Н. Ж. Шаймерденова п І к І р б І л д І р г е н д е р



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата24.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#10277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

а)  тұлға  ұқсастығы.  Мысалы:  Тұмсығы  жапырылған  ескі 
машина  жапан  түзде  құйындатып  келеді  (67-б.).  Сӛйлем  сын 
есімнен  және  зат  есімнен  жасалынып,  метафоралық  тіркесті  
құрап  тұр.  Кӛті  кӛрініп  қалған  дүние  шіркіннің  бұл  қимайтын 
несі  қалды?  (63-б.).  Басының  сақинасы  қалай?    (79-б.).  Тӛрге 
қалай  шығам,  қайқайып  басатын  қазақтың  қара  жері  болса 
екен,  айдың  күні  аманда  үйдің  табанын  тақтайлап,  мынау  кӛк 
тайғақ мұздай жалтыратып қойғаның (100-б.). 
ә)  қимыл  ұқсастығы.  Мысалы:  Әлгі  адыра  қалғыр  ащы 
ішектей  созылып  бітпейтін  ӛшетілдердің  жиналысына 
кеткен  шығар,  тағы  да  (79-б.).  Сын  есімнен  жасалған  сӛйлемді 
етістік  арқылы  толықтырып  тұрған  автор  сӛзін  кірбің  басқан 
кӛңіл кіржіңі арқылы кӛрсетіп  тұр. 
б)  заттардың  қызметіндегі  ұқсастық.  Мысалы:  Құдай 
алмағасын сендермен бірге әзер таң атырып, күн батырып, қара 
жерді  қатар  басып  жүргенім  болмаса,  кәрі  анаңда  ендігі 
ұрпақтың  кӛшіне  ілесер  не  қауқар  қалды  дейсің  (95-б.).    Зат 
есімді сұрау есімдігінің ІІІ жағымен тіркестірген автор шеберлігі 
метафоралық кӛркем әдіспен бейнеленген. Бір биліктің басында 
отыру (119-б.). 
в)  ұғымдардың  бір-біріне  қатыстылығынан  туатын 
ұқсастық.  Мысалы:  Арғы  жағынан  лықсып  келіп  қалған  ащы 
ӛксік  алқымда  тіреліп  тұр  (24-б.).  Мұндағы  ащы  ӛксік  бейнелі 
тіркес  сын  есім  мен  зат  есімді  мүшеге  ие  болып,  сӛйлемде  адам 

 
51 
баласының  ашу-ызасын  арттыра  түседі.  Ӛткен  күннің  қайта 
тіріліп  жатқан  елестері  ызалы  аш  иттей,  қасақана  кӛкірегіңе 
жармасып, ащы тырнақпен аямай осып-осып алды (65-б.). Бұл 
жерде  сын  есім,  зат  есім  жоғарыдағыдай  сӛйлем  мүшелерінен 
жасалған, ӛткір айтылған  немесе  жазылған метафорадан қатыгез 
сипатталуымен ерекшеліп тұр десек те болады. 
Тілдік  метафоралар  –  туынды  сӛздерде  метафоралық 
қасиеттер  күңгірттеніп,  соның  нәтижесінде  жаңа  лексемалардың 
пайда  болуы.  Метафора  аталым  тұрғысынан  бейнелілік 
қасиетінен ӛтіп, тек ұғымға атау беру қызметіне кӛшеді. Аталым 
жасаудағы  метафораның  басқа  поэтикалық,  яғни  кӛркемдік, 
бейнелілік  метафорадан  негізгі  ерекшелігі  де  осында.  Күрделі 
атауларда  метафораның  жұмсалуы,  сӛз  мағыналарының  ауысуы 
немесе  келтірінді  мағынада  қолданылуы  түрлі  ауыс  мағынаның 
кӛзі,  ӛзегі  болып  табылады.  Күрделі  атаулардағы  метафораның 
басты ерекшелігі – мағынаның екі жақты болуында. 
Метафора    заттық  және  құбылыстық  ұғымдарға  атау  беру 
үшін  қызмет  атқарады.  Бір  заттың    бойындағы  белгіні,  қасиетті 
екінші  атаудың  бойынан  іздеу  –  ұқсату  жалпы  метафораның 
басты шарты: ол – ұқсату, салыстыру, сол ұқсату арқылы мағына 
жаңадан  қалыптасып,  келесі  күрделі  атау  жасалып,  басқа  сӛз 
таптарына ауысып отырады. 
Тілдегі 
метафора 
құбылысы 
күрделі 
атаулардың 
қалыптасуына  ұйытқы  болады.  Метафоралануды  күрделі 
атаулардың жасалуындағы негізгі дереккӛздердің бірі деп атауға 
болады. Оның басты шарты – ұқсату заңы, оған заттың сан қырлы 
белгілері  жатады:  түс,  түр,  пішін,  кӛлем,  қасиет,  қызмет  т.б. 
Қолданыс  қызметіндегі  мағына  да  –  метафораландыру  нәтижесі. 
Әсіресе,  метафоралану  арқылы  жасалған  қолданыстық  мағына  – 
күрделі  атаулардың  кӛпмағыналығында  жиі  қолданылатын 
құбылыс және соның жемісі. 
Поэтикалық  (контекстік)  метафора  ойды  әсерлі  әрі  айқын 
етіп жеткізу үшін қажет. Ойдың кӛркемдігі жалпы халыққа таныс 
суретке  құрылуымен  тығыз  байланысты.  Метафораның  бұл  түрі 
кӛркем  шығармада  кездеседі.  Мысалы:  Бір  бүйірден  қадалған 
сұғанақ кӛздердің  сұғы  ӛтті ме,  бейтаныс қыз жаңа бұлардың 
жанын  ӛте  бергенде  әнтек  қысылып,  аяғын  абыржи  алғанда 
сусылдақ  топырақ  борап  кеткен-ді  (133-б.).  Метафора  жасауда 
автордың  сапалық  сын  есіммен,  зат  есімді  кӛп  қолданатыны 

 
52 
белгілі болды. Бұл жерде адамдар бойындағы жағымсыз қасиетті 
белгісіз  жиеркенішпен  айтады.  Қыз  бас-аяғына  асықпай  кӛз 
жүгіртті  де,  бағанағы  мысқыл  күлкіні  бетіне  қайта 
шаптырып,  теңіз  суына  қымсынбай  кіре  берді  (133-б.).    Сол 
арада ғана санаңа бірдеңе жеткен еді; құр қиялға әуейіленген ӛз 
қылығыңнан  ӛзің  ұялғандай,  бетіңдегі  берекесіз  күлкіні  дереу 
жиып  алып,  жан-жағына  қарап  едің-ау  (136-б.).  Мұндағы 
метафоралық  қолданыстар  адам  бет-бейнесіндегі  құбылысқа 
байланысты.  Автор  бейнелеген  тұлғаны  ӛзін-ӛзі  игерудегі 
ұстамдылығымен  ерекше  әсемдеп  жазған.  Демек,  метафораның 
поэтикалық  түріне  жеке  қолданыстан  (индивидуалды)  туатын 
метафоралар жақын келеді. 
Адам  ақиқат  дүниедегі  объектілерді  бақылай  отырып, 
олардың 
арасындағы 
байланысты 
тани 
бастайды. 
Шығармашылық жолы барысында ол сырт дүниені ӛзінің кӛзімен 
басқаша  пішіп,  оның  ішкі  мәнін  кӛрсету  үшін  ӛзінің  жеке 
авторлық  әлемін  жасайды.  Яғни  ерекше  –  үшінші  ақиқат  дүние 
жасалады.  Метафораға  бір-біріне  сәйкес  келмейтін,  үйлеспейтін 
ұғымдарды 
байланыстыру 
қабілеті 
тән. 
Субъектілік, 
индивидуалдық  қасиеті  метафораны  универсалды  құрал  ретінде 
сипаттайды. Біздің ойымызша, тек қана сӛйлеуші мен адресатты 
құбылта алатын, тілдік тұлғаның ӛлшемі болып табылатын күшті 
метафоралық  құрылымдарға  ерекше  назар  аударуға  жазушы  Ә. 
Нұрпейісовтің 
тілдік 
тұлғасындағы 
жеке 
қолданыстағы  
метафоралардың  осы  қасиеттерді  ӛз  бойына  жинақтауы  себеп 
болары анық. 
Жеке  қолданыстағы  (индивидуалды)  метафора  белгілі  бір 
ақынның я жазушының туындысында ӛмір сүреді. Бұлар сӛздікте 
сӛздік мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгілі контексте ғана 
ұшырасатын  сӛздің  келтірінді  мағынасы  қашанда  әр  автордың 
ӛзіндік  ерекшелігін  кӛрсетеді.  Сондықтан  келтірінді  мағына 
әрдайым құбылмалы болады. 
Ӛнімді  авторлық  жеке  қолданыстағы  метафора  тілдік 
тұлғаның  ерекше  поэтикалық  және  философиялық  белгілеріне 
тән ойлау қабілетін кӛрсетеді. Философиялық ойлау  мен кӛркем 
шығармашылық  адамның  айналасындағы  дүниені  танумен 
байланысты.  Осындай  үрдіс  барысында  жаңа  ұғымдар  дүниеге 
келеді  немесе  жаңа  атауларға  қажет  жаңа  түсініктемелер 
жасалады. 

 
53 
Осындай  кӛркем  сӛз  шеберлерінің  қатарына  әрине  жазушы 
Ә.Нұрпейісовті  жатқызуға  болады.  Оның  “Соңғы  парыз” 
романындағы  метафоралық  қолданыстары  автор  тілінің    ерекше 
белгілерінің бірі екендігін кӛрсетті. Біз оның романынан 500-ден 
астам  жеке  қолданыстағы  метафоралық  қолданыстарын  тауып, 
оларды  салғастыру  сияқты  басқа  тілдік  құбылыстар  арқылы 
араласқа  түспегенін байқадық. Бұл метафоралардың кӛбі үзілген 
немесе  астарланған  конструкциялар  ретінде  танып,  жеке 
қолданысқа,  біздіңше  жатқыздық  та,  ал  басқалары  арнайы 
жағдаятқа ғана қолданылатындығын анықтадық.  Мысалы: Бірақ 
оның  да  кӛкірегін  тырнаған  жаңағы  зәрдей  ащы  қасірет 
жүрек  басына  запыран  жиып,  улап  тұрғанда  алдағы  ӛмірден 
не  опа  табар  дейсің...  (233-б.).  Осындағы  ащы  қасірет  жүрек 
басына,  запыран,  кенет  қолы  қапталына  сұлық  түсіп,    кӛкше 
мұздың  қызғалдақ  балығынан,  бозала  таңда,  шананың  тӛс 
темірі,    сыр-сыр  тіліп,  бозамық  жүдеу  реңі  деген  метафоралық 
қолданыстар  жазушының  ӛзіндік  қолтаңбасын  танытады. 
Сондықтан  да  бұл  тәрізді  метафоралар  жалпы  халықтық  емес, 
жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора деп аталады. 
Автордың  туындысынан  кездесетін  мұндай  метафоралардың 
белгілі  бір  және  әртүрлі  жағдаяттарға  байланысты  кӛп 
туындағынан байқадық. 
 
 
1.4 Теңізге байланысты метафоралардың танымдық сипаты 
 
Әдетте  тіл  –  адамдардың  бір-бірімен  жасайтын  қатынас 
құралы  дейміз де, оның осы қызметін кӛбірек сӛз етеміз. Ал тіл, 
сонымен қатар, эстетикалық құрал, кӛркем дүние құралы. Тілдің 
бұл  екі  қызметі  бір-бірімен  тоғыспайтын  екі  бӛлек  нәрсе  емес. 
Керісінше, тілдің поэтикалық қызметі коммуникативтік (қатынас 
құралы)  қызметіне  негізделеді,  сонымен  қатар  ол  тілдік 
тәсілдердің  ӛнерге  тән  эстетикалық  және  әлеуметтік-тарихи 
заңдылықтарға  бағынған  жаңа  әлемін  жасайды
1
.  Тіл  қарым-
қатынастық  жүк  арқалағанмен,  кӛркемдік  поэтикалық  қызмет 
атқаруға  келгенде,  оның  ӛзіне  тән  заңдылықтар  болады,  тіпті 
әдеби нормадан ауытқитын “уәжді қыңырлықтары” да табылады. 
Поэтикалық тіл әрдайым метафора, эпитет, теңеу сияқты кӛріктеу 
                                                 
1
 Виноградов  В. В.   Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. – М., 1962. –С. 98. 

 
54 
құралдарының  санымен  (кӛптігімен),  тіпті  сапасымен  (аса 
кӛріктілігімен)  танылмайды,  суреткердің  ӛз  міндетіне  алған 
эстетикалық талаптарына сәйкес болмысты тіл арқылы әсерлі де 
бейнелі  түрде  кӛрсете  білуінен  танылады.  Ал  әсерлік  пен 
бейнелілік  кӛркем  әдебиетте  образды  метафора,  теңеулермен 
берілмей,  ешбір  экспрессивтік  бояуы  жоқ  сӛздермен  немесе  сӛз 
тіркестерімен 
берілуі 
де 
мүмкін. 
Кӛркемдік 
кӛріктеу 
құралдарымен  ғана  кӛрінбейді,  мәселе  шығармада  сол 
кӛркемдіктің  бар  болуында,  оның  оқырман  сезіміне  әсер 
ететіндігінде.    Кӛркем  әдебиет,  оның  ішінде  поэзия  –  ӛнер 
дүниесі.  Ал  бұл  дүние  әсемдік,  үйлесімділік,  кӛркемдік  деген 
сипаттарымен  ӛнер  деп  аталады.  Сондықтан  да  “ӛнер”  деген 
жерде  “кӛркем” деген  анықтама  сӛз  қоса  жүреді
1
  деген  кӛрнекті 
ғалымның  Р.Сыздықтың  пікірі  прозалық  шығармалар  да 
нақтылайды. 
Зерттеу 
еңбегіміздің 
негізгі 
нысаны 
Ә.Нұрпейісовтің  “Соңғы  парыз”  романының  тілін,  яғни  сӛз 
кестесін,  сӛйлем  сырларын  аша  білу,  оны  оқырман  қауымға 
түсіндіру  болып  табылады.  Жазушы  туындысының  ӛзегі  –  Арал 
тағдыры,  адам  тағдыры,  заман  тағдыры  деген  пікірді  жоғарыда 
атап  ӛттік.  Сол  тақырыптың  жалғасы,  автордың  теңізге  қатысты 
жасалған  метафоралық қолданысы тӛменде  талданбақ. Шығарма 
несімен  тартымды,  несімен  қымбат?!  Автордың  оқығаны 
оқырманға әсерлі етіп жеткізуі, бейнелеуіш құралдарды барынша 
сарқа  пайдалануы.  Оның  ішіндегі  метафоралық  қолданыстар 
арқылы  беріліп  отырған  образ  одан  сайын  ажарланып,  оқырман 
сезіміне ерекше  әсер  беретін тіркестерге айналған. Жалпы  теңіз, 
ӛмір,  дүние,  заман,  кӛңіл,  ой  және  адамның  ішкі  жан  дүниесін 
білдіретін  сӛздер  Ә.Нұрпейісовтің  философиялық  объектілері.  
Жоғарыда кӛз жеткізгеніміздей, ӛзінің жасалу жолдары бойынша, 
метафора  ӛте  түсінікті  жасалым.  Олар  түсінік  құралдарының  ең 
маңыздыларының  бірі,  әрі  ол  әлеуметтік  және  саяси  ӛмірде  де 
негізгі  қызмет  атқарады.  Метафора  бойынша  философиялық 
пікірталастар,  олардың  түсінік  табиғатына  емес,  олардың 
түсінікке  енуіне  және  мәдени  ӛмірдегі  қызметіне  бейімделеді. 
Оның  орнына  философтар  метафораларды  образды  немесе 
поэтикалық тілдік нақтылы сӛз ретінде қарастыруға бейім болды, 
олардың пікірлері осы тілдік нақтылы сӛздер, расында да, табиғи 
шынайылықтан  туындайды  ма  деген  сұрақтың  тӛңірегінде 
                                                 
1
 Сыздық  Р.   Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс,  2004. – 401-бет. 

 
55 
түйісті. 
Философтардың 
шындыққа 
қатынасы 
олардың 
объективтілікке деген қатынастарынан туындайды: шындық олар 
үшін  обьективті,  абсолюттік  шындық  болып  есептеледі. 
Абсолютті  объективті  шындықтың  барлығы  туралы  идея  тек 
қателік қана емес, ол әлеуметтік әрі саяси тұрғыда да аса қауіпті. 
Біз  анықтағандай, 
шындық 
елеулі  деңгейде  метафора 
айқындайтын  түсінік  жүйесімен  әрқашан  тығыз  байланысты 
болады. Метафоралардың басым кӛпшілігі біздің мәдениетімізде 
ұзақ  даму  жолынан  ӛтті.  Шындық  түсінікке  негізделіп,  ал 
метафора  түсініктің  маңызды  құралы  болып  саналатындықтан, 
метафоралардың 
шынайылық 
шарттарының 
анықтамасы 
шындықтың  түсінікке  бағынышты  екендігі  айқындалған 
жағдайда шығады. 
Әрбір  мәдениет  ӛзіне  бейімділікті  де,  әрі  ӛзгерісті  де 
кӛрсететін  ӛмір  ортасы  мен  ӛзара  байланыс  жолдарын  орнатуы 
тиіс. Оған қоса әрбір мәдениет әлеуметтік шындық аясын жасауы 
керек.  Сол  шеңбер  арқылы  адамдар  ӛздері  әлеуметтік  жолмен 
қызмет кӛрсетуге мүмкіндік алатын, маңызды рӛлді игеруі қажет. 
Метафораларға  біздің  тәжірибелеріміздің  кейбір  қырларын 
кӛрсетіп  және  олардың  байланысын  қамтамасыз  ететін  іс-
әрекеттер  тән.  Кейбір  метафоралар  жарыққа  шығаратын  және 
біздің  тәжірибеміздің  қырларының  нақты  тұстарын  логикалық 
жолмен ұйымдастыратын бірден-бір амал болуы мүмкін. Сондай-
ақ,  метафоралар  біз  үшін  әлеуметтік  және  басқа  да  реалийлерді 
туындатуы  мүмкін.  Осыған  орай,  олар  келер  оқиға  бағытын 
кӛрсете  алады.  Мұндай  іс-әрекет,  әрине  тек  метафораға  ғана 
тиісті  болады.  Бұл  ӛз  кезегінде,  метафораның  тәжірибе 
байланысын  қамтамасыз  ететін  мүмкіндігін  күшейтері  сӛзсіз. 
Осы мағынада метафора дербестік деңгейге ие болады. 
Метафора  –  тіл  құралы,  ол  тек  шындықты  суреттеуге 
жасалған деген идея адамзаттың ӛмірді, яғни шындықты зерттеуі 
әлемнің  қарапайым  зерттеуінің  жалғасы  деген  кӛзқарасынан 
туындайды.  Теңеу  арқылы  метафораның  ұқсастыққа  айналуы 
логикалық емес, шынайы процесті кӛрсетеді. Ол шынайы процесс 
логикалық  түсінік  нормалары  арқылы  кӛркемделген  алуан  түрлі 
құбылыстардың  образды  санамен  теңдессіз  бірлігінің    дамуы 
жолын білдіреді. Метафора – сананың нақты танымы. Логикалық 
ұғымдардың  дамуы  аясына  сай  метафора  аясы  тарылады  және 
оның  бұдан  әрі  дамуы  екі  диаметральды  қарама-қарсы  бағытта 

 
56 
жүреді.  Метафора,  бір  жағынан,  идеологияның  жеке  саласына 
алғашқы болып кірген діни сананың басым нормасы ретінде қала 
береді.  Ал,  екінші  жағынан,  метафора  арқылы  түйсіктің 
нақтылық құралы ретінде поэтикалық шығармашылықтың негізгі 
элементі  болып  құралады.  Табиғи  шындықтың  кӛркем  жолмен 
туындауының 
құралы 
болып 
есептелетін 
поэтикалық 
метафораның  жаңа  сипатқа,  сапаға  ие  болуы  ықылым  заманнан 
жалғасын тапқан  сӛздердің қолданылуына мүмкіндік береді. Осы 
айтылған  пікірлер  арқылы  поэтикалық  метафораның  дамуының 
негізгі 
тенденциясы 
анықталады. 
Ол 
тенденциялар 
дүниетанымның  –  фантастика  мен  алғашқы  ӛмірдің  теңдігі, 
реалистік  әлемі  түсінік  ойларының  теңдігіне  байланысты. 
Жазушының мақсаты бұл ұғымдарды тек атап қою емес, оларды 
сан  қырынан  суреттеу  болғандықтан,  бұл  атаулардың 
эстетикалық  ӛрісі  де  әрі  тың,  әрі  кең  болып  келеді.  Жазушы  ең 
алдымен, 
поэтикалық 
образ 
жасайтын 
тірек 
сӛздерді 
активтендіреді.      Ендеше,  мұндай  метафораларды  саралап 
кӛрелік: 
Түн  құшағында  түксиген  теңіздің  әрегірек  бір  жерінен 
әлдебір құс қырқылдады (148-б.). аралас сӛйлем мүшелерін қатар 
қолдануда, мезгілді кӛркем суреттеуде автор шеберлік танытады. 
Ең алдымен теңіздің мағынасын ашып алайық. Теңіз зат. 1. Жан-
жағы құрлықпен ұштасып жатқан, кеме жүретін ұшы-қиыры жоқ 
су.  2.  Ауыс.  Орасан  кӛптік,  молдық.  Түкси  ет.  Ашулы,  кейіп 
кӛрсету, қабағын қарс жабу
1
. Жалпы түксиген лексикасын қазақ 
жазушылары    адамның  мінез-құлқын  немесе    кескін-кейпін 
суреттеген  кезде  қолданады.  Жазушының  шеберлігімен  теңізге 
жан  бітіп,  теңіздің  сол  сәтте  еш  нәрсені  жақтырмай,  табиғатпен 
біте  қайнасқан  құстың  қырқылдауын  да  ұнатпаған  кейпін  әсерлі 
образбен    етістікті  тұлғада  берілгенін  байқаймыз.  Контексте 
белгілі  бір  жүк  арқалап,  айтылмақ  ойға  әсерлі  реңк  үстейтін 
метафоралар  тек  етістіктерден  емес,  ӛзге  сӛз  таптарынан  да 
табылады.  Мысалы,  Түн  құшағында  дегенде  толықтауыш 
тұлғадағы метафора қолданылып тұр. 
Жалпы  метафора  абстракты  ұғымды  түсінуді  жеңілдетеді, 
сондықтан 
метафоралық 
ауысудың 
 
нақтылықтан 
– 
абстрактылыққа,  материалдықтан  –  рухани  ӛзгеріске  түсуі 
даңғыл  жол  болып  есептеледі.  Дегенмен  мағыналардың 
                                                 
1
 Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі. – Алматы: Ғылым, 1976. – І т. – 328-бет.
 

 
57 
метафоралық  дамуы  кері  бағытта  жасалуы  да  мүмкін.  Мұндай 
кӛзқарасты 
кезінде 
руханилық 
пен 
материалдықты 
“араластырушы”  философтар  ӛткір  сынға  алған.  Осы  мәселе 
туралы  Паскаль  былай  деген:    “Құбылыстарды  нақты,  ӛзінің 
табиғи  қалпында  қабылдаудың  орнына,  біз  оларды  ӛз 
ерекшелігімізге  бағындырып,  ӛз  бақылауымызбен  оларға  екі 
жақты  табиғилық  сипат  үстейміз”
1
.  Метафора  адамның 
қарапайым  сӛйлеу  тілінде  кең  қолданысқа  ие  болса  да,  ол  басқа 
да  ғылым  салаларының  іргелі  ұғымдарының  негізінде  жатыр. 
Мысалы  “құрылым”,  “ӛсу”,  “даму”,  “қайта  туындау”  және  тағы 
басқа  ұғымдарды  тірі  дене  моделіне  негізделген  метафоралық 
тобы. Алайда, оларды басқа метафоралармен болмаса  ештеңемен 
ӛзгертуге болмайды екен. Метафора – барлық қызмет аяларында 
әлемді тану мен ойлаудың әмбебап қаруы. Соның арқасында тіл 
жүйелі түрде түрленіп дамып отырады. Метафораларды қолдану 
–  басқа  жасанды  тілдік  жүйелерден  гӛрі,  тілдің  ӛзіне  тән  табиғи 
ерекшелігі екендігін атап ӛту орынды. Сол сияқты метафораның 
ӛзгеруі,  яғни  транспозициялануы  –  заңды  құбылыс.  Себебі, 
жазушы  шеберлігіне  немесе  оның  дүниені,  қоршаған  ортаны 
белгілі  бір  жағдайды  бейнелеуіне  байланысты  метафоралар 
құбылып  отырады.  Мәселен,  Суы  ашыған  теңіз  де  бір, 
жайылымы азған жер де бір (30-б.). Мағыналық тұрғыдан алып 
қарасақ, су ашымайды, судың түсі бұзылып, кӛпіршіп оның кӛзге 
қалай  кӛрініп  тұруына  байланысты  жазушының  қолдануымен 
сын  есім  тұлғасындағы  метафора  жасалған.  Сондай-ақ    –  Солай 
басеке,  қит  етсе,  біздің  елде  мұнай  –  телегей  теңіз  деуші 
едіңдер (29-б.). Қазақ тілінің түсіндірмелі сӛздігінде телегей сӛзі 
былай берілген: 1. зат.  Кӛп жерді алып жатқан ұшы-қиыры жоқ 
мол  су.  2.  сын.  м.  Ӛте  кӛп,  мол.  Келтірілген  сӛйлемде  телегей 
теңіз  метафоралық  емес,    тура  мағынасында  қолданылып  тұр. 
Біздің  мысалды  талдаудағы  негізгі  мақсатымыз  –  автор 
метафораларының  транспозицияланатынын  кӛрсету.  Бүкіл 
шығарманың  арқауы  –    теңіз,  теңіздің  үлкендігі,  теңіздің 
тағдыры,  теңіздің  қоғамымызға  керектігі,  тіпті  жазушы  осы 
туындыны  жазу  барысында  табиғатымызға,  заманымызға, 
болашағымызға  зиян  келтіріп  отырғанымыздың  ӛзін  астарлап, 
метафоралық  құрылыммен  образды  кӛріністе  жеткізіп  отыр. 
                                                 
1
 Паскаль  Б.   Мысли // Библиотека Всемирной литературы. – М., 1974. –  С. 61. 

 
58 
Осындай  образдылықтың  негізін  тағы  бір  мысалдан  кӛруімізге 
болады. 
Ғалым Л.Л.Нелюбиннің транспозицияға былай деп анықтама 
береді:  “Хабарлама  типін  сақтай  отырып,  айту  құрылымын 
ӛзгерту  арқылы  сәйкестіктерді  жасауға  арналған”
1
.  Жоғарыдан 
келтірілген  мысалдардан  кӛріп  отырғанымыздай,  жазушы 
теңіздің сипатын әрбір жағдаятқа байланысты құбылтып, ӛзгертіп 
отырады.  Сӛзіміз  дәлелді  болу  үшін  тағы  бір  мысалды  келтіре 
кетерлік:  Егер,    адам  болса,  мына  ұланғайыр  теңіздің  бір 
басынан  екінші  басына  қарай  жосылып  бара  жатқан  босқын 
балық  арасында  лай  суда  малтығып  келе  жатқаны  түсініксіз 
(190-б.). Ұланғайыр сын. Ұшы қиырсыз үлкен, есепсіз мол. 
Жалпы  тіл  білімінде  метафора  туралы  кӛптеген  пікірлер, 
тұжырымдамалар, талас-тартыстар бар.  Метафораны түсіндіруде 
ғылыми  ойлардың  олқы  тұстары  да  жеткілікті.  Соның  бірі  – 
метафораны  түсіну  үшін  қажетті  болатын  барлық  қатынастар 
толық  ескерілмейді.    Метафора  туралы  адам  санасында  екі 
анықтама  болады.  Оның  біріншісі  –  сӛздің  ӛз  мағынасымен 
белгіленетін  шындық  пен  метафоралық  жолмен  белгіленетін 
шындық  аралығындағы  ұқсастық;  осы  екі  реалий  аралығындағы 
айырмашылық  метафораның  ӛміршеңдігі  үшін  сӛз  мағыналары 
мен  объектілердің  жігі  бӛлек  болуы  маңызды.  Келтірілген 
мысалдарымыз  осының  негізінде  жасалынып  отыр.  Мәселен, 
...кӛз  алдында  ӛкіріп  жатқан  мына  кәрі  теңіздің  бір  қиясын 
бетке  ұстар  еді  де,  әлгі  сиқырлы  аспанның  ұшымен  кӛк 
толқындардың  шекесіне  тық-тық  шертіп,  кӛз  кӛрмеске  асып 
кетер  еді;...(249-б.).  Теңіздің  кәрілігі  –  соны  образ,  ал  теңіздің 
ӛкіруі  образды  одан  сайын  күшейте  түседі.  Қаламгер  әр  сӛздің 
жаңа  үйлесімін  тапқан.  Мәселен,  ӛкіру  –  сиыр  малына 
байланысты  айтылатын  сӛз.  Адамдар  қатты  дауыс  шығарып 
жылағанда,  ӛкіріп  жылады  деген  тіркес  қолданылады.  Қазақ 
тілінің түсіндірме сӛздігінде – ӛкірік  сын. 1. Ақырған, бақырған 
(дауыс). 2. Ауыс. Ӛз айтқанынан қайтпайтын, ұр да жық, ӛр кеуде 
деп берілген. Ал ӛкіректе ет. 1. Қатты дауыс шығару, ақыраңдау. 
2.  Ауыс.  Бой  бермеу,  ӛршелену,  ӛзеуреу  деп  түсіндірілген.  Бұл 
сӛйлемдегі  ӛкіру  сӛзі  теңіздің  сипатына  байланысты  беріліп, 
қаламгер  шеберлігі  арқасында  теңізге  “жан  бітіп”  тұр.  Егер  дәл 
                                                 
1
 Нелюбин  Л. Л.   Толковый переводоведческий словарь. – М.: Флинта-Наука, 2003. –
С. 228. 

 
59 
осы  ӛкіру  сӛзін  халықтық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  денсаулық 
тұрғысынан  алатын  болсақ:  халқымызда  бақытсыз  жағдайда 
(адам  қайтыс  болғанда  т.б.)  қатты  дауыс  шығарып  ӛкіріп 
жылайды.  Неге?  ...  себебі,  қатты  жылаған  адамның  ішінде 
күйініш  сезімдерінің  барлығы  сыртқа  шығады.  Іште  ол  қалмау 
керек.  Яғни  автордың  мұндағы  ӛкіру  сӛзін  қолдануы  теңіздің 
заманға  деген,  қоғамға  деген  ренішін,  күйінішін  беріп  тұр.  Осы 
тұлғадағы  метафораны  туындыдан  кӛптеп  кездестіруімізге 
болады. Мысалы: Кенеттен киліккен мына тосын оқиға – ыққан 
мұз,  азынаған  дауыл,  сабалап  жауған  қар,  ӛкірген  теңіз  –  әлде 
ӛңі,  әлде  түсі  екенін  біле  алмай,  алақ-жұлақ  етеді  (253-б.). 
Мұнда  да  теңіздің  үнемі  жылап,  қайғырып  тұрған  кейіпін 
кӛреміз.  Осы  сияқты  мәтін  ішінде  оқырман  сезіміне  әсер  ететін, 
белгілі  бір  стильдік  мақсатпен  қолданылған  сӛздер  немесе  сӛз 
тіркестері осы тұлғадағы сӛздер болып есептелінеді. 
Ә.Нұрпейісовте  ойдың  берілуіне  қарай  сӛз  таптарының 
барлық  түрлеріне  тән  тұлғалардың  қолданылуы  түрліше  болып 
келеді.  Бұл  жазушының  ерекшелігін  танытпайды,  ӛйткені  бұл 
тәсілдерді  ӛзге  жазушылар  да  қолданады,  ал  ойды  түрлендіре 
қолдану Ә.Нұрпейісовтің шеберлігін танытады. Соңғы мысалдан 
енді теңіздің мүлдем басқа сипатын кӛре аламыз. Алдынғысында 
тура  мағынасы  болса,  кейінгіде  автордың  суреттеуімен  оқиға 
құбылып  отыр.  Мұндай  образды  метафораларды  сәтті  қолдана 
білу  жазушының  хас  шеберлігін  кӛрсетсе  керек.  Ал  шеберлік  – 
мазмұн  мен  түрдің,  яғни  айтылмақ  идея  мен  оның  тілдегі 
кӛрінісінің үйлесімі
1

Сонымен  қатар  “Соңғы  парыз”  романынан  теңіздің 
суреттеулерінен  ұлғайған  метафораларды  да  кездестіруімізге 
болады:  Тірлікке  талшық  қылып  отырған  маңдайдағы  жалғыз 
теңіз.  Мұнда тұтас сӛйлем желісі образдылық жүйеге құрылған. 
Есімдер  сияқты  етістіктер  де  кӛркем  сӛз  тілінде  поэтикалық-
стильдік  қызмет  атқара  алады.  Яғни  романдағы  ойдың  берілу 
жүйесіндегі  осы  шақ  формасындағы  етістік  тұлғаларының  образ 
жасауға  қатысатыны,  әрине,  жазушының  ерекшелігін  емес, 
шеберлігін  танытса  керек.  Соның  аяғы  бұл,  міне,  айдалада, 
аңыраған ашық теңіз үстінде тұр (5-б.). 
Қаламгер  теңіз  кӛрінісін  ашу  үстіндегі  метафоралық 
қолданыстарынан  бағалауыштық, танымдық, сипаттарын негізге 
                                                 
1
 Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс,  2004. -427-бет. 

 
60 
алады.  Бұл  мысалдан  ұқсату,  теңестіру,  салыстыру  арқылы 
нысандардың  ӛзара  байланысынан  ӛзге  нысандарға  бейнелікті 
беру жолы кӛзделіп отыр.  Нақты заттар мен құбылыстар туралы 
ақпарат оның лексикалық мағынасынан танылады.  Сондықтанда 
мұндай  метафоралар  тілде  бар  деректі  ұғымдар  негізінде 
автордың  шеберлігімен  туындап  отыр.  Яғни  метафоралануға 
негіз  болып  тұрған  нысан  арқылы  эмоциялық-экспрессиялық 
мәнге ие болады. 
Ә.Нұрпейісовтің  жазушылық  құдіреті  –  бұл  сӛйлемдегі 
етістік  тұлғаларының  ӛзгеше  берілуі,  яғни  алдыңғы  сӛйлемде 
жалпы түсінік арқылы қажеттілікті беріп тұрса, екінші сӛйлемде 
нақты  теңіздің  бейнесі  суреттеуге  ӛткен  шақ  есімше 
қолданылады. 
Әртүрлі 
стильдік 
мақсатта 
метафоралық 
тіркестерге  түсуі  арқылы  сӛздердің  семантикалық  үйлесімділігі 
арта  түседі.  Мұндай  ретте  белгілі  бір  нәрсенің,  құбылыстың 
символы  сипатында  келетін  сӛздер  жиі  қолданылады. 
Жоғарыдағы  метафоралық  құбылыстар  –  жанды  заттарға  немесе 
адамдарға  айтылатын  ұғым  түсінік.  Бірақ  автор  шеберлігінің 
арқасында бұл сӛйлемдерде жансыз құбылысқа ауыспалы мағына 
беріліп, жанданып тұрғандай. 
Сонау  алыста  бірде  қосылып,  бірде  аралары  ыдырай  сала 
ыққа  қарай  жӛңкіліп  бара  жатқан  аудаң-аудаң  ақ  бұлттар 
бауырындағы  кӛлеңкесін  ӛзінен  аудырмай  тӛмендегі  теңізге 
түсіріп, теңбіл-теңбіл кӛлеңке жалжал толқындармен тербеліп 
шайқалып  кетеді  (134-б.).  Осындағы  бауыр  сӛзіне  келсек,  1) 
бауыр  –  адам  мен  жануардағы  ӛтті  бӛліп  шағатын  ең  үлкен  без.          
2) бауыр – адамның, малдың т.б. жанды жәндіктердің іш жағы. 3) 
бауыр  –  беткей,  етек.  Міне,  “бауыр”  сӛзінің  негізгі  мағынасы  – 
адамдар  мен  жан-жануарлардың  ішінде  болатын  без.  Одан 
адамдар  мен  жан-жануарлардың  іш  жағын  (орнына  қарай) 
“бауыр” деуден шыққан. Бұдан “беткей”, “етек” мағынасы туған. 
Кӛбіне  полисемия  мен  метафораны  ажырату  қиын  делініп  жүр. 
Біздіңше,  оның  себебі  бірінің  негізінде  екіншісінің  жасалуынан 
болса  керек;  алдыңғысы  –  белгілі  бір  сӛздің  ауыс  мағынасын  да 
қамтитын мағыналар жиынтығы да, соңғысы, біріншіден,  мағына 
туғызушы тәсіл, екіншіден, бұл тәсілдің нәтижесі – метафоралық 
ауыс мағына. Метафора ешбір негізсіз, оп-оңай мағына ауыстыра 
қою  немесе  “еріккеннің  ермегі”  емес,  оның  сапасы  қаламгердің 
(сӛйлеушінің) шама-шарқына қарайлас, дүниетанымына, біліміне 

 
61 
тікелей байланысты болып келеді. Белгілі бір жайтты әңгіме ету 
үстінде  бұрыннан  бар  қарапайым  сӛздің  мағыналық  жүгі  әлсіз 
кӛрінгенде, метафораны қолдану қажеттілігі туады. Жаңа мағына 
алу  үшін  сӛз  метафоралы  “қолданылуы”  керек,  яғни  алғашқы 
метафоралық  қолданыс  кезеңінен  ӛтуі  тиіс.  Бірақ  кез  келген 
метафора  мағына  туғызады  деуге  болмайды.  Әр  істің  ұстасы,  әр 
ұстаның  ұстазы  болатыны  сияқты,  шебер  жазушының  жасаған 
метафорасы  жай  ғана  сӛз  қолдану  ретінде  қала  ма,  жоқ  тұрақты 
ауыс (метафоралық) мағына ала ма, санкция беру билігі кӛпшілік, 
тіл иесі – халықтың қолында
1

Кӛк жүзін түсі суық бұлт басып,  айнала тӛңірек түнеріп, 
былайғы  уақытта  кӛк  жиекке  кӛз  жетпей  далиып  жататын 
теңіз  ӛңірінің  бас-аяғы  бүрісіп  бір  уыс  бола  қапты  (298-б.). 
Мұнда  қаламгер  бір  сәттік  табиғаттың  кӛрінісінен  қазақ 
даласының  қайғысын  беру  арқылы  метафораны  ұтымды 
пайдаланып,  адаммен  қоса  айнала  қоршаған  табиғатты  да 
барынша  әсерлі  суреттейді.  Бұл  ретте  метафораның  түзіліс 
жасауда етістік, есім тұлғалы сӛздердің мазмұн мен түр жағынан 
үйлесіммен  келетінін  айтуымыз  керек. 
Ә.Нұрпейісовтің 
романында күрделі метафора түзудегі сондай тұлғалардың бірі  – 
сын  есім  сӛздер  болып  келеді.  Шығармалары  Арал  ӛңірі 
қазақтарының  тарихи  шындығын  баяндайтын  туындылар 
болғандықтан, Ә.Нұрпейісов ӛзінің бүкіл ӛміріндегі туындылары 
ӛзінің  туған  мекені  Арал  ӛңіріне  арнағаны  белгілі.    Шебер 
жазушының 
қолданған 
сӛз 
иірімдері 
мен 
кӛркемдік 
құралдарының  барлығы  ӛзге  жазушылардан  айырып  тұратын  
ерекшелік  десек  артық  айтпаған  болар  едік.  Талдап  отырған 
мысалдардағыдай  ӛкірген  теңізді,  ӛжектеген  толқынды,  кәрі 
теңіз,  тілегей  теңіздің  қыста  да,  жазда  да  кенерінен  асып, 
ісініп,  ыңыранып  жатқанын,  суының  ашығанын  жандандыра 
суреттеуді  басқа    жазушыдан  кӛре  алмаймыз.  Шығармадағы 
жансыз  дүниелерге  жан  бітіру  жазушының  ерекше  шеберлігін 
танытса керек. Қаламгердің қолданысындағы метафоралар заттар 
мен  құбылыстардың  қызметтері  де  белсене  қатысатыны  тілдік 
бірліктердің  жасалуынан  кӛріп  тұр.  Қызмет  ұқсастығы  негізінде 
автор  жасап  отырған  метафоралардың  ішкі  мағыналық 
құрылымын түзуде ӛте жиі қолданады. 
                                                 
1
 Хасанов  Б.   Қазақ тілінде сӛздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы, 1966. –22-
бет.   

 
62 
Жеке 
қолданыстағы 
метафоралар 
нысандардың 
белгілеріндегі  нақты  ұқсастықтарға  негізделеді.  Бұл  нысандар 
арасында  бір  белгісінің  ұқсастығы  талығымен  аталым 
уәждемесіне енуі мүмкін. 
Әдетте  теңіз  сӛзімен  келетін  метафоралы  тіркестер  тілімізде 
аз  кездеспейді.  Кӛркем  әдебиетте  бір  затқа  тән  қасиетті  басқа 
затқа  телу  арқылы  сӛз  кестелерін  әшекейлеуге  болады.  Ондайда 
әдеттегіден  ӛзгеше  тіркестер  жасалатын  белгілі.  Мысалы: 
Аңыраған  ашық  теңіз,  ӛкірген  теңіз,  суы  ашыған  теңіз,  қайнап 
жатқан  теңіз,  кәрі  теңіз  т.б.  дегенде  суреткер  теңіз  сӛзімен 
жанды нәрселерге тән сӛздерді тіркестерін айту арқылы теңіздің 
кӛркем бейнесін кӛз алдыңа елестете қояды. 
Ӛмір  бақи  есірік  желмен  ерегісіп  келе  жатқан  теңіз  осы 
кезде  күш  шақырғандай  қайта  ыңыранып,  қара  кӛк  толқын 
ӛреуілдеп иық кӛтере бастаған-ды (134-б.). 
Кӛркемдік  дегеніміз  –  шығарма  тілінің  сыртқы  түрінің 
жылтырақтығы емес, ол мазмұн мен тұлғаның сәйкестігі, яғни ой 
мен тілдің гармониясы. 
...аспан  асты  қазандай  қайнап  жатқан  теңіз,  қара 
дауылдан  кейін  де  кәрі  жынын  қаптатып  гүрілдеп,  сарылдап 
ӛкіріп  жатыр  (413-б.).  Сӛйлемнің  оқырман  сезіміне  әсер  ететін 
экспрессиялығы мен эмоционалдығы мол. Осы белгілерді жүзеге 
асыруда  алуан  түрлі  амал-тәсілдерді  орынын  таңдай  білу 
суреткер шеберлігінің тағы бір қыры болса керек. 
Бірқатар  сын  есімдердің  сындық  сапасын  күшейту  үшін 
оларға  басқа  сын  есімдер  қатысты  болыпта  олар  күрделі  сӛз 
тіркесінің құрамына енетіні белгілі. Қамыс дейсің бе, қопа дейсің 
бе,  ол  қоға  мен  балаусадай  балбыраған  теңіз  түбінің  балдыры 
қандай еді?!  деген сӛйлемдегі есімшелік мағынасын жойып, сын 
есім  қатарына  жұмсалған  балбыраған  сӛзінің  алдында  оның 
сындық  сапасын  арттыру  мақсатында  балаусадай  қатыстық  сын 
есімі  тіркесе  қолданылған.  Анықтауыштық  қызметте  жұмсалған 
балаусадай  балбыраған  күрделі  тіркесі  теңіз  сӛзіне  әсерлі  үн 
үстеп тұрғандай. 
Ә.Нұрпейісовтің  қарымды  қаламына  белгілі  бір  оқиғаны 
немесе суретті оқырманның кӛз алдына барынша әсерлеп жеткізу 
тән.  Суреткер  мағыналық  ӛрістері  бӛлек  сӛздерді  тіркестіріп, 
образ  жасаудың  небір  әсерлі,  әдемі  түрлерін  ұсынып,  сӛздердің 
эстетикалық  аясын  кеңейтті,  метафоралық  тәсілді  молынан 

 
63 
қолданып,  оны  жүйеге  айналдырды.  Мәселен,  тұйық  теңізде 
келешек жоқ дегенде “тұйық” деген сын есімді ұтымды қолдану 
арқылы  кӛз  алдымызға  тып-тыныш,  еш  қимылсыз    мелшейіп 
жатқан теңізді елестете аламыз. Шындық бейнені осылайша анық 
етіп,  нақ  түрінде  кӛзге  елестетіп  ұсыну  –  хас  шеберге  ғана  тән 
қасиет болса керек. 
Аспан асты қазандай қайнап жатқан теңіз, қара дауылдан 
кейін  де  кәрі  жынын  қаптатып,  гүрілдеп,  сарылдап  ӛкіріп 
жатыр.    Сӛйлем  суреткердің  сӛз  тапқыш  шеберлігін  танытса, 
екінші  жағына,  берілген  образды  сӛздердің  оқырманға  әсерін 
күшейтеді,  үшіншіден,  жазушының  идеясын  аша  түсуге 
кӛмектеседі.  Жоғарыдағы  келтіріген  мысалдағы  теңізді  қазандай 
қайнап жатқан деп метафораланған тіркес арқылы образды түрде 
беруі  Ә.  Нұрпейісовтің  жеке  қолданысы,  яғни  окказионализмі 
болып табылады. 
Суреткер  ӛмір  құбылыстарын  терең  күрделі  қалпында  алып, 
алуан  түрлі  жағдаятқа  байланысты  мінездемелерді,  қат-қабат 
психологиялық күйлерді кӛркемдік шеберлікпен бейнелейді. 
Автор шағын кӛлемге мол мағына сыйдыра біледі. Бейнелеп 
отырған  болмыстың  қыр-сырын  бажайлай  таныған  жазушы 
ежіктеуден,  орынсыз  тәптіштеуден  бойын  аулақ  салып, 
жинақылыққа,  тамшы  арқылы  кӛл  суретін  т.с.с.  арқылы  теңіз 
суретін елестетуді ӛзіне мақсат етіп қойған. Бұл образ табиғатына 
сандық белгіден гӛрі сапалық ерекшелік тән екендігін айқындап, 
әсемдік  пен  әдеміліктің  гармонияға,  ассимитрияға  жақын 
екендігін тиянақтай түсуі. 
Тіл-тілдегі эмоционалды-экспрессивтік мағынаның кӛрінетін 
тұсы  метафоралық  бірліктер.  Мәселен,  Жал-жал  толқындар 
жан-жағынан зәрлене жон кӛтеріп ӛкіректеп жатқан осынау 
ұшы  қиырсыз  теңіздің  гүрілі  мен  сарылынан  да  дауысын 
асырып,  аңырап-аңырап  алды  да,  ақ  жалын  ішінен  ақтарыла 
“ақ” ұрды (440-б.); 
Күрпіген қос дарияны қатар емген телегей теңіз қыста да, 
жазда да кенерінен асып, ісініп, ыңыранып жатқаны (130-б.). 
Жел  тұрса  жыны  қозып  ӛре  түрегелетін  теңіз  шілде 
айының  қайсы  бір  шырадай  тымықтарында  да  шарасына 
сыймай, ісініп ыңыранып жатқаны (409-б.); 
Метафоралардың  пайда  болуының  негізгі  себебінің  бірі  – 
адам ойының әсерлі, бейнелі жеткізілуі болып табылады. 

 
64 
Жоғарыдағы  келтірілген  мысалдардағы  метафоралар  теңіз 
бейнесінің негізінде жасалып отыр. Яғни қаламгердің эмоциялық 
сезім  арқылы теңізге беріп отырған бағасы. Экспрессивтілік пен 
эмоционалдық  мағыналарға  жақын  реңктердің  қатарына 
бағалағыштық  қасиетте  жатады.  Бұл  екі  ұғым  бір-біріне  ӛте 
жақын.  Себебі  тілдің  мәнерлігі,  бағалағыштығы,  бейнелілігі 
сияқты семантикалық жағынан жуық, жақын құбылыстар. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет