Н. Ж. Шаймерденова п І к І р б І л д І р г е н д е р



жүктеу 0.87 Mb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата24.03.2017
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

Ӛмірбекова Жамиля Қалдыбекқызы 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұлттық тіл және метафора 
(Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы 
бойынша)  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 2013 
 
 
 
 

 

 
УДК 811. 512.122 + 82. 03 -31 (894.342) 
ББК 81.2 Каз-7 
Ӛ - 44 
Кітап    Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  ғылыми 
кеңесінің шешімімен шығарылып отыр. 
 
Ж а у а п т ы     р е д а к т о р ы:  
                                      филология ғылымдарының докторы
                                      профессор Н.Ж. Шаймерденова 
 
П і к і р   б і л д і р г е н д е р: 
 
Филология ғылымдарының докторы, 
Доцент Г.О.Сыздықова                                   
 
филология ғылымдарының докторы,  
                                       профессор С.Қ.Әлісжанов 
                                      
                                      
 
Ӛ 44 ӚМІРБЕКОВА Жамиля Қалдыбекқызы 
Ұлттық тіл және метафора (Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы 
бойынша) Монография. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2009. 136 
б.  
 
 
ISBN 9965-31-238-91 
 
 
 
 
Монографияда  қазақ  ұлттық  әдеби  тілдің  қалыптасу,  даму 
жолдарына  ӛз  септігін  тигізген  белгілі  жазушы  Ә.Нұрпейісовтің  «Соңғы 
парыз»  романы  лингвистикалық  тұрғыдан  талданып  отыр.  Кітапта  қазақ 
әдеби  тілінде  метафоралардың  алатын  орны  және  орыс  тіліндегі 
аудармасындағы  кӛрінісі  мен  әдіс-тәсілдері  сипатталыды.    Кітап 
студенттер мен оқытушыларға, тіл мамандары, ғалымдарға, сонымен бірге 
кӛркем әдебиет мәселелеріне қызығушыларға арналған.              
 
 
 
 
ISBN 9965-31-238-91 
 
 

 

Алғы сӛз 
 
Қазақ  тіл  білімінде  кӛркем  әдебиет  тілін  зерттеу  –  бірнеше 
ғылым  түрлерінің  басын  біріктіретін  күрделі,  ерекшелігі  мол 
сала. Мұнда әдебиет теориясы мен поэтикасына, тіл ғылымының 
әдеби тіл, стилистика тарамдарына, сондай-ақ эстетика, ӛнертану, 
психология  ғылымдарына  қатысты  мәселелер  тоғысып,  бір-
бірімен  байланысып,  қиысып  жатады.  Қазақ  тіл  біліміндегі 
кӛркем  әдебиет  тілін  зерттеуге  қатысты    еңбектерді  қарастыра 
отырып,  кӛркем  әдебиет  стилистикасы  толық  қалыптасып  бітті 
деуге әлі ертерек, оған қатысты кӛптеген жайлар жӛнінде талас-
тартыс  пікірлер  әлі  де  болса  ӛз  шешімін  толық  таба  алмай  келе 
жатқандығын  байқадық.  Бұл  заңды  да.  Қай  ғылым  болсын, 
қалыптасу,  даму  кезеңін  басынан  жеңіл  ӛткізбейтіні  белгілі.  Ал 
қазақ  филологиясында  бұл  жӛнінде  кӛптеген  мәселелердің  басы 
әлі  күнге  дейін  ашылған  жоқ.  Кӛркем  әдебиет    тілін  зерттеудің 
біраз тәжірибелері жинақталып, айтарлықтай ғылыми табыстарға 
жетсе де, оларды жалпылап қорытатын кең кӛлемдегі теориялық 
тұжырымдаулар,  қарқынды    зерттеулер  қажеттігі  айқын.  Соның 
салдарынан  кӛркем  әдебиет  тілінің  кейбір  келелі  мәселелері 
зерттеу  аумағынан  сырт  қалып  қойды,  яғни  қазақ  тіл  білімінде 
кӛркем  әдебиет  тілін  зерттеудің  қазіргі  жағдайы,  салғастырмалы 
тұрғыда  кӛркем  әдебиет  стилистикасының  жүйелі  ғылыми-
теориялық тұжырымдамасын жасау қажеттігін дәлелдейді. 
Кӛркем шығарма тілін зерттеудің тіл ғылымы үшін маңызды 
болуының  ең  басты  себебі  –  ол  тілді  байытып,  толықтырып, 
дамытып отыратын негізгі арналардың бірі. Қазақ тілі кӛркемдігі, 
ӛткірлігі,  сұлулығы,  шешендігі  жӛнінен  кӛне  дәуірден  кең 
тараған,  әйгіленген  тілдердің  бірі  екені  мәлім.  Оның  осы  
қасиеттерін  одан  әрі  ұштап,  жетілдіріп,  мақсатты  бағытталған 
арнада  жұмсау  үшін  жазушы  шеберлігінің  сырын  сараптап, 
талдап түсіндірудің мәні зор. Сол арқылы қазақ тілінің ұшан теңіз 
байлығы одан әрі жарқырай ашыла түседі. 
Қазақстанда 
мемлекет 
тарапынан 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына    ауқымды  мәселелерді  зерделеу,  қазақтың  рухани 
мұраларын  әлемдік  деңгейде  салыстыра  саралау,  ұлттық 
шеңберде  қалып  қоймау,  зерттеу  нысанының  басқа  ғылым 
түрлерімен  байланысын  ашу  сияқты  міндеттер  қойылды. 
Сондықтан кӛркем шығарма тілін тек тӛлтума дүние ретінде ғана 

 

емес, әлемдік жалпыадамзаттық танымның  ӛзегі деп бағалау аса 
қажет.  Осы  орайда,  тілдік  құралдардың  транспозициясын, 
мәселен бір тілдік жүйедегі метафораның құбылуы мен тіларалық 
метафораның  транспозициясын  сабақтастыра  зерттеу  керектігі 
назарға  ілінеді.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  транспозицияны  тілдің 
динамикалық  жүйесінің  белсенді  процесінің  бірі  қарастыру  аса 
маңызды.  Тілдік  таңбалардың  бір  категориядан  екінші 
категорияға  ауысуы  –  тілдің  барлық  функционалдық  деңгейінде 
жиі  қызмет  атқаратын  әмбебап  құбылыс.  Сондықтан  да  тӛл 
әдебиетіміздің,  тіліміз  бен  әлемдік  әдебиет  айнасындағы  проза 
жанрының  дамып  жетілген  кӛркем  тілін  жетік  меңгерген 
жазушымыз 
Әбдіжәмил 
Кәрімұлы 
Нұрпейісовтің 
туындысындағы  метафораның  негізгі  ойды,  субъективтік 
кӛзқарас  пен  ұлттық  танымды  білдірудегі,  айқындаудағы  рӛлін, 
белгілі  жағдайға  байланысты  метафоралардың  транспозициясы 
(ӛзгеруі,  құбылуы),  сонымен  қатар  аталмыш  жазушының 
шығармасын екі тілде салыстыра зерттеу – бүгінгі күннің талабы. 
Негізгі  қарастырылатын  мәселелердің  бірі  –  Ә.  Нұрпейісовтің 
“Соңғы  парыз”  романын  орыс  тіліндегі  аудармасын  салғастыра 
талдау,  кӛркемдік  бейнелегіш  тәсіл  болып  табылатын 
метафораларды  аудару  кезінде  аудармашылардың  кездестіретін 
қиыншылықтарын  олардың  себебін  анықтау.  Әрине,  аудару 
кезінде  оларды  бейтарап  сӛздермен  алмастырып  қолдануға 
болады  және  автордың  стиль  ерекшелігін  сақтау  үшін  орыс 
тілінің экспрессивтік құралдарын барынша шебер пайдалана білу 
керек.  Осы  негізде  аударма  мәселесін  лингвистикалық  аспектіде 
қарастыру ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады. 
Шығарманың  тілін  лингвистикалық,  яғни  тілдік  тұрғыдан 
талдау  –  қазақ  тіл  білімінде  бұрыннан  қалыптасқан,  ӛзіндік 
ғылыми  теориялық  базасын  жасаған  біраз  уақыттан  бері  бұл 
саладағы  ғылыми  ізденістерге  жол  ашып,  бағыт  сілтеуге 
кӛтерілген  ғылымның  түрі.  Тіл  зерттеушілерінің  де  ғылымда 
айналысатын  әрі  сала-саланы  қамтитын  зерттеу  түрлері 
жеткілікті. 
Метафораның  тіларалық  транспозициясы  дегеніміз  –  оның 
ӛзгеру  қасиеті,  яғни  түпнұсқадағы  метафоралардың  аударма 
негізінде ӛзгеріске ұшырауы немесе сол қалпында қалу нәтижесі 
болғандықтан,  аталмыш  құбылыстың  осы  тұрғыдан  мәні 
ашылды. 

 

Қазақ  жазушысының  суреттеу  тәсілдерінің  кӛркемдік 
эстетикалық  қызметі,  аудармада  сақталу  сапасы  мен  оны 
жеткізудің  шығармашылық  жолдары,  амалдары  мен  құралдары 
сарапталды.  Жазушы  шығармасының  кӛркемдік  бейнелеу 
құралдарын,  тілін,  оның  ұлттық  реңін  аударудағы  жетістіктер 
мен кемшіліктер жүйеленді. 
Метафораның  кӛркемдік  тәсіл  ретіндегі  лингвистикалық 
айырым-белгілері,  кейіптеу  тәсілдерінің  метафорамен  бірлесе 
келіп,  кӛркемдіктің  күрделі  тұтастығын  тудыруы  айқындалды. 
Метафораның  грамматикалық  құрылым  ыңғайындағы  қолданыс 
ерекшеліктері  жазушы  тіліндегі  деректермен  дәлелденіп 
кӛрсетілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

1 Ә. НҰРПЕЙІСОВТЫҢ “СОҢҒЫ ПАРЫЗ” 
РОМАНЫНДАҒЫ ТІЛДІК ТАНЫМ 
 
1.1 “Соңғы парыз” романындағы  қазақ әдеби тілі мен тіл 
экологиясының кӛрінісі 
 
Қай  халықтың  болса  да  қоғамдық  ӛсу-ӛркендеу  жолында 
кӛтерілген биігі ана тілінде мәңгілік сақталып отырады. Сонымен 
қатар  ақыл-ой  тереңдігі,  сана-сезім  сергектігі  кӛп  салаларға 
тармақтана  келіп,  тағы  да  сол  ана  тілінің  алтын  қорына  қосыла 
береді.  Олардың    басынан  ӛткен  дәуірлері,  қилы-қилы  кезеңдері 
ана тілінде із қалдырмай ӛте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында 
жасала, жасара береді. 
Қазақтың  ұлттық  тілінің  қалыптасуы  жалпы  қазақ  тілі 
тарихындағы  аса  елеулі  кезең  болып  табылады.  Ӛйткені  тіл 
тарихы  тұрғысынан  қарағанда  ұлттық  тіл  сол  тілде  сӛйлейтін 
халықтың ұлт болуымен бірге пайда болатын тіл дамуының жаңа 
сападағы  кӛрінісі  ретінде  танылады.  “Ұлт  тілі  –  ауызекі  және 
жазба  түрде  ұлттық  қарым-қатынас  құралы  қызметін  атқарушы 
тілді  білдіретін  әлеуметтік-тарихи  категория.  Ұлт  тілі  ұлттың 
тууымен  бірге  қалыптасады  да,  әрі  оның  пайда  болуы  мен  ӛмір 
сүруінің  алғышарты,  әрі  ӛзі  де  процестің  нәтижесі  болып 
табылады”
1

Әдетте,  “жазушы  тілі”  дегенде  ең  алдымен,  ойға  оралатыны 
да, іздейтініміз де – оның суреттеу шеберлігі, кӛркемдік әдістері 
туралы әңгіме. Бұл заңды да. Ӛйткені кӛркем әдебиет – сӛз ӛнері. 
Ал ӛнер шеберлікті қалайды. Бұл –  баршамызға  ақиқат дүние. 
Тіл  –  ұлттық  сана,  ұлттық  психологиямен  тамырлас.  Демек,  
халықтың  ұлт  болып  қалыптасуымен  бірге  туған  тіл  сол 
халықтың  кемелденген  шағына    ұлан-асыр  жүк,  ғажайып  мұра 
арқалап  жетеді.  Ол  –  тарих,  ол  –  мәдениет,  ол  –  ӛнер,  ол  – 
әдебиет.  Тілде,  әдебиетте,  ӛнерде  мәселені  материал,  тақырып, 
жанр  шешпейді,  шешетін  –  талант    шеберлігі.  Сондай  шеберлік 
иесінің бірі әлемге әйгілі, қазақ ұлты тілін, мәдениетін жеткізуші 
– Ә. Нұрпейісов. 
Қазақ  әдеби  тілі  мен  тіл  мәдениеті  теориясын  дамытуда 
лингвистермен  бірге,  кӛркем  әдебиетті  жасаушылар  маңызды 
қызмет  атқарады.  Ӛзінің  кӛркем  шығармалары  арқылы 
                                                 
1
 Лингвистикалық энциклопедиялық сӛздік.  – Алматы, 1999. –110-бет. 

 

эстетикалық  тәрбие  берумен  қоса,  ана  тілімізге  ӛшпес  үлес 
қосқан,  Ә.Нұрпейісовтің  сӛз  саптауындағы    ӛзіндік  ӛрнектер 
жылдар алға озған сайын жанданып, жаңғыра түсуде. Тіліміздегі 
әрбір  кӛркем  сӛздің  ӛз  орнында  жұмсалуы  жӛніндегі 
Ә.Нұрпейісовтің  әдістері  –  ғылымда  әлі  де  толық  “ашыла 
қоймаған сыр сандық” деуге болады. 
Қазақ  тіл  білімінде  “әдеби  тіл”  деген  ұғымға  кӛптеген 
пікірлер  айтылып,  әр  ғалым  ӛзінше  зерттеп,  зерделеп,  анықтама 
беріп  келе  жатыр.  Сондай-ақ,  күні  бүгінге  дейін  “қазақ  әдеби 
тілі”,  “қазақ  жазба  әдеби  тілі”,  “жалпы  халықтың  тіл”  деген 
ұғымдарға  да  әртүрлі  түсініктемелер  беріліп,  бір-бірімен 
ажыратылып,  әр  қайсысы  ӛзіне  тән  мағыналарға  да  ие  болуда. 
Соңғы  жылдарда  қазақтың  жалпы  халықтық  тілі  мен  әдеби  тілі 
тарихына  қатысты  жеке  мәселелерді  қарастыру  айтарлықтай 
қолға  алынды.  Ғалымдардың  пікірінше,  бұл  ізденістер 
проблеманы  түбегейлі  шешіп  тастауға  әлі  де  жеткіліксіз  екені 
аян
1
.  Жүздеген жыл тарихы бар, лингвистикалық мектептері бар 
орыс  тіл  білімінде,  сонау  М.В.  Ломоносовтан  бастап  кӛтерілген 
бұл мәселе қазіргі кезге дейін толық шешімін тапқан жоқ  десек, 
артық айтқандық емес. 
Әдеби  тілге  тән  тағы  бір  қасиет  –  оның  жүйелілігі.  Жалпы 
халық  тілінің  не  оның  бір  диалектісінің  негізінде  даму  жолына 
түскен  әдеби  тіл  –  сӛйлеу  тіліндегі  бар  байлықты  қалай  болса 
солай  қабылдай  бермейді,  таңдап,  талғап,  сӛз  шеберлерінің 
“тезінде”  шыңдалған  қалпында  қабылдайды.  Жазу  мәдениетінің 
артуы  арқылы  халықтың  тіл  мәдениеті  артады,  тіл  байлығы 
орнын    тауып  белгілі  қалыптасқан  жүйемен  нормамен 
жұмсалатын  болады.  Мәселен,  кӛптеген  сӛздер  ауызекі  тілде  
түрліше  қолданылатын  болса,  әдеби  тілде  олай  емес,  жұрттың 
бәріне ортақ түрде айтылады, жұмсалады
2

Тіл  табиғаты    әрі  нәзік  әрі  күрделі.  Тіл  үшін  күрес  кімнен 
болса  да  ерекше  бір  бірлікті,  білімділікті,  пайымдылықты, 
парасаттылықты  талап  етеді.  Осындай  қасиеттердің  тоғысында 
қазіргі  таңда  тіл  экологиясы  термині  сӛз  болып  жүр.  Экология 
дегеніміздің  ӛзі  тірі  организмдердің  тіршілік  ортасымен 
байланысын  зерттейтін  биология  ғылымының  бір  саласы. 
                                                 
1
 Сыздықова  Р.   Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1993. –214-бет. 
2
  Мұратбек    Б.  К.    Қазақ  әдеби  тілін  дамытудағы  Ғ.Мүсіреповтің  рӛлі,  кӛзқарасы  мен 
ұстанымдары. – Алматы, 1999. – 15-бет. 

 
10 
М.Серғалиев  «осы  ұғымды  адамдардың  тіршілік  ортасына 
байланысты  ауыс  мағынада  кейбір  ғалымдардың  «тіл 
экологиясы»  деп  атаулары  да  кӛңілге  қонады»  дейді
1
.  Сонда  тіл 
экологиясы  дегеніміз  –  тілдің  қоршаған  ортамен  байланысы, 
тілдің  әр  түрлі  бірліктерінің  қолданылуы,  тілдік  норманың 
сақталуы  деген  түсінік  туады.    Әрине  сӛздің  тазалығы,  дәлдігі, 
нормадан  ауытқымауы  тіл  экологиясына  алып  келеді.  Тіл 
экологиясының  бұзылуы  тіл  мәдениетінің  ауытқуына  жол 
салады.  Академик  М.Серғалиев  экологияға  байланысты 
топтастырылған тілдік тармақтардың барлығының материалдары 
стилистиканың 
зерттеу 
нысанына 
жатады. 
Мұнда 
да 
стилистиканың 
басты 
нысанаға 
алатыны 
– 
сӛздердің 
қолданысының  заңдылықтары,  дұрыс  жұмсай  білудің  үлгісін 
кӛрсету»
2
  деп  дәлелдейді  сӛзін  ғалым,  себебі  тіл  экологиясының 
ӛзі әдеби тілді сақтау, оның дамуы мен жетілуін қадағалап отыру. 
Ғалым  тілдік  құралдардың  әр  топтарға  байланысты  қолдану 
шегінің  болатындығын,  тӛрт  түрге  бӛліп,  жіктейді.  Олар:  1. 
мезгілдік мағынадағы тіл тармақтары; 2. кеңістік мағынадағы тіл 
тармақтары;  3.  әлеуметтік  мағынадағы  тіл  тармақтары;  4. 
функционалдық-стильдік 
мағынадағы 
тіл 
тармақтары. 
Дифференциялық 
және 
интеграциялық 
тұрғыдан 
тіл 
тармақтарының  бұлайша  бӛлінуінің  тиісті  дәрежеде  маңызы  да 
баршылық  және  әрқайсысының  ӛзіне  тән  белгілері  байқалып 
отырады
3
. Тілші қолданысындағы бұл танымдық бірліктер алуан 
түрлі  сӛздермен  тіркессе,  әр  түрлі  ұғым-түсініктермен  ұштасып, 
қазақ  тіл  біліміндегі  тілдік  бағыттардың  барлығын  түсіндіруге 
мүмкіндік туғызып отыр. 
Тіл экологиясының маңызды сипаты, бірден-бір кӛрсеткіші – 
халықтың белгілі бір кезеңдегі қоғамдық, рухани мәдени ӛмірінің 
құралы  бола  алуы,  халықтың  рухани  байлығын,  сӛз  ӛнерін 
жеткізудің  мәдени  талап-тілектің  қоғамдық  кӛрінісі,  оны  іске 
асырудың  амалы  бола  алуы.  Сонда  ғана  ол  жалпы  халықтық  тіл 
деген  ұғымның  ӛзінің  жүйелілігімен,  тұрақты  нормалылығымен, 
сұрапталып,  ӛңделген  қасиеттерімен,  даму  сатысының  жоғары 
дәрежесімен,  қоғамдық  қызметінің  айқындылығымен,  сан 
алуандылығымен  ерекшелене  алады  және  ӛзі  қызмет  ететін 
                                                 
1
 Серғалиев  М. Стилистика негіздері. –Астана 2006. –16-бет. 
2
 Сонда, 19-бет 
3
 Сонда, 16-бет. 

 
11 
халықтың  даму  тарихымен,  саяси-әлеуметтік,  экономикалық, 
мәдени  ерекшеліктерімен  байланысты  әртүрлі  форма  да  ӛмір 
сүруге икемделетінін дәлелдеген. 
Ғалым  Б.Момынова  жағымсыз  құбылыстардың  тіл  жүйесіне 
тигізетін  зиянды  әсерін  ӛрістетпеу,  үнемі  бақылауда  ұстау  – 
лингвоэкологияның басты міндеті жеті түрін жеке-жеке саралып 
шығады
1
.  Оның  бір  белгісі  әдеби  тіл  норма  мәселесі  болып 
табылады. 
«Тіл  экологиясы  –  тілдік  норма  заңдылықтарын  бұзбау»  
дедік.  Тілдік  норма    әдеби  тіл  туралы  ұғымның  ең  бір  ӛзекті 
элементі.  Сӛйлеуде,  жазуда  тіл  амалдарын  дұрыс  қолдана  білу 
әдеби  тіл  нормасын  сақтау  дегенге  саяды.  Ал  әдеби  тілдің 
нормасы дегеніміз не?  Ғалым  М.Серғалиев:  «Тілдің таңдамалы, 
қолайлы,  ой-пікірді  дәл  беруге  жарамды,  жалпыға  ортақ 
жүйелерін  әдеби  тілдің  нормасы»
2
  -  деп  әдеби  тіл  нормасына 
түсініктеме  береді.  Аталмыш  ғалым  тілдік  норманы  тілдік 
жүйемен  салыстыра  қарастырады.  Тілдік  жүйеден  ауытқымау 
дегеніміз  нормадан  ауытқымау  сияқты  болып  кӛрінетіндігін 
айтады
3
.   
Бұл тұста сӛз тазалығы термині ескерілуі тиіс. Н.Уәлиев «сӛз 
тазалығы  дегенде  алдымен  ойымызға  оралатыны  тіл  тазалығы, 
сӛзімізде бӛгде тілдік элементтердің болмауы»
4
 десе,  
М.Балақаев:  «Таза  сӛйлеу  дегеніміз  –  сол  тілдің  жалпыға 
ортақ  байлықтарын  пайдаланып,  «бӛгде  сӛздерді  араластырмай 
сӛйлеу»  -  деп  анықтама  береді»
5
.  Ӛзге  тілден  енген  сӛздердің 
заңды түрде орныққан және орнықпаған түрлері де бар. Мәселен, 
«стилистика»  тәрізді  сӛздің  қазіргі  мән-мағынасы  кӛпшілікке 
түсінікті. Француз тілінен тараған бұл атау ертедегі гректің stylos 
сӛзімен тӛркіндес. Ол «ұштанған таяқша» деген мағынаны береді. 
Таяқшаны  пайдалана  білу  ӛнері  кейіннен  сӛз  шеберлігін,  тіл 
мәдениет арттыра түсу деген мағынада ұғыныла келіп пән атауы 
ретінде 
қалыптасқан. 
Сондықтан 
осындай 
жұртшылық 
қабылдаған,  тілде  орныққан,  дағдыға  енген  шет  тілдік  сӛздердің 
орны  бӛлек.  Ал  орнықпаған  сӛздерді  оңды-солды  жұмсау 
                                                 
1
  Момынова    Б.  Тіл  экологиясы  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары  //  Жизнь  языка  и 
язык в жизни. Алматы. Қазақ университеті. 2005. –309-бет. 
2
 Лингвистикалық энциклопедиялық сӛздік.  – Алматы, 1999. – 32-бет. 
3
 Балақаев  М.,  Серғалиев М.  Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 1995. 
4
 Уәлиев  Н. Сӛз мәдениеті. –Алматы. – 1984. –63-бет. 
5
 Лингвистикалық энциклопедиялық сӛздік.  – Алматы, 1999. – 70-бет. 

 
12 
сӛйлеушінің сӛзге ұқыпсыздығын кӛрсетеді. Сӛздің тазалығымен 
қатар,  сӛздің  дәлдік,  сӛз  әдебі  деген  қасиеттері  де  бар.  Яғни  сӛз 
дәлдігі  сӛздерді  тілдегі  мағынасына  лайық  қолдану.  Сӛз  дәлдігі 
болмаса сӛйлеуші ӛз ойын дәл жеткізе алмайды. 
Сӛздің  дәлдігі  немесе  айқындылығы  дегеніміз  –  сӛздің 
реальды  шындықтағы  заттар  мен  құбылыстардың  атауларына 
барынша дәлме-дәл келуі
1

Әрине,  тіл  –  универсалды,  кӛп  функционалды  жүйе.  Тілдің 
жан-жақтылығын бірер сӛйлеммен ашып кӛрсету қиынға соғады. 
Мәселен,  ӛмірде  жиі  қолданылатын  амандасу,  қоштасу,  ризалық 
білдіру,  кешірім  сұрау,  құттықтау,  кӛңіл  айту  т.б.  тіл  этикеті 
деген ұғымға саяды. «Жақсы сӛз – жарым ырыс» демекші сыпайы 
сӛздер  адам  жанына  жайлы  болады.  Дӛрекі  сӛздерді, 
жаргондарды қолдану – тіл экологиясына ӛз зиянын тигізеді. Тіл 
этикеті  –  тіл  мәдениетінің  бір  аспектісі.  Ал  тіл  этикетінің 
бұзылуы  тіл  экологиясының  бұзылуына  әкелсе,  тіл  мәдениеті 
заңдылықтары  сақталмайды.  Бұл  тұста  кӛрінетін  тағы  да  бір 
құбылыстың  бірі  –  ауытқу.  Ауытқу  –  нормаға  сай  келметін 
қолданыстар. Ғалым  Р.Сыздық  «терминнің ӛзінде  «сәйкессіздік» 
мағынасы  (белгілі  бір  дұрыстықтан,  заңдылықтан  ауып  кету 
деген  сияқты)  болғанымен,  ауытқу  барлық  сәтте  жағымсыз  акт 
болып  шықпайды.  Сырт  қарағанда  нормадан  тыс  болып 
кӛрінгенімен,  шындығында  сол  нормадан  әдейі  ауытқу,  яғни  әр 
алуан  себептен  болатын  ауытқулар  орын  алады.  Сондықтан 
барлық  ауытқулар,  соның  ішінде  сӛз  қолданыстағылар  уәжді 
және  уәжсіз  ауытқулар  деп  қарастырылады»  деп  ӛз  ойын 
білдіреді
2
.  
Бұл  мәселеде  тіл  экологиясының  бір  қыры  болып 
есептелінеді.  Тілдің  тек  қана  жазба  түрі  емес,  ауызекі  тілдің  де 
жағымсыз  құбылыстарға  бой  алдыруына,  жастар  тілінде 
жаргондардың  шексіз  кӛбеюіне,  іл  мен  сӛйленістің  техникалық 
сӛздермен  қойыртпақталуына  қарсы  әрекеттердің  басын 
ұйыстыру  да  –  лингвоэкологияның  міндеті
3

Авторлық 
пайымдаудың  тағы  бір  маңызды  бӛлігі  функционалдық-стильдік 
тармақтардың қоғамдық ортада қызмет етуі. 
                                                 
1
 Лингвистикалық энциклопедиялық сӛздік.  – Алматы, 1999. – 144-бет. 
2
 Сыздық  Р.  Сӛз құдіреті. –Алматы. -1997. –210-бет. 
3
  Момынова    Б.  Тіл  экологиясы  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары  //  Жизнь  языка  и 
язык в жизни. Алматы. Қазақ университеті. 2005. –310-бет. 
 

 
13 
Стилистика  француздың  stelistigue  деген  сӛзінің  мағынасын 
береді.  Стилистика  синтаксистік  тұлғалардың  жұмсалу  аясын 
мағыналық құбылыстарын, экспрессивтік  мағынасын тіл жұмсау 
шеберлігі  тұрғысынан  қарастырады.  «Сӛз  саптау  жағынан 
әлдебір  қателік  кӛзге  түсіп  жатса,  стилистика  оның  себептерін 
ашып, ондай кемшілікті болдырмаудың жолын анықтайды»
1
. 
Тіл  экологиясы  қоғамдық  формациялардың,  оның  ішінде 
халық  тілінен  ол  орындайтын  қоғамдық  қызметтердің  едеуір 
кеңеюімен  және  күрделенуімен  ерекшеленеді,  ал  ол  ӛз  кезегінде 
тілдің  сыртқы  және  ішкі  құрылымының  дамуына  әкеледі.  Осы 
тұтас  ұлттық  тілдің  шегінде  қоғамның  ӛз  құрылымын,  қарым-
қатынастардың  әртүрлі  салаларында  заттық  және  мағыналық 
ӛзіндігін  белгілі  түрде  кӛрсететін  қызметтік  стильдердің  және 
стильдік  түрлердің  қүрделі  жүйесі  қалыптасады.  Себебі 
адамдардың қоғамдық қызмет  нысандары кӛбейген сайын тілдің 
жаңа  қоғамдық  қызметтері  пайда  болады  мысалы,  ғылым  мен 
техниканың  дамуы,  бұл  негізде  ғылыми  және  кәсіби  тілдердің, 
әдебиет  жанрларының,  мемлекеттік,  мәдени,  оқу,  ағартушылық 
және  ӛзге  де  мекемелер  жүйелерінің  ӛсуі  мен  күрделенуіне 
байланысты  кітаби,  іскерлік  сӛйлеу  тілі  рӛлінің  кеңеюі.    Тіл 
экологиясының  негізінде  Ә.Нұрпейіовтің  «Соңғы  парыз» 
романын  талдау  бүгінгі  таңдағы  лингвистиканың  кӛптеген 
мәселелерін шешуге кӛмегін тигізеді. 
“Әдеби  тіл”  және  “Кӛркем  әдебиет  тілі”  түсініктері  бірдей 
ұғынылмауға  тиіс.  Әдеби  тіл  тек  кӛркем  әдебиет  тілі  ғана  емес, 
публицистика,  ғылым,  мемлекеттік  басқару  тілін  де,  сондай-ақ 
ауызша  баяндама  жасау  және  белгілі  бір  ауызекі  әңгіме  (әдеби 
тілдің ауызша формасы) түрін де қамтиды. 
Барша  адам  пайдаланатын  таныс  әдеби  сӛздермен  және 
түсінетін  сӛздер  мен  грамматикалық  формалардан  тұратын 
ұлттық тілдің жалпы халыққа ортақ үлгі ретіндегі бӛлігі әдеби тіл 
болып  табылады.  “Кӛркем  әдебиет  тілі”  түсінігі  “әдеби  тіл” 
түсінігінен  әлдеқайда  кең  ауқымды  қамтиды.  Кӛркем  әдебиет 
тілінің  негізі  де  әдеби  тіл  болып  табылады,  бірақ  кӛркем 
шығармаларда  әдеби  құралдарға  жатпайтын  сӛздер  мен  сӛз 
орамдары да кейіпкерлер сӛздерінде  кездеседі. 
“Кӛркем  әдебиет  тілі”  және  “Әдеби  тіл”  түсініктерін 
ажыратқан  кезде  оларды  бір-біріне  қарсы  қоюға  болмайды. 
                                                 
1
 Лингвистический энциклопедический словарь. – М., 1990. –17-бет. 

 
14 
Ӛйткені,  біріншіден,  әдеби  тіл  –  кӛркем  әдебиет  тілінің  негізі. 
Екіншіден,  әдеби  тілдің  ұлт  тілінің  жоғары  формасы  болып 
қалыптасуына  сӛз  зергері  –  жазушылар  зор  үлес  қосты  және 
қосып  келеді.  “Әдеби  тіл”  деген  терминнің  пайда  болуының  ӛзі 
де  кездейсоқ  емес,  бұл  әдеби  тілдің  әдебиетпен  байланысты 
екендігін кӛрсетеді. 
Әдебиет тілі мен әдеби тіл: “әдеби тіл” терминінің мағынасы 
“әдебиет  тілі”  терминінен  кеңірек.  Себебі,  ол,  біріншіден,  біз 
қазір  “әдеби”  деп  жүргеніміз  әдеби  шығармалардың  тілі  ғана 
емес, ол кез келген жазба тіл, сондай-ақ, мысалы, дәлірек айтсақ, 
ғылыми,  ресми,  іскерлік  тіл,  ал  екіншіден,  қоғамдық  ұжымның 
мәдени  ӛмірінде  басқарушылық  мәнге  ие,  қоғамдық  топтардың 
ауызекі  тілі.  Әдебиетте  суреткерлік  және  сипаттаушылық 
мақсаттар  үшін  тілдің  әдебиеттен  тыс  құралдары  пайдаланылып 
жүр, және де оның бұл құқығына дау айту ӛте қиянға соқпақ. Тіл 
тарихында  осы  тілдік  нормалар  бір  жақындасады,  бірде 
алыстайды
1

Әдеби  тілді  зерттеуге  арналған  еңбектерде  кӛбінесе  әдеби 
тілдің  қалыптасу  тарихы,  даму  жолдары  т.б.  мәселелер  туралы 
жүйелі  талдау  жасалды.  Бұл  мәселелерге  қатысты  проф. 
Р.Сыздықтың  қазақ  тіл  біліміне  қосқан  ӛзіндік  пікірін  айрықша 
атап  ӛту  керек.  Ғалым  ӛз  еңбектерінде  әдеби  тілді  стилистика 
саласымен 
ұштастыра 
қарастырып, 
стилистикалық 
ерекшеліктерді,  олардың  түрлерге  бӛлінуін  алғаш  рет  жүйелеп 
кӛрсетеді.  Осы  саланы  зерттеуші-ғалымдардың  еңбектерінде 
әдеби  тілге  берілген  анықтамада  жалпы  халықтық  тілдің  белгілі 
жүйеге  түскен  жазу  дәстүрі  мен  әртүрлі  жазба  және  ауызша 
әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, 
стильдік-жанрлық  тармақтары  бар,  сол  тілде  сӛйлейтін 
адамдардың  бәріне  ортақ  түсінікті  түрі  деп  тұжырымдаған. 
Сондай-ақ,  тілдің  әдебилігінің  маңызды  сипаты,  бірден-бір 
кӛрсеткіші  –  халықтың  белгілі  бір  кезеңдегі  қоғамдық,  рухани 
мәдени ӛмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, 
сӛз  ӛнерін  жеткізудің  мәдени  талап-тілектің  қоғамдық  кӛрінісі, 
оны  іске  асырудың  амалы  бола  алуы.  Сонда  ғана  ол  жалпы 
халықтық  тіл  деген  ұғымның  ӛзінің  жүйелілігімен,  тұрақты 
                                                 
1
  Виноградов  В.  В.    Основные  проблемы  изучение  образования  и  развитие 
древнерусского литературного языка.  Избранные труды. – М.: Изд. акад. наук. СССР, 
1958. – С. 15-17. 

 
15 
нормалылығымен,  сұрапталып,  ӛңделген  қасиеттерімен,  даму 
сатысының 
жоғары 
дәрежесімен, 
қоғамдық 
қызметінің 
айқындылығымен, сан алуандылығымен ерекшелене алады және 
ӛзі  қызмет  ететін  халықтың  даму  тарихымен,  саяси-әлеуметтік, 
экономикалық,  мәдени  ерекшеліктерімен  байланысты  әртүрлі 
форма да ӛмір сүруге икемделетінін дәлелдеген. 
Ұлттық  тіл  осының  алдындағы  қоғамдық  формациялардың, 
оның  ішінде  халық  тілінен  ол  орындайтын  қоғамдық 
қызметтердің 
едеуір 
кеңеюімен 
және 
күрделенуімен 
ерекшеленеді,  ал  ол  ӛз  кезегінде  тілдің  сыртқы  және  ішкі 
құрылымының  дамуына  әкеледі.  Тұтас  ұлттық  тілдің  шегінде 
қоғамның  ӛз  құрылымын,  қарым-қатынастардың  әртүрлі 
салаларында  заттық  және  мағыналық  ӛзіндігін  белгілі  түрде 
кӛрсететін  қызметтік  стильдердің  және  стильдік  түрлердің 
қүрделі  жүйесі  қалыптасады.  Адамдардың  қоғамдық  қызмет 
нысандары  кӛбейген  сайын  тілдің  жаңа  қоғамдық  қызметтері 
пайда  болады  мысалы,  ғылым  мен  техниканың  дамуы,  бұл 
негізде  ғылыми  және  кәсіби  тілдердің,  әдебиет  жанрларының, 
мемлекеттік,  мәдени,  оқу,  ағартушылық  және  ӛзге  де  мекемелер 
жүйелерінің  ӛсуі  мен  күрделенуіне  байланысты  кітаби,  іскерлік 
сӛйлеу тілі рӛлінің кеңеюі
1

Стиль  –  ой  мен  сӛздің  бірігіп,  тоғысуы.  Стильдік  зерттеу 
тілдің  ойға  және  ойдың  тілге  қарым-қатынасын  зерттеу  болып 
табылады.  Бұл  тарихи  құбылыс  тіл  заңдылықтарымен  тікелей 
байланыста  болып,  ойды  кӛркемдеп  жеткізу  мақсатында 
қолданылатын  тіл  ерекшеліктері.  Стильдік  ерекшеліктер,  оның 
түрлерге бӛлінуі қоғамдық қажеттіліктерден туындайды. Дәлірек 
айтсақ,  қоғамда  қолданылатын  тіл  –  стильдің  негізін  құрайды. 
Тілді  үйрену,  оның  қыр-сырын  жетік  меңгеру,  ойды  әсерілеп, 
бейнелеп  жеткізу,  әртүрлі  реңктегі  сӛздер  мен  сӛз  тіркестерін, 
тұрақты  оралымдарда  таңдап  қолдану  стильдің  зерттеу  нысаны 
болып табылады. 
Қазақ  тіл  білімі  ғылымы  мен  қазақ  әдебиет  тану  ғылымын 
зерттеуші  ғалымдар  әдеби  тіл  және  стилистика  салаларын  бір-
бірімен 
тығыз 
байланыста 
қарастырып, 
линвистикалық 
заңдылықтардың  әдебиет  теориясымен  тікелей  ұштасатыны 
туралы  тұжырым  жасайды.  Аталған    екі  саланы,  яғни  тіл  мен 
әдебиет теориясын жетік  меңгергенде ғана стилистика ғылымын 
                                                 
1
 Гречко  В. А.   Теория языкознания. – М.: Высшая школа, 2003.  –283-бет. 

 
16 
танып-білуге,  оның  ерекшеліктерін  ажырата  білуге  мүмкіндік 
туғызады. 
Әдеби  тілі  стилінің  ӛзіндік  қоғамдық  қызметі  әдеби  тілдің 
нақты  стилінің  белгілі  бір  лексикалық  және  грамматикалық 
ерекшеліктерін қалыптастыру болады. Осы тұрғыдан келгенде, аз 
болса да, саз жазатын жазушының шығармасы ӛз еншісіне тиген 
кезде  оқырман  қауым  сӛз  ӛнерінің  тұнығына  қанағаттанады. 
Ақталған үміт жазушы абыройын арттыра түседі. 
Ә.  Нұрпейісов  стилінің  ең  сүбелі  жағы  –  ойлы  да  оюлы  тілі 
мен  ӛрнекті  сӛз  кестесі,  зергер  қолынан  шыққан  бұйымынан  ой 
алымдылығы, оқиға шындығы, бояу айқындығы. Ә. Нұрпейісов – 
ӛзінің  әр  шығармасы  түгіл,  әрбір  сӛзіне  жауапты  қарайтын 
қаламгер.  Әр  туындының  түр-тұлғасы,  келешек  тағдыры, 
ӛнегелік  сипаты  қатты  ойландырып,  үздіксіз  ізденіс,  ұзақ 
толғаныспен әдебиетіміздің мерейін арттырған. 
Әдебиетте  тіл  ырғағы,  астарлылығы,  орамдылығы  ең  үлкен 
мәселе болып табылады. “Ойдан – әрекет, әрекеттен – тіл, әрекет 
пен тіл”  егіздің сыңары екендігі де дау туғызбас. 
Сӛз құдіреті, тіл құдіретін таныту дегеніміз – жазушы тілінің 
кӛркемдігін,  сол  кӛркемдікті  жүзеге  асырып  тұрған  тілдік 
құралдар  мен  тәсілдерді  кӛрсету  болып  табылады.  Бұған 
жазушының  сӛз  қазынасын  молынан,  дәл  пайдалануы  немесе 
оларды  кӛріктеу  құралы  ретінде  жұмсауы,  я  болмаса  сӛз 
қиыстыру  амалдарындағы  шеберлігі,  ӛзіндік  айшығы  мен 
жаңалығы  да  жатады.  Жазушының  тілін  тануда  кӛркем 
шығармадағы  автор  сӛзі  мен  кейіпкер  сӛзі  деген  тілдік 
композицияны құрайды. 
Қазіргі  таңда  жеке  қаламгердің  ұзақ  уақыт  іздене  жүріп 
жазған  еңбегінің  тіл  бояуы,  кӛркемдік  сындарлығы  зерттеуші 
ғалымдарымыздың  кӛңілін  аудартып  жүр.  Осы  тұрғыдан 
келгенде,  шығарма  тілі  неліктен  тартымды,  не  себепті  солғын, 
неге  әсерсіз  –  бұл  мәселенің  беті  ашылмай  келеді.  Әдебиет 
мамандары  белгілі  бір  кӛркем  шығарма  жайлы  сӛз  еткенде, 
әдетте,  оның  идеялық  мазмұнын,  жеке  образдар  мен 
мінездеулердің  жасалу  заңдылығын  талдаумен  шектеледі.  Ал 
шын мәнісінде шығармадағы образ және мінездеу мәселесі, оның 
идеясы,  композициялық  тұтастығы  –  бәрі  де  осы  тіл  құралдары 
арқылы  жасалады
1
.  Қаламгер  туындысында  қандай  да  бір 
                                                 
1
 Жанпейісов  Е.   Қазақ прозасының тілі. – Алматы.: Ғылым.  1968. –15-бет. 

 
17 
уақиғаны  жай  ғана  хабарлап  қоймайды.  Ол  әрбір  кейіпкерін 
барлық 
мінез-құлқымен, 
қуаныш-күйінішімен, 
күнделікті 
қарапайым іс-әрекетімен, кескін-кейпімен, басқа да толып жатқан 
тірлік болмысын оқушының кӛз алдына елестеді. Кӛркем әдебиет 
тілінің 
негізгі 
ерекшеліктері 
жазушы 
алдындағы 
осы 
міндеттерімен  ұштасып  жатады.  Осындай  тұжырымдарға 
жүгінсек,  жазушының  әрбір  сӛйлемі  мақсатты  ойға  сәйкес 
құрылуы тиіс. 
Кез 
келген 
кӛркем 
туындының 
тілдік 
материалы 
кейіпкерлердің  автор  сӛзіне  және  автор  сӛзі  мен    кейіпкерлер 
сӛзінің  белгілерін біріктіретін, қос үнді сӛз бӛлінеді. Қос үнді сӛз 
кез  келген  туындының  кӛркем  материалды  ұйымдастыруда 
маңызды  рӛл  алады.  Автор  мен  кейіпкер  тілінің  арасын 
байланыстыра  келе,  қос  үнді  сӛз  баяндаудағы  тілдік  бірлестікті 
қамтамасыз  етеді.  Мақсатты  ойды,  оның  үстіне  кӛрікті,  кӛркем 
етіп  жазу  үшін  керекті  сӛздерді  дәл  тауып    қолдану  жеткіліксіз, 
сонымен  қатар,  ол  сӛздердің  ебін  тауып  қиюластырып, 
грамматикалық  ережелерге  бағындырып,  жалпыхалыққа  ортақ 
тілдің  басқа  да  заңдылықтарын  сақтап  жазу  керек  болады.  Бұл 
талаптар тілге, соның ішінде кӛркем әдебиет тіліне де қойылады. 
Кӛркем  әдебиет  тілінің  сонымен  қатар  ӛзіндік  стильдері,  ӛзіне 
тән  ерекше  сӛз  қолдану  заңдылықтары  болады.  Жазушы  әдетте 
сӛздердің  табиғи  мүмкіндігін  пайдаланумен  қатар,  олардың 
ауыспалы,  келтірінді  мағынадағы  қанатты  сӛздер,  тұрақты 
тіркестер және мақал-мәтелдер құрамында пайдаланады. Кӛркем 
әдебиет үшін бұлар жеткіліксіз. Кӛркем  әдебиетке  тән   әр алуан 
кӛріктеу,  шеберлік  тәсілдері  болады.  Сӛз  шеберлері  соларды 
біліп,  сӛздерді  ӛз  шығармашылығының  “тезінде”  сӛздерді 
шыңдап  пайдалануға  тиіс.  Оларға:  теңеу,  эпитет,  метафора, 
метанимия,  синекдоха  т.б.  амал-тәсілдер  жатады.  Кӛрікті  ойдың 
кӛркем суретін салуға жұмсалатын амал-әрекеттің әрқилы бедері, 
кӛркемдік кескіні, эстетикалық әсері болады. Бұлардың шегі жоқ. 
Қай тілде жазылған кӛркем әдебиет болсын, оның қаншама еңсесі 
биік,  тарихы  ұзақ  болғанымен  тілдің  ішкі  мүмкіндіктерін  сарқа 
пайдаланып,  тауысуға  біткен  жері  осы  деп  отыруға  болмайды. 
Оларды  әр  жазушы  ӛзінше,  түрлі  құрамда,  әр  түрлі  ыңғайда, 
кейде  бірін-бірі  қайталап  та  қолдана  береді.  Соның  ішінде  тек 
дарынды,  ысылған,  қаламы  әбден  тӛселген  сӛз  шеберлерінің 
туындылары ғана  ӛзінің сонылығы мен даралығын жоймайды. 

 
18 
Кӛркем  әдебиет  тілінің  шеберлік  сипатын  білдіретін 
жоғарыда кӛрсетілген тілдік тәсілдерді екі топқа бӛлуге болады: 
а)  бейнелеу  тәсілдері  –  ӛмірдің  реалды  шындығын,  құбылысты 
кісінің  кӛз  алдына  елестететіндей  етіп  суреттеу,  ә)  әсерлеу 
тәсілдері  –  кісінің  эмоциялық  сезіміне  әсер  ететіндей  етіп 
кӛріктеу.    “Қалауын  тапса,  қар  жанар”  дегендей,  кестелей  білсе, 
күнделікті  қолданыстағы  барлығымыз  айта  беретін  сӛздерден  де 
әсерлі  сӛз  нақыштарын  құруға,  жай  сӛзден  кӛрікті  кӛркем  сурет 
салуға  болады.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  Ә.Нұрпейісов  тәрізді 
қаламгердің  тілін  бірнеше  аспектіден  зерттеп  танып  білу  қажет. 
Әдетте,  жеке  жазушының  тілі  туралы  әңгіме  оның  ӛз  қаламына 
тән шеберлік тәсілдері мен ӛзге де жеке тұлғалық ерекшеліктерін 
талдау  болып  келеді.  Бұлардың  барлығы  да  “жазушының  стилі” 
деген  мәселеге  барып  тіреледі.  Стиль  термині  әлдеқайда  кең 
ұғымды,  мағынасы  кӛбірек  сӛз.  Ол  бұл  күнде  бірнеше  ғылым 
саласында  әртүрлі  мәнде  жұмсалатын  терминге  айналып  отыр. 
Сондықтан  жеке  қаламгердің  тіл  шеберлігі,  сӛз  кестесі  жетістік-
кемістігі,  ортақтық-оқшаулығы  жайында  сӛз  қозғағанда,  оның 
“стилі”  немесе  “ӛрнегі ” деп алуға болады. 
Ә.  Нұрпейісовтің  үнемі  жырлайтын  тақырыбы  –  адам  мен 
табиғат,  талант  пен  дүниеқоңыздық,  адамгершілік  пен  ар 
тазалығы мәселелері. Осының бәрі түптеп келгенде, жазушының 
үлкен  талғампаздығын,  ӛз  дүниесіне  ӛзгенің  кӛзімен  қарап, 
тірнектеп  жинаған  дүниелеріне  әлсін-әлсін  қайта  оралып 
отыратынын,  ӛңдей  түсуден  ешқашан  жалықпайтын  сұңғыла 
суреткер екенін кӛрсетеді. Сондықтан да оның қаламынан оқыған 
жанның  ойынан  шығатындай  шынайы  да  “шымыр”  шығармалар 
дүниеге келді. 
Әрине,  табиғатты    суреттеу  оны  шығармада  “шертілер  қос 
ішектің”  бірі  етіп  алу  –  кӛптеген  жазушыларда  бар  тәсіл,  бірақ 
әңгіме  сол  табиғат  суретін  шығарма  ӛзегіне  қай  жолмен,  қай 
әдіспен  жымдастыруында.  Қаламгер  оны  әсем  қою  бояулармен 
қылқалам шеберінің полотноға салған картинасындай етіп береді, 
екіншісі  аз  сӛзбен  айтқанда  штрих  түрінде  келтіреді,  үшіншісі,               
Ә.Нұрпейісов  табиғатқа  “жан  береді”,  жансыз  дүниені 
жандандырады. Табиғат + адам + қоғам = мәдениет бір-бірінің 
қимыл-әрекетін,  сын-сапасын,  белгі  қасиетін  толықтырып 
жатады. 

 
19 
Автор  табиғат,  адам,  қоғамды  мәдениеттің  образы  етіп  
жасаса,  ол  сол  шығармалардың  жанры  мен  тілінің  сәйкестігі, 
қабысуы болып тұр. Демек, бұл – жазушы тіл ӛрнегінің бір қыры. 

Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты
data -> Ұстаз ғалымның абыройы
data -> Интеллигенциясы: тарихи
data -> ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Очерктің тілі мен стилі
data -> Бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет