Н. Ж. Шаймерденова п І к І р б І л д І р г е н д е р


Метафораның жалпы тіл біліміндегі сипаты



жүктеу 0.87 Mb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата24.03.2017
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.3 Метафораның жалпы тіл біліміндегі сипаты 
 
Әрбір  ұлтты,  халықты  танудың  кілті,  мәдениет  ескерткіші  – 
ӛзінің ана тілі. Халықтың тарихын, мәдениетін, ұлы мұрасын тілі 
арқылы  зерттеу  –  сол  этнос  мәдениетінің  ӛзгешелігін,  ұлттың 
эстетикалық  таным-толғамын,  шаруашылық  кәсібін,  мінез-
құлқын  т.б.  тануға  мүмкіндік  береді.  Мұның  ӛзі  әлемді  тіл 
арқылы танудың негізін  құрайды. Сондықтан да тіл  – осы тілде 
сӛйлеуші  халықтардың  түсінісу,  пікір  алысу  құралы  ғана  емес, 
Вильгельм  фон  Гумбольд  айтқандай,  “тіл  –    халықтың  рухани 
кӛзін  біріктіруші  қуат,  ол  белгілі  бір  дыбыстар  арқылы 
                                                 
1
  Новикова    Н.  С.,      Черемисина    Н.  В.      Многомирее  в  реалии  и  общая  типология 
языковых картин мира // ФН. – 2001. – №1. – С. 45. 
2
 Авакова  Р. Ә.   Фразеологиялық семантика. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 22-
бет. 

 
37 
суреттелген  керемет,  ол  осы  кейпінде  және  ӛзара  байланыстағы 
ӛзіндік  дыбыстар  арқылы  барлық  сӛйлеушілерге  түсінікті,  әрі 
олардың  бәріне  бірдей  қуат  кӛзін  таратушы”
1
.  Қоғамдағы 
адамдардың түсінісу, қатынас құралы тіл болса, оның лексикалық 
құрамының  негізгі  тұтқасы  –  сӛз.  Сӛз  –  қарым-қатынас 
аспектісінде әлемдік бейнені таңбалайтын ұғым-түсініктер. Тіл – 
қоғамдық  құбылыс  ретінде  адам  әрекетінің  барлық  жағын 
қамтитын  тарихи  категория.  Адам  әрекеті  кең  кӛлемді  және  әр 
тарапты  болғандықтан,  тіл  қарым-қатынастың,  пікір  алысудың 
және  қоғам  мүшелерінің  бір-бірімен  түсінісуінің,  ойымыздың 
практикалық  кӛрінісінің  құралы  ретінде  де,  ӛзінің  құрылымы 
жағынан  да,  түрлі  жақтарының  ӛзгеру  сипаты  жағынан  да  аса 
күрделі  құбылыс  болып  табылады.  Тілдің  дамуы  қоғамның 
дамуына  байланысты  болғандықтан,  қоғам  дамуындағы 
әркелкілік  тілге  де  ортақ.  Сӛз  –  қоғам  мен  табиғат 
құбылыстарының,  адамның  рухани  ӛмірінің  айнасы
2
.  Сӛздердің 
мәнін  ашу,  қолданылу  сырын  сараптау,  ашу,  мағыналарына 
түсініктеме  беру.  Қазақ  лингвистикасының  елеулі  мәселелерінің 
бірі тілдің ғасырлар бойы табиғи даму процесінде оның ішкі даму 
заңдылықтары  арқылы  қалыптасқан  жүйелілігіне  сүйену,  сӛйтіп 
жалпы халықтық сипат алған, ӛмірге аса қажет, неғұрлым айқын 
сӛз  үлгілерін  сұрыптап  алу  болып  табылады.  Оларға  мәселен, 
айтылуы,  қолданылуы  әбден  тұрақты  қалыпқа  түскен  сӛздер, 
фразеологизмдер,  жалғаулар  мен  сӛзжасам  жүйесі,  сӛздердің 
тіркесі,  сӛйлем  құрау  жүйесі,  үндестік  заңы,  ықпал  сияқты 
тұрақтанған  жүздеген  тіл  құбылыстарын  жатқызуға  болады
3
.  
Осындай  құбылыстың  бірі  –  әлі  де  жалпы  тіл  білімінде  ӛз 
шешімін  таппай  талас  тудырып  келе  жатқан  метафора  
құбылысы. 
Соңғы  кезде  кӛркем  номинацияны  (метафора,  метафоралы 
салыстыру)  тек  қана  кӛркемдік  тәсіл  мен  номинация  құралы 
ретінде ғана емес сонымен бірге ойлаудың ерекше тәсілі ретінде, 
яғни  адам  дүниені  ӛзінің  заттық  және  теориялық  әрекет  ретінде 
қарастыру  қолға  алынып  келеді.  Сондықтан  метафора  қазіргі 
кезде  антропорталықты  ғылыми  парадигманың  ішіне  енуде. 
                                                 
1
 Гумбольдт В. фон.   Язык и философия культуры. – М.: Прогресс, 1985. –  С. 4. 
2
 Аханов  Т.   Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп, 1965. – 158 бет. 
3
 Қалиев  Ғ.,   Болғанбаев  Б.   Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. 
– Алматы: Дәуір, 2003. – 25-бет. 

 
38 
Ӛйткені  метафоралы  ойлау  –  нысаналар  арасындағы  логиканы 
қатар орнататын шығармашылық потенция. 
Метафораны  жасау  немесе  жасай  алмау  бұл  ойлаушы, 
сӛйлеуші  адамды  сипаттайтын  критерийлердің  бірі  ретінде 
танылады.  Зерттеушілер  сӛзімен  айтқанда,  метафора  әлемнің 
жеке тілдік кӛрінісін бейнелейді, себебі индивидуальдылық жеке 
адамның белгілі тілдік құралдарды таңдауына байланысты. Яғни 
әр адамға, сӛз суретшісіне, арнайы тек соған ғана тән қасиет бар. 
Қазіргі  кезде  ғылыми  парадигманың  ауысуына  байланысты, 
яғни  ӛзінің  дүниетанымы  мен  санасы  бар  адам  орталығындағы 
тілдің  “жансыз”  жүйесіне  қарсы  тұрған,  метафораға  деген 
кӛзқарас қауырт ӛзгеріп, қызығушылық арта түсті. 
Тіл білімінде метафора мәселесі кӛне ойшылдар Аристотель, 
Цицерон,  орыс  тілі  зерттеушілері  Н.Д.Арутюнова,  В.Г.Гак, 
А.А.Потебня,  В.Н.Телия,  В.К.Харченко  т.б.,  қазақ  тіл  білімінде 
А.Байтұрсынов, М.Балақаев, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиұлы, Б.Қалиев, 
Б.Қасым, Б.Хасанов т.б. зерттеу еңбектерінен орын алып, ғылыми 
жұмыстардың негізгі ӛзегі болып келе жатыр. 
Аристотель  алғаш  рет  метафораны  ұқсастық  негізінде  сӛз 
мағынасының  ӛзгеруі  деп  кӛрсетеді.  Ал  Цицерон  тілге  қажет 
ұғымдардың  атауын  басты  назарға  алады.  Метафора  табиғаты 
әлем  лингвистикасында  адамның  білім  қорының  құрылымдық 
сипатымен 
байланыстыра 
қарастырып, 
тілдің 
ойды 
қалыптастырушылық  маңызы  басты  бағыт  етіп  алынады.  
Сонымен  қатар  В.Г.Гак,  В.Н.Телия  метафораның  аталымдық, 
когнитивтік  қызметіне  баса  назар  аударады.  Н.Д.Арутюнова  бұл 
құбылыстың  тілдік  аспектілерін:  бейнеленген,  қолданымдық 
сипатын  ашады.  Метафораның  мағына  дамытудағы  маңызы 
туралы  қазақ  тіл  білімінде  А.Байтұрсынов,  Ә.Болғанбаев, 
Ғ.Қалиев,  М.Балақаев  т.б.  ғалымдар  құнды  пікірлер  қалдырған. 
Кейін  оның  қызметіне,  қолданыстың  ерекшеліктеріне  тілші 
ғалымымыз Б.Хасанов зерттеу еңбегін арнаған. Әлемдік тіл білімі 
метафораның  адамның  ойлау  үрдісін  қалыптастырушылық 
қасиетін ескеріп, оны басқа қырынан қарастыруды алға тартады. 
Тілдік  бірліктердің  жасалуындағы  адам  танымы,  дүниені 
қабылдауы,  оны  тілде  бейнелеуінде  метафора  маңызды  қызмет 
атқарады.  Метафора  ұғымдарды  қалыптастырады  және  оларды 
дайын  таңбалар  арқылы  атайды.  Ал  енді  ойымыз  нақты  болу 
үшін  аталмыш  ғалымдардың  еңбектеріне  талдау    жасап  кӛрелік. 

 
39 
Сӛз мағынасының дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептерде 
ықпал  етеді.  Сӛздің  мағынасының  ӛзгеруіне  әсіресе  ішкі 
себептерден  гӛрі  сыртқы  себептер  кӛбірек  әсер  ететіндігі 
байқалады. 
Сӛз 
мағынасының 
ішкі 
(лингвистикалық) 
ӛзгерістерінің  бір  себебі,  жаңа  сӛз  немесе  жаңа  мағына  сӛздік 
құрамға  келіп  қосылғанда  бұрыннан  тілде  бар  сӛздердің 
мағыналарынан  ӛзара  қарым-қатынасқа  түсіп,  солармен 
синонимдік  байланыста  жұмсалады.  Мұндай  жағдайда  байланыс 
екі жақты болуы мүмкін. Сӛздік құрамға келіп қосылған жаңа сӛз 
не  жаңа  мағына  бұрыннан  тілде  қолданылып  келе  жатқан 
байырғы  сӛздер  мен  байырғы  мағыналардың  жаңа  сӛздер  мен 
жаңа мағыналарға сондай әсер етуі ықтимал
1

Жоғарыдағы  аталған  ғалымдардың  метафора  туралы  жазған 
пікірлерінің  барлығында  біз  метафоралар  ортасында  ӛмір  сүріп 
жатырмыз,  ал  тіл  –  сол  “метафоралар  ордасы”,  ӛйткені  біз 
күнделікті  метафораларды  жасай  отырып,  олардың  бірі-біріне 
мүлде  сәйкес  келмейтін  нысаналармен  байланысын  сезінбейміз. 
Ғалымдардың  пайымдауынша,  адам  ӛзінде  ұйықтап  жатқан  
метафоралы түрде ойлау қабілетін  күннен күнге жандандырады. 
Егер  метафораны  мағына  ойыны  ретінде  қарастырсақ,  ол 
(метафора)  белгілі  бір  мағынаның  кӛмегімен  оған  арналмаған 
басқа мағынаны жеткізеді. Бұл айтылған қасиет метафораның бір 
құбылыс  арқылы  басқа  мағына  білдіруі  –  адамның  ассоциативті 
ойлауына негізделеді. 
Адам  баласы  ӛзіне  қажетті    материалдық  игіліктердің  уақыт 
озған сайын небір жаңа түрлерін, жаңа үлгілерін ӛндіріп, бірден-
бірге жетілдіріп, дамытып отырады. Сонда неғұрлым жетілген зат 
пен бастапқы қарапайым заттың арасында қызмет бірлігі, белгілі 
бір  жұмысты  атқару  жағынан  ортақтық  болуы  мүмкін.  Мұндай 
жағдайда  бұл  екеуінің  бір  атаумен  атала  беруі  –  заңды  нәрсе. 
Ғалым  Д.Н. Шмелев   мұны былайша түсіндіреді:  “Формасы мен 
ішкі  құрылысының  ӛзгеруі  –  жеке  үрдістің  сипаты,  заты,  егер 
олардың қызметі ӛзгермесе, онда олардың тақырыбы ӛзгермеуі де 
мүмкін”
2
. Ал бұл жалпы тілдерге ортақ заңдылыққа қазақ тілі де 
ие.  Мұның  себебін  де  тіліміздің  лексикалық,  оның  ішінде  сӛз 
мағынасының дамуы мен ондағы түбірлі ӛзгерістерден ғана іздеу 
                                                 
1
 Барлыбаев  Р.  Қазақ тіліндегі сӛз мағынасының кеңеюі мен таралуы: Фил. ғыл. канд. 
... дис. – Алматы, 1963. – 27-бет.  
2
 Шмелев  Д. Н.   Очерки по семиосологии русского языка. – М., 1964.  2003. –С. 67. 

 
40 
керек  болады.  Олай  болса,  тіліміздегі  жаңа  сӛздердің,  бар 
сӛздердің 
мағыналарының 
кеңеюін, 
қолдану 
ӛрісінің 
әртараптануын қажеттіліктерінен туған ӛзгерістер деп санаймыз.  
Тілде  жаңа сӛз,  жаңа мағына  жоқтан бар болмайды, оның пайда 
болуына  тілдегі  бар  сӛздік  материал  негіз  болады.  Бұл  тұста 
негізгі сӛздік қорға кіретін сӛздер айрықша орын алады. 
Сӛз  жасауда,  сӛздік  қорды  байытуда  мағына  ӛзгерушілігі 
жетекші  орын  алады.  Жаңа  мағына  жасау  тілдегі  бар 
материалдардың  негізінде  болса  да,  екінші  жағынан,  сол  жаңа 
мағынаны  кӛрсету  мұқтаждығы  сол  сӛздің  мағынасының 
дамуына, сол сӛзден жаңа сӛз жасауға себепкер болады. 
Сӛз мағынасының дамуы нәтижесінде мағынаның не кеңейіп, 
не  таралып  отыру  заңдылықтары  туады.  Сӛз  мағынасының 
кеңеюі  деп  сӛздің  тұлғасын  ӛзгертпей-ақ,  бұрыннан  белгілі 
мағынасының  үстіне  жаңа  қосымша  мағыналар  үстемеленуін 
айтамыз.  Ол  негізінен,  метафоралық,  метонимиялық  және 
синекдохалық 
тәсілдер 
арқылы 
іске 
асырылады. 
Сӛз 
мағынасының  таралуы  тарихи,  қоғамдық,  әлеуметтік  т.б. 
жағдайларға 
байланысты 
сӛздің 
кейбір 
мағынасының 
қолданыстан шығып қалуын білдіреді
1

Тіл  саласындағы  зерттеулер  таза  тілдік  категориялардың 
айналасында ғана қалып қоймауы керек. Ӛйткені тілдің қамтитын 
аумағы  ӛте  кең.  Тіл  белгілі  бір  қоғамда  ӛмір  сүретіндіктен, 
қоғамда болып жататын мәдени, әлеуметтік, тарихи процестерден 
қалыс  қалмайды.  Біз  тілді  осы  салалармен  байланыстыра 
зерттегенде  ғана  тілтануда  белгілі  жетістіктерге  қол  жеткізуіміз 
мүмкін. 
Жоғарыда  айтылғандай,  соңғы  жылдарда  зерттеушілер  тіл 
білімінде  метафораны  ойлаумен,  таныммен,  философиямен, 
психологиямен,  поэтикамен  (кӛркем  әдебиетімен)  шешендікпен, 
лингвистиканың  түрлі  салаларымен  байланыстырып,  түрлі 
қырынан  зерделеп  келеді.  Бұдан  метафораның  тек  тілге  ғана 
емес,  адам  ойлауымен  байланысты  басқа  құбылыстарға  тән 
екендігін,  оның  қолданылу  шеңберінің  кеңдігін  кӛруге  болады. 
Метафора – адамның терең ойлауының ерекшеліктеріне қатысты 
туындайды.  Егер  ойды  басқалай,  әдейі  ӛзгертіп  айтса,  онда 
метафора  қажет  болғандықтан  емес,  онсыз  болмайтындықтан 
                                                 
1
 Барлыбаев  Р.  Қазақ тіліндегі сӛз мағынасының кеңеюі мен таралуы: Фил. ғыл. канд. 
... дис. – Алматы, 1963. – 90-бет. 

 
41 
пайда  болады,  ол  адамның  ойлау  қабілеті  мен  тіліне  тән  деп 
айтуға  болады.  Ал  ақындар  “қажеттілікті  ізгілікке”  айналдыра 
отырып, ӛз шығармашылығында қолданып пайда табады
1
. Ежелгі 
грек  шешендері  мен  ғалымдарының  метафора  туралы  сүбелі 
тұжырымдары  мен  пікірлерін  тарихи  ескерткіш  ретінде  бағалай 
отырып,  метафораны  алғаш  сӛз  еткен  –  Аристотель  (б.з.д.  384-
322  ж.).  Аристотельдің  айтуы  бойынша,  ғалымның  алдында 
жалғыз  аяқ  та  болса  тарихи  зерттеу  жолы  болған.  Мысалы, 
Аристотельден  бұрын  ӛмір  сүрген  Исократ  (б.з.д  436-388  ж.) 
шығарманың  қысқа  әрі  шындыққа  жарасымды  келуін  қуаттай 
отырып,  метафора  ретінде  қолданылатын  сӛздің  қабылдауға 
қиындық  келтірмеуін,  әдемі,  барынша  ыңғайлы,  әрі  жалпыға 
белгілі болуын талап еткен. 
Метафораны  орыс  тілінде  алғаш  зерттеушілердің  бірі 
М.В.Ломоносов  “Краткое  руководство  к  риторике”  деген 
еңбегінде оны кӛркем сӛйлеу тәсілі ретінде тұжырымдайды.  Осы 
орайда  айта  кететін  бір  жайт,  қазақ  тілімен  салыстырғанда, 
әлемдік және орыс тіл білімінде бұл бағыттағы яғни метафораны 
жан-жақты қарастыратын еңбектер баршылық. 
Орыс  мәдениетінде  метафоралар  ерте  кезден-ақ  қоршаған 
әлемді  түсінудің,  қабылдаудың,  ойлаудың,  дүниені,  әлемді 
танудың  тәсілі  ретінде  қарастырылған.  Тіл  білімінде  осы  салада 
ат  салысып  жүрген  орыс  тілшілерінің  бірі  В.Г.Гак  ӛз  еңбегінде:  
“Метафора – тілдегі атаулардың негізінде жаңа тілдік атаулардың 
қалыптастырудың  әмбебап  тәсілі.  Метафора  адам  ойының 
тереңдік күшіне байланысты пайда болады. Метафора ӛте қажет 
болғаннан пайда болмайды, ол адам ойы мен тіліне тән құбылыс, 
онсыз мүмкін еместіктен пайда болады”, - дейді. 
Қазіргі  таңда  жалпы  әлем    тіл  білімі  метафора  мәселесінің 
зерттеуде үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Осы зерттеу еңбектері 
метафораның  сан  қырлы,  қиын  да,    қызықты  құбылыс  екенін 
нақтылайды.  Осындай  зерттеу  еңбектерінің  тұжырымдарына 
сүйенетін  болсақ,  қазақ  тіл  білімінде  айтылмаған,  зерттелмеген 
қырларының  кӛп  екендігіне  кӛз  жеткіземіз.  Тілдік  метафораға 
арналған  еңбектер  кӛптеп  жазылғанымен,  жалпы  тіл  білімінде 
метафораның теориясы толық қалыптасып біткен жоқ. Яғни әрбір 
ғалым,  әрбір  ұлттың    ғалымы  бұл  мәселені  зерттеуде  ӛзінің 
                                                 
1
 Гак  В. Н.   Метафора универсальное и специфическое // Метафора в языке и тексте. – 
М.: Наука, 1988. – С. 12.
 

 
42 
сипаттау  қырын,  әдісін  таңдап,  ӛзіндік  зерттеу  пәнінің  негізін  
қалыптастырады.  Бұл  метафораның  табиғатын  айқындау,  оның 
пайда болу үрдісін білу, метафора теориясының қалыптасуы үшін 
аса  маңызды  болды.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  метафораның 
ғылыми танымдағы орнын қарастыратын   ірі еңбектердің бірі  – 
С.С.Гусевтің  “Наука  и  метафора”  атты  монографиясы. 
С.С.Гусевтің аталмыш еңбегінде метафораны тілдік құралдардың 
жаңа  мағыналарының  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  элемент, 
дүние  туралы  білімді  бір  жүйеге  түсіру  құралы  ретінде 
қарастырады. 
Ғалым    метафораның  танымдық  қызметі  туралы  былай  деп 
жазады:  “...  танымдық  метафора,  осылайша  ол  қоғам  меңгерген 
білімді  тиянақтауды  жоғарылатуға  ғана  емес,  сонымен  бірге  ол 
әлем жайлы жаңа ақпараттар алуға да мүмкіндік жасайды. Әлем 
туралы  ақпарат  бергенде  ол  бұрын  байқалмаған  айырмашылық 
туындататын  кездейсоқ,  алуан  түрлі  ұқсастықтарды  табады. 
Осыған орай, танымдық метафора ойлаудың ерекше тәсілі болып 
есептеледі.  Оның  мәні  түрлі  деңгей  мінез,  шығу  тегінің 
семантикалық  салаларының  шартты  теңдесуінің  кӛмегімен 
келетін  адамзаттық  білімнің  жаңа  мағыналық  мазмұнының 
құрылуына әкеліп тіреді”
1

Метафора  теориясын  қалыптастыру  мәселесіне  арналған  ірі 
еңбектердің  бірі  –  В.Н.Телияның  редакторлығымен    жарыққа 
шыққан  “Метафора  в  языке  в  тексте”  атты  қазіргі  заманның  ірі-
ірі  ғалымдар  еңбектерінің  жинағы.  Бұл  жинақта  В.Н.Гак, 
В.Н.Телия, 
Е.М.Вольф, 
Е.О.Опарина, 
С.С.Гусев, 
Н.А.Кожевникова  сияқты  ғалымдардың  жалпы  тіл  білімі 
ғылымында, күнделікті  ауызекі тіл мен кӛркем  әдебиет тіліндегі 
сӛздердің метафоралық мағынасына талдау жасалған мақалалары 
жарық кӛрген. 
Жинақта 
метафора 
құбылысы, 
тіліміздегі 
бағасы, 
лингвистикалық,  тіл  жүйесіндегі  (ғылым)  метафора  мен  кӛркем 
шығармадағы 
метафораның 
орны 
сипатталады. 
Кітапта 
метафораның  негізгі  теориялық  концепциялары  беріледі.  Еңбек 
метафора  құбылысының  табиғатын  танып-түсінуге  оның 
теориясын  қалыптастыруға  үлкен  үлесін  қосқан  десек  артық 
айтпаған болар едік. 
                                                 
1
 Гусев  С. С.   Наука и метафора. – Л.: Изд-во ЛГУ, 1996. –С. 53. 

 
43 
Метафора 
туралы 
А.Салқынбай 
тӛмендегідей 
лингвистикалық  тұжырымдамасын  береді:  “Метафора  –  сӛздің 
басқа  мағынада  қолданылуы.  Риторика  мен  лексикологияда 
метафора номинациялық құрал ретінде қарастырылады”
1
. 
Белгілі  қазақ  ғалымы  Б.Хасанов  метафора  құбылысына 
мынадай анықтама береді: метафора – тіл байлығын құлпыртқан 
қат-қабат  мағына  туғызушы  әрі  терең  сырлы  мән  беріп,  сӛзді 
астарлай  қолдану  тәсілі.  Метафора  –  кӛркем  әдебиетке  ғана  тән 
құбылыс  емес,  сӛйлеу  мәдениетіміздің  кӛне  тарихымен  құрдас 
қалыптасқан,  образды  ойымыздың  дамуынан  кӛрініс  беретін 
маңызды элемент
2
 190 б.]. 
Аталмыш  автордың  тұжырымдамасына  келісе  отырып, 
тӛмендегідей  ой  пікірлеріне  тоқталайық.  Кӛркем  шығармадағы 
эмоционалдық,  экспрессивтілік,  образдылық  тәрізді  сапаның 
жасалуына нақты кӛңіл бӛлмей, суреттеу тәсілдері мен бейнелеу 
элементтерінің  сандық  шамасына  біржақты  назар  аударудан 
дұрыс  нәтиже  шықпайды,  онымен  әдебиет  тиісті  бағасын  алып, 
автордың  стильдік  ерекшеліктерінің  анықталуы  мүмкін  емес. 
Қазақ 
тіл 
білімінде 
метафора 
құбылысын 
ең 
алғаш 
зерттеушілердің  бірі  Б.Хасанов  “Қазақ  тілінде  сӛздердің 
метафоралы  қолданылуы”  атты  монографиясында  жалпы  әлем 
тілдеріндегі  метафораның  сипатын  жан-жақты  қарастырып, 
ұлттық  метафораның  қалыптасуына  үлкен  үлес  қосты  десек 
артық  айтпаған  болар  едік.  Ғалым  метафора  құбылысын  ежелгі 
Греция мен Рим заманындағы зерттеу еңбектерінен белгілі екенін 
айта  келе,  мынадай  анықтама  берген:  “Метафора  екі  зат  пен 
құбылысты  салыстырудың  негізінде  сӛздің  ауыс  (мағынада) 
қолданылуы”.  Зерттеушінің  пікірінше,  кез  келген  жазушының 
шығармасында  немесе  авторы  белгісіз  халық  туындыларында 
метафораның  екі  түрі  кездеседі.  Бірі  –  бүкіл  халыққа  түсінікті 
тұрақты  ауыс  мағына  алған,  дәстүрлі  қолданылып  келе  жатқан 
метафоралар, екіншісі – әлі жалпы халықтың сипат ала қоймаған, 
жеке тұлғаның сӛздік қорынан шыққан метафоралар. Олар кӛбіне 
әдебиетте  қолданылатын  және  лингвистикадағы  метафора  деп 
ажыратылып,  екеуі  екі  ғылым  объектісі  ретінде  қаралуда
3
  деген 
                                                 
1
 Салқынбай  А.,   Абақан  Е.   Лингвистикалық түсіндірме сӛздік. – Алматы: Сӛздік – 
Словарь, 1998. – 124-бет. 
2
 Сонда, 190-бет. 
3
 Хасанов  Б.   Қазақ тілінде сӛздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы, 1966. – 190-
бет. 

 
44 
пікір  айтқан.  Аталмыш  зерттеу  еңбек  60  жылдары  жазылған. 
Қазіргі таңда жеке жазушыларымыздың туындыларына арналған 
жеке  тілдік  қолданыстар,  стилі  мен  кӛркемдеуіш  құралдарын 
танытатын ғылыми зерттеу еңбектері біршама. Дегенмен, кӛркем 
шығармалар әдебиет тұрғысынан зерттелініп, талданғанымен, тіл 
саласында, нақтырақ айтқанда, тіларалық транспозиция негізінде 
ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге жеткен жоқ. 
Образдылық қуаты солғындамаған ауыс мағыналы сӛздерді – 
“метафора”, 
бұрыннан 
қолданылып 
келе 
жатқан 
эксметафораларды  “ауыс  мағына”  деп  ажыратып  тастауға 
болмайды, ӛйткені қазіргі “ауыс мағыналы” сӛз деп жүргеніміз – 
бұрынғы  индивидуалдық  метафора.  Дәстүрлі  метафоралар  жаңа 
сӛз  қисынында  құбылып  “жаңарады”,  сондықтан  “дәстүрлі” 
деудің  ӛзі  де  шартты.  Жоғарыда  ғалым  Б.  Хасановтың  
метафораларды  әдеби  және  тілдік  тұрғыдан  біріктіріп, 
метафораның  екі  түрін  анықтағаны  айтылды.  Бірі  –  белгілі  бір 
шешеннің  сӛз  саптауынан  болған  индивидуалдық  метафора, 
екіншісі  –  халықтың  сипат  алған  дәстүрлі  метафоралар.  Бұл 
екеуінің айқын аражігі жоқ екен, ӛйткені, жеке авторлар жасаған 
метафоралар  кӛбіне  халықтық  дәстүрлі  метафоралардың  ізімен 
жасалып, кӛпшілікке кең тарауы мүмкін. Дегенмен, метафораның 
бұл екі түрінің де айырмашылығы бар. Осы еңбектен кейін қазақ 
тіл  білімінде  жеке  қаламгерлердің  шығармаларына  ден  қойып, 
ондағы  метафоралық  құбылыстардың  денін  ұлттық  болмыста, 
ұлттық нақышта қарастыру және әлемдік метафораны салыстыра 
қарастыру біршама    зерттеу нысанына айналып келеді. Сонымен 
қатар  метафораның  зерттелуіне  ат  салысып  жүрген  зерттеуші  
А.Сыбанбаеваның 
“Метафораның 
тілдік 
болмысы 
және 
концептуалды метафоралар” атты монографиясын атап ӛтуімізге 
болады.  Еңбекте  қазақ  тіліндегі  метафораның    лингвистикалық 
табиғаты  кеңінен  түсіндіріліп,  оның  ұлт  тіліндегі  танымдық 
қызметі  мен  ғылым  тіліндегі  маңызы  кӛрсетіледі.  Метафораның 
концептуалдық  қызметі,  ерекшеліктері  мен  түрлері,  термин 
жасаудағы  рӛлі  арнайы  зерттеліп,  оған  құрылымдық  сипаттама 
жасалады
1
. Сондай-ақ, А.Есқараеваның “З.Шүкіровтің поэзиялық 
шығармаларындағы  метафоралық  қолданыс”  атты  кандидаттық 
диссертациясында  жеке  суреткер-ақынның  шығармасындағы 
                                                 
1
 Сыбанбаева    А. С.    Қазақ тіліндегі  концептуалдық метафораның қызметі: Фил. ғыл. 
канд. ... дис. – Алматы, 1999. – 65-бет. 

 
45 
ӛзіндік  сарын,  ӛмірдегі  құбылыстар  мен  дүниелерді  суреттеуін 
жеке-жеке  жүйелеп  талданған.  Бұл  еңбектің  де  тіліміздегі 
метафора  құбылысы  ӛрісінің  кеңеюіне  ӛз  үлесін  қосатындығы 
шүбә  келтірмейді
1
.  Сонымен  қатар,  Г.Н.Зайсанбаеваның 
“Метафоралы  аталымдардың  когнитивтік  аспектісі  (біріккен  зат 
атаулары негізінде)” атты зерттеу еңбегін атауға болады. Еңбекте 
автор,  зерттеуші  ғалымдардың  пікіріне  сүйене  отырып, 
метафораның  аталым  қажеттілігін  ӛтеудегі  маңызын  ашып 
кӛрсетеді.  Метафоралы  сӛзқосым  бірліктерінің  қызметіне  қарай 
түрлерін,  олардың  жасалу,  қолдану  ерекшеліктерін  ашады. 
Метафора  арқылы  жасалған  бірліктерді  мағыналық  топтарға 
жіктеп,  олардың  жасалуының  танымдық  ерекшеліктеріне 
тоқталады
2

Осы  орайда,  ғалым  Э.Р.Когайдың  “Метафора  как  средства 
создания  индивидуально-авторской  картины  мира”  атты  оқу 
құралын  атап,  мынадай  дәлелдемесін  келтіре  кетуімізге  болады: 
“...әлемнің  индивидуалдық-авторлық  кӛрінісі,  әлемнің  тұтас 
бейнесіне  жинақталған  категориясына  айналған,  белгілік 
сипаттамалардың  кӛмегімен  ғана  жасалмайды,  оны  жасауда 
әлемді тану категориясы да маңызды рӛл атқарады, соңғысының 
астарында  жазушы  әлемді  қалай  таныса,  оның  шынайылығына 
кӛзқарасы солай түсіндіреді”
3

Проф.  А.И.Ефимовтың  образдылық,  мәнерлі  сӛйлеу  сӛзді 
метафоралы  қолдану  арқылы  пайда  болады  деген  үзілді-кесілді 
тұжырымын  акад.  В.В.Виноградов  асырып  айтылған  деп  сынға 
алады
4
.    Шынында  да,  метафораны  образдылық  деген  ұғыммен 
пара-пар қоюға болмайды. Метафора образдылықтан біршама тар 
мәнде  келе  береді.  А.И.Ефимовтың  метафораның  кӛркем 
әдебиетте  қолданылу  мақсатын,  стильдік  қызметін  нақты  ашып 
бере алмағандығын да айту керек. 
Метафораның  түп  тамыры  тілдің,  сӛздің  туу  тарихымен 
тікелей  байланысты.  Метафораны  табиғаттың  ӛзі  сыйлаған, 
                                                 
1
 Есқараева  А. Д.   З.Шүкіровтің шығармаларындағы метафоралық қолданыстар: Фил. 
ғыл. канд. ... дис. – Астана, 2003. – 72-бет 
2
  Зайсанбаева    Г.  Н.      Метафоралы  аталымдардың  когнитивтік  аспектісі  (біріккен  зат 
атаулары негізінде): Фил. ғыл. канд. ... автореф.  – Алматы, 2004. -17-бет. 
3
  Когай    Э.  Р.      Метафора  как  средства  создания  индивидуально-авторской  картины 
мира. Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2002.  –С. 42. 
4
 Ефимов  А. И.   Образное средство метафоры // Известия АН СССР.  – 1947. – Т. ІV, 
№4. – С. 96. 

 
46 
оларды  қарапайым  оқымаған  адамдардың  ӛздері  де  байқамай, 
сезбей  қолдана  береді.  Сонымен  бірге  метафора  тілді  байытады, 
оған  бұрын  болмаған  жаңалықтар  енгізіледі,  бірде-бір  нәрсенің 
атаусыз қалмауына кӛмектеседі. 
Мағына 
масштабын 
кеңейтетін, 
сӛздердің 
жаңаша 
қолданылуын  туғызатын  тәсілдерінің  бірі  –  метафора  Бұл  ретте 
оны  тарихи  жағынан  тұрақты  әсер  ететін  негізгі  семантикалық 
заңдылықтардың бірі деп тануға тиіспіз. Міне, осы тұрғыдан тіл 
табиғатындағы  метафораның  сырын,  жасалу 
жолдарын, 
заңдылықтарын  ашып  беру  керек.  Заттар  мен  құбылыстардың 
атауын белгілі бір сӛз арқылы бекітулі болады. Бірақ ол сӛз – сол 
зат  пен  құбылыстың  ӛзі  емес,  оның  белгілі  бір  қатынастағы 
кӛшірмесі, “сәулесі”. 
Метафора – заттар мен құбылыстардың бүтіндей, не бір ғана 
белгі (форма, қасиет пен қимыл ортақтығына орай, түр, түс, иіс, 
дыбыс) ұқсастығына, құрамына, ӛзара қатынасына қарай ауысуы. 
Ал  метафораны  қолдану  –  кӛру,  есту,  сезу  әсерлерінің  кірігуі. 
Метафоралы  сӛз  саптауда  таныс  емес  зат  пен  құбылыс  міндетті 
түрде жақсы таныс нәрсемен салыстырылады. 
Жаңа ұғымды таңбалауды үнемдеуші тілдік әдіске әсер етуші 
құбылыс  –  метафора.  Осы  тұрғыдан  метафора    тілдегі  жаңа 
мағыналы  тілдік  бірліктердің  жасаушысы,  күрделі  атаулардың 
құбылуы болып табылады. Метафоралық мағына күрделі аталым 
жасаудағы  әмбебап  тәсіл  деп  танылып,  жаңа  реалийлер  мен 
түсініктерді  белгілеуде  я  таңбалауда,  тілдегі  бар  реалийлер  мен 
түсініктердің атауы арқылы күрделі аталымға ортақ ұқсастық пен 
белгілерін үйлестіре отыра, ауыспалы мағынаны қалыптастыруда 
қолданылады.  Метафораның  басты  ерекшелігі  мен  әмбебаптығы 
басқа  тәсілдерде  жиі  кездесе  бермейді.  Бұл  жайында  
Н.В.Черникова: 
“Бейнелік-ұқсатуларды 
пайдалану, 
жаңа 
мағынаға  ие  болған  бастапқы  мағынасына  ұқсайтын  кӛмекші 
бейненің  іздерін  кӛрсетеді.  Метафора  негізіне  жататын  бейне, 
осы  бейнеге  тән  ассоциациялардың  ішкі  нысанының  рӛлін 
атқарады.  Кез  келген  метафораның  қалыптасуы  бейнелік  болып 
табылады”
1

“Ұқсастықты  сезгіштік  сезімі  адамның  ӛзін  ұстауын 
айқындайтын практикалық ойлауында ӛте маңызды рӛл атқарады 
                                                 
1
 Черникова  Н. В.   Семантические неологизмы в современном русском языке (80-90-е 
годы ХХ в.): Дис. ... канд. филол. наук. – М., 1997. –С. 77. 

 
47 
және  ол  нәрсе  күнделікті  сӛйлеуіне  әсер  етпей  қоймайды.  Міне, 
дәл  осынысы  метафораның  тұрмыста  туындауының  сарқылмас 
бұлағы  деуге  болады”,  -  дей  келе,  Н.Д.Арутюнова  ӛмір 
тәжірибесінде  адамға  бейнелі  ойлау  тән  екендігін,  ол  жеке 
нысаналарды 
теңдестіру, 
әртүрлі 
сезім 
мүшелерімен 
қабылданатын  түрлі  нәрселердің  арасында  ұқсастық  табумен 
бірге,  нақтылы    және  астрактілі  нысаналардың,  материя  мен 
рухтың арасында ортақ қасиеттер табатындығын, ұқсастықтарды 
тауып  ашумен  қатар,  оны  жасап,  қалыптастырғандығын  айтады. 
Сонымен бірге ғалымның поэзия тілінде метафораның жасалуына 
байланысты  айтқан  мына  ойы  жалпы  метафораның  жасалу 
жолын 
түсінуде 
аса 
маңызды: 
“Метафорада 
адамнан 
аластатылған 
объективті 
ӛмір 
шындығы 
мен 
кластар 
иерархиясын бұзатын, заттар арасындағы ұқсастықты кӛріп қана 
қоймай, жасай алатын адамның әлемі бір-біріне қарсы қойылған”. 
Яғни  метафора  құбылысы  күнделікті  ӛмірімізде  қолданылады. 
Күнделікті  сӛйлеу  тілімізде  қолданылған  метафораны  біз  ӛзіміз 
байқай да бермейміз
1

Жалпы тіл біліміне метафоралық құбылыстың қалыптасуына 
ӛз  үлестерін  қосып  жүрген  ғалымдар  В.М.Сергеева  және 
П.Б.Паршина  аталмыш  тілдік  құбылысқа  мынадай  тұжырымдар 
жасайды:  “Біздің  ойымызды  басқаратын  ұғымдар,  қарапайым 
ақыл туындылары болып табылмайды. Олар сонымен бірге біздің 
күнделікті  әрекетімізге,    жай  қарапайым  бӛлшектеріне  де  әсер 
етеді. 
Біздің 
ұғымдарымыз, 
біз 
бұл 
әлемде 
қалай 
қозғалатындығымызды, басқа адамдарға қалай қарайтынымызды 
құрылымдарға жинақтайды. Осылайша, ұғымдық жүйе күнделікті 
шындықты  айқындауда  маңызды  рӛл  атқарады.  Егер  біз  сіздің 
ұғымдық  жүйеңізді метафоралық  деп танысақ, онда  біздің  қалай 
ойлатынымыз,  әр  күн  сайын  жасайтынымыз  метафораға  тікелей 
қатысы бар деуіміз рас болар”
2

Біз  талдап  отырған  еңбектердің  барлығы  дерлік    метафора 
құбылысын  әртүрлі  аспектіде  қарастырып,  құнды  ой-пікірлер 
береді.  Метафораның  жасалуы  мен  тілдегі  барлық  қызмет-
қасиеттері қамтылып, ерекшеліктері мен тылсым сырлары терең, 
                                                 
1
  Арутюнова    Н.  Д.      Образ,  метафора,  символ  в  контексте  жизни  и  культуры  //  Res 
philolica. Филологические исследования. –М-Л.: Наука, 1990. – С. 8. 
2
 Язык и моделирование социального взаимодействия: переводы  Сост. В.М.Сергеева и 
П.Б.Паршина; Общ. ред. В.В. Петрова. – М.: Прогресс, 1987. –С. 126. 
 

 
48 
жан-жақты  ғылыми  дәйекті  дәлелдемелермен  талданады.  Әлем 
және  орыс  тілші  ғалымдары  метафораның  болмысын  танып, 
оның  кӛптеген  мәселелерін  зерттеуде  орасан  зор  еңбек  сіңіріп, 
елеулі  табыстар  мен  маңызды  нәтижелерге  жетіп  келеді. 
Ғалымдардың  бұл  пікірлері  метафораға  мүлдем  басқа  кӛзқарас 
туғызып,  оның  лингвистикалық  табиғатын  түсінуде  қажетті 
теориялық  білім  береді.  Сондай-ақ,  метафора  құбылысы 
теориясының 
қалыптасуына 
орыс 
тіл 
білімінде 
Н.Д.Арутюнованың  құрастыруымен  жарыққа  шыққан  “Теория 
метафоры”  атты  монографияны  ерекше  атап  ӛтуімізге  болады. 
Себебі бұл еңбекте орыс тілшілерімен қатар, американ, ағылшын, 
француз,  испан,  поляк  ғалымдарының  бұл  құбылысқа  деген 
кӛзқарастары мен пікір, тұжырымдары айтылған
1
. Яғни метафора 
теориясының негізін қалыптастыруға ӛз септігін тигізеді. 
Метафора  –  тілдегі  әмбебап  құбылыс.  Оның  әмбебаптығын 
В.Н.Телия  былай  деп  кӛрсетеді:  “Метафора  –  тілдегі  әмбебап 
құбылыс.  Оның  әмбебаптығы  кеңістікте,  уақытта,  тілдің 
құрылымы  мен  қызметінде  танылады.  Ол  барлық  тілдерге  және 
барлық  кезеңдерге тән; ол  тілдің әртүрлі аспектілеріне таралады 
және 
оның 
барлық 
қызметтік 
түрлерінде 
табылады. 
Метафораның  жалпы  және  жекелей  сипаты  адам  тілін 
байқаушылар  мен  зерттеушілердің  назарын  аударған”
2
.  Яғни 
метафора  әмбебаптылығы  тілдік  құрылымында  және  қызметінде 
кӛрінеді.  Ол  тілдің  тура  аспектісі  мен  түрлі  қолданыстық  
қызметін қамтиды. 
Метафора тілде елеулі қызмет атқарады. Ол сӛзге атау беріп, 
жаңа  мағына  тудырады,  кӛркем  образ  жасайды,  сӛз  мағынасына 
кӛркемдік беріп қана қоймай, айтылған ойға тереңдік, жандылық 
береді.  Сӛзге  эмоционалды-экспрессивті  мағына    үстейді.  Сӛз 
мағынасынан  әр  тілдің  ӛзіндік  ерекшелігі  мен  ӛзіндік  бояуын, 
ұлттың сипатын кӛре аламыз. Ғалым В.Г.Гактың пікірі бойынша: 
“...сӛз  мағыналарының  қозғалыстарына  қатысты  жекелей 
заңдылықтарда,  жалпы  адамзаттық  мәдениет  ерекшеліктері, 
                                                 
1
 Арутюнова  Н. Д.   Теория метафоры. – М.: Наука, 1990. –С. 17.  
2
  Телия    В.  Н.      Вторичная  номинация  и  ее  виды  //  Языковая  номинация:  Виды 
наименований. – М., 1977. – С. 43. 
 

 
49 
интеллектуалдық  ассоциациялар  кӛрінеді  және  сонымен  бірге 
онда кӛрінетін әрбір жеке тілдің арнайы сипаттары да шығады”
1

Метафора  (гр.  metaphora  –  ауысу)    –  сыртқы  не  ішкі 
белгілеріндегі  (тұлғасындағы,    атқаратын  қызметіндегі  т.б.) 
ұқсастыққа қарап бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына 
байланысты  сӛз  мағынасының  ауысуы.  Мағына  ауысуының  бұл 
тәсілінің  негізінде  ұқсату  заңдылығы  жатыр.  Метафора  қолдану 
сипатына  қарай  негізінде  екі  түрге  бӛлінеді:  а)  тілдік  (сӛздік) 
метафора,  ә)  поэтикалық  (сӛйлеу  кезінде  туындайтын 
контекстік)  метафора
2
.    Тілдік  (сӛздік)  метафора  сӛзге  жаңа 
мағына  қосып,  оның  семантикалық  шеңберін  кеңейтіп,  әрдайым 
үздіксіз  дамытып  отырады.  Тілдік  метафораны  жалпы  халықтық 
сипатына  қарап  дәстүрлі  метафора  деп  де  атайды.  Дәстүрлі 
метафоралық тәсіл бойынша қазақ тіліндегі кӛп мағыналы сӛздер 
ұқсату заңына сүйеніп, шыққан. 
Дәстүрлі  метафоралардың  мағынасы  халықтың  таным-
түсінігі,  ой-ӛрісі,  тіршілігі  мен  тұрмысына  байланысты.  Олар  – 
мағынасы  кӛпшілікке  түсінікті,  жиі  қолданысқа  түсетін  бейнелі 
метафоралар.  Дәстүрлі  метафораның  авторы  жоқ.  Олар  –  мақал-
мәтелдер  тәрізді  халық  қазынасы.  Дәстүрлі  метафоралар  сӛз 
айшығы ретінде тілде тұрақты қолданылады. Бірте-бірте дәстүрлі 
метафоралардың  бейнелілік  қасиеті  солғындап,  күңгірттенеді. 
Дәстүрлі метафоралар поэтикалық метафоралар тәрізді, негізінен, 
кӛркем әдебиетте қолданылады. 
Поэтикалық  метафора  –  саналы  түрде  белгілі  мақсат  үшін 
кӛркемдік  құрал  ретінде  кӛркем  әдебиет  пен  кӛсемсӛз  стилінде 
қолданылады.  Ал  тілдік  метафора  –  тілдің  табиғатына  тән, 
лингвистиканың 
түрлі 
салаларымен 
– 
лексикология, 
семасиология, аталым теориясы т.б. тәрізді түрлерімен қатынасы 
барлығын  ескере  отырып,  кешенді  мәселелердің  байланыстыра 
қарастырылуы  бүгінгі  лингвистиканың  алдына  қойған  басты 
міндеттерінің  бірі  деп  санауға  болады
3
.  Ал  кейде  поэтикалық 
метафораны  индивидуалды-авторлық  (жеке  қолданыстағы) 
метафоралар    деп  нақты  атамаса  да,  соған  жақын  деген  пікірді 
естиміз.    Индивидуалды-авторлық  метафоралар  жеке  адамның 
                                                 
1
 Гак  В. Н.   Метафора универсальное и специфическое // Метафора в языке и тексте. – 
М.: Наука, 1988. – С. 19.  
2
 Барлыбаев  Р.   Қазақ тіліндегі сӛз мағынасының кеңеюі мен таралуы: Фил. ғыл. канд. 
... дис. – Алматы, 1963. – 88-бет. 
3
 Қасым  Б.   Сӛзжасам: семантика уәждеме. – Алматы, 2003.  –43-бет. 

 
50 
дүниені  бейнелі  қабылдауын,  тануын  кӛрсетсе,  дәстүрлі 
метафораларда  тұтас  бір  халықтың  ортақ  бейнелі  ойы, 
дүниетанымы  білдірілді.  Сондықтан  олардың  білдіретін 
мағынасы кӛпшілікке түсінікті болады. 
Сӛзге метафоралық тәсіл арқылы ауыс мағына жамайтын сӛз 
біткеннің  бәрі  емес,  тілдегі  заттар  мен  құбылыстардың  атын,  іс-
әрекетін,  сапа  мен  белгілерін  білдіретін  сӛздер.  Бұлар  сӛзге 
нақтылы  мағына  қосып,  семантикалық  аясын  үнемі  кеңейтумен 
болады.  Сӛзге  қосылған  үстеме  (туынды)  мағына  заттың, 
құбылыстың бойында бар сан алуан ерекше белгілердің негізінде 
ауыстырып  қолдану  арқылы  жасалады.  Сондықтан  бір  сӛзден 
тараған  қосымша  мағыналар  бір  сӛз  табына  да,  кейде  әр  сӛз 
табына да қатысты болып келеді. Яғни, ғалымдардың пікірлеріне 
сүйенетін  болсақ,    метафоралар  мынадай  ұқсастықтар  негізінде 
тууы мүмкін: 
Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты
data -> Ұстаз ғалымның абыройы
data -> Интеллигенциясы: тарихи
data -> ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Очерктің тілі мен стилі
data -> Бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет