқу материалдарын пайдаланудың қалыпты деңгейiн студенттер мен оқушылардың ойлау жүйесiне күш түсiрмейтiндей деңгейде сақтау.



Мультимедиалық технологияларды бiлiм беруде қолдану мынадай педагогикалық мақсаттарға бағытталады:

1) Ақпараттық қоғамда студенттiң, оқушының тұлғалық iс-әрекетiн дамыту:

– жеке тұлғаның ойлау деңгейiн жоғарылату, оның бойында бiлiм қорын қалыптастыру мақсатында психологиялық-педагогикалық әрекеттер қарқынын арттыру;

– қабылдау, есте сақтау секiлдi iс-әрекеттердi жүзеге асыру iскерлiгiн қалыптастыру және дамыту;

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

имитациялау, модельдеу процестерiн ұйымдастыру негiзiнде студенттер мен оқушылардың эксперименттi-зерттеушiлiк қызметтерді орындау ебдейлігін қалыптастыру.

– Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi оқыту процесiнiң барлық деңгейiн жандандыру:

– мультимедиалық технологиялардың мүмкiндiктерiн пайдалану есебiнен оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн, сапасын арттыру;

– түрлi пәндiк ортада ақпарат өңдеу құралдарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты тереңдету;

– мультимедиа-ресурстарды тиiмдi пайдалану негiзiнде ашық бiлiм беру идеясын дамыту.

Қазiргi таңда өзiндiк iс-әрекеттi қалыптастыруда мультимедиалық технологиялар:

– микро және макроәлемдегі күрделi құбылыстар мен процестердi модельдеу арқылы оқытуды жүзеге асыруға;



– әртүрлi физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтiк т.б. өте жылдам немесе жай өтетiн құбылыстарды кез келген уақытта оқып үйренуге мүмкiндiк беру мәселелерiн шешуге бағытталуы керек.

Осы ұстаным бойынша мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде тиiмдi пайдаланудың мынадай алғышарттарын анықтауға болады: дидактикалық, психологиялық-педагогикалық, эргономикалық, техникалық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет