Н. Ж. Шаймерденова п І к І р б І л д І р г е н д е р



жүктеу 0.87 Mb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата24.03.2017
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

                                               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет – Жазушы тіліндегі әлемдік бейненің кӛрінісі 
 
Жалпы  дүние  болмысының  ӛзінде  о  бастан-ақ  қалыптасқан 
табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды 
үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай 
шоғырландырып  қарағанда  ғана  кӛрінеді.  Сондықтан  акад. 
Ә.Қайдар  тілдегі  кездесетін  нақты  құбылыстарды  шартты  түрде  
“Адам”,  “Қоғам”  және  “Табиғат”  деп  атауды  ұсынады.  Бұл 
салалар,  яғни  макротақырыптық  топтар,  бір-бірімен  ӛзара  тығыз 
байланысты,  тіл  негізінде  қалыптасқан  ӛзіндік  аумағы  шегара-
шегі  бар  құбылыстар.  Адам  да  табиғаттың  бір  кӛрінісі,  ол  бір 
жағынан, сол табиғатты танып-білуге санасы қалыптасқан қауым 
болып  саналса,  екінші  жағынан,  ол  сол  саналы  қауымның 
ұйытқысы
1

“Соңғы  парыз”  романы  –  аталған  “үштаған”  үш  саланың 
(қосымша:  мәдениет)  негізінде  құрылып,  тігісі  жатық  түскен, 
астарлы  атаулардың  қолданысы,  романтик,  сезімтал,  арманшыл 
кейіпкерлер  мен  оларға  үндес  авторлар  кӛзімен  баяндалған 
туынды.  Қаламгер  кӛркем  сӛзінде  шығарма  жанры  мен 
тақырыбына  баяндау  стиліне  сай  тіл  ӛрнегін  іздеу  үрдісі  жақсы 
сезіледі. 
Ә.Нұрпейісов  әдебиетіміздің,  мәдениетіміздің,  тіліміздің 
тарихын  ұлттық  бояу,  ұлттық  нақышымен,  ерекшеліктерімен 
тұңғыш  рет    бүкіл  адамзат  пен  Арал  теңізінің  тағдыры  туралы 
шынайы  кӛркем  шығарманы  дүниеге  келтіру  арқылы  қоғамның 
                                                 
1
 Қайдар  Ә.   Халық даналығы. – Алматы: Арыс, 2004. –134-бет. 
Ә. Нұрпейісов 
Адам 
Табиғат 
Қоғам 
Мәдениет 

 
20 
кӛлеңкелі  жақтарының  небір  “бетпердесін  сыпырып  тастап”, 
ақиқатты әлем сахнасына алып шықты. 
Ә.Нұрпейісов  түсірген  ӛрнектің  айшықты  ӛрнек  екенін,  осы 
ӛрнекті  жазушы  шығармаларындағы  адам  мен  адам,  адам  мен 
қоғам байланысы тереңде жатқан  әлеуметтік, моральдық  қарым-
қатынастар  кӛрінісі  екенін  мойындамауға  болмайды.  Әдебиет 
деген  ұғымды  қасиет  деп  біліп,  бір  жағына  мың  түзеп,  мың 
ӛзгерткен  бейнетқор,  жеті  рет  ойлап,  бір  рет  жазатын  суреткер 
шығармаларын қарастырып одан  бір-бірлеп суыртпақтайтын, әрі 
талдап,  таразылайтын  жайт  аз  емес.  Сондай-ақ,  жазушы  ӛз 
туындысын  ӛзгертуден,  кӛркемдеуден,  оқырман  қауымның 
кӛңілінен  шығудан,  оларға  жағымды  әсер  беріп,  түзетуден 
жалықпайды. 
Жазушының  айтуынша,  ӛнер  шексіз,  ӛнердің  мақсаты  – 
жұртшылықты 
таңқалдыру, 
кӛпшілікті 
тамсандыру. 
Ә.Нұрпейісовтің шығармасынан тілде бар кӛркемдік айшықтарды 
автор ӛңдеген сайын, кӛркемдік құндылығы артқанын байқаймыз.  
“Сӛз  құдіреті  дертпен  тең”,  “Қалауын  тапсаң,  қар  жанар”  деген 
нақыл  сӛздерді  келтіре  отырып,  кӛркем  сӛздің  шебері  – 
Ә.Нұрпейісов  ӛзінің  тӛлтума  дүниелерін  қайта  ӛңдеуде,  оны 
оқырманға  жеткізуде  талмас  еңбек  еткенін  айтады.    Аталмыш 
қаламгер,  ең  алдымен,  “сергелдең”  ғасырдың  суреткері.  Оның 
тілі  проза  тілінің  әдеби-кӛркемдеу  тәсілдеріне  қарай  талдануы 
қажет.  Бұл  жағынан  келгенде    Ә.Нұрпейісовтің  туындыларына 
әдеби  тұрғыдан  зерттеушілер  жете  кӛңіл  аударғанымен, 
лингвистикалық аспектіде жазылған жеке еңбектер жоқ. 
Ә.Нұрпейісов  –  дайын  тұрған  әдеби  тілді  пайдаланған 
қатардағы қаламгер емес,  сол әдеби тілдің, ұлттық тілдің дамуы 
жолындағы  ағымдарды  жалғастырушы,  ӛзіндік  ерекшелігі  бар, 
сапалық  жаңа  типтің  іргетасын  қалаушы  адам.  Ә.Нұрпейісов 
шығармашылығы  –  лингвистикалық  талдау  үшін  үлкен  мәні  бар 
проза  түрінде  жазылған,  Арал  тағдырын,  адам  тағдырын,  заман 
тағдырын  суреттеген  туынды.  Ол  қазақ  әдеби  тілінің  сипатын 
белгілі бір шамада толығырақ кӛрсететін дәрежеде танылады. 
Жазушының  сӛз  кестесі  кӛріктеу  құралдары  мен  кӛріктеу 
тәсілдерін  танып-таныту,  жазушы  шығармасының  мазмұны  мен 
сол мазмұнның тілдік кӛрінісін  – тілдік механизмін зерттеу. Сӛз 
қолдануда  немесе  бейнелеуіш  құралдарды    қолданғанда  тілдік 
кӛркемдік  бір  жазушыда  аз  да,  екінші  бір  авторларда  кӛбірек 

 
21 
болып  келеді.  Ӛйткені  бұл  –  шеберлікпен,  жазушының 
суреткерлік  мәдениетімен  байланысты  құбылыс.  Шынында  да, 
сӛз  қолдану  тәсілі,  халық  тілінің  байлығын  жете  игеру  барлық  
жазушыда  бір  сарынды  болып  келе  бермейді.  Бір  сӛздің  ӛзін  әр 
жазушы  әр  түрлі  тіркеске  түсіретіні  мәлім.  Кейде  бір 
шығарманың  ӛзінде  бір  сӛз  алуан  түрлі  қисында  жұмсалуы 
мүмкін. 
Тіл адамсыз, ал адам тілсіз ӛмір сүре алмайтындықтан, тілді 
тану, оның әлемдік дәрежесін, адамнан бӛлек алып сипаттауға да 
болмайды.  Адам  қоршаған  ортаны  танытады,  оны  атадан  балаға 
жеткізеді,  адамды  қалыптастырады,  оның  мінезін  айқындайды, 
ӛмірлік  кӛзқарасын,  ӛскен  ортаның  ұлттық  негізін  кӛрсетеді. 
Бұндай  маңызды  жағдайлар  Ә.Нұрпейісовтің  туындыларында  ӛз 
кӛрінісін  табады.  Қай  адамның  болсын  сана-сезімі  ортаға 
байланысты жіктеледі. Осылайша ұлттық мәдениеті, ӛмірге деген 
ӛз  кӛзқарасы,  мінезі,  тәрбиесі  қалыптасады.  Тіл  халықтың  бүкіл 
болмысын,  мәдениетін  кӛрсетеді  және  тілді  жеткізуші  тұлғаны 
қалыптастырады.  Ә.Нұрпейісовтің  тілдік  шығармалары  тілдік 
(бейнелеуіш)  құралдарды  қолдана  отырып,  ұлттық  болмыстың 
ой-санасын  айқындап  кӛрсетеді.  Әлемдік  деңгейдегі  ұлттық, 
тілдік құралдар жоғары кӛркемдігімен ерекшеленеді. 
Ә.Нұрпейісовтің  ӛзіндік  ерекшелігі  кӛркемдік  жүйедегі, 
дәстүрлі халық үлгісіндегі кӛркем ойлаудың, шығарманы ерекше 
мәнерлілікке  жеткізетін  мол  күш-қуаты  арқылы  кӛрінеді. 
Салыстырулар,  метафоралар,  эпитеттер  және  т.б.  тілдің  айғақ 
тәсілін  қолдануда,  ұлттық  колорит  пен  сезімталдық,  дыбыстық, 
маңғаздық,  сезімталдық  ерекше  қауымдастардың  жасалуында 
туады. Адамның сезіміне қайырымдылық,  жылулық, сыпайылық 
қасиеттерін жинайды. 
Жазушы  шығармаларындағы  авторлық  жеке  суреттер 
(бейнелер)  ұлттық  колориті  басым  лексикалық  бірліктердің 
маңызды  екенін  кӛрсетеді.  Жазушы  шығармаларында  жасалған 
әлем  бейнесі  дүниені  автордың  сезінуін  кӛрсетеді.  Ақиқат 
ӛмірдің  кӛрінісі  –  кӛркем  шығарма  негізінде  жатыр.  Онда 
нақтылы ӛмірдің ізі, сәулесі, шындығы барынша кӛрінген. 
Авторлық  даралықтың,  жазушының  ӛз  қолтаңбасын 
танытатын  стильдік  амалдардың  бірі  –  кейіпкерлерді  сӛйлету, 
ойлату  тұстары.  Осы  орайда  Ә.Нұрпейісовтің  тілге  аса  бір 
ұқыппен 
қарайтын, 
сәйкестік, 
орындылық 
дегендерге 

 
22 
интуициясы мен білігі күшті қаламгер екені кӛрінеді. Шығармада 
жазушының  бүкіл  жан  дүниесі  ашылады,  сүйініш-күйініші 
кӛрінеді.  Демек,  ол  ӛзінің  “менін”  танытатын  жазушы.  Ӛнердің 
қай  саласында  болсын  шынайы  суреткер  ӛзіндік  ӛрнегімен  әрі 
ӛзіндік 
нақышымен 
кӛрінеді. 
Жазушы 
тек 
ӛзіндік  
қолтаңбасымен,  даралық  суреткерлігімен  ӛнер  иесі  болып 
табылады. 
Мәселен,  аталмыш  туындыда  кейіпкерлердің,  автордың 
ойлаған  ойларын  беруде  сӛйлем  аяқталмастан    ешбір  нүкте 
қойылмастан,  кітаптың  3-4  бетіне  дейін  жалғасқан.  Сырт 
қарағанда,  мәтін  бір  ғана  сӛйлем  тәрізді.  Шындығында, 
әрқайсысы  үш-тӛрт  бетке  созылған  әр  кейіпкердің  (Жәдігер, 
Әзім,  Бәкизат)  ойы,  синтаксистік  тұтастық  деп  аталатын 
конструкциялардан  тұратын  мәтін.  Синтаксистік  тұтастық 
бірнеше 
сӛйлемнен 
құралады. 
Бұл 
сӛйлемдер 
ӛлең 
шумақтарындағы  компоненттердің  ӛзара  қиюласқанындай,  бір-
бірімен  жымдасып,  топтасып  келеді.  Мұның  барлығы  жеке 
адамның  таныммен  тығыз  байланысты.  Таным  мен  тілдің  ара 
қатысы, сайып келгенде, адам проблемасының ӛзегі – дара тұлға 
тұжырымдамасымен  шешіледі.  Оның  себебі  мынада:  таным 
сыртқы  дүние  заттарына  бағытталған  тәрізді  кӛрінгенімен,  оны 
жүзеге  асырып  отырған  адам  болмысы  тұрғысынан  бағдарласақ, 
айтылған  процестің  үнемі  ішке  қарай  (адамның  ішкі  дүниесіне 
қарай)  бағытталғанын  кӛреміз.  Таным  процесі  адамның  ішкі 
дүниесінің  күрделі  құрылымдарын  тудырады  және  соған  сәйкес 
сипаты  да  ӛзгереді.  Осылайша  танымның  жүрісін  адам 
баласының ішкі қажеттіліктер дәрежесі белгілейді
1

Тіл  –  халықтың  әр  кезең,  әр  дәуірдегі  тіршілік  айнасы. 
Халықтың  тіл  байлығын  еркін  пайдалану  керек.  Ӛйткені  сӛз 
тӛркінінде  халықтың  кәсібі,  тіршілігі,  дүниетанымы  жатады. 
Сондықтан халық та, халықпен бірге сӛз де ӛзгеріп отырады. 
Әрбір  ұлт  мәдениетінің,  ұлт  тілінің  жетістігінің  қосындысы  
кемелдену  болып  табылады.  Ӛз  ұлтының  ерекшелігін  таныған 
адам ғана екінші бір ұлт мәдениетінің жетістігін кӛре алады. 
Қазіргі  таңда  тіл  мен  мәдениет  байланысын  когнитивтік 
тұрғыда  қарастыру  ӛзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады. 
Когнитивті  бағыттың  ӛзектілігі  оның  тек  қана  теориялық 
                                                 
1
  Жаманбаева    Қ.      Тіл  қолданысының  когнитивтік  негіздері:  эмоция,  символ,  тілдік 
сана. – Алматы: Ғылым, 1998. –6-бет. 

 
23 
лингвистикадағы 
контексті 
полипарадигматизміндегі 
доминанттылығы  ғана  емес,  сонымен  бірге  ауқымы  кең 
болашақта 
бағадар 
ұсынады: 
тілдік 
құбылыстарды 
экспликациялау,  тіл  мен  мәдениет  байланысындағы  адамның 
рӛлі,  басқа  ғылымдар  жүйесіндегі  деректер  негізінде  тіл 
құбылыстарын және зерттеу аппаратын қарастыру (Ю.Д.Апресян,            
В.З.Демьянков, В.В.Колесов, Е.С.Кубрякова, Е.В. Рахилина т.б.)
1
.
 
Тіл  –  мәдениеттің  феномені,  ұлт  мәдениетінің  кӛрінісі 
ретінде  ғылымда  әлі  де  болса  ӛз  дәрежесінде  толық  зерттелмей 
келеді.  Тіл  –  рухани  күш  десек,  тіл  және  басқа  семиотикалық 
таңбалар  (ым  тілі,  кино  тілі,  сурет  тілі)  арқылы  адам  кез  келген 
құбылысты  қабылдап,  оған  баға  беріп,  ӛз  кӛзқарасы  мен  ойын 
білдіре  алады.  “Сыртқы  құбылыстар  әлемі  мен  адамның  ішкі 
әлемі арасындағы әлем – тіл”, - деген В. Фон Гумбольдт пікіріне 
сүйенсек,  тілдің  қоршаған  ортадан,  болмыстағы  шындықтан, 
адам  санасы  мен  ойынан  тыс  ӛмір  сүруі  мүмкін  емес.  Мәдениет 
қоғамдық  сананың  бір  бӛлігі  болып  табылады,  ал  тіл  – 
мәдениеттің  шындығы  мен  кӛрінісі.  Халық  мәдениетінің 
ӛрнектері тілде  кӛрініс береді. Адамзат қоғам және әлем туралы 
мәліметтер жиынтығы тіл арқылы жететініне кӛзін жеткізді
2

Қазақ  ұлтының  дүниетанымын,  ой-парасатын  және  рухани 
мәдениетін оның туған тілі арқылы тану тіл біліміндегі маңызды 
мәселелердің бірі болып саналады. Кез келген ұлттың мәдениетін 
танып білуде ең басты сүйенетіміз – тіл. Тілдік деректер арқылы 
ұлт  туралы,  оның  мәдениеті  мен  ұлттық  ерекшеліктері  туралы 
мол деректер мен мағлұматтар аламыз. 
Академик  Ә.Қайдардың:  “Мәдениет  жеке  адамның  басына 
тән  қасиеттен  басталып,  бүкіл  ұлттық  менталитеті,  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  ұлттық  сана,  дүниетаным,  салт-дәстүрлер, 
рухани-материалдық  байлықтың  бәрін  түгел  қамтитын  ӛте 
күрделі  ұғым”  деуі
3
  мәдениетті  тілмен  байланыстыра  зерттеудің 
маңыздылығын  аша  түседі.  Ӛйткені  тіл  қарым-қатынас  құралы 
ғана  емес,  ол  ұлттық  мәдениеттің  басты  формасы,  сондықтан 
мәдени  негіздерге  деген  қызығушылық  тіл  тамырына  тереңірек 
үңілуді  қажет  етеді.  Осы  себепті  де  Ә.Нұрпейісовтің 
                                                 
1
  Демьянков  В.  З.,    Кубрякова  Е.  С.,    Панкрац  Ю.  Г.,    Лузина  Л.  Г.    Краткий  словарь 
когнитивных терминов. – М.: МГУ, 1996. –С. 78; Рахилина  Е. В.  Когнитивный анализ 
предметных имен: Семантика и сочетаемость. – М.: МГУ, 2000. –С. 45. 
2
 Гумбольдт В. фон.  Язык и философия культуры. – М.: Прогресс, 1985. –С. 31. 
3
 Қайдар  Ә.   Халық даналығы. – Алматы: Арыс, 2004. – 13-бет. 

 
24 
шығармаларындағы  ұлттық  мәдениет  пен  ұлттық  тілдің 
байланысына  құрылған  ұғымдар,  сӛздер  әлі  де  зерттеуді  талап 
ететінін айта кету абзал. 
Қазақ 
халқының 
ең 
маңызды 
мәдени 
ұлттың 
ерекшеліктерінің бірі – жан-жақты қамтылған дәстүрлі мәдениет 
үлгілеріндегі  дағдылы  ұлттық  рәсімдері.  Халық  ұғымында 
мұндай ұлттық рәсімдер түрлерінің әбден сақталып қалғанда ғана 
бүгіндері ұлт тӛлқұжатындай кӛрінеді және ӛзге ұлттардан бӛлек 
мәдени  айырмашылықтарын  айқындайды.  Қай  ұлттың  болсын 
ӛзінің ӛмір сүрген дәуіріне қарай, күн кӛріс тұрмыс тіршілігі, сол 
ұлтқа  ғана  тән  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлері,  мәдениеті 
бар
1

Тіл мен мәдениетке  тӛмендегідей жалпы белгілер  тән: бұл  – 
халық  пен  адамның  дүниетанымын  бейнелейтін  сананың 
формасы,  олар  бір-бірімен  диалогқа  түсіп  араласады,  ӛйткені 
қарым-қатынас  субъектісі  –  белгілі  мәдениеттің  субъектісі; 
олардың  ӛмір  сүруінің  жеке  және  жалпы  формалары  бар;  екі 
құбылысқа да нормативтілік, тарихилық және бір саладан екінші 
салаға  ӛтетін  ӛзара  араласу  тән.  Тіл  –  мәдениеттің  бір  құрамдас 
бӛлігі.  Оны  игеру  ұлттық  ойлаудың  арнайы  белгілерін 
қалыптастырып  жетілдіру  арқылы  жүзеге  асады.  Ал  мәдениет 
тілдің  ӛзінде,  мәтінде  ӛмір  сүреді.  Сонда  да  олардың  арасында 
маңызды  айырмашылық  бар:  тіл  қарым-қатынас  құралы  ретінде 
кӛпшілік 
адресантқа 
бағытталған, 
ӛйткені 
мәдениетте 
элитарлылық  бағаланады.  Олардың  бірінің  орнын  бірін 
ауыстыруға  келмейді:  “Тілдік  қалыпты  мәдениеттің  заттық 
деңгейіне  керісінше,  мәдениет  қалыбын  –  тілдің  заттық 
деңгейіне” қоюға болмайды. 
Адам  туралы  ғылым  ретінде,  лингвомәдениеттану  бір 
жағынан,  тілдегі  адам  факторына  бағытталған  екінші  жағынан, 
адамдағы тілдік факторға мәдениеттің кӛптеген анықтамаларына 
антологиялық  қасиеттері  кӛрсетілген  (табиғатқа  қарама-
қайшылығы,  эволюциялық  сипаттама,  тарихилық,  құндылық, 
ұрпақ  аралық  трансляция)  тағы  бір  фактор  қосылады:  Ол 
“семиотикалық табиғаты бар дүниетану мен дүние...” – мәдениет 
–  тілде  қалыптасқан  әлемдік  дүниенің  бір  бӛлігі.  Сондықтан  да 
                                                 
1
 Смағұлова  Г.   Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы: 
Қазақ университеті, 1998. –73-бет. 

 
25 
қаламгерлердің  аталмыш  романын  мәдени  шеңберде  қарау 
ойымызды дәлелдей түседі. 
 
 
1.2  “Соңғы парыз” романында ұлттық  
әлем бейнесінің кӛрінуі 
 
Кӛркем  әдебиет  тілі  қоршаған  ортаның  шындығын 
бейнелеумен  қатар,  адам  табиғатын,  қоғам  болмысын  ӛзгертуге, 
жақсартуға  ат  салысады.  Әдеби  шығарманың  құрылым  жүйесі, 
образдылығы,  мазмұны,  стилі,  тілі  секілді  поэтикалық 
құбылыстармен 
бірге, 
оның 
этнотілдік, 
эстетикалық, 
лингвопоэтикалық, лингвомәдениеттік, сондай-ақ психологиялық 
және  семиотикалық  табиғатын  түзетін  кӛркемдік  құбылыстарды 
пайымдау  тіл  мен  әдебиеттің  табиғатын  таразылаудағы  басты 
міндеттер қатарына жатады. Осы тұрғыдан келгенде, Әбдіжәмил 
Нұрпейісовтің романындағы алуан түрлі бейнелеуіш құралдарды 
зерттеп, зерделеу бүгінгі келелі мәселелердің бірі саналады. 
Кӛркем  әдебиет  тілінің  тек  ӛзіне  тән,  ӛз  табиғатын,  ӛзіндік 
сипатын  танытатын    айрықша  белгісі  –  кӛркем  әдебиет  тілінің 
коммуникативтік  қызметімен  қатар  эстетикалық  та  қызмет 
атқаратындығы.  Кӛркем  шығарма  тілінің  осы  эстетикалық 
қызметі  жазушының  идеялық,  жаңа  мазмұндау  жоспарымен 
тығыз  байланысты.  Кӛркем  әдебиетке  тән  сӛз  қолдану 
заңдылықтары  суреткердің  шығарма  кӛлеміндегі  кӛздеген 
тақырыптық  мақсатымен  ұштасып  жатады.  Қаламгер  шығарма 
тілінің  кӛркемдігін  арттыру  мақсатында  тілдің  лексикалық 
деңгейін  ӛз  дүниетанымына,  болмысқа  кӛзқарасына  орай 
қолданады. Ал  “Қазақ тілінің лексикасы – сӛзге ӛте бай тіл, оның 
грамматикалық  амалдары  мен  тәсілдері  тіпті  мол,  сӛздерді  бір-
бірімен  тіркестіруге  де,  құрастыруға  да,  сонымен  қатар  сӛйлем 
жүйелерін 
орайластыруға 
да 
қабілетті, 
икемді, 
ішкі 
мүмкіншіліктері мейлінше қат-қабат тіл”
1

Белгілі ғалым Р.Сыздық жазушы тілінің кӛркемдігі, шеберлігі 
туралы  мәселені  оның  стилі  деген  ұғыммен  байланысты  алып 
қарайды
2

                                                 
1
 Серғалиев  М.   Кӛркем әдебиет тілі. – Алматы: Мектеп, 1995. –123-бет. 
2
 Сыздық  Р.   Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс,  2004. –319-бет. 

 
26 
Қазақ тілі ғылымында кӛркем шығарма тілі туралы алғашқы 
зерттеулердің  қатарына  Е.Жанпейісовтің  еңбектері  де  жатады. 
Кӛркем  шығарма  тілінің  ӛзіндік  ерекшелігі  туралы  ғалым 
былайша  ой  түйеді:  “Кӛркем  шығарма  тілінің  табиғаты,  оның 
барлық  қыр-сыры  шын  мәнінде  де  осы  екі  түрлі  стилистиканың 
негізінде,  яғни  шығарма  тілінің  стилі  тұтас  шығарма  стилінің 
элементі  ретінде,  сонымен  қоса  және  әдеби  тілдің  жалпы 
халықтық  тілдің  стилімен  тығыз  байланысты  талданған  тұста 
ғана  толық  ашылса  керек.  Ӛйткені  тіл  кӛркем  әдебиетте 
шығарманың  жалпы  образды  құрылысынан  бӛлек  тұрған 
құбылыс  емес;  қайта,  стилдің  ең  кіші  және  ең  қарапайым 
элементтерінің  ӛзі  де  осы  тілде,  тілдің  саласында  жатыр  емес 
пе?” 
Е.Жанпейісов  кӛркем  әдебиет  тілі  мен  әдеби  тілдің  ұқсас, 
ортақ қасиеттеріне тоқталады. Жалпы, кӛркем әдебиет тілін оның 
эстетикалық  қызмет  атқаруымен  байланыстырады.  Кӛркем 
әдебиет аталған  қызметті шығарманың мазмұнымен, идеясымен, 
образдар  жүйесімен  бірлікте  тұрып  атқарады.  Ал  әдеби  тілдің 
бейнелі сипатының аясы мұндай кӛлемде кӛрінбейді. Екіншіден, 
әдеби  тіл  мен  кӛркем  әдебиет  тілін  ортақтастыратын  бір  жайт: 
“Екеуінің  негізгі  материалы  да  –  халық  тілі,  халық  тілі 
байлығының  барлық  қат-қабаты”.  Бірақ  әдеби  тіл  мен  кӛркем 
әдебиет  тілінің  осы  ортақ  материалды  –  халық  тіл  байлығын 
пайдалануы  бірдей  емес.  Бұл  олардың  мазмұн-мақсатынан 
туындайды
1

Кӛркем туындының тілін лингвистикалық тұрғысынан талдау 
дегеніміз  –  тілдің  жеке  бӛліктерін  түгендеп  атау  емес,  сол 
бӛліктердің,  айталық  сӛздердің,  тіркестердің,  сӛйлемдердің 
қолданысын,  қолданыстағы  кӛрінісін  зерттеу.  Кӛркем  әдебиет 
тілін  зерттеудің  негізгі  мұраты  –  тілдің  ӛзін  емес,  оның 
мүмкіншілігін кӛрсету
2

Кӛркем  шығарма  тілі  –  жалпыға  ортақ  халық  тілі  болуымен 
қатар,  эстетикалық  сезімнің,  образды  ойдың  да  тілі,  сондықтан 
оған  ерекше  талаптар  қойылады.  Бұл  арада  жалпыға  бірдей 
ортақтық табу қиын. Әрбір суреткердің  тілдегі сӛз байлықтарын 
игере білу, оның ішкі дүниесіне бойлау дәрежесі түрліше болып 
                                                 
1
 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. – Алматы.: Ғылым.  1968. – 13-14-беттер. 
2
 Сыздық Р. Ғ. Сӛз құдіреті.  – Алматы: Санат, 1997.  –5-бет.  

 
27 
келеді. Біреу білмегенді біреу біледі, бір сӛзді әр жазушы ӛзінше 
“үндетуі”, түрлі-түрлі мағыналық орайда қолдануы мүмкін
1

Талдаудың ең қарапайым түрі – тілдік талдау. Оның мақсаты 
мен міндеті – кӛркем шығармада  пайдаланылған және де  әдеби 
шығарманы  дұрыс  ұғынуға  тікелей  қатысы  бар  тілдік 
тұлғалардың  мән-мағыналары  мен  қолдану  жағдайларын  ашып 
беру.  Бұл  сӛз  жоқ,  әдеби  туындыны  дұрыс  әрі  толық  түсінуге 
кӛмектеседі.  Сӛз  ӛнерінің  шеберлері  –  жазушылар  халық  тілінің 
байлығын пайдаланады. Бірақ олардың бар сӛзді білу, пайдалану 
дәрежесі  бірдей  емес.  Тек  ірі  суреткер  жазушының  ғана  сӛз 
байлығы  ӛзгеден  ерекше  мол  болады.  Олар  ӛзіне  керекті,  тілде 
бар  сӛзді  молынан  пайдаланып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар 
ӛздерінің  шығармашылық  әрекетінде  жаңа  сӛз  жасауда,  бар 
сӛздерге  қосымша  стильдік  қызмет  беріп,  олардың  икемділігін 
арттырып отыруы да мүмкін. 
Сӛз  кӛркемдігінің  бір  нысанасы  –  айқындылық.  Жазушы 
айтпақ  ойын  дәл,  анық  бере  алмаса,  не  сӛздерін  оқушылардың 
ұғымына,  тез  түсінуіне  лайық  құрамай,  ӛзінше  “сірестіріп” 
қоятын  болса,  ондай  жазушының  шығармасы  кӛп  ӛмір  сүре 
алмайды.  Айқындықтың  белгісі  –  әр  сӛзді  ӛз орнына  қолдануда. 
Сӛздер  мақсатты  ойға  лайық  дәл  табылып,  ӛз  теңіне  дұрыс 
тіркеспесе,  ой  түсініксіз  болады,  сӛйлем  кӛріксіз  болып  тұрады. 
Ондайдан  аулақ  болу  үшін  тіпті  ысылған  жазушылардың  ӛзі  бір 
жазғанын  қайта-қайта  жӛндеп,  ӛңдейді.    Аталмыш  қаламгердің 
жазушылық  ӛнерінен  анық  байқалатын  нәрселер  –  айқындық, 
тұжырымдылық. 
Кӛркем  шығарма  тілінің  ажарлылығы,  мәнділігі  белгілі 
шамада  суреткердің  әлгіндей  “сӛз  жарату”  әдісімен,  оның 
стильдік  ерекшелігімен  байланысты.  Дарынды  сӛз  шеберлері 
жеке  сӛздің  метафоралық  және  түрлі  тілдік  құбылыстар  арқылы 
теңін тауып қосақтауда олардың мағынасына, стильдік қызметіне 
қарай сӛз тіркесінің құрамын түрлендіріп отырады. 
Э.Когайдың  пайымдауы  бойынша:  “...кӛркем  әдебиет  ӛнер 
түрлерінің  бірі  болып  табылады,  “әлемнің  кӛркемдік  бейнесі” 
ұғымы  “ӛнім”  ұғымына  қолдануға  лайық.  Кӛркем  әдебиет 
туындысын  жасаудың    жалғыз  құралы  –  тіл.  Туынды  әлемі  тіл 
                                                 
1
 Балақаев  М.   Сӛз және шеберлік // Жұлдыз. – 1961. – № 10. – 139-бет. 

 
28 
арқылы заттанады да, оны қабылдаушы бұл әлемге осы заттану – 
кӛркем мәтін арқылы енеді”
1

Сан ғасыр бойында жасалған ауыз әдебиеті үлгілері болсын, 
қазіргі заманның талабына сай дамыған кӛркем  әдебиет болсын, 
қай-қайсысында да, халықтың неше алуан сӛз орамдары, образды 
сӛз  қатарлары  бар.  Шығарманың  шеберлігі  осы  халықтың  алуан 
түрлі  тіл  ӛрнегінен  үздіксіз  үйреніп  отырғанда  ғана  шыңдалмақ. 
Жазушы  шығармасына  арқау  еткен  материалы  алуан  түрлі 
ӛмірлік құбылыстарды кӛркемдік тұрғыда қаншалықты дәл кӛріп, 
олардың  ішінен  керектісін  қаншалықты  іріктеп  ала  білді  –  міне, 
тіл кӛркемдігі осылармен де тығыз байланысты. 
Бұрынғы  заманнан  бастау  алған,  халық  сана-сезіміне  сіңіп, 
жадында  жатталған  сӛздердің,  дүние  есігін  ашып  жатқан 
шығарма авторының қолданған сӛздерінің  тарихына, яғни шығу 
этимологиясына үңілу, табиғи сырын ашып, мағыналық даму мен 
тілдік  қолданыс  аясын  анықтау,  ұлт  мәдениетімен  сабақтастыра 
салыстыру  тіл  тарихының  ұлт  тарихынан  да  ұзақ  екендігін 
негіздейді.  Адамзат  баласының  болашағы  үшін  қоғамдық, 
әлеуметтік,  экономикалық  т.б.  күресі,  рухани  жаңғырулары  сан 
ғасыр  ӛтсе  де,    халықтың  ұрпағынан  ұрпағына  сол  этнотілдің 
элементтері    сақталуы  арқылы  жетеді.  Соның  арқасында  ұлттық 
тілдің  негізін  сақтап  қалған  белгілі,  белгісіз  авторлардың 
туындыларынан,    ана  тілдің  ӛміршең  қызметінің  қуаты  мен 
құдіреті  негізінде  ұлтымыздың  кӛне  тарихы  мен  мәдениетін 
дұрыс танып-білуге бастау алады. Мұндай бастаулар кӛзі жалпы 
тіл  ғылымының  аясында  ұлттық  мәдениеттің  кӛзі  ретінде 
тағлымдық мәні зор ұлттық тілдің ӛн бойынан табылады. Осыған 
байланысты  тіл  табиғатының  құпиясы  ғылымның  басқа 
салаларымен 
(психология, 
антропология, 
мәдениеттану, 
мифология т.б.) тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, 
ашылады.  Ӛйткені кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану 
үшін  тілдің  ӛзіндік  заңдылықтарын  білу  жеткіліксіз,  оның  түпкі 
тамырын білу қажет. Кез келген тіл сол тілде сӛйлеуші халықтың 
ӛткен  тарихымен,  күнделікті  ӛмірде  тұрмысына  орнықтырған 
мәдениетімен,  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  салт-
дәстүрімен,  күнкӛрісіне  арқау  болған  жан  рухымен,  ой-
санасымен  тікелей  байланысты  екені  сӛзсіз.    Сондықтан  да 
                                                 
1
  Когай    Э.  Р.      Метафора  как  средства  создания  индивидуально-авторской  картины 
мира. Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2002.  –С. 34. 

 
29 
ұлттық  тілді  халықтың    мәдениетімен,  жан  дүниесімен  ілім-
білімімен,  ой-танымымен,  сана-сезімімен,  тарихымен  біріктіре 
қарау  мәселесі  тіл  ғылымында  ӛзіндік  ӛріс  алып  келе  жатқан 
этнолингвистика,  когнитивті  лингвистика,  психолингвистика, 
лингвомәдениеттану ғылымдарының тууына себепші болды. 
Этнолингвистика  –  психолингвистика  мен  әлеуметтік 
лингвистика сияқты тіл біліміндегі жаңа бір бағыт. Бұл үшеуі бір-
бірімен  байланысты  болғанымен,  әрқайсысының  ӛзіндік 
ерекшеліктері  де  бар.  Этнолингвистика  тілді  этносқа  қатысты 
тұрғысынан  алып  қарастырса,  психолингвистика  тілді  адам 
психикасына  қатысы  жағынан,  ал  әлеуметтік  лингвистика  тілді 
қоғам  дамуына  қатысы  тұрғысынан  алып  зерттейді.  Сонымен 
қатар 
этнолингвистика 
диалектология, 
фольклористика, 
этнология, мәдениеттану, мифология сияқты ғылым салаларымен 
де  байланысты.  Ӛйткені  бұл  ғылым  салаларының  бәрінің  де 
зерттеу нысаналары ортақ
1

Қай  жазушының  тілінен  де  ӛзіміз  “дұрыс  емес-ау”  деп 
таныған  қолданыстарды,  кейбіреулерімізге  бейтаныс  сӛздерді,  
сӛйлемдерді кездестіреміз. Бірақ олардың баршасы бейнормалық, 
кемістік  бола  бермеуі  мүмкін.  Ӛзге  фукционалдық  стилдердей 
емес,  кӛркем  әдебиетте  қалыптасқан  тілдік  тәртіптен  уәжді 
ауытқу  дейтін  болады,  яғни  суреткер  кейбір  сӛздер  мен 
тұлғаларды  стильдік  мақсатта,  белгілі  бір  мағыналық, 
экспрессивтік тағы басқа жүк артып қолдануға тиіс, әйтпесе ол – 
кӛркем  дүние,  ӛнер  туындысы  болмас  еді.  Кӛркем  шығарманың 
мақсаты  бір  нәрсе  жайында  хабар  беру  емес,  оқырманның 
эстетикалық талабын ӛтеу, әсемдік қажеттілігін қанағаттандыру – 
кӛркем  прозаның  да,  поэзияның  да  ерекше  қызметі  әрі  айрықша 
қасиеті  екенін  естен  шығарсақ,  кейбір  “орынсыз-ау”  деген 
қолданыстардың    “жӛнсіз-ау”  деген  ауытқулардың  уәжі  бар 
екенін  байқаймыз.  Демек,  кӛркем  шығармадағы  кейбір  оғаш 
сәттердің бәрін “керексіз” дей салмай, олардың орынды-орынсыз, 
себепті-себепсізін ажыратып тану, айырып қабылдау ең алдымен 
кӛркем  тілді  сӛз  етушілердің  міндеті  болса,  кӛркем  шығарманы 
оқитындардың  борышы  екенін  ескерткіміз  келеді.  Әрбір 
шығармадан  қалам  иесінің  ұлттық  қазына,  халықтық  құралға  – 
тілге қаншалықты бай екендігін байқауымызға болады. 
                                                 
1
 Хазимова  Ә.   Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері: Фил. ғыл. канд. ... 
дис. – Алматы, 2002. – 35-бет. 

 
30 
Прозалық шығармалардың тілін байытатын тәсілдердің бірі – 
кейіпкер  тілі  мен  авторлық  баяндау.  Кейіпкер  тілінде  кӛркемдік 
мақсатқа  орай  қолданылған  бейәдеби  лексика  (диалектизмдер, 
қарапайым  сӛздер,  тосын  қолданыстар,  ӛзге  тілдік  элементтер 
т.б.)  әлдеқайда  жиі  кездеседі.  Бұл  –  кӛркем  шығарма  тіліндегі 
дәстүрлі тәсіл. Ал соңғы жылдарда бейәдеби лексиканың кӛркем 
тіл кестесіндегі орны кеңейе түсті деуге болады. Оның басты екі 
себебі бар. Біріншісі – кейбір қаламгерлеріміздің ӛмір шындығын 
кейіпкер  кӛзімен  суреттеуіне  байланысты  болса,  екіншісі  – 
жергілікті  сӛз,  қарапайым  лексика,  ӛзге  тілдік  элементтерді 
жазушының сӛйлеу тілі белгісі  ретінде қолдануына байланысты. 
Орынды  жұмсалған  ондай  белгілер  автор  мен  оқырман 
арасындағы байланысты күшейте түседі. 
Кӛркем  әдебиеттің  даму  деңгейін  танытатын  тілдік 
құбылыстардың  барлығын  дерлік  “Соңғы  парыз”  романынан 
кездестіре  аламыз.  Олардың  қатарына  этномәдени  лексика, 
диалектизм,  кәсіби  сӛздер,  архаизм,  окказионализм  т.б.  тілдік 
құбылыстар  жатады  [2  -  сурет].  Сондай  құбылыстың  бірі  – 
диалектология    –  этностың  жергілікті  сӛйлеу  ерекшелігі, 
фольклористика, 
жалпы 
мәдениеттану 
салалары 
этнос 
ӛркениетінің  әлденеше  ғасыр  бойындағы  даму  жолын,  заттық 
және  рухани  мәдениетін,  салттық  дәстүрлерін,  мифологиясын 
этностың  жалпы  дүниетанымын,  наным-сенімін,  ӛзін  қоршаған 
ортаға деген кӛзқарасын қарастырады. 
Сондай-ақ    ауызекі  сӛйлеу  тіліндегі  қарапайым  сӛздер  де, 
мақал-мәтелдер  де,  эпитет  пен  теңеулер  де,  тілдің  басқа  да 
барлық  бейнелеу  құралдары  шығарманың  жалпы  идеялық, 
тақырыптық  арқауына  лайық  жаңа  бір  мағыналық  астар  алып, 
стильдік функциясы арта түседі. 
Бүгінгі  күні  қазақ  халқының  рухани  және    қоғамдық-
әлеуметтік  тіршілігінің  барлық  саласына  тамырын  кең  жайып, 
халқымыздың  қатынас  құралы  ретінде  қалтқысыз  қызмет  істеп 
отырған  әдеби  тіліміздің  даму  жолының  ӛткені  мен  бүгінгісіне 
кӛз жүгіртіп қарасақ, оның қалыптасуы мен кемелденуіне ұйытқы 
болған  халық  тілі  екені  айқын  сезіледі.  Әдеби  тіліміздің  жаңа 
дәуір  талабына  сай  биік  белестерге  де  кӛтерілуіне,  дамуына 
қозғау  салған  –  халық  тілі.  Жергілікті  халық  тілінің  байлығы 
әдеби  тіліміз  нәр  алатын  таусылмас  бұлақтың  бірі  десек  артық 
айтпаған болар едік. 

 
31 
Қандай  да  бір  тіл  болмасын  ӛзіндік  құрылымы  бар  жүйелі 
құбылыс  екені  баршамызға  аян.  Сол  сияқты  диалектілер  де 
жалпы  халықтық  тілдің  тармағы  ретінде  ӛмір  сүретіндіктен, 
жүйелілік  сипат  оларға  да    тән.  Алайда,  жалпы  халықтың  тіл 
жүйесімен  диалектілер  жүйесінің  сипаты  бірдей  емес.  Тіл 
жүйесінің негізгі белгілері оның диалектілері мен говорларына да  
тән,  онсыз  бұлар  белгілі  бір  тілге  жатпаған  болар  еді.  Ал  әрбір 
диалекті мен говор жүйесінің ерекшеліктері мен ӛзіндік белгілері 
тұтас тілге және оның барлық диалектілері мен говорларына тән 
емес.  Мысалы:  Ә.Нұрпейісовтің  шығармаларында  кездесетін 
жүзі  жапырылу    тіркесі    жалпы  халықтық  тілге  де,  оның 
говорларына  да  түсінікті,  ал  осы  тіркестің  “қысылу,  ұялу,  жүзі 
шыдамай”  түріндегі  бейнелі  ұғымды  беріп,  тұрақтылық  сипат 
алуы Қызылорда, Арал говорларына ғана тән құбылыс
1

Яғни  қазақ  тіл  біліміндегі  шешілмей  талас  тудырып  жүрген 
мәселелердің  бірі  –  кӛркем  әдебиет  тілінде  диалектизмдерді, 
жергілікті  сӛздерді  пайдалану.  Кӛркем  әдебиет  шығармаларын 
оқып  отырғанымызда  ондағы  сӛздердің  бәрі  де  сырмінез, 
ұғымды,  тілі  жатық  кӛрініп,  ӛзінше  бір  жарасып  тұрады. 
Сӛйлемдегі сӛздер бір-бірімен жымдасып, үйлесе қолданылғанда 
алуан  түрлі  байланысқа  түседі  де,  сан  шытырман  ойлардың 
ӛзіндік  сырын  шертетін  құдіретті  бір  күшке  айналады.  Осы  күш 
баурап  әкеткен  оқушы  әрбір  сӛздің  мағынасын  анықтап,  талдап 
жатпайды. 
Диалекті    –  әрқашан  әдеби  тілмен  жарыса  ӛмір  сүретін 
ӛзінше  бір  жүйелі  құбылыс.  Оның  да  әдеби  тілдегідей    ӛзіндік 
құбылысы,  ӛзіндік  сӛзжасамы,  сӛз  тұлғалары  бар.  Сондықтан  да 
диалектілер  мен  говорларды  жалпы  ұлттық  тіл  жүйесінің 
құрамды бӛліктері ретінде тұтас алып, салыстыра отырып зерттеу 
қажет.  Ал  олардың  бәрі  тілде  кӛрініс  тауып,  ұрпақтан  ұрпаққа 
жалғасады.  Оны  қарастыру  лингвистика  үлесіне  тиеді.  Яғни 
диалектологияда, 
 
фольклористика 
мен 
мифологияда, 
лингвистикада бәрі де тікелей этносқа қатысты, бәрі де этностың 
ерекшелігін сипаттайды. 
Әлемдік тіл білімінде этнолингвистиканың теориялық негізін 
неміс ғалымы В. фон. Гумбольдт салды. Ол тіл мен мәдениеттің 
байланысын  айта  келе:  “Тек  тіл  ғана  халық  рухы  мен  мінезінің 
                                                 
1
 Қазақ тілінің диалектологиялық сӛздігі. 1 кітап.  – Алматы: Ғылым, 1996. – 239-бет. 

 
32 
ӛзіндік  сипаты  аша  алады  және  олардың  сырлы  құпияларына 
енуге мүмкіндік береді”, – дейді
1

Яғни  бұдан  этнос  пен  оның  тілі  біртұтас  деген  тұжырым 
қалыптасады.  Ӛйткені  тіл  –  этностың  бүкіл  дүниетанымы,  әдет-
ғұрпы,  салт-дәстүр,  ӛмір-тіршілігінің  кӛрінісі.  Этностың  барлық 
мәдени  байлығы  осы  тіл  арқылы  сақталып,  бізге  жетіп  отыр. 
Демек,  тіл  мен  этнос  тағдыры  қашанда  бір-бірімен  тығыз 
байланысты. 
Қазақ тіл білімінің бұл саласы ең алғаш 80-жылдардан бастап 
сӛз  бола  бастады.  Оның  қалыптасуы  акад.  Ә.  Қайдар  есімімен 
тығыз  байланысты.  “Қазақ  тілінің  ӛзекті  мәселелері”  атты 
жинағында  Ә.  Қайдар  этнолингвистиканың  зерттеу  нысаналары 
мен  мақсат-мүдделеріне  тоқтала  келіп,  оның  қоғамдық 
(мәдениеттану, 
этнография, 
этнология, 
ӛлкетану, 
фольклористика,  мифология,  дінтану,  астрология  т.б.)  және 
лингвистикалық 
(этимология, 
диалектология, 
ономастика, 
фразеология,  терминология,  лексикография  т.б.)  пәндермен 
байланысын  қарастырады.  “Ӛйткені  ӛзіндік  мақсат-мүддесі  бола 
тұрса  да,  бір  ортақ  нысанаға  –  “тіл  әлеміне”,  “тіл  қазынасына”, 
“тіл  құдіретіне”  т.б.  соқпай  кете  алмайтын  аталған  пәндерден 
этнолингвистикада  бӛлініп,  жарылып  ӛз  алдына  оңаша  тұра 
алмаса керек”,    –  деп ғалым тұжырым жасайды
2
. Сонымен қатар 
ғалым  бірнеше  жыл  ішіндегі  ізденістер,  зерттеулер  нәтижесінде 
қазақ  этнолингвистикасы  шарықтау  шегіне  жетпесе  де,  ӛзіндік 
ерекшеліктерінің, 
бағыт-бағдар, 
мақсат-мүдделерінің 
қалыптасқанын  сӛз  етеді.  Соның  бірінде  “қазақ  этносының 
ұлттық бейнесін, ӛзіндік болмысын толықтай түбегейлі түрде тек 
оның  тіл  байлығы  –  “тіл  әлемі”  арқылы  ғана  жан-жақты  анық 
білуге болады” десе, енді бірінде “тіл әлеміндегі этнос бейнесін” 
тек  лексика  қорының  жиі  қолданылатын  “үстіңгі  қабатындағы” 
мағыналық  бірліктер  негізінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның 
тӛменгі  қабаттарында,  қойнау-қалтарыстарында  тұнып  жатқан 
сӛз маржандары арқылы да жаңғыртуға тырысады” деп, осы “тіл 
әлеміне”  келіп  құйылып,  тілдің  лексика-семантикалық  қорын 
дамытудың этнолингвистикалық арналарын кӛрсетеді. 
                                                 
1
  Гумбольдт.  В.  фон.    О  различии  строения  человеческих  языков  и  его  влияния  на 
духовное развития человечества // Избранные труды по языкознанию.  – М.: Прогресс, 
1984. – С. 397.    
2
 Қайдар  Ә.   Қазақ тілінің ӛзекті мәселелері. –Алматы: Ана тілі, 1998.–13-бет. 

 
33 
Этнолингвистика 
саласында 
елеулі 
орын 
алатын 
“Этнолингвистика  негіздері”  атты  монографиясында  проф. 
М.М.Копыленко  қазақ  тіл  білімінде  акад.  Ә.Қайдар  бастаған 
этнолингвистикалық  мектептің  ӛзіндік  зерттеу  нысаналары  мен 
ерекшеліктеріне  тоқталады.  “Бұл  бағыт  тіл  айнасы  туралы 
этносты  зерттейді.  Онда  пәндер  симбиозы  жоқ,  себебі  тіл 
талдаудың  бас  және  тікелей  мәні  болып  табылады;  этнология, 
тарих,  мәдениеттану  және  негізгі  ӛзге  тілдік  емес  пәндер 
(кӛмекші)  құралдары  ретінде  пайдаланылады”,  дей  келе,  онда 
халық тіліндегі кӛрініс тапқанның бәрі – бүкіл тұрмыс-тіршілігі, 
тарихы, заттық және рухани мәдениеті зерттелетінін  сӛз етеді
1

Шынында  да  әр  ұлттың  мәдени  ағымындағы  тілдік 
құбылыстар  тамырланып,  қалыптасуы  үшін  оның  кӛптеген 
алғышарттары мен салалары болуы керек. 
Аталмыш 
салада 
проф. 
Е.Жанпейісовтің 
“Қазақтың 
этномәдени  лексикасы”  атты  докторлық  диссертациясы    ерекше 
құнды. Бұл зерттеуде М.Әуезовтің шығармалары негізінде заттық 
және  рухани  мәдениетке,  туыстық  қатынастар,  халықтық 
ӛлшемдерге  қатысты  лексикадан  тұратын  материалдарға  тілдік 
талдау  жасалады.  Тіл  білімінің  осы  жаңа  саласын  кӛптен  бері 
зерттеп  келе  жатқан  Е.Жанпейісов:  “Этнолингвистика  қазір  ӛз 
алдына  дербес  пән  ретінде  ғылымның  алдыңғы  шебіне  шығып, 
басқа  білім  салаларымен  ӛзінің  аражігін,  нысанасы  мен 
зерттейтін  материалын,  міндетін  анықтап  алу,  қалыптасу  сәтін 
бастан  кешіруде.  Этнолингвистика  ӛзінің  бітім-болмысы, 
табиғаты  жӛнінен  жалпы  тарихи  категория  болып  табылады. 
Себебі ол этностың қазіргісін емес, кӛбіне-кӛп ӛткенін зерттейді. 
Ал  этностың  ӛткені  оның  этномәдени  лексикасынан  айқын 
кӛрінеді. Этномәдени лексикаға ол этнос мекен еткен аймаққа тән 
табиғат  құбылыстарының,  заттық  мәдениет  лексикасы,  рухани 
мәдениет  лексикасы  жатады”,  –  дейді
2
.  Халқымыздың 
материалдық  ӛндірістік  деңгейі  мен  рухани  ӛрісін  бейнелейтін 
ана  тіліміздің  ұшан  теңіз  байлығын,  ұрпақтан-ұрпаққа  мирас 
болып беріліп келе жатқан асыл қазынасын барынша толық жиып 
кӛрсетіп, қыр-сырын анықтау – этнолингвистиканың міндеті. 
                                                 
1
 Копыленко  М. М.   Основы этнолингвистики. – Алматы:  Евразия, 1995. –С. 17. 
2
  Жанпеисов  Е.  Н.    Этнокультурная  лексика  казахского  языка  (на  материалах 
произведений М. Ауэзова).  – Алма-Ата, 1989.  – С. 7. 

 
34 
Қазақ  халқының  кӛркем  ойлау  жүйесінің  қалыптасу 
кезеңдерін 
анықтаумен 
сабақтас 
қарастырылған 
қазақ 
жазушыларының  шығармалары  ерекше  орын  алады.  Сол 
себептен,  жоғарыда  аталған  ғалымдардың  тұжырымдарына 
сүйене  отырып,  Әбдіжәмил  Нұрпейісов  шығармаларындағы  
тілдік  таңбалардың  барлығын    сананың  кӛрінісі  ретінде 
қарастыруға тырыстық. 
“Кӛркем  әдебиеттің  ерекшелігі  сол  –  ондағы  тура  немесе 
негізгі мағынада қолданылған сӛздер ауыспалы мағынада немесе 
кӛп жағдайда контекстік, комбинаторлық мағынада қолданылған 
сӛзге  сабақтасып,  соның  ықпалына  түсіп,  сәйкестік  құрып, 
кӛркем образ, кесек мүсін жасап тұрады”
1

Ең  алдымен,  тіл  арқылы  сақталған  ұлттық  танымның 
кӛрінісін Ә.Нұрпейісов туындылары тілінің негіздері мен тарихи 
күретамырларын  зерделеу  мен  зерттеуден  табамыз.  Екіншіден, 
сонау  кестелі  де  кешенді  сӛз  ӛнерінің  шыңы  Ә.Нұрпейісовтің 
“Соңғы  парыз”  атты  романын  бірнеше  қайта  ӛңделген 
басылымдардан,  яғни  кешеден  бүгінге  жеткізген,  бүгіннен  енді 
ертеңгі  ұрпаққа  жеткізетін  тілдің  құдіретіне  ерекше  мән  бере 
зерттейтін  тіл  білімінің  жаңа  бағыттары  да  осы  бастаулармен 
сабақтасады.  Осыған  орай,  тарихи  кӛркемдік  кеңістікті 
тұтастықта  қарап,  кӛркемдік  танымның  заңдылықтарын  ұлттық 
болмысымен  ерекшеленетін  нақты  тілдік  деректерді  талдау 
арқылы,  қазақ  мәдениетінің  ӛміршең  сипаттарын  санаға  сіңіру, 
әрі  жаңғырту  қазақ  тіл  білімінің  жаңа  бағыттарына  жүктелетін 
ӛзекті мәселелерінің бірі. Мәдениеттің кӛне-жаңасын, арғы-бергі 
тарихын  сӛйлетуші  де,  жеткізуші  де  тек  ана  тілдің  құдіреті 
екенінен,  әр  халықтың  ӛзіндік  тұрмыс-тіршілігі  тілі  арқылы 
ӛрнектелуінен,  мәдениеті  тіл  арқылы  басқа  елге  танылуынан  тіл 
мен мәдениет арасындағы ажырағысыз байланыстың торабы бар 
екенінен  кӛрінеді.  Мұның  нақты  ғылыми  тұжырымын 
американдық  ғалым  Э.  Сепир:  “Тілдің  бір  тұрағы  бар.  Ол 
мәдениеттен  тыс  ӛмір  сүрмейді.  Ол  дәстүр  болып  жалғасқан 
біздің тыныс-тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен 
наным-сенімдерден  арыла  алмайды.  Тілдегі  лексика  ӛзі  қызмет 
етіп  отырған  мәдениетті  ӛз  қалпында  кӛрсетеді.  Осы  тұрғыдан 
алғанда  тілдің  тарихы  мен  мәдениет  тарихы  жапсарлас  дамиды 
                                                 
1
 Исаев  С.   Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1996.  –38-бет. 
 

 
35 
деуге  болды”
1
  деп  анықтай  келе,  әр  халықтың  танымдық 
ерекшілігі  тек  тілінің  табиғатынан  танылатынын  кӛрсетіп, 
дәлелдейді. 
Кӛркем шығармада айтылмақ ойдың теңеу, эпитет, метафора, 
метонимия,  әсерелеу,  шендестіру,  қатарластыру  т.б.  сияқты 
кӛріктеу  құралдары  мен  амалдары  арқылы  кӛрінуі  ғылымда 
поэтикалық  образ  деп  аталады.  Поэтикалық  образ  жасауда 
жазушы сӛзге иек артады. Тіл – образдың кӛрінісі болса, образ –
сол шығарманың идеялық мазмұнының кӛрініс
2
. 
Суреткер 
 
шығармаларынан 
салыстыру, 
метафора, 
эпитеттердің  жарқын  бейнелілігін  байқаймыз.  Кӛркем  шығарма 
дәстүріндегі  кең  тараған  салыстырмалы  бейнелер  Ә.  Нұрпейісов 
шығармаларындағы  бейнелеу  тәсілдері  ӛзіндік  мазмұнның 
лексикографиялық  берілген  кӛлемінде  болады.  Олар  бағалау 
нысанасының әлеуметтік, ӛсу, мамандану, парасат, адамгершілік 
бағыттары  туралы  мәліметтерін  этикалық  және  эмоционалды 
бағалау 
шеңберіне 
кіргізіп, 
кеңейтіп, 
ӛзгерте 
алады. 
Шығармаларының тіліне мәдениет семантиканың байланыстыру, 
бейнелеу  негіздері  арқылы  еніп  кетеді.  Индивидуалды-авторлық 
суреттен  жазушының  амал  ерекшелігі,  сонымен  қатар 
жазушының бейнелі дүниесі, сезімталды әсерлерге бай күйі және 
реңі  байқалады.  Әлемдік  бейненің  жағымды  және  жағымсыз 
уәждемелері осы жерден кӛрінеді. “Әлем кӛріністері контекстіне 
“әлем  бейнесі”  ұғымы  да  келеді.  Бейне  қазіргі  заманғы 
сӛздіктерде  “тірі”,  бір  нәрсенің  кӛрнекі  кӛрінісі  ретінде 
айқындалады.  Осылайша,  әлем  бейнесі  адамның  ментальдік 
кеңістігінде нақты, шынайы әлемнің кӛрнекі кӛрінісі, ал ол болса 
кӛптеген ғалымдарға әлем кӛрінісімен қатар әлем бейнесі туралы 
айтуға мүмкіндік береді”
3

Әлем  бейнесін  жазушының  жеке  стилінің  қалыптасуында 
айқындауыш  фактор  ретінде  қарастыру  әлемнің  жеке  кӛрінісіне 
әкеледі
4
.  Суреткердің  жеке  қолданысының  контекстінде  сӛздер 
кӛркем  әлемге  жол  ашады.  “Бірегей  кӛркем  әлем  қазіргі  заман 
                                                 
1
 Сепир  Э.   Избранные труды по языказнанию / Пер. с англ. – М.: Прогресс, 1993. –С. 
186. 
2
 Тимофеев  Л. Н.   Проблемы литературы. – М., 1955. –С. 29.  
3
 Килевая  Л. Т.   Картина мира древных славян категория наклонения. Алматы, 2002. –
С. 37. 
4
  Семенец    Е.      Концептуальная  картина  мира  в  творчестве  писателя  //  Актуальные 
проблемы исследования языка и речи. –М.: БГПУ им. М.Танка, 2001. – Ч.1. – С. 115. 

 
36 
әдебиеттануында  аса  маңызды  категория  болып  танылады  және 
берілген  мәтіндегі  барлық  бейнелер  мен  уәждердің  жүйесі 
ретінде сипатталады”
1

Әлемді  біртұтас  даму  ошағы  деп  танитын  мәдениет  іспетті 
тіл  де  бізге  ӛзінің  қырлары  мен  сырларына,  жұмбағы  мен 
құпиясына толы шексіз қасиеттерін ашуда. Әлемді қалай кӛреміз, 
қалай  түсінеміз,  қалай  сезінеміз  деген  мәселелер  ғылымда  кӛп 
зерттеле  қоймаған,  әлі  де  толықтырулар  мен  ізденістерді  талап 
ететін  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Қарапайым  тілдің 
логикалық  жағы,  әсіресе,  эмоцияны,  “сезімдік  ойлауды”  талап 
етпейтін жағдайда қасиеттері ӛте шектеулі
2

Әлемді  тануда  тілдің  атқаратын  мәні  ӛте  зор.  Оған  адам 
баласына қызмет етіп жатқан бүкіл тамыры терең тілдік қабаттар 
жатады.  Сондықтан  да  “тіл  сандығының  кілтін”  тауып  ашу 
адамзат  сырын  танумен  тепе-тең.  Бұл  тұрғыдан  келгенде  әдеби 
тілдің әсері ерекше. Әдеби тілдің  нормасы дегенде тағы кӛркем 
әдебиет  тіліне  жүгінеміз.  Ғалымдарымыз  тілді  зерттегенде, 
сӛздіктер  жасағанда,  ең  алдымен,  кӛркем  әдебиет  тілін  негізге 
алады.  Оқырман  қауым  кӛркем  әдебиет  шығармаларын 
қадірлейді,  кӛп  оқиды,  оның  тілін  үлгі  тұтады.  Ал  егер  кӛркем 
шығарма  тілінде  әдеби  тілге  жатпайтын  олпы-солпы  сӛздер  мен 
оқырманның  құлағына  тосын  естілетін  қолданыстар  кездесіп 
отырса, олар оқырманның сӛйлеу тіліне теріс әсер етуі мүмкін. 
 
Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты
data -> Ұстаз ғалымның абыройы
data -> Интеллигенциясы: тарихи
data -> ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Очерктің тілі мен стилі
data -> Бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет